Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізді бөлім

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тарихы

2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қызметінің құқықтық негіздері.

а) Жоғарғы Сот өкілеттігі.

б) Жоғарғы Соттың құрамы мен құрылымы.

в) Жоғарғы Сот төрағасы.

г) Жоғарғы Сот алқалары.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Ремпубликасының Тәуелсіздік тарихында Жоғарғы Соттың алатын орны ерекше. Қазіргі кезде сот саласында көптеген реформалар жүргізіліп жатыр сондықтан Жоғарғы Сотың тарихын білу бүгінгі күндегі аса өзекті мәселелердің бірі. ҚР Жоғарғы Соты республикадағы барлық сот жүйесін басқарады және барлық төменгі тұрған соттардың қызметіне сот қадағалауын жүзеге асырады. Сол себептен де оның құрамы мен қызметін білу өзекті.

Деректік негізі : негізгі дерек көзі ҚР Конституциясы. -Алматы, 1995. "Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоксандығы №132-ІІ Қазақстан Республикасының заңы.

Тарихнамасы: Высший судебный орган СССР/ Л:Н. Смирновтың және т. б редакциялығымен шыққан. -М, 1984; М. М. Алиев "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары". Астана, 2004ж. Шыққан еңбегінің 7-тарауын ҚР Жоғары Соттының қызметтімен құқықтық негіздерін баяндаған. Онда Жоғарғы Соттын өкілеттілігі мен құрылымы, судьялардың сайлау ережесі көрсетілген. Верховный суд Республики Казахстан / М. С. Нәрікбаевтың редакциялығымен. - Алматы, 1998 атап өтсек болады. Сүлейменова Г. Ж. Суд и судебная власть в РК. 1-б-Алматы, 1999. Нарикбаев М. Дорога к провосудию-Алматы, 1997. Ғалам торда Жоғарғы Соттқа байланысты Қайрат Мамидың сайты бар.

Мақсат міндетері: Жоғарғы Соттың тарихын қызметін білу болашақта реформалар жасау үшін маңызды.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Тарих факультеті

Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотты.

Орындаған: Құндызбай Д. Қ.

Тексерген: Қозыбакова Ф. А

Алматы 2010 ж

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тарихы

Тарихтың тереңіне бой тартсақ, қазіргі Қазақ мемлекетінің ел болып еңсе көтерген дәуірден бергі табиғи болмыс-бітімімен бірге қайнасып, бойына сінген әдет ғұрып, салт-санасынан екшеліп шыққан заңдар үлгісі - билер бітімі сот ісін биік беделге жеткізгенін дәлелдейді.

Алтай тауынан Қап (кавказ) тауының баурайындағы Қара теңізге дейінгі аралықтағы ұлан-байтақ далада бірде күшейіп, бірде әлсіреп, сан ғасырды артқа тастаған Сақ, Ғұн, Үйсін, Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Қарахан, Оғыз, Алтын Орда, Ақ Орда, Дешті Қыпшақ тәрізді Еуразияда үстемдік құрған ұлыстар мен мемлекеттердің түпнұсқалық жүйелі заңы ел басқаруда, келелі кеңес айтуда өзінен кейінгілерге арқау болды. Бұл жөнінде Еуразия тарихын терең зерттеген ғұлама ғалым Л. Гумилев өте парасатты ойлар айтқан.

Жоғарыда аты аталған ежелгі мемлекеттердің құрамында болған қазақ ұлысының да өзіне тән заң ережелері, сот ісінің озық үлгісі - билер үкімі құқықтық нормалардың принциптерін атқарып келді. Бүгінгі ұрпағымыздың құлағына анық жетіп, көкейіне қонған: «Түгел сөздің түбі - бір, түп атасы - Майқы би» деген ұлы сөздің мағынасы тым тереңде жатыр.

Еліміздегі билер сотының осы Майқы биден бастау алатыны - тарихи шындық. Содан бері Қазақ елінде қалыптасқан билер бітімі әр кезеңдегі мемлекеттік құрылым-жүйеге қарай дамып, өркендеп отырды. XVI ғасырдағы Қасым хан шығарған «Қасым ханның қасқа жолы» деген заң жарлығы (1511 - 1523 жылдары билік құрған), Есім хан (1598 - 1628 жылдар аралығында билік құрған) жарлық еткен «Есім ханның ескі жолы» өз дәуіріндегі заң-жарғылардың, мемлекеттік құқықтардың жинақталған озық үлгісіне айналды.

Ғасырдан ғасырға жалғасқан осындай дәстүрлі құқықтық әдет-ғұрып, заңдарды мемлекет мүддесіне сай жаңаша жасаған, «хан біткеннің қазығы болған» XVII - XVIII ғасырдағы Әз Тәуке ханның (1680 - 1717 жылдар аралығында билік құрған) «Жеті Жарғы» заңдар ережесінің маңызы зор болды.

Сегіз ғасырдан астам уақыт осындай ерекшелігімен халық мүддесіне, ұлттық салт-дәстүрге қызмет етіп келген көне заңдар ережесі, билер соты 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін өз күшін жоймай, дәстүрлі қазақ заң құқықтарының нормалық жиынтығы болып келген еді. Жаңа социалистік қоғам үстемдік құрған 1917 - 1922 жылдар аралығында билер соты талай мәрте айтыс-тартысқа түсіп, «ескіліктің қалдығы» есебінде ұлттық, мемлекеттік маңызын жоюға әкеп соқты.

1922 жылдың соңы Кеңестер еліндегі барлық республикалар үшін үлкен жаңалық әкелді. Яғни осы жылдың 31 желтоқсаны күні одақтас республикалар құрылып, Советтік Социалистік Республикалар Одағының салтанат құрған датасы тарихи құжат болып бекіді. Осы негізбен барлық Одақтас республикалар мeмлeкeттiк мәртебелерін белгілеп, қайта құрылды. Соған орай сот, заң шығару орындарын, басқару билігін одақтық саясат негізіне сай қайта жүйелеп, бекітті. Сот құрылымдары да Бүкілодақтық Атқару комитетінде қаралып, бip жүйеге түсірілді. Төменгі сатыдан алып қарағанда халық соттары негізгі сот құрылымы деп танылды. Одан кейін губерниялық соттар тұрды. Әpбip одақтас республикалардың Жоғарғы Соты құрылып, КСРО Жоғарғы Сотына мәлімет бepiп, бip орталыққа бағынған заңдылық негізінде сот icін жүргізуді үрдіске айналдырды. Сөйтіп, КСРО-дағы барлық сот жүйесі одақтық маңызға ие болды.

1923 жылдың алғашқы айларында барлық одақтас республикаларда Жоғарғы Сот құру туралы Бүкілодақтық Атқару комитетінің нұсқаулары шықты. Осыған орай РСФСР Жоғарғы Сотының 1923 жылдың 10 cәyipі күнгі N 31-шi бұйрығында (§ 8) былай деп көрсетілген:

" . . . При сем объявляются для руководства типовые штаты для отделений Верховного Суда в г. г. Чита и Оренбурге, утвержденные постановлением Президиума Верховного Суда от 10 февраля с. г. и Центр. Штат. Комиссии при НКТ впредь до фактического обследования в количестве 52 штатных единиц. Приложение: штаты ". § 9: "При сем объявляется для руководства штат Туркестанского Отделения Верховного Суда в количестве 57 штатных единиц, утвержденный постановлением Президиума Верховного Суда от 17 марта с. г. Приложение: штат Туркестанского отделения, - деп қазіргі Қазақстан аймағына тән Жоғарғы Соттың штат кестесін анықтап берген. Осы бұйрықта (§ 7) БОАК-тың 1923 жылдың 28 наурызы күнгі қаулысы бойынша Түркістан Республикасы Жоғарғы Сотының бөліміне Төраға болып Шарафутдинов, оның орынбасарлығына Гайлис тағайындалғанын атап көрсеткен.

Сонымен, БОАК-тың 1923 жылдың 11 сәуірі күнгі қаулысымен РСФСР құрамында Қырғыз (Қазақ) бөлімінің Жоғарғы Соты құрылды. БОАК-тың (ВЦИК) Төрағасы М. Калинин, хатшысы Т. Сафронов қол қойып, бекіткен "РСФСР Жоғарғы Соты Қырғыз (Қазақ) бөлімінің ережесі туралы" N 0268 тарихи құжатын толығымен келтірейік:

"1. Қырғыз Жоғарғы Сотының бөлімі мынадай құрамда іс атқарсын: а) Төралқа, б) Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық алқа, в) Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы.

2. Жоғарғы Сот бөлімінің төралқасы: бөлім төрағасы, қылмыстық істер жөніндегі кассациялық және сот істері алқаларының төрағаларынан құрылсын.

3. Төралқа:

а) Жоғарғы Сот бөліміндегі сот мүшелерінің міңдетін айқындап, бөліп береді;

б) Арнайы тағайындалған сот құрамымен сот ісі жөніндегі алқа ісін жеке-дара қарайды;

в) Жоғарғы Сот бөлімі бойынша мәліметтерді жинақтап және де сот алқасының мәліметтерін қарап, бекітеді;

г) Республика Прокурорының ұсынысы бойынша облыстық соттарды арнайы тексеруді тағайындап, осы тексеру қорытындысын тыңдап бекітеді;

д) Республика Прокурорының жеке хабарлауымен әрі тексеру қорытындысы есебімен Қырғыз (Қазақ) Жоғарғы Соты бөліміндегі сот мүшелері, облыстық соттың төрағалары, олардың орынбасарлары үстінен өндірістік тәртіптілік ісін қозғайды.

Ескерту: РСФСР Жоғарғы Соты жанындағы Қырғыз республикасы Прокурорының орынбасары төралқа мөжілісіне кеңесу құқығы бойынша міндетті түрде қатысады.

4. Жоғарғы Сот бөлімінің Төрағасы бөлімдегі барлық жұмыстарға басшылық жасайды.

Төраға және оның орынбасары барлык алқадағы қаралатын сот істеріне төрағалык ету құқығын өзіне қабылдай алады.

5. Қылмыстық істер жөніндегі кассациялык алқа РСФСР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 437-447-баптарын негізге алып әрекет етеді. Сонымен қатар, бұл облыстық соттардағы кассациялық инстанциядағы қылмыстық істерге де қатысты.

6. Кассациялық алқаның сот мәжілісінің құрамы төрағалық етуші және екі мүшеден түрады (үш тұлға) .

Жоғарғы Сот бөліміндегі кассациялық алқа жанында Прокурордың көмекшісі тіркеледі.

7. Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Республикасына қатысты сот ісін РСФСР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 448 және 449-баптары бойынша сот алқасы жүргізеді.

Сот алқасындағы сот мәжілісінің құрамы үш тұлғадан тұрады: Төрағалық етуші және сот алқасы жанындағы Жоғарғы Сот өкілі мен прокурордың көмекшісі.

8. Жоғарғы Соттың бөлімі "Сот құрылымы туралы ережеде" көрсетілген 60-баптың 1, 2-тармағына сәйкес пленум өткізбейді. Ондай құқық РСФСР Жоғарғы Сотына ғана берілген.

9. Жоғарғы Соттың бөлімінде тәртіптілік алқасы болмайды. Ондай құқықпен қызметті төралқа карайды (3-баптың "Д" тармағы) .

10. Жоғарғы Сот бөлімінің құрамын бекітіп, тағайындау "Сот құрылымы туралы ереженің" 58-бабына сәйкес жүргізіледі, ' - деп көрсетілген.

1923 жылғы 11 сәуірде құрылған РСФСР Жоғарғы Соты Қырғыз (Қазақ) бөлімінің алғашқы Төрағасы болып 1921 жылдың қазан айынан Жоғарғы Революциялық трибуналдың Төрағасы қызметін атқарып келген Нығмет Нұрмақов тағайындалды Қазақстандағы сот құрылымына, Әділет министрлігі мен Бас прокуратураның қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан халқымыздың біртуар ұлы Нығмет Нұрмақов туралы атап айтқан жөн.

Жоғарғы Сот Төрағасы қызметінен кейін Қазақ АССР-нің Әділет министрі әрі Бас прокуроры болған Н. Нұрмақов 1924 жылдың соңында Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (қазіргі Премьер-министрдің орны) болып тағайындалған. Одан кейін 1931-1937 жылдары Москвада БОАК-тың төралқасыңда бөлім меңгерушісі болды. Халық үшін туған осындай аяулы азамат 1937 жылы сталиндік репрессияның құрбандығына ұшырауы өкінішті-ақ.

1923 жылғы Жоғарғы Соттың құрамында 52 штаттық орын болған. Бірақ сот кадрларының жетіспеуінен ұзын саны 29 адам ғана нақты қызмет атқарған.

РСФСР Жоғарғы Соты Қырғыз (Қазақ) бөлімінің бұл жылдардағы сот істеріне қатысты атқарған қызметтерін жан-жақгы саралап беруге тарихи архивтік құжаттар жеткілікті емес. Дегенмен, 1923 жылдың 18 тамызы күні алғаш рет Жоғарғы Соттың Қырғыз (Қазақ) бөлімінің төралқасы өзінің тікелей бұйрығымен сот алқасының негізгі құрамын бекіткені туралы сот алқасы төрағасының орынбасары А. А. Голубцовтың жасаған баяндамасы сақталған. Онда 1923 жылдың 1 каңтарынан бастап сот алкасының төрағасы болып П. В. Алексеев тағайындалғаны, басқа алқа мүшелері жоқ болғаны айтылған. 1923 жылдың 18 тамыздағы Жоғарғы Сот төралқасының бұйрығынан кейін ғана аталған сот алқасының мүшелері бекітіліп, өз жұмыстарын ойдағыдай атқарып, сот ісін жетілдірген.

Ал, Жоғарғы Соттың Қырғыз (Қазақ) бөліміне бұл кезде И. И. Кочкин уақытша тағайыңдалып, төрағалық еткен. Жоғарыдағы аты аталған алқа мүшелерінен басқа Т. А. Арыстанбеков, М. Н. Демме сот алқаларына басшылық жасап, іс жүргізу талабын күшейте түсті.

РСФСР Жоғарғы Соты Қырғыз (Қазақ) бөлімінің 1924 жылғы атқарған қызметі жайлы айтар болсақ, бұл кезең кеңестік социалистік жүйе өзінің мемлекеттік билігін одан сайын күшейткен тұс болатын. Социалистік қоғамға тән заңдылық нормаларын жүзеге асыру үшін соттарға "қырағылық таныту" тапсырылды. Ел ішіндегі "жат элементтерді" жоюдағы тап күресінің саяси мәніне негізделген заңдарды тиянақты түрде қолдануды барлык сатылардағы соттардан талап етті.

1924 жылдың 1 наурызынан бастап РСФСР Жоғарғы Соты Қырғыз (Қазақ) бөлімінің төрағасы болып Тілеужан Мұқашев тағайындалған. Т. Мұқашев Қазақстандағы сот, прокуратура ісіне еңбегі сіңген заңгер еді. Ол да сталиндік қуғын-сүргіннен аман кетпеді. 1924 жылдан 1925 жылдың маусымына дейін Жоғарғы Соттың Төрағасы, 1926-1928 жылдары Орал губерниялык сотының төрағасы, одан кейін сол Орал округінің прокуроры, кейін Жоғарғы Соттың Қазақ бөлімінде алқа мүшесі, 1937 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Соты Төрағасының орынбасары болған.

Т. Мұқашев РСФСР Жоғарғы Соты Қырғыз (Қазақ) бөлімінің 1924 жылғы бір жылдық жұмысы туралы есепті баяндамасында РСФСР Жоғарғы Соты Қырғыз (Казақ) бөлімінің сот ісін жүргізудегі ролі мен құзыры туралы айтып өткен. Онда Жоғарғы Сот - республикадағы ең жоғарғы құзыретті құқығы бар сот ұйымы ретінде Қазақстан аумағында барлық сатыдағы соттарға бақылау жасайтыны айтылған. Сондай-ақ, губерниялық және халық соттарының қылмыстық істер жөніндегі шығарған шешімдеріне риза болмаған талапкерлер шағымын қарауға, әскери көлік (транспорттық) трибуналы мен мемлекеттік аса маңызды істерді қарайтын бірінші сатыдағы соттан басқа барлық соттардың кез-келген ісін қадағалау тәртібімен бақылап, қарауға құқықты делінген.

Төралқа құрамы Жоғарғы Сот бөлімінің Төрағасынан және сот алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі кассациялық алқадан тұрды. Ал, атқаратын қызметі: а) "алқа мүшелері арасындағы жеке-жеке орындайтын міндеттерін бөліп беру, б) губерниялық соттардың қарамағындағы судьяларды тағайындау, в) өндірістік тәртіп жөнінде іс қозғап қарау, г) арнайы бұйрықтар мен инструкцияларды қарап бекіту", - деп көрсетілген.

1924 жылы Төралқа мәжілісі 31 рет шақырылып, 77 әртүрлі істерді қараған. Оның ішінде ұйымдастыру мәселесіне қатысты 11 іс, губерниялық соттарды тексеру жөнінде 7 баяндама, губерниялық соттардың тәртіптілік алқасы қараған шешім туралы 6, өндірістік тәртіптілік мәселесі жөнінде 4, ішкі циркуляр және түрлі түсіндірмелер, губерниялық соттарды тексерушілер туралы 3, қазақ тілінде іс жүргізуді жеделдету жөнінде 6, сот алқалары атқарған істер туралы 3, Жоғарғы Соттың ережесі туралы 5, соттарды қызметке тағайындау және ауыстыру жөнінде 6, өзге де ұйымдық жұмыстар туралы 10 іс қарап, шешім қабылданған. Соның ішінде қазақша іс жүргізу мәселесі өте баяу орындалған. Сотта қазақша іс қарайтын судьялар өте аз болған, үлттық кадр жоққа тән еді.

Т. Мұқашевтің жыл қорытындысында жасаған баяндамасында назар аударарлық нәрсе - 1924 жылы қазіргі Қазақстан территориясында Ақмола, Семей, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай, Орынбор, Орал губерниясы және Адай уезі болған. Одан кейін Жетісу, Сырдария губерниялары және Қарақалпақ Автономиялық облысы қосылған. Осыншама ұлан-ғайыр аймақтағы барлық соттармен етене жұмыс жасау Жоғарғы Соттың Қазақ бөліміне жүктелген. Нақты айтқанда 2. 845. 273 шаршы метр аймақта шашыраңқы жатқан 6. 216. 672 халықтың құқықтарын қорғауда 4 губерниялық сот, 3 облыстық сот және губерниялық сот дәрежесіндегі Адай уездік соты жұмыс жасаған.

Қазақстан үшін 1925 жыл елеулі оқиғаларға толы болды. Мемлекеттік құрылым жүйелерінде ішінара өзгерістер, территориялық басқаруда бірігулер жүріп жатты. Ең маңыздысы патшалық дәуірден жаңсақ аталып келе жатқан ұлтымыздың төл атауы - "Қазақ" сөзі өз орнын тапты. Бұдан былай "Қырғыз" атауы қолданылмайтын болды. Сонымен қатар, бұрын Ресейдің басқару билігімен қазақ халқы екіге бөлініп, оңтүстік облыстар Түркістан өлкесіне (республикасына) қарап келген еді. 1924 жылы Жетісу, Сырдария облыстары Қазақ АССР-нің қүрамына енді.

Бұл жылдары РСФСР Жоғарғы Сотының Қазақ бөлімі де өзінің сот құрылымы жөніндегі ережесін қайта қарап, бекітудің жобасын жасады. Бұған бірден-бір себеп болған нәрсе - 1925 жылға дейін Жоғарғы Соттың Казақ бөлімінде азаматгық сот істерін қарайтын алка болмаған еді. Азаматтық істер губерниялық (облыстық) соттарда ғана қаралып, шағымдану тәртібі мен наразылық келтіру тікелей РСФСР Жоғарғы Сотына жіберілетін.

Одақтас республика дәрежесіндегі Қазақ АССР-нің Жоғарғы Сотында азаматтық істер жөнінде сот алқасының міндетті түрде қажет екенін сезінген БОАК-тың Төралқасы 1925 жылғы 1 маусымдағы мәжілісінде "РСФСР Жоғарғы Сотының Қазақ бөлімі жанынан азаматтық сот істері жөніндегі алқа және кассациялық алқа құру туралы" мәселені тыңдап, қаулы алған. Онда:

"1. РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің жанынан:

а) Азаматтық істер жөніндегі кассациялық алқа белгілі мақсатпен құрылсын;

2. РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің 1923 жылғы 11 сәуірдегі БОАК-тың төралқасы бекіткен ережесіне жеке баптармен өзгерістер мен толықтырулар енгізу РСФСР Жоғарғы Сотына тапсырылсын. Аталған сот алқасының құзыреттік шегін, сондай-ақ қаншалықты талап құны мөлшерінде іс қарайтынын анықтасын.

3 РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің ережесі туралы жоба мәтініндегі өзгерістерді БОАК-тың төралқасы мен РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесіне ұсынсын4, - делінген. РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің 1925 жылы 24 тамыз күнгі өткен төралқа мәжілісінің № 9 хаттамасында: БОАК-тың 1923 жылғы 11 сәуірдегі және 1925 жылдың 1 маусымындағы қаулыларына сәйкес ережедегі 1-баптың "б", "в" тармақтары мынандай редакцияда жазылды:

б) Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы және азаматтық істер жөніндегі сот алқасы.

… 2) 2-баптағы "бөлімнің төрағасы" деген сөзден кейін "Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот алқасының және Азаматтық сот істері жөніндегі кассациялық алқаның төрағалары деп жазылсын", - делінген. Сондай-ақ, сот істеріне қатысты басқа да толықтырулар енгізген.

РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімі ережесінің жаңа жобасы мемлекеттік заң орындарының барлығында талқыланып, бекітілді. Ережеге енгізілген ең басты толықтыру - Азаматтық сот істері жөніндегі алқа және кассациялық алқа сатыларын Қазақ АССР-і Жоғарғы Сотының құрамына енгізу болды.

Сол 1925 жылғы БОАК-тың төралқасы қарап, қаулы алған жобадағы ереженің 6-бабында:

" . . . Жоғарғы Сот Қазақ бөлімінің азаматтық істер жөніндегі кассациялық алқа сатылары Қазақ Советтік Социалистік Республикасындағы облыстық және губерниялық соттардың азаматтық істер бойынша жіберген талап кұнын 1 сомнан асырмайды. Егер іске қатысты талап құны 1 сомнан асса, кассациялық шағым мен қадағалау тәртібі бұрынғыдай РСФСР Жоғарғы Сотында тікелей қаралады5, - делінген. Азаматтық сот алқасына жататын барлық сот істерінің талапкерлері және жауапкерлері болып ҚазОАК Халық Комиссарлар Кеңесі, Халық комиссариаттары мен оған теңестірілген орталық басқармалар, губерниялық, облыстық атқару комитеттері және астананың қалалық кеңесі танылды. Осы жобамен келіскен БОАК пен РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі 1926 жылғы 18 қаңтарда "РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің ережесі туралы" қаулысын шығарды.

РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінде азаматтық істер жөніндегі сот алқасының құрылуына айтарлықтай үлес қосып, тиісті мемлекеттік атқару орындарынан талап етуде Жоғарғы Соттың Қазақ бөлімінің Төрағасы Мырзағұл Атаниязовтың сіңірген еңбегі зор. 1925 жылдың маусым айынан 1927 жылдың каңтарына дейін Жоғарғы Соттың Қазақ бөлімін басқарған ол бұған дейін Ақтөбе губерниялық трибуналының әскери алқасында төрағаның орынбасары, төраға (1921-1922 жылдар) болған. Одан кейін 1922 жылы Қазақ АССР-нің Әділет Халық Комиссары лауазымын атқарған білікті заңгер ретінде республикаға кеңінен танылған маман еді. 1937 жылы сталиндік репрессияға М. Атаниязов та ұшырады . . .

Жоғарғы Соттың Қазақ бөлімі өзіне тән жүйесі мен құрылымын бір арнаға түсірген кезі 1926 жылмен шектеледі. Кеңестік социалистік заңдардың бағыт-бағдарына сүйеніп іс жүргізген соттар 1926 жылдан 1936 жылдар аралығында кеңестік социализм құру жолындағы коммунистік қоғамға лайықты заңдарды міндеттілікпен орындады, соған лайықты сот шешімдерін шығарып отырды.

1936 жылы кеңестік қоғамдағы мемлекеттік құрылым жүйесіндегі заңдылықтар Кеңестердің Бүкілодақтық VIII төтенше съезі бекіткен жаңа Конституциямен нығайтылды. Бұл кезде Қазақстанда да мемлекеттік басқару жүйесінде өзгерістер болып жатты. Автономиялық республикадан жеке одақтас республика болып құрылды. Одан кейін республиканың жеке мемлекеттік құрылымы, билік жүргізу, заң шығару, оны орындайтын өз республикасына тән Конституциясы қабылданды.

1936 жылы 9 шілдеде ҚазОАК-тың төралқасы Л. И. Мирзоянның төрағалық етуімен конституциялық комиссия құрылды. 1937 жылы 3 ақпанда ҚазОАК "Қазақ ССР-нің Конституциясы туралы" мәселе қарады. Комиссия талдап, пысықтаған Конституция жобасын көріп, енді еңбекшілер мен халық арасында кеңінен талқылау керек деп шешті.

1937 жылы 26 наурызда Бүкілқазақстандық Кеңестердің X съезі "Кеңестік Социалистік Қазақстанның жаңа Конституциясын" қабылдау туралы қаулы алды. 6 СССР Конституциясының "IX тарауы мен Қазақ ССР Конституциясының VII тарауы сот ұйымдары мен прокуратура қызметін үйымдастыру, құру тәртібіне арналған. Қазақ ССР-інің Конституциясы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әскери соттар
Қазақстан Республикасы жоғарғы сотының тарихы
Сот билігі туралы
Сот түсінігінің теориялық негіздері жайлы
Қазақстандағы сот жүйесі, судьялар мәртебесі
Қадағалау сатысындағы іс жүргізу мәселелері
Қазақстан Республикасының сот жүйесі
Сот жүйесі және бірлігі
Сот жүйесінің даму мәселелері
Қaзaқстaн Республикaсындaғы сот реформaсы:теңденциялaры және aлғышaрттaры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz