Қазақ рулары және рулық таңбалары


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕС11УБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИЯИСТРЛІП АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАК ҮЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УММВЕРСИТЕТІ

Тарих факультет! Арнайы тарихи пэндер және окыту технологиясы кафедрасы

Қазақ рулары және рулық таңбалары

/ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ/

Ғылыми жетекші: т. ғ. к., доцент

Құсайынов Қ.

Орындаған: тарих және география

факультетінің 4 курс студенті Абдиев Жасұлан

Қорғауға жіберілді «Арнайы тарихи пәндер және оқыту технологиясы» кафедрасының меңгерушісі

т. ғ. д., профессор СМ. Сыздыков
« » 2008 ж.

Алматы, 2008

М А 3 М ¥ Н Ы

КІРІСПЕ 3

І-тарау. Ұлы жүз рулары, олардың этникалық құрамы.
Рулық таңбалары 11

П-тарау. Орта жүз рулары, олардың этникалық құрамы.
Рулық таңбалары 28

Ш-тарау. Кіші жүз рулары, олардың этникалық құрамы.
Рулық таңбалары 42

ІУ-тарау. Қазактың рулық таңбалары тарихи дерек
ретінде 55

ҚОРЫТЫНДЫ 63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66


КІРІСПЕ

Қай халықтың болмасын этникалык тарихы бірден-бір маңызды да күрделі мәселе болып табылады. Осы орайда қазақ халқының калыптасуында ерекше үлес коскан қазақ жеріндегі ру-тайпалардың құрылымы мен бөлінуін, рулардың таңбалары мен ұрандарын да айтамыз. Әрине, осы жерде жүмыстың такырыбы «Қазак рулары және рулық таңбалары» екенін айта келіп, әрбір рудың шығу тегі мен танбаларына тоқтала отырып, оның тарихи шежірелік дерек ретіндегі рөлі айтылып өтіледі. Сонымен бірге, әрбір рудың ұраны да өз алдына сыр шертетін дүние.

«Қазақ рулары және рулық таңбалары» өзекті де күрделі тың тақырып, жүмыс барысында такырыптың ғылыми маңыздылығы айтыла отырып, жүмыстың методологиялык негізі де көрсетіледі.

Н. А. Аристов өз еңбегінде: «Халыктың және тайпаның шығу тегін зерттегенде, олардың рулық күрылымын нашар білу басты кедергі болады», - деп әділ айтып өткен [1] .

Жұмыстың мақсаты - жарияланған белгілі ғалымдардың еңбектеріндегі деректер мен елден жиналған материалдарға сүйене отырып, қазақ рулары мен рулық таңбаларының қазақ халкының қалыптасуына қосқан үлесі және қазақ тарихында алатын орнын ашып корсету.

Алда түрған киыншылыктарды сезіне отырып, жүмысымда қазақ рулары мен рулық таңбалары туралы қолда бар деректерд

негізге ала отырып, рулардың құрамын, территорияльп

орналасуын, таңбалары мен ұраны туралы жалпы түсінік беруді міндет етіп алдым.

Қай халықты алсак та әрбір халықтың этникалық тарихында өз шешуін күтіп отырған мэселелерінің ішінде негізгісі - шежіре болып табылады. Шежіре сан ғасырлар бойы атадан балаға ауызша да, жазбаша да мұра ретінде беріліп келе жатқан, шежірелерді қазак ойшылдары, ақындары мен жыраулары білген.

Енді, осы жерде «шежіре» туралы терминді айта кетер болсақ, қазақта «шежіре» араб тіліндегі «шаджарат», «бүтақ», «тармақ» деген мағына береді. Шежіре халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы. Өзінен бастап жеті атасына дейін білу әрбір қазақ азаматының дәстүрлі борышы болған.

«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың камын жер», «Жеті
атасын білмеген жетімдіктің салдары» деген мэтелдер осының
айғағы болса керек. Қазак шежірелерінің зерттелу тарихына көз
жіберсек, кезінде оларды жазып алуға орыс ғалымдары
А. Левшин, В. Вельяминов-Зернов, Н. Аристов, Г. Потаниндер көп
үлес косқанын байкаймыз. Қазақ зиялылары топтаған
шежірелердің ішінде М. Х. Дулатидың, Қадырғали Жалаиридың
шежірелері, Ш. Уәлиханов жазып алған «Ұлы жүз шежіресі»,
Әбілғазының «Түрік шежіресі», А. Ниязовтың «Үш жүздің
шежіресі», М. Көпейұлының «Қазак шежіресі»,

Ш. Құдайбердіұлының «Түрік, кырғыз-казақ һэм хандар шежіресі», Қүрбанғали Халидтің «Тауарих Хамсасы» кымбат қазыналар болып табылады.

Ал, Кеңестік дэуірде шыққан кітаптардың ішінде С. Аманжоловтың «Вопросы диалектологии и истории казахского языка», В. Востров пен М. Мұқановтың «Родоплеменной состав и расселение казахов» және М. Мұқановтың «Этнический состав и расселение казахов Среднего жуза» атты еңбектерінде бірталай мәліметтер бар. Кеңес дәуірі кезінде жарык көріп, шежіре мәселесін арнайы қозғаған ғылыми зерттеулердің ішінде М. Тынышпайұлының «Материалы к истории киргиз-казахского народа» атты еңбегі айрықша сүбелі [2] .

Шежіре ертеден, ғасырлар бойы өмір сүріп келеді. Оны игеру үшін алдымен жеті атаға дейін білу керек және өз руындағы халық зердесінде із қалдырған батырларды, ақындарды, олардан қалган ұлагатты сөздерді зердеде ұстау керек.

Солай бола тұрса да кеңес дәуірі кезінде өз шежіреңді білу ескі феодалдық дэуірдің сарқыншақтарын жандандыру деп қаралады. 1960-70 жылдарда шежіре туралы мақала жазғандар, мақала жарияланған басылымдар қудаланды. Соның салдарынан біраз жылдар бойы жиналған шежірелер көзден таса да болып келді. Бірақ, олар жойылып кеткен жоқ әрине, елімізде тәуелсіздік туы желбіреген алғашқы жылдары-ақ шежірелердің біразы өңделіп шығарылды. Мысалы Ш. Құдайбердіұлының 1911 жылы Орынборда жарык көрген шежіресі [3], М. Көпейұлының [4], Қ. Халидтің [5] шежірелері 90-жылдардың басында-ақ баспа мен баспасөз беттерінде жарыққа шығарыла бастады.

Халық тарихында шежіре көп. Олардың біразы ру-

тайпалардың ертедегі тарихынан бері қарай ата тек таратуға арналған. Сондай шежіренің біреуі, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттык қозғалыстың көсемі Амангелді Иманұлының өзі шыккан Бегімбет руының шежіресін жасап, оның 1700 жылдан-1898 жылға дейінгі аралығын таратып, қағазға түсірген.

Жалпы қазак шежіресінің негізгі нүскасына
Ш. Ш. Уәлихановтың «Қазак шежіресі», «Ұлы жүз шежіресі» [6],
орыстың этнограф ғалымдары Н. А. Аристов пен

П. П. Румянцевтардың басшылығымен Жетісу облысының Лепсі, Қапал, Жаркент, Верный уездерінің шаруашылықтарын тексеру барысында жинакталып, 1911-13 жылдары Ташкентте жарияланған материалдар және этнографиялық карталармен бірге берілген шежірелерді жаткызуға болады.

М. Тынышпаевтың «История казахского народа» [7], С. Асфендияровтың «История Казахстана» [8] деп аталатын еңбектері де өте құнды. Бұл еңбектерде Үш жүздің құрылуы, Үш жүзге кіретін рулардың этникалық құрамы, таңбалары мен ұрандары жайлы айтылған.

С. Аманжоловтың «Вопросы диалектологии и истории казахского языка» [9] деп аталатын еңбегінде үш жүздің рулық күрылымына, этникалык тарихына, соның ішінде ежелгі ірі-ірі тайпалардың этникасына токтала отырып, ұрандары мен таңбалары айтылып өтеді.

В. Востров пен М. Мұкановтың «Родоплеменной состав и расселение казахов» [10] деп аталатын еңбегінде үш жүздің

руларының этникалық құрамы мен тарихы, территориялық

орналасуы барынша көрсетілген. Сондай-ақ М. Мұқановтың «Этнический состав и расселение казахов Среднего жуза» [11] деген еңбегінде де Орта жүз казақтарының территориялық орналасуы мен этникалық тарихы араб, парсы, қытай деректері мен архив материалдарына сүйене отырып жазылған.

Баспасөз бетіндегі материалдарда да бұл тақырыптар тыс қалмайды. Олардың бірқатарына Ш. Әмірбековтың «Қазақ жүздерінің пайда болуы», Д. Ахметовтың «Қазақ шежіресі», Т. Елеужановтың «Таңбамызды танимыз ба?», Қ. Салғариннің «Таңба», т. б. еңбектері көптеп саналады.

