Отбасындағы бала тәрбиесі


Қоғамдық жаңғыру кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Осының өзі қоғамдағы отбасының орны, оның басты міндеті - бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп, жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты. Қазіргі педагогика, қоғамтану, саясаттану, психология, философия, әлеуметтану, демография секілді ғылым салалары адамның дамып қалыптасуындағы отбасының өзіндік орнын баса көрсетуде.
Отбасында ата-ана өзінің баласын қандай адам етіп тәрбиелеуді өздері алдын-ала белгілейді. Отбасы тәрбиесінде қолданылатын әдістер де өзгеше екені белгілі. Онда баланың аз да болса өзіндік өмір тәжірибесі, әдет, дағдылары, құмарлығы мен қызығулары қалыптасады және ескертіні бар. Көптеген ғылыми-педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде қоғамдық мекемелердегі тәрбие қаншалықты ғылыми негізді болса да баланың дамып қалыптасуына отбасы тәрбиесінің ықпалының аса пәрменді болатынын көрсеткен. Бұлай болуының басты себебі - отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатында екені тағы белгілі. Алайда Кеңес одағы кезіндегі идеологияға байланысты отбасы тәрбиесі адам өміріндегі басты кезең емес, керісінше, оның құны төмендеп, қоғамдық тәрбиеге ерекше мән берілгені белгілі. Сол себепті Кеңес одағындағы азаматтардың өмірі туған күннен бастап алдын-ала жоспарланатын - ясли, балабақша, бастуыш мектеп, орта мектеп, кәсіптік орта оқу орындары, жоғары мектеп т. б. баланы отбасында емес, мектепте тәрбиелеу, оқыту арқылы ұйымдастыру бағдарламалары жасалып жұмыс жүргізіле бастады.
1994 жылды БҰҰ Халықаралық отбасы жылы деп белгілеп әлемдік қауымдастықтың бұл мәселеге мән беруін көздеген еді. Осы шараның нәтижесі ретінде қазіргі күні Қазақстанда «Отбасы және демография», «Отбасын әлеуметтік қамсыздандыру қоры», «Ана және бала денсаулығы» секілді ұйымдар қызмет етуде. Атаулары көрсетіп тұрғандай бұл ұйымдардың әрқайсысының өз функциясы бар болғанымен олар ата-аналардың педагогикалық сауатын ашу, отбасы тәрбиесінің шарттарымен қаруландыру мәселесін шешпейді. Баланың отбасынан қашықтап, оның ықпалынан сырт қалуының психикасына әсерін Т. В. Лодкина, А. И. Захаров, В. С. Мухина, Е. О. Смирновалар атап көосеткен. А. Н. Леонтьев, С. А. Козлова, балаға отбасы жылулығының ықпалын атап өткен. Жақын адамдардың ықпалын баланың алдымен сезініп, түйсінуі және сөз түрінде бейнелеуінің маңызын А. В. Запорожец, А. Д. Кошелева және т. б. белгіленген. Отбасы тәрбиесінің терең эмоциялы сипатын, қаны бір адамдар арасындағы сүйіспеншілік қарым-қатынасын ата-ана мен баланы жақындатуының маңызын - Ю. П. Азарова, И. В. Гребенников, Т. А. Маркова, А. Г. Харчев т. б. белгіленген. Қазіргі заман отбасыларының дефектілерін «неблагополучные» дейді М. И. Буянов ажырасудың бала психикасына ықпалын З. Матеичик, Х. Фигдор т. б. белгіленген. Екінші некенің бала тәрбиесіне, дамуына теріс әсерін Е. П. Арнаутова, А. И. Захарова, Е. И. Кульчицкая т. б. Жалғыз бала тәрбиесі туралы А. П. Усова, егіздер тәрбиесін Р. Скиннер, К. Витек т. б. зерттеген. Бала психикасының қалыптасуына ананың әсерін психотерапевт А. И. Захарова, психолог Д. Б. Эльконин, А. Я. Варга т. б. зерттеген.
Отбасында бала тәрбиелеу ешкандай дайындықты керек етпейтін қарапайым әрекет секілді болып көрінеді. Көпшілік қауымның осындай көзқараста екені оларға қойылған сұрақтар мен өткізілген сауалнамалар, әңгімелерден белгілі болды. Жалпы мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі, бастауыш мектеп жасындағы бала тәрбиесі жан-жақты зерттеліп келгенімен ауылды жерлердегі ата-аналарды отбасында бала тәрбиесін ұйымдастыруға даярлау не болмаса педагогика, психология саласынан элементарлы болса білім беріп, сауатын ашу мәселесі Отанымызда әлі күнге зерттелуге алынбаған. Сондықтан бұл мәселелер зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды.
Отбасы - шағын мемлекет. Себебі әр мемлекеттің өзіне тән сыртқы, ішкі саясаты, кірісі мен шығысы болатыны сияқты әр отбасының да дәл сондай болмыс-тіршілігі бар. Ол да өзінше басқаруды талап етеді. Сондықтан да қай уақытта болмасын отбасының құрылымына зор мән беріліп, оның іргетасының берік болуына атсалысу - әр отбасы мүшесінің міндеті. Осы турасында, яғни ата-ана мен бала арасындағы байланыс, отбасындағы бала тәрбиесі жайында Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ғалым-хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мустояпова Айнаш Төкішқызымен жүргізген сұхбатымызды ұсынып отырмыз.
- Айнаш Төкішқызы, отбасы адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі емес пе? Ендеше, бүгінгі отбасының қоғамдағы орны, өзіндік үлесі қандай?
- Отбасының қоғамдағы рөліне толыққанды баға беруге болмайды, өйткені мұнда негізгі адамгершілік құндылықтар, басқа адамдарға деген көзқарас, дәлірек айтсақ, адамның қоғамдағы өмір сүру қабілеттілігі мен дағдысы қалыптасады. Отбасында бала тәрбиесіне неғұрлым аз көңіл бөлінсе, оған соғұрлым қауым ішінде өмір сүруге бейімделу қиынға түсіп, ол көп жағдайда ұжымда (балабақша, мектеп және т. б. ) өз орнын таба алмайды. Қоғам салауаттылығы, оның өмір сүру шеңбері отбасында қалыптасатын адами құндылықтарға байланысты болып келеді. Мысалы, көп отбасында материалдық құндылықтарға табынушылық, басқа адамдардан өзін жоғары санау сияқты құбылыстар байқалып, оның салдарынан баланың санасында тілегеніме қайтсем де қол жеткіземін деген ой пайда болатындықтан, бұндай балалар қандай ұжым құрайтындықтары айдан анық. Осыған орай қоғамдық институттарға міндет жүктейтін көп ата-аналардың қателесетіндіктері туралы айту керек. Кейбір ата-аналардың ойынша, балаға дәл сол мектеп, яғни қоғам тәрбие беруі қажет. Солай айта отырып, олар, біріншіден, бала мектепке білім алу үшін келетінін, екіншіден, уақытының көп бөлігін үйінде өткізіп, өз ата-анасын пір тұтып, тәлім-тәрбие алатындығын естерінен шығарып алады. Сонымен бірге алты жастағы баланың ой-санасы көп жағдайда қалыптасып қояды, сондықтан мұғалімдерге, қажет болғанда, оны қайта тәрбиелеуге тура келеді. Егер отбасында бала күнделікті ізгі істердің куәгері болмаса, оқушыны еңбекке баулып, басқа балаларды сыйлап, жолдастарына көмекке келуге және т. с. с. нәрселерге дағдыландыру арқылы мұғалімдердің көздеген мақсаттарына қол жеткізулері мүмкін бе деген сұрақ туындайды. Ал, керісінше, отбасы мен қоғам бірігіп, баланың бойында негіз қалаушы құндылықтарды қалыптастыруға бар күштерін салса, көп нәрсеге қол жеткізуге болатын еді.
- Осы тұста отбасылық берекені қалыптастыруда қоғам қандай міндет атқаруда?
- Өз кезегінде қазақстандық отбасының жағдайы қоғамға байланысты болып келеді. Бүгінде қоғамның өзінде жалпы адамзаттық құндылықтардың басым болуы қажет екендігін айтпауға болмайды, әйтпесе бала өмірде оған ұластырылған қасиеттер мен моральдік ұстанымдардың ылғи да құрмет пен табыс әкеле бермейтіндігімен кездеседі. Соның салдарынан жан дүниесінде болатын қақтығыс тұлғаның қалыптасуына өз кесірін тигізіп, өмірден түңілу немесе басқа құндылықтарға бой алдыру деген құбылыстар пайда болады. Сондықтан біздің, қоғам мүшелерінің, рухани ізгіліктің тұрақты құндылықтарын насихаттап, ұстануымыз қажет, заңды сақтап, адамды оның әл-ауқаты мен әлеуметтік жағдайына қарамастан сыйлап, өз еліміздің патриоты болып, өз адамгершілігімізді бағалауымыз қажет. Әлеуметтік ортаның (достар, мектеп, әріптестер) рөліне дәл баға беру қиын, көп жағдайда оның әсерінен тұрақталып қалған құндылықтарға қайта баға беріліп, жасөспірімдер мен жастар сыртқы келбеттің жылтырауына көңіл бөліп, ішкі дүниелерін ұмытады, олардың бойында арсыздық және өзімшілдік мақсаттарына қол жеткізуде еш амалдан тайынбаушылық қасиеттері қалыптасады.
Бұл - мәселенің бір ғана қыры. Екіншісіне келетін болсақ, қоғам, кеңірек алатын болсақ, мемлекет отбасы берекелі болуы үшін қажетті жағдай жасауға міндетті. Бұл, бірінші кезекте, әйелдерге берілетін экономикалық мүмкіншіліктер: анасының баласы тұлға ретінде қалыптасуы кезінде, ең дұрысы, 6 жасқа дейін қасында болуы. Бұл салауатты отбасының, яғни толық отбасының маңыздылығын насихаттау. Бұндай отбасында жауапкершілік әкесі мен шешесіне тең дәрежеде жүктеледі. Қазіргі қоғамда ажырасу жиі кездесетін құбылысқа айналып, әрбір үшінші-төртінші баланы анасы жалғыз тәрбиелеп отырғанда, берекелі отбасы туралы сөз қозғауға бола ма? Әке тәрбиесін, қамқорлығын көрмей өскен баланың тұлға ретінде қалыптасуына өз кесірін тигізеді. Ұл балалар ер-азамат қасиеттерін жоғалтып, қыз балалар ер адамдарға сену деген қасиеттерінен арылады. Осыған орай қоғамда өмір сүрудің жаңа ережелері қалыптасып, келешекте олар қоғамға қайтып келеді. Отбасында жауапкершілік сезімі, сене білу және қолдау көрсету, бірігіп жұмыс істеу қасиеттері қалыптасады, егер ол бұзылатын болса, біз болашақта тек отбасы, ұжым үшін ғана емес, елі үшін де жауапкершілік жүгін көтере алмайтын қоғам мүшелеріне тап боламыз. Осылайша салауатты отбасын, отбасылық құндылықтарды насихаттау - бұл мемлекеттік маңызы бар міндет.
- Қай кезде де отбасының басты қазығы - бала. Оны өзіңіз де аңғарттыңыз. Ендеше, сол баланың тәрбиелі болып өсуі отбасыға тікелей байланысты. Ендеше, бүгінгі ата-ана мен бала арасындағы байланыс берекелі, шаңырағы шайқалмаған отбасын құруға мүмкіндік бере ме?
- Менің ойымша, бұл жерде өзге себеп-салдарлық байланыс бар, себебі отбасы өміршеңдігінің мәнін ата-ана мен балалардың арасындағы қарым-қатынас емес, керісінше, отбасындағы бақ-берекеге байланысты қарым-қатынастар белгілейді. Бұл жерде ата-аналардың бастапқы ұстанымы, олардың берекелі, шаңырағы шайқалмаған отбасын құруға және шынайы қарым-қатынас орнатуға ұмтылысы туралы айтқан дұрыс болады. Егер ата-ананың арасында отбасының өмірін анықтайтын басты қағидаларда келісім болмай, көзқарастары әртүрлі болса, онда уақыт өте келе олардың арақатынасы салқындай бастайды. Уақыт өте келе бұл балаларға және олардың ата-анасына деген қарым-қатынасына ықпалын тигізеді (олардың біреуін немесе бірден екеуін де қабылдамау) .
- «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дейді қазақ. Ендеше, бүгінгі ата-ана өз ұрпағына толыққанды, ұлағатты тәрбие бере алып жатыр ма?
- Әрине, ХХІ ғасырдағы ата-аналар балаларына толыққанды тәрбие бере алады, бірақ бұл - үлкен әрі күрделі міндет. Иә, адамның қалыптасуына ылғи да ата-анасына қатысты бола бермейтін көптеген факторлардың әсер ететіндігін (теледидар, ауладағы, мектептегі және т. б. қоршаған орта) ескеру керек, алайда бала тұлғасының іргетасын ата-анасы қалайды. Бұл жерде ата-ана өзін балаға арнауға, бала үшін өзінің армандарын құрбан етуге, әдеттерін өзгертуге қаншалықты дайын деген сұрақ туындайды. Оған қоса, біз жоғарыда айтып кеткен толық емес отбасылар мәселесі де бар. Бұл жағдайда толыққанды тәрбие беру жөнінде сөз етуге бола ма? Әрине, жиі қарым-қатынас жасалса атасының немесе ағасының болуы, тіпті болмаған жағдайда жаттықтырушының болуы көп көмек береді (мектептегі мұғалім жөнінде айтпасақ та болады, себебі біздің елімізде ер мұғалімдердің пайызы айтарлықтай көп емес) . Әрине, қиындықтар көп, бірақ оларды жеңуге болады. Жетістік дегеніміз ата-ананың абыройлы, жан-жақты дамыған, ұлағатты және рухани күшті адам тәрбиелеуге ұмтылуы болып
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz