Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы көрнекі - құралдар
І. Кіріспе бөлім
А) Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда көрнекі . құралдардың маңызы.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда көрнекі . құралдардың орны
А) Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы көрнекі . құралдардың тәрбиелік ықпалы.
Б) Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда көрнекі . құралдардың әр жас топтарында қолданылу ерекшеліктері.
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда көрнекі . құралдарға қойылатын негізгі талаптар.
3. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда көрнекі . құралдардың қажеттілігі.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Өз тәжірибемнен.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының болашаққа иегер ұрпақтарын тәрбиелеу және білім беру мідеттері мемлекеттік құжаттарда: Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясында: «Тіл туралы», «Білім туралы» Заңдарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарытында - ҚРМЖМБС нақтылай атап көрсетілген. ҚРМЖМБС тың 103. МЖБ базалық минимумына бала дамуының мынадай бағыттары енгізілуі керек. Олар:
тілді дамыту, көркем әдебиетпен танысу, ойындар және сауат ашу мен жазу негіздері бойынша, сөйлеудің дыбыстық мәдениетін, сөздік қор мен сөз құрастыруды қалыптастыру т.б.
107. МЖБ мыналарды ескеру керек деген:
танымдық іс-әрекеттің негізі ретінде білуге құштарлықты дамытуды;
шығармашылық қиялды қалыптастыруды;
коомуникативтік дамытуды әрі қарай балалардың психологиялық, физиологиялық жағынан даму ерекшелігін, жеке-дара даму деңгейін денсаулығын т.б. сақтау міндеттері бас-басына сараланып көрсетілген.
Жаңа заманға жаңа тұлғаны қалыптастыру туралы осы міндеттерді жауапкершілікпен іске асыру -отбасы, балабақша, мектеп бүкіл жұртшылықтың міндеті. бұл міндеттерді жүзеге асырудың алғы шарттары ретінде жаңа бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер жасалды.
Ата-бабадан бүгінге жеткен тарихи-мәдени мұраларды баланың жас кезінен жанына сезіндірсе, ойына орнықтыра, туған елінің, өскен өлкесінің тарихи мұраларына көзін жеткізіп, ел байлығын көзінің қарашығындай сақтай білуге үйрету бүгінгі ұрпақ тәрбиесіндегі ең басты міндеттердің бірінен саналады.
Аталған міндеттерді жүзеге асыру құралдарының бірі - «Мәдени мұра Мемлекеттік бағдарламасы» екені сөзсіз. бағдарламаның жобасын талқылауға арналған Ұлттық кеңес мәжілісінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Мәдени Мұра» Мемлекеттік бағдарлама болуы тиіс дей келіп, «Мәдени Мұрадағы» үшінші бағыт ұлттық әдебиетіміз бен өнеріміздің бай мұрасын зерттеп жүйелеу қажет. «біз бәріміз де бала кезімізде халық ауыз әдебиетінің баға жеткісіз бай мұрасымен сусындап өскен. Қазақ ертегілерін, батырлар жырын оқымаған қазақ баласы жоқ шығар деп есептеймін »-деп, өз ойын әрі қарай жалғастырып, бұл мәселені мектепке дейінгі кезден бастау керектігін айрықша атап өтті. Ел Презмдентінің «Мәдени Мұра» бағдарламасы туралы айтқан ой-түйіні мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мәселесінде мұхият басшылыққа алынуға тиісті.

1. В.М. Бородич, «Методика развития речи» М, 1972.
2. А.Б. Федоренко, В.К.Лотарев, «Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы». Аламты 1982.
3. Балалар бақшасында оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы. лматы 1995
4. Б.Баймұратова «Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту». Алматы 1995
5. В.В. Гербова Загятия по развитию речи в средней грунне детского сада. М. Просвещение. 1978
6. В.В. Гербова Занятие по развитию речи в первой младшей группе детского сада . М. Просвещение 1979
7. Е.И. Тихеева. Развитие речи детей 5-ей изд. М., Просвещание 1981.

Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
А) Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда көрнекі -
құралдардың маңызы.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда көрнекі -
құралдардың орны
А) Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы көрнекі -
құралдардың тәрбиелік ықпалы.
Б) Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда көрнекі -
құралдардың әр жас топтарында қолданылу ерекшеліктері.
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда көрнекі -
құралдарға қойылатын негізгі талаптар.
3. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда көрнекі - құралдардың
қажеттілігі.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Өз тәжірибемнен.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының болашаққа иегер ұрпақтарын
тәрбиелеу және білім беру мідеттері мемлекеттік құжаттарда: Қазақстан
Республикасының тұңғыш Конституциясында: Тіл туралы, Білім туралы
Заңдарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы міндетті білім
беру стандарытында - ҚРМЖМБС нақтылай атап көрсетілген. ҚРМЖМБС тың 103.
МЖБ базалық минимумына бала дамуының мынадай бағыттары енгізілуі
керек. Олар:
– тілді дамыту, көркем әдебиетпен танысу, ойындар және сауат ашу мен
жазу негіздері бойынша, сөйлеудің дыбыстық мәдениетін, сөздік қор мен
сөз құрастыруды қалыптастыру т.б.
107. МЖБ мыналарды ескеру керек деген:
– танымдық іс-әрекеттің негізі ретінде білуге құштарлықты дамытуды;
– шығармашылық қиялды қалыптастыруды;
– коомуникативтік дамытуды әрі қарай балалардың психологиялық,
физиологиялық жағынан даму ерекшелігін, жеке-дара даму деңгейін
денсаулығын т.б. сақтау міндеттері бас-басына сараланып көрсетілген.
Жаңа заманға жаңа тұлғаны қалыптастыру туралы осы міндеттерді
жауапкершілікпен іске асыру -отбасы, балабақша, мектеп бүкіл жұртшылықтың
міндеті. бұл міндеттерді жүзеге асырудың алғы шарттары ретінде жаңа
бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер жасалды.
Ата-бабадан бүгінге жеткен тарихи-мәдени мұраларды баланың жас
кезінен жанына сезіндірсе, ойына орнықтыра, туған елінің, өскен өлкесінің
тарихи мұраларына көзін жеткізіп, ел байлығын көзінің қарашығындай сақтай
білуге үйрету бүгінгі ұрпақ тәрбиесіндегі ең басты міндеттердің бірінен
саналады.
Аталған міндеттерді жүзеге асыру құралдарының бірі - Мәдени мұра
Мемлекеттік бағдарламасы екені сөзсіз. бағдарламаның жобасын талқылауға
арналған Ұлттық кеңес мәжілісінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев Мәдени Мұра
Мемлекеттік бағдарлама болуы тиіс дей келіп, Мәдени Мұрадағы үшінші
бағыт ұлттық әдебиетіміз бен өнеріміздің бай мұрасын зерттеп жүйелеу қажет.
біз бәріміз де бала кезімізде халық ауыз әдебиетінің баға жеткісіз бай
мұрасымен сусындап өскен. Қазақ ертегілерін, батырлар жырын оқымаған қазақ
баласы жоқ шығар деп есептеймін -деп, өз ойын әрі қарай жалғастырып, бұл
мәселені мектепке дейінгі кезден бастау керектігін айрықша атап өтті. Ел
Презмдентінің Мәдени Мұра бағдарламасы туралы айтқан ой-түйіні мектепке
дейінгі оқыту және тәрбиелеу мәселесінде мұхият басшылыққа алынуға тиісті.
5-6 жасарды мектепке дайындау проблемасын- педагогикалық
психологиялық, лингводидактикалық жағынан жан-жақты зерттеген ғалымдардың
(Л.С. Выготский, Л.И. Каплан, Ж.Е. Кондакчян, Н.Н. Поддъяков, Н. И. Кузина,
Ф.А. Сохин) пайымдауынша бала тілінің мерзімді дамуы оның психикалық ақыл-
ой, ес, зейін, қабілет т.б. процестерінің жетілуіне, өзбетіндік дербес іс-
әрекетінің қалыптасуына тікелей әсер ететінін, отбас, балабақшада, мектепте
тәрбие жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда балада білуге, білім алуға
құштарлық пайда болатынын оқуға, білім алуға потенциалдық мүмкіндіктері
жеткілікті мөлшерде екендігін дәлелдеген.
Аталған зерттеуде көрнекті психолог, педагог ғалымдардың айрықша
көңіл аударған мәселелері баланың ой-өрісін, тілін дамытуды қоғам,
табиғат өмірін бақылау мен сабақтас (кешенді) қарастыру. Сөйлеуге
үйретуде баланың психикалық (сөйлеу, қабылдау, зейін т.б.) әрекетін
ескеру, тәрбиелеу ісінің тіл дамытумен біртұтас, үзіліссіз жүргізілуі,
баланың айналадағы адамдармен, балалар ұжымындағы іс-әрекет барысында
сөзбе-сөз қарым-қатынас жасау деңгейі, тәрбиелеу және ақыл-ой, тіл дамыту
мазмұнын жақсартудың тиімді әдістері анықталған.
Зерттеу нәтижелері 5-6 (7) жасарлардың жан-жақты дамыту, жаңа
тұлғаны қалыптастыру, оқыту және тәрбиелеудің мақсаты-баланы болашақ оқу
ісіне дайындау, бағдарлама негізінде жүйелі білім беру, білім беру
үрдісінде баланы мектепке дайындаудың психологиялық, педагогикалық
мәселелері мұхият ескерілуі тиіс екені көрсетілген.
Олар: 1. Баланың психологиялық процестерін (ес, зейін, қабылдау,
ойлау, сөйлеут.б.) дамыту, олардың өмірге, айналадағы түрлі іс-әрекетке
қызығушылығын арттыру, қоғамдық еңбек дағдыларын меңгеру.
2.Педагогикалық жағынан оқыту, тәрбиелеу, білім беру (ақыл-ой, эстетикалық,
дене, адамгершілік еңбек т.б. ) баланың білуге құштарлық дағдыларын
жетілдіру.
3. Сауаттандыру жұмысын МЖБ Тіл туралы заңның талаптарына сай жүргізу.
Әріп пен дыбысты таныту, әріп, дыбыс туралы ұғымды сапалы меңгерту,
ажыратып айта білуге үйрету , өздігінен оқи білу, жазуға, шағын сөйлем
құрап айтуға үйрету. Оқылған әңгіме, ертегі, өлең мазмұнын түсініп
әңгімелесу.
Бұл туралы атақты психолог Л.В. Выготский өзінің психологиялық
еңбектерінде 5-6 жасар баланың ойлау, сөйлеу ерекшеліктеріне тоқтала келе,
бұл жастағы балалардың көркем образды ойлау қабілеттілігі дамып
қалыптаса бастайды. олар жеке заттарды танып түсінумен қатар сол заттарды
жіктеп, топтап айта білуге, олардың қайда, неден жасалатынын, кімдер
жасайтынын, қалай пайда болатынын білуге, түсінуге құштарлық танытады.
Дене түзілісі жетіліп бойының өсуі жедел дамиды. Осыған орай өзін
тануы, дербес іс-әрекет жасауға құштарлық қалыптасады. Сондықтан
балаларға адам қоғамы, табиғат, өнер туралы мағлұматтар мектепке дейін
-ақ берілуі керек. Осындай мағлұматтарды ертерек меңгерту баланың дүние
танымын, түйсіну, сезім қабілеттерін қалыптастыруға, сөз қорын, тілін
дамытуға, мектептегі оқу ісіне дайындауға негіз болады. Сол себептен де
балабақшадағы оқыту жұмыстары баланың сәбилік шағынан басталуға тиісті.
Себебі оның тіл үйрету, сөйлеу процесінің жедел дамуы үш жасқа дейінгі
мерзімде өтеді. оқыту және тәрбиелеу жұмысы дәл осы шақты қамтығанда ғана
нәтижелі болады. Мұның өзі 5-6 жасар баланың жан-жақты даму сатысының сан
өзгерісінен сапа өзгеісіне өтуіне, баланың көркем образды ойлау
қабілеттілігінің жетілуін, оларды жеке заттарды біліп қана қоймай, жіктеп,
топтап айта білуге үйретіп білімге ынталыққа , оқу ісіне қызығушылыққа
баулып, мектепке дайындауға негіз болатынын айта келіп, балаларды
мектепке оқытуды мерзімінде жүзеге асыру қажет деп көрсеткен.
Ұлы педагог К.Д. Ушинский балаларды мектепке даярлау дегеніміз- оның
өзіне айтылған сөзге, оқылған шығармаға, бақыланған затқа зейін қоя білуі,
өз ойын толық сөйлем құрап айтуы. Айналадағы өмірді, табиғат құбылыстарын
бағдарлап түсінуі, бір-біріне жәрдемдесуі, коллективтік еңбек түріне
бейімделуі, жолдастық, достыққа әдеттенуі деп көрсеткен.
Әйгілі психолог, педагог ғалымдар дәлелдегендей баланы мектепалды
дайындау мәселелері осы заманғы мемлекеттік құжаттармен үйлесімді іске
асырылуына, болашақ ұрпақ тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарау қажет.
5-6 жасарлардың мектепке дайындау, бескүндік оқу аптасымен оқыту, 6
жастан оқыту мазмұнын анықтау мәселелері бұрынғы кеңес үкіметі кезінде
жүргізілген психологиялық ( В.В. Давыдов, Д.Б. Запорожец, П.Я. Гальперин,
Н.А. Менчинская), педагогикалық (А.П. Усова, А. И. Воскресенская, С.П.
Редозубов т.б.) комплексті-кешенді оқыту туралы (М.П. Пышкало, Ш.А.
Амонашвили) т.б. көрнекті ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде баланы 6
жастан бірінші сыныпта оқыту мүмкіндіктері анықталып, ғылыми оқу-
әдістемелік еңбектер басылып шыққан болатын.
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша арнайы өтілген зерттеу
жұмыстарының нәтижесі -балабақшада тәрбиеленіп мектепке келген балалармен
салыстырғанда мектепалды топтарға, мектепалды сыныпқа отбасынан келген
балалардың білім деңгейінде айтарлықтай айырмашылық болатыны анықталды.
Осы эксперимент қорытындысы бойынша даярлық топтармен мектепалды
сыныптар үшін жаңа бағдарламалар оқулықтар, оқу-әдістемелік кешені,
дидактикалық, үлестірмелі материалдар жасалып, баспадан шығарылған болатын.
аталған оқу әдістемелік кешені балабақша, мектеп тәжірибесіне енгізіліп,
ұзтаздармен ата-аналар қауымына басшылық көмек көрсетілгені жұртшылыққа
аян. Сондықтан өткен озық тәжірибелерін ескеру, жаңамен ұштастыра пайдалану
тиімді болмақ.
Мектепалды балалар мектептегі оқу ісіне, ой еңбегіне
дайындалатындықтан оларды оқыту-тәрбиелеу барысында классикалық және осы
заманғы педагогикалық-дидактикалық принциптер басшылыққа алынады.
Бұл сыныптарда тіл дамытуда жеке сөздерді үйрету, сөз қорын молайту
жұмыстары барлық оқыту және тәрбиелеу ісімен сабақтас, кешенді өтіледі.
Жаңадан меңгертілген сөздердің мәнісін түсініп айтуға, сөздерді
жекеше-көпше септеп, жіктеп, тәуелдеп айта білуге, антоним, синоним,
бейнелі сөздерді ажырата, қолдана білуге үйретуге баса көңіл бөлінеді.
Сондай-ақ дамыта оқыту-тәрбиелеу принципі негізінде баланы ой еңбегіне,
шығармашылыққа үйрету, мұғалімнің сұрағын тыңдап, ойланып жауа беру
дағдыларын қалыптастыруға баса көңіл бөлінеді.
Тіл дамыту сабақтарында, сабақтан тыс ойын-ермек кезінде тіл
дыбыстарын дұрыс айту, тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру,
байланыстырып сөйлеуге үйрету, тілді барлық жағынан сабақтастыра (лексика,
фонетика, грамматика) үйрету жұмыстары үзіліссіз іске асырылуға тиісті.
Әдеби шығармпалар оқу жеке сабақ түрінде және тіл дамыту сабақтарына
қоса, сабақ мазмұнына қарай жоспарланады.
Әсіресе, мақал-мәтел, шешендік сөздер оқу, жұмбақ шештіру, тіл дамыту
сабақтарының бәрінде қамтылады.
Мектепалды сыныптардағы тіл дамыту жұмыстарында көзделетін басты
мәселенің бірі- айналадағы дүниені, табиғатты, қоғамдық өмір құбылыстарын
бақылатып түсіндіру, өздігінен бағдарлау, қабылдау, сезіну әрекеттерін
дамыту, өзін тану, өзі істеген жұмыстарының жетістік-кемістігін ажырату,
нәтижесін мұғалім ұсынған тапсырмамен салыстыра білу, сабақта өзін-өзі
бақылап, өз әрекетін тежей білу. Сабақ үстінде берілген тапсырмаларды
орындау сияқты оқу процесіне қажетті дағдыларын қалыптастыру.
Мектпеалды топтар мен сыныптарда бағдарламада көрсетілген білім
көлемін, мазмұнын мемлекеттік құжаттарда аталған міндеттерге сәйкес,
сапалы, саналы меңгертуде дүниені танып, білу құралы -баланың ауызша
сөйлеу тілін, сөз қорын, шығармашылық ойлау қабілеттілігін дамытуға баса
назар аудару қажет.
ОЛ үшін осы сыныптарда, топтарда жұмыс істейтін мұғалім-тәрбиешілер
өздері ізденіс жасап, шығармашылық жұмыс тәжірибесін жетілдіруге тиісті.
Өткеннің озығын, жаңаның үздік те, ұтымды, тиімді тәсілдерін үйлестіре
пайдалана білуі қажет.
Жазушы - педагог, ғалым, Мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынов Бала
оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін
өздері жақсы білуі керек, екінші баланың табиғатын біліп көңіл сарайын
танитын адам болуы керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап өсіп-
жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білуі керек. Баланың
ісіне түсіне қарай, ішкі халіне хабар аларлық болуы керек - деп, баланың
психологиялық физиологиялық жағынан жетілуін білуі, педагог үшін
білмейтін ешнәрсе болмауға тиіс екенін ескерткен ой -түйіні бүгін
де аса құнды екені сөзсіз.
Өйткені отбасы, мектеп, балабақшада бала тәрбиелеу ісімен
шұғылданатын ата-аналардың, ұстаздардың өз ана тілінде сөзді шұбапламай
таза сөйлеуі, әдепті сыпайы мінез көрінісі, баламен сөйлесе білуі, үн
ырғағы, дауыс екпіні, балаға жылы жүректі сүйіспеншілікпен қарау, олардың
ішкі ой дүниесін, сыртқы қуаныш-реніш сезіну, оның ең сенімді ұзтазы болуы
баланың қорықбай еркін сөйлесуіне, өз ойын, талап-тілегін сөзбен айтып,
пікірлесуіне жағдай жасайды. Академик Щерва айтқандай- ана тілін меңгерту
саз аспаптарында ойнай білуге үйретумен бірдей, тілдің музыкалық үн
-ырғағын үйрету ноталарды меңгертуден де қиын екенін ерекше талдап,
түсіндіруді қажет етпесе керек.
Біздің егеменді еліміздің ертеңі, атар таңы болашағымыз бала десек
ешқашан қателескеніміз емес. Ендеше ұрпақтарымыздың парасатты да білікті,
мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүние танымын жалпы
азаматтық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық
намысы бар ұрпақ өсіргіміз келетін болса, онда бүгінгі қоғамның барлық
күйін қазақ балабақшаларында жалпы оқу-тәрбие саласына жұмылдыруымыз қажет.
Ана тілі тәрбиенің басты тірегі. ана тілі арқылы жас жеткіншектерді
халқымыздың озық ойымен, ұлттық сезімімен, дәстүрімен, әдебиетімен және
мәдениетімен, тыныс-тіршілігімен таныстырамыз. Егер тілімізді жоғалтатын
болсақ ұлттың болуы мүмкін емес, демек асыл мұраларымызбен мәдениетіміз
жоғалады.
Қазіргі біздің қоғамда ұрпағымызды саналы да сапалы түрде
көрсету үшін игілікті шаралар атқарып отырған уақытта қалалық
білім басқармасы, қалалық педагог мамандарының білімін көтеру және
қайта даярлау институтының қызметкерлерін шығармашылықпен нәтижелі жұмыс
істеуге жұмылдырып, жеткіншегіміздің өсіп дамуына ағарту жүйесіне
жаңаша қайта құрудың жолдарын құрастыруда үлкен еңбектер атқарып
жатыр.
Ондай болса мектеп жасына дейінгі балалардың өз ана тіліне
үйрету балабақша тәрбиешісінің кәсіби дайындығының маңызды көрсеткіші
болады. Балаларға туылған сәтінен бастап табиғат сиға тартқан барлық
интеллектуалдық қабілеті ана тілін меңгертуді мектепке дейінгі
кезенде пайдалануға болады.
Бала ана тілінде ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын халықтың рухани
байлығын мұра ете ала ма, тәрбиеленушілер өз заманының ғылыми
жетістігіне сай ма? Олар болашақта қабілетті де саналы азамат болып өседі
ме? Міне осының бәрі болашақ педагогқа байланысты. Балаларды ана
тілінде оқытып тілін жетілдіре түсуде болашақ тәрбиешіге методика
теориясын ұғыну, яғни осы әдістерді жүзеге асыратын оқытудың аса
маңызды тәсілдерін орындауға жаттығу қажет. Оқыту құралындағы тілді
меңгерту жұмысында әдістемелік принциптерінен құралған.
Бұл жерде принциптілік дегеніміз тәрбиешінің оқу ісін
ұйымдастыруда басшылыққа алатын негізгі қағидалары.
Оқыту принциптерінде оқу мазмұнына, әдістеріне, формаларына, оқу
жоспарларына, бағдарларына, оқу құралдарына, оқулықтарға қойылатын талаптар
белгіленген. Дидактикалық принциптерді алғаш қалыптастырған словянның
ұлы педагогы Я.А.Каменский ХVII ғасырда жазылған Ұлы дидактика
деген еңбегінде оқытудың түсініктілік, жүйелік, біртінділік, көрнекілік,
белсенділік т.б. прианциптерін ұсынған.
Мектепке дейінгі оқыту негізін құрайтын принциптердің бірі
көрненкілік принципі. Балабақшада тіл дамыту сабағының мақсаты тек
баланың тілін дамыту мен ғана шектеліп қоймай, сонымен бірге
балалардың ақыл - ойын дамыту, мектепке психологиялық жағынан әзірлеу.
Балаларды оқытқанда, яғни оларға беретін білімнің сапасын арттыру үшін
көрнекіліктердің алуан түрін пайдалана білген жөн.
К.Д.Ушинский мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктерін ескере
отырып былай деп жазды: бала табиғаты көрнекілікті аса қажетсінеді.
Балаға өзіне белгісіз бес сөзді жалан үйрете бастасаңыз көп уақытты зая
кетіріп босқа қиналасыз. Ал енді жиырма сөзді суреттермен байланыстыра
үйретсеніз, бала оны лезде қағып алады. Сіз балаға қарапайым ғана ойыңызды
қанша түсіндірсеңізде, оңай ұға қоймайды. Дәл осы ойды күрделі суреттер
көрсете баяндасаңыз, ол сізді тез түсінеді.
Баланың ойы нақты, бейнелі сипатта болғандықтан, оқытуда
көрнекіліктің маңызы ерекше.
Бұл жөнінде тамаша пікір айтқан Я.А. Каменский мен К.Д.
Ушинский еді.
Ян Амос Каменский тек сөзбен оқытудың жеткіліксіз екенін, оқыту
барысында барлық сезім мүшелерінің қатысуы арқылы оқуға белсенділікті
тудыратын өзінің Алтын ереже атты еңбегінде; Көрінетінің бәрін көзге,
естілетіннің бәрін құлаққа,сезілетіннің бәрін қолға беру керек -деп
атап көрсеткен. К.Д. Ушинский словян педагогының Көрнекілік балалардың
нақты қабылдайтын психологиялық ерекшелігіне сай келеді, өйткені олар нақты
форма мен, дыбыспен, бояумен, түйсікпен, ойлайды, деген. Сондай-ақ
көрнекілікті тілмен ойды дамытудың, бақылампаздықпентаным белсенділігін
дамытудың құралы деп есептеген. Ушинский педагогтың бейнелі сөзінде
көрнекіліктің қатарына жатқызған.
Қазіргі педагогика мекпетке дейінгі оқыту ісінде көрнекіліктің
қатарына жатқызған.
Мекпет жасына дейінгі балаларды оқытуда көрнекілік әдісі кеңінен
пайдаланады. Көрнекілік әдісі баланың ұғымын кеңейтіп, оқуды түсінікті,
қызықты, нақты етеді. Ойы мен бақылампаздығын дамытады. Балалар құрғақ
сөзді естімейді, қызығушылықтары өте төменгі деңгейде өтеді. Оларды
қызықтырып, көңілдерін аудару үшін көрнекі материалдардың маңызы өте зор
деңгейде болады. Бала психикасына сүйенетін болсақ ол әлі дамып жетілмеген.
Баланы белгілі бір зат арқылы қызықтырмасақ, оны сол зат арқылы өзімізге
тартпасақ (оқу іс-әрекеті)нәтижесіз болары анық. Бұл жерде баланың алдымен
қызығушылығын арттырмасақ ол сол сәтте айтылған нәрсенді айтып бере алады
деу қате. Міне бұл кезде нақты бір затқа сүйену жоғары дәрежеде өтеді.
Тіл дамыту сабақтарында тілдік дағдыларын үйрету әрекеттерінің
бірінде қолданылатын әдіс көрнекілік дей келе, оның қолданылуы барлық
топтарда айналасын қоршаған заттарының бәрі күнделікті ойнайтын
ойыншықтары, тұрмыста қолданылатын құрылдары тікелей көріп, бақылау арқылы
жүзеге асады.
Көрнекілікке табиғи объектілер: заттар мен құбылыстар жатады.
Бұлардың мәңгілігі сол заттың дәл өзімен таныстырады, балалар оларды
тікелей сезім мүшелері арқылы қабылдайды. бұлардан өзге оқу материалдың
мазмұнын түсіндіру үшін табиғи көрнекілікке жақын әдейі дайындаған көрнекі-
құралдар заттың көшірмелері, үлгілері де пайдаланылады. Сол сияқты
суреттер, иллюстрациялар, фотосуреттер, картиналар, альбомдар, сондай-ақ
дидактикалық суреттер, дидактикалық таратпа материалдар қолданылады.
Қазіргі педагогика мектепке дейінгі оқыту ісінде көрнекіліктердің
қатарына -суретті үлгілерді қарап көру және техникалық құралдардың
пайдалануды да қосып келеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда көрнекі құралдарды
олардың дұрыс қабылдауында, мұқият тыңдауына, сөзді дұрыс меңгеруіне,
жақсы елестетуіне, қиялдануына үйрету үшін қолданамыз. Бірақ ол
көрнекілік материалдарды өз орнында тиісті жерде қолданамыз.
Бұл жерде яғни, тіл дамыту сабақтарында байланыстыра сөйлеуге
үйретуде. баланың сөздік қорын дамытуда дидактикалық ойындардың да әсері
зор.
Егер тікелей бақылау жолымен үйретілмейтін сөздер немесе сөз
тіркестері берілсе педагог олардың заттардың, объектілердің бейнелері
салынған суретті альбомдарды, кинофильмдерді, диафильмдерді пайдалану
арқылы тілдік дағдыларды меңгертеді. Дидактикалық мақсатта әзірленген
оқу құралдарының мұндай түрлерін өтілген материалдарды бекіту үшін
жиі қолдануға болады.
Балабақшада тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру үшін жоғарыда атап
өткендей техникалық құралдарды пайдаланамыз.
Техникалық құралдар - диафильмдер, кинофильмдер, магнитафон
жазбалар, күйтабақтар, теледидар хабарлар.
Диафильмдер мен кинофильмдерді пайдалану. Ересектер және мектепке
даярлық топтарында оқыту барысында кинофильмдер, диафильмдер,
диапозитивтер пайдаланылады. Бұл оқытуды тартымды етумен қатар
тікелей таныса алмайтын өмір құбылыстарын көріп -білуге мүмкіндік
тудырады. Мысалы: Сенің кітабың, Нан қайдан келді?, Бір уыс мақта,
Бес ешкі, Кім күшті, Жылдың төрт мезгілі атты диафильмдер балалар
бақылай алмайтын еңбектің түрлерімен, заттармен, жануарлармен
таныстырады.
Бұл техникалқ құралдар баланың қызығушылығын, көңіл-күйін тудырады.
Салынған суреттер ойындарда, әңгімелерде ұзақ естерінде сақтайды.
Оқыту барысында кинофильмдер өзгеше кітапшаларды, заттарды көрсету,
тәрбиешінің сөзімен, кітап оқумен жалғастырылады.
Жас ерекшелігіне байланысты топтарда тіл дамыту жұмыстарында
дидактикалық оқу құралдарының екі түрі бар: тіл сабақтарының
тақырыптарымен мақсаттарына қарай, үлестірмелі дидактикалық
материалдар. Екіншісі сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын
ойындарға арналған материалдар.
Бала үшін орындауы анағұрылым қиыны оның тілін үйрету әдісі,
сөйлеу әдісі, мұны қосымша сұрақ пен жауаб әдісі, әңгімелесу әдісі деп
те атайды. Әңгімелесу әдісі үйретушінің сұрауынан, ал үйренушінің жауап
беруінен тұрады. Демек, бала сөйлеу үшін бір сөзді емес, әртүрлі сөздерді
меңгеруі тиіс. Тәрбиеші өзінің сұрағымен баланың өзіне таныс сөздерді,
дыбыстарды, грамматикалық формаларлды немесе тексті (ертегі, әңгіме,
тақпақ) түсінуге, не болмаса еске түсіруге және оны орнымен қолдануға
итермелейді. Бұл кезде тәрбиеші әртүрлі сөздерді меңгертуге, баланы
байланыстыра сөйлеуге, диалог пен монологты түрде сөйлеуге тартады. Ол үшін
нақты немесе суретке сүйену тәсілі дидактикалық ойындармен яғни оқытуға
арнайы арналған ойындармен шектеседі.
Мектеп жасына дейінгі мекемелерде дидактикалық ойын арқылы балалардың
ақыл-ой танымдық іс-әрекеті, сенсорлық ойлауы, өз ойын сөз арқылы
бере білу қабілеті дамиды. Дидактикалық ойынның мазмұны балабақшадағы
оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында беріледі. Дидактикалық ойын
көбінесе сюжетсіз болып келеді. Яғни, бір шешімді шешу міндеті
тұрады.
Баланы ана тілінде анық сөйлеуге, тілін дамытуда айналасын
бақылап, тани түсуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың негізгі бір түрі
дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойындар мектеп жасына дейінгі балалық
кезенде баланың тілін дамытуда өте маңызды роль атқарады. Балабақшада
бағдарламалық материалды меңгерту, үйренген білім дағдыларын бекіту жұмысы
осы дидактикалық ойындар арқылы іске асады. Онсыз сәбилердің қажетті
білім дағдыларына үйрету: түрлі тәрбие жұмысын жүргізу: олардың сөздік
қорын молайту, есту, көру, сөйлеу мүшелерін дамытып, жаттықтыру
қиындыққа соғатыны сөзсіз.
Сондықтан балабақшада бағдарламалық жоспар бойынша балаларды
бақылап көргенін бақылап, тиянақтап, естеріне берік қалдыру, сөздік
қорларын дамыту үшін мынадай дидактикалық ойындар ұсынылған: ғажайып
қапшық, жасырылған затты тап, ойыншықты тап, көріп атын айт,
қуыршаққа бөлме жасау, қуыршақты киіндіру.
Біртектес суреттер арқылы тауып әкел деген ойын өткізеді.: Ойынның
мазмұны.
1.Тәрбиеші үстелге біртектес суреттер қояды. Шақырылған бала, соған
ұқсас суретті үстелден тауып көрсетеді. Салыстырып, атын, ненің
суреті екенің айтады.
2. Тәрбиеші ұқсас екі суретті баланың қолына бермей тек көрсетеді,
ал шақырылған бала соған ұқсас екі суретті тәрбиеші ұсынған көп
суреттеің ішінен тауып көрсетіп, атын, не туралы екенін айтып
береді.
Кез - келген дидактикалық ойында баланың тілін дамытатын үлкен
мүмкіндіктер бар: Өтйкені дидактикалық ойын арқылы берілетін кез -
келегн білімді бала сөйлеу түрінде үйренеді. Бірақ баланың сөйлеу тілін
дамытуға арнайы алынған дидактикалық ойындарда бар -бұл сөйлеу түріндегі
дидактикалық ойындар. Бұл ойындар мынадай:
Дидактикалық ойынның негізгі арқауы үйренуге тиісті затты көруі
немесе бір жұмбақты шешу керек болса соған арқау болған затты көруі. Ең
дұрысы ( қолмен ұстап, иіскеп, дәмін татып, егер ол дыбыс шығаратын
болса тыңдауы ) болып табылады. Осы кезде бала затты тез
қабылдайды, меңгерілетін сөзді дұрыс ұғып алады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz