Халықаралық туристік нарық



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Тарау І Халықаралық туризм түсінігі мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Халықаралық туризм сыртқы экономикалық қатынастың бір түрі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..4
1.2 Халықаралық туристік нарық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
Тарау ІІ Халықаралық туризмнің көрсеткіштері мен статистикасы .. 11
2.1 Халықаралық туризмнің дамуының негізгі факторлары мен шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
2.2 Халықаралық туризмнің статистикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
Тарау ІІІ Халықаралық туризмнің даму бағыттары ... ... ... ... ... ... ... . 26
3.1 «Рио.Тур» туристік фирмасының экономикалық даму жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
3.2 Халықаралық туризмнің қазіргі даму тенденциясы ... ... ... ... .. 38
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
Туризм өзінің масштабтарымен, көпшілігімен, халықаралық, және әлеуметтік сипатымен қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық жағдайларына әсер етеді, ол ғылымның зор көңілін аударып, маңызды қоғамдық-экономикалық құбылысқа айналып, тереңдеп бара жатыр. Туристік демалысты қайда және қалай ұйымдастыру, саяхаттарға көңілді қалай аударту, туризмде қызықты және пайдалы не бар, ол қүбылыс қай экономикалық, әлеуметтік және табиғи себептерге байланысты, адам мінез-құлқының қай мотивтері адамдарға бос уақытын өткізудің осы формасын таідатады, ол құбылыстың ел шаруашылығы мен оның бөлек аймақтарының шаруашылығына әсері қандай — осы мәселелерді бүгін туризмология ғылымы зерттеп отыр.
Туризмнің шаруашылық саласы ретінде дамуы мемлекеттердің тұрақты даму стратегиясымен тығыз ұласады. Әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы болып табылатын бұл күрделі құрылымды сала табиғатты экономикалық мақсатта тиімді пайдаланудың негізінде адамдар өмірінің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алады. Қазіргі шақта туризмде ғаламдандыру процесі жүріп жатыр, оған Қазақстан да еніп отыр.
Қазіргі таіда туризмологияның қалыптасуы жүріп жатыр деуге болады, оның дамуына экономика, әлеуметтану, құқықтану, медицина, сәулет өнері, көптеген басқа табиғи, гуманитарлық және техникалық ғылымдар да өз үлесін қосып отыр. Бірақ ол пәндердің әрқайсысы туризмді өз тұрғысынан зерттейді. Сондықтан туризмологияның дамуы — монопәндік көзқараРиодан туризм туралы жүйені білімге апаратын жол.
Туризм әлемнің көптеген елдерінің баса көңіл аударарлық шаруашылық салаларының бірі болып отыр. Ол әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы бола отырып, негізгі шаруашылық секторларына (көлік, байланыс, ауыл шаруашылық, құрылыс және т. б.) үлкен әсерін тигізеді.
Қоғаманың экономикалық өмірі күрделі де, әр қилы және қарама қайшылықта болып келеді. Оның құрамы да көп деңгейлі болады, оны тек экономикалық ғылым жүйесі ғана түсініп-біле алады.
1. Александрова А.С. «Международный туризм» Москва: Финансы и статистика, 2003 жыл
2. Алиева Ж.Н. «Туризмология негіздері» Алматы: Қазақ Университеті, 2004 жыл
3. Алтынбаев Б.А. «Экономика и организация туризма» Алматы: КазГАУ, 1999 жыл
4. Алтынбаев Б.А., Смыкова М.Р. «Экономика туризма» Алматы: КазГАУ, 1999 жыл
5. Боголюбов В.С. «Экономика туризма» Москва: Академия, 2005 жыл
6. Борисов К.Г. «Международный туризмі Москва: НИМП, 2004 жыл
7. Вуколов В.Н. «Халықаралық туризм негіздері» Алматы: ҚазМУ,
8. 1999 жыл
9. Гуляев В.Т. «Туризм: экономика и социальное развитие» Москва: Финансы и статистика, 2003 жыл
10. Егемен Қазақстан №23, 15 шілде 2002 жыл
11. Здоров А.Б. «Экономика туризмаі Москва: Финансы и статистика,
12. 2004 жыл
13. Квартальнов В.А. «Теория и практика туризма» Москва: Финансы и статистика, 2003 жыл
14. Квартальнов В.А., Романов Н.А. «Международный туризм: политика развития» Москва: Советский спорт, 2001 жыл
15. Сенин А.С. «Организация международного туризма» Москва: Финансы и статистика, 2004 жыл
16. Устенова О.Ж. «Основы организации туристской и гостиничной деятельности», Алматы: КазГАУ, 2003 жыл
17. Агеева О.А. Туристические фирмы и гостиницы; бухучет и налогооблажение.- М.: Совр. экономика и право, 2000.-184с.
18. Александрова А.Ю. Международный туризм: Учебник.-М.: Аспект-Пресс,2002-470с.
19. Алтынбаев Б.А., Смыкова М.Р. Экономика и организация туризма: Учеб. пособие. – Алматы: Каз ГАУ, 1999.-94с.
20. Балабанов И.Т., Балабанов А.И. Экономика туризма: Учеб. пособие.- М.: Финансы и статистика,2001.-176с.
21. Багатов А.П. и др. Туристические формальности: Учеб. пособие / Багатов А.П., Бойко Т.В., Зубрева М.В.-М.: Академия, 2004.-304с.-(Высшее проф. образование)
22. БиржаковМ.Б. Введение в туризм: СПб.: Герда, 1999.-192с.
23. БиржаковМ.Б. Введение в туризм: Учебник.-Изд.7-е, перераб. И доп.- СПб.: Герда,2005.-448с.
24. Бирюков Е.С. Развитие туризма в СССР и его влияние на экономику (на примере исторического города-музея Суздаль): Афтореферат.-М.,1975.-20с.
25. Борисов К.Г. Международный туризм и право: Учебно-метод. Пособие.-М.: НИМП, 1999.-352с.
26. Браймер Р.А. Основы управления в индустрии гостеприимства / Пер. с англ. – М.: АСПЕКТ-ПРЕСС, 1995.-382с.
27. Бургонова Г.Н., Каморджанова Н.А. Гостиничный и туристический бизнес: Особенности бухгалтерского учета и налогообложения.-М.: Финансы и статистика, 1999.-352с.
28. Бургонова Г.Н., Каморджанова Н.А. Бухгалтерский учет и отчетность в туризме : Учеб. пособие.- М.: Нолидж,1998.-272с.
29. Бургонова Г.Н., Каморджанова Н.А. Гостиничный и туристический бизнес: Особенности бухгалтерского учета и налогообложения.-М.: Финансы и статистика,2000.-352с.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... . 3
Тарау І Халықаралық туризм түсінігі мен маңызы
... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Халықаралық туризм сыртқы экономикалық қатынастың бір түрі
ретінде
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Халықаралық туристік нарық
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
Тарау ІІ Халықаралық туризмнің көрсеткіштері мен статистикасы .. 11

2.1 Халықаралық туризмнің дамуының негізгі факторлары мен
шарттары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 11
2.2 Халықаралық туризмнің статистикасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15
Тарау ІІІ Халықаралық туризмнің даму бағыттары
... ... ... ... ... ... ... . 26
3.1 Рио-Тур туристік фирмасының экономикалық даму
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
3.2 Халықаралық туризмнің қазіргі даму тенденциясы ... ... ... ... ..
38
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... . 42
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... . 44
КІРІСПЕ

Туризм өзінің масштабтарымен, көпшілігімен, халықаралық, және
әлеуметтік сипатымен қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық
жағдайларына әсер етеді, ол ғылымның зор көңілін аударып, маңызды қоғамдық-
экономикалық құбылысқа айналып, тереңдеп бара жатыр. Туристік демалысты
қайда және қалай ұйымдастыру, саяхаттарға көңілді қалай аударту, туризмде
қызықты және пайдалы не бар, ол қүбылыс қай экономикалық, әлеуметтік және
табиғи себептерге байланысты, адам мінез-құлқының қай мотивтері адамдарға
бос уақытын өткізудің осы формасын таідатады, ол құбылыстың ел шаруашылығы
мен оның бөлек аймақтарының шаруашылығына әсері қандай — осы мәселелерді
бүгін туризмология ғылымы зерттеп отыр.
Туризмнің шаруашылық саласы ретінде дамуы мемлекеттердің тұрақты даму
стратегиясымен тығыз ұласады. Әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы
болып табылатын бұл күрделі құрылымды сала табиғатты экономикалық мақсатта
тиімді пайдаланудың негізінде адамдар өмірінің жоғары деңгейін қамтамасыз
ете алады. Қазіргі шақта туризмде ғаламдандыру процесі жүріп жатыр, оған
Қазақстан да еніп отыр.
Қазіргі таіда туризмологияның қалыптасуы жүріп жатыр деуге болады,
оның дамуына экономика, әлеуметтану, құқықтану, медицина, сәулет өнері,
көптеген басқа табиғи, гуманитарлық және техникалық ғылымдар да өз үлесін
қосып отыр. Бірақ ол пәндердің әрқайсысы туризмді өз тұрғысынан зерттейді.
Сондықтан туризмологияның дамуы — монопәндік көзқараРиодан туризм туралы
жүйені білімге апаратын жол.
Туризм әлемнің көптеген елдерінің баса көңіл аударарлық шаруашылық
салаларының бірі болып отыр. Ол әлеуметтік-экономикалық дамудың
катализаторы бола отырып, негізгі шаруашылық секторларына (көлік, байланыс,
ауыл шаруашылық, құрылыс және т. б.) үлкен әсерін тигізеді.
Қоғаманың экономикалық өмірі күрделі де, әр қилы және қарама қайшылықта
болып келеді. Оның құрамы да көп деңгейлі болады, оны тек экономикалық
ғылым жүйесі ғана түсініп-біле алады. Бірінші жағынан, туризм өз алдына
жеке шаруашылық сферасы ретінде экономикалық жалпы заідылық болса (өндіріс
өнімділігін көтеру заіы, сұраныс және ұсыныс заіы, бәсекелік баға шығару
және т.б.), екінші жағынан, туризм – бұл адамның іс-әрекетінің ерекше бір
түрі және халық шаруашылығының айырықша бір сферасы. Осыған байланысты
экономикалық дамудың жалпы заідылығы туризм сферасында ерекше сипат алады.
Экономикалық жүйе ретінде туризмде болып жатқан көптеген процестерді
талдау үшін, туристік өнімдерді тұтыну мен өндіріс актілерінің үзілмес
тізбегін циклдік модель түрінде қарстыруға болады (сурет 1).
Халықаралық туризм шетел валютасының белсенді көзі болып табылады және
де ол мемлекеттің төлем балансына әсер етеді. Халықаралық туризм көптеген
елдердің экономикасына ғана емес, соныме қатар олардың әлеуметтік-мәдени
ортасына, экологиясына да әсерін тигізеді. Ал ол өз кезегінде туристер
ағымына әсер етеді.
Мамандардың болжауы бойынша, XXІ ғасыр туризм ғасыры болмақ.
Қазақстанда туризм нарығының дамуымен жаңаша ойлап, жаңа істер атқаратын
мамандарға қажеттілік өсті. Біздің елімізде туризмді дұрыс жосларлап дамыту
үшін туризмнің теориялық негіздерін білу өте қажет. Тиянақты білімі бар
мамандар туризм әлемінде дұрыс бағыт ұстау мүмкіндігіне ие бола алады.
Бұл курстық жұмыста халықаралық туризмнің экономикалық маңызы, негізгі
факторлары мен шарттары, даму бағыттары, табыстар мен шығындар статистикасы
және де халықаралық туризмнің басқа да маңызды мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар мысал негізінде Ресейлік Рио-Турі туристік фирмасының Сочи
курортына ұйымдастырылған турдың бағасы есептелген.

Тарау І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ТҮСІНІГІ МЕН МАҢЫЗЫ
1.1 Халықаралық туризм сыртқы экономикалық қатынастың бір түрі ретінде

Халықаралық туризм — бұл өте күрделі және сирек кездесетін құбылыс.
Бғрімізге белгілі, мемлекеттің сыртқы экономикалық байланысы айырбастың әр
түрлі формалары арқылы іске асады: аманат кассасындағы ақша, шетелдік
салымдар, халықтардыц көшіп-қонуы, мәдениет төіірегіндегі айырбас, сауда
қызмет көрсету және тағы басқалар.
Қандай бір ел болмасын оның ең күрделі экономикалық іс-әрекеті сыртқы
экономикалық айырбас, жеке алғанда, нәтижесі валютамен түсетін сыртқы
сауда. Халықаралық сауда секілді халықарадық туризм экономистерді ішкі
туризмнен бұрын қызықтыра бастады. Олар, туристік қозғалыс төлем балансына
тауар айырбасы секілді әсер етеді деген қорытындыға келді. Сондықтан да,
халықаралық туризмді сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі деп білген
жөн, яғни ол сыртқы сауданың арнайы бір түрі болады. Халықаралық туризм
халықаралық қатынаРиодың бір түрі ретінде шетел туристеріне кең көлемде
мәдени және рухани қажеттіліктерін өтеуге бағытталған туристік қызметтер
көрсетеді.
Халықаралық туризм сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі болғанымен,
бірқатар өзіндік ерекшеліктері де болады.
Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып, басқа бір шетелдік
елге барады. Кеденнен өту үшін туристік құжаттарды толтырады (паспорт, виза
жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің
ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.
ДТҰ туристік құжаттарды толтыруды қысқартып, реттеуіне ерекше маңыз
бере отырып, жаңадан ұсыныРио жасап, оны қабылдады:
- паспорт формальдылықтары: паспорт қызметін бір
орталықтан босату; шетелдік паспорттарды жасаудың жұмыРиоын
реттеп, мерзімін қысқарту; ақша жинауды реттеу; паспорттың жарамдылық
мерзімін 5 жылдан кем етпеу және сапар санын шектемеу; шетелдік паспорттың
иесі оны өзінде сақтауы және конфискацияға тыйым салу; паспортты компьютер
жүйесі арқылы тексеру үшін ИКАО стандартына бейімдеу;
- виза формальдылықтары: рұқсатсыз кіру үш айға дейін; визаның
мерзімін 12 айға дейін ұзарту және бірнеше сапарларға рұқсат
ету мен көліктің кез келген түрін пайдалануға болатындығы; көрші
мемлекеттердің визаны мойындауы; өте сирек жағдайда бақылау
бекеттерінде кіруге рұқсат ету; туристердің азаматтығына қарамастан,
бірдей консульдық жинақты бекіту;
- валюта формальдылықтары: кеден декларациясында көрсетілген валюта
мөлшеріне рұқсат ету; қазіргі валюта айырбастау туралы туристерге толық
мәлімет беру; кірудің бақылау-жіберу бекеттерінде толық мғліметтерді іліп
қою; барған елінен кетерде қайтадан валюта айырбастау мүмкіндіктерін
камтамасыз ету; алып келген валюталарын өз еркімен ғана айырбастау; елден
кетерде туристерге өз елінде сапарын жалғастыру үшін керекті
мөлшерде ұлттық ақшаларына рұқсат ету;
- кедендік формальдылықтар: кірерде және шығарда туристерге салық
салу; туристік объектілерді жаңарту үшін кейбір салықтар мен ақша жинаудың
түрін енгізу;
- медициналық формальдылықтар мен туристерге медициналық жәрдем
көрсету: ұлттық туристік әкімшіліктің денсаулық сақтау органдарымен
келісіп жұмыс істеуін кеңейту, керек жағдайда туристерге медицинаға
байланысты толық мәліметтер беру; туристерге жәрдем көрсету және
мемлекетпен медициналық қауіпсіздік туралы жан-жақты келісімдер жасау;
туристерге жедел медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру; қатаі
түрде ауырып қалған жағдайда немесе қайтыс болғанда консулдық пен туыРиоына
хабарлау; жерлеу немесе алып кету үшін қажетті құжаттарын тез арада
дайындау.
Бұндай ұсыныРио, туристік формальдылықтарды қысқартудың негізгі
қағидалары Будапешт конвенциясынан алынып отыр және ол туризм туралы Гаага
декларациясында да қолдау тапты.
Туристік формальдылықтар мемлекеттік шекараны кесіп өтумен байланысты
халықаралық туризмнің ең басты ерекшеліктері болып саналады. Неғұрлым
мемлекеттің ақша жүйесінде айырмашылық және адамдардың қозғалу жолында
кедергілер көп болса, соғұрлым халықаралық туризмнің ішкі туризмнен
айырмашылығы басымырақ болады.
Халықаралық туризмге сыртқы саудада қалыптасқан операциялар түрі тән:
экспорт, импорт және реэкспорт. Халықаралық экомомикалық қатынастың бір
түрі ретінде халықаралық туризмнің өзіндік басты ерекшелігі туристік фирма
немесе шетел туристерінің өзі бола алатын барлық сыртқы сауда, келісім
сияқты қызметтерді иемдену шетел турагенттіктері арқылы жүреді. Осыған
байланысты халықаралық туризмде экспортты шетел қонақтарын қабылдау, ал
импортты осы мемлекеттің туристерін шетелге жіберу ретінде түсінеді.
Халықаралық туризмде реэкспортты түсінуде қиыншылықтар бар. Теория бойынша
осы категорияға бұл мемлекеттің туристік ұйымынан үшінші мемлекетке сапар
шегу үшін тур сатып алған барлық шетелдік туристер жатуы керек. Бірақ
қазіргі кезде санақ жүйесінің жетілмегендігінен бұл категориялы туристерді
көрсету өте қиын.
Халықаралық туризмнің тағы да бір ерекшелігі — елдің төлем балансына
тигізетін әсері. Сондықтан да шетелдік туристердің келуін “белсенді” туризм
деп атайды. Оған қарсы, туристердің шетелге кетуі ұлттық ақша мөлшерінің
азаюына әсерін тигізеді. Бұндай туризмді “белсенді емес” дейді. Туристердің
белсенді және белсенді емес болып бөлінуі туристік іс-әрекеттің қаражат
нәтижесімен байланысты, ол халықаралық туризмде ғана болады, ішкі туризмге
тарамайды.
Кейбір жағдайларда шетелдік туризмнің дамуы елдің экономикалық және
әлеуметтік дамуын жылдамдатуға да жіберілуі мүмкін.
Шаруашылық жүйесінде туризм еңбектің бөлінетінін көрсетеді, бұндайда
басты рөльді экономикасы жоғары дамыған елдер атқарады. Сыртқы сауданың
басым бөлігі өнеркәсібі дамыған елдердің арасындағы тауар алмасуға
келетінін білеміз. Халықаралық туристік алмасуда да нақ солай болады.
Әлемдегі негізгі туристік сапарлардың көбісі өндірісі жоғары дамыған елдер
арасында жүреді, өйткені оларда азаматтардың шетелге шығу пайызы жоғары
(АҚШ, Франция, Ұлыбритания). Сондай-ақ, солар және экономи-касы орта
дсігейде дамыған елдер (Греция, Португалия, Түркия) және дамушы елдер де
(Тунис, Таиланд және т. б.) арасында жүреді және іске асырылады. Осыған
байланысты Дүниежүзілік Туристік Ұйым келесі анықтаманы қабылдады:
“туристерді жеткізуші елдер” және “туристерді қабылдаушы елдер”.
Экономикалық жағынан белсенді туризм (туристерді қабылдау) туристік
игіліктерді экспорттау, ал белсенді емес туризм (азаматтар шығу) –
импорттау деуге болады.

1.2 Халықаралық туристік нарық

Туристік нарық – бұл туристік-экскурсиялық қызметтердің ақшаға және
керісінше ақшаның туристік-экскурсиялық қызметтерге алмасу процесі жүріп
жататын шаруашылық байланыРио жүйесі.
Басқа сөзбен айтқанда, туристік нарық – бұл туристік өнімді өндірушілер
мен тұтынушылар арасындағы экономикалық қатынаРиоды іске асыру аясы. Егер
де туристік өнімді өндіруші мен тұтынушының экономикалық қызығушылықтары
сәйкес келетін болса, онда туристік өнімді сатып алу-сату актісі іске
асады.
Нарық көптеген функцияларды орындайды: ақпараттық, делдалдық,
реттеушілк, баға құрушылық, ынталандырушы, дифференциациялық. Бірақ та
туристік нарықтың негізігі функциялары ретінде келесілерді бөліп көрсетуге
болады:
1) туристік өнімде қорытылған баға мен тұтынушылық баға;
2) туристік өнімді тұтынушыға (туристке) жеткізу процесін ұйымдастыру;
3) еңбекке материалдық ынталандыруды экономикалық қамтамасыз ету.
Туристік сұраныс пен ұсыныс туристік құрылыстың экономикалық элементі
болып туристік нарықты, яғни туристік қызмет пен тауарларды тарату аясын
құрайды.
Туристік нарықтың өзінше ерекшеліктері бар. Егер дүниежүзілік нарықта
тауарлардың бағасына экспорт шығыны кірсе, туристік қызметтердің бағасына
туристердің көлікке шығыны кіреді. Негізгі туристік нарықтың басқа
нарықтардан айырмашылығы, міне, осында.
Халықаралық туристік нарық экономикалық категория ретінде өзін тауар-
ақша қатынас сферасы есебінде ұсынады, оның өзіне тән ерекшеліктерін келесі
қағидаларымен анықтауға болады:
- нарықтың кешенді сипаты болады, яғни онда көрсетілетін қызмет пен
тауарға сұраныс және ұсыныс орын алады;
- көрсетілетін қызмет пен тауарларды пайдалану өндіретін
елде болады. Бұл жакдайды сыртқы сауда операциясының пайдалы түрі ретінде
қарауға болады, өйткені ішкі нарықта сауда жеке бағамен жүргізіледі және ол
көтерме бағадан едәуір жоғары;
- сұраныс субъективті түрде болады. Тұтынудың түрі ретінде
сұраныс тура түтынушылардың жеке табысына тәуелді. Тұрмыстың
жақсаруымен, соған сәйкес, тұрақты жердегі және демалыстағы шығынның да
өзара қатынасы өзгереді. Демалыстағы туристік шығынның өсуі,
әрине, тұрақты жеріндегі шығынды құлдыратпайды. Туристік демалыс кезіндегі
шығыны оның тұрақты жеріндегі шығыннан
әлдеқайда жоғары келеді. Қоғам өмірінің деңгейі жоғарылағанда ғана
туризмге деген шығын өседі. Туристік қажеттілік пайда болады және
өндірістік күштің дамуының белгілі бір деңгейінде соған қоғамдық-
экономикалық жағдай сәйкес келгенде ғана калыптасады. Бірте-бірте
күнделікті бюджет туристік бюджетке ауыса бастайды. Мұндай
процестер экономикасы дамыған елдерде ғана анық байқалады;
- турмзмдегі ұсыныс өте икемсіз. Бұлай болу себебі - мұнда өндірістің
мүмкіндіктері нақты аныкталған, сұраныстың өзгеруіне қарай
жылдам өзгере алмайды. Сұраныстың көбісі туристерге
көрсетілетін қызмет болғандықтан, ұсыныРиоды дамытып іске асыру үшін
туристік инфрақұрылымға және негізгі қорға көп капитал кажет болады;
- туристік мекемелер жұмысының өзіндік ерекшелігі — стратегиялық қорды
құрудың мүмкін еместігі. Онысыз "өлі мезгіл" кезіндегі жұмыссыздықты өтеу
үшін "мезгілдің шыіы" кезіндегі ұсыныРиоға сай жұмысты ұлғайта алмайды.
Мұның барлығы мекеме үшін өтелмейтін шығын.
Сондыктан да, туристік потенциалға, туристік қызметтегі сұраныс пен
ұсынысқа кешенді баға беру арқылы туристік шаруашылықтың қазіргі
тиімділігін анықтауға және оның дамуына ұзақ мерзімдік болжам жасауға
болады.
Сыртқы экономикалық іс-әрекеттің маңызды жағының бірі ретінде,
халықаралық туристік ағымдардың өсуі мемлекет арасындағы сыртқы
экономикалық байланыРиоды кеңейтуге әсерін тигізеді, материалдық байлықтар
мен мәдени құндылықты құруда басқа үлттардың тәжірибесін пайдалануға
мүмкіндік береді. Осының арқасында, сыртқы экономикалық байланыстың бір
түрі ретінде, халықаралық туризмнің маңызы үздіксіз өсе береді.

Тарау ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ МЕН СТАТИСТИКАСЫ.
2.1 Халықаралық туризмнің дамуының негізгі факторлары мен шарттары

Халықаралық туризмнің дамуына жәрдемін тигізетін негізгі факторларды
статистикалық және динамикалық деп екіге бөлуге болады. Оның біріншісіне
жататындар: табиғи-географиялық факторлар жиынтығы. Олардың өзгермейтін
және келе бермейтін маңызы бар. Адам оны тек қана өзінің керегіне ыіғайлап,
пайдалануға қолайлы етеді. Екіншісіне жататындар: демографиялық, әлеуметтік-
экономикалық, материалдық-техникалық және саяси факторлар. Бүл факторлардың
бағасы мен маңызы кеңістік пен уақыт аралығында өзгеріп тұруы мүмкін.
Халықаралық туризмнің дамуыныц табиғи-географиялық факторлары сұлу, бай
табиғат, климат, жер бедерлерінің көрінісінен табылады. Табиғаттың
жаратылысы бойынша рекреациялық шаруашылыққа дейін табиғи элементтер мен
кешендер алғашқыда рекреациялық іс-әрекеттің жағдайы ретінде болады.
Рекреациялық сұраныстың пайда болуының арқасында оларға баға беріліп,
технологиялық деңгейге дейін жеткізілінеді, содан кейін туристік-
рекреациялық ресурсқа өтеді.
Сол сияқты процестер әлеуметтік-экономикалық объектілер экскурсиялық
туристік-рекреациялық ресурРиоға өткенде де қайталанады.
Халықаралық туризмнің өсуінде әлеуметтік-экономикалық факторлардың
ерекше маңызы бар. Оның ішінде басты орын алатыны – ұлттық табыс. Ұлттық
табыстың өсуі мен саяхаттардың көбеюінің өзара байланыстылығы әбден қисынды
және түсінікті. Бірақ та туристік саяхаттың көбеюі – адамның жақсы
тұрмысына ғана тәуелді емес, сонымен қатар бос уақыттың ұзақтығына да
байланысты. Соңғы 15-20 жылда Еуропа елдерінің көбінде адамдардың бос
уақыты едәуір ұзарды. Төленетін жылдық демалыстың ұзаруы қазіргі болып
жатқан ғылыми-техникалық революцияға байланысты болып отыр, өйткені онда
ақыл-ой еңбегі артады, өпдіріске жәие тұрмысқа ынта қою күшейеді, қоршаған
ортаның жағдайы нашарлайды. Міне, осының барлығы адамдарға физикалық және
психологиялық қысым туғызады және олардың еңбек қабілетін қалпына келтіруді
қажет етеді. Белсенді демалыс - туризм арқылы, бұл мақсаттар жылдам және
тиімді орын-далады.
Халықаралық туризмнің өсуіне әсерін тигізетін әлеуметтік-экономикалық
факторларға жатқызуға болатындар: халықтың білімі мен мәдениет деңгейінің
жоғарылауы және эстетикалық талғамының өсуі. Әрине, халықтың ондай
талғамдары туристік саяхаттар кезінде ғана толықтырылады.
Туристік іс-әрекеттің жиілігі мен белсенділігіне және мөлшерінің
көтерілуіне жасалынатын маңызды жағдай - ол халықтың нақты табысының өсуі.
Қазіргі шақта жер шарының әрбір тұрғыны XІX — XX ғасырларда тұрған
өздерінің ата тегінен орташа есеппен 4,5 есе бай тұрады. Материалдық тұрмыс
жағдай деңгейінің өсіп жақсаруымен жеке тұтыну құрылымында заідылық түрде
өзгерістер болады.
Мамандардың талдауына қарасақ, жан басына шаққандағы ұлттық өнімнің
жалпы көрсеткіші мен азаматтардың көшіп-қону рекреациясының арасындары тура
сәйкестіктігін байқаймыз. Бұндай зерттеулер елде өмір деңгейі неғұрлым
жоғары болса, соғұрлым демалыс кезіндегі саяхатшылар да көп болатындығын
көрсетеді.
Өткен дәуірлерде бос уақытты қоғамның жеке тұлғалары ғана пайдаланса,
онан айырмашылығы - XX ғасырда әлеуметтік сферада нағыз төікеріс болды,
яғни ол жаппай халық үшін туризмге даіғыл жолы ашылды.
Халықаралық туризмнің көтерілген шағы XX ғасырдың 30-шы жылдары болды,
бұл кезде индустриалды дамыған елдер жалдаған жұмысшылардың еңбек жағдайын
реттейтін заідар қабылдады. Ол адамдардың демалысқа құқығын бекітті.
Туризм үшін ерекше маңызы болғаны төленетін демалыРиодың енгізілуі;
олар АҚШ-та (1914), Австралия мен Жаңа Зеландияда (1919), КСРО-да (1922)
және басқа да бірнеше елдерде енгізілді. Қазіргі шақта 500 млн-нан астам
жалданған жұмысшылар, әсіресе Еуропа мен Солтүстік Америкада, жыл сайын
төленетін демалыс алуға құқық берілді, бұл дегеніміз нақты туристік
көрсетілетін қызметті тұтынушылардың пайда болуы.
Белсенді туристік іс-әрекет үшін бос уақыт қорының болуы жеткіліксіз.
Жаппай туристік қозғалыстың қалыптасуы үшін ең бастысы өмір деңгейінің
көтерілуі, ол екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін ғана басталды.
Қоғамның әлеуметтік-кәсіптік құрылымы басқа да факторлар сияқты
туризмнің дамуына өзінің әсерін тигізеді. XX ғасырдың басталуына дейін
туризмде аристократтық сипат болды. Туризм туралы өте ерте мәлімет
Антикалық дөуірге жатады. Ежелгі ерте замандағы гректер мен римдіктер ең
алғашқы болып теңіз арқылы да және жер бетімен де саяхатқа шығып тұрды.
Жаңа әлеуметтік топтың әсерімен, әсіресе жаРиодың бастауымен 60-шы
жылдары туристік үлгінің түрі маңызды өзгеріске ұшырады. Хиппи, панки, ал
кейінірек "жасыл" және кейбір солшыл мәнді қозғалыРио адамның ойлау
кабілетіне және қоғамның тұтыну түріне тура әсерін тигізді.
Халықаралық туризмнің өсуінде материалдық-техникалық факторлардың
маңызы зор. Олардың ішіндегі ең бастылары: орналастыру орындары, көлік,
қоғамдық тамақ-тандыру мекемелері, бөлшек саудалар және т. б. Туристерді
орналастыру үшін арналған материалдық базасы туристік инфрақүрылымды құруда
ең басты орын алады. Олар қонақ үйлері, пансионаттар, мотельдер,
турбазалар, кемпингтер, жеке пәтерлер және т. б.
Туристік саяхаттар кезінде түнеу орнымен қатар туристердің тамағын
ұйымдастыру да маңызды рөль атқарады. Сондықтан да, туристердің көптігіне
қарамай жылдам қызмет көрсетуге болатын үлкен мейрамханалар салынғаны жөн.
Туристердің тамағын ұйымдастыруда туристік саяхаттардың мезгілдік
ерекшеліктеріне байланысты күрделі мәселелер туындайды.
Әдеттегідей, жаппай туристік ағым жазғы айларға келеді, сондықтан да
азық-түліктің кейбір түрлерін жинап, қоймада сақтауға тура келіп тұр. Ол
үшін арнайы тоңазытқыш қондырғылары керек. Қазіргі техникалық жетістіктер
көптеген тамақтың түрлерін шағын пакеттерге салып, ұзақ қатырып консервілей
алады. Ол туристердің тамақ мәселесін шешуге көмектеседі.
Көлік – материалдық базаның негізін құрайды. Қазіргі техникалық
жетістіктер көлік сферасына елеулі әсерін тигізіп отыр. Қандай бір көлік
болмасын оның динамикалық сапасы – жылдамдық. Адамдарды тасымалдайтын
көліктердің жылдамдығы 1815 жылы 15 кмсағат болса, ал қазір олардың
жылдамдығы 2000-2500 кмсағат. Әр түрлі көліктер үшін сапа көрсеткіші деп
тасымалдаудың тұрақтылығын білеміз, бұл саяхатшылардың уақытын үнемдеуге
мүмкіндіктер туғызады. Темір жол көлігі қарқынды дамуда. Басқаға карағанда
төменгі баға тарифі темір жол көлігін жаппай туризм үшін пайдалануға
мүмкіндіктер береді.
Теңіз және өзен жолаушы көліктерінің дамуы мен оның
модернизацияландырылуы сумен саяхаттаушы туристерге жақсы жайлылық жасайды.
Автомобиль көлігі өзінің тура байланысу мүмкіндігімен туристік
саяхаттардың көбейіп өсуіне мүмкіндіктер жасауда. Тасымалдау бағасының
төмендігі, темір жол көлігімен таласа алатындығын көрсетеді. Оның тағы бір
артықшылығы: бір экскурсовод 30-50 туристке қызмет көрсете алады.
Соңғы онжылдықта жеке меншіктегі жеңіл машиналар санының өсуі,
уақытпен, маршрутпен және қозғалу графиктерімен санаспайтын, жеңіл
машинамен туристік саяхаттың артықшылығын асырды.
Егер де әлемде, жеке алғанда Еуразия континентіндегі, саяси жағдайлар
түсініксіз болып қала берсе, туризмиіі дамуына себебін тигізетін барлық
саналып айтылған факторлар өлі капитал болып қала берер еді. Халықаралық
туризм, тіпті елдер арасындағы сәл ғана болатын шиеленіске де, өте сезімтал
келеді. Мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастың түрақсыздығы бұндай
аудандарға туристік ағымды бірден қысқартады. Елдердің арасындагы екіжақты
немесе көпжақты тұрақтылық, бейбітшілік туристік алмасуды көбейтіп,
өсіреді. Статистикалық мәлімет бойынша, соңғы екі онжылдықта Еуропадағы
халықаралық туризмнің мөлшері жыл сайын өсуде.

2.2 Халықаралық туризмнің статистикасы

Статистикалық есеп туризм зерттеушілерінің ортақ мәселесі болып
саналады. Халақаралық туризмді зерттеу сандық көрсеткіштерді қажет етеді,
оның негізін статистика құрайды. Туристік ағымдарға жүйелі есеп жасау XX
ғасырдың бірінші жартысынан басталады. 1929 жылы Австрияға 2 млн,
Швейцарияға - 1,5 млн, Италияға - 1 млн артық адамдар барды. Туристік
қозғалыс кезінде Еуропаның кейбір елдерінде саяхатқа статистикалық есеп
жүргізілді. Бірақ ол кезде оның өзіндік маңызы болмады. Мәліметтерді жинау
және оны өідеу ұлттық қауіпсіздік, көшіп-қону процесін бақылауға және салық
салу ережелерін сақтау үшін жүргізілді. Туристік мақсат еске алынбады.
Туристер басқа да саяхатшылармен бірге есептелінді.
Халықаралық туризмнің статистикасының жаңа даму кезеңі XX ғасырдың 40-
шы жылдарының соңы мен 50-ші жылдарының басында басталды. Соғыстан кейінгі
Еуропа елдері көптеген шаруашылық қиындықтарына тап болды: күйзеліс,
басқарудағы ретсіздік, қаржы-қаражат жүйесінің күйреуі және басқалар.
Елдердегі осындай жағдайларды тұрақтандыру үшін бүтіндей бір кешенді іс-
әрскеттер керек болды. Осындай ауыр жағдайда үкімет үлкен үміт артып
халықаралық туризмге үндеу тастады. Каржының тұрақтануын, төлем балансының
жандануын, ұзақ мерзімдік экономикалық өрлеудің болатынын солармен
байланыстырды.
XX ғасырдыц 60-шы жылдары Батыстың индустриалды елдерінің үкіметі мен
халықаралық ұйымдары барлық назарларын дамушы елдерге аударды. БҰҰ-ның Бас
Ассамблеясы 1960 жылы отарланған елдер мен оның халқына бостандық беру
туралы Декларация қабылдады және алдағы он жылды "Даму декадасы" деп
хабарлады. Кеңесшілср әлемнің үшінші елдерінің артта қалған экономикасын
көтерудің бағдар-ламаларын жасады, онда туризмге елеулі орын берілді.
Туризм экономикасының маңызы мен мөлшерінің өсуімен катар оның статистикасы
да дамыды.

Туристік ағымдардың статистикасы.
Халықаралық туризмнің статистикасы негізінен екі бөлімнен тұрады:
туристік ағымдар статистикасы және туристік табыс пен шығын статистикасы.
Туристік ағымның негізгі көрсеткіштері — келушілердің (кетушілердің) саны
мен болуымыі ұзақтығы.
Келушілердің (кетушілердің) саны дегеніміз, кандай да бір елде белгілі
бір уақыт ішінде (әдетте бір жылдағы) болған, қоныстанған, тіркеуден өткен
туристердің саны.
1950 жыл мен 1999 жылдың арасындағы туристік келушілердің орташа жылдық
өсу жылдамдығы 7% болды. Дүниежүзілік Туристік Ұйым әлемнің туристік ірі
аймақтарын алтыға бөледі:
1. Еуропалық – Еуропаның Батыс, Солтүстік, Оңтүстік, Орталық және Шығыс
елдері, бұрынғы КСРО-ның барлық республикалары, сонымен қатар
Жерорта теңізінің Шығысындагы мемлекеттер (Израиль, Кипр, Түркия);
2. Американдық – Солтүстік, Оңтүстік, Орталық Америка елдері, Кариб
басссейні территориясының аралындағы мемлекеттер;
3. Азия-Тынық мұхиттық — Азияның Шығыс және Оңтүстік-Шығыс елдері,
Австралия және Мұхит аралдары;
4. Африкалық – Африка елдері, Египет пен Ливиядан басқасы;
5. Оңтүстік-Азия – Оңтүстік-Азияның барлық елдері;
6. Таяу Шығыс – Азияның Батыс және Оңтүстік-Батыс елдері, Египет және
Ливия.
Әлемнің аймақтары бойынша халықаралық туризмнің динамикасында соңғы 50
жылда елеулі айырмашылықтар байқалады. Жер шарындағы туристік ағымдардыц 20
есе өсуіне қарамастан, Еуропа мен Америкадағы оның өсу қарқыны орташа
әлемдікке жақын ғана болды. Жаңадан ашылған туристік аймақтар Азия-Тынық
мұхит, Таяу-Шығыс жене Африка елдері жылдам даму үстінде.
Соңғы онжылдықта өте қарқынды өскені – Азия-Тынық мұхит аймағы болды,
ондағы келушілердің жылдық орташа өсу саны, әлемдік орташа көрсеткіштен 9
есе асып түсті. 2002 ж. статистика бойынша, Азия-Тынық мұхит аймағы
келушілердің санынан Америкадан озып кетті (130,6 млн келуші – 2002 ж., ал
Америкада 120,2 млн келуші — 2002 ж.). Әлемде Еуропа бірінші орынды сақтап
отыр (411,0 млн келуші – 2002 ж.).
Халықаралық туризмнің территориялық жағынан біркелкі карқында өспеуі
оның аймақтық қүрылысының өзгсруіне әсерін тигізді.
XXІ ғасырда халықаралық туризмнің территориялық қүрылысы онан әрі
өзгере түседі, бірақ даму бағытын жоғалтпайды. ДТҰ 2020 жылға болжамы
бойынша, Еуропа туризм нарқында өзінің басымдылығын жоғалтпайды - 717 млн
келуші. Азия-Тынық мұхит аймағы екінші орында – 397,2 млн келуші, ал
Америка алғы үшеудің соңы болмақ – 282,3 млн келуші. Келушілер (кетушілер)
саны туристік қозғалыстың негізгі көрсеткіші болады.
Туристік ағым статистикасының басқа бір көрсеткіші - келушілердің
болуының ұзақтығы. Бір күндік. сапар мен түнеуге ғана келгендер үшін ол
сағат санымен өлшенеді.
Түнеу – дегеніміз бір туристің сол елдегі өткізген бір тәулік уақыты.

1-кесте
Келушілердің болуының ұзақтық шкаласы

Келушілер категориясы Түнеу саны
Экскурсанттар 0
Туристер 1-3
4-7
8-28
29-91
92-365

Болуының ұзақтығына қарай (түнеу саны) саяхат нарқын бірнеше сегментке
бөледі (1-кесте). Қысқа мерзімдік сапар (1-3 түнеу) демалыс пен мейрам
күндеріндегі демалып, көңіл көтеру, сондай-ақ іс мақсатымен келуі. Екінші
топқа жататындар (4-7 түнеу) – шағын демалыс кездеріндегі әр түрлі
себептермен сапар шегушілер. Нарықтың бұл сегменті ұтымды қарқынмен дамуда.
Орта мерзімдік сапар (8-28 түнеу) – бұл негізінен ұзақ демалыс уақытындағы
нағыз демалу үшін келушілік. Ұзақтығы 29-91 және 92-365 түнеу сапары, ол
үзақ мерзімдік туризмге жатады. Кейбіреулері, дәлірек айтқанда, экономикасы
төмендері ұзақ сапарларды демалу, көңіл көтеру және емделу үшін қолданса,
басқалары іскерлік және кәсіптік мақсатпен қолданады.
ДТҰ-ның мәліметі бойынша, түнеу туралы статистикалық мәліметтер ай
тізбегі, орналасу түрі мен категориясы, сондай-ақ территориялық белгілері
арқылы топталынады. Туристердің болуының ұзақтығы әр елде әр түрлі. Бұндай
айырмашылықтар қабылдайтын елдердің туристік мамандықтарына байланысты
(іскерлік туризм немесе демалу мен көңіл көтеру үшін саяхат) және оның ішкі
нарықтағы баға деңгейіне де, туристік ағымдардың ерекшсліктеріне де
байланысты.
Туристік ағымдар туралы жалпы мөлшерде мәлімет беретін келушілер
статистикасынан болуының ұзақтық статистикасының айырмашылығы - ол туристік
саяхаттардың мазмұнын сипаттайды.
Қаралған туристік ағымдардың керсеткіштері шетелдік туристерді
статистикалық есепке алып қана қоюға қолданылып қойылмайды, сондай-ақ
жергілікті халықтарға да, шетелге кететін немесе өз елінің ішінде
саяхаттайтындарға да қолданылады. Солар арқылы келу, шығу және ішкі
туризмдердің мәлімет базасын салыстыруға болады.

Туристік табыстар мен шығындардың статистикасы.
Туризм статистикасының екінші күрделі бөлімі туристік табыстар
мен шығындардың статистикасы. Бұнда туризмнің қанша тұратындығы
бағаланады, елдің төлем балансына тигізетін әсері, сондай-ақ халықаралық
туризмнің шығыны және одан түсетіп табыс қарастырылады.
ДТҰ-ның материалында, шетелдегі саяхат кезіндегі халыкаралық туризмге
кететін шығын қандай ел болмасын соның тұрақты тұрғындарының шығындарының
қосынды-сынан тұрады. Оған кіретіндер: халықаралық тасымал бойынша шетелдік
көлік компаниясының қызметіне төлеу, сондай-ақ шетелден алынатын заттар мен
қызметтерге алдын ала төлеу.
Туристердің демалыс кезіндегі шығындарының құрылымы мен мөлшері
бірқатар жағдайларға байланысты. Ка'Фоскари университетінің (Венеция,
Италия) туризм экономикасы бойынша халықаралық зерттеу орталығының
мамандары мынадай бес факторды анықтады:
- туристің шыққан елі. Оның әлеуметтік-мәдени келбеті туристердін сатып
алу қабілетіне үлкен әсерін тигізеді. Сонымен қатар "валюта айырбастау
күші" туристің шыққан жағымен байланысты. Қандай елге баруды ол өзі
анықтайды, егер анықталса, туристің шығаратын шығынының мөлшерін
жоспарлайды. Бұлар ең алдымен доллар немесе евро зоналарына кіретін елдерге
қатысты;
- демалыс ауданы мен орны. Италияда жүргізілген зерттеулерге
сүйенсек, туристер үшін тауда немесе теңізбен және көлдерде демалғаннан
гөрі өнер қалаларына сапар жасау қымбатқа түседі. Туристік орталықтар
бойынша да шығынның мөлшері әр түрлі. Падуе мен Веронага қарағанда
Венецияда олар әлдеқайда жоғары;
- орналасу түрі. Шығынның мөлшері орналасудың түріне және
оның категориясына байланысты (отель, кемпипг, туристік деревня және т.
б.);
- демалыстың ұзақтығы. Ол курортқа бару үшін көлік түрін және
орналасудың түрін таідауға, сондай-ақ демалыс кезіндегі тауарлар мен қызмет
түрлерін де тандауға әсерін тигізеді;
- демалыс уақыты (мезгіл, мезгілсіз, мезгіларалық). Туристік
шығынның мөлшері туристік демалыс уақытының мезгіл өтісімен өзгереді.
Осы бес фактордың озара байланысының арқасында әр сапардың өзгешелігі
болады, тауарлар мен қызмет түрін таідауға және соған сәйкес шығынның
мөлшері мен құрылымын да анықтауға кемектеседі және ол туристерге әсер
етеді.
ДТҰ-ның мәліметтері бойынша, халықаралық туризмнің негізгі шығынның
индустриясы дамыған елдердің халқы көтеруде, ең бастылары АҚШ, Германия,
Ұлыбритания және Жапония (2-кесте). Осы төрт елдің бөлігіне барлық шығынның
13 тиеді. Олардан басқа халықаралық туристік шығынның қалыптасуына елеулі
үлесін қосып келе жатқандар: "үлкен жетіліктің" басқа да мүшелері, яғни
Франция, Италия және Канада.
XX ғасырдың 90-шы жылдарының екінші жартысында халықаралық туризмге
елеулі қаржы жұмсаушылардың тобына Скандинавия елдері де кірді (Швеция,
Норвегия, Финляндия), Батыс Еуропаның біраз елдері де (Австрия, Швейцария,
Бенилюкс елдері), Латын Америкасының жаңа индустриялы елдері (Бразилия,
Аргентина, Венесуэла), Азия елдерінен - Қытай, Сингапур, Малайзия да кірді.
Халықаралық туристік шығындардың жалпы мөлшерінде Орталық және Шығыс
Еуропа елдерінің үлесі әзірге шағын ғана болып отыр. Олардың ішінде көзге
түсетіндері - Ресей Федерациясы мен Польша болып табылады.

2-кесте
Халықаралық туризмге шығын бойынша озат елдер

Елдер Шығындар, млрд АҚШ доллары Шығынның өсу
қарқыны
20052004, %
2002 2003 2004 2005
1 А Б В Г Д
АҚШ 56,1 59,4 64,5 58,9 -8,7
Германия 46,9 48,5 47,6 46,2 -3,0
Ұлыбритания 32,3 35,6 36,3 36,5 0,6
Жапония 28,8 32,8 31,9 26,5 -16,8
1 А Б В Г Д
Франция 17,8 18,6 17,8 17,7 -0,2
Италия 17,7 16,9 15,7 14,2 -9,4
Қытай 9,2 10,9 13,1
Голландия 11,0 11,4 12,2 12,0 2,6
Канада 10,8 11,3 12,1 11,6 2,5
Бельгия 8,8 10,1 9,4 9,8 2,1
Австрия 9,5 9,8 8,5 8,9 1,9
Ресей 8,3 7,4
Оңт. Корея 6,2 6,9 1,5
Швеция 7,7 7,6 8,0 6,8 1,5
Швейцария 7,1 6,8 6,2 6,6 1,4

Халықаралық туризмнің табысы.
Құнды көрсеткіштердің талдауына қарасақ, туризм әлемнің шаруашылық
саласының лидеріне айналғанын байқаймыз.
Халықаралық туризмнен келетін табыстың мөлшері ұдайы өсуде. 1950 жылдан
2001 жылдың арасында ол 200 еседен артық өсті, яғни 2,1 млрд америкалық
доллардан 463.6 млрд долларға дейін. Туризмнен түсетін табыстан Еуропа
бірінші орынды алады (230,4 млрд американ долл. 2005 ж.), ал Америка екінші
орында (122,5 млрд американ долл. 2005 ж.) тұр. Халықаралық туризмнен
келетін табыс — ол елге уақытша келген шетелдіктердің ішкі тасымалға және
сатып алуға кеткен шығындары. Халықаралық көлік тасымалына кететін ақша
қаражаты турдыц шығын және табыс статистикасында жеке ескеріледі.
Халықаралық туризмнен түсетім табыстың аймақтық бөлінуі туристік
келушілердің географиясымен сәйкес келеді. Соғыстан кейінгі барлық кезеңде,
1950 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан туризмінің қазіргі жағдайы
Халықаралық туризм нарығының ерекшелігі
Туристік қызметтер саласындағы маркетинг
Қазақстан Республикасында туристік қызмет нарығын сегменттеу
Халықаралық туризм: анықтамасы, негізгі түсініктері және атау сөздері
Туризм нарығын маркетингтік талдау
Туризмдегі маркетингтік басқару
Туристік қызметтер нарығында маркетингті қолданудың ерекшеліктері
Туристік қызметті басқарудың шетел тәжірибесі
ЖШС «Holiday tour» туристік фирмасы
Пәндер