Негiзгi құралдардың бухгалтерлiк есебi


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 7

1. ҮЙЫМНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ . . . 12

  1. «Халыққа қызмет жасау басқармаларының» экономикалық

сипаттамасы мен көрсеткіштерін талдау

  1. Есеп саясаты және бухгалтерлік есептің жүргiзiлуi . . . 22.

2. Негiзгi құралдардың бухгалтерлiк есебi . . . 26

2. 1. Негiзгi құралдардың экономикалық мазмұны

2. 2. Негiзгi құралдардың қозғалысының және талдамалық

есебін ұйымдастыру . . . 34

2. 3. Негiзгi құралдардың тозуы мен амортизациясының есебі . . . 44

2. 4. Негiзгi құралдарды жөндеуесебі. 56

  1. НЕГIЗГI ҚҰРАЛДАРДЫҢ АУДИТI . . . 60Негiзгi құралдардың аудитінің маңызы, мiндетi және бағдарламасы.

3. 2. Негiзгi құралдардың аудиті . . . 67

3. 3 Негiзгi құралдардың пайдаланылу тиiмдiлiгiн талдау . . . 70

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 76

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 78

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде.

Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастағанын бәріңіз көріп, біліп отырсыздар.

"Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Оқтын-оқтын айналып соғатын әр деңгейдегі дағдарыстарға біз бұған дейін де төтеп беріп келгенбіз.

Тәуелсіздік шежіресін парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет құpy бізге оңайға түскен жоқ, Тұралап қалған экономиканы қайта қалпына келтіру, оны жаңаша даму жолына түсіру - тақыр жерден тау тұрғызғанмен бірдей еді.

Ел болып ол қиындықтарды да еңсеріп өттік. Өткен ғасырдың соңында Шығыс Азияда басталған кезекті дағдарыс тұсында тәуелсіздігіміз тағы бір сынаққа түскен болатын. Дер кезінде қабылданған дұрыс шешім, ұтымды іс-қимылдың арқасында біз одан да аман-есен өте шықтық.

Мемлекет дағдарыстың алдын алудың барлық шараларын жасауда. Ұлттық қордан бөлінген ауқымды қаражат қазір отандық экономиканың кідіріксіз жұмыс істеуіне қызмет ете бастады. Әлеуметтік кепілдіктер толығымен сақталып отыр.

Бүгінгі проблеммалар және біздің оларды қалай шешіп жатқанымыз кемелдіктің және біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздің тұрақтылығының сынағы. Біз бұл сынақты тапсырамыз деп ойлаймын. Бізге өз дамуымыздың жаңа кезеңіне кіруге және біздің жетістіктерімізді еселеуге тура келеді.

Белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін біздің халқымыздың топтасқандығы қажет.

- Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы барша қазақстандықтарды бей-жай қалдырмайды. Өте өзекті мәселелер көтерілген, оны оңтайлы шешудің жолдары көрсетілген. Экономикалык, әлеуметтік, басқа да мәселелер атап өтілген.

Дағдарыс бізді экономикалық реформаларды бұрынғыдан да белсенді жүргізуге ұмтылдырып, сындарлы сәттен каймықпай өтуге жұмылдырады. Елбасы елдегі сан ұлттар арасындағы татулық пен бірліктің буынын нығайта түсуді көздеп, халқымыздың еңсесін түсірмеу үшін кеңдік пен кемеңгерлік, сабырлылық пен іскерлік қадамдарға барды.

Сабырлығы мен іскерлігі сал, дағдарыс сезіле бастаған сәтте салқынқандылық танытып, экономиканы тұралатпау үшін Үкіметке, әр өңірлер әкімдеріне нақты тапсырмалар берді. Әрине, кемшіліксіз жетістікке жету оңай емес. Елбасы сондай кездерде ұдайы сабырлы қалпынан айнымайды. Осы сабырлылығы іскерлігіне ұласып, дағдарысты тек бірлікпен жеңуге жұмылдырып отыр. Елбасының бүгінгі Жолдауында қиындық атаулыны жеңетін күш - бірлік екендігі қадап айтылған.

Мен осынау жаһандық дағдарыстан кейін әлемдік қаржы жүйесі, бәлкім, мемлекеттерді саяси басқаруда өзгеретініне сенімдімін. Көпшілік экономиканы "қолмен басқару" қажеттігіне келіп отыр, ал реттеу осы дағдарыстан шығудың аса маңызды ісіне айналуда.

Бірақ та бүгінгі нақтылық мынадай, әлемдегі іскерлік белсенділіктің қысылуы мұнай мен металға деген сұранысың төмендеуіне соқтырды. Ал бұлар - Қазастан экспортының негізі.

Бір жылда мұнай бағасы 4 есе дерлік, металл бағасы 2 есе дерлік құлап түсті.

Біздің негізгі сауда-саттық әріптестеріміз әрі жақын көршілеріміз - Ресей мен Украина өздерінің ұлттық валюталарын 40-45 пайызға құнсыздаңдырды. Сондықтан да біз өзіміздің тауар өндірушілеріміздің мүддесі тұрғысынан өнгенің құнсыздануына баруға мәжбүр болдық. Өйтпесек қазақстандық өнім өзінің бәсекеге қабілеттілігін жоғалтар еді. Біз елдің алтын-валюта резервін жұмсауды жалғастыра берер едік.

Өкінішке орай, қиын сынақтар мен дағдарыс қысымының салмағы әлсіремей тұр.

Біз оларды еңсереміз және осы дағдарыстан әлдеқайда күшті және өркенді мемлекет болып шығамыз.

Біз әлемдік қауымдастықтағы өз ұстанымымызды сақтаймыз. Көптеген мемлекеттердің пайда болған жаһандық дағдарысқа жауап берген шарасы ынталандырушы экономикалық шаралар пакетін қабылдау болды.

Экономика салаларында жүргiзiлетiн есептер жүйесiнiң арасында бухгалтерлiк есептiң алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар iшiнде бухгалтерлiк есеп өз алдына дараланып түратын бөлек ғылыми сала болып табылады. Бұл ғылымды жан-жақты зерттейтiн, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын әдiстермен, бұл ғылымды оқытатын пән бар. Осы орайда қоғамдық өндiрiс процестерiн бухгалтерлiк есеп ғылымының пәнi деп айтуға болады, немесе қоғамдық өндiрiс процестерiн бухгалтерлiк есепке алынатын бiр түтас түлға деп қарауға болады. Өйткенi бухгалтерлiк есеп қоғамдық өндiрiстiң даму жолында қажет болып табылады. Бухгалтерлiк есептiң мәлiметтерi мен көрсеткiштерi қоғамдық өндiрiстiң дамуын экономикалық түрғыдан зерттеуге бiрден-бiр негiз болып табылады. Сондықтанда бухгалтерлiк есептiң негiзгi мiндетi экономика салаларының барлығында нақты, түжырымды мемлекеттiк талаптарға сай есептеу жұмыстарын жүргiзу. Қоғамыздың даму кезеңдерiнiң қай сатыларында болмасын дамудың объективтi экономикалық заңдылықтарын анықтау және сол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгiлеу үшiн есеп жұмыстарын, соның iшiнде бухгалтерлiк есептi дұрыс үйымдастыра бiлудiң мәнi мен маңызы өте жоғары болып табылады.

Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде шағын және орташа кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекет тарапынан үлкен көңiл бөлiнуiне байланысты елiмiзде бухгалтер және аудитор мамандарына деген сүраныс артуда. Себебi олардың кәсiпкерлiк шаруашылығын дамытуға қосатын үлесi мен жасайтын қызметi елеулi де әрi тиiмдi. Сонымен қатар, қазiргi таңда халықаралық стандартқа көшуге байланысты бухгалтерлiк есеп пен аудит жұмысына қойылатын талаптар да артуда және ол өте күрделi. Сондықтан шетелдiң тиiмдi тәжiрибесiн қолдана отырып, бухгалтерлiк есептi жаңа талаптарға сай бiр жүйеге келтiру болып табылады.

Нарық қатынастар жағдайында шаруашылық жүргiзушi ұйымдарда бухгалтерлiк есептiң маңызы ерекше зор. Шаруашылық ұйымдарында бухгалтерлiк есеп жұмысы ''Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептеме туралы'', ''Салық және бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер туралы''. Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жасалынған бухгалтерлiк есеп стандарттары мен қаржы шаруашылық қызметi бухгалтерлiк есебiнiң бас шоттар жоспарына сай бекiтiлген ортақ принциптер мен ережелерi және Қазақстан Республикасы Қаржы министiрлiгiнiң бухгалтерлiк есеп жөнiнде шығаратын нұсқаулары мен ережелерi, ұсыныстары негiзiнде ұйымдастырылады. Осыған орай қазiргi кезде республикасымзда қолданылып жүрген бухгалтерлiк есеп жүйесi халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес жүргiзiлуде.

Бухгалтерлiк есеп және есеп беру мәлiметтерi шаруашылық жүргiзушi суъектiлердiң және олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн басқару, экономикалық бағдарламалар жасау және оның орындалуын бақылау үшiн қолданылады.

2006 жылғы желтоқсан айының 26 жұлдызында Қазақстан Республикасы Президентiнiң ''Бухгалтерлiк есебi туралы'' Заң күшi бар Жарлығы қабылданды. Бұл заң қабылданғаннан кейiнгi оны жүзеге асыру жолында көптеген жұмыстар атқарылды және атқарылуда. Осы заңға сәйкес 2007 жылғы қараша айының 18 жұлдызында қаржы шаруашылық қызметi бухгалтерлiк есебiнiң Бас шоттар жоспары бекiтiлiп, 2008 жылғы қаңтар айының бiрiншi жұлдызынан бастап Қазақстан Республикасының барлық шаруашылық субъектiлерi жаңа бухгалтерлiк есеп стандарттары бойынша өз жұмыстарын жүргiзе бастады. Осы қолданылған бухгалтерлiк есептiң жаңа жұйесi экономикамызды көтеруге, iшкi және сыртқы инвесторлар үшiн неғүрлым тиiмдi етiп құруға мүмкiндiк бердi. Экономиканың қай саласында болмасын шаруашылық субъектiлер мен еңбек ұйымдарын шикiзат пен материалдарды үқыпты жұмсауға, өндiрiс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өзiнiң өндiрген, шығарған өнiмдерiн халықаралық рынокқа бәсекелестiкке, салыстырмалылыққа жеткiзуге, өндiрiсiн ұлғайтуға, өндiрген өнiмнiң өзiндiк құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға және оған зиян келтiрмеуге мүдделi. Бұл орайда шаруашылық суъектiнiң материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын сондай-ақ басқа да ресурстарын тиiмсiз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлiк есептiң маңызы мен мәнiн айрықша атап өтуге болады. Жоғарыда айтылғандарды дұрыс жұргiзу үшiн кәсiпорындардағы еңбек құралдарының атқаратын рөлi ерекше. Жаңа үлгiдегi сапалы және өнiмдiлiгi жоғары еңбек құралдары болмайынша кәсiпорынның айтарлықтай жетiстiкке жетуi мүмкiн емес. Сондықтан да ''Негiзгi құралдардың есебi және аудитi'' тақырыбы бұгiнгi күнi актуалды тақырып болып табылады. Сол себептен жоғарыда аталған тақырып диплом жұмысын жазу үшiн таңдап алынды. Дипломдық жұмыстың алға қойған негiзгi мақсаты кәсiпорынның негiзгi құралдарын есепке алу жағдайын жақсарту, оның тиiмдiлiгiн арттыру шараларын көрсету болып табылады. Жұмыстың зерттеу объектiсiне Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы Халыққа қызмет жасау ұйымының соңғы жылдардағы көрсеткiштерi алынды және оларға экономикалық, бухгалтерлiк талдау жасалынды.

7

1. ҰЙЫМНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1. 1. «Халыққа қызмет жасау басқармасының» экономикалық

көрсеткіштерін талдау

Республикамызда кәсiпорындармен бiрлестiктердi сатып алу және жекешелендiру заңына сәйкес ''Халыққа қызмет жасау басқармасының'' негiзiнде 2007 жылдың тамыз айында ашық түрдегi ''Қызмет жасау басқармасы'' болып қайта құрылды.

Қазiргi кезде қоғамның балансында құны 720 мың тенге тұратын сегіз автокөлiк қызмет етедi. Демек, бұл жағынан алғанда акционерлiк қоғам өзін-өзi толықтай қамтамасыз ете алады және түрғылықты халыққа қызмет етедi. Яғни жұктерiн тасымалдау және басқалары. Сонымен бiрге АҚ өндiрiс ғимаратымен, кiшi цехтармен, қоймалармен, жөндеу орындарымен және қосымша құрылыстармен қамтамасыз етiлген.

Басқару ақпаратымен оның бөлiмшелерi АҚ-ның территориясындағы, екi қабатты ғимаратқа орналасқан. Демек жұмыс iстеуге еңбек өнiмдiлiгiн арттыруға және жұмысшылардың жұмыстарын бақылауға толық мүмкiншiлiк бар деген ұғым. Қоғам қызметкерлерi мен жұмысшыларының 80% жуығы акция иелерi. Себебi, ауданда жұмыссыздар санының көбеюiне байланысты көптеген мамандар өзiнiң тұрмыстық жағдайын жақсарту үшiн, яғни табыс табу үшiн осы салада жұмысқа орналасқандар.

''Қызмет жасау басқармасының'' негiзгi өндiретiн өнiмдерiне мыналар жатады: мырамордан ескерткiштер, кiрпiштер, жол бойына және шетiне төсейтiн тастар, есiк-терезелер және басқалай өнiмдердi жасап шығарады. Сонымен бiрге АҚ-ның қарауынада ''Нан'' зауыты бар.

Бухгалтерлiк есептi жұргiзу барысында бұл қоғамда журнал-ордерлер қолданылады. Әрбiр есептi ай сайын қолданылатын шоттар бойынша ведомостар мен журнал ордерлер осы құжаттардағы ақпараттар мен мәлiметтер арқылы бас кiтапта толтырылады. Ал бас кiтаптың мәлiметтерi қоғамның жылдық қаржылық есебiн жасау үшiн қолданылады. Төменде АҚ-ның соңғы екi жылдағы техника-экономикалық көрсеткiштерi 1-кестеде келтiрiлген:

1-кестеде ''Қызмет жасау басқармасының'' 2006-2007 жылдардағы техника-экономикалық көрсеткiштерi

Көрсеткiштер: Көрсеткiштер
2006 жыл: 2006 жыл
2007 жыл: 2007 жыл
Ауытқуы: Ауытқуы
Көрсеткiштер: Өнiмдi сатудан, қызмет көрсету- ден түскен түсiм
2006 жыл: 4660, 4
2007 жыл: 7408, 1
Ауытқуы: +2747, 7
Көрсеткiштер: Жұмыскерлердiң орташа жылдық саны
2006 жыл: 232
2007 жыл: 228
Ауытқуы: -4
Көрсеткiштер: Қосылған құн салығы
2006 жыл: 789, 5
2007 жыл: 1416, 4
Ауытқуы: +626, 9
Көрсеткiштер: Өндiрiлген тауарлар мен көрсеткiлген қызметтер үшiн кеткен шығындар
2006 жыл: 34916
2007 жыл: 5973, 3
Ауытқуы: +2481, 9
Көрсеткiштер: Еңбекақы қоры
2006 жыл: 31282, 6
2007 жыл: 42710, 7
Ауытқуы: +11428, 1
Көрсеткiштер: Бiр жұмыскердiң орташа айлық еңбек ақысы
2006 жыл: 11, 2
2007 жыл: 15, 6
Ауытқуы: +4, 4
Көрсеткiштер: Сатудан алынған пайда
2006 жыл: 379, 3
2007 жыл: 18, 4
Ауытқуы: -360, 9
Көрсеткiштер: Бөлiнбеген табыс
2006 жыл: -
2007 жыл: 170, 7
Ауытқуы: +170, 7
Көрсеткiштер: Бюджетке төлем
2006 жыл: 379б3
2007 жыл: 189, 1
Ауытқуы: -190, 2
Көрсеткiштер: Таза табыс
2006 жыл: 181, 7
2007 жыл: 101, 0
Ауытқуы: -80, 7
Көрсеткiштер: Айналым қорларының орташа құны
2006 жыл: 1657, 4
2007 жыл: 1852, 3
Ауытқуы: +194, 9

1. -Кестенің жалғасы

Бiр күндегi айналым ұзақтығы: Бiр күндегi айналым ұзақтығы
129: 129
90: 90
-39: -39
Бiр күндегi айналым ұзақтығы: Негiзгi құралдардың орташа жылдық құны
129: 3666, 9
90: 3896, 2
-39: +229, 3
Бiр күндегi айналым ұзақтығы: Сату рентабельдiлiгi (%)
129: 10, 9
90: 0, 3
-39: -10, 6
Бiр күндегi айналым ұзақтығы: _Өндiрiс рентабельдiлiгi (%)
129: 7, 1
90: 3, 3
-39: -3, 8

Мәліметтер. «АҚ» қызмет жасау басқармасының 2007-2007 жылдардағы есебі.

Бұл кестеден көрiп отырғанымыздай қызмет жасау басқармасындағы 2006 жылы өнiмдердi сату едәуiр өскен, яғни 2007 жылмен салыстырғана сатудан түскен түсiм 2747, 7 мың теңгеге артып отыр. Сонымен қатар өнiмдердi сату бойынша шығындардың да артқандығы байқалады. Бұл сомма 2006 жылмен салыстырғанда 2481, 3 мың теңгеге (5973, 3-3491, 6) асып түседi. Соңғы жылдағы шығындардың ұдайы өсуiне негiзгi себеп: қосалқы бөлшектер бағасының күрт қымбаттап кетуi. Осы жоғарыда айтылғандардың салдарынан акционерлiк қоғамда 2007 жылы сатудан алынатын пайда көп мөлшерде төмендеп кеткен. Яғни ол бұл жылы не бары 18, 4 мың теңгенi ғана құрады, яғни 2006 жылғы көрсеткiшпен салыстырғанда 360, 9 мың теңгеге кемiп отыр. Жалпы бұл ''Қызмет жасау басқармасының'' 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда өндiрiс рентабельдiлiгi де 3, 8% пайызға (3, 3-7, 1) төмендегенiн жоғарыдағы кестеден көруiмiзге болады. 2002 жылы өндiрiс рентабельдiлiгi бар болғаны 3, 3 пайызға ғана жеттi.

18, 4: (2896, 2+2852, 3) =3, 3%

Ал бұл көрсеткiш 2002 жылы 7, 1 пайызға тең болатын.

379, 3: (2657, 4+2666, 9) =7, 1%

''Қызмет жасау басқармасының'' өндiрiс рентабельдiлiгiнiң төмендеуiне негiзгi әсер еткен қоғамның осы жылғы баланыстық пайдасының азаюы себеп болып отыр. Ол 2006 жылмен салыстырғанда 190, 2 мың теңгеге азайып кеткен. (189, 1-379, 3=190, 2) . Ал бұл көрсеткiштi арттыру үшiн қоғамға келетiн пайданы көбейту қажет етiлiнедi.

АҚ-ның техника-экономикалық көрсеткiштерiнiң iшiнде негiзгiсiне жататын еңбек ресурстарымен оны тиiмдi пайдалану көрсеткiштерi болып саналады. Осыған орай қоғамның орташа жылдық сандық көрсеткiштерi белгiлi бiр мөлшерде ұсталуда, бiрақ iшкi құрылымдарында әр түрлi өзгерiстердiң болғандығына байланысты. Оны анық көру үшiн төменде 2-кесте көрсеткiштерiн келтiремiз.

2-кесте ''Қызмет жасау басқарманың'' 2006-2007 жылдардағы еңбек ресурстарының құрылымы, адам.

Көрсеткiштер: Көрсеткiштер
2006 жыл: 2006 жыл
2007 жыл: 2007 жыл
2007 жыл % есебiмен 2006 жылға: 2007 жыл % есебiмен 2006 жылға
Көрсеткiштер: Барлығы
2006 жыл: Барлығы
2007 жыл: Барлығы
Көрсеткiштер: Жұмыскерлердiң орташа жылдық саны соның iшiнде:
2006 жыл: 232
2007 жыл: 228
2007 жыл % есебiмен 2006 жылға: 98, 3
Көрсеткiштер: Жұмысшылдар
2006 жыл: 188
2007 жыл: 180
2007 жыл % есебiмен 2006 жылға: 95, 7
Көрсеткiштер: Қызметкерлер олардан:
2006 жыл: 44
2007 жыл: 48
2007 жыл % есебiмен 2006 жылға: 109, 1
Көрсеткiштер: Басшылар
2006 жыл: 9
2007 жыл: 12
2007 жыл % есебiмен 2006 жылға: 133, 3
Көрсеткiштер: Мамандар
2006 жыл: 32
2007 жыл: 35
2007 жыл % есебiмен 2006 жылға: 109, 4
Көрсеткiштер: Басқа қызметкерлер
2006 жыл: 3
2007 жыл: 1
2007 жыл % есебiмен 2006 жылға: 33, 3

Мәліметтер «АҚ» Қызмет жасау басқармасының 2006-2007 жылдардағы есебі

Кесте көрсеткiштерiне талдау жасайтын болсақ, онда төмендегi жағдайларды көруге болады:

  1. 2007 жылы ''Қызмет жасау басқармасында'' жұмыс iстеген жұмыскерлердiң орташа жылдық тiзiмдiк саны 228 адам болды және оны 2006 жылмен салыстырғанда 1, 7% немесе 4 адамға азайған. Бiрақ өндiрiс құрылымының өзгеруне байланысты жыл сайын жұмыскерлердiң де құрамы, саны әр түрлi өзгерiп отырған. Мысалы, осы уақыт аралығында жұмысшылардың саны 8 адамға немесе 4, 3% кемiген. Сол сияқты қызметерлердiң де саны 4 адамға немесе 9, 1 % көбейген.
  2. Егер еңбек ресурстарының құрылымының ұлесi бойынша жеке қарастыратын болсақ, онда бұл көрсеткiшткiштерiнде де өзгерiстердiң болғанын көремiз. Мысалы, 2006 жылы барлық жұмыскерлердiң iшiнде жұмысшылардың үлесi 81%, ал қызметкерлер-19% құраған болса, 2007 жылы ол жұмысшылар саны 78, 9% дейiн азайды, ал қызметкерлер 21, 1% дейiн көбейдi.
  3. Жалпы алғанда АҚ-ның еңбек ресурстарымен, яғни жұмыскерлер тобы толығымен қамтылған және соның салдарынан қоғам өнiм өндiрудi және сапасын жақсартуға толығымен мұмкiншiлiгi бар деп есептеймiн.

''Қызмет жасау басқармасының'' техника-экономикалық көрсеткiштерiнiң негiзгi бiреуiне жататыны еңбекақы қоры болып табылады. Төмендегі 1. 3. -кестедегі еңбекақы қоры туралы екi жылдық көрсеткiштерi берiлген:

3-кесте көрсеткiштерiнен мынандай жағдайды байқауға болады:

  1. 2007 жылғы жалақы қоры 2006 жылмен салыстырғанда 11428 мың теңгеге немесе 32, 5% өскен, соның iшiнде жұмысшылардың жалақы қоры-5753 мың теңгеге немесе 30 %, ал қызметкерлердiкi 5675 мың теңгеге, немесе 47% артқан.
  2. Жалақы қорының өсуiне байланысты орта есеппен шаққанда бiр жұмыскердiң орташа еңбек ақысыда өскен, яғни 2414137 теңгеден 2006 жылы 15611 теңгеге дейiн 2007 жылы немесе 39%.
  3. Әрбiр жұмыскерге төленетiн еңбекақы алдын ала айға, тоқсанға және жылға жоспарланады және ҚР (еңбек туралы Заңында бекiтiлген төмендегi мөлшердегi еңбекақы көлемiнен төмен болмайды) . Еңбекақыны ұжым мұшелерi келiсiм-шарт арқылы мөлшерiн бекiтедi.

Сонымен бiрге келiсiм-шартта жұмысшылардың кәсiби бiлiктiлiгi, жұмыстың кұрделiлiгi, оның үзақтығы, денсаулыққа зияндылығы және тағы басқа жақтары ескерiледi.

Көрсеткiштер: Көрсеткiштер
2006 жыл: 2006 жыл
2007 жыл: 2007 жыл
2007 жылды 2006 жылмен салыстырғанда, % есебiмен: 2007 жылды 2006 жылмен салыстырғанда, % есебiмен
Көрсеткiштер: Жалпы жалақы қоры мың тенге Соның iшiнде:
2006 жыл: 31282, 6
2007 жыл: 42710, 7
2007 жылды 2006 жылмен салыстырғанда, % есебiмен: 136, 5
Көрсеткiштер: Жұмысшылар
2006 жыл: 19290, 7
2007 жыл: 25043, 4
2007 жылды 2006 жылмен салыстырғанда, % есебiмен: 129, 8
Көрсеткiштер: Қызметкерлер
2006 жыл: 11991, 9
2007 жыл: 17667, 3
2007 жылды 2006 жылмен салыстырғанда, % есебiмен: 147, 3
Көрсеткiштер: Мамандар
2006 жыл: 7788, 2
2007 жыл: 9827, 6
2007 жылды 2006 жылмен салыстырғанда, % есебiмен: 2417, 2
Көрсеткiштер: Басқа қызметкерлер
2006 жыл: 5850
2007 жыл: 219, 6
2007 жылды 2006 жылмен салыстырғанда, % есебiмен: 37, 5
Көрсеткiштер:

Бiр жүмыскердiң

Орташа

айлық еңбекақысы, мың теңге

Соның iшiнде:

2006 жыл: 2414137
2007 жыл: 15611
2007 жылды 2006 жылмен салыстырғанда, % есебiмен: 138, 9
Көрсеткiштер: Жұмысшылар
2006 жыл: 10261
2007 жыл: 13913
2007 жылды 2006 жылмен салыстырғанда, % есебiмен: 135, 6
Көрсеткiштер: Қызметкерлер
2006 жыл: 22719
2007 жыл: 30672
2007 жылды 2006 жылмен салыстырғанда, % есебiмен: 135, 0

3-Кесте «ҚЖБ» еңбекақы қоры туралы екі жылдық көрсеткіштері

Мәліметтер. «АҚ» екі жылдық көрсеткіштері

''Қызмет жасау басқармасының'' дұрыс жұмыс iстеуiн және сапалы өнiм өндiрудiң негiзгi көзi болып, негiзгi құралдармен қамтамасыз етiлуi болып саналады.

Осыған орай төменде ''Қызмет жасау басқармасының'' негiзгi құралдармен қамтамасыз етiлуi туралы 2006-2007 жылдардағы көрсерткiштерi 4-кестеде көрсетiлген:

4-кесте 2006-2007 жылдардағы ''Қызмет жасау басқармасының'' орташа жылдық негiзгi құралдары

Көрсеткiштерердiң аты: Көрсеткiштерердiң аты
2006 жыл: 2006 жыл
2007 жыл: 2007 жыл
2007 жылды 2006 жылмен салыстырғанда, % есебiмен: 2007 жылды 2006 жылмен салыстырғанда, % есебiмен
Көрсеткiштерердiң аты: Ғимараттар
2006 жыл: 25845
2007 жыл: 27365
2007 жылды 2006 жылмен салыстырғанда, % есебiмен: 105, 9
Көрсеткiштерердiң аты: Берілген құрылғылар
2006 жыл: 779
2007 жыл: 583
2007 жылды 2006 жылмен салыстырғанда, % есебiмен: 74, 8
Көрсеткiштерердiң аты: Машиналар мен жабдықтар
2006 жыл: 3737
2007 жыл: 3949
2007 жылды 2006 жылмен салыстырғанда, % есебiмен: 105, 7
Көрсеткiштерердiң аты: Көлiк құралдары
2006 жыл: 6193
2007 жыл: 6982
2007 жылды 2006 жылмен салыстырғанда, % есебiмен: 112, 7
Көрсеткiштерердiң аты: Өндiрiстiк және шаруашылық құралсаймандар
2006 жыл: 115
2007 жыл: 83
2007 жылды 2006 жылмен салыстырғанда, % есебiмен: 72, 2
Көрсеткiштерердiң аты: Барлығы
2006 жыл: 36669
2007 жыл: 38962
2007 жылды 2006 жылмен салыстырғанда, % есебiмен: 106, 3

*Мәліметтер. «АҚ» Қызмет жасау басқармасының орташа жылдық есебі

1. 4-кесте көрсеткiштерiне талдау жасайтын болсақ, онда мынандай жағдайларды көруге болады.

  1. 2007 жылғы көрсеткiштердi 2006 жылмен салыстырғанда негiзгi құралдардың 6, 3% өскендiгiн көремiз. Бiрақ негiзгi құралдардың құрамына қарай бұл көрсеткiштер әртүрлi мөлшерде өзгерген, ал тiптi өндiрiстiк және шаруашылық құрал-саймандар өсудiң орнына 27, 8% кемiген.
  2. Егер негiзгi құралдардың құрамын ұлесi бойынша бөлек қарайтын болсақ онда екi жылда үлкен өзгерiстер болмаған. Бiрақ негiзгi құралдарда 0, 6 пункiтке кемiген болса, көлiк құралдарында керiсiнше 1, 0 пункiтке өскен. Шын мәнiнде мүндай өзгерiстердiң болуы заңды нәрсе, яғни негiзгi құралдардың тозуына қарай iстен шығуы немесе жыл iшiнде қосылуы мүмкiн. Осыған орай, төменде негiзгi құралдардың екi жылдық қозғалысы туралы көрсеткiштерiн 5-кестеде көрсетемiз.

5-кесте көрсеткiштерiне талдау жасайтын болсақ, онда мынаны көруге болады:

2006 жылы негiзгi құралдардың қосылғаны бар болғанда 960 мың теңге құраса, 2007 жылы бұл көрсеткiш 5840 мың теңгеге жеттi. Оның себебi осы жылы 3500 мың теңгеге жатахана сатып алынды және оны күрделi жөндеуден өткiздi сонымен бiрге 1000 мың теңгеге компьютер және 24290 мың теңгеге жеңiл автомашина сатып алынды. Осыған орай 2007 жылы iстен шыққан негiзгi құралдардың құны өткен жылмен салыстырғанда 250 мың теңге шамасында артық болды. Бұл заңды нәрсе. Себебi қолданылып жұрген негiзгi құралдар өздерiнiң қызмет ету уақытына байланысы тозатындығы.

Жалпы алғанда ''Қызмет жасау басқармасының'' негiзгi құралдар құрамында айтарлықтай күрделi өзгерiстер болған жоқ деп айта отырып, азды-көптi қозғалыстардың болғандығын көруге болады.

''Қызмет жасау басқармасының'' кәсiпорындар мен бiрлестiктердiң техника-экономикалық көрсеткiштерiне талдау жасау кезiнде оның қолда бар материалдық запастарын зерттеудiң мәнi өте жоғары болып саналады. Сондықтан ''Қызмет жасау басқармасының'' 2006-2007 жылдардағы қолда бар материалдық запастар мен оның қозғалысын көрсету және бухгалтерлiк талдау жасау үшiн 5 кестенi келтiремiз.

Егер 1. 5 кестенiң мәлiметтерiне көз жүгiртетiн болсақ, онда мынандай жағдайларды көруге болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық құралдардың есебі
Негізгі құралдардың есебімен аудиті
Ақ аудиттің жүргізілу тәртібі
Қазақстан Республикасының ұлттық банкі және оның операциялары
Негізгі құралдар қозғалысының есебі
Қаржылық құралдардың есебі жайлы
Негізгі құралдар есебін инвентаризациялау
Қаржылық және басқарушылық есептердің салыстырмалы мінездемесі
Негізгі құралдардың есебі жайлы
Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz