Өндiрiстiк кооператив туралы ақпарат


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кiрiспе . . . 3

I. Өндiрiстiк кооператив - коммерциялық заңды тұлға ретiнде.

  1. Өндiрiстiк кооператив ұғымы, қызметi . . . 4
  2. Өндiрiстiк кооперативтi құру тәртiбi . . . 12

II. Өндiрiстiк кооперативтi басқару.

2. 1. Өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң құқықтары

мен мiндеттерi . . . 16

2. 2. Өндiрiстiк кооперативтiң басқару органдары . . . 22

2. 3. Өндiрiстiк кооператив қызметiнiң экономикалық негiздерi . . . 28

III. Өндiрiстiк кооперативтi қайта құру және тарату.

3. 1. Өндiрiстiк кооперативтiң құрылуы және таратылуы . . . 31

Қорытынды . . . 43

Қолданылған әдебиеттер . . . 45

Кiрiспе.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар.

Елiмiз егемендiгiн алып, нарықтық экономикаға көшу барысында азаматтар мен заңды тұлғалардың меншiк нысанына қарамастан жеке меншiкке яғни жеке кәсiпкерлiкке не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық тұрғысында яғни мемлекеттiк кәсiпкерлiк иелену құқығына негiзделген тауарларға яғни жұмыстар мен қызмет көрсетулерге сұранысты қанағаттандыру жолымен табыс немесе жеке кiрiс түсiруге бағытталған бастамашылық қызметтер келдi.

Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдап, зерттеу барысында бiз мына мәселелерге көз жеткiздiк:

- Қазақстанда бар әртүрлi ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсiпорындар жиынтығы (кооператив, әртүрлi серiктестiктер және т. б. ) кәсiпкерлер мұқтаждығының барлық спектрiн қамтиды;

- кәсiпорын нысанын дұрыс таңдау оның барлық қызметiнiң тағдырына маңызды әсер етедi:

- көптеген кәсiпкерлер меншiк нысанының мән-маңызын толық түсiне бермейдi, сондықтан оның iшкi механизмi туралы сөз болуы мүмкiн де емес.

Осындай жағдайлар өндiрiстiк кооперативке (халық артельдер дейдi) арналған осы дипломдық жұмысты жазуыма себеп болды.

Нарықтық қатынастарға көшудiң алғашқы кезеңi көп жағдайда өндiрiстiк кооперативтермен байланысты болды, олар халық тұтынатын тауар өндiрiсiнiң өсуiне, қызмет көрсету саласының ұлғаюына, экономиканы жаңа бағытта қайта құруға әсер еттi. Дегенмен, кәсiпкерлiктiң бұл түрi кейiнгi жылдары қайта ұмыт бола бастағандай. Дегенмен, кейiнгi кезде кәсiпкерлiк қызметте басымдылық көрсете бастаған акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге қарағанда өндiрiстiк кооперативтiң ұйымдық-құқықтық меншiк нысаны ретiнде өзiндiк артықшылықтары бар. Сол артықшылықтар туралы бiз төменде сөз етемiз.

I. Өндiрiстiк кооператив -комерциялық заңды тұлға ретiнде.

1. 1. Өндiрiстiк кооператив ұғымы және қызметi.

Өндiрiстiк кооперативке тiкелей қатысты бар заң актiлерiмен, оның құрылтай құжаттарымен таныспас бұрын, «заңды тұлға», «коммерциялық ұйым» деген түсiнiктерге анықтама берiп алғанымыз жөн.

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң 33-бабына сәйкес, меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.

Өзiне бекiтiлген мүлiктi иеленуге, пайдалануға, толық немесе кейбiр шектеулiктермен басқаруға ерiктi болған жағдайда заңды тұлғаның мүлiктiк оқшаулығы байқалады. Қысқаша:

- заңды тұлғаның меншiк құқығында мүлкi бар, және сол мүлiкке қатысты меншiк иесiнiң барлық мiндеттерi мен құқықтарына ие болады.

- заңды тұлғаның шаруашылық басқару құқығында да мүлкi болады, яғни заңды тұлға меншiк иесiмен келiсiлген кейбiр шектеулiктер негiзiнде ғана бұл мүлiкке иелiк ете алады. Қағида бойынша, бұл тек мемлекеттiк кәсiпорындар.

- заңды тұлғаға жедел басқару құқығында да мүлiк бекiтiледi. Бұл жерде шаруашылық жүргiзу құқығымен салыстырған жағдайдың өзiнде мүлiктi басқару құқығы өте шектеулi. Бұлар мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар мен мекемелер.

Заңды тұлға барлық жағдайда да белгiлi бiр қағидалар мен заң ережелерiне сүйене отырып құрылады:1

-заңды тұлғаның өз мүлкi болады, ол өзiнiң дербес қызметiнiң материалдық базасына қызмет етедi және бұл мүлiк өз мiндеттемелерi бойынша басқа субъектiлер алдындағы борышын өтеу көзi болып табылады, дербес баланста (сметада) көрсетiлед;

- заңды тұлғаның мiндеттемелерi бойынша құрылтайшылардың жауапкершiлiк шегi айқын белгiленедi.

- заңды тұлғаның атынан кiм (лауазымы бойынша) заңды әрекет жасай алатыны көрсетiледi. Мұндай өкiлеттi өкiлдi «директор», «президент», кооператив үшiн «басқарманың төрағасы» деп атауға болады, бiрақ заңды тұлғаны құрған уақытта жоғары лауазымды тұлға, атап айтқанда «төраға», «директор» немесе басқасы мiндеттi түрде көрсетiлуiге тиiс;

- заңды тұлғаның дербестiгiн азаматтық айналымда және қажеттi жағдайларда сол және басқа да құжаттарды осы заңды тұлғаның бергендiгiн айқындайтын өз атауы жазылған мөрi болуы керек.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнде (33-34 б) заңды тұлғаны ұйым есебiнде қарайды және оны екi түрге бөледi:

- коммерциялық: өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде пайда келтiрудi көздейтiн шаруашылық, серiктестiктер, акционрелiк қоғамдар, өндiрiстiк кооператив, мемлекеттiк кәсiпорындар;

- коммерциялық емес: әлеуметтiк жетiстiктер (денсаулық сақтау, бiлiм беру, мәдениет) және басқа да мақсаттарды жүзеге асыру үшiн құрылған мекеме, тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк, ассосация (одақ) нысанында бiрiккен заңды тұлғалар. Ақылы қызметтерден түскен таза табыс Жарғы мақсаттарын орындауға жұмсалады.

Бiз осылардың iшiнде өндiрiстiк кооперативке тоқталғалы отырмыз.

Кооператив - бұл коммерциялық ұйым, кәсiпкерлiк құрылымның кеңiнен тараған ұйымдық-құқықтық нысанының бiр түрi, оның қызметi Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiмен, ҚР Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығымен және де басқа нормативтiк актiлермен бекiтiлген.

Шығарылған заңдарға сәйкес, азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде, олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп танылады.

Өндiрiстiк кооператив туралы мұндай ұғым оның басқа коммерциялық заңды тұлғалардан бiрталай ерекшелiгi бар екендiгiн бiлдiредi. Өндiрiстiк кооперативке азаматтар ғана мүше бола алады. Бұл жөнiнде ол толық серiктестiкке ұқсайды: ал басқа шаруашылық серiктестiктерiне заңды тұлғалар да (коммандиттiк серiктестiгiне заңды тұлға салымшы ғана бола алады) қатысады. 2

Еңбек, салық және де басқа құқықтық қатынастардың субъектiсi ретiнде өндiрiстiк кооператив азаматтық айналымға қатысушы бола алады. Өйткенi өндiрiстiк кооператив дербес меншiк құқығы бар субъект болып табылады, ол кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарына, (егер жарнаның орнына мүлiктi пайдалану құқығы берiлсе, онда меншiк иесi кооператив мүшесi болады), қызмет нәтижесiнде алынған табысқа, басқа да заң жүзiнде иелеген мүлiктерге меншiк иесi бола алады.

Өндiрiстiк кооперативтiң негiзгi құрылтай құжаттары: Жарғы және Құрылтай шарты болып табылады. Олардың талаптары жинақтағы құжаттарда толығымен берiлген. Бiрақ ҚР АК 41-бабының 5-тармағында көрсетiлген негiзгi мәлiметтерден басқа, өндiрiстiк кооперативтiң Жарғысында мынадай шарттар болуға тиiс: кооператив мүшесi жарнасының мөлшерi туралы, кооператив мүшелерiнiң құрамы мен жарна қосу тәртiбi және олардың жарна қосу жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғандығы үшiн жауапкершiлiгi туралы; кооператив қызметiне оның мүшелерiнiң еңбекпен қатысу сипаты мен тәртiбi және олардың жеке еңбекпен қатысуы жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы; кооперативтi басқару органдарының құрамы мен құзыретi және олардың шешiм қабылдау, соның iшiнде, бiрауыздан немесе бiлiктi көпшiлiк дауыспен қабылданатын мәселелер жөнiндегi қабылдау туралы ережелер болуға тиiс.

Өндiрiстiк кооперативтердiң жарғысында әрбiр кооператив мүшесi жарнасының мөлшерi туралы мәлiмет болуы қажет, өйткенi жарнаның мөлшерi өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң кооператив мүлкiндегi үлесiн айқындайды. Кооператив мүшелерi оның мүлкiне заттық емес, мiндеттемелiк құқығын сақтайды. Яғни кооператив мүшесi кооператив таратылғаннан кейiн, немесе кооперативтен шыққан жағдайда мүлiктiң құны пайданың мөлшерiне байланысты болады.

Басқа шаруашылық серiктестiктермен салыстырғанда, табысты мүшелер арасында өзара бөлiсу тәртiбi басқаша жүргiзiледi. Кооператив мүшесiнiң тиiстi табыс мөлшерi пайдың мөлшерiне байланысты емес, кооператив қызметiндегi жеке еңбегiне орай төленедi. Бұл тиiмсiз жай, сондықтан оны Жарғыда өзгертуге болады. Кооператив мүшесiнiң еңбекке қатысу тәртiбi Жарғыда көрсетiлуге тиiс. 3

Өндiрiстiк кооперативтiң меншiгiндегi мүлiк оның мүшелерiнiң жарналарына бөлiнедi. Сонымен бiрге, оның мүлкiнiң бiр бөлiгi Жарғыда белгiленген мақсаттарға пайдаланылатын бөлiнбейтiн қорларға (Жарғылық, резервтiк, басқа да ақшалай және материалдық қорлар) жұмсалатыны жөнiнде Жарғыда көрсетiлуi мүмкiн.

Егер кооператив заң актiлерiнде осындай қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарда белгiлi мөлшердегi қордың болуы көзделетiн қызметтi жүзеге асырса, кооператив оны құруға және заң актiлерiнде көзделген тәртiппен пайдалануға мiндеттi.

Заң бойынша кооператив мүшелерiнiң саны екi адамнан кем болмауы қажет.

Өндiрiстiк кооперативтiң жоғары органы оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы болып табылады, жиналыстың ерекше құзыретiне мыналар жатады:4

1) кооператив Жарғысын өзгерту;

2) атқарушы, тексерушi органдарды және қадағалау кеңесiн құру

олардың мүшелерiн керi шақыру;

З) кооператив қорлары мен резервтерiнiң түрлерi мен мөлшерiн және оларды пайдалану бағыттарын анықтау;

4) кооперативтiң iшкi еңбек тәртiбiнiң ережелерiн, кооперативтiң

лауазымды тұлғаларының, оның мүшелерiнiң және жалданбалы

жұмыскерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу туралы ереженi және кооперативтiң басқа да iшкi актiлерiн қабылдау және оған өзгертулер енгiзу;

5) кооперативтi бөлiмшелерi мен өкiлдiктерiн, шаруашылық

серiктестiктерiн құру және оған қатысушы есебiнде кiру;

б) қосымша пай жарналарын енгiзу туралы мәселенi шешу;

7) кооператив мүшелiгiне қабылдау және шығару;

8) жылдық есептер мен кооперативтiң бухгалтерлiк баланстарын бекiту

және оның пайдасы мен шығындарын бөлу;

9) кооперативтi қайта құру мен тарату туралы шешiм;

10) тексеру комиссиясыньң есебiн бекiту;

11) кооператив Басқармасының (төрағасының) есебiн тыңдау;

Жалпы жиналыстың ерекше, кооперативтiң жарғысымен басқа мәселелердi шешудi де жатқызуға болады. Өндiрiстiк кооперативте кооперативтiң атқарушы органдарының қызметiне бақылау жасауды жузеге асыратын байқаушы кеңесi құылуы мүмкiн. Байқаушы кеңесi мүшелерiнiң өндiрiстiк кооператив атынан әрекет жасауға құқығы жоқ. Бас және (немесе) оның Төрағасы кооперативтiң атқарушы органдары болып табылады. Олар кооператив қызметiне күнделiктi басшылықты жүзеге асырады жене байқаушы кеңесi мен кооператив мушелерiнiң жалпы жиналысына есеп бередi.

Атқарушы орган алқалық (басқарма) немесе: мүшелерi жиырмадан аспаса, жеке (кооператив төрағасы) бола алады.

Өндiрiстiк кооперативтi басқару органдарының құзыретi сондай-ақ, олардың шешiм қабылдау жене кооператив атынан әрекет жасау тәртiбi заң актiлерi мен құрылтай құжаттарында белгiленедi.

Өндiрiстiк кооперативтiң басқа шаруашылық, секрiктестiктерден өзгешелiгi кооператив мүшесiнiң бiр ғана даусы болады; жарна үлесiнiң мөлшерi бұл жерде есепке алынбайды.

Егер құрылтай құжаттарында дауыс санын айқындайтын басқа тәртiп көзделмесе, осы императивтi (үзiлдi- кесiлдi) ереже әрекет етедi.

Өндiрiстiк кооперативте тексеру комиссиясы құрылуы мүмкiн, бiрақ, ол өндiрiстiк кооперативтiң басқару органы болып табылмайды. Бұл - бақылаушы орган яғни атқарушы органның қаржы қызметiне бақылау жүргiзудi жүзеге асырады.

Тексеру комиссиясының мүшелерi кооперативтiң атқарушы органыньң және қадағалау кеңесiнiң мүшесi бола алмайды. Тексеру комиссиясын құру кооперативтiң мiндетi емес, өз еркiнде.

Кооперативтегi мүшелердiң ара қатысын олардың пайлары айқындайды.

өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi болып табылмайтын азаматқа пайды (оның бiр бөлiгiн) беруге кооперативтiң келiсуiмен ғана рұқсат етiледi; бұл ретте кооперативтiң басқа мүшелерi мұндай пайды (оның бiр бөлiгiн) сатып алуда басым құқықты пайдаланады. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшесiң қайтыс болған жағдайда, егер кооператив жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерi кооператив мушелiгiне қабылдануы мүмкiн. Басқша жағдайда, кооператив мұрагерлерге кооперативтiң қайтыс болған мушесiнiң мүлiктегi үлесiн жарнасына қарай төлейдi, сонымен бiрге кооперативтiң таза табысының қайтыс болған кiсiге тиiстi бөлiгiн бередi және оның кооператив қызметiндегi жеке еңбегi үшiн сыйақы төлейдi. Басқа шаруашылық серiктестiктерi сияқты өндiрiстiк кооперативтерде де қатысушылар құрамын өзгерту iсiне қатаң бақылау жүргiзiледi. Бiрақ қатысушылар құрамын өзгеруi қайта тiркеудi қажет етпейдi. 5

Өндiрiстiк кооператив мүшелiгiнен шығу ерiктi түрде және еркiнен тыс, ықтиярсыз жүзеге асырылады.

Кооператив мүшесi мүшелiктен өз қалауымен шығуға құқылы және жарна үлесiн басқа бiреуге бере алады. Өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң үлесiн қарыз берушiлердiң өндiрiп алуы - мүшелiктен ықтиярсыз шығару жағдайында жүзеге асырылады. Сонымен бiрге мушелiктiң ықтиярсыз тоқтатылуы мынадай жағдайларда болуы мүмкiн:6

• өндiрiстiк кооператив жарғысында жүктелген мiндеттердi кооператив мүшесiнiң орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда;

• осыған ұқсас кооперативке мүше болғаны үшiн;

• заң құжаттары мен құрылтай құжаттарында көзделген басқа да жағадайларда;

Кооператив мүшелiгiнен шығу басқа мүшелердiң келiсiмiн қажет етпейтiн бiр жақты мәмiле болып табылады.

Өндiрiстiк кооперативтен шығу үшiн кооператив мүшесi атқарушы органның басшыларын кемiнде екi жетi бұрын ескерту қажет . Құрылтай құжаттарында бұдан да ұзақ уақыт белгiлеуi мүмкiн, бiрақ ол мезгiл екi айдан аспау тиiс. Кооператив мүшесi кооперативтен шыққан кезде өз пай үлесiн бөлiп алуға құқылы.

Өндiрiстiк кооперативтiң шаруашылық серiктестiктерiнен ерекшелiгi, кооператив мүшесiн шығару сот тәртiбiмен емес, жалпы жиналыстың шешiмi бойынша жүзеге асырылады. Кооперативтiң барлық мүшелерiнiң үштен екi белiгi дауыс берген жағдайда, бұл шешiм қабылданған болып есептеледi. Кооперативтiң шығарылғалы отырған мүшесi бұл жерде дауыс беруге қатыспайды. Өндiрiстiк кооператив мүшелiгiнен шығарылғаны үшiн сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

Азаматтық Кодекстiң баптарына, ҚР Президентiнiң Заң күшi бар “Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы” 17. 04. 1995 жыл Жарлығына(өзгертулер мен толықтырулар), ҚР әдiлет министрлiгiнiң 27. 02. 1998 жылғы “ҚР әдiлет министрлiгi органдары арқылы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi туралы” Ережелерiне және ҚР “Банкроттық туралы” Заңдарына сәйкес өндiрiстiк кооператив басқа да заңды тұлғалар сияқты таратылуы немесе қайта құрылуы мүмкiн.

Өндiрiстiк кооперативтi ерiктi түрде тарату немесе қайта құру туралы шешiм кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысында оның мүшелерiнiң үштен екiсi дауыс берген жағдайда қабылданады.

Ал өндiрiстiк кооперативтi таратып барып қайта құру үшiн (оның өзiнде кооператив тек қана шаруашылық серiктестiгi, акционерлiк қоғам болып қайта құрыла алады) кооперативтiң барлық мушелерiнiң бiрауызды шешiмi қажет. Жарғы капиталының мөлшерiн белгiленген тәртiпте қалыптастыру қағидаларын сақтаған жағдайда өндiрiстiк кооператив шаруашылық серiктестiгi немесе акционерлiк қоғам болып қайта құрыла алады.

Өндiрiстiк кооперативтiң коммерциялық емес ұйым болып қайта құрылуына рұқсат етiлмейдi. (24-бап)

Екiншiден, акционерлiк қоғам мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерде заңды тұлғаның қатысушысы оның мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жарғылық қорға қосқан салымдары негiзiнде жауап бередi, ал кооператив мүшесi қосымша жауапкершiлiкте болады, яғни кооперативтiң заңды тұлға ретiндегi төлем қабiлетiн арттыруға кепiлдiк берiп қана қоймайды, оның қызметi нәтижелi болу үшiн кооператив мүшелерiнiң еңбекке қатысуы арқылы жеке мүддесiнiң деңгейiн көтередi, қызығушылығын арттырады. Бұл бүгiнгi күнi бiзге жетiспейтiн экономикалық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз етедi.

Үшiншiден, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар “Өндiрiстiк кооператив туралы” 1995 жылдьң 5 қазанындағы Жарлығы кооператив мүшелерiнiң кең көлемдi құқығын көздейдi, кооператив iсiн басқарудың демократиялық нысанын белгiлейдi. Сонымен бiрге, шешiмдер қабылдаған кезде кооператив мүшесiнiң бiр ғана даусы болады, бұл жерде жарна үлесiнiң мөлшерi есепке алынбайды.

Төртiншiден, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар “Өндiрiстiк кооператив туралы 5. 10. 1995 жылғы Жарлығында кооперативтiң тапқан табысы кооператив мүшелерiнiң еңбекке қатысуына сәйкес бөлiнедi, яғни кооператив мүшелерiнiң табысы әрқашанда еңбектен туындайды деген ереже бар.

Негiзгi жұмыс орнынан немесе оқуынан бос кезiнде кооперативте жұмыс iстейтiн азаматтардың оның iшiнде кооператив мүшелерiнiң негiзгi жұмыс iстейтiн орнында жалақысы немесе оқу орнынан алатын стипендиясы толық сақталады. Кооперативте жұмыс iстеген уақыты еңбек стажына енедi.

Кооперативтi құрылтай құжаттары негiзге алынатын iшкi құжат болғанмен, онда кооператив қызметiнiң барлық мәселелерiн толық қамту мүмкiн емес. Сондықтан да, Қазақстанда шығарылған заң актiлерi негiзiнде құрастырылған осы құжат үлгiлерiн пайдаланған жөн.

Сонымен, кооператив өзiнiң құқықтық мәртебесi бойынша шаруашылық серiктестiктерiне өте ұқсас дегенмен кейбiр iшкi қатынастар басқаша басқарылады, осындай өзгешелiктер коммерциялық қызмет жүргiзу үшiн ұйымдық-құқықтық нысан таңдау вариантын көбейтедi. Бүгiнгi күнi ауылшаруашылығында шаруа(фермер) қожалығымен қатар кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн өндiрiстiк кооператив өте қолайлы әрi тиiмдi нысан болып табылады.

Жалпы алғанда, бiздiң ойымызша, кооперативтiк нысан экономикалык, тиiмдi және барынша демократиялық болып табылады.

Қазақстан Республикасының “Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы” I997жылғы 19 маусымдағы Заңыньң 3-бабының З- тармағы негiзiнде өндiрiстiк кооператив шағын кәсiпкерлiктiң субьектiсi бола алады. Бұл жағдайда кәсiпкерлердiң жылдық орташа саны елу адамнан аспауы керек, ал кооперативтiң орташа жылдық активi алпыс мың есе есеп көрсеткiшiнен жоғары болмауы қажет. Мұндай кооперативтердiң ойын және шоу-бизнестермен айналысуға құқығы жоқ. Шағын кәсiпкерлiктiң субьектiсi болып табылатын өндiрiстiк кооператив ҚР “Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы” 1997 жылдың 19 маусымындағы Заң негiзiнде және басқа да заң актiлерi негiзiнде мемлекет тарапынан тиiстi жеңiлдiктердi пайдалана алады. Жұмысын бастаған кәсiпкерлердiң қызметiн жеңiлдетуге және өндiрiстiк кооперативтi тiркеу кезiнде уақыт үнемдеуге осы ұсынылып отырған түсiндiрмелер мен нормативтiк құқықтық актiлер көмек болады деген үмiттемiн.

1. 2. Өндiрiстiк кооперативтi құру тәртiбi.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi мен Қазақстан Республикасының заң күшi бар «Өндiрiстiк кооператив туралы»ҚР Президентiнiң Жарлығымен және ҚР Әдiлет Министрлiгiнiң 27. 02. 1998 жылғы «ҚР Әдiлет министрлiгi органдары арқылы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi туралы» Ережелерiне сай Өндiрiстiк кооперативтер өз жұмысын бастайды.

Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде, олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң жарналарын (үлестерiн) бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп аталады. Кооператив мүшелерi екеуден кем болмауға тиiс. Өндiрiстiк кооператив құрылтайшы-жеке тұлғалардың жалпы жиналысының шешiмiмен құрылады.

Егер өндiрiстiк кооперативтiң құрылтайшысы (мүшесi) шетел азаматы болған жағдайда мұндай кооперативтiң ұйымдастырылуы мен қызметi “Шетел инвестициялары туралы” Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, Жарлықтың күшi қолданылады.

Өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай құжаттары

Өндiрiстiк кооператив өз қызметiн жарғының не құрылтай шарты мен жарғының негiзiнде жүзеге асырады.

Өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай шарты, егер өндiрiстiк кооперативтiң құрылтайшылары оны құрылуын жарғыдан өзге, сондай-ақ құрылтай шартымен де ресiмдеген жағдайда бұл шартта мыналар болуға тиiс:

1) өндiрiстiк кооперативтi құру туралы шешiм, оның фирмалық атауы

және орналасқан жерi;

2) кооператив мүшелерiнiң тегi, әкесiнiң аты, аты, туған күнi мен туған

жерi, сондай-ақ тұрғылықты жерi көрсетiлген дербес құрамы;

3) кооператив құру жөнiндегi iс-әрекет тәртiбi;

4) құрылтайшылардың кооператив меншiгiне беретiн мүлiктiк

жарналарының құрамы мен мөлшерi туралы мәлiметтер;

5) iс-әрекетi кооперативтi құру және тiркеу үшiн қажеттi кооперативтiң

лауазымды тұлға тағайындау(сайлау) туралы шешiм;

б) кооперативтi құру және оның жұмысын ұйымдастыру мәселелерiн

шешуге байланысты аталған тұлғалардың өкiлеттiктерiн белгiлеу;

7) кооперативтiң жарғысын бекiту;

8) пайда мен шығынды бөлу тәртiбi;

9) құрылтайшылардың кооперативтен шығу тәртiбi.

Өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай шартына құрылтайшылардың шешiмi бойынша осы Жарлыққа қайшы келмейтiн басқа да талаптар енгiзiлуi мүмкiн.

2. Құрылтай шартына құрылтайшылардың бәрi қол қояды.

3. Өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай шарты коммерциялық құпия болып табылатын құжаттар құрамына кiредi әрi мемлекеттiк өзге де органдарға, сондай-ақ үшiншi тұлғаларға тек қана кооператив басқармасының шешiмi бойынша не заң актiлерiнде белгiленген жағдайда ұсынылуы тиiс.

Өндiрiстiк кооперативтiң жарғысы

1. Өндiрiстiк кооперативтiң жарғысында мыналар:

1) кооперативтiң фирмалық атауы;

2) кооперативтiң орналасқан жерiн көрсету;

3) кооперативтiң басқару органдарын құру тәртiбi және олардың құзiретi, олардың шешiм қабылдау тәртiбi;

4) кооперативтiң әрбiр мүшесiнiң пайының мөлшерi туралы, кооператив мүшелерiнiң құрамы мен олардың мүлiктiк жарна енгiзу тәртiбi және пай енгiзу жөнiндегi мiндеттеменi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы мәлiметтер;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарында әрбір қатысушының үлес мөлшері туралы
Құнды қағаздарды техникалық талдау
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалпы жиналысы
Өндірісті кооперативті басқару және мүшелік
Заңды тұлғаларды таратудың жалпы ережелері
Кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттері
Заңды тұлға ұғымы жайында
Жеке жұмысты қалай ашуға болады?
Ұйымның ұйымдық құқықтық формалары
Коммерциялық ұйымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz