Шетелдік түлғалар мен азаматтардың табиғат пайдалану құқығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

"ШЕТЕЛДІК ТҮЛҒАЛАР МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ТАБИҒАТ

ПАЙДАЛАНУ Қ¥ҚЫҒЫ"

Орындаған:

Ғылыми жетекшісі:

Түкбасов. М

3 курс сыртқы

оқу бөлімінің студенті

Заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушысы Ергөбек. Ш. К

Жұмыс қорғауға жіберілді
« » 2009 ж.

Кафедра меңгерушісі з. ғ. к., доцент

Л. Қ. Еркінбаева

Алматы қаласы 2009 жыл.

РЕФЕРАТ

Ұсынылып отырған дипломдық жүмыста шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың табиғат пайдалану күқығы қарастырылған.

Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен заңды тұлғаларының жер учаскелеріне, өзге табиғи объектілерге меншік және өзге заттық құқықтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың Қазақстан жерін жалға алу ерекшеліктерін қарастырып, негіздеу.

Осы жердегі міндеттер: шет азаматтары мен заңды тұлғаларының Қазақстан аумағындағы жер учаскелеріне меншік және өзге заттық құқықтардың, басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың жалға алуының ерекшеліктерін анықтау, осы қатынастарды реттеудегі ұлттық және халықаралық құқық нормаларының арақатынасын айқындау, шет мемлекеттердің Қазақстан жерлерін (шекаралас жер учаскелері, әскери сынақ полигондары мен "Байқоңыр" ғарыш айлағы, транзиттік мақсаттағы жерлер) жалға алуының құқықтық аспектілеріне талдау жасау.

Қазақстан Республикасы халықаралық аренада жедел бедел алып келе жатқан мемлекет болып табылады. Біздің еліміз әлемнің 100-ден астам мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынастарын орнатқан, сәйкесінше шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың тиісті дипломатиялық өкілдіктері біздің еліміздің аумағында орналасқан. Қазақстанның әлемнің жетекші мемлекеттерімен қатар ұзақ мерзімді ынтымақтастығының болашақ дамуы бірнеше халықаралық келісім-шарттармен, Қазақстанда дипломатиялық өкілдіктердің жаңа ғимаратының құрылысы жүруімен айқындалады.

Осы күнгі шетелдік мемлекеттердің Қазақстанда жерді жалға алу қүқығына байланысты жер қатынастары кешеніне қатысты мәселелерді зерттеу өзекті міндет болып табылады десек, қателеспеген болар едік. Жалға алу мәселесі мемлекеттің аумақтық тұтастық мәселесімен, жер қүқығына қатысты халықаралық қүқық нормаларымен арақатынас мәселелерімен және осыған қатысты мемлекетішілік қазақстандық қүқық нормалары және қатынастарымен, шет елдердің біздің еліміздің аумағында табиғат қорғау заңнамаларын сақтауына бақылау жасауда мемлекет араласуының шегі мәселелерімен тығыз байланысты.

Диплом жұмысы кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде осы тақырыптың өзектілігі, оның зерттелу деңгейі, мақсаттары мен міндеттері және қүрылысы көрсетілген. Негізгі бөлім екі тараудан түрады. Бірінші тарауда табиғат пайдалану қүқығының жалпы сипаттамасы мен түрлері қарастырылған. Екінші бөлім шетелдік тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы табиғаты пайдалануы және оның күқықтары мәселелеріне арналған. Қорытындыда жүмыс барысында қарастырылған барлық мәселелер бір тоқтамға келтіріліп, тұжырымдалады. Жұмыстың жалпы көлемі 65 бет.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

1 Табиғат пайдалану қүқығының қүқығының жалпы сипаттамасы мен түсінігі 6

  1. Табиғат пайдалану қүқығының жалпы түсінігі және түрлері6
  2. Табиғат пайдалану қүқығының объектілері мен субъектілері10
  3. Жалпы табиғатты пайдалану20

2 Шетел түлғалардың Қазақстан Республикасындағы табиғат
пайдалануы және оның қүқықтары 23

  1. Шетелдік тұлғалар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының шетелдік субъектілермен табиғат пайдалану қатынастарының объектілері, мазмұны23
  2. Қазақстан Республикасының шетелдік субъектілермен жер қатынастарын қүқықтық реттеуі40
  3. шетел мемлекеттерінің Қазақстан Республикасының жерлерін, өзге табиғи объектілерін пайдалануының құқықтық мәселесі53

Қорытынды 50 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 63

КІРІСПЕ

Егеменді және тәуелсіз Қазақстан табиғи ресурстарға бай мемлекет болып табылады. Алайда, біздің еліміздің табиғи ресурстарының соншама молдығына қарамастан, оған қамқорлықпен қарау әрқашан туындап отырады. Қоғамның қазіргі дамуы табиғи ресурстардың шаруашылық мүқтаждықтарына кең түрде пайдаланылуына сүйенеді. Бұл процесс нарықтық қатынастар дами түскен сайын одан әрі күрделене береді.

Сондықтан, ғалымдар мен бүкіл қоғамның табиғи ресурстарын пайдаланудың адам үшін қажеттілігі мен табиғи ортаны қорғаудың қажеттілігі арасындағы қарама - қайшылықтарға байланысты дабыл қағуы өте орынды болып табылады. Осыған байланысты зор маңызды табиғи ресурстарды өте көп мөлшерде шаруашылық мақсатқа пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін теріс зардаптары мен залалдарын жеңілдету, барынша азайту және табиғи байлықтарды молайту жөніндегі шараларды жасау міндеті туындайды. Табиғатты тиімді түрде үнемді пайдалану және оны қорғау шаралары, оның ресурстарын пайдалану кезіндегі тепе-теңдікті белсенді түрде сақтау, қоршаған табиғи ортаны жақсарту, ал бұл талаптар бүзылған жағдайда оны қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру қажеттігін тудырып отыр.

Осыған орай "Қазақстан - 2030" стратегиясының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасың дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі түжырымдамасы мақұлданды. Бұл тұжырымдамада еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық бағыттар көрсетілген - экономиканы, ұлттық заңнамаларды және қоғамды экологияландыруға байланысты, экологиялық үгіт-насихат және жұртшылықтың қатысуы, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту 1 .

Табиғатты қорғау мен оның байлығын тиімді пайдалану мәселесін шешуді қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдер жүйесін жасауға әр түрлі қүқықтық институттар белсенді түрде қатысады. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы қызметке көптеген субъектілер қатысады, мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, заңды тұлғалар, азаматтар, қоғамдық бірлестіктер және шетелдік тұлғалар мен халықаралық бірлестіктер т. б.

Әлемдік шаруашылықтың соңғы он жылдағы қазіргі жай-күйі түрлі елдердің экономикасын процесінің кеңеюі және тереңдеуімен анықталады. Шаруашылық өмірді негізгі бағыттарының бірі капиталды, оның ішінде шетелдік инвестицияны экспорттау болып табылады.

Халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін шетелден қосымша қаражат тарту мен пайдаланудың, шетел инвестициясының 1

Назарбаев Н. Ә. Қазақстан - 2030. - Алматы, 2004. - 132 б.

Қазақстан аумағында өз қызметін атқаруын заң тұрғысынан қамтамасыз етудің оңтайлы формаларын таңдап алу қажет болды. Сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейту, шетел инвестициясын кеңінен тарту Қазақстанның экономикалық дағдарыстан шығуына өз септігін тигізді. Қазақстандағы сыртқы экономикалық қызмет 1993 жылдан 1997 жылдар аралығында ерекше белсендендірілді. Елімізге АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Жапония, Турция, Франция сияқты тағы да басқа дамыған елдерден ірі-ірі трансұлттық және шетелдік компаниялар күннен-күнге көптеп келіп жатты. Қазақстанға инвестиция салуға деген қызығушылықты арттыру үшін заңдарымыз шетелдік компаниялардың мүддесіне қарай икемделіп, қолайлы жағдай жасалып отырды.

Әрине осы қыруар компаниялардың қай саладағы қызметі болса да жермен тығыз байланысты. Шетел азаматтары мен заңды түлғалары Қазақстандағы жер учаскелерін өндірістік-экономикалық мақсаттарда меншіктеніп, уақытша пайдаланса, жерлер шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға әлеуметтік-саяси мақсаттарда жалға беріледі.

Бүгінде еліміздің жалпы қүқықтық жүйесі, оның ішінде жер құқығы біршама тұрақтанса да, Қазақстан Республикасындағы шетелдік субъектілермен жер қүқықтық қатынастары құқықтық деңгейде әлі де болса өз толық реттелімін таппай отыр.

Қазақстан бүрынғы КСРО-ның зиянды әскери-өндірістік кешен қызметінен осы күнге дейін жапа шегіп келеді. Мысалы, «мамандардың айтуы бойынша семей ядролық сынақ полигонында болған жарылыстардың нәтижесінде қоршаған ортада жиналған радиактивті қалдықтардың саны Чернобыль атом реакторынан тасталған қалдықтардан асып түседі. Ғалымдардың айтуы бойынша, бүл жағдайда Семей жоқ дегенде екі Чернобыльға пара-пар болып отыр».

Осы сынақ полигондарынан тек қана адамдар ғана емес, сонымен қатар, жер де жапа шегуде. Радионуклеидтардың жылдан жылға шоғырлануы жердің өнімділігін азайтуда. Мамандардың бағалауы бойынша жер өзінің қүнарлығын қалпына келтіру үшін кем дегенде 300 жыл керек екен.

Семейден басқа, Қазақстан аумағында ядролық зарядтардың жарылысы өткізілетін өзге де полигондар және сынақ алаңдары бар: Азғыр, Тайсойған, Орда, Жанғола және тағы басқалар.

Әскери полигондарда радиоактивті және өзге ластанудан жерді қорғау мәселесі әлі күнге дейін шешілмеген. Қазіргі кезде ол жерлер негізінен шетелдік мемлекеттермен пайдаланылады. Бұл жағдайда жерді пайдалану халықаралық келісім шарттармен реттелуде. Бірақ осы халықаралық шарттар мен ұлттық жер заңдарының арақатынасы айқын емес.

Қазақстан дамыған құқықтық жүйесі бар жаңа егеменді ел болып табылады. Біздің егеменді елдегі жер қатынастарының қалыптасуы әр түрлі қырларынан отандық ғалымдармен сараланған өзінің тарихы бар.

Бірақ, Қазақстан Республикасының жерінің шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерімен және халықаралық ұйымдармен пайдаланылуы әлі күнге дейін реттелмеген сұрақ болып отыр.

Қазақстан Республикасы халықаралық аренада жедел бедел алып келе жатқан мемлекет болып табылады. Біздің еліміз әлемнің 100-ден астам мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынастарын орнатқан, сәйкесінше шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың тиісті дипломатиялық өкілдіктері біздің еліміздің аумағында орналасқан. Қазақстанның әлемнің жетекші мемлекеттерімен қатар ұзақ мерзімді ынтымақтастығының болашақ дамуы бірнеше халықаралық келісім-шарттармен, Қазақстанда дипломатиялық өкілдіктердің жаңа ғимаратының құрылысы жүруімен айқындалады.

Осы күнгі шетелдік мемлекеттердің Қазақстанда жерді жалға алу құқығына байланысты жер қатынастары кешеніне қатысты мәселелерді зерттеу өзекті міндет болып табылады десек, қателеспеген болар едік. Жалға алу мәселесі мемлекеттің аумақтық тұтастық мәселесімен, жер құқығына қатысты халықаралық құқық нормаларымен арақатынас мәселелерімен және осыған қатысты мемлекетішілік қазақстандық құқық нормалары және қатынастарымен, шет елдердің біздің еліміздің аумағында табиғат қорғау заңнамаларын сақтауына бақылау жасауда мемлекет араласуының шегі мәселелерімен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен заңды тұлғаларының жер учаскелеріне меншік және өзге заттық құқықтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың Қазақстан жерін жалға алу ерекшеліктерін қарастырып, негіздеу осы диплом жұмысының мақсаты болып табылады.

Осы жердегі міндеттер: шет азаматтары мен заңды тұлғаларының Қазақстан аумағындағы жер учаскелеріне меншік және өзге заттық құқықтардың, басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың жалға алуының ерекшеліктерін анықтау, осы қатынастарды реттеудегі ұлттық және халықаралық құқық нормаларының арақатынасын айқындау, шет мемлекеттердің Қазақстан жерлерін (шекаралас жер учаскелері, әскери сынақ полигондары мен "Байқоңыр" ғарыш айлағы, транзиттік мақсаттағы жерлер) жалға алуының құқықтық аспектілеріне талдау жасау.

Диплом жұмысы кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан түрады. Кіріспеде осы тақырыптың өзектілігі, оның зерттелу деңгейі, мақсаттары мен міндеттері және құрылысы көрсетілген. Негізгі бөлім екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда табиғат пайдалану қүқығының жалпы сипаттамасы мен түрлері қарастырылған. Екінші бөлім шетелдік түлғалардың Қазақстан Республикасындағы табиғаты пайдалануы және оның кұқықтары мәселелеріне арналған. Қорытындыда жұмыс барысында қарастырылған барлық мәселелер бір тоқтамға келтіріліп, тұжырымдалады.

ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ ҚҮҚЫҒЫНЫҢ ҚҮҚЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ МЕН ТҮСІНІГІ.

1. 2 Табиғат пайдалану қүқығының жалпы түсінігі және түрлері

Табиғатты пайдалану адамның жаратылысқа келгелі жалғасып келе жатқан өмірдің, тіршіліктің материалдық және әлеуметтік негізі және ол үзілмейтін процесс. Қазақстан Республикасының Конституциясында табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік арқылы пайдалану, оны қорғау, оны басқару табиғат туралы заңның бастамасы болды. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды өзіне мақсат етіп қояды. Менің жалпы түсінігім бойынша «табиғат пайдаланушы» деген сөз адам үнемі өзінің тіршілігін қамтамасыз ететін, адам мен табиғаттың үзілместік қатынасы. Өмірдің және адам мен қоғамның бар болуының негізі табиғатты пайдалануда.

Табиғи ресурстарды пайдалану - қоғам мен табиғат арасындағы негізгі қатынастар. Онда қоғам мүшелері - адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін табиғи объектілерін өз бетінше белгіленген тәртіп бойынша пайдаланады. Осыған орай табиғат пайдалану өмірді үзбеу үшін маңызды қатынасқа түсу мен бірге қоғамның табиғатқа әрекет етуші қатынас құралы болып табылады. Табиғатты пайдалану бір жақты дамуына, оны қорғауға кейінгі кездерде мән беріле бастады. Әртүрлі экологиялық шараларды қолданып, оның ішінде құқық нормаларын бір жүйеге келтіру ұлттық және әлемдік деңгейге жетті. Ең алдымен азаматтардың, көсіпорындардың, ұйымдардың және ұжымдардың құқықтары мен міндеттері табиғат пайдалану құқығында көрініс табуы қажет. Табиғат пайдалану құқығы ретінде пәнін ашу қажет, ол толығымен табиғат немесе табиғаттың барлық құбылыстары деп танылмайды, нақты айтқанда құқықтық реттеуге жататын объекті. Мысалы: демалу үшін атмосфералық ауаны пайдалану, күн энергиясын қолдану, жауынның ылғалдылығы, климат барлығы құқықтық реттеу объектісі емес. Басқаша айтқанда, табиғат пайдалану философиямен басқа ғылымдарда тар мағынада қолданылады.

Табиғат пайдалану шеңберіне кіретін негізгі объектілер жер, оның қойнауы, су, орман, өсімдік және жануарлар әлемі, атмосфералық ауа. Табиғат байлықтарын қолдану қатынастарын реттеуге ережелер, табиғи ресурстар заңнамасының мазмүнын қүрайды, ал олардың жүйесі, яғни нормалар жүйесі, табиғат пайдалану қүқығы деп танылады.

Осы бастамалар негізінде Экологиялық кодексте қазіргі және болашақ үрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың қүқықтық және экономикалық және т. б. негіздерін белгілейді және өзге де қызметтің биологиялық түрлілігін сақтау мен табиғатты үтымды пайдалануды үйымдастыруға бағытталған

2 Стамкулов А. С. Қазақстан Республикасының экологиялык құығы. Жалпы бөлім. Атамұра баспасы., Тараз
2003 жыл. - ПЗбет

3 Қазакстан Республикасының Конституциясы (өзгерістер мен толыктыруларды коса алғанда) // Жеке
басылым. Алматы2007

Б. В. Ерофеев өз еңбегінде «табиғат пайдалану құқығы» терминінің орнына «экология пайдалану құқығы» ұғымын қолданады. Оның айтуынша табиғат пайдалану құқығы табиғи ресурстарды халық шаруашылығы мен азаматтардың экологиялық тұтынуын қанағаттандыруға арналған заңды тәртіп, ал экология пайдалану құқығы - табиғи обьектілердің жай - күйін экологиялық өзара байланысын есепке алу, экологиялық құқықтық институт ретінде қарастырылады. 4

Отандық ғалым Стамкүловтың пікірі бойынша, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде берілген анықтама табиғат пайдалану қүқығының анықтамасы емес, табиғи ресурстарды пайдалану құқығының анықтамасы деген пікірді білдіреді. Табиғат байлығының атмосфералық ауа, кеңістік, табиғи аумақтарды пайдалану объектілеріне жатады. Сондықтан табиғат пайдалану дегеніміз - табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, кеңістікті, аумақты, топырақты, жер, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты, озон қабатын қоса алғанда барлық жанда және жансыз табиғи байлықтарды пайдалану. Олардың ішінде табиғи ресурстар ерекше орын алады. Ал Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарында көптеген табиғи ресурстар айтылмай кеткен. 5

Д. Л. Байдельдиновтың пікірі бойынша, табиғат пайдалану құқығын екі түрлі мағынада түсінуге болады. Олар: объективтік мағынада және субъективтік мағынада. Объективтік мағынадағы табиғат пайдалану құқығы дегеніміз - табиғат пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері мен табиғи ресурстарды беру және алып қою тәртібін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Ал субъективтік мағынадағы табиғат пайдалану құқығы дегеніміз - экологиялық заңдармен нақты белгіленген табиғат пайдаланушыларды белгілі бір табиғи объектілерді иелену мен пайдалануға байланысты құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Табиғат пайдалану құқығының табиғи ресурстарға меншік құқығынан басты айырмашылығы -табиғи ресурстарға билік ету құқығының болмауы.

Табиғат пайдалану құқығының анықтамасын саралай отырып, табиғат пайдалану құқығының бірнеше белгілерін анықтап алуға болады. Олар: ғылыми негізділік, мақсатты пайдаланылуы, ұтымдылық, кешенділік, лицензиялау, квота және лимиттің бөлінуі. Табиғат пайдалану құқығының ғылыми негізділік белгісі - табиғи ресурстарды пайдалану табиғат дамудың заңдылығына сүйене отырып, экономикалық және экологиялық мүдделерді үйлестіретіндігін білдіреді. Табиғат пайдалану қүқығы мақсатты пайдалануды талап етеді. Мемлекет жекелеген табиғат пайдаланушыларға табиғи объектілерді, олардың қүжаттарында тікелей көрсетілген мақсаттарға пайдалануға береді. Мысалы: Қазақстан Республикасының азаматына жер учаскесін шаруа фермер қожалығын жүргізу мақсатында берілуі

4 Б. В. Ерофеев Экологическое право Россий. Учебник. М. : Юристъ - 1996-624 стр.

5 Стамкулов А. С. Қазақстан Республикасының экологиялык құығы. Жалпы бөлім. Атамұра баспасы., Тараз
2003 жыл. - 113 бет

Табиғи ресурстың, яғни жер учаскесінің пайдалану мақсаты, жер учаскесінің мемлекеттік актісінде нақты көрсетіледі. Егер жер учаскесін осы мақсатта пайдаланбаған жағдайда, ол әрекет құқық бүзушылық ретінде танылып, заңда белгіленген тәртіп пен шарттарда сәйкес жауапкершілікке тартылады. Табиғат пайдаланудың ұтымдылығы дегеніміз - қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ете отырып, табиғи ресурстарды үнемді, саналы пайдалану 6 .

Табиғатты пайдаланудың кешенділігі табиғи ресурсты пайдалану барысында табиғат пайдаланушының кешенді қажеттіліктері қанағаттандандырылуы тиіс екендігін білдіреді. Табиғат пайдаланудың квота бөлу және лимиттеу дегеніміз - біршама табиғи ресурстарды пайдалану барысында табиғи қалпына келтірілмейтін болғандықтан, пайдалану кезінде квота немесе лимит беліну арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес, лимиттің екі түрі белгіленген:

  • Қоршаған ортаны ластауға лимит - яғни қоршаған ортаны ластайтын заттардың, өндіріс және тұтыну қалдықтарының қоршаған ортаға түсуі, сонымен қатар, шудың, тербелістің, магнит толқындарының, зиянды физикалық әсердің қоршаған ортада болуының лимиті;
  • Табиғи ресурстарды қоршаған ортадан алу лимиті - табиғи ресурстарды пайдаланудың сандық жағынан анықталған мүмкіндігі; Бүл жағдайда табиғи ресурстардың табиғи биологиялық қалпына келтірушілік қасиеті жойылмайды және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға кепілдік береді.

Аталған заңға сәйкес, квотаның да екі түрі белгіленген:

  • Ластауға квота - белгіленген мерзімге және анықталған табиғат пайдаланушыға берілген қоршаған ортаны ластауға берілген лимиттің бір бөлігі;
  • Табиғи ресурстарды алуға квота - белгіленген мерзімге және анықталған табиғат пайдаланушыға берілген табиғи ресурстарды пайдалануға берілген лимиттің бір бөлігі;

Табиғат пайдаланудың лимиттері және квоталары Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленеді.

Табиғат пайдалануды лицензиялау дегеніміз - қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттің бақылау және қадағалау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін шарасы ретінде танылады.

Экологиялық кодекске сәйкес, табиғат пайдалануға рұқсат дегеніміз -қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік құзіретті органның табиғат пайдаланушыға беретін табиғи ресурстарды пайдалануға, қоршаған ортаны ластайтын заттарды, өндіріс және тұтыну қалдықтарын қоршаған ортада орналастыруға беретін рұқсаты. Табиғат пайдалануға рұқсаттың мазмұны келесі жағдайлады қамту қажет:

  • табиғат пайдалануға рүқсат алатын түлға туралы мәлімет;
  • табиғи ресурсты пайдалану мақсаты;
  • табиғи ресурстың сипаттамасы;
  • табиғат пайдалануға рүқсаттың мерзімі және табиғат пайдалану операцияларын бастайтын уақыты;

табиғат пайдалануға төленетін төлемнің тәртібі мен шарттары;

  • табиғат пайдаланудың түрі, мөлшері, көлемі және тәртібі;
  • табиғат пайдалануға рұқсат алған тұлғаның құқықтары мен міндеттері;
  • өзге қажетті мәліметтер.

Табиғат пайдалануға алған рұқсатты шартты түрде үш түрге бөлінеді:

а) жекелеген табиғи ресурстарды пайдалануға беретін рұқсат;

б) қоршаған ортаны ластайтын заттарды, өндіріс және тұтыну
қалдықтарын орналастыру және көмуге беретін рұқсат;

в) кешенді табиғат пайдалануға беретін рұқсат.

Сонымен қорытындылай келе, табиғат пайдалану - адамның шаруашылық және өзге де қызметіне, сондай-ақ өз тұрмыстық, материалдық және өзге қажеттіктерін қанағаттындыуы үшін табиғи ресурстарды пайдалануы. Адамның күнделікті өмірінде, жеке және заңды түлғалардың шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы және (немесе) қоршаған ортаға әсер етуі табиғат пайдалану болып табылады.

Табиғат пайдалану жалпы және арнайы болып бөлінеді.

Жалпы табиғат пайдалану тұрақты болып табылады және халықтың өмірлік қажетті сұраныстарын қанағаттандыру үшін және табиғи ресурстар пайдалануға берілмей, тегін жүзеге асырылады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, табиғатты жалпы пайдалануды шектеуге жол беріледі.

Арнайы табиғат пайдалану - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды ақылы негізде пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғаның қызметі.

Табиғат пайдалану түрлеріне:

  1. жерді пайдалану;
  2. суды пайдалану;
  3. орманды пайдалану;
  4. жер қойнауын пайдалану;
  5. жануарлар дүниесін пайдалану;
  6. өсімдіктер дүниесін пайдалану;
  7. қоршаған ортаға эмиссиялар;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституциялық құқықтар мен бостандықтар ұғымы
Табиғатты пайдалану құқығы: құқықтық сипаттамасы
Табиғатты пайдалану құқығы түсінігі
Табиғат объектілеріне меншік құқығы
Экологиялық құқықтық қатынастардың түсінігі,объектілері, субъектілері және мазмұны.
Республикасының экологиялық жағдай
Табиғат пайдалану төлемдері
Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
Экологиялық құқықтың түсінігі, пәні, жүйесі
Жалпыадамзаттық құндылықтарды бекітетін қағидаларға адамның қолайлы қоршаған ортаға құқығы жəне оның табиғатты қорғау міндеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz