Орта жүз шежіресі



1. Орта жүздің құрылуы
2. Орта жүз арғындары
3. Н.А.Аристов пікірі
4. Марат Мұқанов пайымдауы
5. Сәрсен Аманжолов тұжырымы
6. Уақ рулары
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Шежіре дерегі бойынша алты арыс елді кұрайтын бүкіл орта жүз Қазак деген кісінің ортаншы баласы Жанарыстан тарайды. Ел арасындағы аңыз әңгімеге қарағанда, Жанарыстың екі әйелі болыпты. Бірақ екі әйелі де көпке дейін бала көтермей, Жанарыс өмірден перзентсіз өтемін бе деп уайым жеп жүргенде, бір күні үйіне ел аралап жүрген алты қожа келіп конады. Үй иесі қонақтарын барынша кұрметтеп күтіп, ізетпен кызмет етеді. Бұған қатты риза болған қожалар аттанар алдында үй иесі мен оның әйелдерін шақырыл алып, баталарын беріп, жаратқаннан осындай ақ ниетті адал жандарға перзент беруін тілейді. Содан сон қожалардың тілегі қабыл болып, Жанарыстың әйелдері жыл артынан жыл өткеріп барып, арыстай алты ұлды өмірге әкеледі. Қу мазардай құлази бастаған құтқаналары сәбиге толып, базарға айналғанына қуанған ата-ана сәби балаларына баяғы қожалардың құрметіне орай Қарақожа, Аққожа, Ақтанбердіқожа, Дарақожа, Смағұлқожа, Қасымқожа деген есімдер береді. Бұлардың алғашқы төртеуі бәйбішеден, кейінгі екеуі тоқалдан туған еді. Соған орай олардың алғашқыларын бәйбіше балалары, кейінгі екеуін тоқал балалары деп атаған көрінеді.
Міне, ел аузындағы аңыз мазмұны осындай. Бұған қарап Жошы ұлысына ислам дінінің орныға бастағанын, миссионердік мақсатта ел аралаған қожалардың үстемдік алып, халық шежіресіне түзетулер енгізер ықпалға ие боларлық дарежеге дейін көтерілгенін аңғару онша қиынға түспейді. Әңгімедегі баласызға бала беретін жарылқаушы роліндегі қожалар осының айғағы. Қазақ хандығының құрамына кірген ру-тайпалар әкімшілік-территориялық орналасу жағдайына қарай үш жүзге бөлінгенде ел тұтастығын сақтап қалуды мұрат тұтқан шежіре жасаушылар орта бөліктің түп атасын Қазақтан туған үш баланың бірі етіп, оған Жанарыс деген атты қалай бергенін жоғарыда айттық.
1. С.Қойшығара. Қазақтың қилы тарихы. Алматы, Жалын, 1992ж.
2. « Түрік, қазақ, қырғыз һәм хандар шежіресі. Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Олжас» 2004ж. Алматы.
3. « Тарихи таным». Байұзақ Қожабекұлы Албани. «Ататек»

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: ОРТА ЖҮЗ ШЕЖІРЕСІ

Жоспар:

1. Орта жүздің құрылуы
2. Орта жүз арғындары
3. Н.А.Аристов пікірі
4. Марат Мұқанов пайымдауы
5. Сәрсен Аманжолов тұжырымы
6. Уақ рулары
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Орта жүздің құрылуы

Шежіре дерегі бойынша алты арыс елді кұрайтын бүкіл орта жүз Қазак
деген кісінің ортаншы баласы Жанарыстан тарайды. Ел арасындағы аңыз
әңгімеге қарағанда, Жанарыстың екі әйелі болыпты. Бірақ екі әйелі де көпке
дейін бала көтермей, Жанарыс өмірден перзентсіз өтемін бе деп уайым жеп
жүргенде, бір күні үйіне ел аралап жүрген алты қожа келіп конады. Үй иесі
қонақтарын барынша кұрметтеп күтіп, ізетпен кызмет етеді. Бұған қатты риза
болған қожалар аттанар алдында үй иесі мен оның әйелдерін шақырыл алып,
баталарын беріп, жаратқаннан осындай ақ ниетті адал жандарға перзент беруін
тілейді. Содан сон қожалардың тілегі қабыл болып, Жанарыстың әйелдері жыл
артынан жыл өткеріп барып, арыстай алты ұлды өмірге әкеледі. Қу мазардай
құлази бастаған құтқаналары сәбиге толып, базарға айналғанына қуанған ата-
ана сәби балаларына баяғы қожалардың құрметіне орай Қарақожа, Аққожа,
Ақтанбердіқожа, Дарақожа, Смағұлқожа, Қасымқожа деген есімдер береді.
Бұлардың алғашқы төртеуі бәйбішеден, кейінгі екеуі тоқалдан туған еді.
Соған орай олардың алғашқыларын бәйбіше балалары, кейінгі екеуін тоқал
балалары деп атаған көрінеді.
Міне, ел аузындағы аңыз мазмұны осындай. Бұған қарап Жошы ұлысына ислам
дінінің орныға бастағанын, миссионердік мақсатта ел аралаған қожалардың
үстемдік алып, халық шежіресіне түзетулер енгізер ықпалға ие боларлық
дарежеге дейін көтерілгенін аңғару онша қиынға түспейді. Әңгімедегі
баласызға бала беретін жарылқаушы роліндегі қожалар осының айғағы. Қазақ
хандығының құрамына кірген ру-тайпалар әкімшілік-территориялық орналасу
жағдайына қарай үш жүзге бөлінгенде ел тұтастығын сақтап қалуды мұрат
тұтқан шежіре жасаушылар орта бөліктің түп атасын Қазақтан туған үш баланың
бірі етіп, оған Жанарыс деген атты қалай бергенін жоғарыда айттық. Бұл ел
басқарудағы далалық идеологияның жемісі еді. Енді осыған, яғни ұрпақ тегім
деп таныр аталықтар есіміне дін насихатшыларын білдіретін қожа сөзі келіп
тіркессе, мұны көшпелілер өміріне көктей енген ислам ықпалы деп түсінген
ләзім. Бұл да өз идеологиясын алға тартады: Түп нәсілін қожа, ислам ол
дінің, мұсылмандықты мойында - көкейдегісі осы. Мұны сол кездің оқымаған
қазақтары түгілі бүгінгі күннің ғылым ордасының құрметті тұрғындары -
ғалымдарымыздың кейбіреулері солай түсініп қалған сыңайлы. Қазақ ССР
тарихының 1957 жылы жарық көрген бірінші томында қазақ шежіресіне XIX
ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында... мұсылман дін басыларының шығарған
қазақ руларының тұқым қуалау шежіресі, - деп анықтама беруіне қарап
осындай ой түюге мәжбүрміз.
Сондықтан да мұның бәріне сын көзбен қарау керек. Өйткені осы
идеологияның арбауына іліккен шежірешілер енді келіп, Қарақожадан Арғынды,
Аққожадан Найманды, Ақтамбердіқожадан Қыпшақты, Дарақожадан Қоңыратты,
Смағұлқожадан Керейді, Қасымқожадан Уақты таратады. Басқа ғылыми негізде
дәлелдеуді былай қойып,- жәй қара есепке салып, үш атаның ғұмырын бір ғасыр
деп есептеп көрсек, бұлардың қай-қайсысы да, ең әрі дегенде, XI ғасырда
өмір сүрген жандар болып шыға келеді. Ал тарих деректері бұл атаулардың ру-
тайпа аты ретінде тым ертеден, тіпті кейбіреулерінің біздің жыл
санауымыздан да көп бұрын болғанын куәландырады. Мұның бәрі тындырымды
сараланып, ғылыми негізделген, әр атауына нақты түсініктеме берілген
шежірені жедел жасаудың қажеттілігін көрсетеді. Онсыз жалпы көпшіліктің
жаңсақтық шылауынан ақиқатты ажыратуы қиын. Соның үшін мұны келешекте
кемеліне келтіріле тындырылатын игілікті істің бірі деп санап, оған дейін
жұртшылық алдындағы әлгі қиындықты аз да болса жеңілдете түсу мақсатында
Орта жүз деп аталатын тайпалар бірлестігінің шежіресі деректерін тарата
отырып, оның кейбір атауларына білім өреміз жеткенше түсінік жасап көрелік.

2. Орта жүз арғындары
Орта жүзге жататын жаңағы алтаудың: арғын, қыпшақ, қоңырат, найман,
керей, уақтың ішінде, ғалымдар мәліметіне сүйенсек, иеленген жер көлемі
жөнінен де, түтін санынын көптігінен де кезінде арғындар алда болғанға
ұксайды. Кейінгі деректерге қарағанда арғын тайпасы негізінен Ертістен
Торғай даласына, Көкшетау облысы жерінен Балқаш жағалауына дейінгі
территорияны мекендейді.
- Арғындарды аға баласы дейтін де сөз бар ғой. Соған қарағанда
ағайынды алтаудың ішіндегі жасы үлкені болмағанмен жолы үлкені де осы
Арғын сияқты.
- Бұл - басқа мәселе. Оған кейін арнайы тоқтаймыз. Содан кейін осы
арада басын ашып алатын бір жай ол жаңағы сіздің ағайынды алтау
дегеніңізде ағайындылықтың шартты ұғым екендігі. Өйткені жаңағы айтылған
арғын да, қыпшақ та, қоңырат та, найман да, керей де, уақ та нақты кісінің
аты емес, тайпа бірлестіктерінің аты. Неге бұлай дейтініміздің
себебін түсіндіру үшін осылардың аталығы деп есептелінетін Жанарыстың
өзі кісі аты емес, орта тармақ орта ел деген жалпылық
мәндегі атау екенін, болмаса бүкіл түркі тілдес халықтардың құрамында
жүрген қыпшақтардың бәрін бір адамның кіндігінен өрді дегеннін ешқандай
қисынға келмейтінін және қыпшақ атаулының біздің жыл санауымыздай да бұрын
барлығын айтсақ та жеткілікті ғой де есептеймін.
Сондықтан бұл арада ой қайталап, сөз көбейтпес үшін алдымен Арғын
атауының қайдан шыққанын анықтап алайық. Бұл орайда әр кезде әр түрлі пікір
айтқан ғалымдардың зерттеу енбектері баршылық. Олардың бәріне тоқталып,
әрқайсысына өз пікірлерімізді білдірсек, оған қыруар уақыт керек. Сол
себепті біз уақыт үнемдеу, әрі ой қайталамау үшін, алдымен-атаулар сырына
көптен үңіліп, арнайы зерттеп жүрген қазақстандық ғалым Айтым
Әбдірахмановтың арғын этнонимінің этимологиясын анықтаған еңбегіне
талдау жасап, айтар ойымызды сол арқылы өрбітіп көрейік. Өйткені арнайы
зерттеу болғандықтан бұл ғалым Арғын этнонимі жөнінде өзінен бұрынғы ой
айтқан ғалымдардың еңбектеріне жеке-жеке тоқталып талдау жасайды. Ал бұл
арғын этнонимі жөнінде бұдан бұрын пікір білдірген ғалымдарды да назардан
тыс қалдырмай, қоса қамтимыз деген сөз. Енді солардың басты-басты
түйінділеріне тоқталсақ. А.Әбдірахменов әуелі Н.А.Аристов айтқан, кейін
оны академик В.В.Бартольд қолдаған арғын да, басмыл да бір тайпаның
аты, екеуі де будан, қоспа деген мағынаны білдіреді, сондықтан әуелі
басмыл аталғандар кейін арғын аталған деген пікірлерін теріске шығарады.
Ғалымның бұл ретте профессор С.Аманжолов пікіріне сүйене отырып келтірген
дәлелдері көңілге қонады. Меніңше осы дұрыс пайымдау.
А.Әбдірахманов ғалым Р.Мұсабаевтың арғынды арабтың мал баққыш деген
мағына беретін әргуй деген сөзінен шығарған пікірін де мақұлдамайды. Бұл
ретте ол: Арғулар Алтайдан осы атпен көшіп келсе, оның аты қалайша араб
тілінен алынады. Арабтар VIII ғасырда Талас өзенінен бері аспағаны белгілі
емес пе. Сол себептен арғу араб сөзі деудің қисыны келмейтін сияқты, -
деген уәж айтады. Меніңше, уәжінің жаны бар. Бірақ ол үшін арғудың арғын
екенін әлі дәлелдеу керек.
Бұдан кейін А.Әбдірахманов А.Н.Кононовтың еңбегіндегі Арка поколение,
где- гун- аффикс множественности, собирательности деген пікіріне сілтеме
жасай отырып, арғынды аркагун деген сөзден шығарған. I.Кеңесбаев пен
Т.Жанұзақовтың болжамдарын макұлдап, дәлірегінде қызықты деп есептеп, өз
тұжырымын алға тартады. Оның ойынша арғын ар және ғын деген екі
компоненттен тұрады. Ал М.Қашқари жазатын арғу сөзін осы арғынның негізі
деп біледі.
Мұның ар деген алғашқы компоненті белгілі тюрколог (А. М. Щербак
берген түркі тілінің бір түбірлі сөздерінің тізімі бойынша екі мағынаға ие:
біріншісі - таза, жақсы, қасиетті, сұлу; екінші - арт жақ, арқа жақ, қарсы
жақ. Ғалым осының екінші мағынасын алады.
Бірақ ғалым қанша нығарлағанымен, шынын айту керек, бір түсіп қалып,
талай ғасыр арғу күйінде айтылып келген атаудың соңына кейін н дыбысы
қайта жалғанды дегенге сену қиын екен. Дегенмен А.Әбдірах-мановтың бұл
пайымдауы да әлгі арғынды Амурға құятын Арғұн өзенінің атынан шықты
деушілердің пікірімен қабысады ма деймін. Олардың айырмашылығы бірақ
арғунды сыртқы өзен деп түсіндіретін сияқты еді. Мұндагунды қытайдың
хуннуының баламасы етіп алыпты ғой.

3. Н.А.Аристов пікірі
Шежірешілердің жақсы ниетпен әдейі осындай жаңсақтыққа баратынын
аңғарған ғалым Н.А.Аристов бір-бірімен араласып кеткен ру-тайпалардың
туыстық жақындығын рулық таңбасына қарап анықтауға болады деген пікір
айтады. Оның ойынша іргелі тайпаға сырттан келіп кіріккен, не одан бөлініп
сыртқа кеткен рулар негізгі түпкі тайпаның таңбасына қосымша белгі салу
арқылы өз таңбасын жасайтын көрінеді. Егер ғалымның осы пікірін шындық деп
қарасақ, жоғарғы шекті арғынның көз деп аталатын екі дөгелек (ОО)
танбасының бірінің жоғарғы жағынан, ал төменгі шекті төменгі жағынан шекіту
арқылы өз таңбаларын жасайды. Сонда жоғарғы шектінің таңбасы (Ố) төменгі
шекті танбасы (Ọ) болып есептелінеді. Міне, осының бәрі менің жоғарыда
айтқан ойға келуіме себепші болды.
- Иә, ойласуға тұратын пікір сияқты. Дегенмен ақиқатқа жету үшін
білікті ғалымдарымыздың бар шежіре дерегін салыстыра зерттеп, қазақ
руларының қай кезде, қандай жерде болғанын, кіммен кімнің калай араласқа-
нын, бастарынан қандай тарихи-әлеуметтік жағдайларды өткергенін анықтап
беруі қажет-ақ. Онсыз анау олай дейді, мынау бұлай дейді деумен
шындыққа кол жеткізе алмасақ керек. Мұны айтып жатқаным, мысалы, қазақ
шежіресі жөнінде білікті ой қозғаған М.Тынышпаев жаңағы сіз айтқанға
керісінше арғынның белгілі біраз руларын, атап айтқанда, әйдерке мен
шақшақты, сарыжетім мен әлімбетті, қырықмылтық пен қожамжарды, ақтажы мен
байтажыны, өтей мен шымболатты және басқаларын әлгі жоғары шекті мен
төменгі шектіден таратады. Ал осы аталған аталардың ұрпағы бұл күнде
негізінен Торғай облысының территориясын мекендейді. Олар өздерінің
аталарын Момынның баласы деп біледі. Шектіден тарағанбыз демейді.
Көріп отырсыз, әлі де басын ашып анықтай түсер жәйлар баршылық. Бұл
және тек арғын тайпасына ғана емес өзге қазақ тайпаларына да ортақ.
Сондықтан бұл орайдағы ой-пікірлерімізді басқа тайпаларға байланысты
айтқанда одан әрі ұштай түсерміз. Қазір арғындар жөніндегі әңгімемізді
осымен аяқтап, ендігі сөзді қыпшақтар төңірегінен өрбітсек.
- Жақсы, ол да жөн екен.
- Қыпшақтар туралы екінші кездесуімізде егжей-тегжейлі біраз айттық
қой. Енді оны қайталап жатудың қажеті болмас. Тек басталар әңгіменің
бағытнама бастауы ретінде сол айтылғандарға арқа тірей отырып, негізгі ой
түйінін еске сала кетейін.
Менің өз пайымдауымша, қыпшақ атауы да түрік атауы тәріздес жалпылық
мәнде, яғни жеке тайпаның, не халықтың аты емес, түркі тілдес көптеген
халықтардың басын біріктірер жиынтық атау. Кейбір тарихи шығармаларда
қыпшақ, атауы түрік атауының баламасы ретінде қолданылатыны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ рулары және рулық таңбалары
Ұлы жүз Суан тайпасының шежіресі
Қазақ шежіресі түсінігі
Қазақ шежіре жырларының поэтикасы
Орта жүзден тараған Қаракесек руының шежіресі
М.Ж. Көпеев және қазақ тарихы
Қазақ халқының шежірешілік дәстүрі
Ғазан ханның тапсыруынан кейін оның уәзірі
Қазақ шежірелері – тарихи дерек ретінде
Қазақ түбі үлгілеріндегі Отан тарихы туралы деректер
Пәндер