Жануарлар дүниесі. Көп клеткалы жануарлар. Оларды қорғау



1. Жануарлар дүниесі
2. Көп клеткалы жануарлардың шығу тегі
3. Жануарлар дүниесін қорғау заңдылығы
4. Табиғатты қорғау туралы заң
Жануарлар дүниесі – Zoa немесе Animalia – бір клеткалылар – Protozoa және көп клеткалылар Metazoa деп аталатын екі тармаққа бөлінеді.
Бір клеткалылар – Protozoa морфологиялық жағынан бір клеткалы формалар болып тұрып, физиологиялық жағынан әрқайсысы өз алдына жеке организмдер, себебі тірі организмдерге тән зат алмасу, қозғалу, қорегін ұстау, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, көбею, өсу, ортаға бейімделу қызметтерін дербес атқара алады. Осыған байланысты бір клеткалыларды эволюциялық дамудың барысында клетканың құрылысы мен атқаратын қызметі күрделіленген. Солардың ішінде бір клеткалылардың күрделіленуінің негізгі үш процесін қарастырайық: 1-клеткадағы хромосомалар санының өсуі не полиплоидиялану. Полиплоидияланудың арқасында клеткалар физиологиялық жағынан қабілеттілеу, өз өлшемдерін және жұмыс өнімділігін арттырады; 2-клеткадағы ядролар санының өсуі не полиэнергидтену. Полиэнергидтенудің арқасында ядролар саны көбейіп, дифференцияланып, құрылымы мен атқаратын қызметінің ерекшелігіне қарай генеративті және вегетативті ядраларға бөлінеді, генеративті ядро тек қана көбею, ал вегетативті – клетканың қалған тіршілік қызметтерін атқарады; 3-клеткалардың санының өсуі және колониялану. Колониялану арқасында бөлінген клеткалар бір-бірінен ажырамай, тығыз орналасып, эллипс не шар пішіндес колония құрайды. Колонияның клеткалары өзінің құрылымы мен атқаратын қызметтерінің ерекшелігіне қарай соматикалық және генеративті клеткаларға бөлінеді.Генеративті клеткалардан макро және микрогаметалар түзіледі, ал соматикалық клеткалар колонияның барлық тіршілік қызметін атқарады. Осындай күрделіленген бір клеткалылар, әсіресе колонияльді формалары көп клеткалыларға бастау жасайды. Эволюциялық тұрғыдан қарағанда көп клеткалы жануарлардың арғы-тегі колонияльді бір клеткалылар екендігіне күмән жоқ.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Жануарлар дүниесі

Көп клеткалы жануарлардың шығу тегі

2. Жануарлар дүниесін қорғау заңдылығы
3. Табиғатты қорғау туралы заң

Жануарлар дүниесі – Zoa немесе Animalia – бір клеткалылар – Protozoa
және көп клеткалылар Metazoa деп аталатын екі тармаққа бөлінеді.
Бір клеткалылар – Protozoa морфологиялық жағынан бір клеткалы формалар
болып тұрып, физиологиялық жағынан әрқайсысы өз алдына жеке организмдер,
себебі тірі организмдерге тән зат алмасу, қозғалу, қорегін ұстау, ас
қорыту, зәр шығару, тыныс алу, көбею, өсу, ортаға бейімделу қызметтерін
дербес атқара алады. Осыған байланысты бір клеткалыларды эволюциялық
дамудың барысында клетканың құрылысы мен атқаратын қызметі күрделіленген.
Солардың ішінде бір клеткалылардың күрделіленуінің негізгі үш процесін
қарастырайық: 1-клеткадағы хромосомалар санының өсуі не полиплоидиялану.
Полиплоидияланудың арқасында клеткалар физиологиялық жағынан қабілеттілеу,
өз өлшемдерін және жұмыс өнімділігін арттырады; 2-клеткадағы ядролар
санының өсуі не полиэнергидтену. Полиэнергидтенудің арқасында ядролар саны
көбейіп, дифференцияланып, құрылымы мен атқаратын қызметінің ерекшелігіне
қарай генеративті және вегетативті ядраларға бөлінеді, генеративті ядро тек
қана көбею, ал вегетативті – клетканың қалған тіршілік қызметтерін
атқарады; 3-клеткалардың санының өсуі және колониялану. Колониялану
арқасында бөлінген клеткалар бір-бірінен ажырамай, тығыз орналасып, эллипс
не шар пішіндес колония құрайды. Колонияның клеткалары өзінің құрылымы мен
атқаратын қызметтерінің ерекшелігіне қарай соматикалық және генеративті
клеткаларға бөлінеді.Генеративті клеткалардан макро және микрогаметалар
түзіледі, ал соматикалық клеткалар колонияның барлық тіршілік қызметін
атқарады. Осындай күрделіленген бір клеткалылар, әсіресе колонияльді
формалары көп клеткалыларға бастау жасайды. Эволюциялық тұрғыдан қарағанда
көп клеткалы жануарлардың арғы-тегі колонияльді бір клеткалылар екендігіне
күмән жоқ.
Көп клеткалылардың (Metazoa) негізгі сипаты: денесі дифференцияланған
көп клеткалардан және үш ұрық жапырақшаларынан – эктодерма, энтодерма,
мезодермадан тұратындығы. Осындай үш жапырақшалар көп клеткалылардың ұрығы
дамыған кезде қалыптасады.Ұрықтың дамуы барлық көп клеткалы жануарларға
тән. Ұрықтану кезінде аталық және аналық екі гаметалар қосылып зигота
түзейді, содан кейін организмдер жеке дамуы – онтогенезі басталады. Зигота
бөлшектеніп бір-біріне тығыз жанасқан бластомерлер деп аталатын клеткалар
тобын құрайды, ал осылардан бластула деген бір қабатты ұрық түзіледі.
Бластула шар тәрізді, ішкі қуысы бластоцель деп аталады, бұл бірінші қуыс.
Бластула түзіліп болғаннан кейін дамудың екінші кезеңі – гаструляция не екі
қабатты ұрықтың дамуы басталады. Ұрықтың екінші қабаты, бластула
клеткаларының ішкі бластоцель қуысына ауысуы нәтижесінде пайда болады.
Гаструляция әр түрлі әдіспен жүре алады: инвагинация (бластуланың бір жақ
қабырғасы ішкі бластоцель қуысына жиырылу арқылы екінші қабат түзіледі);
иммиграция ( бластула қабырғасындағы клеткаларының біразы өз орнынан
бластоцель қуысына ауысып, екінші қабатты құрайды); эпиболия т.б.
Гластуланың екі ұрық жапырақшасының біреуі – эктодерма сыртқы қабат,
энтодерма – ішкі қабат. Осыдан кейін эктодерма және энтодерма аралығынан
клеткалардың үшінші қабаты мезодерма қабаты түзіледі де, мүшелер құрала
бастайды.
Төменгі сатыдағы көп клеткалы жануарлардың ересек формалары қос
қабатты күйінде қалған.
Жануарлардың деңгейін, ортақ құрылымын, арасындағы морфо-
физиологиялық, филогенетикалық байланыстарын, эволюциялық сатысын көрсету
үшін оларды типтерден де жоғары ірі топтарға жіктестірген.
Көп клеткалылар (Metazoa) үлкен үш бөлім үсті топқа бөлінеді:
Phagocytellozoa, Parazoa, Eumetazoa.
Phagocytellozoa – алғашқы қарапайым құрылысты көп клеткалылар.
Жануарлар дүниесінің арғы тегінің белгілерін осы уақытқа дейін сақтап
қалған жәндіктер. Бұл топты жаңадан ашылған тақталылар – Placozoa – типі
құрайды.
Parazoa – төменгі сатыдағы көп клеткалылар. Бұлардың дене құрылысында
тканьдері, мүшелері, нерв клеткалары болмайды. Осыларға губкалар – Spongia
– типі жатады.
Eumetazoa - нағыз көп клеткалылар. Олардың тканьдері, мүшелері, нерв
клеткалары, нерв жүйесі жақсы дамыған. Eumetazoa қатарындағы жануарлар
мүшелерінің белгілі ретімен орналасуына не дене симметриясына байланысты
екі үлкен бөлімге бөлінеді: сәулелі (радиальды) – Radiata және билатеральді
(екі жақты) – Bilaterata – симметриялы жануарлар.
Сәулелі симметриялы жануарлардың денесі эктодерма, энтодерма
қабаттарынан тұратындықтан оларды қос қабатты – Diploblastica деп те
атайды. Бұларға ішекқуыстылар - Coelenterata және ескектілер –
Ctenophora – типтері жатады.

Көп клеткалы жануарлардың шығу тегі

Көп клеткалы жануардың бір ерекшелігі – онтогенездік дамуында
бластула ұрығы бір клеткалылардың шар тәрізді колониясына өте ұқсас.
Осындай ұқсастық белгісіне сүйенсек, көп клеткалы жануарлардың ортақ арғы
тегі бір клеткалы колонияльді талшықты қарапайымдылар екені анық. Бірақ
алғашқы көп клеткалылардың қандай болғандығы, олардың эволюциялық даму
сатысында екінші энтодерма қабаты қай жолмен қалыптасқаны жөнінде көптеген
жорамал пікірлер айтылған. Солардың ішінде толық қанағаттанарлық бола
алатын Э.Геккельдің, И. И. Мечниковтың, А.А.Захваткиннің , А. В. Ивановтың,
В. Н. Беклемишевтің теориялары.
Э. Геккель 1874 жылы “гастреа” (gastrae) деген теориясын ұсынды.
Э. Гекклеьдің пікірі бойынша, көп клеткалы жануарлардың арғы тегі бір
қабатты, бластула тәрізді, колонияльді талшықты қарапайымдылар. Олардың
эволюциялық даму процесінде бластула тәрізді тегінің вегетативті полюсі,
инвагинация әдісі бойынша, шардың ішіне қарай тартылып (жиырылып) екі
қабатты организм пайда болған деп жорамалдады. Осы организмді ұрықтың
гаструла сатысына сәйкес “гастреа” деп атаған. “Гастреаның” сыртқы қабаты
эктодерма, ішкісін – энтодерма деп атаған. Оның ауызы және алғашқы ішегі
болған. “ Гастреа” көп клеткалылардың пайда болуының бастамасы. Э. Геккель
ұсынған “гастреа” теориясы эволюциялық зоологияның дамуына үлкен жол ашқан,
сонымен қатар бұл теорияның көп кемшілігі де бар, солардың ішінде
”гастреаның” тек қана морфологиялық жағы зерттеліп, ал экологиялық және
физиологиялық жағы зерттелмеген және “гастреаның” энтодерма қабаты тек қана
инвагинация жолымен пайда болғаны көрсетілген. Инвагинация жоғары сатыдағы
көп клеткалы жануарлардың онтогенезіне тән, ал төменгі сатыдағы көп
клеткалы жануарлардың гаструляциясы иммиграция не деляминация жолымен
өтеді. Сондықтан Э. Геккелдің “гастреа” теориясы төменгі сатыдағы көп
клеткалы жануарлардың шығу тегіне толық сәйкес келмейді.
И. И. Мечников төменгі сатыдағы көп клеткалы жануарлардың дамуын
зерттеп, 1886 жылы ағылшында “паренхимелла” , кейін “фагоцителла” теориясын
ұсынды. И.И. Мечниковтың пікірі бойынша төменгі сатыдағы көп клеткалы
жануарлардың алғашқы тегі бір қабатты бластула тәрізді колонияльді талшықты
қарапайымдылар болған, олардың эволюциялық даму процесінде колонияльді
тегінің фагоцитоздық қабілеті бар клеткалары қоректік заттарды ұстап,
талшығын жойып , колонияның іш жағына өтіп (иммиграция әдісі бойынша) ас
қорытатын клеткалар жиынтығын құрайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төменгі сатыдағы жануарлар
Зоология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру
Зоология пәнінен сабақтар жоспарлары
Микроорганизмдер
Жануарлар әлемі туралы
Жануарлардың құрылысы мен тіршілк әрекеттері
Шудың адамзатқа кері әсері
Тірі организмдер дүниесі - құрылымы және биосферадағы функциялық рөлі жөнінен тірі организмдердің ең ірі бірлестіктері
Қорықтар - табиғатты қорғаудың бір түрі
Жануарлардың қоғамдық мінез құлықтары және одақтың негізгі типтері
Пәндер