Шежіре қазақ халқын үш жүзге бөледі. «Жүз» деген сөз «жақ», «бағыт», «бөлік» деген мағынаны білдіреді. Қазақстан территориясы Жетісу, Орталық Қазакстан және Батыс Қазақстан болып үш түрлі шаруашылық аймақка бөлінген еді де, олардың әрқайсысының өз жайылымдары мен өз қыстаулары болды.

Қазақ шежірелерінің барлығында мынадай мазмүн баяндалады: Қазақтың арғы атасы - Алаш, Алаштан - Қазак туған. Қазақтың - Бекарыс, Ақарыс, Жанарыс деген үш ұлы болыпты. Бекарыс ұрпақгарын Ұлы жүз деп атап, оған - Үйсін, Қаңлы, Шапырашты, Жалайыр, Албан, Суан, Дулат т. б. руларды кіргізеді.

Ақарыс ұрпақтарын Орта жүз деп атап, одан - Арғын, Найман, Қоңырат, Қыпшақ, Керей, Уақ руларын таратады.

Жанарыстың ұрпақтарын Кіші жүз деп атап, одан - Алшын, ал Алшыннан - Әлімұлы, Байұлы рулары мен Жеті руды таратады. Ал, енді осы аталып өткен қазақ руларының рулық

таңбалары мен ұрандарына келер болсақ, бұл мэселе әлі де болса өз зерттеуін күтіп түрған күрделі мәселелердің бірі. Қазак руларының рулық таңбалары мен ұрандары жайында сөз еткенде ең алдымен XIX ғасырдағы орыс зерттеушілерінің деректеріне сүйенеміз.

Н. А. Аристов «Опыт выянения этнического состава киргиз-казахов Большой Орды . . . » [12] деп аталатын еңбегінде Ұлы жүздің рулары мен олардың таңбалары жөнінде айтса, А. Харузин «Киргизы Букеевской Орды» [13] деп аталатын еңбегінде Кіші жүздің руларының таңбаларын А. И. Левшин мен А. Мейер деректері бойынша айтып өтеді.

Сондай-ақ А. И. Левшин [14], Н. И. Гродеков [15], М. Тынышпаев [16], САманжолов [17] еңбектерінде де рулық таңбалар мен ұрандар барынша көрсетілген.

Әр түрлі рулардың таңбалары туралы мәліметті Р. Г. Кузеевтің «Происхождение башкирского народа» деген еңбегінде көруге болады [18] .

Соңгы жылдары жарық көрген еңбектерінің ішінде, әсіресе, қазақ шежіресі, қазақ рулары мен таңбалары, ұраны жайлы мол тарихи дерек беретін Х. Арғынбаев, В. Востров, М. ] \түқановтың біріккен «Қазақ шежіресі хақында» атты еңбегі мол маглүмат беретін сүбелі де, гылыми жүйеленген қымбатты еңбек. [19]

Жалпы халықтың этникалық тарихы адамзат қоғамы тарихындағы аса маңызды және күрделі аспект болып табылатынын және осы күрделі мэселені шешу этнография ғылымында халықтың этникалық тарихы мен этногенезіне

байланысты екенін Ю. В. Бромлей өзінің «Этнос и этнография» деген еңбегінде айтқан болатын.

Сонымен, осы. «Қазақ рулары және рулық таңбалары» деп аталатын жұмыс 4 тараудан тұрады.

I - тарау - «Ұлы жүз рулары және олардың этникалык
құрамы. Рулық таңбалары», - деп аталады. Мұнда негізінен Ұлы
жүзге кіретін рулардың этникалық тарихы, орналасуы және
олардың рулық таңбалары мен ұрандарына тоқталып, қазақ
халқының қалыптасуында үлкен үлес қосқан негізгі рулар
айтылады.

II - тарау - «Орта жүз рулары, этникалық құрамы және
рулық таңбалары», - деп аталады. Мұнда құрамы мен рулық
таңбаларына қоса Орта жүз руларының этникалық тарихы мен
ұрандары да айтылып өтеді.

  1. - тарау - «Кіші жүз рулары, этникалық құрамы және рулық таңбалары», - деп аталғандықтан, мұнда да Кіші жүз құрамына кіретін рулардың этникалық құрамы, орналасуы, таратылуы, таңбалары мен ұрандары айтылады.
  2. - тарау - «Қазақтың рулық таңбалары тарихи дерек», -деп аталынды. Мұнда зерттеушілердің (А. И. Левшиннің, М. Тынышпаев, САманжолов, Н. И. Гродеков т. б. ) рулық таңба белгілері салыстырылады және кесте бойынша ататек кестесі жасалып көрсетіледі.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келгенде, қазақ халқын калыптастырған ру-тайпалардың көпшілігі ежелгі заманнан Орта Азия мен Қазақстанның кең даласында, шығыста

Баркөлден бастап, батыста Каспий теңізі, Еділ өзеніне дейінгі ұлан-байтақ өңірде көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес ру-тайпалар еді. Қазақ халқы ғасырлар бойы тарихи даму барысында осы ру-тайпалардан құралып, халық болып қалыптасқан. Бұл тек бір дэуірдің ғана жемісі емес, сан ғасырлық дамудың туындысы дей келіп, Үш жүз руларының шығу тарихына, орналасуына, олардың таңбалары мен ұрандарына тоқталып өтейік.

I - тарау. Ұлы жүз рулары, олардың этникалық құрамы.

Рулық таңбалары.

Қазақ жүздерінің ішінде Ұлы жүз рулары мен тайпаларының қалыптасуында үзақ уақыттық, көп ғасырлық, күрделі тарихы бар. Соңғы уақытқа дейін қандай тайпалар мен Ұлы жүзден қандай рулардың таралатыны туралы толық шежіре жоқ, өйткені қазақ халқының бұрынғы алдыңғы қатарлы, саналы адамдарды өздерінің ой-өрісіне шақ, өз халқының ауызша айтылып, ұрпақтан-ұрпаққа сақталып келген ауызша тарихын (шежіресін) жасап қалдырды. Шежірешілер - аталардың істеген игіліктерін де, өмірлерінде кездескен оқиғаларды да, іс-әрекеттерін де білген. Кейін жазбаның шығуына байланысты, ол шежірелер қағаз бетіне түскен. XVII ғ. дейін ауыздан-ауызға, біреуден-біреуге айтылып келгендіктен, аталар тегі жөнінде де, олардың басынан кешірген іс-әрекеттері жөнінде де асырып айту да, не жасырып қалу да болды.

Ең бірінші Ұлы жүздің рулық құрылымы туралы орыс деректеріне сүйенеміз. Тевкелевтің деректерінде Ұлы жүз қазақтарының ру тайпалық құрамы: «Үлкен Орда да 10 ру, барлығы Үйсін деп аталады, ал одан өзіндік аттар былай бөлінеді: Ботбай үйсін, Шымыр үйсін, Жаныс үйсін, Сиқым үйсін, Абдан-суан үйсін, Сары үйсін, Шанышқылы үйсін, Қаңлы үйсін, Жалайыр» [20], - деп жазылған.

Бірақ бұл жерде басқа да ежелгі және ірі тайпалардың, мысалы: Ысты, Ошақты, Шапырашты, Сіргелі, Тілік, Қоралас т. б.

үлкен рулардың қалып кеткенін түсінеміз.

Ұлы жүздің тайпалары туралы мәлімет берілген тағы бір құжат 1825 жылы жазылған. Онда «Ұлы жүз қазақтары жалпы Үйсін аталғанымен 5 руға бөлінеді. Олар: Дулат, Албан, Суан, Жалайыр, Шапырашты» [21] деп көрсетілген. Құжатта 5 үлкен тайпаны ру деп көрсеткен, ал шынына келсек бұл тайпаның өзі бірнеше руға бөлінеді, сондықтан да Ұлы жүздің құрамы туралы толық деректен алшақ бұл құжатта қаңлы, сіргелі, шанышқылы, ысты, ошақты, сары үйсін сияқты тайпалар көрсетілмеген. Елеулі кемшіліктеріне қарамастан бұл деректер біз үшін аса қүнды, өйткені бұлар бірінші болып Ұлы жүздің пайда болғаннан кейінгі құрамына енген тайпалар туралы біршама түсінік береді.

Ұлы жүздің ру-тайпалық құрылымы туралы революцияға дейінгі зерттеушілер - П. И. Рычков, А. Левшин, Ш. Уәлиханов, А. Харузин, В. В. Радлов, Н. А. Аристов т. б. еңбектерінде көрсетілген. П. И. Рычков өзінің «История Оренбургская» деп аталатын еңбегінде Ұлы жүз туралы айта келіп, былай деп жазады: «Знатнейшие в ней роды: янышский, зыкымский, чомарский, зюйский, калынский, чаны-чидинский, абмансуйский, сиынский . . . » [22] .

Мұнда бастапқы 3 руды: жаныс, сиқым, шымырды дулат тайпасынан, ал одан кейін үйсін, қаңлы, шанышқылы, албан, суан және ысты тайпалары келеді. П. И. Рычков Тевкелевтің мәліметтерін қолданғанға ұқсайды.

Келесі бір Ұлы жүздің құрылымы туралы 1832 ж. А. Левшиннің жазған тарихи еңбегінде былай көрсетіледі:

«Үлкен орда үйсіндер, тулатайлар мен сарғамдардан тұрды, кейіннен оларға Орта ордадан қоңыраттар қосылды» [23] . А. Левшиннің «үйсін, тулатай және сарғамнан Ұлы жүздің барлық тайпалары өрбіді», - деген ойы теріс екенін В. Востров пен М. Мұқанов өз еңбектерінде жазып өтеді [24] .

Левшиннің еңбегі бойынша: Ұлы жүз рулары:

  1. Ботпай, шымыр, жаныс, сиқым, абдан, суан, сары сулы, шанышқылы, қаңлы, жалайыр.
  2. Қоңырат ұрпақтары мынадай рулардан түрады: байлар-жанжар, Оразгелді, күлжеғаш, бошман, тоқболат, жаманбай, қаракөсе, жетімдер, қүйсқансыз.

Ш. Ш. Уәлиханов өзінің «Қырғыз шежіресі» мақаласында «Ұлы жүзді негізгі 4 ру - дулат, албан, суан, жалайыр қүрайды және олар жалпылай айтқанда «үйсін» деп аталады. Үйсін Ұлы жүз қазақтарының түп атасы болып келеді. Онда Төбейден - үйсін, үйсіннен Қойылдыр (қатаған, шанышқылы), мекрейлі (жалайыр), майқы (ақбақ), қоғам (қаңлы) тайпаларын өрбітеді» [25] .

Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің «Түрік, қырғыз-қызық һәм хандар шежіресі» атты еңбегінде Ұлы жүздің руларын көрсеткен, ол А. Левшиннің еңбегін негізге алған болса керек. Осыған байланысты қоңырат тайпасы Ұлы жүзге емес, Орта жүзге кіретінін айта кеткен жөн.

Ұлы жүздің руларының шежіресін М. Тынышбайұлы өз еңбегінде былай таратады:

  1. Үйсін (дулат, албан, суан, сарыүйсін, шапырашты, ошақты, ысты, сіргелі) ;
  2. жалайыр;
  3. қаңлы, шанышқылы.

Ұлы жүз бірлестігі Жетісу жерінде Шу және Талас, Сыр, Іле өзендерінің кең алқаптарында көне заманнан қалыптасқан [27] .

Ал С Аманжоловтың еңбегінде Ұлы жүз мынадай 23 тайпа-рудан: үйсін, қаңлы, сары үйсін, дулат, шанышқылы, ысты, тілік, жаныс, ошақты, бекболат, жалайыр, бестаңбалы, шымыр, шынқожа, қоралас, суан, абдан (албан), ботпай, сэмбет, тулатай, сіргелі, шымылдан құралады деп көрсеткен [28] .

Көптеген деректермен танысып, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылының көзіқарақты қариялары Әділұлы Әлібек пен Сейдалыұлы Сейіттің Ұлы жүз руларын тарқатқан шежірелерін салыстыра келе Ұлы жүздің ата-тек кестесін былай көрсетемін:

Ұлы жүз Ақарыс

Ұраны: қауға беріп малға кой Таңбасы: нэл таңбасы Л

Кейкі

Төбей

1

Бақыраш

1

Бэйтерек

-> Қоғам

1

14

Котан

-> Үйсін

Қаңлы

Шанышқылы (қатаған)

Майқы

Ойсыл

Үйсіл

Сіргелі

Сақал

Ақсақал <■ (Абак)

Қараша би

1

■> Жансакал (Тарақ)

т

Жалайыр

Байдулы

Бэйдібек

Сарыбәйбішеден Сыланды анадан Домалақ анадан

Байтоқты Жарықшақ

Жалмамбет

Сары үйсін шапырашты ысты ошақты Дулат Албан Суан

Алүйсін Қараүйсін

Бұдан біз шежірелерде айтылып жүрген Ұлы жүз - Үйсін бірлестігі деген атаудың түп төркіні қайдан шыққанына көз жеткізгендей боламыз. Қазақтың байырғы аңыз-шежірелері мен жазба әдебиетінде «үйсін» атауы 2 түрлі: тар және кең мағынада қолданылады. Тар мағынада «үйсін» қазақтың Ұлы жүзінің құрамындағы тайпаның аты. Ал кең мағынада «Үйсін» Іле алқабы мен Жетісу өңірін және Оңтүстік Қазақстанды мекендеген Ұлы жүз тайпаларының жалпы аты. Үйсіндер туралы деректер осыдан екі ғасыр бұрынғы ханзу тіліндегі жылнамада кездеседі [28] .

«Үйсін» деген атау үй және сін (шең) деген екі сөз. Көне заманда ол сөздердің әрқайсысында жеке мағына болып, бертін келе қосылып, бірі түбір, екіншісі жүрнақ болып жеткен. Ескі түрікмен тілінде «үйшек» бір нәрсенің үйілген топталған жері деген мағынасы осы күнге дейін сақталған. Сондыктан «Үйсін» сөзі ру, тайпалардың жиналған жері, мемлекеті деп үғуға болады. Өйткені Мұндағы үй сөзінің мағынасы да қазіргі түсініктен басқашарақ, ол сөз көне заманда бір атадан тараған кіші ру», -дегенді білдірген [29] .

XIX ғасырдағы орыс ғалымы Н. Аристовтың шежірелік деректері бойынша Үйсінді Майқы биден таратады.

Майқы би

Қаңлы

Бақтияр

Қырық жүз

Мың жүз

Ойсыл

Үйсін

I

Сіргелі

Ақсақал (Абақ)

Жансақал (Тарақ)

Байтулы

Қараша-

Бэйдібек

қызынан

Сарыбәйбішеден Байтоқты

Сыланды ана Зерщтен

Домалақ ана Нұриладан

і

Жақып

қалша

(жездем

Қалша) Сары үйсін

і

Сыйлықсары Жолмамбет Албан Суан Дулат (жиен)

Ошақты

Шапырашты Ысты

Ұлы жүздің негізін қүраған тайпалар Бэйдібектің балалары [30]

Осы жұмысымды жазу барысында көптеген шежіре таратушылардың еңбектеріне қарағанда шежіреге керекті деректі тарихи мәліметтер жазылмаған, бірыңғай шежіре, түсінік кіріспе сөзде айтылмаған. Көп еңбектерде тарихи деректерден гөрі,

аңызға сүйенушілік байқалады. Шежірені қаншалақты дұрыс жаздым дегенменде жетіспеушілік, болмаса артық кетушілік табылады.

Ұлы жүздегі Сары үйсін руының рулық құрылымы туралы деректер жоктың касы. Қолда бар шежірелер Сары үйсін руын -Жақып, Қалша деп таратады. Мекендері - Жетісуда, Сарытауқұм, Мойынқұмда. Жақыптан тараған Қырықтың көп бөлігі Өзбекстанда - Ферғана, Самарқан жерлеріне мекендеп, сіңісіп кеткен.

Қазақ шежіресінде Сары үйсін руының ата тек тестесі былай берілген.

Сары үйсін

Мырзақыз
Қалша Жақып

Ұраны - «Байтоқ» Таңбасы £ Абак - Ашамай

Бисары

Қайқы

-> Сопы

Жансары Жанбөрі Жандосай Күнке Есенжар Қырық

Рулардың шығу тегі туралы аңыздар, халық арасында тараған шежірелер еш жаңалық енгізбейді, тек одан сайын шиеленістіре түседі. Сары үйсін руының шығу тегі, рулық

Жүман ««->Есенаман

V ЛГ ЛТ

құрылымы туралы шежірелерді әлі де зерттеп, толықтыру кажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығын үш жүзгебөлу
ҚР Орталық Мемлекеттік музей қорындағы мөрлер коллекциясы
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
ҚАЗАҚ РУ - ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Н.А.Аристовтың «Түркі халықтары мен тайпаларының этникалық құрамы туралы жазбалар мен олардың саны жөніндегі мәлімет» атты еңбегіндегі түркі тайпалары
Түркі дәуірі ескерткіштері
Қазақ-қырғыз қатынасының этно-мәдени мәселелері
Ұлытау өңірінің тарихи географиясы (XV ғ. – XIX ғ. соңы)
Бөкей ордасының қазақтары
Еліміздің нышандарының пайда болу белгісі мен олардың нақты сипатын айқындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz