Туристік рекреациялық ресурстар


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК - РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
1. 1 «Кендірлі» туристік зонасы . . . 5
1. 2 «Үстірт» қорығы . . . 6
1. 3 «Шақпақ - Ата» мешіті . . . 9
2 ТУРИСТІК РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
2. 1 Ландшафттарға экологиялық-экономикалық бағалау жүргізу . . . 12
2. 2 Топырақ ресурстарының жағдайы және бағалау әдістері . . . 15
2. 3 Орман ресурстарын бағалау әдістері . . . 32
3 МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫН ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДАНДАУ
3. 1 Геоэкологиялық аудандау түсінігі . . . 39
3. 2 Маңғыстау шөл провинциясы . . . 45
3. 3 Үстірт шөл провинциясы . . . 47
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 50
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 51
КІРІСПЕ
Маңғыстау - көне заманғы жер - Ұлы Жібек жолының үзігі, түбек кеңістігінде өзіндік бейнесі және қызықты тарихы бар көптеген құрылыстары мен ескерткіштері сақталған. Маңғыстаудағы ескерткіштердің жалпы саны (облыс аумағында олар 10 мың шамасында) Қазақстанның барлық ескерткіштерінің 3/1 бөлігін құрайды. Археологтармен көптеген көне заман ескерткіштері, тас дәуірі адамдарының тұрағы табылды. Соңғы жылдардағы неғұрлым қызықтыларының бірі - Маңғыстау ауданының Ақмыш жерінде орналасқан 10-13 ғасырдың ортағасырлық қалашығының орны - Қызылқала. Таулы бөлігінің табиғи үңгірлерінде ғалымдар ертедегі жерасты қабырлар мен храмдар, бүтін сәулет құрылыстарын, жерасты мешіттері: «Бекет-Ата», «Шопан-Ата», «Қараман-Ата», «Сұлтан-епе» және көптеген т. б. ашты. Бұл киелі орындарға бармаған және демалыстағы көне тасты қолмен ұстауды, Уақыт пен Мәңгіліктің таңғажайып демалысын сезуді армандамайтын адамды сирек кездестіреміз. Маңғыстауда сондай-ақ экологиялық туризмді дамытудың теңдесіз мүмкіндігі бар. Облыс көп бейнелі ландшафтарға: Қарақия ойпатына, Түйесу құмдарына, Құланды кемеріне, Тынымбай және Боқты шоқыларына, сазды тақырлар мен қардай ақ сорларға, Үстірт шоқыларының тік жартас кемерлері мен шошақ төбе үшкірлеріне бай. Шеркала тауынан қашық емес жерде ірі көлемді тас шарлар тасталған. Облыс аумағында табиғаттың сұлу кескіндеме бұрыштары - каньондар: «Тамшалы - көңілді тамшылар» - Форт-Шевченко қаласынан үш километр қашықтықта, «Саура» - Каспий теңізінің жағасында, «Ақмыш» - Қаратау тауында, «Сұлтан-епе-сай» - ескі Хивин жолы бойынша, «Жемсен-сай» - Қаратау шатқалдарында және т. б. бар.
Флора мен фаунаға бай және сан салалы, мұнда Қазақстандағы құстардың 450 түрінің 70% шамасында және аз қоректілердің - үштен бір бөлігі мекендейді. Аймақта өсетін жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлері Халықаралық Қызыл Кітап пен Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Өсімдіктер де алуан түрлі. Үстірт дөңінде әртүрлі тұзды қоспасы бар жусан өсімдіктері, жыраларда қарағандар мен жыңғылдардың қопалары кезедеседі. Баурайлар мен тегіс учаскелер жерлерінде баялыш қопалары бар қара сексеуілдер өседі. Маңғыстау өзінің қорықтарымен: Үстірт табиғи қорығымен, Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорғалатын аймағымен, Ақтау-Бозашы және Қарағия-Қаракөл қорықтарымен белгілі.
Ақтау қаласы - облыс орталығы, Каспий теңізін бойлай тартады, жағажайдың жұмсақ климатын пайдаланушылар көп.
Қалалықтар мен қонақтар кезкелген басқа біреудің теңізде демалуын жоғары бағалайды, яғни жағада қонақ үйлер, демалыс базалары, сауықтыру емдеу орталықтары, әдемі құмды жағажайы бар балалар лагері салынған. 2005 жылы жағада, жұмыс жасаған өте қысқа мерзімінде табиғатта белсенді демалған уақытындағы комфорт әуесқойларынан оң баға алған «Stigl» спорттық-сауықтыру демалыс орталығы іске қосылды. «Stigl» спорттық-сауықтыру демалыс орталығы оңаша тұрған мейрамханасы, дөңгелек бары, «люксі», «жартылайлюксі», «стандарт» сыныпты номерлері бар қонақ үйі, бірқатар жазғы үйшіктер орналасқан. Жабық спорт кешенінде ересектерге арналған бассейн және балаларға арналған жылытуы бар бассейн, әдемі жабдықталған тренажер залы, сауна, массаж бөлмесі, косметика кабинеті жұмыс жасайды.
Облыс орталығы Ақтау қаласында екі яхта клубы жұмыс жасайды. Бұл желкенді спорт жөніндегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен ересек санаттағыларға араналған «Бриз» яхта-клубы. Клубтарда 20 яхта паркі бар, яғни толық көлемде, негізінен жазғы кезеңде алады. Жаңаөзен қаласы ауданындағы, Фетисов шығанағы ауданындағы теңіз жағасында «Кендірлі» демалыс базасы орналасқан, жазғы демалыста оған барлық елден туристер келеді, объектінің деңгейі мен комфорты әлемдік стандартқа сәйкес келеді. Бұл ауданда жақын кезеңде республикалық балалардың сауықтыру лагері құрылысын салу жоспарлануда.
Облыс орталығында тарихи-өлке тану мұражайы жұмыс жасайды, коллекциясында 50 мыңнан астам экспонаттар, неғұрлым қызықтылары экспозиция ретінде қойылған. Мұражай аймақтың тарихи-мәдени мұраларымен таныстырады. Этнография залы қызықты, онда экспозиция-ларда 20 ғасырдың басына дейінгі аймақ халқының тұрмысы мен негізгі жұмыспен қамтылуы көрініс тапқан. Өзіндік қолданбалы өнер, қолөнер-шілердің ұлттық бұйымдары, ағаштан, сүйек пен тастан жасалған шеберлер-дің бұрама өнерлерінің үлгілері қойылған.
Ақтау қаласында туристерді қабылдауға дайын, әртүрлі деңгейдегі 17 мейманхана бар. 2005 жылдың қазанында халықаралық стандарт деңгейіне сәйкес келетін қызметтің барлық спектрін қарастыратын «Renaissance Aktau Hotel» жаңа бес жұлдызды қонақ үй кешені пайдалануға берілді.
Осының бәрі Маңғыстау облысында туристік кластердің дамуына ықпалын тигізеді. Осы жұмыстың мақсаты: Маңғыстау облысының туристік мүмкіншіліктерін нақты айқындап, болашақ даму стратегиясын құруға көмектесу.
1 МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК - РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
1. 1 «Кендірлі» туристік зонасы
Маңғыстау облысында туристік кластерді дамыту бағдарламасы бойынша «Кендірлі» туристік демалыс зонасын құру жобасы іске асырылуда. Әкім кеңесшісі Роза Асанбаеваның айтуы бойынша, 2005 жылы «IPK International» халықаралық консалтингтік компаниясы және Өнеркәсіп және Сауда Министрлігі бірігіп облыс бойынша туристік кластері дамыту мүмкіншілігіне зерттеу жүргізген. Және де бір қорытындыға келді: Маңғыстау облысының туристік мүмкіншілігі - бұл өңделмеген алмаз, егер де бұны дұрыс өңдесе, ол халықаралық туризм жұлдызына айналады.
Еуропадағы өткізілген сұраныс (5 мемлекеттің 3000 тұрғыны) көрсеткендей, сұрастырылған адамдардың 60-63 пайызы Қазақстанның табиғатына, 45 пайызы далалық сафариге қызығушылық білдірді. Сонымен қатар шетел туристтеріне Каспий теңізінің жағалаулары да өте аттрактивті көрінеді.
Суға түсіп, күннің астында жатам дейтіндерге біздер таң қаларлықтай жер таптық - Кендірлі. Бұл жерде суға түсетін маусым жарты жылға дейін болады. Айналаға бір километр жерде - шөл, жартастар және құм. Тек сол жерде ғана оазис секілді жер бар. Сол жерде біздер «Кендірлі» туристік зонаны салуды көздеп отырмыз - іскерлік орталығы бар, жағалаулық және теңіз ғимараттары бар, және оған қатынайтын бөлімдері бар туристік қала. Оның жобасын құрастыруды, тәжірибесі бар «Medi» және «Akkanat Holding» компанияларына бұйырдық. Басты жобада көрсетілгендей, бастапқы туристік зонаның территориясы 530 гектар, кейін кеңейтілуге 795 гектар жер бөлінген. Басты жоба бойынша «Кендірлі» Актау және Жаңа Өзен қалаларымен тас жол және темір жолдары арқылы байланысады. Сонымен қатар халықаралық әуежай, теміржол вокзалы, автобус станциясы және тікұшақтарға арналған әуежай салыну көзделіп отыр.
Бастапқы деңгейде, іскерлік қаланың тұрғындар саны жиырма мың адам болса, кейін кеңейтілгенде елу мың адамға дейін жетеді. Жергілікті басқарма, емхана, жеке қауіпсіздік бөлімдері, өрт сөндіру бөлімдері, техникалық қамтамасыз ету орталықтары, жанармай құю станциялары және пошта бөлімшелері салынады. Балалар үшін балабақшалар және ясли салынады. Жергілікті тұрғындар және келген қонақтардың ыңғайы үшін банк және ақша айырбастау орындары қызмет көрсетеді. Сауда орталықтары, дүкендер және әлемдік фирмаларың бутиктері қала тұрғындары үшін әр түрлі тауар түрлерін ұсынады. Сонымен қатар мұражайлар, парктер салынады. «Рухани келісім бақшасы» деген діни орталықтың салынуы жобаланып отыр. Сол жерде әр түрлі дін өкілдері өздерінің мешіттерін не шіркеулерін сала алады.
Курорттық зонада халықаралық стандартқа сай келетін емдік орталықтар, жүзу бассейні, теннис корттары, спорттық алаңдар, гольф алаңдары орналасады. Қысқы мерзімде курорттық зона бос тұрмас үшін, балалар мен ересектерге арналған Диснейлэнд секілді үлкен ойын-сауықтыру кешені тұрғызылады. Ойын - сауықтыру кешені 1250 гектар жерді алады. Осына мәдени орталықтар, конгресс залдары, көрме үйі, клубтық және көп функционалды бөлмелер, спорттық кешендер, және «Формула - 1» авто жарыстардың трассалары секілді трасса салынады.
«Кендірлі» туристік зонада жоғары деңгейде қызмет көрсетуді ұйымдастыра отырып, біздер халықаралық деңгейде туризм, көңіл көтеру және спортта аты шыққан фирмалары тартуды көздеп отырмыз.
Жағалау 5 шақырым бойында алты туристік - көңіл көтеру кешендерімен бірігіп тұрады. Туристтерге 5 жұлызды, 4 жлдызды және 3 жұлдызды қонақ үйлер қызмет көрсетеді. Туристік зонаның солтүстігінде ұзындығы 220 метрге тең жоғары комфортты және әдемі қонақ үй салынады. Сонымен қатар, «Александрийский маяк» деген атпен 500 орынға арналған 150 метрлік қонақ үй салынады. Ол өзінің ішкі келбетімен ғана емес сыртқы келбетімен де көз тартарлық. Ең жоғарғы бетінде 4 қыздың мүсіні бар, олар жылдың 4 мезгілін білдіреді және олардың беті күнге қарап тұрады. Ал маяк үстінде бүркіт мүсіні орналасады. Курорттық қонақ үйлермен жағалау арасында жеке меншік үлкен үйлер орналасады, олар жасанды жасалған су каналдарының бойында өздерінің қайық тұратын орындарымен болады. Туристік зонаның оңтүстік бөлігінде жасанды арал салынады. Ол құрлықпен көпір арқылы байланысып, арал ішінде президенттік вилла және тікұшақтарға арналған әуежай орналасады. Ал, солтүстігінде қайықтарға (яхта) арналған орын болады, ол бастапқыда 500 қайық сыйдырады, ал кейін 1000 қайық сыйдырады.
Туристік зонаның шығыс бөлігінде табиғи парк салынады, онда атпен жүруге арналған жол, зоопарк және зоопарк-сафари орналасады. Осы бөлігінде өндірістік зона орналасады, автокөліктерді жөндеу орталықтары, шеберханалар, орта және шағын бизнес зонасы болады.
Осы жобаны іске асыруда, 60 мың жұмыс орны пайда болады. Ішкі жалпы пайда көрсеткіші 600 млн АҚШ долларына тең болады. Қазіргі таңда жүзге жуық шетел инвесторлары қызығушылығын білдіріп отыр. Осы туристік зонаны дамыту үшін 2, 3 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция қажет, оның ішінде 600 млн АҚШ доллары мемлекеттік бюджеттен шығарылады.
1. 2 «Үстірт» қорығы
Үстірт қорығы - Қазақстанның батыс өңіріндегі жалғыз қорық. 1984 жылы ұйымдастырылған қорықтың негізгі мақсаты - шөлейт өңірдің табиғат дүниесін табиғи күйінде сақтап қалу. Үстірт қорығының басқа қорықтардан бір ерекшелігі, мұнда табиғи ландшафтың алуан түрі кездеседі. Үстірт жонының ең қиыр оңтүстігі тақтайдай тегіс қыр бірден бітіп, шың-құзға айналады. Құз етегі ұшы-қиырына көз жетпейтін, тіршілік белгісі жоқ Кендірлі сорына ұласады. Оңтүстіктен солтүстікке қарай созыла жайғасқан сордың батыс жиегін бойлай құмдар мен тақырлы-тегістіктер кезектесе орналасқан. Шың басынан зер сала қараған адамға осы жал-жал құмдар мен көкшіл- сұр сор ішек-қарыны ақтарылып жатқан түйе малына ұқсайды. Табиғатпен етене араласып, қыр- сырын толық меңгерген аталарымыз да, бұл аймақты Қарынжарық ойы, Қарынжарық құмы деп атаған.
Қорық солтүстігінде Қараған Босаға тау аңғарларынан басталады. Үстірт жонына шығар басты асулардың бірі, Ұлы Жібек жолының ескі сүрлемі- Сенек- Қоңырат жолы, қорықтың табиғи шекарасы іспетті. Қараған Босаға тауына кіре берісте, ерекше жаралған домалақ төбе басында, Адайдың ХІХ ғасырдың орта тұсында ерлігімен көзге түскен батырлары Балуанияз бен Тұрмамбет жерленген.
Сенек - Қоңырат жолынан оңтүстікке қарай, солтүстік беткейі жатағандау, оңтүстік беткейі тік құлама шың болып келетін Мәмек таулары батыстан шығысқа созыла орналасқан. Мәмек таулары қарақұйрық пен арқардың негізгі жайылымы, мекені. Шың басына орналастырылған тарихи ескерткіштердің бір парасы-арандар, бұл маңайда аңшылық өнерінің дамығандығын көрсетеді. Арандар-дала тұрғындарының географиялық, геометриялық және биологиялық білімдерінің нәтижесі. Бұл өз алдына зерттеуді қажет ететін құпиясы мол, жеке тақырып.
Мәмек таулары шығысында оңтүстікке қарай иіле жалғасқан Көкесем шатқалдарына ұласады. Көкесем - қорық аумағындағы жер бедері, табиғаты жөнінен ерекше жаратылған аумақ. Қорық аумағындағы тауларда негізінен бор дәуірінің тау жыныстары басым болып келеді, ал Көкесем шатқалдарының негізгі тау жыныстары дәуірінің геологиялық құрылымынан түзілген. Топырақ жамылғысы қызғылт-жасыл түсті саз.
Көкесем - қорық аумағындағы бірден-бір тұщы сулы өңір. Тау үстіндегі құдық адам баласының нәпақасы болса, етектегі тамшы бұлақ - осы маңайдағы жан - жануарлардың тіршілік көзі.
Қорықтағы табиғи ескерткіштердің бірі - Қарамая тау жоталары. Болжамда жасы жетпіс миллион жылдан асатын, мұхит түбіндегі вулкандық қозғалыстардың жерінен пайда болған тау жоталарының көркемдігіне көз тойғысыз. Шығыстан батысқа созыла орналасқан тау-түсі мен тұрпатына байланысты Қарамая деп аталады. Шығыстан солтүстігіне орай батыс беткейіне дейін сазды, оңтүстігі Кендірлі сорымен шектесіп жатқан тау жоталары Үстірт арқарының негізгі тұрақ - мекені.
Көкесемнен оңтүстікке қарай, сордың шығыс бетін қоршай орналасқан биік кереге шыңдар- Кендірлі, Елшібек таулары деп аталады. Кендірлі тау алқабы - оазистік мекен. Мұндағы бұлақтардың ірілері Кендірлі бұлағы және кіші Кендірлі көзі. Мұнан басқа тау етегінде әр түрлі ызалар, жылымшылап ағатын су көздері кездеседі.
Елшібек шыңдарының тау аңғарлары арасында Сарыбұлақ бұлағы, Қансу су көзі- өз алдына зерттеуді қажет ететін нысандар. Үстірт шыңдары оңтүстікке қарай аласарып барып, қорық аумағындағы ірі су көзі - Өнере бұлағына тіреледі.
Өсімдіктері. Жер бедері мен топырағының әртүрлі болуына байланысты, қорықтың өсімдіктер дүниесі де сан-алуан болып келген. Қорық аумағында 43 тұқымдас, 163 туыстан тұратын өсімдіктердің 263 түрі кездеседі. Олардың 5 түрі қызыл кітапқа енген (кәдімгі жұмсақ жеміс, майда қатыран, берік сүттіген, хиуа сораңы, бор рияңы) .
Қорықта өсетін өсімдіктердің ішінде - сәндік, дәрілік, тағамдық, бояу беретін, жемшөптер және улы шөптер кездеседі. Дәрілік өсімдіктерден: жантақ, қылша, ақтікен, ақ, қара жусандар, изен, мия, адыраспан, татар рауғашы, киікоты кездеседі. Киік оты өзінің әдемі иісімен және емдік қасиетімен өте құнды болып есептеледі. Қорық жерінде өсетін сәндік өсімдіктер- қызғалдақтар, сарғалдақтар және қойжелкектер гүлдеген кезде, қорық табиғаты жайнай түседі.
Жануарлары. Үстірт қорығы аумағында жануарлардан: сүт қоректілердің 29 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 15 түрі, қосмекенділердің 1 түрі, омыртқасыздардың 300-ге жуық түрі және құстардың 110-ға жуық түрі кездеседі.
Қорық аумағында өте сирек кездесетін, саны азайып бара жатқандықтан қорғауға алынып, «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарлардың 8 түрі: арқар, қарақұйрық, қарақұлақ, мәлін, шағыл мысығы, итаю, шұбар күзен, ақбауыр жарқанат, ал құстардың 10 түрі - бүркіт, үкі, ителгі, жұртшы, дала қыраны, жорға дуадақ, қарабауыр бұлдырық, қарабай, жыланжегіш қыран, лашын, ал бауырымен жорғалаушылардың 1 түрі: төрт жолақты қара шұбар жылан бар. Үстірт қорығының ұйымдастырылуына негізгі себепші болған, Оңтүстік-Батыс Үстірттің эндемигі - Үстірт арқарының Маңғыстауда жойылып кету қаупі бар еді. Бүгінгі күні Үстірт қорығының аумағында 2 мыңға жуық Үстірт арқары кездеседі.
Қызыл кітапқа енген, қорық аумағында мекендейтін қарақұйрықтар - 250 бас шамасында. Мысықтар тұқымдасы, жыртқыштар отрядына жататын қарақұлақ, сабаншы, шағыл мысығы қорықтың Қарынжарық құмында кездеседі. Сүтқоректілер класы, сусарлар тұқымдасына жататын итаю (31 бас), Қазақстанда тек қана Маңғыстау жерінде бар.
Табиғи-тарихи ескерткіштері. Қорық аумағында табиғи-тарихи ескерткіштер де кездеседі. Географиялық орналасуына, геологиялық құрылымына қарай ерекше жаратылған Қарамая тауы мен Көкесем шатқалдары - басқа еш жерде қайталанбайтын құбылыстар. Көкесем шатқалдары-қорық аумағындағы тұщы су көздері бар, табиғаты әсем, ерекше түзілімді мекен атауы. Үстірт жонының батысқа еңкіштей құлаған, қатты тілімденген шатқал сайлары - тау табиғатын ажарландырып тұр. Шың етегінде Көкесем тұщы сулы бұлағы және шың басында Көкесем құдығы бар. Суының дәмділігіне байланысты «Ойда Талақ, қырда Көкесем» деп айтылатын және осыған байланысты шыққан аңыз ауыз екі тілде ұмытылмай келеді. Тарихи ескерткіштерден - Балуанияз, Көкесем қорымы және әлі зерттелмеген Табан Ата деп аталып жүрген ескі қорым тіркелген. Балуанияз - ХІХғ. Маңғыстау адайлары мен түрікмен тайпалары, Хиуалықтар арасындағы соғыстарда ерекше көзге түскен, Балықшы руынан батыр атағын алған тұлға. Ескі атаулары Қалмақ үйген, Қараоба (Қалмақ үйген қараоба болуы да мүмкін) деп аталатын төбенің басына жерленген. Қазір бұл төбе батыр атымен аталады.
Қарамая. Үстірт қорығының солтүстігінде, сор мен шыңның арасында орналасқан, бөлек, ерек-ше жаратылған тау жоталары. Зерттеушілердің пікірінше, ежелгі мұхит түбіндегі вулкандық жарылыстардың әсерінен түзілген. Тау жыныстары мен топырақ жамылғысының айналасынан өзгешелігі - бұл пікірді растай түседі. Геологиялық жасы жетпіс миллион жылды қамтитын таудың топырақ түзілімі- қара қоңыр түсті, жұмсақ, сынғыш тастардан құралған. Бұлар өте ұқыпты, әдемі етіп жинақталып, текшеленіп орналаласқан. Жоталардың шығыс беткейінде көмір ұнтақтары кездеседі. Өсімдік жамылғысы жұтаң, тырбық, шашырай орналасқан шөлдің шөптесін өсімдіктері. Тау жоталарының етегін жағалай ыза-бұлақтар ағып жатыр. Үстірт жабайы қойы - арқар, осы тауды негізгі мекен етіп, орныққан. Құстардан бүркіт, жұртшы және т. б. ұсақ торғайлар кездеседі. Тау жоталары алыстан мұнартып, сағымданып өте әдемі көрініс береді. Тау ішіне кірсең, небір ғажайып пішіндер мен құпиялардан басың айналады. Өнере - Маңғыстаудың оңтүстік-шығысында, оңтүстіктен солтүстікке қарай ағып жатқан, ұзындығы 7, 5-8 шақырымдай бұлақ атауы. «Өнере» атауы түрікмен тілінде «өскен, көбейген» деген мағынаны береді. Өнере бұлағының негізгі қорегі - жер асты суы. Су арнасының кеңдігі 1-1, 5 м, тереңдігі 0, 8-1 м. Өзен алабының кеңдігі 8-10 м. Суы ащы, мөлдір. Суда балық немесе басқалай ірі тіршілік иелері байқалмаған. Ұсақ су жәндіктері көптеп кездеседі. Жағасында қамыс, қоға-ши, жыңғыл сарсазан, сораң түрлері, кермек өседі. Топырағы сазды-карбоналды, тастақ. Топырақ құрамындағы минерал-тұздар кристалданып, слюда қабыршақтарын құраған. Өсімдік жамылғысы сирек, шашыранды орналасқан. Бұйырғын, сораң шөптер қырға қарай біртіндеп сораңды - жусанды далаға айнала бастайды. Жануарлары - қарақұйрық, қасқыр, түлкі және осы маңайда «Қызыл кітапқа» тіркелген ерекше аң - итаю кездеседі.
1. 3 «Шақпақ - Ата» мешіті
Маңғыстау мен Үстiрттiң өзiнде ғана халқы табынып, қадiр тұтқан сондай 363 әулие - аталар болғандығын ғалымдар есептеп шығарды. Аңыздың айтуынша олар Қожа Ахмет Яссауидiң шәкiрттерi болған көрiнедi, ұстаздары дүние салғаннан кейiн оның ғибратын тарату үшiн олар осы өңiрге арнайы келген секiлдi.
Солардың бiрi - атына заты сай ғұлама қария Шақпақ ата болыпты. Ол бiрде ауылдың жанынан өтiп бара жатып, ер адамның жас әйелдi сабап жатқанын көредi. Жөн сұраса әйелдiң жазығы бала көтермейтiн бедеулiгi екен. Ақсақал арашаға түскеннен кейiн, әйелдiң ерi үнсiз терiс айналып жүре берiптi. Ал, барар жер, басар тауы қалмаған бейшара әйел көз жасын төгiп, қарияға алғысын жаудырып, амалы жоқтан ақсақалдың соңынан iлеседi. Олар ұзақ жүрiптi, ақыр соңында, тiптi жыртқыш аңдардың өзi жанына жоламайтын, жан баспаған құла түзге келiп тоқтайды….
Содан бастап бұл өлкеде небiр ғажайыптар пайда бола болады… Өмiрi нәр татпаған құба шөлден бұлақ көзi ашылады… Бұлт үйрiлiп, жиi-жиi жаңбыр жауады, сай-саладан сылдыраған бұлақ ағады, жер көктеп, айнала бау-бақшаға толады, емiн-еркiн жайылып семiрген қисапсыз мал көбейедi. Ал, әлгi сорлы әйел бағы жанып перзенттi болады…
Зираттар өте көне болып шықты. Кейбiр ескi қорымдардың өзi мың жылдық, тiптi, одан да әрi болуы мүмкiн, және ХХ ғасырдың өзiне дейi қастерлi адамдардың көбi осы мекеннен қоныс тапқан…Мұнда жерленген аруақтардың көбi бiр-бiрiмен туыстас, қандас адамдар. Оны рулық таңбалардан көруге болады. Олар және тас бетiнде айқын бейнеленген: адай, тама, шеркеш, табын…
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz