Инвестициялық саясат туралы
Кіріспе
1 бөлім. Кәсіпорынның инвестициясының мәні және инвестициялық саясатяняң қалыптасу қағидалары.
1.1. Инвестицияның қажеттілігі және жіктелуі
1.2. Кәсіпорнынның инвестициялық саясаты
2 бөлім. Қазақстан Республикасындағы өңдеу өнеркәсібінің инвестициялық әлеуеті және инвестициялық үрдістердің дамуындағы мемлекеттің рөлі
2.1. Қазақстан Республикасындағы өңдеу өнеркәсібінің
инвестициялық әлеуеті
2.2. Инвестициялық үрдістердің дамуындағы мемлекеттің рөлі
2.3 Инвестициялық жобаны талдау
3 бөлім. Инвестициялық және қаржылық саясаттың өзара байланысы, проблемалары және олардың даму перспективалары
3.1. Инвестициялық және қаржылық саясаттың өзара байланысы проблемалары және олардың даму перспективалары
3.2. Қазақстанда инвестициялық саясаттың басымдылықтары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде “жалпы капиталдық салымдар” деген түсінік қолданылатын,осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына(өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық – мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалған барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар,технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәір жақын келеді.
Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырылады. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айыршаланатын залал түрінде көрінеді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып табылады, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салымдарға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған елдерде ( АҚШ,Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де қолданылады.

Кіріспе.
Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі
кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің
шеңберінде “жалпы капиталдық салымдар” деген түсінік қолданылатын,осы
түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған
кәсіпорындардың кеңеюі мен техникалық қайта
қамтамасыздандырылуына(өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен
тұрмыстық – мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар)
жұмсалған барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар,
акциялар және де басқа құнды қағаздар,технологиялар, машиналар,
қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу
мақсатында кәсіпкерлік қызмет салынатын интеллектуалды бағалықтар,
несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және
осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында.
Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәір жақын келеді.
Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде
инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың
бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге
асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар
екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырылады. Жоспарлық экономика
жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен
ғана айыршаланатын залал түрінде көрінеді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі
дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып
табылады, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салымдарға қарағанда
инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын
қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған
елдерде ( АҚШ,Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру
бағалы қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі
термин де қолданылады.
1 бөлім. Кәсіпорынның инвестициясының мәні және инвестициялық саясатяняң
қалыптасу қағидалары.
1.1.Инвестицияның қажеттілігі және жіктелуі.
“ Инвестиция “ термині латынның investire – “жұмылдыру” сөзінен алынған.
Бұл термин ғылыми әне публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады.
Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Пол
Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: “Біз қоғамның нақты
капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар
өндіріс – материалдық запастар және т. б.) “таза инвестицияландыру” немесе
капитал қалыптасуы деп атаймыз. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген
құнды қағаздарды немесе меншіктің кез келген түрін сатып алу
инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза
трансферттік операциялар. Яғни біреуі инвестицияландырса,басқа біреуі
дезинвестицияландырады. Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал
қалыптасқан кезде ғана орын алады.
У.Шарп инвестицияны былайша анықталады: “Нақты инвестицияларға
әдетте қандай да бір материалдық – көрнекті активтер түріне инвестициялау
кіреді, мысалы, жер, қондырғылар, зауыттар сияқты. Қаржылық инвестициялар
қағазда жазылған келісім – шарттарды, мысалы, кәдімгі акциялар мен
облигациялар сияқтыны білдіреді. Қарапйым экономикаларда инвестийиялардың
негізгі бөлігі нақтыға жатқызылса, қазіргі дәуірдің экономикасында
инвестициялардың үлкен бөлігі қаржылық инвестициялар болып табылады.
Қаржылық инвестицияландыру институттарының жоғары дамуы нақты инвестицияның
өсуіне едәуір дәрежеде ықпал етеді. Әдетте, бұл екі форма бәсекелес емес,
бір – бірін толықтырушы болып табылады. В.Бочаров инвестицияны табыстың
тұтынуға жұмсала алмайтын бөлігі деп түсінеді. Инвестициялық ресурстар
инвестициялық іскерліктің капиталдық құнның табыс немесе әлеуметтік әсер
түріндегі өсімі алынатын нақты объектілеріне трансформацияланады.
Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық
ресурстарды болашақта таза пайдаға жету бұл пайданы бастапқы салынған
капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады.
Капиталдық салым процесінің жалпы анықтамасы: инвестицияландыру дегеніміз
бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны келешекте инвестициялық
игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.
Инвестиция – бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына
және табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып,орналастыруға
болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып
табылады,себебі қолма қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол
ешқандай да табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен
айрықшаланатын әр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын
мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе
үлкен тәуекелмен; қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және жанама.
Инвестицияның жіктелуі
Инвесимциялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ
түсіндіреді, жіктеу негізінде түрлі белгілер салынған.
Белгілер ретінде мыналар қолданылады:
инвестициялардың түрлері бойынша;
ақша құралдарын салу объектілері бойыеша;
инвестицияландыруға қатысу сипаты бойынша;
инвестицияландыру кезеңі бойынша;
инвестицияланатын капиталдың меншік формасы бойынша;
инвестордың қатысуы түрлері бойынша;
тәуекел дәрежесі бойынша;
ұдайы өндіріс түрлері бойынша;
инвесторлардың аймақтық тиістілігі
1. Инвестициялардың түрлері былайша топтайды:
- ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды
қағаздар;
- жылжымайтын және жылжымалы мүлік;
- авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды
құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;
- жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы және басқа да
мүліктік құқықтар;
- қандайда бір өндірісті (бірақ патенттелген “ноу – хау” емес)
ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе
ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық
сауаттылық.
1. Капитал салыну объектілері бойынша инвестициялар былайша бөлінеді:
- нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге
салынуы, яғни нақты инвестициялар – кәсіпорынның негізгі және
айналыс капиталын қалыптастыратын материалды және материалды емес
активтерге салынатын салым. Материалды активтер – ғимараттарға,
станоктарға, қосымша материалдық бұйымдарға, дайын өнімдерге
айналдырылған құралдар;
- материалды емес активтер – лицензиялардың,патенттердің, тауар
белгісінің құны, жарнама және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;
- қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша
құрлдарының салынуы – депорзиттер, құнды қағаздар, банктық
салынымдар.
2. Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар келесі
түрлерге бөлінеді:
- тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын
салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі.
Сонымен қатар инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне
тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге,
инвестицияландыру объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім
өндірісіне;
- жанама , бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді
орналастыратын және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалжар
арқылы (инвестициялық қорлар және компаниялар) жүзеге асады. Мұндай
делдалдар инвестицияландыру объектілерін басқаруға қатысады, ал
алатын табыстарын клиенттері арасында бөледі. Тұтас басқарылатын
құнды қағаздарға салынатын салымдарды портфельдік деп те атайды.
4. Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына
түрлерге бөлнді:
- қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайда(қысқа мерзімді
депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар);
- ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан көп.
5. Меншік формасы бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:
- жеке азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы
кәсіпорындардың, өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;
- мемлекеттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің
бюджет көздерінен қаржыландырылады.
6. Инвестордың қатысу түріне байланысты:
- қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе
шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену;
- инвестор толық иеленетін кәсіпорындардың құру немесе шаруашылық
жүргізу жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу;
- жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы
немесе басқа да құнды қағаздар түрінде алу;
- табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да
мүліктік құқықтарға концессия алу.
7. Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
- тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы,бірқатар мемлекеттерге қысқа
мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп
саналады, ал олар бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымыды
анықтайды, бұл қауіпсіз қойылым инвестициялық тәуекел нүктесін санау
ретіндегі салымдарды бағалау ретінде қолданылады;
Тәуекелі төмен инвесторлар. Олар тәуекелі орташа нарықтық тәуекелден
айтарлықтай төмен инвестициялау объектілеріне капитал салуды сипаттайды.
Тәуекелі орташа инвестициялар . Осы топтың инвестициялау объектілері
бойынша тәуекел деңгейі орташа нарықтық тәуекелгн сәйкес келеді.
Тәуекелі жоғары инвестициялар. Бұл топтын инвестициялау объектілері
бойыеша тәуекел деңгейі орташа нарықтық тәуекелден асып түседі.
Спекулятивті инвестициялар. Олар инвестициялық табыс деңейі ең
жоғары деп күтілетін айтарлықтай тәуекелді инвесициялық жобалаға немесе
инвестициялау құралдарына капитал салуды сипаттайды.
Дәрежені бағалау критерийлері мыналар болуы мүмкін:
- барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің орын алуы
мүмкін;
- жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік
табысты жоғалту мүмкіндігі. Тәуекел дағдарысты болып табылады;
- барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі және инвестордың банкротқа
ұшырауы немесе апаттық тәуекел.
8.Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асыру
мүмкін:
- жаңа алаңда және бастапқыда бекітілген жоба бойынша іске асып жатқан
жаңа құрылыстар немесе кәсіпорындардың, ғимараттардың салынуы;
- шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорынның кеңеюі - өндіріс
қуаттылығын арттыру мақсатымен шаруашылық жүргізіп отырған
кәсіпорындардың екінші және келесі кезектерін, қосымша өндіріс
кешендерін және өндірістерді, жаңа кәсіпорындарды салу немесе қызмет
етіп жүрген кәсіпорындарды кеңейту;
9.Инвесторлардың аймақтық тиістілігі бойынша ұлттық (ішкі) және
шетелдік (сыртқы) инвестицияларға бөледі.
Ұлттық немесе ішкі инвестициялар аталған елдің резиденттерінің
(заңды және жеке тұлғалар) сол ел аумағында инвестициялау объектілеріне
(құралдарына) капитал салымын сипаттайды.
Шетел немесе сыртқы инвесторлар резидент еместердің (заңды және жеке
тұлғалар) аталған елдің инвестициялау объектілерін (құралдарына)капитал
салуын сипаттайды.Инвестицияның ұсынылған жіктелуі қазіргі заманның
инвестициялық жобалау концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан
процестерді жан – жақты бағалау үшін қажет.
1.2. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты.
Кәсіпорының инвестициялық қызметі – бұл кәсіпорынның шаруашылық
қызметінде маңызды роль атқаратын және өзіне тән заңдылықтармен дамып
отыратын, өзіндік логикаға ие объективті процесс, себебі инвестициялар
өзінің экономикалық табиғаты жағынан болашақта табысқа жету үшін ағымдағы
тұтынудан бас тартуды білдіреді. Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты –
кәсіпорынның экономикалық потенциалын кеңейтуге бағытталған капитал
салымының ең тиімді нысандарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету б.т. Осы
мақсатты ескере отырып кәсіпорынның инвестициялық саясатының құрамы
анықталады. Инвестициялық саясат кәсіпорынның жоғарғы қарқынымен дамуын
және шаруашылық қызметінің экономикалық әлеуметінің кеңеюін қамтамасыз ету
мақсатында нақты және қаржылық инвестордың ең тиімді нысандарын жүзеге
асырады таңдауды білдіретін кәсіпорынның жалпы қаржылық стратегиясының бір
бөлігін көрсетеді.
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын жасау келесі негізгі кезеңдерді
қамтиды (1 сурет).
1-сурет.Кәсіпорынның инвестициялық саясатын қалыптастырудың негізгі
кезеңдері.
Сол себепті инвестициялық процесс кәсіпорынның инвестициялық
жоспарын анықтаудан басталады, оны таңдау төмендегілерге байланысты:
- кәсіпорынның өмір сүру циклының сатылары;
- жалпы даму стратегиялары;
- инвестициялық ресурстардың ішкі және сыртқы нарықтарының жағдайы;
- құралдардың салу объектісі ретіндегі кәсіпорынның инвестициялық
тартымдылығы.
Сонымен, егер бастапқыда инвестицияны жүзеге асыру жетекшілері өз
бетінше инвестицияға қатысты шешім қабылдай алатын кәсіпорынның жұмысы
болып көрінсе, онда мұндай жағдайда ең елеулі шешімнің зардаптарын
бағалауды үйрену керек, өйткені инвестициялардың жүзеге асырылмауы да
өзінше бір стратегия.
Кәсіпорының инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді мақсаттарға
бағытталуы қажет және сәйкес инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды
іріктеп алу арқылы ағымдағы шаруашылық қызмет процесінде жүзеге асырылуы
тиіс. Инвестициялық жоспардың қалыптасуы күрделі шығармашылық процесті
білдіреді, ол кейбір жағдайлар мен инвестициялық нарықтың жалпы және
жекелеген сегменттер аралығындағы конъюнктурасын болжауға негізделген. Бұл
стратегия әрқашанда экономикалық дамудың жалпы стратегиясы шеңберінде
қалыптасып, онымен мақсатты, кезеңдері, жүзеге асу мерзімі бойынша үлеседі.
1.3.1 – кестеде белгілі бір кезең ішіндегі осындай өзара байланыстылық пен
үйлесімділіктің мысалы келтірілген.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметке қатысты шешім қабылдауы
бәсекелік ортада дамудың балама нұсқаларын таңдау проблемасына тіреледі
және бұл бәсекелік орта бір немесе басқа да салаларға тиісті әр түрлі
экономикалық, құқықтық және басқа да факторлардың ықпалында болады.
1.3.1.-кесте.
Сатылары
стратегиясыПайда болуы өсуі жетілуі Ескіруіпайда
болуы
Жалпы Нарыққа еніп,Нарық Іс-әрекеттің Пайда нормасын
бекітілу сегментінің салалық сақтау және
процесінде кеңеюі, диверсификациясыіс-әрекеттің
өмір сүру іс-әрекет , пайданың қол бағыты мен
диверсификациясыжеткен нормасынанысандарының
мен пайдаданың қлдау жасау бір уақыттық
жоғары қарқынмен жаңалануының
өсуін қамтамасыз қаржылық
ету тұрақтылығы,
дәстүрлі
іскерліктің
масштабтарын
сақтау
Инвестиция Бастапқы Өндірістің және Өндірістің Жаңа құрылыс
нақты нақты қаржылық техникалық қайтапен өндірістің
инвестицияныңинвестиция қамтамасыздандырқайта
жеткілікті масштабтарының лу және құрылуына
көлемін кеңеюі кеңмасштабты нақтылы
қамтамасыз қаржылық масштабты
ету инвестицияландыринвестицияланд
у ыру
Инветициялық қызмет атқарылмаған жағдайда уақыт өте келе
өндірістік аппараттардың моральдық және физикалық тозуы және өндірісті
ұйымдастырудың төмендеуі салдарынан салынған құралдардың табыстылығы
азаяды, бұл нәтижесінде мұндай кәсіпорындардың болашағына күмән
келтіріледі.
Кәсіпорынның тұрақты деңгейін ұстап тұру үшін қолданылатын
пассивті инвестицияландыру орташа салалық деңгейден қалып қоюға әкеледі
және неғұрлым ұзақ мерзімді де осы сияқты зардаптарға ие болады.
Ал табыстылықтың салымның орташа салалық деңгейіне дейін өсуін
қамтамасыз ететін активті инвестициялық стратегия инновациялық жобалардың
іріктеліп, жүзеге асуын, нарықта белсенді әрекет етуді көздейді.
Тиімді немесе озу стратегиясы жаңа технологиялық шешім
қабылдауменен іске асатын және мұндай салымдардың тәуекелділік дәрежесімен
айрықшаланатын инновациялармен байланысты.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру кәсінорынның
да, потенциялды стратегиялық инвестордың да ортақ мүдделерінің қиылысу
кезінде жүзеге асады. Ал инвестиция болса нарықта айналысы бар тауарды
білдіреді. Сондықтан оны осы немесе басқа түрде алу мүмкіндігі
серіктестердің түсінушілігі мен ортақ мүдделерін есепке алуға және
инвестициялық обьектіні стратегиялық инвестор тұрғысынан көре алуымен оны
инвестициялық тартымдылығын бағалай алуына байланысты.
1. Кәсіпорынның экономикалық және қаржылық даму стратегиясына сәйкес
оның инвестициялық қызметінің жекелеген бағыттарын қалыптастыру.
2. Сыртқы инвестициялық орта және инвестициялық нарық коньюнктурасының
жағдайларын зерттеу және ескеру. Мұндай зерттеулер процессінде жалпы
инвестициялық қызметтің құқықтық жағдайлары және инвестициялаудың
жекелегеннысандары ( инвестициялық климат ) зерттеледі, инвестициялық
нарықтық және оны анықтайтын факторлардың ағымдағы коньюнктурасы
(өзгерісі) талданады, инвестициялық нарықтың жақындағы коньюнктурасы
болжанады.
3. Жекелеген инвестициялау объектілерін іздеу және оны кәсіпорынның
бағыттарына сәйкестігн бағалау. Инвестициялық саясаттың бұл бағытын
жүзеге асыру үдерісінде инвестициялық нарықтағы ағымдағы ұсыныс
зерттеледі;кәсіпорынның инвестициялық қызметінің бағыттарына
айтарлықтай толық сәйкес келетін жекелеген нақты инвестициялық
жобалар және қаржылық құралдар зерттеу үшін таңдалып алынады;
қолданыстағы актив түрлерін жаңарту үшін жекелеген активтерді
(техника, иехнология, т.т.с) сатып алу мүмкіндіктері мен шарттары
қарастырылады; сараланған инвестициялық объектілерді мұқият сараптау
жүргізеді.
4. Инвестицияның жоғарғы тиімділігін қамтамвсыз ету. Алдынғы этапта
таңдалған инвестициялау объектілері экономикалық тиімділік тұрғысынан
талданады. Сонымен қатар әрбір объекті үшін тиімділікті бағалаудың
нақты әдісімен пайдаланылады. Бағалау нәтижелері бойынша жекелеген
инвестициялық жобалар мен инвестициялаудың қаржылық құралдарын
олардың тиімділік критерийлері бойынша жіктеу жүргізіледі. Басқа да
осыған ұқсас жағдайларда жүзеге асыру үшін айтарлықтай жоғары
табыстылықты қамтамасыз ететін инвестициялау обьектілері таңдалады.
5. Инвестициялық қызметпен байланысты тәуекел деңгейін менемизациялауды
қамтамасыз ету. Инвестициялық саясаттың бұл бағытын жүзеге асыру
үддерісінде ең алдымен әрбір инвестициялау обьектісіне тән тәуекелдер
іріктеліп, бағалануы тиіс. Бағалау нәтижелері бойынша инвестициялау
обьектілері тәуекел деңгейлері бойынша жіктелінеді және жүзеге асыру
үшін олардан тең жағдайда инвестициялық тәуекелдерді менемизациялауды
қамтамасыз ететін обьектілер таңдалып алынады. Жекелеген
инвестициялық обьектілер тәуекелімен қатар инвестициялық қызметпен
байланысты қаржылық тәуекелдер де бағаланады. Бұл қызмет кәсіпорынның
төлем қабілеттілік деңгейінің төмендеуіне және ағымдағы міндеттеріне
әкелуі мүмкін үлкен мөлшерінде және ұзақ мерзімге қаржы ресурстарын
тартумен байланысты. Сонымен қатар жекелеген инвестициялық жобаларды
қаржыландыру кәсіпорынның ұзақ мерзімді кезеңінде қаржылық тұрақтылық
деңгейінің төмендеуі мүмкін болатын қарыз капиталын едәуір көлемін
тарту есебінен жиі жүзеге асырылады. Сондықтан, инвестициялық
саясатты қалыптастыру үдерісінде инвестициялық тәуекелдердің
кәсіпорынның табыстылығына, төлем қабілеттілігін және қаржылық
тұрақтылығына қалай әсер ететінін алдын ала болжау
6. Инвестициялардың өтімділігін қамтамасыз ету. Инвестициялық қызметті
жүзеге асырып, сыртқы инвестициялық ортаның өзгеруінен күтілетін
табыс бірден төмендеуі, тәуекел деңгейі жоғарлауы, және кәсіпорын
үшін инвестициялық тартылымдылығының басқада көрсеткіштерінің мәнінің
төмендеуіне әкелетін инвестициялаудың обьектілері бойынша
кәсіпорынның алдағы кезеңдегі даму стратегиясын немесе инвестицияның
нарықтық коньюнктурасынан қарастыру керек. Бұл жекелеген
инвестициялық бағдарламаларға (жекелеген инвестициялау обьектілерін
сату арқылы) қатысты өз уақытында шешім қабылдауды және капиталды
қайта инвестициялауды талап етеді. Осы мақсатпен әрбір инвестициялау
обьектілері бойынша инвестицияның өтімділік дәрежесі бағалануы тиіс.
Бағалау нәтижесі бойынша өтімділік критерийі бойынша әрбір нақты
инвестициялық жобалар мен инвестициялаудың қаржылық құралдары
жіктеледі.
7. Қажетті инвестициялық ресурстар көлемін анықтау және олардың
көздерінің құрылымын оңтайландыру. Инвестициялық саясаттың бұл
үддерісін жүзеге асыру процессінде қарастырылған көлемде
инвестициялық қызметті жүзеге асыруға қажет инвестициялық ресурстарға
жалпы қажеттілік болжанады; осы ресурстарды меншікті қаржылық көздер
есебінен қалыптастыру мүмкіндігі анықталады; капитал нарығындағы
(немесе баға нарығындағы) жағдайға байланысты инвестициялық қызмет
күшін қарыздық қаржы қаражаттарын тартудың мақсаттылығы анықталады.
Инвестициялық ресурстардың қалыптасу көзінің құрылымының оңтайландыру
үддерісінде қазіргі кезеңіндегі қаржылық тұрақтылығымен төлем
қабілеттілігінің төмендеуін болдырмау мақсатында жекелеген жобалар
бойынша және жалпы инвестициялық бағдарлама бойынша қаржыландырудың
меншікті және қарыздық көздерінің рационалды қатынасы қамтамасыз
етіледі.
8. Кәсіпорынның инвестициялық портфелін қалыптастыру және
бағалау.Инвестициялық ресурстарды тартудың мүмкін болатын көлемін,
сондай – ақ инвестициялаудың жекелеген обьектілерінің инвестициялық
тартылымдылығын (инвестициялық салаларын) бағалауды ескере отырып
кәсіпорынның жиынтық инвестициялық портфелін қалыптастыру жүзеге
асырылады (нақты немесе қаржылық инвестициялар портфелін). Сонымен
қатар, қаржы менеджерлерінің менталитетіне (олардың жол берілетін
қаржылық тәуекелдер деңгейіне қатынасы) сәйкес оларды қалыптастыру
қағидалары анықталады, содан соң, жиынтық инвестициялық портфель
табыстық, тәуекел және өтімділік деңгейлері бойынша жалпы бағаланады.
Кәсіпорынның қалыптастырылған инвестициялық портфелі оның алдағы
кезеңде жүзеге асырылатын инвестициялық бағдарламаларының жиынтығы
ретінде қарастырылады.
9. Инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруды жеделдету жолдарын
қамтамасыз ету. Жүзеге асыруға белгіленген инвестициялық
бағдарламалар келесілерге байланысты мүмкіндігінше тез орындалуы
тиіс: ең алдымен, әрбір инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырудың
жоғарғы қарқыны кәсіпорынның жалпы экономикалық дамуының
жеделдетілуіне әрекет жасайды; сонымен қатар, инвестициялық
бағдарлама қаншалықты тез жүзеге асырылса, пайда және амортизациялық
аудармалар түріндегі қосымша таза ақша ағымы соншалықты тез
қалыптасады; инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асырылуының
тездетілуі қарыз қаражатын пайдалану мерзімін қысқартады (соның
ішінде,қарыз қаражатын тартумен қаржыландырылатын нақты инвестициялық
жобалар бойынша да); инвестициялық бағдарламаларды тез жүзеге асыру
инвестициялық нарықтық жағымсыз өзгеруімен және сыртқы инвестициялық
ортаның нашарлауымен байланысты жүйелік инвестициялық тәуекел
деңгейін төмендетуге әрекет жасайды.
Нақты және қаржылық инвестицияны жүзеге асыру ерекшелігі арнайы қарауды
талап ететін, оларды басқару ерекшеліктерін анықтайды.
2 бөлім. Қазақстан Республикасындағы өңдеу өнеркәсібінің инвестициялық
әлеуеті және инвестициялық үрдістердің дамуындағы мемлекеттің рөлі
2.1. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық әлеуеті.
2005-2015 арналған инвестициялық даму стратегиясы өңдеу өнеркәсібінің
негізгі бағыттары мыналар екенін көрсетеді:
- орташа жылдық өсу қарқының 8 - 8.4% - ке қамтамасыз ету.
- 2015 жылы 2000 жылмен салыстырғанда еңбек өнімділігін үш есеге дейін
арттыру және ЖІӨ-нің қуаттылық сыйымдылығын екі есе төмендету
- негізгі қорлардың өнімділігін арттыру
- кәсіптік климатты, қоғамдық институттардың құрылымы мен құрамын
қалыптастыру. Олар жеке секторды ынталандырады, бәсекелестік
артылықшылықтарды жетілдіреді.
Қазақстан Республикасының өңдеуші өнеркәсібінің инвестициялық потенциялын
талдау бүгінгі таңда ол стратегиялық жоспарда өте үлкен, бірақ айтарлықтай
әлсіз пайдаланылатынын көрсетеді. Кәсіпорынның қор нарығында қатысуы аз
және акция орналастыру арқылы капитал тартуға мүмкіндік бермейді. Өз
кезегінде нарықтық құны жоқ бола тұра акциялар несиелік ресурстарды тарту
құралы бола алмайды және іс – жүзінде өз иелеріне табыс әкелмейді. Әрине,
шетел инвестицияларының өңдеу өнеркәсібіне деген қызығушылығы да жоғары
емес. Сонымен қатар, кешенде инвестициялық тартылымдылық табиғи монополия
бақылауындағы инфроқұрылымдық компоненттерге (көлік, энергия) өте тәуелді.
Осы саланың инвестициялық әлеуетін білікті менеджерлердің тапшылығы да
төмендетуде. Ірі шетел инвестициялары кем дегенде 3 – 5 жылда пайда
болатындығы мәлім.
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің
мәлімдемелері негізінде келтірілген 1 және 2 кесте өңдеу өнеркәсібіне
келетін тікелей инвестициялар 9,0% құрайтындығын көрсетеді. Бұл көрсеткіш
айтарлықтай төмен және талдау жүргізуді талап етеді.
Экономиканың басқа салаларының дамуына мультипликативті әсер етуі
мүмкін болатын жер қойнауын пайдалануға жеке инвестициялардың үлесінің
маңызы бар. Мұндай әсерді пайдалану мақсатында жер қойнауын
пайдаланушылармен келісім – шарт жасасқанда отандық өндірушілердегі құрал –
жабдықтарды және қосымша бөлшектерді жеткізуге тапсырыстарды өтеу бойынша
қайта өңдеу салаларын құруға және дамытуға табысының бір бөлігін салу
бойынша инвесторлар міндеттемелерін көрсету қажет.
Қызметтің басымды түрлеріне отандық және шетелдің тікелей
инвестицияларының көлемінің өсуі есебінен экономиканың балансталған дамуын
қамтамасыз ету үшін ел Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан
Республикасына 2003 – 2005 жж кезеңіне тікелей инвестицияларды тарту
бағдарламасы жасалды. Оның негізгі бағыттарының бірі - өңдеу өнеркәсібін
дамыту болып табылады.
1 – кесте. 2003 жылдың қорытындысы бойынша тікелей
инвестициялардың құрылымы.
Атауы %
Өндіру салалары 47,0
Жылжымайтын мүлікпен операциялар 18,0
Көлік және байланыс 11,0
Өңдеу өнеркәсібі 9,0
2 – кесте. Өнеркәсіптік обьектілердің құрылысына салынған инвестициялар
құрылымы.
2002ж. 2003ж. 2004ж.
млрд.
тенге млн.
долл. % млрд.
тенге млн.
долл. % млрд.
тенге млн.
долл. % Өнеркәсіп
барлығы
190,7
2435,7
100,0
299,4
2505,1
100,0
440,0
3090,1
100,0 Тау-кен өндірісі
150,8
1926,1
79,1
252,5
2112,7
84,3
355,1
2493,4
80,7 Соның ішінде Мұнай өндіру 138,8 1773,0 72,8
228,3 1910,3 76,3 330,3 2319,2 75,1 Өңдеу 29,3 374,4 15,4
31,4 262,4 10,5 61,2 429,9 13,9 Оның ішінде металлургия 12,2
155,4 6,4 16,7 140 5,6 34,7 243,6 7,9 Тағамдық өнімдер мен
сусындар 9,5 121,5 5 6,6 54,8 2,2 8,1 56,9 1,8 Басқа салалар
7,6 97,5 4 8,1 67,6 2,7 18,4 129,4 4,2 Электр қуатын,газ және
суды өндіру және бөлу 10,6 135,2 5,6 15,6 130,1 5,2 23,7 166,8 5,4
Тәжірибе көрсеткендей, өңдеу саласының кәсіпорындары, әсіресе меншікті
жинақталымдар мен ресурстары жоқ жаңа кәсіпорындар инвестицияларды
қаржыландырудағы сәйкес алдын-ала шаралар қалыптастыруды талап етеді.
Олардың ең негізгілері мыналар:
- ақша айналымын сауықтыру;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайын және қаржылық тәртібін едәуір
жақсарту;
- айналым қаржыларын толықтыру;
- салық саясатын жетілдіру;
- нақты секторға қаржы ағымдарын және капитал салымының құйылымдарын
рационализациялау;
- кәсіпорындар нарықтық суьеті ретінде қалыптасатын жағдайларды жасау.
Инвестицияларды қаржыландыру көзі ретінде пайда және амортизациялық
аудармалардан басқа мына төмендегілер қатысуы тиіс:
- негізгі қорлардың бір бөлігін сату арқылы қайта қаржыландыру;
- артық айналым активтерінің бір бөлігін инвестициялауға шоғырландыру;
- залалдарды, мүліктік жоғалтулардың сақталу өтемдер;
- басқа да мақсатты түсімдер.
Бұдан , фирманың негізгі инвестициялық- қаржылық көздері, ресурстары
ретінде қарыз қаражаттары да қызмет ететіндігі шығады. Олардан басқа,
экономиканың нақты секторының кәсіпорындарын қаржыландыруда инвестициялауға
қатысушылар арасында табыстарды және тәуекелдерді оңтайлы бөлуді қамтамасыз
ететін концессиялық жүйе қолданылуы мүмкін. Ол инвестициялардың құйылымын
айтарлықтай арттырады.
1-схема.Өнімді бөлу схемасы.
Іс жүзінде ,Қазақстанда Ө.Б.К. (өнімді бөлу туралы келісімдер)
режимінің қажеттігі туралы кең пікір-таластың да орны бар. Осы келісім-
шарт түрінің қарсыластары ол көп инвестиция тартуға мүмкіндік бермейді
және салықтық түсімдерді азайтады деген дәлелдер келтіреді.
Біз мемлекет пен шетел инвесторларының мүдделерінің балансын
сақтауға мүмкіндік беретін мүмкін болатын салық режимдерінің кең сектрын
ұсынуымыз қажет. Әлемдік тәжірибеде тұрақты табыс өнімге жоғары баға
деңгейінен емес, ал оның өндірісіне шығындарды төмендетумен қамтамасыз
ететінін көрсетеді.
Сонымен қатар , Ө.Б.К. режимінде көптеген түсінбеушіліктер бар.
Бұрын жасалған Ө.Б.К.-ң талдамасы мердігердің капитал шығынына бақылаудың
тиімді механизімінің жоқтығын көрсетеді.Сондай-ақ, сол кезеңде нормативтік
базаның жетілмеуімен және осы келісім-шарттарда тәжірибенің жоқтығына
байланысты мұнай операцияларын жүргізген кезде Қазақстандық тауарлар,
жұмыстар және қызмет көрсетулер тартудың нақты жағдайлары жоқ.
Өнімді бөлу туралы келісімдер өзге азаматтық келісім-шарттарға
қарағанда өзінің ерекшелігі бар. Олар ұзақ мерзім кезеңінде жақтардың
қатынасын реттейді. Оларда уақытқа байланысты өзгеретін көптеген
көрсеткіштерге тәуекелді болатын белгілі бір үлгілер жасалады.
Сонымен қатар, Қ.Р.-ң “өнімді бөлу және келісімдер туралы” заң
жобасының тұжырымдамасы негізінен мұнай өнеркәсібі кәсіпорындарын қамтиды.
Сондай-ақ ӨБК тәжірибесін өңдеу салалары үшін жетілдіру де маңызды. Тек
аталған заң өңдеуші салық кәсіпорындарына ішкі инвестициялардан бас
тартпай, тікелей инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.
2.3. Инвестициялық жобаны талдау.
1. қаржыландырудың қажеттігі.
Біз барлық инвестицияны 45 мың доллар деп бағалап отырмыз, оның
ішінде:
- 15мың АҚШ доллар – бөлмені және жер учаскесін жабдықтау үшін
Меншікті ресурстар есебінен жабылуы мүмкін
- 30мың АҚШ доллар – ұн жасайтын жабдықтар сатып алуға – Банк Несиесі
есебінен
2. Болжанған сатылымдар.
100% жобаның орындалуы кезінде сатуды шамамен 65мың АҚШ долларын
құрайды құрайды деп болжайық. Есептеу жүргізгенде бірінші жылы кәсіпорын
80%-ке жетеді деп ұйғардық.
Сатылымдардың болжануы:
- жұмыс режимі – күніне 8 сағат
- 260 күн жылына
- Номиналды өндірістік қуат:
- 200кг бидайсағат
- К.П.Д. (шығару проценті):
- 85% ұн
-10%
- Сату бағасы:
Ұн - $ 0,3кг
Ұн наннан кейінгі қалдық $ 0.08
Есепті біз оңайлату үшін тек бидай ұны мен ұннан кейінгі қалдықты
және қызмет көрсетуге натуралды төлем ретінде жалпы көлемнің 20% мөлшерінде
алынған ұнды сатудан түскен түсім.
Осылайша қайта өңделген бидай жылына мынаны құрайды:
200кгсағ * 8сағ * 260 күн=416 тжыл
Сату көлемі:
Өзі өндірген ұн: 416тжыл*50$*85% (шығару % )*$0,3кг = $53040
Өзі өндірген ұннан кейінгі қалдық:416тжыл*50$*10% (шығару % )*
$0,08кг = $1664
Натуралды төлем бойынша ұн:
416тжыл * 50$ * 85% * $0,3кг * 20%нат.төл = $10608
Натуралды төлем бойынша ұннан кейінгі қалдық:
416тжыл * 50$ * 10% * $0,08кг * 20%нат.төл = $333
сату көлемі 100%=$65645
сату көлемі 1-ші жылы 80%=$52516 (=0.80*$65645)
3.жылдық өндірістік шығындар.
I.Жылдық өндірістік шығындар(100%)
Жылдық өндірістік шығындар ( 100% өндірістік қуатпен жұмыс
істегенде)=операциялық шығыстар+аморттық аударымдар.
1. операциялық шығыстар бағаланғанда мыналарды ескердік:
- бидай сатып алу (ұн шығындарын 50% жұмыс істегенде)
200кгсағ * 8 сағ* 260 күн * 50%*$0.1кг=$20800
Бидай сатып алу =$20800
- жалақы :
(2ұн шығарушы + 1 басшы) *$150ай *12 ай=$5400
(2біліксіз маман) * $100ай * 12 ай=$2400
(1 механик) * $150ай *12ай =$1800
Жалақының барлығы=$9600
Әлеуметтік салық $9600*21%=$2016
ЖЗҚ-ға міндетті за жарнасы $9600*10$=$960
Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдемақы $9600*1.5%=$144
Жалақы қорытындысы=$12720
Коммуникациялық қызметкерлер:
Электр энергиясы=12кВт*8сағ*260күн*$0.03к Вт=$749
Су, канрлизация=$600
Коммуналды қызметкерлердің барлығы=$1349
Өткізуі бойынша шығындар-транспорт:
$10трансорт*260 рейсжыл=$2600
Транспорттық қызметкерлердің барлығы =$2600
Басқа да шығындар:
Жөндеу,қамтамасыз ету,т.б.=$1000
Әкімшілік шығыстар=$1000
Басқа шығындардың барлығы=$2000
100% жұмыс жасағанда операциялық шығындардың барлығы=$39469
2. %-р бойынша шығындар:
несие сомасы=$30000
жылдық %-к ставка=25%
%-рді тоқсан сайын және жыл сайын төлеу туралы ақпараттар VI.5 қосымша
келтірілген.
Салықтар ,туралы ережеге сол сияқты, тек Лондондық банк арқылы
нарық (Либор) ставкасы шегінде %-к төлемдер +осы ставкадан 100%сомасы
шегерілуге жатқызылады(өнімнің өзіндік құны), егер кредит волютада алынса.
Сол кезде Либор=6% деп болжайық. Бұл %-ке төлемдер несие сомасынан тек12%
(6%+6%) шегінде ғана өндірістік шығындарға кіріктірілетінін көрсетеді.
%-к төлемдер әр жылы бірдей бола бермейді, себебі бұл төлемдер
несиенің өтелмеген сомасына аударылады. өндірістік шығындарды есептегенде
біз әрбір жеке кезеңге несиенің өтелмеген сомасынан 12% бөлек есептейміз
және осы %-к төлемдерді өндірістік шығаруларға кіріктіреміз, ал қалған
бөлігін (25%-12%=13%) алдағы кезең табыстарын(пайданы) пайдаланудың шотына
жатқызуға тура келеді.
%-р төлеу есептеу
%-к төлемдер Өзгерістік құнға Таза табысқа %-к
төлемдер
барлығы %-к төлемдер(12%) (13%)
1жыл- $7396 3550 3846
2жыл-$6041 2900 3141
3жыл-$4375 2100 2275
4жыл-$2707 1299 1408
5жыл-$1043 501 542
3.Амортизациялық аударымдар есептеу
негізгі құрылғылардың бастапқы құны-$45000
Амортизациялық аударымдар нормасы негізгі құрылғылардың әр тобына әр
түрлі .Жалпы амортизациялық аударымдар негізгі құралдардың бастапқы құнының
5%-н құрайды деп алайық. Яғни, амортизациялық аударымдардың жылдық нормасы:
0.05*$45000=$2250
Амортизацияның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz