Иман негіздері



I. Кіріспе
а) Дін дегеніміз не ?
ә) Ислам дініне жалпы түсінік.

II. Негізгі бөлім.
а) Иман негіздері
ә) Ақыретке иман

III Қорытынды
IV. Әдебиеттер тізімі
Бұл мәселені бұған дейін көп Ислам ғұламалары зерттеп жазған. Солардың зерттеулеріне сүйене отырып, осы мәселені көтеруді жөн көрдім. Құранда мынадай аят бар; Ей адам баласы Біздің өздеріңді бекер-босқа жаратты, біздің алдымызға қайтарылмаймыз деп, ойлайсыңдар ма ?
( Мүминун сүресі 115 аят )
Алла сөзі Жебірейіл періште арқылы 4 пайғамбарға тапсырылған, яғни;

Мұсаға - Таурат
Ғайсаға - Інжіл
Дәуітке - Забур
Мұхаммед (с.ғ.с.) – Құран Кәрім

Алла Тағала адам баласына тура жол көрсету үшін пайғамбарлар арқылы қасиетті кітаптар жіберіп отырған. Сол қасиетті кітаптардың соңғысы «Құран-Кәрім» кітабы пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) арқылы 23 жылда түсірілді. Қасиетті Құранда бүкіл ілімдердің негізі (физика, химия, математика, биология т.б.) қамтылған. Енді ілімдердің ішінде ең жоғарғысы, ең ұлысы-иман ілімі болып табылады. Өйткені бүкіл пәндер (физика, химия, биология) әлемдегі заңдылықтарды түсіндіреді. Ал, осы әлемдегі бүкіл заңдылықты басқарып тұрған ұлы Жаратушыны тану ілімі әлбетте бүкіл ілімдерден дәрежесі жоғары болмақ. Біздің қарастырғалы отырған мәселеміз осы иман ілімінің ішінде ақыретке иман туралы болмақ. Ақыретке иманның адамның жеке тұлғасына, қоғамдық өмірге қандай пайдалары бар? деген сұраққа дінімізден жауап іздеу.
1) Құран Кәрім. Халифа Алтай
2) Рисале-и Нұр жинағынан. Бәдиүззаман Саид Нүрси
3) Ислам Ғылымхалы. Мұхиддин Исайұлы
4) Дінтану негіздері. Ғарифолла Есім
5) Ислам Әлемі журналы
6) Ислам және өркениет газеті
7) Ғибадатул Ислам. Халифа Алтай
8) Шапағат Нұр журналы

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ИМАН НЕГІЗДЕРІ

КІРІСПЕ

Бұл мәселені бұған дейін көп Ислам ғұламалары зерттеп жазған.
Солардың зерттеулеріне сүйене отырып, осы мәселені көтеруді жөн көрдім.
Құранда мынадай аят бар; Ей адам баласы Біздің өздеріңді бекер-босқа
жаратты, біздің алдымызға қайтарылмаймыз деп, ойлайсыңдар ма ?
( Мүминун сүресі 115 аят )
Алла сөзі Жебірейіл періште арқылы 4 пайғамбарға тапсырылған, яғни;

Мұсаға - Таурат
Ғайсаға - Інжіл
Дәуітке - Забур
Мұхаммед (с.ғ.с.) – Құран Кәрім

Алла Тағала адам баласына тура жол көрсету үшін пайғамбарлар арқылы
қасиетті кітаптар жіберіп отырған. Сол қасиетті кітаптардың соңғысы Құран-
Кәрім кітабы пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) арқылы 23 жылда түсірілді.
Қасиетті Құранда бүкіл ілімдердің негізі (физика, химия, математика,
биология т.б.) қамтылған. Енді ілімдердің ішінде ең жоғарғысы, ең ұлысы-
иман ілімі болып табылады. Өйткені бүкіл пәндер (физика, химия, биология)
әлемдегі заңдылықтарды түсіндіреді. Ал, осы әлемдегі бүкіл заңдылықты
басқарып тұрған ұлы Жаратушыны тану ілімі әлбетте бүкіл ілімдерден дәрежесі
жоғары болмақ. Біздің қарастырғалы отырған мәселеміз осы иман ілімінің
ішінде ақыретке иман туралы болмақ. Ақыретке иманның адамның жеке
тұлғасына, қоғамдық өмірге қандай пайдалары бар? деген сұраққа дінімізден
жауап іздеу.

Дін дегеніміз не?

Адамзат тарихына көз салсақ, ерте заманыннан бері дінсіз өмір
сүрмегенін байқаймыз. Адам жеке тұлға ретінде де, қоғамдық тұрғыдан да
дінге мұқтаж. Өйткені дінге деген сенім оның табиғаты мен жаратылысында
бар. Туа біткен қасиет. Дін - оның мына қалтарыс-бұлтарысы мың сан қабат
ғұмырында арқа сүйер тірегі, сарқырап аққан өмір-өзеніндегі қайығының
діттеген мақсатына апарар ескегі мен жөн көрсетер темірқазығы.
Жеті қабаттан тұратын ғаламат әлемге бір сәт көз салайықшы! Неткен
ғажап жаратылған?! қандай тіл жетпес жүйе құрылған?! Осы әлемде адамнан
басқа әрбір жаратылыс өз қызметін қалтықсыз атқарып, тыныс тіршілігін
жасауда. Алдын-ала келісіп қойғандай бірігіп, жұмыла кірісіп, әлемнің тепе-
теңдігін сақтап, жағдай жасап, соған бағынуда. Ал адам баласы осынау жеті
қабат әлем өзіне бағынса да, бақытты емес. Ол ұзақ уақыт бойы ойланып, бұл
ғұмырға қайдан, неге келгенін, қайда баратын таба алмауда. Мына әлемнің
өзіне не үшін бағынатынын, өзінің кім екенін ұға алмай жүр. Кейде ол өзінің
дүниедегі жалғыз ақыл иесі екенін аңғарса да, жақсы ғұмыр сүре алмай жүр.
Құс екеш құстың ұясына қарағанда жанды тамсандырса, адам баспанасын әзер
салуда.
Адам-әлемде бірден-бір саналы жан. Бірақ зор тауқыметті де сол
санадан көреді. Өйткені санасы өзіне қашан да сұрақ қойып мазаласа да,
бірақ жауап бере алмайтын. Әлемдегі әркімнің өз қызметі мен мақсаты бар.
Бәрінің мақсаты-адамға қызмет ету. Бірақ адам баласының мақсаты не болмақ?
Әсіресе оның жанын қатты қиынайтын өлім. Өлімді ойлай бастағанда жүрегінің
терең түкпіріндегі мәңгілік өмірге деген сезім, бейне бір жанар таудай
атқылап, тұла бойын өртейді. Ол саналы бола тұрып, көбінесе жақсы мен
жаманды айыра алмауда. Бүгін жақсы дегені ертең жаман, ал жаман дегені
жақсы болып шығуда. Жанын ең қатты қинағаны, ақыл иесі бола тұра,
қауқарсыз, әлжуаздығы. Кейде жауыннан қашып, жапырақты тасалаған көгершінге
көзі түсіп, бұл да ғұмырдың зардабынан қашып, құдіретті бір күшті паналап,
бой жасырғысы келеді. Әлемнің жалғыз Жаратушысы бар екендігін тапса да, оны
тани алмауда.
Адам баласының хал-күйі осылай. Сондықтан ол шеше алмаған жұмбақтың
жауабын діннен ғана таба алады. Ол дін иләhи (құдайлық) болу керек. Яғни,
дін-өзі мен жалпы жаратылысты жоқтан жаратқан Ұлы Жаратушыдан келуі керек.
Өйткені адамның бақытты өмір сүру жолдары Ұлы Жаратушыға аян. Әркім өзінің
жасағанын жақсы білмек. Сол секілді адам да өзін-өзі жасамағаны белгілі.
Өзіне қызмет еткен табиғат-әлем де жасауы мүмкін емес .Ендеше оны
жаратылыстан тыс біреу жаратқан. Ұлы Жаратушы. Олай болса, адамға не керек
екенін, қайдан келгенін, қайда баратынын және бойындағы шексіз сезімдер мен
қабілеттерді қалай пайдалану керектігін де бір Аллаh Тағала ғана біледі.
Өйткені Ол – Жаратушы. Аса қадірлі қонағына арнап жеті қабат сарай салып
шақырған Сол. Жер жүзін үлкен дастарқан етіп, оны жүз мыңнан астам тәтті
тағамдармен толтырып, қонағына дәм таттырған - Сол. Жан-жануар мен құс
атаулына қызметші қылып, күнді шырақ, жерді бесік еткен Сол. Ендеше,
адамның нендей мақсатпен шақырылғанын, діттеген мұраты мен мәңгілік бақытын
білетін де Сол. Сондықтан Ұлы Жаратушы өзінің қадірлі қонағын жауапсыз
тастауы әсте мүмкін емес. Ол сол хабарын елшісі арқылы білдірмек. Міне, сол
елшісі әкелген хабарды біз - дін дейміз.
Адам баласы қашан да дінге мұқтаж. Осы иләhи хабардан қалып қойған әр
бір адам жаратылысындағы қажеттілікті өзге жасанды діни-сенімдермен
толтырады. Дінсіз бұл күнге дейін қоғам, яғни жеке тұлға кездескен жоқ. Ұлы
Жаратушыға сенбеген адам, әйтеуір бір нәрсені өзіне медет тұтады. Ол ағаш,
тас, ай, күн тіпті өзінің нәпсісі болуы мүмкін. Бірақ ақиқат бір-ақ нәрсе.
Ол - Ұлы Жаратушыға бас имеген жанның сансыз пұттарға бас июі. Атеистік те
жалған дін. Құдайсыздар алдымен аталмыш идеяны жасағандарға, содан кейін
нәпсісіне табынады. Ібіліс те әуелде Ұлы Жаратушыға мойын ұсынған еді.
Кейіннен Хазіреті Адамға сәжде ету әміріне қарсы шығып, өз нәпсісінің
дегеніне мойын ұсынып, содан бері өз нәпсісіне табынумен келеді.
Адам баласы Ұлы Жаратушыға мойын ұсынғанда ғана пұт атаулыдан ада
болып азаттыққа жетеді. Иман еткен адамның надандықтан құтылып, бостандыққа
жетуінің сыры осында жатыр. Өйткені Аллаh Тағала имандының Ұлы Досы.
Әлемнің Ұлы Иесіне дос болған кімнен қорықсын. Жүрегіндегі бұрынғы
қорқынышын Досының ұлылығы мен Оған деген қасиетті сезім басары күдіксіз
ғой.
Дінге адам әрқашан мұқтаж. Адамда жан мен тән бар. Тәнге не қажеттігі
анық. Ал рухқа не қажет? Оның азығы не? Рухани байлыққа кенелмеген кісі
төрт түлігі сай келсе де, бақытты бола алмайды. Алайда рух-әлем шұғылаға
оранған сана иесінің шаңырағынан су өтсе де, табанынан сыз өтпейді.
Пенденің рухани байлығы - Ұлы Жаратушыға иман ету арқылы болады. Рухы сонда
ғана жәй тауып, арнасымен ағады. Иман-Аллаh Тағалаға ғибадат. Рух ғибадатқа
мұқтаж. Ол оның шынайы азығы.
Әрі рухтың бұл дүниемен шектелгісі келмейтін шексіз қалауы бар. Мәңгі
бақи бақытта ғұмыр кешкісі келеді. Шексіздікті қалайды. Аллаh Тағала мен
ақыретке иман ету мен ғана көңілі жұбаныш табады.
Адам өмірі - күрес. Ол мұнда өмірдің жал-жал толқындарын бұзып-жарып,
өзінің кім екендігін көрсету үшін келген. Бірақ ол кейде көксеген мұратына
жету жолында қатты шаршап-шалдығып, алдағы үміт отын сөндіру қауіпіне
ұшырап, өзінің қауқарсыздығын аңғартады. Алдынан қамалап тосқауылдар
шыққанда қашанда көмек көрсететін Ұлы Жаратушыға құл болып, көкірегін
дауылға тосып, Ұлы Иесінің мұны бір сәтте тастамайтына шын сенеді. Ол өзі
көтере алатын ауыр сын арқылы жақын достығын анықтап жатқанын біледі.
Адамның сыналатынын Ұлы Жаратушысы елшісі арқылы білдірілген. Адамзаттың
өмірге келген мақсаты екі нәрседен тұрады:
Аллаh Тағалаға иман етіп, берген мол берекесіне шүкірлік етіп, алғыс айту.
Сосын Аллаh Тағала қасиетті хадисте былай дейді:
Мен бір құпия қазына едім. Танысын деп әлемді жараттым . Әлем-Оның
сипаттарының айнасы. Ал адам-дара айна. Сондықтан адамның мақсаты-Аллаh
Тағаланың күллі сипаттарын танып, оны әлемге паш ету. Бұл екеуі ғибадатты
құрайды.

Адамзат Аллаh Тағалаға ғибадат неліктен жасайды?
Біріншіден, Ұлы Аллаh ғибадат ет деп әмір еткені үшін. Екішіден, Оның
ризалығын алу. Үшіншіден, жоғарыда айтылғандай, адам рухының азығы –Аллаh
Тағалаға ғибадат ету. Әрине, Аллаh ғибадатқа мұқтаж емес. Керісінше біз
мұқтажбыз. Оған құлшылық еткенде ғана адамның жан-сарайы жай тауып, рухы
көгілдір көктемге айналады.
Адам дінсіз өмір сүре алмайды. Сол діннің қайнар көзі – иләhи болуы
лазым. Шынайы дін ғана адамды нұрға бөлейді. Жалған дін жүректі
қараңғылықтың қара шәлісімен тұншықтырады. Сөз түйіні, нағыз дін- арқылы
иелерін өз еріктерімен ізгілік пен туралыққа жеткізетін иләhи заңдар
жиынтығы.

Ислам діні дегеніміз не?

Бүкіл пайғамбарлардың діні ,, Ислам’’еді. Сол үшін де Ислам діні
тек бір қауымның немесе ұлттың діні емес, барша адам баласына ортақ ең
соңғы дін. Өйткені Ислам діні ақылдың, білімнің, тазалықтың, сондай-ақ
бейбітшілік пен тәртіптің діні. Онда өмір сүрудің ең жақсы жолдары мен
қағидалары көрсетілген. Ислам діні адамдарды жағымды көркем мінезділікке,
абзал әдептілікке тәрбиелейді.
Ислам деген сөздің мағынасы: Алланың және оның пайғамбарының
бұйрықтарына сеніп, мойындау. Осылайша Аллаға, пайғамбарына шын сеніп мойын
ұсынғанды мұсылман дейді. Ал мұсылман баласының бес парызы (міндетті
түрде істейтін нәрселер) бар. Олар: Аллаға иман ету, намаз оқу, ораза
ұстау, зекет беру, қажылық жасау. Бұлардың ең маңыздысы Аллаға иман ету.
Иманның алты шарты бар:
1) Алла Тағаланың бір екеніне иман
2) Періштелерге иман
3) Кітаптарға (Інжіл, Таурат, Забур, Құран) иман
4) Пайғамбарларға иман
5) Ақырет күніне иман
6) Тағдырға иман (жақсылықта жамандықта Алладан деп білу)

Біздің қарастыратынымыз иман шарттарының ішіндегі Ақырет күніне иман
туралы болмақ. Ақырет күні дегеніміз қарапайым тілмен айтқанда о дүние.
Яғни Алла Тағала бұл дүниенің есігін жауып, о дүниенің есігін ашады. Алла
Тағала адам баласын бұл дүниеге қалаған уақытында рухқа дене көйлегін
кигізіп, емтихан алаңы болып табылатын бұл дүниеге жібереді. Бұл дүниеде
міндетіміз біткен соң бізді Алла Тағала өз құзырына алады. Біздің бұл
жолаушылықтан қаша алмайтынымыз анық. О дүниеге баратын жол біреу ғана ол-
өлім. Өлім деген не?
Құранда Мүлк сүресініде айтылғаны сияқты Өлім де өмір сияқты бір мақұлық
әрі бір нығмет (сыйлық). Алайда сырттай қарағанда өлім-бұзылу, шіру жоқ
болу, өмірдің сөнуі, бүкіл ләззаттардың бітуі емес пе? Қалайша мақұлық,
нығмет бола алады? - деген сұрақ туындайтыны орынды. Оған құран былай жауап
береді. Өлім-өмір міндетінен босану, демалысқа шығу, мекен ауыстыру,
мәңгілік өмірге шақыру билеті, мәңгілік өмірдің кіріспесі. Қалайша әрбір
жаратылыстың дүниеге келуі бір өлшеммен, бір жаратумен болады. Сол сияқты
дүниеден кетуі де бір жаратумен, бір өлшеммен болады. Өйткені ең қарапайым
тіршілік иесі болған өсімдіктің өлімі оның өмірінен де жоғары тәртіпті өнер
туындысы екенін көрсетеді. Жемістердің, дәнектердің топырақ астында шіруі
сырттай ыдырау сияқты көрінгенімен шындығында өте тәртіпті біздің көзімізге
көрінбейтін химиялық процестер жүреді. Оның дәлелі топырақ бетіне шыққан
сүмбіл болмақ. Демек дәнектердің өлімі сүмбілденуге бастама, тіпті өз өмірі
үкімінде болғандықтан өмір сияқты мақұлық және тәртіпті. Әрі жемістер мен
хайуандардың адам асқазанында өлуілері адам деген мәртебеге шығуларына
бастама болғандықтан өлім олар үшін өмірінен де тәртіпті және мақұлық деп
айтылады.
Міне ең қарапайым тіршілік иесі болған өсімдіктердің өлімі мұндай
тәртіпті, сырлы, өлшеммен болып жатса тіршілік иелерінің ішінде ең
қымбаттысы, ең жоғарғысы болған адамның басына келген өлім,әлбетте жер
астына кірген бір дәнектің ауа әлемінде бір ағаш болғаны сияқты, жер астына
кіргенбір адам да берзах әлемінде (о дүние), әлбетте мәңгілік өмірдің
сүмбілін беретіні анық.
Ал, өлім нығмет болғанының көптеген жақтарынан төрт жағын баяндаймыз:
1) Ауырлап кеткен өмір міндетінен азат етіп, жүзде тоқсан тоғыз
сүйіктілеріне қауышу үшін берзахта кездесу есігі болғандыцқтан ең
үлкен нығмет.
2) Тар,қиыншылығы көп, алай-түлей дүние зынданынан шығарып, қуанышты,
зардапсыз, мәңгілік өмірге бөлену.
3) Қарттық сияқты өмір шарттарын ауырлататын көп себептер бар. Адамға
өлімді өмірден де артық сыйлық қылып көрсетеді. Мысалы, саған
қиыншылық өте қарт болған әке-шешеңмен бірге оның әке-шешесі және
олардың әке-шешесі жаныңда тірі болса өмір Әрі әдемі гүлдердің
ғашықтары болған көбелектер қыстың қақаған аязында тірі болса, оларға
өмір қаншалықты азап, өлім қаншалықты сыйлық екені түсінікті болады.
4) аурулар үшін. Ұйқының үлкен бауыры болған өлім де қиыншылыққа
түскендер үшін, бәлелерге душар болғандарға Алланың мейірімділігі әрі
сыйлығы. Бірақ Аллаға сенбегендер, күнә жолда жүргендер үшін өмірлері
қиын болғаны сияқты, өлім де олар үшін азап үстіне азап.

Аяттың мағынасы: Бұл дүние өмірі ойыншық. Ермек қана. Ақырет жері шын
өмір жері. Әтең олар білсе. Бұл аяттың сыры бойынша: адам бір жолаушы
рухтар әлемінен ананың құрсағына, ананың құрсағынан бұл дүниеге, дүниеде
нәрестеліктен жастық шаққа, жастық шаққтан кәрілікке кәріліктен қабірге,
қабірден ақыретке (яғни қайта тірілуге), сөйтіп мәңгілік жолаушылығы
жалғасады. Екі дүниенің керек нәрселерінің Малику Мулк (яғни Бүкіл мүлік
иесі) болған Аллаh адамзат баласына берген. Бірақ адам баласы өзінің
надандығынан екі дүние үшін берілген (уақытты) нәрселерді тек қана бұл
өткінші болған дүниеге жұмсайды. Алайда, ол керек нәрселердің оннан бірі
дүниелік өмірге, оннан тоғызы мәңгілік өмірге жұмсау керек.
Ғажабы, бірнеше мемлекетті аралау үшін үкіметтен жиырма төрт лира
(24000 мың теңге) ақша алған бір қызметкер алғаш барған мемлекетте жиырма
үш лирасын жұмсаса басқа мемлекетте не істейді? Қалай күн көреді? Үкіметке
не деп жауап береді? Осылай әрекет жасаған адам өзін ақылды деп айта ала
ма?
Тура осы мысалдағы сияқты Аллаh Тағала бізге екі дүниеде бақытқа қол
жеткізу үшін, жиырма төрт сағат уақыт берген. Көбін азына, азын көбіне беру
суреті мен жиырма үш сағатты қысқа, өткінші болған бұл тіршілік өміріне, еш
болмаса бір сағатты бес уақыт намазға яғни мәңгілік бітпейтін
о дүние бақытына жұмсау керек. Себебі, дүниеде патша, ақыретте қайыршы
болмасын. Ойланбайтын адам өз міндетін тәрк етеді, Аллаhтың міндетімен
шұғылданады. Ия, адам ойланбаушылық арқылы күш-қуаты жететін, оңай болған
құлшылық міндетін тәрк етіп, әлсіз жүрегімен басқару міндетін өзіне
жүктейді де, астында езіледі.
Ия, адам бір әскер. Әскерлік міндеті басқа, үкіметтің міндеті басқа.
Әскерлік міндеті тәлім-тәрбие, соғыс сияқты дінін және отанын қорғау
істері. Үкіметтің міндеті рызықтандыру (тамағын беру) киіндіру, қарумен
қамтамасыз ету. Егер әскер үкімет мені асырай алмай қалуы мүмкін деп өз
міндетін тастап сыртқа шығып сауда істеп кетсе қашқын әрі сатқын болады.
Бұл мысалдағыдай Адамның міндеті Аллаhқа құлшылық ету. Күнәларды жасамау
тақуалық нәпсі мен шайтан мен күресу – соғыс. Алайда адамның өзіне,
балаларына, туған –туысқандарына Бұл дүниеге керекті нәрселерін қамтамасыз
ету Аллаhтың міндеті. Өмір берген – Ол. Өмірді жалғастыратын керек
жарақтарды да ол береді. Тек қана үкіметтің әскер үшін жинап қойған
қоймалардағы азық –түлікті әскерлерге тасытып, тазалатып, пісірткені
сияқты Аллаhу тағалада өмірге керекті болған нәрселерді Жер деген қоймада
өсіріп өндіргеннен кейін, ол рызықтарды жинау, астын қопсыту, турау сияқты
кейбір міндеттерді адамға жасатады. Себебі, адамға бұл дүниеде шұғылданатын
бір іс болсын. Іссіздік азабынан құтылсын.
Ей адам! Ананың құрсағында жатқан кезеңде күш қуаттан мақұрым
жағдайда сені өте ләззатты рызықпен баққан Аллаh сені бұл дүниеден кеткенше
ол рызықпен қамтамасыз етеді. Жан–жағыңа мұқиатпен қара. Әр көктем
мезгілінде жер бетіндегі неше түрлі жемістерді, рызықтарды кім жаратып
жатыр және кімдер үшін жаратып жатыр. Сенің аузыңа әкеліп салмайды ғой. Бау-
бақшаларға барып ол жердегі күлімсіреп тұрған жемістерді үзіп жеу саған
қиынға, соқты ма?
Аллаh ынсап берсін !
Ақырет туралы білу үшін бірінші кезекте сол білген Раббымыздан,
сосын басқа Пайғамбарларымыздан, сосын Құранымыздан, киелі кітаптардан,
сосын періштелерден, сосын әлемнен сұраймыз. Сөйтіп міне, бірінші мәртебеде
ахиретті Алладан сұраймыз. Ол да бүтін жіберген елшілері арқылы, және барша
есімдері мен сипаттары арқылы, Иә, ақырет бар және сізді ол жерге
жіберемін деп әмір етуде. Иә, өзіне бағынғандарға сый- құрметті мен қарсы
келгендерге жазасы болмайтын еш бір билік жоқ. Осындай екен, әлбетте, нағыз
билік мәртебесіндегі бір мәңгілік сұлтандықтың сол Билікке иман арқылы
байланып бағынғандарға сыйлық- құрметі, қарсылықпен жоққа шығарып
мойындамағандар үшін де жазасы әлбетте болады; және болғанда да сол
мейрімділік пен сұлулыққа, мына ұлылық пен қаhарға лайық бір тәрізде болады
деп Рабб-үл-ғаламин және Сұлтан-үд –дәийән есімдері жауап береді. Жер
жүзінде жалпыға ортақ бір мейрімділікті, баршаны құшағына алған бір
жанашырлық пен жомарттықты көзімізбен күнді көрген сияқты, күндіздей ашық
бір тәрізде көрудеміз. Мәселен ол мейрімділік, әр көктемде бүкүл ағаштар
мен жеміс беретін өсімдіктерді жәннатың қыздарындай етіп киіндіріп,
сұлулап, қолдарына әр түрлі жемістерді беріп біздерге ұзатып Міне алыңыз,
жеңіз. деген сияқты, бір улы бал арасының қолымен біздерге шипалы, тәтті
балды жегізіп, қолсыз бір құрттың қолымен ең жұмсақ жібекті біздерге
кидіргені сияқты, бір уыстай ғана кішкене тұқымдарда, дәнектерде, мыңдаған
батпан тағамдарды біз үшін сақтаған, бір иқтият захирасы боп, сол кішкене-
кішкене қоймаларда жерлестірген осындай бір мейрімділік, бұндай бір
жанашырлық, әлбетте еш күмән жоқ, мұншама еркелетіп асыраған осы
сүйіктілерді, осы қарыздыларды, осы ынтықтары болған мүмин адамдарын жоқ
қылып жібермейді. Қайта керісінше, оларды, одан сайын әсем рахметтерге
лайық ету үшін осы дүниелік міндеттерден босатады деп Рахийм және Кәрийм
есімдері сұрақтарымызға жауап береді; Әл –Жәннәту hаққун дейді. Біздер
көзімізбен көрудеміз; барша жаратылыстарды және жер жүзінде сондай бір
даналық қолы жұмыс істеп жатыр, және сондай бір әділдік өлшемдерімен істеу
жасалуда, - бұлардан артық даналық пен әділдікті адамзат ақыл да ойлана
алмайды. Мәселен, адамның мың құралына тағылған сырлардан тек бір ғана
кішкене дән сияқты болған еске сақтау қабілетінде, өмірінің барша тарихы
мен оған қатысты болған сансыз оқиғаларды сол қабілеттің безінде, жазып
сөйтіп оны бір кітапхана түріне келтіріп, адамның қайта тірілуі кезіндегі
сұрақ – жауап үшін ашылатын амал дәптерінің бір кішкене кепілі ретінде-әр
адамның қолына беріп миының алдына қойған бір әзәлий даналық пен бүтін
жаратылыстардың өте нәзік таразыларымен ағзалары жерлестірілген, микроптан
мүйізтұмсыққа, шыбыннан самұрық құсына, бір гүлді өсімдіктен миллиярдтап,
триллиондап гүл ашатын көктем гүліне дейін ысырапсыз өлшемдермен жасалған
бір сәйкестік, бір тепе-теңдік, бір тәртіп пен сұлулық ішінде жаратылыс
атаулына әсем бір өнер етіп жасаған және әр бір тірі жәндіктің өмір ақысын
беріп жатқан; жақсылықтарға әсем нәтижелер, жамандықтарға нашар нәтижелер
бергізген және Адам ата заманынан бері азғын әрі залым қауымдарға ұрып
жатқан тоқпақтары арқылы өзін қатты сездіріп тұрған бір мәңгі әділдік,
әлбетте және еш күмән жоқ. Күн күндізсіз болмайтыны сияқты, бұл әзәлий
даналық пен әділет, өлім келген уақытта ең залымдар мен ең бейкүнә бір
тәрізде кетуінен кеп шығатын нәтижесіз бір қорқынышты нақақтыққа,
әділетсіздікке және надандыққа жол бермейді деп, осылайша біздің
сұрағымызға Хакийм, Хакәм, Ғадл, Ғадийл есімдері нақты түрде жауап береді.

Бүтін тірі мақұлықтар қолдары жетпейтін және күштерінің шеңберінде
емес болған барша қажеттерін, жаратылыстарымен талап етіп тұрған нәрселерін
бір түрлі дұға есебінде болған табиғий қабылеттері мен зәрулік қажет
тілдерімен сұраған уақыттарында, өте Мейрімді және естуші әрі жанашыр бір
қөрінбейтін қолдың тарапынан берілуіне, және ерікті түрде қылынып жатқан
адамдар дұғасының, әсіресе әулиелер мен Пайғамбарлар дұғасының оннан алты-
жетісі әдетке қарсы суретте қабыл болуынан нақты жағдайда белгілі болады ;
Әр дертілінің ахын, әр мұқтаждықтың дұғасын перде арқасында естіп, тыңдап
тұрған бір “ Естуші және Жауап Беруші ”бар ! Қарайды; ең кішкене бір
жәндіктің ең кішкене бір қажетін көреді, ең жасырын бір ахын естиді,
жанашырлық етіп іс жүзінде жауап береді, қуантады. Осындай екенін көріп
тұрмыз.
Олай болса, әлбетте, еш күмән жоқ, махлұқтардың ең құндысы болған
адамзаттың ең маңыздысы және жалпыға ортақ әрі бүтін әлем мен және Алланың
барша есім-сипаттарымен байланысты болған мәңгі ахиретке қатысты дұғаларын
ішіне алған, және адамзаттың күндері, жұлдыздары, қолбасшылары болған барша
пайғамбарларды арқасына алып, оларға дұғасына “Әмин“, “Әмин “ дегізген және
үмметіндегі әр бір діндар әр күні ең болмаса бірнеше рет оған салауат пен
айтуы арқылы оның дұғасына “Әмин”, “ Әмин” деген, және тіпті барша махлұқат
оның дұғасына қосылып “ Иә, ей Раббәна, оның сұрағынын бер, біз де оның
сұрағанын сұраймыз” деп жатқан Мұхаммед Алейhиссаләту Уәссәләм дұғасы
қабыл болмауы, жауапсыз қалуы еш мүмкін емес. Жоғарыда айтылған барша
шарттардың құшағында, ахиреттік бақи өмір мен мәңгі бақыт үшін, Мұхаммед
Аләйhиссаләту Уәссәләмның–хашрды (қайта тірілу) керек ететін сансыз көп
себептерді былай қойғанда – тек бір ғана дұғасы жәннаттың жаратылуына, және
құдіретіне көктемді жаратудай оңай болған ахиреттің жаратылуына жетерлік
бір себеп болады деп Муджиб, (керектерін, таң қалдырған) Самиғ, (естуші)
Раhийм есімдері біздің сұрағымызға жауап береді. Күндіз ашық бір суретте
күнді көрсететін сияқты анық бір тәрізде көрудеміз; жер жүзінде,
маусымдардың өзгеруі кезіндегі жалпы өлу мен тірілуде, перде арқасында бір
әсер етуші, сондай бір тәртіппенен алып жер шарын бір бақша, тіпті бір ағаш
сияқты етіп оп-оңай және тәртіпті тәрізде тірілтіп, ғаламат көктемді бір
гүл сияқты жеп–жеңіл және пішімді түрде сұлу етіп жандандырып; және жер
жүзі парағында қайта тірілудің үш жүз мың мысалы ретіндегі өсімдік пен
хайуанат тайпаларын кітап сияқты етіп жазып, барлығын бір уақытта, бірге,
бір-бірінің ішінде, шатастырмай, араласып жатса да араластырмай, бір–біріне
ұқсас болса да жаңылыспай, жаңылмай, қатесіз мүкәммел, тәртіпті мағналы
етіп жазған бір қаламы құдірет осы ұлықлығы ішінде шексіз бір мейрімділік
пен соңсыз бір даналық арқылы іс қылып жатыр. Бұлармен бірге, осы сияқты,
мына алып әлемді адамға бір үйі сияқты бағынышты етіп, сұлулап, төсегіндей
қып жайып, көтеруден тау, аспан және жер шегінген үлкен бір аманатты оған
беріп, осынысы арқылы оны өзге тіршілік иелерінен бір дәреже басшылық
мәртебесімен құрметтеп, және Өзінің Сүбhаний сөздері мен сұхбаттасыуына
дейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Исламның сенім негіздері
Дін
Қазіргі кездегі діндер және ислам дінінің пайдасы
Иман
Хадис пәнінің оқу-әдістемелік нұсқаулары
Исламның пайда болуы және сол төңіректегі нанымдар
Тафсир пәнінен лекциялар жинағы
Иман негіздері, Кітаптарға иман
Ислам дін негіздері, иманның шарттарына жалпы түсінік және ислам психологиясы
Иман туралы түсінік
Пәндер