Халықаралық туризм туралы


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ТАРИХИ ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

1. 1 Халықаралық туризмнің мәні мен маңызы. …. … . . . 6

1. 2 Халықаралық туризмнің тарихи дамуы мен қазіргі жағдайы. 8

1. 3 Халықаралық туризмнің дамуындағы мәселелері. . . . 16

2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РӨЛІ

2. 1 Қазақстандағы туристік компаниялардың халықаралық операциялары……. 22

2. 2 Қазақстандағы туризм дамытуының өзекті мәселелері. 28

2. 3 Халықаралық туризмдегі Қазақстанның қызмет атқаратын рөлі32

2. 4 Қазақстан Республикасындағы туристік компания қызметтерін тиімді жетілдіру жолдары46

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

3. 1 Қазақстан Республикасындағы туристік кешенін басқару51

3. 2 Қазақстан Республикасындағы туризмді дамыту стратегиясы55

3. 2. 1 Туристік саланың дамытудың 2009-2011 ж. Арналған бағдарлама . . . 58

3. 3 Қазақстандық туризмнің мәселелерін шешу жолдары . . . 59

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 65

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 68

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда халықаралық туризм әлемдік деңгейдегі маңызы бар мәселелердің бірі болып табылады. Себебі туристік сала дүниежүзілік жалпы ішкі өнімнің 10 %-ын құрып отыр. Туризм сферасында 250 мыңнан астам адамдар жұмыс істейді. Глобальдық масштабта алсақ, туризмнен келетін түсім 4 триллион долларға дейін жетеді. Ал барлық мемлекеттерге туристік бизнестан 800 миллиард доллардан астам салық түсімдері келеді.

Туризм - кейiнгi жылдары елiмiзде жанданып келе жатқан салалардың бiрi. Бұл сала экономикамыздың әжептеуiр пайда әкелетiн тармағына айналып келедi. Туризм сөзінің мағынасы өте тереңде жатыр және кең мағынада айтылады. Туризм - француз тілінен аударғанда, tourisme, tour - серуен, жол жүру, саяхат деген мағынаны білдіреді. Туризм мен саяхат қонақжайлылық индустриясының айырылмас бөлігі болып табылады. Саяхат - туризмнің басты тақырыбы. Уақыт мерзімі, арақашықтық, тұрғылықты орны, мақсат және келудің ұзақтылығы - мұның бәрі туризмнің айрықша элементтері ғана. Бүтіндей алғанда, туризм көп мақсатты феномен, біздің еліміздің саясаттық, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және мәдениеттік қайта құбылуына әсер ететін факторлардың бірі, алыс саяхаттағы экскурсиялар, белгілі бір құпиялар, экзотикалық жерлерді көру, кәсіпкерлік жұмыстары және тағы басқа сұрақтарды қамтиды.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Көптеген елдерде туризм индустриясы ел бюджетінің негізгі үлесін құрайды, және сол елдің экономикасы тек бір салаға ғана, яғни туризм саласына ғана бағытталған. Біздің еліміз басқа елдерден кем емес, тіпті олардан артық деп асырып айтсақ та қателеспейміз. Осындай тамаша табиғаты бар, ежелден келе жатқан дәстүрі мен мәдениеті, қонақжайлылығы және тағы басқа жақсы жақтары бар еліміздің туризмін неге дамытпасқа?

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Халықаралық туризмнің тарихи даму эволюциясын қарастыру, тақырыптың маңыздылығын дәлелдеу, дүниежүзілік туризмнің қазіргі жағдайдағы мәселелерін талқылай отырып, шешу жолдарын қарастыру, халықтың тұтыну таурларын өндіру, туризм индустриясының қазіргі жағдайын зерттеу, туризм индустриясының экономикаға тигізетін әсерін зерттеп, туристік әлеуметтік қызметін анықтап, қазақ елінің ұлттық мәдени мұрасының құндылықтарын, табиғат әсемдігін таныту үшін шетелдерге таныстырудың бірден бір көзі халықаралық туризмнің проблемалары мен шешу жолдары.

Бұл мақсаттарға жету үшін мына мәселелерді шешу керек:

  • ел экономикасында туризм саласының орнын анықтау;
  • халықаралық туристік-индустриалдық жағдайын зерттеу;
  • елдегі туристік қызметтер түрлерінің даму болашағын көрсету;
  • туризм инфрақұрылымын дамыту;
  • елдің тартымды туристік имиджін қалыптастыру;
  • туристік әлеуетті арттыру;
  • туризмді мемлекеттік реттеу мен қолданудың тиімді тетігін жасау.

Зерттеу объектісі. Халықаралық туризмнiң даму салдарынан туризм индустриясы өзiнiң жанама қызмет түрiнiң кең жүйесiмен европалық елдерде ары қарай дами түсетiн Ұлттық экономикалық, халықаралық туризммен ерекше байланыстағы қызмет көрсету саласына айналғанын зерттей отырып, дамыту.

Зерттеу пәні. Халықаралық туризмнің даму болашағы - қазақ жастарының қолында, осы туризмді дамыта отырып Қазақстанның көркем және әсем жерлерін басқа елге таныта алады, яғни Қазақстанның ұлттық мәдениетін, табиғи көрікті жерлерін, демалыс орындарын, шетелдерге паш ету.

Болжам. Экономика, саясат, мәдениет, өнер, білім, ғылым мен қатар туризм де қазіргі заманның ең маңызды бөлігі болып табылады. Оның экономикалық маңызын бағалау қиын. Қазақстан - ежелгі және қазіргі заманмен көршілес тұратын, Еуразияның ортасында орналасқан ірі мемлекет. Сонымен қатар шығыс салт-дәстүрлері батыстың модернімен іргелесіп жатыр. Қазақстанның ежелгі мәдениеті және теңдесі жоқ табиғатымен туристерді таңқалдырады. Сонымен қоса, біздің елімізде туризмнің дамуына бүгінгі күні атқарылған жұмыстар аз емес, яғни туристік кәсіпорындардың атқаратын жұмыстары, инфрақұрылымды дамыта отырып, басқа мемлекеттер арасында белгілі бір дәрежеге, жетістікке жету.

Туризм - бизнестің ең табысты да, қарқынды дамып келе жатқан түрлерінің бірі. Бұл индустрияның үлесіне әлемдік тауарлар мен қызметтер экспортының 8%-ы сәйкес келеді.

Туризмнің дамуы - болашақтағы экономикалық жағынан өте тиімді жаңа әлемдік нарықтық шаруашылықтың бір бөлігі, себебі экономикалық құбылыс ретiнде қазiргi туризм индустриалды түрде көрiнiп, ұлттық экономиканы дамытуды жеделдететiн катализатор, жаңа жұмыс орнын құрушы, ұлттық кiрiстi өсiрушi, жергiлiктi инфрақұрылымды дамытушы және жергiлiктi халықтың тұрмыс жағдайын көтерушi болып табылды. Туризм индустриясы жоғары деңгейдегi тиiмдiлiгiмен және оған салынған инвестицияның тез қайтарымдылығымен ерекшеленедi. Жұмыс құрылымы зерттеудің мақсаттары және міндеттерімен анықталған.

Қазіргі туризм - бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған бара-бар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғарғы сортты бидайды әлемдік нарыққы шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17, 5 доллар жұмсайды. Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тіреу болса, ал туризмді дамыту - ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.

Халықаралық туризм жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:

  1. Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.
  2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда пайда болатын жұмыс орындары, туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.
  3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.

Туризмнің жылдам және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторлары мен қоғамның әл-ауқатына күшті әсерін назарға ала отырып, мерзімдік даму бағдарламасында туристік саланы басымдық ретінде белгіледі.

Халықаралық туризмнің Қазақстандағы рөлін айта кетсек өте зор. Өйткені кез келген мемлекеттiң халықаралық байланыстар мен экономикасын дамыту барысында ұсталар бiрден бiр жолы туризм. Туризм мәселелерiне елiмiз бiздiң Қазақстанда да мейлiнше оңды көзқарас қалыптасып келедi.

Сонымен мемлекет халықаралық әлемдік туристік нарық жүйесіне кіруіне, қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы мен мемлекет экономикасының кіріс секторы шеңберінде халықаралық кәсіпкерлік ынтымақтастықтың маңызды саласы ретінде бәсекеге қабілетті туристік индустрия құруға жәрдем ететін болады, сондай-ақ мемлекеттік бизнестің кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетуі, туризм инфрақұрылымын қалыптастыруды мемлекеттік жеке әріптестік ықпал етіп, жүзеге асыруда деген сенімдеміз.

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ТАРИХИ ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

1. 1 Халықаралық туризмнің мәні мен маңызы

Туризм қазіргі уақытта жоғары мөлшерде кіріс кіргізетін және экономиканың тұрақты бір саласы екені белгілі жағдай. Туризм саласында 250 млн. астам адам жұмыс істейді, басқаша айтқанда, әлемдегі әр 10-шы жұмысшы осы салада. Оның үлесіне инвестицияның жалпы көлемінің 7%-ы, әлемдік тұтынушылар шығындарының 11%-ы, барлық салық түсімдерінің 5% және әлемдік сауда қызметтерінің үшеуі кіреді. Туризм әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы болып алға шығып, шаруашылықтың, көлік және байланыс, сауда, құрылыс, ауыл шаруашылығы, халықтық тұтыну таурларын өндіру және т. б. көптеген секторларына зор ықпалын тигізеді.

Халықаралық туризм - бұл өте күрделі және сирек кездесетін құбылыс. Бәрімізге белгілі, мемлекеттін сыртқы экономиканың байланысы айырбастың әр түрлі формалары арқылы іске асады: аманат кассасындағы ақша, шетелдік салымдар, халықтардың көшіп қонуы, мәдениет төңірегіндегі айырбас, сауда қызмет көрсету және тағы басқалар.

Қандайда бір ел болмасын оның ең күрделі экономикалық іс-әрекеті сыртқы экономикалық айырбас, жеке алғанда, нетижесі валютамен түсетін сыртқы сауда. Халықаралық сауда секілді халықаралық туризм экономистерді ішкі туризмнен бұрын қызықтыры бастаған. Олар, туристік қозғалыс төлем баланысына тауар айырбасы секілді әсер етеді деген қорытындыға келді. Сондықтан да, халықаралық туризмді сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі деп білген жөн, яғни ол сыртқы сауданың арнайы бір түрі болады. Халықаралық туризм халықаралық қатынастардың бір түрі ретінде шетел туристеріне кең көлемде мәдени және рухани қажеттіліктерін өтеуге бағытталған туристік қызметтер көрсетеді.

Халықаралық туризм сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі болғанымен, бірқатар өзіндік ерекшеліктері де болады. Халықаралық туризмнің өсуінде әлеуметтік-экономикалық факторлардың ерекше маңызы бар. Оның ішінде басты орын алатыны-ұлттық табыс. Ұлттық табыстың өсуі мен саяхаттардың көбеюіне өзара байланыстылығы әбден қисынды жән Халықаралық туризмде саяхаттаушы тұлғалардың өз тұрғылықты жерінен шет елдерге туристік мақсатпен шығуын қамтиды. Мемлекеттік шекараны кесіп өтуі олардың белгілі бір құжаттарды алуымен байланысты: халықаралық паспорт пен виза рәсімдеу, кедендік процедуралардан өту, валюталық және дәрігерлік қадағалаудан өту. Бұл ережелерді мемлекет заңсыз миграциямен, халықаралық терроризммен, наркотик саудасымен күресу мақсатында және елге кіру мен одан шығу тәртібін сақтау үшін енгізеді. Арнайы қызметкерлер саяхаттаушы тұлғалардың паспорт, визаларының дұрыс болуын тексереді, медициналық талаптарға сай егілгенін, шекара арқылы заттардың, валютаны өткізу ережелері мен шарттарын және ақша айырбастау операциясынан өткендігін қадағалайды. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.

ДТҰ туристік құжаттарды толтыруды қысқартып, реттеуіне ерекше маңыз бере отырып, жаңадан ұсыныстар жасап, оны қабылдады.

-паспорт формальдылықтары:паспорт қызметін бір орталықтан босату; шетелдік паспорттарды жасаудың жұмыстарын реттеп, мерзімін қысқарту;

- виза формальдылықтары:рұқсатсыз кіру үш айға дейін; визаның мерзімін 12 айға дейін ұзарту және бірнеше сапарларға рұқсат ету мен көліктің кез келген түрін пайдалануға болатындығы; туристердің азаматтығына қарамастан, бірдей консульдық жинақты бекіту;

Халықаралық туризмде саяхаттаушы тұлғалардың өз тұрғылықты жерінен шетелдерге туристік мақсатпен шығуын қамтиды. Мемлекеттік шекараны кесіп өтуі оларды бірақ та туристік саяхаттың көбеюі - адамның жақсы тұрмысына ғана тәуелді емес, сонымен қатар бос уақыттың ұзақтығына да байланысты. Соңғы 15-20 жылдарда Еуропа елдерінің көбінде адамдардың бос уақыты едәуір ұзарды. Төленетін жылдық демалыстың ұзаруы қазіргі болып жатқан ғылыми - техникалық революцияға байланысты болып отыр, өйткені онда ақыл -ой еңбегі артады, өндіріске және тұрмысқа ынта қою күшейеді, қоршаған ортаның жағдайы нашарлайды.

Халықаралық туризмнің өсуіне әсерін тигізетін әлеуметтік -экономикалық факторларға жатқызуға болатындар:халықтың білімі мен мәдениет деңгейінің жоғарлылауы және эстетикалық талғамының өсуі. Халықаралық туризмнің көтерілген шағы XX ғасырдың ғасырдың 30-шы жылдары болды, бұл кезде индустриалды дамыған елдер жалдаған жұмысшылардың еңбек жағдайын реттейтін заңдар қабылдады.

Халықаралық және ішкі туризмнің айтарлықтай айырмашылығына қарамастан, олар бір бірімен өте тығыз байланысты. Ішкі туризм халықаралық туризмнің катализаторы болып табылады. Ол жаңа рекреациялық ресурстар мен аймақтарды игеруге, базалық туристік инфрақұрылымның қалыптасуына, мамандардың дайындығына және әлемдік туристік кеңістікті құруға ықпалын тигізеді. Халықаралық туризм, тіпті елдер арасындағы сәл ғана болатын шиелініске де, өте сезімтал келеді.

Халықаралық туризмнің тағы бір ерекшелігі оның экономикалық маңызға ие болуы және халықаралық туризмнің елдің төлем балансына қандай ықпалы бар екендігін ашып көрсететіндігінде. Шетелдік туристер, тауар мен қызметке төлей отырып, қабылдап отырған елдің бюджетін толтырады және оның төлем балансын активтендіреді. Сондықтан шетел туристерінің келуі активті туризм атына ие болған. Керісінше, туристердің өз тұрғылықты тұрған жерінен басқа елге шығуы, елдің ұлттық ақша бірлігінің ағып кетуіне әкеліп соғады. Осы сияқты туристік операциялардың халықаралық төлемдерді елдің пассивті төлем балансында бекітіледі - олар туристерді шығарушылар, ал туризмнің өзі пассивті деген атқа ие болады. Пассивті және активті деп бөлу тек халықаралық туризмге қатысты, ал ішкі туризмде бұндай ұғымдар жоқ.

Халықаралық туризм екі түрлі формада болады - кіру және шығу, олар туристік ағымның бағыты бойынша айрықшаланады. Бір турист кіруші де, шығушы да болып жіктеле алады, ол оның қай елде жүргеніне байланысты. Туристің кетіп бара жатқан тұрғылықты жерінен, баратын, белгіленген елін ажыратады. Бірінші жағдайда шығу туралы, ал екіншіде - кіру туризмі туралы айтылған. Бұл терминдер сапардың басында шетелдік саяхатқа қолданылады.

1. 2 Халықаралық туризмнің тарихи дамуы мен қазіргі жағдайы

Туризм және туристік қызмет туралы ілімнің дамуы, туризмнің тарихымен тығыз байланысты. Туризм ілімімен ежелден бері ғылыми пән ретiнде саяхатшылардың өздерi айналысқан, және олардың жазбаларын «туризм›› ғылымы сол кезеңдегi туризмге сай сипатталған. Сондықтан, туризм ғылымының тарихи фундаменттiк дамуын қарастырған. Оның басты мәселелерiн шешу және оның басқа ғылымдар арасындағы мәселенің қаншалықты екендiгiн бiлу маңызды.

Халықтар әрқашан және әрдайым саяхаттаған. Орта және Таяу Шығыс Азия және Жерорта теңiзiнiң манайын мекендеген, ежелгi халықтар өздерiнiң саяхаттары туралы жазба мәліметтерiн қалтырған. Бұл тарихи мәлiмдемелер жаулаушылықтар мен сауданы кеңейтуден басқа Греция, Рим және Қытай сияқты елдерiнiң атақты топтарының өкiлдерi көңiл көтеру үшiн, сонымен қатар сауда немесе дипломатиялық мақсаттарда, саяхаттауға жиi шығып отырғандығын байқатады. Мысалы, Геродот өзiнiң қысқа мерзiмдi сапарлары мен ұзақ саяхаттары туралы маңызды қолжазбалар қалдырған. Осыған ұқсас, өмiрдi сипаттау мазмұнындағы және тарихи бағыттағы, әдебиеттерде басқа елдердiң саяхатының философиялық мағынасы, тiлi, дiнi көркем өнерi, салт-дәстүрi, жергiлiктi тұрмыстық ерекшелiктерi мен халқының қонақжайлылығы қарастырған. Туристiк саяхат сауда-саттық сапарлары жойыла бастаған кезде пайда болады деуге болады. Ең бiрiншi саяхат жасаған адам Египет ханшайымы Хат, ең алғаш осы ханшайым хош иiстi. әйгiлi Пунт елiне бару үшiн саяхат жасайды. (1501-1484 ж) . Осыдан 200 ж. бұрын Египетшi Синухит шығыстағы Кедем елiне саяхат жасайды. Б. э. д. VI ғасырда Египетшi Неахо 3 жылға африкаға саяхат жасайды.

Рим және Грек елдерiнде осыдан 2300 ж. бұрын туристерден келетiн қаржыны есептей бастаған. Грек саяхатшысы Ксенофонд Перей Грек портында сауда орталығын, мемлекет әрлерiн отырғызу керек, олар мемлекетке көп пайда әкеледi деген. Осы Гректер мен Римдiктер басқа елдерге бару үшiн танымдық, елдiк, сауықтыру мақсатында саяхат жасады.

Келе Грек саяхатшылары б. э. дейiнгi VIII ғасырда саяхат жасай бастаған. Әр саяхат барысында көрген жақсы орындарды өз елiне әкелiп салып, әдет-ғұрпын жеткiзiп отырған. Орта ғасырда туристiк қозғалыс бәсеңдей бастады, Рим империясы құлағанына байланысты. Тек б. э. д. VII және VIII ғасырда туризм дiни мақсатта дами бастады.

Дiни мақсаттағы туризмде саяхатшылар Еуропа елiнiң көптеген киелi, қасиеттi жерлерiне бара бастады. (Италия, Испания, Палестина) . XVIII ғасырдың басында Европада сауықтыру, танымдық мақсатта сапалы саяхаттар тірi пайда болды. XVIII ғасырда Европаның кей мемлекетiндегi мектептерде жаяу саяхатқа, серуенге шыға бастады. Еуропада XVII ғасырда «Ұлы тур›› атты мектеп бiтiрушi жастарға арналған ұйым атқарылды.

Осы Ұлы турда мектеп бiтiрушiлер 2-3 жылға басқа елге саяхатқа кетiп отырған. Осыдан 150ж. бұрын жалпы саяхат Англияда өтiлдi. Осы саяхатты ең алғашқы Ұйымдастырушы Томас Кук болған.

Томас Кук - ең алғашқы саяхат менеджерi. (1845ж) Томас Кук Лейстер қаласынан Лафборо қаласына саяхат жасаған.

1845 ж. Томас Кук Ливерпульге саяхат Ұйымдастырды.

1847 ж. Томас Кук Туристiк қоғам ұйымдастырды. Осы ұйым Англиядан басқа елдерге жiберiп отырған.

1863 ж. Томас Кук 1-рет болып тур фирма ұйымдастырды. Осы ең 1-тур фирмаға Швейцарияға саяхат жасады.

1865ж. АҚШ-қа 1867ж Квейкерсити теңiздiк-туристiк саяхат ұйымдастырды.

1882 жылы Томас Кук бүкiл дүние жүзiне айналу саяхатын жасады. Томас Кук ең алғаш рет туристiк ерекше жетiстiкке қол жеткiздi. Томас Кук турының алғаш менеджерi болып саналды.

Европадағы халықаралық тур ортғасырдағы болып Англия, Швейцария, Германия, Франция, Италия, Чехия елдерi болып саналады.

XVIII ғасырда әр түрлi мақсатта саяхат жасаушыларда туристер деп атала бастады. 1857 жылы алғаш рет Лондонда әр елден тауға саяхат жасаушылар бiрiгiп Англия-Альпiлiк клуб ашты. Оның артынша 1862 ж. Австралия - Альпiлiк клубы ашылды. XX ғасырдың I жартысында халықаралық және ұлттық тур одан әрi басқа елдерде дами бастады. Бiрақ экскурсия және туристiк саяхаттар тек белгiлi бiр халық үшiн ғана мүмкiн болып отырды.

I және II Дүние Жүзiлік Соғыс арасында, туристiк бағыттар iшкi және сыртқы өзгешелiктерге ие бола бастады II дүние жүзiлiк соғыста халық аралық туризмдi күрт төмендеттi. 1848 жылы Японияға шет елдiк туристiк сапарға шығуға рұқсат етiлдi.

Россияда ең алғаш туризмдi дамытуға Петр 1 үлкен үлес қосты. Ол 1713 жылы емдiк минералды көздердi ашуға бұйрық бердi. 1719 жылы Ресейдiң алғшқы курорттық шаруашылық даму жылы болып есептелiнедi. Осы кезде Кавказ минералды суы (1803 ж) ашылды. 1805 жылы Липецк, Старая русса, Сергейвск сияқты курорт. 1838 жылы Юрмала курорты ашылды. 1814 жылы Россия мен Қырым арасында темiр жол салынып, туристік қор қатты нығайды.

XIX ғасырда Ресейде емдiк мақсаттағы туризммен қатар тау туризмiн де дамыды. Кавказ тауындағы Эльбрус және Казбек шыңында тау туризмi дмыды. әсiресе XIX ғасырдың 80-жылдарында тау туризмi күрт көтерiлдi. Петербург, Москвада, Владикавказда, Петигорск, Сочиде, Верныйда, Ресейлiк туртуристiк қоғамдық бөлiмдерi ашылды. Оны құрушылар белгiлi ғалымдар Амучин, Вернадский, Семенов Тянь-Шаньский болды.

Советтiк Ресейде көпшiлiк туристердің дамуы В. И. Лениннiң 1919 жылы март айында 8 сағаттық жұмыс күнi, демалысқа ақша төлеу, денсаулық сақтау және мемлекеттiк курорттар сонымен қатар демалыс үйлерiн, ұйымдарын ашу тур. декретке қол коюы себепкер болды.

КСРО-дағы туризмнiң дамуын 4 үлкен кезеңге бөлуге болады:

1. Қайта өрлеу және құрылымдық ұйымдарының қалыптасуы (20 жылдың басы - 1936 ж) .

2. Туризм мен экскурсияны кәсiподақтың басқаруы және туризм индустриясының құрылу алғы шарттары. (1936-1969 ж. ж) .

3. Туризмнiң қарқынды дамуы және оның халыққа қызмет етуде үлкен салаға айналуы (1961-1991 ж. ж. ) .

4. Туризмнiң ТМД елдерi бойынша дамуы (1991 ж қазiргi уақытқа дейiн) .

VII-VIII ғ. ғ. отарлау және арабтар мен европалықтардың (оның iшiнде Марко Поло - XIII ғ. ) географиялық ашулары кезеңiнен саяхат туралы көптеген жазбалар сақталған. Бұл қазiрге дейiн қажет болып келе жатқан асыл мұра болып табылады. Мысалы, ақын Баско, XV ғасырда Японияға барғаны туралы мемуар жазып қалдырған болатын, ал ол қазiрде туристер үшiн өте қажеттi анықтамалық материал болып отыр. Бұл кезеңде туризмнiң танымдық маңызы болған жоқ, негiзiнен маңызы жоғары адамдар және делегациялармен кездесуге, сонымен қатар қасиеттi орындарға баруға бағытталған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының туризм саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері
Халықаралық туризм: анықтамасы, негізгі түсініктері және атау сөздері
Халықаралық туризмнің тарихи даму эволюциясын қарастыру
Қазіргі таңдағы әлемдік туризмнің даму жағдайы
Халықаралық туризм аймақтық дамытудың факторы ретінде
Туризмнің экономикалық қызметтері
Қазақсттаның негізгі туристік игерілетін аймақтары
Халықаралық туризмнің тарихы
Іскерлік туризм жайлы
Дүниежүзілік туристтік ұйымдағы Халықаралық туризм
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz