Қаржылық бақылау функциясы және қаржылық бақылау
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Қаржылық бақылау функциясы
I.1. Қаржылық бақылаудың мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
I.2. Қаржылық бақылау түрлері, органдары және әдістері ... ... ... ... ... ... ..8
ІІ. Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылау
II.1. Қазақстандағы қаржылық бақылауды талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
II.2.ШҚО бойынша қаржылық бақылау нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

Менің курстық жұмысымның тақырыбы – «Қаржылық бақылау функциясы және қаржылық бақылау».
Аталмыш тақырыбтың өзектілігі, мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың қаржылық қызметінің ажырағысыз құрамды бөлігі қаржылық бақылау болып табылатындығында. Қаржылық функциясы арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Бұл функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарпынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттелмегенде шындыққа айналады. Қаржылық бақылау ақша нысанында жүргізілетін экономикадағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде тиімді жұмыс атқаратын функция.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесуқаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады.
Курстық жұмысымның жазылу мақсаты, қаржылық бақылау функциясы мен қаржылық бақылауды талдап, түгел дерлік мазмұнын анықтап, ерекшеліктерін бағалау болып табылады.
Ал жұмыстың міндеттеріне: қаржылық бақылау функциясының түсінігін анықтау, еліміздегі жүзеге асу ерекшеліктерін талдау жатады.
Қаржылық бақылаудың объектісі қаржы ресурстары , соның ішінде ұлттық шаруашылықтың барлық деңгейлері мен буындарында ақша қорлары нысанында қалыптастыру және пайдалану кезіндегі ақша бөлгіштік үдерістер болып табылады.

1. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Үкіметінің актілер жинағы;
2. Дидар, 2007 желтоқсан;
3. Егемен Қазақстан, 17.01.2007;
4. Ильясов Қ.Қ. Қаржы.- Алматы, 2005
5. Құлпыбаев С.ҚАРЖЫ - Алматы 2007;
6. Құлпыбаев С. Қазақстанның қаржы жүйесі - Алматы 2001;
7. Құлпыбаев С. Қаржы және оны басқару - Алматы 1999 ;
8. Мельников В.Д. Общий курс финансов – Алматы 2004.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Қаржылық бақылау функциясы
I.1. Қаржылық бақылаудың мәні ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
I.2. Қаржылық бақылау түрлері, органдары және
әдістері ... ... ... ... ... ... ..8
ІІ. Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылау
II.1. Қазақстандағы қаржылық бақылауды
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 15
II.2.ШҚО бойынша қаржылық бақылау
нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 25
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2 6
КІРІСПЕ
Менің курстық жұмысымның тақырыбы – Қаржылық бақылау функциясы және
қаржылық бақылау.
Аталмыш тақырыбтың өзектілігі, мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың
қаржылық қызметінің ажырағысыз құрамды бөлігі қаржылық бақылау болып
табылатындығында. Қаржылық функциясы арқылы қаржы бөлудің қалыптасып
отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері,
пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Бұл функциясы материалдық игіліктерді
өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет
тарпынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық
қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың
кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен
толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттелмегенде шындыққа айналады.
Қаржылық бақылау ақша нысанында жүргізілетін экономикадағы тұрақтылықты
қамтамасыз етуде тиімді жұмыс атқаратын функция.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін
қалыптастыруға жәрдемдесуқаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады.
Курстық жұмысымның жазылу мақсаты, қаржылық бақылау функциясы мен
қаржылық бақылауды талдап, түгел дерлік мазмұнын анықтап, ерекшеліктерін
бағалау болып табылады.
Ал жұмыстың міндеттеріне: қаржылық бақылау функциясының түсінігін
анықтау, еліміздегі жүзеге асу ерекшеліктерін талдау жатады.
Қаржылық бақылаудың объектісі қаржы ресурстары , соның ішінде ұлттық
шаруашылықтың барлық деңгейлері мен буындарында ақша қорлары нысанында
қалыптастыру және пайдалану кезіндегі ақша бөлгіштік үдерістер болып
табылады.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні қаржылық бақылаудың басты назарын ұстайтын
нысандары: табыс, пайда, өзіндік құн, мемлекеттік бюджеттің кіріс-шығысы,
олардың тиімді бөлінуі. Қоғамдық өнімді бөлумен және оның негізінде ақшалай
қорларды жасаумен, оларды қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруды
бақылайтын қаржылық бақылау.
Курстық жұмысты жазуда қолданған қайнар көздері: Мельников, Ільясов,
Кұлпыбаев, Мақыш ағаларымыздың еңбектері; сондай - ақ, мерзімді баспасөз
құралдары.
І. Қаржылық бақылау функциясы
I.1. Қаржылық бақылаудың мәні
Қаржылық бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын
жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған
айрықшылық қызмет; ол қаржыны басқарудың функционалдық элементтерімен тығыз
байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға
бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл
функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара
салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп
отырады. Бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін
объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте
қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық
базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе,
қаржыны басқару элементтерінің бірі ретіндегі қаржылық бақылау қондырмалық
категория болып табылады.
Бақылау функциясы – қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға
тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану
болып табылады.
Ғылым негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін
қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады.
Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-
шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық
бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда
пайдаланылады.
Қаржылық бақылаудың өзгешелігі – оның ақша нысанында жүзеге
асырылатындығнда.
Қаржылық бақылау мыналарды тексереді: экономикалық заңдар талабының
сақталуы; жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлу және қайта
бөлу үйлесімдерінің оңтайлылығы; бюджетті жасау және оның атқарылуы;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық
ұйымдар мен қорлардың, басқа заңды тұлғалардың еңбек, материал және қаржы
ресурстарының қаржылық жай-күйі және оларды тиімді пайдалану. Қаржылық
бақылау сонымен бірге салықтық бақылауды да кіріктіреді.
Қаржылық бақылаудың функциялары:
- қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған сомаларға
сәйкестігі және мемлекет қаражаттарының тиімділігі);
- қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға
қаражатарды жұмылдырудың уақыттылығы мен толымдылығын тексеру;
- есеп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру.
Қаржылық тәртіп – бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің, оның
шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және
пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.
Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен әдістерін,
субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзеге асырудың деңгейіне қарай
қарастырған жөн, яғни ол микро- немесе макродеңгейде жүргізіледі.
Макродеңгейдегі қаржылық бақылау – бұл бүкіл мемлекет ауқымында
қаржыны ұйымдастыру мен оның іс-әрекет етуін бақылау. Оның міндеттері
мыналар болып табылады:
- ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорларын қалыптастырып, тиімді
пайдалану процесін қамтамасыз ету; қаржы қатынастарын іске асырудың
қолданылып жүрген нысандары мен әдістерінің объективті қажеттіліктеріне
нысандар мен әдістердің сай келуін бақылау;
- қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану, салалар мен аймақтардың
қаржы ресурстарына деген қажеттілігін оңтайлы түрде және саралай отырып
қанағаттандыру, азаматтардың әлеуметтік-мәдени сферасының қызметтеріне
деген қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатында оларды салалар мен
аумақтар бойынша бөлудің алшақтықтарын анықтап, жою және басқалары.
Бұл деңгейде мемлекеттік қаржылар, бақылаудың объектісі болып
көрінеді.
Биліктің заң шығарушы органдары мен басқарудың мемлекеттік органдары
бұл деңгейде бақылау субъектілері болып келеді.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылау - меншіктің барлық нысанындағы
шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейіндегі бақылау.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылаудың міндеттері:
- кәсіпорындардың қаржы саласында қолданылып жүрген заңдардың сақталуын
қамтамасыз ету;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы міндеттемелерін
орындаудың дер кездігі мен толымдылығын қамтамасыз ету; қаржы ресурстары
өсуінің ішкі өндірістік резервтерін табу; ресурстардың барлық түрлерін
ұтымды пайдалануға, бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуге, есептеме жасауға
және басқаларға жәрдемдесу.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бұл
деңгейінде бақылаудың объектісі, ал қаржылық көрсеткіштер оның предметі
болып табылады. Қаржылық бақылауды кәсіпорындардың экономикалық службасы,
оның жеке мамандары жүзеге асырады. Бұл мақсатқа тәуелсіз аудиторлық
ұйымдар да тартылады.
Сонымен, қаржылық бақылау – қаржыны басқарудың функциялық
элементтерінің бірі болып табылады.
I.2. Қаржылық бақылау түрлері, органдары және әдістері
Қаржылық бақылаудың сыныптасы субъектілердегі айырмашылықтарға,
бақылау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне
негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша:
түрлері, нысандары, оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жіктеледі.
Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы
Қаржылық бақылау
Жалпымемлекеттік Қоғамдық
Мемлекеттік Ведомстволық Қоғамдық ұйымдардың: кәсіподақтардың,
партиялардың, жастардың, бұқаралық
қозғалыстардың, ғылыми-техникалық,
мәдени-ағартушылық, спорт,
шығармашылық, ардагерлердің, түрлі
қорлардың бақылауы
Сыртқы Ішкі Ішківедомстволық
Парламенттік (депутаттық) бақылау
Аудиторлық бақылау
Мемлекеттік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) – мемлекеттік қаржылық
бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің
атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептемені жүргізу,
олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет
кепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар
мен көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақшаны
пайдалану бөлігіндегі қызметінің Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкестігін тексеру.
Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде
ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесі Қазақстан
Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң (бұдан әрі –
Кодекс) 136-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес әзірленді және Қазақстан
Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік
қаржылық бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері – Қазақстан Республикасының
Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар, бюджетке түсетін түсімдерді алуға
және бақылауға жауапты мемлекеттік органдар, республикалық және жергілікті
бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволық
бағыныштағы ұйымдары, бюджет қаражаттарын алушылар, мемлекеттің гранттарын,
активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңи
тұлғалар.
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары – Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және ішкі бақылау жөніндегі
орталық уәкілетті орган.
Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын бірыңғай талаптар мемлекеттік
қаржылық бақылау стандарттарымен айқындалады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік қаржылық
бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау
службалары, олардың қызметкерлері мен мүшелері орындауға міндетті.
Бақылау нәтижелері бойынша мынадай актілер қабылданады:
- қорытынды – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитетінің және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау актілері
негізінде жасайтын құжаты;
- Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің
қаулысы – Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп комитетінің
отырысында алқалы негізде қабылданатын және оның бақылау нәтижелері
бойынша барлық актілерінің қолданылуын растайтын құжат. Республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысын ол
арналған барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар
орындауға міндетті. Қаулыны қабылдаудың тәртібі Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қағидасымен және оның
регламентімен айқындалады;
- мәслихаттың тексеру комиссиясының қаулысы – белгіленген тәртіппен
қабылданған және тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын барлық
атқарушы органдар мен тиісті жергілікті бюджеттер қаражаттарын
пайдаланатын немесе жергілікті бюджеттер қаражаттарын игерудің барлық
сатысында қаржылық қызмет көрсететін ұйымдар орындауға міндетті құжат;
- ұсыным – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитетінің мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен лауазымды адамдарға
жұмыстағы кемшіліктерді жою үшін, сондай-ақ құқық қорғау органдарына
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту
мәселелері бойынша жіберетін құжаты;
- нұсқама – ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы өз
құзыры шегінде қабылдаған және бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді
жою туралы мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды
адамдарына міндетті түрде орындау үшін жіберілген белгіленген нысандағы
құжат;
- бақылау актісі – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың
тексеру комиссиялары, ішкі бақылау службалары бақылау нәтижелері бойынша
жасалған құжат;
- бақылау жүргізу туралы есеп – белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі бақылау
бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы құжат.
Сыртқы бақылауды республикалық деңгейде Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, жергілікті деңгейде
мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін
мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы болып табылады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы
қағиданы Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Мемлекеттік қаржылық бақылау жалпымемлекеттік және ведомстволық
бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Жалпымемлекеттік қаржылық бақылау ведомстволық бағыныштылығы мен
меншік нысанына қарамастан бақылаудың кез келген объектісіне қолданылады.
Бақылаудың бұл түрін мемлекеттік билік пен басқару органдары жүргізеді.
Мемлекеттік қаржылар жүйесінде бақылау салықтық, бюджеттік бақылау,
сақтық және банктік қадағалау, кедендік бақылау және т.б. болып
ажыратылады.
Салықтық бақылау салық заңнамасының атқарылуы, бюджетке салық және
басқа төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы
жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз етеді. Салықтық
бақылаумен меншік нысандарына қарамастан, барлық шаруашылық жүргізуші
субъектілер, сондай-ақ табыс табатын азаматтар қамтылған.
Бюджеттік бақылау тексерістік және таңдамалық қызметтің мынандай
түрлерін кіріктіреді: елдің негізгі қаржы жоспарының – мемлекеттік
бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын бақылау; қаржылық
ақпаратты, соның ішінде салықтық бақылаудың нәтижесін жинау, бұл ақпаратты
талдау және бюджетке қаржы ресурстарын қосымша тарту жөнінде ұсыныстар
жасау; шығындардың белгіленген нормалары мен нормативтерін бақылау арқылы
мемлекеттік бюджет қаражаттарының тиімді, ұтымды жұмсалуын қамтамасыз ету;
өндірістік емес, мақсатсыз шығындарды, иесіздікті, ысыраптар мен ұрлықтарды
жою және одан сақтандыру. Бюджеттік бақылау бюджеттен қаржылынатын
мемлекеттік кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда, сондай-ақ
мемлекеттік емес сектордың жұмыс жасайтын, қызмет көрсететін, шаралар
жүргізетін кәсіпорындарында жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылау әр түрлі әдістермен (тәсілдермен немесе амалдармен, оны
жүзеге асырудың құралдарымен) жүргізіледі. Нақтылы әдісті қолдану қаржылық
бақылауды жүзеге асырушы органдар қызметінің нысандарының ерекшеліктері,
бақылаудың объектісі мен мақсаты, бақылау іс-қимылының пайда болуының
негізі сияқты бірқатар факторларға байланысты болады.
Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістері пайдаланылады:
тексеріс (барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру),
инспекция (кәсіпорынның қаржылық жай-күйін орнында дүркіндік тексеру),
қадағалау (кәсіпорында қаржы-қаражаттың жай-күйімен жалпы танысу), тексеру
(құжаттаманы, есепке алуды және есептемені шоттық тексеру), қарап шығу,
қаржы жоспарларының жобаларын, өтінімдерді, қаржы-шаруашылық қызметі туралы
есептерді қарау, баяндамаларды тыңдау, лауазымды адамдардың ақпараттары
және басқалары. Бұл әдістердің әрқайсысы аралық міндеттерді шешуге жағдай
жасайтын тым көп жекеленген әдістерге бөлінеді.
Тексерулердің тікелей предметі табыс, қосылған құнға салынатын салық,
пайдалылық, өзіндік құн, айналыс шығындары, әр түрлі мақсаттар мен қорларға
аударылатын аударымдар сияқты қаржылық (құндық) көрсеткіштер болып
табылады. Кейінгі қаржылық бақылау бірнеше әдіспен жүзеге асырылады. Оларға
жататындары: тексеру, экономикалық талдау, тексеріс ревизия. Тексеру шоттық
немесе тақырыптық болуы мүмкін.
Шоттық тексеру – бұл бухгалтерлік есептердің, баланстардың, салық есеп-
қисаптарының ақиқаттығын тексеру.
Тақырыптық тексеру – бұл бақылауға жататын объектінің шаруашылық –
қаржы жұмысының жеке жақтары мен учаскелерін зерделеу, мысалы, жалқыдан
ұстап қалудың дұрыстығын тексеру; шығындарды өнімнің өзіндік құнына
жатқызудың дұрыстығын тексеру және т.б.
Экономикалық талдау – бұл объектінің шаруашылық-қаржы қызметіне баға беру;
қызметтің түрлі нәтижелерін анықтау және осының негізінде экономикалық
жағдайды жақсартудың жолдары мен факторларын негіздеу.
Экономикалық талдауды шаруашылық органдардың өздері де, сонымен бірге
бақылаудың сыртқы органдары – банктер, қаржы, аудит фирмалары да жүргізеді.
Тексерулер мен қарап шығуды бақылау органдары шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің белгілі бір мәселелері бойынша
немесе жұмыс орнында қаржылық қызметтің жеке жағымен учаскесімен танысу
жолымен бір мәселе тақырып бойынша жүргізеді. Сондықтан тексерулер
негізінен тақырыптық болып келеді.
Қаржылық бақылаудың негізгі әдісі – тексеріс – кейінгі келесі
бақылаудың кешенді әдісі және өткен белгілі бір кезеңдегі шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің барлық жақтары мен
учаскелерін мұқият зерделеу, терең тексеру, оны неғұрлым толық қарап шығу.
Тексерісті әр түрлі органдар жүргізеді. Тексеріс бұл органдардың жоспары
бойынша да, сондай-ақ басқа құзырлы органдар – жоғарғы, тергеу органдарының
нұсқауы бойынша да жүргізілуі мүмкін.
Тексеру объектісі бойынша құжаттық, нақтылы, толық жаппай, іріктемелі
ішінара тексеріс болып ажыратылады. Ұйымдық белгісі бойынша олар жоспарлы
және жоспардан тыс, кешенді болуы мүмкін.
Құжаттық тексерісті жүргізген кезде есептер, сметалар ғана емес,
сондай-ақ құжаттар, әсіресе бастапқы ақша құжаттары (шоттар, төлем
тізімдемелері, ордерлер, чектер, бағалы қағаздар) тексеріледі.
Нақтылы тексеріс құжаттарды ғана емес, сонымен бірге қолда бар ақшаны,
материалдық құндылықтарды да тексереді.
Толық тексеріс деп белгілі бір кезеңдегі шаруашылық жүргізуші
субъектілердің бүкіл қызметін тексеруді айтады.
Іріктемелі тексеріс кезінде бақылау қаржы-шаруашылық қызметінің әйтеуір бір
жағына бағытталады.
Тақырыптық тексерістер бір үлгідегі бірнеше кәсіпорындарда,
мекемелерде немесе бірнеше министрліктер мен ведомстваларда қаржы-
шаруашылық қызметінің жеке мәселелері бойынша жүргізіледі. Олар сонымен
бірге шаруашылық жүргізуші субъектілердің белгілі бір учаскелерінің мән-
жайын тексеруге және бұл мәселе бойынша көлемді материал алуға, оны
талдауға, тұжырым жасауға, жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге
мүмкіндік береді.
Әзірлік жұмысының негізінде тексеріс немесе тексерудің бағдарламасы,
оның негізінде тексеріс пен тексерудің жұмыс жоспары жасалады.
Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің нәтижелігі көбінесе жасалынған
актінің сапасына байланысты болады. Тексеріс актісі анықтамасы – бұл қаржы-
шаруашылық қызметінде жіберілген бұзушылықтың жай тізбесі емес, бұл
тексерілетін объект жұмысының сапасы, заңдылығы, мақсаты, сәйкестігі туралы
дұрыс түйіндердің жинағы болып табылатын құжат. Оның негізінде ашылған
бұзушылықты жою мақсатында нақтылы ұсыныстар, ұйғарымдар жасалынады, кінәлі
адамдарға шара қолданылады.
Сонымен, қаржылық бақылаудың сыныптамасы – мемлекеттік қаржылық
бақылау объектісінің республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуы,
олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептемені жүргізу, олардың
атқарылуын бағалау болып табылады.
Сонымен қатар бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде
пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану
қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер
қаржы экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір
бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі ретіндегі қаржылық
бақылау қондырмалық категория болып табылады.

II.1. Қазақстандағы қаржылық бақылауды талдау
Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жaғдайда оны ұтымды ұйымдастырумен,
бақылаудың субьектілерін, олардың құқықтары мен міндеттерін айқын етіп
анықтаумен, қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын және әдістерін дұрыс
ұйымдастырумен анықталады.
Жалпы мемлекеттік, қаржылық бақылауды мемлекеттік билік пен басқарудың
мына органдары жүргізеді. Президенттің аппараты, Қазақстан Республикасының
Парламенті, Yкімeт, жергілікті өкілетті органдар депутаттардың жuналыстары,
жергілікті әкімшілік органдар. Бақылаудың бұл түpін Республикалық бюджеттің
атқарылуына бақылау жасау жөніндегі есеп кoмитeті де жүргізеді.
Құқықтық мемлекет құрылысының тұжырымдамасын негіздей отырып қаржылық
бақылауды жүзеге acыpyдaғы заңнамалық органдардың рөлі күшейе түседі.
Cондықтан, бақылаудың субъектісі peтіндeгі Қазақстан Республикасы
Парламентінің функциясы және бақылаудың тиісті түpі - парламенттік
депутаттық бақылау бөлектеліп көрсeтіледі. Бұл бақылаудың объектісі
мемлекеттік бюджeттің шығыстарын шамдандыратын кез келген шараларды
бекіткен кездегі; бюджеттегі шығыстардың қабылдaнған зандардың
мақсаттарына сәйкестігін тексеру кезіндегі; бюджеттің жасалуына тeкcepіc
кезіндегі мемлекеттік шығыстар болып табылады.
Қазақстан Республикасы Парламенті мыналарға бақылауды жүзеге
асырады: бюджет ресурстарының түсу көздеріне, оларды үкімeттің де,
заңнамалық органның да үнемді пайдалануына; мемлекеттік меншікті
пайдаланудың, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыс тиімділігіне, мемлекеттік
меншікті мемлекет иелігінен aлyға және жекешелендіруге; арнаулы қорлар
қаражаттарының пайдаланылуына; әртүрлі партияларды қоса, қоғамдық
ұйымдардың ақшалай табыстарының көздеріне, жарғылық мақсаттарға сәйкес бұл
қаражaттарды пайдаланyғa.
Парламенттің алдын ала бақылауынын негізгі мақсаты осы сияқты саяси,
экономикалық және әлеуметтік жaғдайлардaғы қарастырылған шығыстардың жалпы
тұтacтығын анықтау болып табылады. Бюджеттің жасалуына тeкcepіc сметаларға
кіріктірілгeн цифралардың дұрыстығын белгілі бір тұрғыдан қарай отырып
жүргізіледі. Бұл орайда парламенттік бақылаудың негізгі нысаны алдын ала
бақылау болуы тиіс. Қазақстан Республикасының Парламентінде eкі Палатада -
Сенат пен Мәжіліcте арнаулы жұмыс органдары - экономика, қаржы және бюджет
жөніндегі комитеттер бар. Бұл органдар заң - жоба жұмыстарын, палаталардың
құзырына қатысты мәселелерді алдын ала қарау және әзірлеу процесінде қаржы-
бюджет қызметінің сферасында мемлекеттік бюджет қаражаттарының жұмсалуына
бақылау жүргізеді. Қаржы-бюджет мәселелері бойынша сараптамалық бақылаулар
мен қорытындыларды шаралар қабылдау үшін палаталар тиісті инстанцияларға -
министрліктерге, ведомстволарға, сондай-ақ Республика үкімeтінe жібереді.
Ел басының жарлықтарының, қаулыларының және өкімдepінің қарылуын
бақылауды ұйымдастыру, атaлған aктілердің талаптарын лауазымды адамдардың
aтқapмaғaны үшін жауaпкершілігін күшейту мақсатында Президент aқпаратында
жұмыс істейтін ұйымды - бақылау бөлімі бар. Жалпы Президент аппараты
министрліктердің, ведомстволардың, жергілікті әкімшіліктердің және
мемлекеттік басқарудың басқа органдарының қызметін бақылауды жүзеге
асырады. Аппарат Президентке ашылған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою
жөнінде қабылданған шаралар туралы хабарлап отырады, Президент актілерін
тиісті тәртіппен орындамаған кінәлі лауазымды адамдарды жауaпқа тарту
жөнінде ұсыныстар жасaйды; Президент актілерінің атқарылмаyына немесе
тиіcті тәртіппен атқарылмауына мүмкіндік тyғызатын ашылған бұзушылықтарды,
себептерді және талаптарды жою жөніндегі ұсыныстарды қарау үшін Yкімeткe,
әкімшілік басшыларына, мемлекеттік басқарудың басқа органдарына табыс етіп
отырады. Республикaлық бюджeттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитeті
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бaғынатын және есеп берeтін
мемлекeттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады. Республикалық
бюджеттің атқарылуына бақылау жасау жөніндегі есеп комитетінің негізгі
міндеттері мен функцияларына мыналар жатады:
- республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі заңдар мен басқа
нормативтік актілердің атқарылуына бақылау жасау;
- республикалық бюджeттің атқарылуымен бaйланысты мәселелер
бойынша мемлекет басшысының тапсырмаларын opындay;
- мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің республикалық
бюджеттің түсімдері мен оның шығыстарын aтқapy сәйкестігіне,
қаржы есептeмесі мен тиімділігін бақылау;
- республикалық бюджeттік бaғдарламалардың орындалуына және
мемлекеттік қажeттіліктерін қаржыландырyға бөлінетін
республикалық бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін
бақылау;
- бюджеттік инвестицияларды бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының Парламентіне қараyға республикалық бюджеттің
орындалуы туралы есепті тапсыру және т.б.
Қаржы министрлігі, оның Қаржылық бақылау комитеті және мемлекеттік
сатып алу комитеті және аумақтық қаржы opгaндapы әлеумeттік-экономикалық
сфераның қаржы саласын тeкcepeді. Олар жоспар, смета және қаржы тәртібінің
сақталуын, кірістерді есептеудің дұрыстығын, толымдылығын және дер
кезділігін, мемлекеттің қаражаттары жұмcaлyының зaңдылығы мен мақсатқа
сәйкеcтілігін, бухгалтерлік есеп-қисаптың және ecептемeнің дұpыcтығын
бақылап отырады.
Мемлекеттік бақылауды Қаржы министрлігінің заңи тұлға құқығындaғы
қазынашылық комитеті де орындайды. Қазынашылық органдарының негізгі
міндеттерінің бірі республикалық бюджeттің кассалық атқарылуын ұйымдастыpу,
жүзеге асыру және бақылау болып табылады.
Қаржы миниcтpлігінің Салық Кoмитеті, оның аумақтық органдары
есептелген салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің,
ecімдepмeн aйыппұлдаp сомаларының бюджеттерге тoлық және дер кезінде
түcyінe салыктық тексерулерді жүзеге асырады.
Экономика мен қаржы қызметі сферасында қаржы тәртібін caқтayғa
Қазақстан Республикасының экономикалық және жемқорлық қатыстылықпен күрес
жөніндегі агентті (қаржы полициясы) де қатысады. Ол заңмен белгіленген
өкілеттіктері шегінде жедел-іздестіру қызметін, aлдын ала тергеу және
анықтау, әкімшілік іс жүргізу арқылы экономика мен қаржы қызметі сферасында
адаммен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделеріне қылмыстық
және құқыққа қaйшы өзге де қол сұғyшылықтың алдын aлyға, оны анықтаyға,
жолын кесуге, ашyға және тергеуге бағыттaлған құқық қоpғау қызметін жүзеге
асыратын арнаулы мемлекеттік орган болып табылады.
Қоғамдық қаржылық бақылауды еріктілік және ақысыз негізде топтaр,
жекелеген тұлғaлар (мамандар) орындайды. Қоғамдық бақылаудың opгaндapынa
шаруашылық жүргізyші субъектілердегі, ведомстволардaғы әкімшіліктің
қызмeтіне жүргізілетін кәсіподақ ұйымдарының бақылауы жaтады. Бұл
opгaндapдың қызмeтіндегі қаржылық бақылау негізгі бақылау болып санaлмaйды.
Әр түpлі қoғамдық ұйымдар (саяси партиялар, жастардың, шығаpмашылық
одақтардың ғылыми, табиғатты қорғау, спорт, coғыс және еңбек ардагерлерінің
ұйымдары, қaйырымдылық қорлары) қаржылық бақылауды өз күштерімен жүргізеді,
сондай-ақ аудиторлық фирмаларды да тарта алады. Бақылаудың объекгісі -
табыcты алу көздерін және жарғылық міндeттepгe сәйкес оның пайдаланылуын
тексеру.
Нарыққа өту жағдaйында қаржылық бакылаудың рөлі мен мaңызы артпаса
ешқандай кемімейді. Қазақстан ayмaғында Кeңecтік дәуірде 6мемлекеттік
меншік жағдайында мемлекет экономикамен қаржылық процестерге қатаң, жан-
жақты бақылау жасаyға ынталы болды.
II.2. ШҚО бойынша қаржылық бақылау нәтижесі
Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz