Инфляция процесі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 ИНФЛЯЦИЯНЫҢ МӘНІ, ТҮРІ ЖӘНЕ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ

1.1 Инфляцияның экономикалық түсініктемесін беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Инфляцияның туу себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3 Инфляцияның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

2 ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОРНЫ ОНЫ ТОҚТАТУДЫҢ ШАРАЛАРЫ ҚР.ДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ДАМУ ПРОЦЕСІ

2.1 Инфляцияның әлеументік экономикаға әсері және оның азайтуына қолданатын шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯ ПРОЦЕСІ

3.1.ҚР.ғы инфляция процесі даму барысы оны шешудің түрлі жолдары ... ... ...20


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Инфляция термині латын сөзі inflatio – ( вздутие) – қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1860 – 1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кету процесін білдірген. ХΙХ ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес өкіметінің экономиклық әдебиеттерінде 20- жылдардың орта кезінде көрінді.
Инфляцияның жалпы әдеттегі анықтамасы – айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауарбағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін құнсызданған ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляцияға тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол ақшаға ғана тән "ғажайып құбылыс" емес. Ол- күрделі әлеументтік экономикалық құбылыс, оны тұтынушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемаларының бірі болып табылады.
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша жалпылама эквиволент деп қарастыруда. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногінде сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бүзылуы әлі инфляция емес. Инфлятция елдегі баға денгеиінің өсуі. /1/
Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен туындайтын бағананың өсуі ретінде анықталады. Ұзақ мерзімді болашақта, сондай – ақ ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде, инфлияцияның басты факторы ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан түрлі себептері бар.Алайда бұл құблыстың қоздыратын факторлардың комбинациясы жекелеген елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты.
Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақша жатпайтын және ақшалай – монетарлық факторларды бөлуге болады.
Ақшаға жатпайтындары – бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеументтік – саяси сипаттағы ерекшк жағдайлар және басқалары.
Ақшалай факторларға – мемлекттік қаржының дағдарысы – бюджет тапшылығы,мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай – ақ кредит жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде кредит құралдарының өсуі және басқалары жатады.
1. Жатқанбаев Е.Б. Күренкеева Г.Т. Бимендиева Л.А. Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы.Каз ГНУ им. Аль-Фараби.-Алматы, 2006 жыл./249-252 бет/
2. Ілясов. Қ.Қ, Құлпыбаев.С. Қаржы, оқулық ΙΙ-бөлім, Алматы: 2003 жыл. /359-375 бет/
3. Мақыш С.Б. Ақша және ақша айналысы./147-189 бет/
4. Көшенова Б. Ақша, несие, бактер./58-79 бет/
5. Әубәкіров Я.Ә. Экономикс.Оқу құралы. Алматы: Экономика, 1995./135-146 бет/
6. Гордиевич Т.И. Инфляционные процессы в переходной экономике: Генезис и роблемы регулирования:(На примере Республики Казахстан): Университет “Туран”.-Алматы, 1997./189-204 бет/
7. Макроэкономика: Учебное пособие/Под ред. И. П. Николаевой. - Москва: Финстатинформ, 2000./245-257 бет/
8. Жүнісов Б.Ж. Нарықтық экономика негіздері. Оқу құралы. Алматы. 1994./158-176 бет/
9. Саниев М.С. Ақша, Несие, Банктер. Оқу құралы-Алматы: Алматы экономика және статистика институты, 2001./178-189 бет/
10. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер Оқулық-Алматы: Экономика, 2001./69-77 бет/
11. Стоянова Е.С. Финансовый менеджмент в условиях инфляции.-Москва: Преспектива, 1994/197-203 бет/
12. Сембиева Л.М. Социальные аспекты инфляции:/ КазГНУ им. Аль-Фараби.-Алматы, 1995./167-168 бет/
13. Селищев А. С. Макроэкономика. - Москва: Питер, 2001./176-184 бет/
14. Көшенова Б.А. Ақша.Несие.Банктер.Валюта қатынастары. Оқу құралы-Алматы: Экономика, 2000./146-157 бет/
15. Экономикалық теория негіздері. Оқулық.-Алматы, “Санат”, 1998 /158-176 бет/
16. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ Университеті.2000./193-205 бет/
17. Усов В.В. Деньги Москва:Банки и биржи, 1999. Денежное обращение. Инфляция: Учебное пособие.-./186-191 бет/

Газет және журналдар:

18. Казахстанская правда-27.02.2001. 2000-жылдың көрсеткіші.№ 12.
19. Банки Казахстана: ежемесячный финансовый журнал №1 /67/ 2003 год.
20. Банки Казакстана: ежемесячный финансовый журнал №2 /68/ 2003 год.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ МӘНІ, ТҮРІ ЖӘНЕ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ

1.1 Инфляцияның экономикалық түсініктемесін
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Инфляцияның туу
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..6
3. Инфляцияның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..9

1. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОРНЫ ОНЫ ТОҚТАТУДЫҢ ШАРАЛАРЫ ҚР-
ДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ДАМУ ПРОЦЕСІ

1. Инфляцияның әлеументік экономикаға әсері және оның азайтуына
қолданатын
шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 3

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯ ПРОЦЕСІ

3.1.ҚР-ғы инфляция процесі даму барысы оны шешудің түрлі
жолдары ... ... ...20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

КІРІСПЕ

Инфляция термині латын сөзі inflatio – ( вздутие) – қампаю, тұңғыш
рет Солтүстік Америкада 1860 – 1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда
болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кету процесін білдірген.
ХΙХ ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық
әдебеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүние жүзілік соғыстан
кейін жиі қолданылып, кеңес өкіметінің экономиклық әдебиеттерінде 20-
жылдардың орта кезінде көрінді.
Инфляцияның жалпы әдеттегі анықтамасы – айналымдағы ақша
массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына
және тауарбағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым
процесін құнсызданған ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз.
Инфляцияға тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол ақшаға ғана тән
"ғажайып құбылыс" емес. Ол- күрделі әлеументтік экономикалық құбылыс, оны
тұтынушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс
сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің
экономикалық өміріндегі ең өткір проблемаларының бірі болып табылады.
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда
алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша жалпылама эквиволент деп
қарастыруда. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың ұсынысынан артық
болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногінде сұраныс пен ұсыныстың
сәйкестілігінің бүзылуы әлі инфляция емес. Инфлятция елдегі баға денгеиінің
өсуі. 1
Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен
туындайтын бағананың өсуі ретінде анықталады. Ұзақ мерзімді болашақта,
сондай – ақ ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде, инфлияцияның басты
факторы ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің
сан түрлі себептері бар.Алайда бұл құблыстың қоздыратын факторлардың
комбинациясы жекелеген елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты.
Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын айыра білу қажет. Ішкі
факторлардың арасында ақша жатпайтын және ақшалай – монетарлық факторларды
бөлуге болады.
Ақшаға жатпайтындары – бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы,
экономиканың циклдық дамуы, өндірістің монополизациялануы,
инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеументтік – саяси сипаттағы ерекшк
жағдайлар және басқалары.
Ақшалай факторларға – мемлекттік қаржының дағдарысы – бюджет
тапшылығы,мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай – ақ кредит
жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде кредит
құралдарының өсуі және басқалары жатады.
Курстық жұмысымның мақсаты – инфляцияның мәні, мазмұнына, және
түрлеріне толық мінездеме беру, қазіргі кезеңде оның ерекшелігіне
экономикалық әлеументтік салдарына толық тоқталып кету және инфляцияға
қарсы саясаттың қолдануын зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның себептерін қарастыру;
- инфляцияның тежеу шаралары мен әдістерін анықтау;
- Қазақстандағы инфляцияның ерекшеліктеріне көңіл бөлу;
Осы курстық жұмыс негізінен 4 тараудан тұрады.Курстық жұмысты жазу
барысында, қаржы, оқулық II-бөлімІлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Алматы – 2003
жыл. Ақша, несие, банктер және валюта қатынастары, Көшенова Б. Алматы –
2000 жыл. Ақша, несие, банктер, жалпы редакцияын басқарған э.ғ.д.,
професор ҚР ҰҒА – ның корреспондент – мүшесі, Сейітқасымов Ғ.С. Алматы,
экономика – 2001 жыл, әдебиеттер қолданылады.2,359-375 б.

1 ИНФЛЯЦИЯНЫҢ МӘНІ, ТҮРІ ЖӘНЕ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ.

1.1 Инфляцияға экономика жағынан түсініктеме беру.

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның
пайда болуын ақшаның шығуы қызметімен байланыстырады. Инфляция термині
латын тілінен – қабыну, ісіну, көтерілу деген мағына береді. Инфляция -бұл
бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан, тауарлар және қызметтер сапасының
төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу
қабілетінің төмендеуін түсіндіреді. Инфляция бұл кез келген экономикалық
даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Шынында да қауырт жағдайларда,
мысалы, соғыс, революция және сол сияқты кездейсоқ жағдайларда экономиканы
дамыту үшін мемлекеттік шығындарды қағаз ақша шығарумен қаржыландыру ақша
айналымының күрт “көтеріліп”, қағаз ақшаның құнсыздануына әкеп соғады. Оны
әр елдегі соғыс жылдарындағы ақша айналымынан көруге болады. Тұңғыш рет
Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдары Азамат соғысы кезінде “инфляция”
термині пайда болды. Оның соңғы екі жылында доллардың сатып алу мүмкіндігі
60% дейін төмендеген; XIX ғасырдың бас кезіндегі Англияның Наполеонға қарсы
соғысы; 1789-1791ж.ж. Француз революциясы; әсіресе дүниежүзілік соғыстан
кейін Германияда инфляция жоғары қарқынға жетті. Осы келтірілген мәселелер
инфляцияның бұрыннан келе жатқан айрықша құбылыс екенін дәлелдейді.
Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән құбылыс
емес. Ол күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок
шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы.
Инфляция-дүниежүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір
проблемалардың бірі.
Инфляция сұраныс пен ұсыныс баланссыздығын, бағаның өсуінде көрінетін
басқа да ұлттық шаруашылық пропорцияларын түсіндіреді. Бірақ инфляция
кезінде барлық бағалар өседі деп айтуға болмайды. Бір тауарлардың бағасы
өсуі мүмкін, басқа тауарлардың бағалары тұрақты болып қалуы мүмкін, бір
тауарлар мен қызметтердің бағалары басқаларына қарағанда тез өсуі мүмкін.
Осы пропорция негіздерінде сұраныс пен ұсыныс арасында әртүрлі арақатынас
пен әртүрлі икемділік жатыр.3
Инфляцияның мазмұнын әр автор әр түрлі жазып жүр. Мысалы, “Ақша,
несие, банктер” деген, 1998 жылы, Мәскеуден шыққан көлемді оқулықта орыс
тілінде,: “инфляция, бағаның жоғарлағанын, тауардың жетіспеушілігінен
жәнен тауармен көрсетілген қызметтің сапасыздығынан шыққан ақшаның
құнсыздануы, оның сатып алу мүмкін-шілігінің төмендеуі болып көрінеді”
делінген.
Бұл анықтаманың басты кемшілігі, айналымдағы ақша белгілерінің аса
көбейіп кетуінің инф-ляцияға тигізетін әсері көрінбейді.
1999 жылы, Алматыда шыққан “Толық экономикалық орысша-қазақша
сөздікте” инфляция былай сипатталады: “Ақшалай табыстың тауарлар-мен
көрсетілетін қызметтерден асып түсуі, рынокта қаржы активтерінің көбеюі
салдарынан тауарлармен көрсетілетін қызметтер бағасының өсуі”.
Мұндай анықтамадан байқайтынымыз, ең басты мәселе табыстың өсуінде
сияқты. Соның салдарынан айналымда ақша көбейіп кетеді деген ой туады.
Бірақ, бұл да теріс түсінік. Әңгіме табыста емес. Ол өскен жоқ, ал тауарлар
мен қызмет жетпегендіктен, олардың сапалары төмен болған-дықтан, ұсыным
азайып, сұраным көбейгеннен кейін, айналымда ақша көбейген сияқты болып
көрінеді.
Осының бәрін еске алып, инфляция дегенді былай анықтаған жөн дейміз:
“Айналым арнала-рының, артық ақша белгілерімен аса толып кетуінің, тауарлар
мен қызметтердің жетіспеуші-лігінің және олардың сапасыздығының салдары-
нан, ақшаның құнсыздануы, тауармен көрсетілетін қызметтердің бағасының
өсуі, сөйтіп халықтың нақты табысының төмендетілуі”.4

1.2 Инфляцияның туу себептері

Бағаның өсуі және ақшаның шамадан көп шығуы бұл тек инфляцияның сыртқы
көрінісі ғана: Ұлттық шаруашылық пропорциясының бұзылуы, жалпы тепе-
теңдіктің бұзылуы инфляцияның терең себептері. Әлемдік экономикалық
әдебиеттерде инфляцияны және ұлттық шаруашылықты баланс-сыздыққа алып
келетін 3 негізгі күші бөліп көрсетеді.
- қағаз ақша эмиссиясына мемлекеттік монополия, сыртқы сауда
өндіріссіздігі, әскери және басқа шығындар, қазіргі мемлекеттің
функцияларымен байланысты;
- жалақының деңгейіне және мөлшеріне кәсіподақ-тардың монополиясы;
- жеке шығындар мен белгілі бір бағаларға ірі фирмалардың монополизмі.
Осы үш себептер бір-бірімен байланысты және әрқайсысы баланстарды
бұзып, ұсыныс пен сұраныстың өсуіне немесе төмендеуіне алып келуі мүмкін.
Инфляцияға қарсы нақты шара қолдану үшін инфляцияның қайнар көзін білу
керек.
Нарықтық экономикаға тән көптеген басқа көріністер сияқты инфляция
бір мағыналық болып бағаланбайды. Инфляцияның негативті зардаптары біздің
елімізде белгілі. Инфляцияның экономика-лық өсуге себепкер болатыны бізге
онша мәлім емес. Сондықтан инфляцияны жалпы жаман деп, басу, жою керек деп
қарауға болмайды. Ол экономиканы дамыту үшін мемлекеттің қолданатын құралы
болуы мүмкін. Инфляция пайда мөлшері мен бағаның өсуіне әсер етеді, алдымен
конъюнктураны өмірге әкелетін фактор ретінде болады, бірақ мемлекеттегі
экономикалық тұрақсыздықты күшейте-тін тежеушіге айналады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жылжымалы инфляция экономикалық
өсудің қалыпты факторы ретінде қаралады. Себебі олар үлкен әлемдік
экономикалық шығынды алып келеді. Инфля-цияға қарсы күрес ол
макроэкономикалық мәселе болып табылады. Мемлекет алдында мынадай негізгі
мәселелер тұрады: радикалды шара арқылы инфляцияны жою немесе оған
бейімделу. Әр елдер осы дилемманы өздерінше шешеді. Мәселен, АҚШ және
Ұлыбритания инфляциямен активті түрде күресуде, ал басқа мемлекеттер болса
комплексті бейімделетін мемлекеттік шаралар құруда.
XX ғасыр ортасындағы өнеркәсібі дамыған елдерге инфляциялық тенденция
тән. Оған негізгі екі фактор әсер етті: қаржы және ақша-несие жүйесінің
ауытқымай қайта құрылуы және экономи-када олигополиялық құрылымның
қалыптасуы.
Кәсіпкердің бағаны көтеру арқылы табыстың артынан қууы ерікті
бәсекені шектеді. Ақша айналымы мен бағаның құрылуының тұрақтылығын алтын
монеталы стандарт анықтады. Банкнотты алтынға еркін айырбастау ақшаның
құнсыздануына әкелмейді делінді. Сонымен қатар қатаң сәйкес-тікте
орналасқан алтын қорлары бар банктер айналымға белгілі бір мөлшерде
банкнот шығаруы мүмкін болды.
Экономикалық дамудың жаңа кезеңге өтуі баға қозғалысының бағытын
өзгертті. Ақша айналымында қағаз ақша келуімен алтын шеттетілді, мемлекет-
тік шығынның тұрақты өсуі мен мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығы
нәтижесінде несиелік-ақша механизмі ақша массасының ісінуіне жақсы жағдай
жасады.5
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында барлық нарықтық экономика
елдерінде бағаның өсуі бай-қалды. Осы инфляциялық процесстердің негізі
екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі өндірістің бұзылуы болды. Өндірістегі
өзгеріс қаржы мен ақша салаларына әсерін тигізбей қоймады: бюджет
тапшылығының өсуі, мемлекет қарыздарының өсуі, қағаз ақшаларының эмиссиясы
байқалды. Соғыстан кейін бағаның өсуінің жалпы тенденциясы сақта-лынды.
Экономикалық дағдарыс кездің өзінде де барлық елдерде ылғи бағалар өсті.
Бірақ бағаның өсуінің қарқындылығы барлық уақытта бірдей болмады: 50-60
жылдардағы бірқалыпты өсуден 70-80 жылдары қарқынды өсуге дейін жетті.
1970 жылдары инфляцияның өсуінің негізгі факторы өнеркәсіптің өсу
қарқынының тұрақты төмен тенденциясы болды, ол негізінде дағдарыс
құрылымдарының әсерінен еді. Инфляцияның өсуіне сол жылдары сыртқы
факторлар – доллардың девальвациясы мен дүниежүзілік нарықта шикізат
бағасының өсуі де әсер етті.
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда
құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысыты
құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп
қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның
ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен
ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі
баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикаылқ жағдайлар
да әсер етеді. Мысалы, 70-жылдардағы энергетикалық дағдарыс тек мұнай
бағасының өсуінен мұнай бағасы 20 есеге өсті емес, басқа да тауар мен
қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты. 1973 жылы жалпы бағаның
деңгейі 7-%-ке, 1979 жылы-9%-ке артты. Ақша әсерінен тыс, тауар
бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуы-на, циклдық және маусымдық
толқуларға, ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның
монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге, салықтың жаңа
ставкаларын енгізуге, ақша өлшемінің девальвациялануы мен
ревальвациялануына, рынок конъюктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық
байланыстарының ықпалына және т.б. байланысты. Демек, бағаның өсуіне
көптеген неше түрлі себептердің әсері болады.
Конъюктураның циклдық толқуынан болатын бағаның өсуін, инфляцияға
жатқызуға болмайды. Циклдың түрлі фазаларынан өту барысында әсіресе XIX-XX
ғасырдың бас кезіне тән “классикалық түрі” бағалардың динамикасы өзгеріп
отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен депрессия
фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Еңбек
өнімділігін арттыру бағаның төмендеуіне әкелуі тиіс. Циклдық толқулардың
тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек өнімділігінен артып кетуінде.
Мұндай құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады, ол өз кезегінде баға
деңгейінің жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да бағаның
инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық, су басып кеткен аймақтардағы
құрылыс материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылыс материалдарын
шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар рынокты толықтыру барысында, баға
төмендеуі тиіс.
Сонымен, баға өсуінің инфляциялық себепте-ріне нені жатқызамыз?
Инфляция көп сәйкессіздік-термен байланысты екенін еске ұстап, оның
ішіндегі ең бастыларын айтайық.6
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің
бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан
көрінеді. Егер дефицит Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы
қаржыландырылса, басқаша айтқанда “ақша станогы” белсенді пайдаланылса,
онда айналыста ақша массасы көбейеді. Айыр-бастың сандық теңдігін MV=PO
еске түсірсек, M мен P көрсеткіштері өсуінің байланысы анық.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру
жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе
экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді.
Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар – олар
қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана
қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген
ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік
бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы
өсуіне ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктық экономиканың
ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі рынокта
көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай
уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде олигополиялық
рынок. Ал олигополист жетілмеген бәсекелес едәуір дәрежеде бағаны
билейді. Олигополиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар
оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап
тұру үшін өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға
тырысады. Өздері билік жүргізетін рынокта бағаның төмендеуін болдырмау
үшін олигополия мен монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға
жаңа өндірушілердің келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс
пен ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте
әлемдік шаруашылық байланыс-тарға тартылуы барысында “импорттық”
инфляцияның қаупі туады. Жоғарыда талған 1979 жылғы энергияға бағаның
шарықтануы энергетикалық дағдарыс сырттан әкелетін мұнайға бағаны
өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының
қымбаттауына әкелді. “Импорттық” инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі.
Әрине өз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарылату арқылы
мұнай импортын арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың
экспорттық бағасын да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік рынокта
бәсекелестік қабілетті төмендетеді.
Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол
“инфляцияны күту” нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген
экономис-тері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде.
Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы
саясаттың ең басты міндеті.7

1.3 Инфляцияның түрлері

Дүниежүзілік тәжірибе инфляцияны мына шартты түрлерге бөледі:
- экономикадағы қамтитын аумағына байланысты-жергілікті және әлемдік
инфляция;
- жүру қарқынына байланысты – біркелкі баға үнемі төмен қарқынмен
өседі, үздіксіз және сатылы инфляция;
- даму қарқынына байланысты – жылжымалы инфляция – онда бағаның өсу
қарқыны жылына орташа 5-10 проценттен аспайды; қарқынды инфляция - онда
бағаның өсуі жылына орташа 10 проценттен 50 процентке дейін ал кейде 100
процентке жетеді; ұшқыр инфляция - онда бағаның өсуі жылына 100
проценттен асады; Халықаралық валюта қоры баға айына 50 процентке өссе,
оны ұшқыр инфляцияның ішіндегі аса ұшқыр инфляция супергиперинфляция
деп аталады. Егер инфляция өндірістің құлдырауымен ұштаса оны стагфляция
деп атайды;
- әсер ететін факторлар бойынша – сұраныс инфляциясы және шығын
инфляциясы.
Сұраныс инфляциясы ақшалы факторларға байланысты туындайды, яғни
айналыстағы ақша массасы “көтеріліп”, соның салдарынан төлем қабілеті бар
сұраныста жоғары болады. Ал сол кездегі бірқалыпты баға жағдайында
өндірістің оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп жиынтық
сұраныс экономиканың өндірістік мүмкіндіктерінен жоғарылап, бағаның
көтерілуіне соқтырады.17
Ақша массасының “көтерілуі” себептерінің ең негізгісі - әскери
шығындардың өсуі, яғни шыға-рылған әскери техника күнбе-күнгі өмірде
қолдануға жарамайтындықтан оның ақшалы экви-валенті бюджеттің тапшылығын
тудырады. Тапшылықты жою үшін айналымға қосымша ақша массасы шығарылады,
немесе ақша нарығына мемлекеттік зайымдар орналастырылады. Бюджет
тапшылығын жоюдың бірінші жолы өркендеген мемлекеттерге тән. Айналысқа
қосымша ақша массасын шығарудың алғашқы сатысында өндірістің дамуы,
жұмыссыздықтың азаюы және бағаның төмендеуі тепе-теңдік орнайды. Сондықтан
аз мөлшерлі инфляция пайдалы деген қорытынды шығады, себебі ондай инфляция
артық өндіру дағдарысынан және жұмыс орындарының қысқаруынан сақтандырады.
Одан әрі бүкіл экономикада бос жұмыс орны болмаған және дамыған сұранысқа
өнімді қосымша шығара алмаған жағдайда баға өседі. Осыдан кейін өндірістің
құлдырауына, оның тиімділігінің төмендеуіне және инфляцияның қарқындауына
себепші факторлар әсер ете бастайды.
Сөйтіп, сұраныс инфляциясы кезінде шектелуі ұсыныспен салыстырғанда
айналыста артық ақша массасының болуы бағаларды жоғарылатады және ақшаны
құнсыздандырады.
Шығын инфляциясы өндіріс шығынының көбеюіне байланысты әсіресе еңбек
ақының көбеюіне байланысты бағаның өсуі. Бұл жағдай көрсетілген өнімге баға
белгілеуде әсер ететін ақшасыз факторларға байланысты туындайды. Ол - ең
алдымен жалақы төлеуге шығындардың өсуі.
Тауар бағасының өсуі халықтың табысын төмендетіп, жалақыны қайта
индекстеу қажеттігін талап етеді. Жалақының өсуі өз кезегінде өнімді
өндіру шығындарының өсуіне, пайданың төмен-деуіне, қолданып жүрген баға
бойынша шығаратын өнім көлемінің қысқаруына әкеп соқтырады. Пайданы сақтап
қалу мақсатында өндірушілер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады.
Нәтижесінде инфляциялық серіппе спираль пайда болады: бағаның көтерілуі
жалақының өсуін талап етсе, жалақының өсуі бағаны көтереді. Бұл жалақы
мен бағаның “инфляциялық серіппе” теориясы деп аталады.
Шығын инфляциясы өнімнің әрбір өлшемінің шығыны көтеріліп, соған
байланысты баға өскенде ғана пайда болады. Алайда жалақы бағаны
құрайтын элементтердің тек біреуі ғана. Сонымен қатар, тауар өндірісі
шикізат, энергия көздерін алу, транспорт қызметін төлеу шығындары
көтерілуіне байланысты да қымбаттайды. Шикізат пен энергия
ресурстарының және оларды тасымалдаудың қымбаттауы, яғни материалдық
шығындардың өсуі – бүкіл әлемде болатын заңды процесс. Оған қарсы
тұратын фактор - өнімнің әрбір өлшемінің шығындарын төмендететін жаңа
технологияны пайдалану.8
Шығын инфляциясы мен сұраныс инфляциясы бірімен-бірі тығыз
байланысты. Оны мынандай жүйеліктен байқауға болады: Қазіргі кез келген
экономика жүйесін инфляцияға ұшырататын – немесе сұраныс инфляциясына
немесе шығын инфляциясына әсер ететін факторлар.
Өнеркәсібі дамыған елдерде жылжымалы инфляция тән, яғни жылдан жылға
ауысатын бірқалыпты ақшаның құнсыздануы. Батыс экономистерінің
жобалауынша инфляцияның бұл түрі өндіріс пен жалпы ұлттық өнімнің өсуін
ынталандыруы мүмкін. Ал дамушы мемлекеттерде қарқынды және ұшқыр
инфляция басымдау болады. Инфляцияға әсер ететін факторлар, оның түрлері
және инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптарын жою шара-лары да әр
елдің экономикалық өсуінің ерекшеліктеріне байланысты болады. Дамушы
елдерді инфляцияның даму жағдайлары мен оған әсер ететін факторларға
байланысты төмендегідей жіктеуге болады.
Бірінші топтағы елдерге Латын Америкасының дамушы мемлекеттері
жатады, оларда 80-жылдар-дың аяғы–90-жылдардың бас кезінде экономикалық
тепе-теңдіктің жоқтығы, мемлекет бюджетінің тұрақты тапшылығы, ішкі
саясатта ақша шығару станогы мен үнемі индекстеу механизмінің
қолданылуы байқалып, ал сыртқы экономикалық ортада жүйелі түрде ұлттық
валютаның курсы төмендеді. Никарагуада, мысалы, 1990 ж. ақшаның
құнсыздануы 8500 процентке, Перуде-8291,5 процентке жетті.
Екінші топқа Колумбия, Эквадор, Венесуэла, Бирма, Иран, Египет,
Сирия, Чили елдері кіреді, оларда да экономикалық тепе-теңдіктің
жоқтығы байқалып, ал қаржы саясатында аз қаржыландыруға және несиелік
экспанссияға несиені ұлғайту ерекше көңіл бөлінді. Бұл елдерде қарқынды
инфляция бағаның жылдық орташа өсуі 20-40% шамасында сақталып, бірен-
саран индекстеу жүргізілуде, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі сақталуда.
Үшінші топқа жататын елдер – Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея,
Біріккен Арабтар Әміршілігі, Катар, Сауд Аравиясы, Бахрейн – жеткілікті
деңгейде экономикалық тепе-теңдігі бар мемлекеттер. Оларда жылжымалы
инфляция 1-5% сақталуда, бағаға қатаң бақылау енгізілген. Экономикасы
дамыған нарық жағдайында жұмыс істеуде. Инфляцияға қарсы шаралар ретінде
тауарды сыртқа шығару және шетел валютасының құйылуы зор роль атқарды,
жұмыссыздық бірқалыпты деңгейде жүруде.
Төртінші топқа дамушы мемлекеттер әлеміне теңгерілген бұрынғы
социалистік мемлекеттер кіреді ТМД елдері, Қытай, Польша, Вьетнам және
т.б.. Бұл мемлекеттердегі инфляция жоспарлы-бөлу жүйесінен нарыққа өту
барысында туындайтын объективті процестерге байланысты болады. Себебі,
инфляция факторлары, біріншіден, мемле-кеттік бюджеттің бұрыннан келе
жатқан тапшылығы негізінде қаржыландыру мәселелерінде анықталады;
екіншіден, құрылым факторлары, мысалы, тез қай-тарылымы болмайтын ауыр
өнеркәсіпке салынатын инвестицияның қауыр өсуі; үшіншіден, “баға қай-шысы”
деп аталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасымен салыстырғандағы
өнеркәсіп өнімдері бағасының қарқынды өсуінің арасындағы үйлесім-сіздік.
Құрылым факторлары тек бағаны қауырт көтеріп шығын инфляциясына жағдай
жасап қана қоймай, сонымен қатар сұраныс инфляциясының өсуіне әсерін
тигізеді.
Бұл мемлекеттер өндірістің өсуі мен ішкі нарықтың аз сұранысы
арасындағы қайшылықтарды, бір жағынан, зиянды қаржыландыру жолымен, яғни
ақша массасын басып шығарумен, екінші жағынан шетел займдарын көптеген
мөлшерде тартумен шешуге ұмтылуда. Нәтижесінде бұл топтағы мемлекеттерде
көп мөлшерде ішкі және сыртқы қарыздар пайда болады.
Сонымен дамушы елдерге тән қарқынды және ұшқыр инфляциялардың нышаны
- ақша айналымы жылдамдығының өсуі, ақша массасының жиынтық сатып алу
мүмкіншілігінің кенет төмендеуі және ақша айналысынан ұсақ монеталар түгілі
бірте-бірте ұсақ қағаз купюралардың да жойылуы. Сонымен қатар сыртқы
қарыздың өсуі мемлекет ішінде доллардың немесе басқа шетел валютасының
қолданылуына жол ашады. Бұл процесс инфляцияның одан әрі қарқындауына және
елден капиталдың “әкетілуіне” соқтырады.9

2 ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОРНЫ ОНЫ ТОҚТАТУ ШАРАЛАРЫ ҚР-
ДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ДАМУ ПРОЦЕСІ

2.1 Инфляцияның әлеументік экономикалық әсері және оның азайтуына
қолданатын шаралар

Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді.
Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарылатып, уақытша
конъюктураны жандандырады. Процестің у шығуы барысында инфляция ұдацйы
өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік
шиеленістерді тереңдетеді. Инфляция аттың текіректеп шауып, бой бермеген
кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп,
экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі
экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар
сұранысын бүркемелеп, ішкі рынокта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай
инфляция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті
таудан аққан тасқынға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша
қорлануына ынтаны жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан
басқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян
шегеді. Өндірістің интернационалдануы инфляцияны бір елден екіншісіне
аударады, халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді.
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта
бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номиналды және нақты жалақының
өсу қарқынын қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін
қалдырады. Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп
иелері, зейнеткерлер т.б. басынан өткізеді.
Кейбір экономистер инфляцияның онша жоғары емес деңгейі экономикалық
конъюпктураны жандандырады дейді. Тәжірибеде инфляцияның келесі негізгі
әлеуметтік-экономикалық салдарлары орын алады.Инфляция табыс пен байлықты
қайта бөледі. Осылай несие берушілердің арқасында қарызы бар адамдар
байиды. Барлық жағдайларда дебиторлар ұтады; себебі ссуда ақшаның белгілі
бір сатып алу қабілеті бар кезінде алынады да, ол сомаға аз сатып алу
қабілеті бар кезінде қайтарылады. Сонымен қарызы бар кәсіпорындар
инфляциядан ұтады және мемлекеттің қарызы бар үкімет те ұтады. Себебі
инфляция оған қарыздарын сатып алу қабілеті болатын теңгемен төлеу
мүмкіндігін береді.
Бағалар бір-біріне күтпеген уақытта, тез және баланссыз өсетін болса,
онда бұл жағдай нарықтық экономикадағы кейбір субъектер үшін пайдалы, ал
басқалары үшін зиянды болады. Мысалы, бағаның бірден тез өсуін жоспарламай
кәсіпкер мен кәсіподақ арасында коллективті шарт жасалса, баға өскен
жағдайда жалданбалы жұмысшылар ұтылуы мүмкін. Басқа тауарлар мен
қызметтердің бағалары өскен жағдайда кәсіпкерлер де зардап шегуі мүмкін.
Сонымен инфляция табыс пен байлықты төлемді кейінге қалдырғандар пайдасына,
ал номиналды және ұзақ уақытқа, белгіленген шарт негізінде несиеге процент
ставкасы, жалақы ақша беретіндердің зиянына бөледі. Осындай қайта бөлуді
инфляцияның жылдамдығы, кездейсоқтық пен баланссыздығын күшейтеді.10
Инфляция жылжымайтын мүлік құнын жоғарылатады. Сондықтан иеліктерінде
жылжымайтын мүліктері бар жанұялар мен фирмалар бай болады.
Инфляция барлық ақша табыстарының нақты төмендеуіне алып келеді.
Номиналды табыс-бұл адамның жалақы, рента, пайда немесе пайыз түрінде
алынатын ақша құралы болса, нақты табыс- номиналды табыс сомасына сатып ала
алатын тауарлар мен қызметтердің санымен анықталады. Егер номиналды табыс
тұрақты болса немесе инфляция қарқынына қарағанда баяу өссе, онда нақты
табыс төмендейді. Сондықтан инфляцияда белгілі табысы бар адамдар көп
зардап шегеді. Егер табыстың өсуі инфляция қарқынының алдында болса, онда
жанұя, фирманың қаржы жағдайы жақсарады. Егер сұраныстың икемсіз жағдайында
фирма өз өнімінің бағасын инфляция өсуіне дейін тезірек көтерсе, онда ол
инфляциядан зардап шекпейді. Бірақ көп фирмалардың ондай мүмкіндіктері жоқ,
демек инфляция кезінде олардың қаржылық жағдайы нашарлайды.
Инфляция кезінде нарықта сұранысқа ие болған тауарлы заттық
құндылықтардың бағасы өседі. Сондықтан халық пен кәсіпорындар өздерінің тез
құнсызданатын ақша қаражаттарын пайдалануға асығады, нәтижесінде де халық
пен кәсіпорындар-дың ақша қаражаттарының жетіспеушілігі пайда болады.
Заттардың көп сатып алынуының нәтижесі сұраныс инфляциясының нығаюына
әкеледі. Оның алдын алу үшін мемлекеттің қатаң ақша саясаты керек.
Инфляцияда ұзақ мерзімді инвестиция жасау ешкімге пайдалы емес, себебі
инвестицияға белгілі бір ақша салынады да, инвестициядан табысты басқа
ақшамен алады. Инвестицияның өсу қарқынынан жоғары тиімділікті қамтамасыз
ететін инвестиция ақылға қонымды болады. 15
Инвестиция мерзімі ұзақ болған сайын құнсыздану көп болады. Мәселен,
бір жоба үшін 200 мың теңге инвестиция керек болсын. Бірінші жылдың соңында
100 мың теңге табыс, екінші жылдың соңында 200 мың теңге, ал үшінші жылдың
соңында 50 мың теңге табыс табылады деп жоспарлансын. Бірақ инвестицияны
қазір шығару керек, ал табыс біраз уақыттан соң ғана түседі. Болашақтағы
ақша табысын уақытша бағалау үшін дисконттау операциясы қолданылады. Егер
инфляция қарқыны 15% деп болжалса, онда инвестициядан бірінші жылдың
соңында табыс мынаны құрайды. 100 мың теңге1+0,15=87 мың теңге. 2-
жылдың аяғында 200 мың алынады деп күтілуде. Бірақ уақыт факторын есепке
алғанда олар мынадай болады: 200 мың теңге1+0,15²=151,5 мың теңге. 3-
жылдың соңында инвестициядан табыс: 50 мың теңге1+0,15³=33,3 мың теңге
құрайды.87+151,5+33,3=271,8 мың теңге. Байқағанымыздай бұл жоба
инфляцияны есептесек те пайдалы болып табылады.
Инфляция сонымен қатар фирманың амортизациялық қорының құнсыздануына
әкеледі, ол ұдайы өндірістің қалыпты процесін қиындатады. Инфляция
жинақтардың нақты құндылықтарын да, бұл банктегі салым, облигация,
сақтандыру немесе қолма-қол ақшасын да төмендетеді. Адамдар жинақ жасамауға
тырысады. Фирмалар пайдасының жартысын ағымдағы тұтынуға бағыттайды, бұл да
қоғамның қаржы қорының азаюына, өнеркәсіптің бәсеңдеуіне әкеледі.
Инфляция салық арқылы халық пен кәсіпорындардың қаржыларын жасырын
конфиске-леуіне алып келеді. Номиналды табысы өскен салық төлеуші бірден
салықты салық салудың жоғары тобынан жоғары проценпентөлейді. Осылайша,
халық пен кәсіпорындардың пайдасы деп есептелінбейтін және ағымдағы
шығындарға кететін табыстарының бір бөлігі алынып қойылады. Мұндай жағдай
тудырмас үшін дамыған Батыс елдері инфляция қарқынын есепке ала отырып,
салық ставкасына индексация жүргізеді. Өкінішке орай, мұндай индексацияның
тиімділігі аз болады, себебі баланстанбаған баға өсу кезінде байлықты қайта
бөлуіне әкеп соқтырады, номиналды табыстың нақтыдан ажырауының күшеюі және
бұл да әртүрлі топтарда, әртүрлі уақытта және әртүрлі жылдамдықпен
күшейеді. Бірыңғай индексация осындай нәзік айырылымдарды қамти алмайды, ол
барлық табыстарды заңды түрде бағалайды. Сонымен қатар инфляциядан мемлекет
те зардап шегеді, себебі салықтар мемлекеттік қазынаға түскен уақытқа дейін
олар құнсызданады.11
Ұлттық шаруашылықты басқарудың нашарлауының бірі-инфляцияның
тұрақсыздығы және өзгермелілігі. Инфляция кезінде бағалар тез өзгеріп
тұрады, ол тұтынушының дұрыс таңдауын қиындатады. Болашақтағы табыстарға
деген сенімділік төмендейді, шығындар мен пайданы болжау қиынға соғады
. Осылардың барлығы кәсіпкерлікке деген ынтаны, экономикалық активтілікті
төмен-детеді.
Біз инфляцияның үй тұрмысына, фирмалар мен мемлекетке тигізетін
салдарын қарап шықтық. Осы талдаулардан байқағанымыз, инфляция қатты жоғары
емес қарқында өндірісті өсіру стимулы болуы мүмкін, бірақ экономикалық
процестің одан да көп бұзылуына алып келеді. Нәтижесінде инфляция қарқыны
өседі де қоғамда гиперинфляция болу қаупі төнеді. Ол да өзімен бірге
экономикалық қирауға дейін баратын күйретуші салдарлар алып келеді.
Гиперинфляцияның ең қауіпті салдары, бұл - өндірістік қызметтің
тиімсіздігінен делдалдық қызметке ауысудың болуы. Фирмалардың болашақта
баға өседі деп шикізаттар мен дайын өнімдерін жинап отыруы инфляциялық
қысымды күшейтеді. Өндірістің жалпы бәсеңдеуі басталады.
Осындай жағдайда қалыпты экономикалық қатынас бұзылады. Кәсіпкерлер
тауарларына қандай баға қоюды, ал тұтынушылар қанша төлеуді білмейді. Өнім
беруші фирма ақшасын тез арада алғысы келеді, өйткені ақша тез уақытта
құнсызданып кетеді. Несиелік қатынас бұзылады. Бюджет тапшылығы мен
мемлекет қарызы өседі. Ақшалар шындығында өз қызметтерін атқаруын қояды.
Нәтижесінде де қаржы-ақша сферасында кризис болады. Өнеркәсіп пен айырбас
тоқтауға айналады және соңында экономикалық, әлеуметтік және саяси бей-
берекеттік болуы да мүмкін.
Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардапта-ры төмендегі жағдайлардан:
тауарлар бағасының өсуінен; халықтың ақшалы жинағының, шаруашылық
субъектілерінің және мемлекеттік бюджет қаржысының құнсыздануынан; халықтың
экономикалық белсенділігінің төмендеуі мен жұмыссыздықтың көбеюінен; ұлттық
валютаның сатып алу мүмкіндігінің төмендеуі мен басқа валюталарға қарағанда
оның нақты курсының бұрмалануынан, көлеңкелі экономиканың белсенді өсуі мен
оның салық төлеуден жалтаруынан және с.с. көптеген көлеңкелі процестерден
байқалады.12
Инфляцияның зардаптарын жойып, ақша айналысын тұрақтандырудың негізгі
әдістері-ақша реформасын жүргізу және инфляцияға қарсы басқа да саясаттар
жүргізу.
Тарихта ақша реформасын жүргізудің екі формасы бар:
- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның әлеуметтік экономикалық орны оны тоқтатудың шаралары қр-дағы инфляцияның даму процесі
Кәсіпорынның айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері және оны пайдалану көрсеткіштері
Инфляцияға қарсы күрес
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Инфляция. Қазақстандағы инфляция деңгеіне баға беру және талдау
ҚР-ның инфляцияға қарсы саясаты туралы ақпарат
Инфляциялық таргеттеу және оның Қазақстанда қолданылуы
Экономикалық теория негіздері (лекциялар)
Ақша қорларының жиынтығы
Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі рөлі
Пәндер