Ежелгі Египет мәдениетін мектепте оқытудың әдістемесі


Тақырыбы: Ежелгі Египет мәдениетін мектепте оқытудың әдістемесі
Кіріспе . . . 3-8 бб.
І - тарау. Ежелгі Египет өркениетінің дамуы.
1. 1. Алғашқы өркениет ошақтары және Ніл өзенінің Ежелгі Египет мәдениетіне ықпалы . . . 9-12бб.
1. 2. Ежелгі Египетегі қолөнердің және жазудың дамуы . . . 13-16 бб.
1. 3. Ертедегі діни наным - сенімдер . . . 17-20 бб.
ІІ - тарау. Пирамидалар және сәулет - құрылыс нысандары - ежелгі Египет мәдениетінің ұлы жетістігі.
2. 1. Пирамидалар мен құрылыстардың ежелгі Египет мәдениетінде алатын орны . . . 21-24 бб.
2. 2. Эллинизм дәуіріндегі сәулет - құрылыс өнерінің дамуы . . . 25-27 бб.
ІІІ - тарау. «Ежелгі Египет мәдениеті» тақырыбын мектепте оқыту әдістемесі.
3. 1. Модульдік ойын технологиясының тиімділігі мен түрлері . . . 28-36 бб.
3. 2. Сабақ үлгісі . . . 37-49 бб.
Қорытынды . . . 50-51 бб.
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 52-55 бб.
Кіріспе
Қазір біз өткенді қайта қарап, қайыра зерделеу үстіндеміз. Мектептерде, жоғарғы оқу орындарында Отан тарихын оқыту басты назарда жүрген мәселелердің бірі. Тарих ғылымы мен тарихты оқыту қазіргі күндегі түбірлі өзгерістер жағдайында маңызы бұрынғыдан да артуда. Тарих - бұл өткен ғана емес, бүгінгіміз бен кешегіміз.
Тарих және онымен байланысты әлеуметтік ғылымдар кез келген мемлекеттің білім беру жүйесінде маңызды роль атқарады. Адамзат өзінің өткенін түсініп, болашағын жоспарлай алады.
Тарих ғылымы мен тарихты оқыту қазіргі күндегі түбірлі өзгерістер жағдайында маңызы бұрынғыдан да артуда. Тарих - бұл өткен ғана емес, бүгінгіміз бен келешегіміз.
Тарих және онымен байланысты әлеуметтік ғылымдар кез келген мемлекеттің білім беру жүйесінде маңызды роль атқарады. Адамзат өзінің өткенін түсініп, болашағын жоспарлай алады.
Қоғамда болған түбірлі өзгерістер білім беру саласында да жүріп жатыр. Білім беруде құндылық пен ізгілікті оқытып үйретуге басты басты назар аудару қажеттігі ғылымда көптеп айтылып келеген мәселе. Тарихты оқытудың басты мақсаты - оқушыларға адамзаттың жүріп өткен тарихи жолын, адамдар жасаған құндылықты, мәдениетті яғни олар жинаған тарихи тәжірибенің негізін оқытып үйрету. «Білім туралы» заңда көрсетілгендей: «ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға, ғылым мен рпактика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға, шығармашылық рухани, . . . әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулуға . . . » - басты назар аудару қажет[51; 25] .
Қазіргі кезеңде мектепте тарихты оқытудың басты міндеті - жастарды адам баласының өткен шындық тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің басты-басты жетістіктерімен сусындату, өткен тарихты өздігінше сын көзімен талдай отырып, өз білімін үнемі толықтырып отыратын, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алатын азамат тәрбиелеу екені назарда болуы тиіс.
Өзектілігі: Болашақ тарихшыны дайындауда ғана емес, жалпы кез келеген азаматты қалыптастыруда ежелгі дүние тарихын, соның ішінде мәдениет саласындағы жетістіктерді оқытушыларға үйрету және игерту үлкен маңызға ие. «Мәдениет - бұл барлық ілім ұмытылғаннан кейін қалатын мұра», - деп орта ғасырлық ғалым Э. Эррио айтқандай, ежелгі дүние мәдениеті соның ішінде, Ежелгі Египет мәдениеті өзінің құндылығымен күннен - күнге жарқырайды[3; 11] . Жалпы адамзат мәдениетінің, ғылымының, білімінің, мемлекеттілік пен әскери өнердің сан алуан қайнар көзі, сарқылмас бұлағы, алтын бесігі болған ежелгі Египет мемлекетінің тарихы мен мәдениеті бүгінгі таңда тарих сахнасында өз құнын жоймайды. Сол дәуірде пайда болған «пирамида» қазіргі күні үлкен тарихи, зор мәнге ие болғаны хақ.
Қалай дегенмен де, кейінгі кездері әлем тарихына да, көп көңіл бөлініп жүр. Себебі өз отанымыздың тарихы әлем тарихының бір бөлігі ретінде ала аламыз. Бірақ та, отан тарихымен қоса дүние жүзі тарихының да өзкеті мәселелерін оқыту, оны бала санасына сіңіру, өркениет ошақтарының қалыптасуы мен әлемдік үрдістердің, қоғамның құрылу ерекшеліктерін оқыту бүгінгі күннің талабы. Сондықтан да ежелгі дүние тарихын мектепте оқыту - жүйе бойынша танымның әуелгі сатысы болып табылады. Ежелгі Шығыс тарихындағы орны зор мемлекет болып саналатын ежелгі Египет мемлкетінің мәдениетін мектепте оқыту, бала санасына алғашқы мемлкеттерде қалыптасқан өркениеттің қалыптасуы мен ежелгі мемлекеттер арасындағы қатынастардың нығаю белгілерін тарихи тұрғыда оқушы санасына сіңіру тарихты оқытудағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
«Ежелгі Египет мәдениеті» Ертедегі Шығыс және Жерорта теңізі бассейні жағалауындағы таптық қоғамдар мен мемлекеттердің даму жағдайларын «Ежелгі дүние тарихының» құрамдас бөлімі болып табылады. Ежелгі Египет Ежелгі мәдениеті мен тарихы Шығыс мемлекеттерінің қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың пайда болуын, дамуын және құлдырауын қарастырады. Ол б. э. д. ІІІ мыңжылдықтардан басталып, б. э. д. Жерорта теңізіндегі гректік және эллинистік мемлекеттерді Рим империясының жаулап алуымен аяқталады[51; 226] .
Зерттеу әдісі: Тақырып бойынша зерттеулерді талдау, зерттеу, салыстыру, оқылған материалдарды синтездеу, бақылау, әңгімелеу болып табылады.
Теориялық негізі: Қоғам, тарих, әдістемелік мәселелерін зерттейтін тарихшылардың еңбектеріне негізделген.
Зерттеу объектісі: Ежелгі дүние тарихының құрамдас бөлігі болып табылатын ежелгі Ежелгі Египет мәдениеті.
Негізгі мақсат: Ежелгі дүние тарихындағы ежелгі Египет мемлекетінің қоғамдық - саяси дамуы, әлеуметтік - экономикалық жағдайы мен мәдениетінің дүниежүзі тарихында алатын орнын жете зерттеп, тарихи тұрғыда талдап қарастыру және аталған мемлекеттің тарихын мектеп курсында оқытудың ғылыми - әдістемелік ерекшеліктерін көрсету.
Міндеттері:
- Ежелгі Египет өркениетінің дамуының кезеңдерінің мәнін ашып көрсету.
- Алғашқы адам қоныстары және Ніл өзенінің Ежелгі Египет мәдениетіне ықпалын тарихи тұрғыдан ашықтау.
- Ежелгі Египетегі жазудың және қолөнердің дамуының деңгейі мен дәрежесін салыстырмалы түрде жете зерттеу.
- Ертедегі діни наным - сенімдер ерекшелігін анықтау.
- Пирамидалар мен құрылыстардың ежелгі Египет мәдениетінде алатын орнын объективті тарихи шындыққа сай зерделеу.
- Эллинизм дәуіріндегі сәулет - құрылыс өнерінің дамуына шынайы баға беру.
Гипотеза: Ежелгі Египет мәдениеті тақырыбын мектепте оқытудың ғылыми - әдістемелік талаптарын қолдану, тарихи білімдерді қалыптастыруда неғұрлым жоғары дәрежеде ұйымдастыруға жағдай жасайды.
Практикалық маңызы: Мектеп мұғалімдері мен педагогикалық бағыттағы жоғарға оқу орындары студенттері үшін мемлекеттіл тілдегі оқу - әдістемелік құрал.
Зерттеу базасы : Зеттеу базасы ретінде Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы № 37 мектеп - гимназиясының 6 «А» сыныбы.
Тарихнамасы: Ертедегі Египет тарихы ХҮІІғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында еуропалық тарих ғылымында көрнекті орын ала бастады. Ертедегі Египет тарихын зерттеу барысында ғалымдар Египет мәдениетіне мән бермеген тарихшылар жоқтың қасы. Шанполион, неміс ғалымдары Рубейнштейн және Говард Картер еңбектерінде Египет тарихы мен деректерді қортындылау, талдау жасалынған[19; 91] .
Египет тарихын зерттеуге үлкен қызығушылық танытқан мықты парламенттік, дәстүрлі, классиктік капитализм елі Францияда көңіл бөлді. Әртүрлі саяси партиялардың қақтығыстарында Еггипет тарихының материалдарын кеңінен пайдаланды, оның ішінде сәулет құрылыс өнеріне көп мән берді.
ХІХ ғасырдың ортасында ертегрек тарихының және мәдениетінің өзіндік жүйесін К. Маркс пен Ф. Энгельс жасады. Олар Египет тарихы мен қоғамын материалистік тұрғыдан түсіндіру құл иеленушілік өндіріс тәсілінің классикалық өтпелі дамуы түріндегі қоғамдық - экономикалық формация деп тұжырымдады. Ертедегі Еггипет тарихын маркстік - лениндік идеология негізінде зерттеу күрделі процесс болды[24; 9] .
1959 жылы Ленинградта Петровский Н., Матвеев В., «Египет сын тысячелетний» деген еңбектерін жазып шығарады[3] . Көптеген деректерді асқан ұқыптылықпен зерттеу нәтижесінде бұл монографияларда Ертедегі Египет мәдениетін қалыптастырудағы құл иеленушілік пен тәуелділіктің басқа да формаларының қазіргі жаңаша баяндалуын, Шығыс әлеміндегі құл иеленушілік өндірістің ролін ашып көрсетті.
60 - 80 жылдары зерттеулерде Египет тарихына әртүрлі жақтарына, мәдениетіне үлкен орын берілді. Авдиев В. И., Дьяконова, В. Д. Нероновой, И. С. Свенцицкой, Струве В. В., Тураев Б. А. еңбектерінде Египет мәдениеті әртүрлі қырларынан зерттеледі[11, 15, 16, 25] . Полис алдындағы және полис ұйымының ертедегі формаларын, полистің мәні, экономика және оның ішінде аграрлық қатынастардықұлдық және полис өмірін толықтай зерттеген зерттеулер болып табылады.
С. Қ. Төлкеевтің «Ертедегі грек тарихы» еңбегінде эллинизм кезеңінің түбегейлі мәселесі: грек полистерінің гүлдену жағдайларындағы полистік және полис аралық құрылымдардың арақатынастары, тәуелсіз грек қала мемлекеттерінң күрделі және қайшылықты дамуы зерттеледі. Соның ішінде эллиндік Египет мәдениеті мен ондағы ғылым мен білімнің дамуы ерекше баяндалады[50] .
В. И. Кузищина, Авдиев В. И. еңбектерінде ежелгі Египеттің мәдени құндылықтарына деерктеріне сипаттама беріледі. Ежелгі Египет жерінен табылғанг заттай деерктерге тарихи тұжырым жасалынып, тарихи баға берілген[4, 6] .
Соңғы кездері шығып жүрген оқытушыларға арналған тіректік конспекті ретінде жазылып шыққан Федосик В. А., Прохоров А. А., И. О., Евтуховтар «Материалы по истории древнего мира и средних веков» атты кітапша жазып шығарды[2] . Аталған еңбектің құндылығы Египет тарихын даталық және оқиғалық тұрғыда ашып, оқушының жылдам меңгеруіне жағдай жасалған.
Ал деректіктерге келер болсақ нақты Египет мәдениетінің деректеріне арналған қаламыздағы кітапханаларда еңбектер жоқ. Бірақ жекелеген христоматилардан біршама деректік материалдар ала аламыз. Атап айтсақ: История Древнего Востока: Материалы по историографии, Тематическая хрестоматия по истории древнего мира, Хрестоматия по истории Древнего Востока. т. б. [21, 31, 32]
Қазақ тілді басылымдар яғни, Ежелгі Египет тарихы туралы еңбектер мол деп айта алмаймыз. Тәуелсіздік алғанға дейін мәлімет алуға болатын жалғыз ғана кітап болған. Ол 1978 жылы Ю. С. Крушкол редакциясының басшылығымен жазылған «Ежелгі дүние тарихы» оқулығын айтуға болады. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін де әлемдік тарихқа назар аударып, жазылған әдебиеттер мол деп айту қиын. Ежелгі дүние тарихы жайлы еңбектер мүлдем аз.
Құрылымы: Кіріспеден және үш бөлімнен тұрады.
І - тарау. Ежелгі Египет өркениетінің дамуы деп аталып ол өз ішінен алғашқы адам қоныстары және Ніл өзенінің Ежелгі Египет мәдениетіне ықпалы және Ежелгі Египетегі жазудың және қолөнердің дамуы, сондай - ақ, ертедегі діни наным - сенімдер деген үш бөлімшеден құралған.
ІІ - тарау. Пирамидалар және сәулет - құрылыс нысандары - ежелгі Египет мәдениетінің ұлы жетістігі деп аталып, ол өз ішінен пирамидалар мен құрылыстардың ежелгі Египет мәдениетінде алатын орны мен Эллинизм дәуіріндегі сәулет - құрылыс өнерінің дамуына ден қойылған арнайы бөлімшеден тұрады.
ІІІ - тарау. «Ежелгі Египет мәдениеті» тақырыбын мектепте оқыту әдістемесі. І бөлімде ойын технологиясы тиімділігі мен түрлері деп аталып, оның ерекшеліктеріне тоқталсам. ІІ бөлімінде тірек конспектісі арқылы сабақ жоспары берілген.
Соңы қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімімен аяқталады. Бұған қоса сабақтың белсенділігін артыру мақсатында қосымша көрнекілік құралдары ұсынылған.
І - тарау. Ежелгі Египет өркениетінің дамуы.
1. 1. Алғашқы адам қоныстары және Ніл өзенінің Ежелгі Египет мәдениетіне ықпалы.
Ежелгі ежелгі дүниенің өзінде Египеттіктер жоғары деңгейлі Таяу Шығыс пен Грецияға үлгі болатындай мәдениет құра білді. Ал уақыт өте келе Египет мәдениеті мен өркениетіне әлем жұртшылығы бас иді. Еуропалық ғалымдар бұл мәдениетті өркениеттің бастауы деп те қарастырады. Өркениет тек адамзат баласы пайда болғаннан бері ғана қалыптасқан қоғамдық үрдістің жемісі деп айтсақ та болады. Осы Египет мәдениеті нәр алған, қайнар бұлағы болған, Египет жерлерінде алғаш пайда болған мәдениет ошақтары жайында сөз қозғамақпыз.
Мысыр немесе Египет атауы қазіргі таңда барлық жер әлемге белгілі. Бірақ, осы елдің өзі өз елінің атауын бұлай атамаған. Олар өз жерлерін «Қара жер» деп атаған. Ал өздерін Мысырлықтар емес, «Қара жердің балалары » деп атаған[51; 19] . Себебі, Ніл өзенінің маңындағы жер өте құнарлы, қара топырақтан құралғандықтан солай атаған көрінеді. Негізінен Мысыр атауын Арабия түбегіндегі, алдыңғы Азия мен Қосөзен аңғарындағы мемлекеттер берген болатын. «Мысыр» атауы «тұрғын жер, қала» деген мағна береді. Бұған себеп, сол кездердің өзінде Египет жерлеріндегі қалалардың ірі болуы еді. Қазіргі кезде Египеттіктер өз елін Мысыр деп атап келеді[34; 44] .
Жалпы Египет деген атау ертегрек тілінен енген. Б. э. д. І мыңжылдықта ертедегі гректер алғаш рет Египетке ене бастағанда, олардың алғаш кез болған қаласы Мемфис «Хикупта» болды. Осыған байланысты олар бұл елді Египет деп атаған[22; 29] .
Картаға зер салар болсақ Египет жерінде үлкен әрі, жалғыз өзен бар. Ол - Ніл өзені. Ніл өзенінің ағысына орай, ел екіге бөлінді. Екі Египет арасындағы бөлікті Дельта деп атады. Осыған орай, төменгі және жоғарғы Египет деген атаумен екіге бөлінді. Бұлар өзара климаттық жағынан да ерекшеліктерге орын берді.
Ніл - Египеттің басты байлығы. Себебі, Египеттіктерді азық - түлікпен қамтамасыз етіп отыратын жалғыз өзен болып табылады. Ніл өзені мезгілдік өзгерістерге сай, тасып отырды. Тасып басылғаннан кейін бұл жерлерге Египеттіктер дәнді - дақылдар еккен еді. Дәнді - дақылдарды өсірудің жетілуі мен дамуына байланысты қолөнер қатар алға жылжып отырды.
Нілдің тасуын құдіретті күшке теңеп өзенді құдіретті күш иесі - Хани деп атады. Египеттің құнарлы жерлерінде папирус, лотос, соялық өсімдіктер, әртүрлі ағаштар өскен. Ніл өзеннінде көптеген балық түрлері болған. Тастағы суреттерге зер салар болсақ, Египетте балықшылықтың дамығандығын көреміз.
Египеттің таулы шатқалдарында көптеген құрылыс материалдары болды. Мысалы: гранит, базальт, т. б. болды. Металл өндіру де, біршама дамыды. Металл рудалары ежелгі дүниеден бері дамып отырған сала[16; 49] .
Сахара шөлі мен Қызыл теңіз арасындағы жерлерде алғашқы адамдар қоныстана бастады. Кейіннен саванналар шөлге айналып, жануарлар мен адамдар судан тапшылық көре бастады.
Сондықтанда өркениет ошақтары Ніл аңғарларында қалыптасты деген түсінік дұрыс емес, алғашқы адамдар тұрақтары Ніл аңғарында емес, таулардың етектерінен табылған. Бұл қорымдар ертетас дәуіріне жатқан. Бұндай тұрақтар Файгамда, Сиуттың қасынан, Фивы маңайнан табылған[19; 98] . Тек, неолит дәуірінің ортасында ғана Ніл аңғарларына адамдар тұрақтана бастаған. Ніл өзені тасыған уақыттарды үлкенді - кішілі жер аумақтарын басып кетіп отырды. Ал, жаз айларында қуаңшылық бой көтеріп, судың тапшылығы болып қалатын кездері аз болмаған. Осыған байланфысты ағыстарды бұру немесе су қорын жинақтау үшін көп еңбек күшімен қатар, еңбек құралдврының қажеттілігі молая түсті. Құралдардың дамуымен қатар, егіншілікті өркендету барысында үлкен каналдар, платиналар орната бастаған. Жер шаруашылығында ирригациялық жүйе қалыптасқан. Ирригация дегеніміз өзен суларын пайдалану технологиясы. Платиналар салынған кезде, олардан үлкен бассейіндер құралған. Оларда көп мөлшерде қажеттілікті өтеуге арналған су сақталып отырылған. Египеттіктер тек егін шаруашылығымен ғана айналыспады. Олар сонымен қатар, мал шаруашылығымен де айналысты. Мұны біз археологиялық қазба жұмыстардың нәтижесінде табылған сиыр, қой, шошқа сүйектерінің табылуынан көре аламыз.
Археологтордың зерттеулері бойынша ежелгі төменгі және жоғарғы Египеттің мәдение ошақтары бірі - біріне ұқсас болып келмейтіндігін айтады. Жоғарғы Египет мәдениеті Африка халықтарының мәдениетіне жақындығын, төменгі Египеттіктердің тұрақтары, Жерорта және Алдыңғы Азиялық мәдениетке ұқсастығын анықтаған. Бұдан біз Ніл аңғарында көптеген, әртүрлі халықтар мекендегенін байқаймыз[28; 87] .
Ұзақ шаруашылық және мәдени қатынастардың нәтижесінде, ортақ египеттік халық және ортақ тіл қалыптасты.
Египеттегі Бадари елді - мекенінде өткен зерттеу жұмыстарынан мәдениеттің жаңа тас дәуірінен қола дәуіріне аяқ басқандығын байқаймыз. Бадари мәдениеті мөлщері ІҮ мыңжылдықтың басына жатады. Сонымен қатар бұл кезеңнің шаруашылығы мен мәдени өмірінен көрініс береді. Мысалы, сол кездері жер шаруашылығының, мал шаруашылығының, аңшылық пен балық аулау жедел қарқынмен дамығанын көруге болады. Көбінесе қатты тастан жасалған құралдар кездескен[30; 83] .
Бұл кездері қоғам әлі алғашқы қауымдық құрылыс шеңберінде дамыды. Аңшылық, жер өңдеу, мал шаруашылығы үлкен еңбек ұжымдарының жұмысын талап етті. Ортақ еңбек қоғам бөлінісін тудыра қойған жоқ болатын.
Династиялық кезеңге дейінгі уаэқыттың келесі бір мәдениетін ғалымдар «Негада І» және «Негада ІІ» деп атаған. Бұл мәдениетке жататын тұрақтар Төменгі және Жоғарғы Египеттен де кездеседі. «Негада І» кезеңінде алғаш рет ніл өзені аңғарларына жер өңдеу таралған. Тауар алмасу Эгей архипилагымен, Алдыңғы Азиямен, Синай түбегімен жүргізіліп отырған. «Негада ІІ» кезеңінде көптеген өзгерістер болды[35; 103] . Династиялық билік кезеңіне жақын мыс құралдар пайда бола бастады. Халықаралық тауар алмасу кеңейді. Осы кезде ескі заңдар өз күшін жойып, қоғамда теңсіздік орнай бастайды. Бұл жерлеу рәсімдерінен анықталған. Кедей және байларды жерлеуде көптеген өзгерістер қалыптаса бастаған.
1. 2. Ежелгі Египетегі қолөнердің және жазудың дамуы.
Ежелгі Египет мәдениетінің ең бір ерекшеліктерінің бірі ол жазу мен қолөнердің дамуы. Ежелгі Египетте геометриялық оюлар салынған қыш ыдыстар кеңінен таралған. Сонымен қатар, қорғасын құралдары да ерекше қарқынмен дами түскен. Археологтардың жұмысының нәтижесінде Египетте қорғасыннан жасалған пышақ, кескіш заттар, түме сынды т. б. заттар табылған[38; 135] .
Аңшылықта египеттіктер бумеранг қолданған. Бумерангтарды аңшылықта ғана емес, соғыс құралы ретінде әскерді жасақтауға да пайдаланған еді.
І - ІІ әулет билігінің тұсында Египет қола дәуіріне аяқ басты. Бұны ауқатты адамдарды жерлеу рәсімінде мысты көп қолданғандығынан көре аламыз. Олардың арасынан ине, пышақ, ара, шеге, сымдар, балта сияқты заттарды кездестіруге болатын еді. Ол кездері кремнийден жасалған еңбек құралдары қола мен мыс дәуірінде қатар жүрді. Еңбек құралдарының көбеюі, әсіресе, жер шаруашылығының өркендеуіне үлкен үлес қосты[38; 146] .
Египеттік шеберлер көптеген әшекей бұйымдарын алтын, тас, піл сүйегі, ағаш сынды заттардан жасап отырды. Жоғарғы және Төменгі Египеттің бірігуі мәдени дамуда көп үлесін қосыты. Екі Египеттің бірігуі мәдени байланысты жаңғыртып қана қоймай, жаңа, ортақ құндылықтардың туындауына өз ықпалын тигізді. Бірігу шаруашылықты дамытты. Жүзім шаруашылығы Төменгі Египетте дамыса, егін шаруашылығы Жоғарғы Египетте дамыған еді, осыған байланысты жаңа еңбек құралдары дүниеге келе бастады.
Қоғамның таптарға бөлінуі, Египетте ортақ, тұтас мемлекеттің құрылуы, І және ІІ әулеттің билігіне сәйкес келді. Таптардың пайда болуы қол еңбегіне деген сұранысты ұлғайта түсті. Жоғарға тап өкілдері төменгі тап өкілдерінің еңбектерін пайдалана отырып әртүрлі заттарды жасата бастады. Қоғамның таптарға бөлінуі жалпысынан қолөнердің дамуына өз септігін тигізді[40; 168] .
Египеттіктер өте дарынды суретшілер болған. Олар өте әдемі түрде өздерінің айналасында болып жатқан оқиғалармен қоса жан - жануарларды, патшалар мен кедейлердің өмірін суреттей алған. Бұл суреттерге қарай отырып, Ежелгі Египет қоғамына көз жүгіртуге әбден болады.
Ежелгі тастарда салынған суреттердің бірінде кеменің суреті салынып, оның үстіндегі адамдардың балық аулап тұрғандығы бейнеленілген. Бұдан ежелгі Египетте кеменің болғандығын байқауға болады. Кемені жасауда қолөнершілердің кол күші пайдаланылатыны белгілі. Бұнымен қоса египеттіктерде тоқыма жасау ісіде алға жылжыды. Олар тоқыма станоктарын шығарды. Қарапайым механикалық кейіптегі бұл станоктардан шыққан бұлдарды көршілес мемлекеттер жоғары бағалап, сатып алып отырған болатын.
Ежелгі Египет жерлерінде зергерлік қолөнер бұйымдарын жасау орта және кейінгі патшалық дәуірінде өзінің даму шегіне жетті десе де болады. Пирамидалардың ішінен табылған алтыннан жасалған әшекей заттар құлдар мен қолөнершілердің қолымен жасалынған. Осы кезеңдері сыртқы саясаттағы жорықтар мен сыртқы қауіптен қорғану мақсатында қару - жарақтар жасалынды. Қаруларды безендіру, оған шартты белгілер соғу да қолөнершілердің жұмыстары еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz