Сфрагистикалық материалдар



КІРІСПЕ


I тарау. Қазақстандағы сфрагистикалық және олардың зерттелу тарихнамасы

II тарау. ҚР Мемлекеттік орталық музей қорындағы сфрагистикалық материалдардың жинақталуы және зерттелуі

III тарау. ҚР Мемлекеттік орталық музей қорындағы сфрагистикалық материалдарының жалпы сипаттамасы


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМША
Тақырыптың өзектілігі. Ғасырлар бойғы халқымыздың жеке шаңырақ көтеріп, өз алдына еркіндік туын тігу, тәуелсіз мемлекет болып, әлемнің өркениетті елдері қатарынан көріну арманы қазіргі күні толығымен жүзеге асқан тарихи оқиға болып отыр. Бұл қол жеткізген зор табыс болғанымен, оны кез келген мемлекеттің тәуелсіздігіне, елдігіне қажетті саяси, әлеуметтік-экономикалық алдыңғы қатарлы озық білім және мәдени жетістіктермен қамтамасыз етіп, одан әрі өрбіту керектігі сөзсіз.
Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс -бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгісі - мәдениет. Бүгінгі таңда мәдениет саласында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында біраз жұмыстар да атқарылып жалғасын таппақ.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда ұлттық мұраны сақтауға, зерттеуге, қастерлеуге ерекше ден қойылып, қазіргі заманның кезек күттірмес маңызды міндеттерінің біріне айналып отырған мәселенің бірі-халықтың мәдени мұрасының сақталатын, көрсетілетін, насихатталатын орны – музейлердегі коллекцияларды ғылыми тұрғыдан, терең зерттеу болып отыр. Бұл сала бойынша атқарылып жатқан игі істерге ҚР ОММ-нің музейлік деректану және қолжазба бөлімі өз үлесін қосуда.
Бұл бөлім ҚР ОММ-нде тұңғыш рет 1999 жылы құрылып, өз қызметін атқаруда. Бүгінгі таңда бөлімде жеті қызметкер атап айтқанда, бөлім меңгерушісі, екі ғылыми қызметкер, екі жоғары дәрежелі қор сақтаушы, екі кітапханашы жұмыс істейді. Бөлім қызыметкерлері «Қазақ тарихына байланысты архивтік-деректі құжаттардың деректанулық зерттеулері» атты көп жылғы іргелі ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Онда сирек кездесетін қолжазбалар, басылымдар, нумизматика, эпиграфика, геральдика, сфрагистика, бонистика салалары бойынша қордағы және шетел архив музейлердегі көрнектер, археологиялық деректанулық айғақтарды қарастырып, зерттеп ғылыми айналымға енгізуге ат салысуда.
1. Лихачев Н. П. Дипламатика (из лекций по сфрагистике). Москва. ГПИБ 2001 – 332 с.
2. Ерофеева И.В. Қазақ мемлекеттігінің рәміздері (кейінгі орта ғасыр және жаңа заман).-Алматы: «Арқайым», 2001 – 152 б.
3. Касымбаев Ж.К. Государственные деятели казахских ханств (XVIII в.)-Т.1. Алматы: «Білім», 1999 – 352 б.
4. Касымбаев Ж.К. Государственные деятели казахских ханств XVIII – первой половины XIX вв. // Хан Айшуак (1719-1810)-Т.2. Алматы: Жеті жарғы, 2001
5. Касымбаев Ж.К. Государственные деятели казахских ханств в XVIII – первой четверти XIX вв. // Хан Жанторе (1759-1809)-Т.3. Алматы: «Білім», 2001.
6. Касымбаев Ж.К. Государственные деятели казахских ханств XVIII – первой половины XIX вв. // Жангир хан (1801-1845)-Т.4. Алматы: Наш Мир, 2001.
7. Жиренчин К.А. Политическое развитие Казахстана в ХІХ начале ХХ веков. Алматы: “Жеті жарғы”, 1999 - б.
8. Шаймерденов Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. Алматы: «Жеті жарғы» 2001 – 248 б.
9. Уалиханов Ш.Ш. Таңдамалы. Алматы: “Жазушы”, 1985 - 258 б.
10. Бекмаханов Е.Б. ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан тарихы.
11. Какабаев Б.С. Должностной знак народного судьи в дореволюционном Казахстане С. 364-368 // Труды Центрального музея. Алматы: «Ғылым», 2004 - 364-368 бб.
12. Қартаева Т.Е. Қазақ қоғамының дәстүрлі саяси құрлымы және лауазымдық белгілер («Туркестанские ведомости» газеті және ҚР ОММ-нің қор материалдары негізінде) // Орталық музей еңбектері. Алматы. “Ғылым”, 2004 - 370-375 бб.

1. Иллюстрированная история Казахстана. Т.2. Алматы: АО «Қазақ энциклопедиясы» 2005.
2. «Большая советская энциклопедия» М., 1988 г., С. 635.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ

I тарау. Қазақстандағы сфрагистикалық және олардың зерттелу
тарихнамасы

II тарау. ҚР Мемлекеттік орталық музей қорындағы сфрагистикалық
материалдардың жинақталуы және зерттелуі

III тарау. ҚР Мемлекеттік орталық музей қорындағы сфрагистикалық
материалдарының жалпы сипаттамасы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМША

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Ғасырлар бойғы халқымыздың жеке шаңырақ көтеріп, өз
алдына еркіндік туын тігу, тәуелсіз мемлекет болып, әлемнің өркениетті
елдері қатарынан көріну арманы қазіргі күні толығымен жүзеге асқан тарихи
оқиға болып отыр. Бұл қол жеткізген зор табыс болғанымен, оны кез келген
мемлекеттің тәуелсіздігіне, елдігіне қажетті саяси, әлеуметтік-экономикалық
алдыңғы қатарлы озық білім және мәдени жетістіктермен қамтамасыз етіп, одан
әрі өрбіту керектігі сөзсіз.
Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс -бітімін
даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгісі - мәдениет. Бүгінгі
таңда мәдениет саласында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан
Мәдени мұра бағдарламасы аясында біраз жұмыстар да атқарылып жалғасын
таппақ.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда ұлттық мұраны сақтауға,
зерттеуге, қастерлеуге ерекше ден қойылып, қазіргі заманның кезек күттірмес
маңызды міндеттерінің біріне айналып отырған мәселенің бірі-халықтың мәдени
мұрасының сақталатын, көрсетілетін, насихатталатын орны – музейлердегі
коллекцияларды ғылыми тұрғыдан, терең зерттеу болып отыр. Бұл сала бойынша
атқарылып жатқан игі істерге ҚР ОММ-нің музейлік деректану және қолжазба
бөлімі өз үлесін қосуда.
Бұл бөлім ҚР ОММ-нде тұңғыш рет 1999 жылы құрылып, өз қызметін
атқаруда. Бүгінгі таңда бөлімде жеті қызметкер атап айтқанда, бөлім
меңгерушісі, екі ғылыми қызметкер, екі жоғары дәрежелі қор сақтаушы, екі
кітапханашы жұмыс істейді. Бөлім қызыметкерлері Қазақ тарихына байланысты
архивтік-деректі құжаттардың деректанулық зерттеулері атты көп жылғы
іргелі ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Онда сирек кездесетін
қолжазбалар, басылымдар, нумизматика, эпиграфика, геральдика, сфрагистика,
бонистика салалары бойынша қордағы және шетел архив музейлердегі
көрнектер, археологиялық деректанулық айғақтарды қарастырып, зерттеп
ғылыми айналымға енгізуге ат салысуда. Дегенімен, ғылымның бұл саласында
зерттелмей тың жатқан және жаңа тұрғыдан қарауды қажет ететін мәселелер әлі
де болса баршылық. Осы бөлімнің қорында зерттелетін көп жәдігерлердің бірі
– мөрлер.
Мөрлерді зерттейтін ғылым сфрагистика деп аталады – (грек тілінен
sphragis аударғанда – мөртану дегенді білдіреді) – ол мавристика
нумизматика ғылымының бір саласы. XVII ғасарлардағы мөрлрдің ерекшелігі
тарихи құжаттарда уақыты, мөр иесінің есімі, қала, ауылдікі екендігі
көрсетілген.
Сфрагистика ғылымында басылған мөрлерді штамп деп атайды. Мөрлер
ойылып немесе қатты материалдарды қырып жасайды (ағаш, тас, метал, сүйек )
және балауыздан жасалған штамптар бар (сүргіш бояудың бояуымен басылады).
Металдағы таңбалар (алтын, күміс, қалайы, свинц) булла деп аталады. Мөрлер
таңбалық, жай, жеке тұлғалық (факсимил) деп бөлінеді.
Факсимил – латын тілінен facsimile аударғанда қалағаныңды сал дегенді
білдіреді.
Қазақ қоғамында хан, сұлтан мөрлері негізінен "тамшы іспетті" пішінді
мәтінді, мөр иесінің әкесі мен атасының аты-жөні және "хан", "сұлтан", "би"
атағы көркем нақышталып жазылды. Мұндай мөрлерді хан, сұлтан, билер ғана
қолдану құқығы болды. Бұл куәландырғыш белгілерді қазақ хандары мен
сұлтандары және билері өзара хат алмасуда, ішкі саяси іс жүргізуде, әр
түрлі заңды құқықтық құжаттарда және сыртқы халқаралық қатынастарда кеңінен
қолданған. ҚР ОММ қорында сфрагистикалық белгісі бар құжаттармен қоса 98
ескі мөр 29 лауазымдық белгілер сақталған. ҚР Орталық Мемлекеттік музейінде
2006 жылы сәуірдің 28-күні Мөрлер мен лауазымды белгілер – қазақ тарихы
мен мәдениетінің деректері атты көрме өтті.
Көрмеде ХІХ ғасырдың 60-90 жылдарында патшалық Ресейдің қазақ жерінде
жүргізген әкімшіл-құқықтық реформасына байланысты пайда болған соттардың,
билердің, болыстардың, ауыл старшындарының мөрлері қойылды. Қазақ хандығы
дәуірінде қазақ хандары мен сұлтандары билік төреліктің мемлекеттік белгісі
ретінде арнайы мөрлер қолданған. Ондай мөрлер көбінесе алтын, күмістен
жасалған жүзіктер болған. Мөрлердің формасы қолданысына қарай да әр түрлі
болған. Қазақ қоғамының саяси билігі жүйесіндегі тарихи деректік
айғақтардың сақталған орны ҚР Орталық Мемлекеттік музейі. Саяси құрлымға
қатысты музейдің фото документтер қорында ақсақалдар жиынынан, билер
сотынан, уездік сот сәтінде С.М. Дудин, П. Лейбин, Л. Багаев және белгісіз
фотогрфтар түсірген суреттер сақталған. Бұл фотоқұжаттардың маңызды
дегендері ҚРОМО негізінде 2002 жылдың 28 наурызында ашылған "Қазақтардың
тұрмыс-салты мен мәдениеті (XIX ғ. аяғы –XX ғ. басы.)" атты көрмеде
қойылды. Музей қорындағы құнды жәдігерлер қатарынан билік лауазымдықты,
әлеуметтік статусты білдіретін белгілер орын алатыны даусыз. Соның бірі –
1861 ж. 19 ақпанда Ресейде қоладан құйып жасаған, ауыл старшинасының
лауазымдық белгісі. Мөрдің бір бетінде 8 желтоқсан 1856 жылы Александр II
бекіткен Орынбор губерниясының гербі бейнеленген. Мөр шынжыр ілінген
түйреуіш арқылы кеудеге қадалған. Александр II патшаның таңбасымен 1869
жылы қоладан құйып жасаған мөрінің ортасына Ресей герібінің бейнеленуі
Ресей патшасының отарлық саясатының қазақ қоғамының билік жүйесіне тісін
терең батырғандығын дәлелдейді.
Музейде сақталған сфрагистикалық материалдардың ішінде 1889 жылы 12
шілдеде Орынбор болыстық сотының мөрі бар. Мөрдің алдыңғы бетінде 1856 ж. 8
желтоқсанда бекітілген Орынбор губерниясының герібі бейнеленген. Сондай-ақ,
1891 ж. 25 наурызда берілген Ақмола облысының биінің мөрінде 1878 ж. 25
шілдеде бекітілген Ақмола облысының гербі бейнеленген. XIX ғ. аяғында
қолданылған Верный Атырау комиссиясының мүшесінің кеудеге тағатын қола
мөрлерінің түрлері де музейде сақталан. Бұл мөр дөңес формалы болып келген.
Мөрдің алдыңғы бетінде Жетісу облыстық герібі, екінші бетінде Ресей герібі
және патша тәжінің ескі үлгісі бейнеленген. Мөр формасының бекітілген
уақыты "1870 ж. 16 маусым" деп көрсетілген.
Елімізде егемендік алған уақыттан бері осы қойылып отырған
мақсаттарды жүзеге асыруда жеткен жетістіктеріміз де аз емес. Солардың бірі
тарих ғылымы саласында аздаған жылдар аралығында кеңестік дәуірде саналы
түрде бұрмаланып, жасырылып келген халқымыздың, қазақ ұлтының өткенін жаңа
тұрғыдан зерттеуде, оған тиісті баға беруде орын алып отыр. Республика
тарихшы ғалымдарының осы мәселелерді зерттеу нәтижесінде қол жеткізген
табыстары осыған куә.
Зерттелу деңгейі Зерттеу жұмысы қазақ қоғамындағы әміршіл-әкімшіл
реформаларға байланысты пайда болған соттардың, билердің, болыстардың, ауыл
старшындарының мөрлерін тереңінен зерттеуге негізделіп, қоғамның саяси және
экономикалық байланыстарын, дипламатиясы мен жеке қызыметтердің зерттелу
деңгейін зерделеу, талқылау міндетке алынды.
Қазақстан сфрагистика ғылымы саласында жазылған зерттеулердің көлемі
саусақпен санарлықтай, бірақ осы салаға қатысты азда болса ғылыми жұмыстар
мен мақалаларды кездестіруімізге болады.
Лихачев Н.П. Дипломатика (Из лекций по сфрагистике) деген көлемді
зерттеуінде "сфрагистика" ғылымының шығу тарихына тоқталып, мөрді ішкі
саяси дипломатиялық қатынастарда кеңінен пайдаланғанын нақтылап жазған.
Еңбектің негізгі бөлімінде Азия және европа халықтарының қолданған
мөрлерінің ерекшеліктерін (көлемі, материалы, типі т. б.) салыстыра отырып
талдаған. Мөрлерді қолданысына қарай, көлеміне, материалы, типі, таңбасына
(оттиск) байланысты сыныптап көрсеткен.
Қазақстан сфрагистика саласында жазылған көлемді ғылыми зерттеудің
бірі И. Е. Ерофееваның “Символы казахской государственности ” атты
еңбегінде XVIII ғасырдың бірінші жартысы мен XIX ғасырдағы хандар мен
сұлтандардың мөрлерін сипаттап жазған. Онда мөрдегі лауазымды түлғалардың
есімдері бойынша (өз есімі, қоғамдық титулы, ата тегі), мөрдің деректердегі
қолданысы, мөрлердің көлемі, тарихи құжаттарға басылған мөрлердің тіркелген
жері күні, мөр басылған құжаттың сақталған орны, таңбаның публикациясымен
немесе мөр белгісімен бірге құжаттың текстін толығымен беріп, олардың
ерекшеліктерін қарастырған.
Шаймерденов Е. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері атты
еңбегінде тарихи қосалқы пәндердің даму тарихына тоқтала кетіп, “тамға”
сөзін “мөр”деген сөзбен байланыстырады. Бір ғажабы, таңба ұғымы түркі
халықтарына ортақ екені байқалады. Мысалы, қырғызша “тамға”, - жылқының
санына күйдіріп басатын таңба, белгі; қарақалпақша “тамға” немесе “таңба” –
қазақшадағыдай мағынада; әзербайжанша “дамға” – таңба, белгі; өзбекше және
башқұртша “тамға” – таңба, белгі мөр.
Белгілі түріктанушы ғалым В.В. Радлов бұл ұғымның мағанасын “белгі”,
“ру таңбасы”, “мөр” деген сөздермен ашады. Өте ертедегі тасқа қашалып
жазылған әдебиет нұсқаларындағы мәні де осы пікірдің дұрыстығын дәлелдейді.

Мәшімбаев С.М. Патшалы Ресейдің Қазақстандағы мемлекеттік басқару
мекемелерінің тарихы атты диссертациясында Патшалы Ресей әр түрлі тәсілмен
мемлекеттік мекеме құрлымын Қазақстандағы саяси-әлеуметтік өзгерістерге
қарай бейімдеп жетілдіріліп отырылғандағы. Әр уақытта жаңа мекеме құру
алдында Патша үкіметі Қазақстандағы саяси өзгерістерді ескеріп, жергілікті
әлеуметтік топтарға арқа сүйегендігін. Осылайша алғашқы шекаралық сот
құрудан басталған бұл жұмыс қазақ жерлерін жеке бөліктерге бөліп, біртіндеп
оларды Ресей-әкімшілік басқару жүйесіне енгізіп, отарлық мемлекеттік
басқару мекемелерін құруға жалғасқаны туралы жазылған.
Оразбаева А.И. Қазақ қоғамындағы билер институты: тарихи бастаулары,
орны және ролі деген диссертациясында қазақ халқының тарихындағы билер
институтының маңызы, ролі, саяси-әлеуметтік құндылықтары туралы мәліметтер
жазылған. Билер институтының қоғамдық қатынастар саласындағы қызметі сыртқы
қарым-қатынастағы ролі қарастырылған.
Қартаева Т.Е. Қазақ қоғамының дәстүрлі саяси құрлымы және лауазымдық
белгілер (Туркестанские ведомости газеті және ҚР ОММ-нің қор материалдары
негізінде) атты мақаласында XIX ғасырдағы қазақ қоғамындағы жоғарғы топ
өкілдерінің саяси құрлымын ролін лауазымдық белгілерін сипаттап жазған.
Қақабаев Б.С. Қазан ревалюциясына дейінгі Қазақстандағы халық сотының
қызметтік белгісі атты мақалада Ресей империясының құрамына өту кезеңіндегі
Қазақстанның құқықтық жүйесінің эвалюциясына арналған. Соның ішінде өтпелі
кезеңде қазақ билеріне берілген халық сотының қызыметтік белгілерінің
ерекшеліктері сөз болады.
Қорыта айтқанда ХІХ ғасырдың 60-90 жылдары мен ХХ ғасырдың басындағы

Жұмыстың мақсаты мен міндеті Зерттеуіміздің мақсаты мөртану ғылымының
қалыптасу тарихын, бүгінгі күнде қазақ тарихына қатысты ҚР ОММ қорындағы
мөрлердің зерттелу деңгейін, және қолданыстағы орнын анықтау барысында ХІХ
ғасырдың 60-90 жылдарында патшалық Ресейдің қазақ жерінде жүргізген әкімшіл-
құқықтық реформасына байланысты пайда болған соттардың, билердің,
болыстардың, ауыл старшындарының мөрлерін зерттеп ғылыми сипаттамасын жазу
арқылы ғылыми айналымға енгізіу. Сондықтанда осы мәселелерді шешу барысында
мынадай міндеттерді назарға алдым:
- Қазақстандағы сфрагистика ғылымының қалыптасу тарихының зерттелу
деңгейін анықтау;
- ҚР ОММ қорындағы мөрлердің жинақталу тарихын зерттеу;
- ҚР ОММ қорындағы мөрлерді сыныптау, жүйелеу;
- ХІХ ғасырдың 60-90 жылдарында патшалық Ресейдің қазақ жерінде
жүргізген әкімшіл-құқықтық реформасына байланысты пайда болған
соттардың, билердің, болыстардың, ауыл старшындарының мөрлерін
зерттеп ғылыми сипаттамасын жазу;
- Мөрлердің музей экспозициясында сақталу, қорғалу деңгейін анықтау;
- Қазақ халқына билік жүргізген хандар, сұлтандар және Ресей
империясына қосылғаннан кейінгі билер, болыстар және халық
соттарының мөрлері мен лауазымдық белгілері арқылы тарихи
тұлғалардың өмірінен қысқаша деректер беру;
Тақырыптың дерек көзі Жұмысты қолдану барысында пайдаланған деректер: ҚР
ОММ қорындағы мөрлер, және құжаттардағы мөрлердің түрлері, музейдегі түсім
кітаптары, инвентарлық карточкалар, мөрлердің аңызы, ғылыми зерттеулер мен
музей меңгеруші қызыметкерлерінің жинақтары, экспедиция материалдары,
музейдің архив материалдары.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері Зерттеудің хронологиясы мен ауқымдық
шеңбері ХІХ ғасырдың 60-90 жылдары мен ХХ ғасырдың басын қамтиды. Себебі,
ҚР ОММ қорындағы мөрлердің басым бөлігінің хронологиялық уақыты сол кезеңге
сәйкес келеді.
Зерттеу жұмысының жаңалығы Музей қорында мөрлер алғаш рет музей жәдігері
ретінде ғылыми зерттеу жұмысының нысаны болып отыр. Музей қорындағы мөрлер
толық сипатталып талданып, жүйелеу және сыныпталуы айқындалды.
Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі ретінде
объективтілік, тарихилық, жүйелілік принциптері, тарих және әлеуметтік
ғылымдарының негізгі теориялық тұжырымдамалары басшылыққа алынды. Зерттеу
жұмысын жазудың методологиялық негізі мен әдістеріне жалпы ғылыми
зерттеудің арнайы музейтанулық ғылыми тәсілі басшылыққа алынды.
Диплом жұмысының құрылымы Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан әрқайсысы
екі тармақшадан тұратын, қортындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі және
қосымшадан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі анықталып, зерттеу мәселесі мен
тақырыпқа қатысты деректерге шолу жасалған.
Бірінші тарауда Қазақстанда сфрагистика ғылымының зерттелу деңгейі,
ҚР ОММ қорындағы мөрлердің жинақталу тарихы жазылған.
Екінші тарауда лауазымдық мөрлер яғни билер старшындар, соттардың
қоғамдағы ролі және атқарған қызметі мен қолданыстағы мөрлер туралы
жазылған.
Үшінші тарауда жеке тұлғалар мөрлерінің сипаттамасы және музейдегі
мөрлердің сақталу деңгейі қарастрылған.
Қортындыда берілген зерттеу жұмысының нәтижесі, ұсыныстар
тұжырымдамалар берілген. Қосымшада жекелеген мөрлердің суреттері мен
кестелер берілген.

1- бөлім. Қазақстанда сфрагистика ғылымының зерттелу деңгейі, ҚР ОММ
қорындағы мөрлердің жинақталу тарихы.

Сфрагистика (грек тілінен аударғанда “сфрагис” – мөр), немесе
сигиллография ғылымының (латын тілінен аударғанда “сигиллум” – мөр) –
ғылыми зерттейтін дерегі мөр болып табылады. Бұл ғылым саласы тарихи ғылыми
қосалқы пәннің бөлімі деп есептеліп, геральдика, нумизматика, эпиграфика т.
б. ғылымдарымен тығыз байланысты. Сфрагистика ғылымы деректанудың белсенді
бөлігі ретінде, өзіндік зерттеу мақсатын айқындайды. Оларға: деректі сынау,
түпнұсқалығын анықтау, авторын, датасын білу жатады. Алғашында мөрлер
құжаттың бір түрі ретінде мұрағаттарда, музей қорларында сақталды. Бір
уақыттарда мөрлерді - мемлекеттік биліктегі әр түрлі институт өкілдері
тарихи құжаттарды куәләндіру мақсатында шартты түрде қол қойып бекітіп
заңды дипломатиялық іс-шаралар жүргізген. Мөрлерді зерттеуге деген
қызығушылық XVIII ғасырда пайда болды. Ең алғаш зерттеушілердің назарын
аударған нәрсе мұрағаттарда сақталған актілік құжаттардағы мөрлердің
таңбалары еді.
Мөр мағанасы сфрагистика ғылымында – штамп немесе қалып және (оттиск)
таңба түрінде кездеседі. Ғылымда басылған мөрлерді штамп деп атайды.
Мөрлерді ойып немесе қатты материалдарды қырып жасайды және балауыздан
жасалған штамп бар (сүргіш бояуымен басылады). Металдағы оттисктер (алтын,
күміс, қалайы, свинц) булла деп аталады. Мөрлер таңбалық, жай, жеке
тұлғалық (факсимил) деп бөлінеді.
Факсимил – латын тілінен facsimile аударғанда қалағаныңды сал дегенді
білдіреді.
Материалына байланысты – металлда, қағазда, балауызда, сүргіште таңбалар
басылады. Мөрдің қалыбы қатты берік материалдардан жасалады – тасқтан,
сүйектен, металлдан, ағаштан немесе соңғы кездері жұмсақ - кучуктен,
резеңкеден жасалып жүр. Мөрлерді қолданысына қарай үлкен екі топтқа бөлуге
болады – ілінбелі (вислые) баулы ілінбелі құжат, және қолданбалы құжаттарды
таңбалау. Ең алғашқы құжаттар арнайы қысқыш-түйреуіштермен таңбаланған,
екіншіден - әр түрлі формада және таңбаны дайындау үлгілерімен
ерекшеленген. Көне заманда хатты жазғанда куәләндыру үшін мөрдің орнына
балауызды ағаштан жасалған тақтайшалар қолданылған – балауыз арнайы
дайындалған қалыпқа құйылып, екі тақтайшаға хаттың немесе құжаттың үлгісі
балауызбен бірге қатталып бауымен біріктіріліп, соңында мөр жапсырмасы
жапсырлатын болған [Лех, 287]. Мөрдің басты белгісі – құжаттың шынайылығын
дәлелдеп, бекітетін құқықтық күш. Мөрлер арнайы штампельдік-граверлық
орында полиция басқармасының рұқсатымен жасалған. Мөрлердің жауапкершілігі
ұйымның мекеменің басшылығында болған. Егер мөр бүлінген зақымданған
(штамп) болса тез арада оны полиция оргондарына хабарлап немесе оның
жарамсыз екендігін басылымдарда жариялау қажет.

Байырғы заманда, шамамен б.д.д. V- X ғасырларда Ассирияда, Бабылда,
Мысырда, Урартуда циллиндір піщінді тас мөрлерді пайдаланған. Мысырда
кейбір ғибадатханаларды (Осирис, Абидос) мемлекеттік талаптар мен
міндеттерден босатуға билеушінің суреті бар мөрлері басылатын, сондай-ақ
билік иелерінің бұйрығы, саудагерлердің келісімі де мөр арқылы бекітіліп
отырды.
Көне дәуірлердегі мөрлер әр түрлі формада болды және оның бетіне неше
түрлі бейнелер салынатын. Мысалы: құдайлар, құстар, қоңыздар, гүлдер т.б.
Кейбір мөрлер асыл тастардан, кейіннен алтын мен күмістен жасалынды. Басуға
ыңғайлы болу үшін иелері мөр тастарды жүзіктеріне орнатып, қолдарына тағып
жүрді. Көшпелі өркениеттің көсемдері жылқының, тау ешкінің, барыстың
бейнесі бар мөрлерді пайдаланды.
Әрбір мемлекеттегі жоғары биліктің өз әлеуметтік – мәдени табиғаты
және өзіндік соны тарихы болатыны бәрімізге аян. Мемлекеттің осы бір мәдени-
тарихи өзгешелігін мемлекеттік символикада, оның сөзсіз – атрибуттары –
елтаңба, ту, мөрлерде және лауазымдық белгілерден айқын көруге болады.
Уақыт өте келе мөрлердің әр түрлі типтері пайда болған. Ертеде Шығыс
елдерінде циллиндір пішіндес мөрлерді қолданып, оларды саз балшықтан
жасалған тақтайшаларға өрнектермен және жазуларымен (циллиндірдің жоғарғы
бөлігі) таңбалаған. Бұл туралы мәліметтерді Плиний өз еңбектерінде айтып
кеткен.
Антикалық кезеңде жүзікті мөрлер пайда болған. Жүзікті мөрлерді алғаш
рет Мысыр елдерінде әр түрлі асыл тастармен әшекейлеп, қымбат бағалы
металлдардан құйып жасаған. Атақты патша ІІ Тутмос алтыннан жасалған
жүзікті мөрінің бетінде ироглфтер таңбаланған. Онда Хуву патшаның үлкен
пирамиданы салғызғаны, және пирамиданы салған сәулетшінің есімі жазылған.
Жүзіктердің қалқанында өрнектері және жазба белгілері көрсетілетін болған.
Бізге жеткен мәліметтер бойынша ежелгі Римдіктердің қолындарында бір
емес бірнеше жүзікті мөрлер болған, бірі құжат үшін, құпия хат үшін, әр
түрлі қазыналарды сақтайтын қобдишаларға мөр соғу үшін және т.б. қолданған.
Ертеректе әр үйде заттары ауысып кетпеу үшін ерекше мөрлер
signaculem болған – олар қарапайым белгі салумен ерекшеленген [Лех, 286,
291].
Орта ғасырларда ілінбелі мөрлер пайда болған.
Сфрагистика ғылымы алғашында дипломатика ғылымының бөлімінде –
қосымша пән ретінде актілердің мазмұнын, көлемін анықтаушы қызмет атқарып,
құжаттың уақытын, түпнұсқалығын, немесе жасандылығын анықтап отырды.
[Сфрагист, 176-178].
Ертеректе тарихи оқиғаларды ойшылдар, даналар қағаз беттеріне түсіріп
отырған, сол құжаттардың түпнұсқалығын дәлелдейтін, шынайылылықты
сенімділікті арттыратын белгі ретінде – мөрлерді пайдаланған. Бұл
дипламатика ғылымы үшін өте құнды құжат болып табылған.
Мөрлерді қай жағынан оқып, зерттесеңіз де, ойыңыздың зерттеу дерегі
тарихи-дипламатиялық білміңізге сай келеді – бұл сұрақтың туу өте ертеде
басталған еді. Әсіресе сфрагистика ғылымының этюді, ХІХ ғасырдың екінші
жартысы болып есептеледі.Әлемдік сфрагистика ғылымында мөрлердің бізге
берген әр түрлі көрсеткіші айтарлықтай қызықты пәнді жасады. Мөрлер
дипламатиялық ескерткіштің үлгісі ғана емес (құжатты бекіту үшін); тарих
ғылымы үшін де (саяси тенденцияларды біріктіруші, көпшіліктің ойы және
көзқарасы - өрнектерінде, көлемінде, материалында, мөр иесінің ұлылығын да
көрсетеді), өнер тарихының ескерткіші ретінде және тұрмыстық ортаның құнды
тарихи құжаты (ғимараттың бейнесі, киімдер, әр түрлі қолданбалы аспаптар
мен қару-жарақтар) болып табылады. Осыдан барып орынды мәселе туады,
ескерткіштерді танып оқу үшін, бірнеше пән бір-бірімен тығыз байланысып,
бір жағынан сфрагистика ғылымын зерттеу үшін тарихи-дипламатика пәнін оқып,
тарихи оқиғаның шындығын дәлелдеу қажет, бұл ғылымның бағыты мың жылдықтар
уақытында Византиялық мөрлерден бастау алады. Ол үшін сфрагистика ғылымын
бір бағытқа келтіріп жүйелеу керек. Бұл ғылымды ең алғаш неміс ғалымдары әр
түрлі жүйелеп сыныптады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Орталық Мемлекеттік музей қорындағы мөрлер коллекциясы
«Қазақстан Республикасының мұражайлары және мұражай қорлары туралы»
Қазақ хандарының дипломатиялық хаттарының тарихи маңызы
Қазақ хандарының негізгі мөрлерінің сипаттамасын қарастыру
Тауарлық- материалдық қорлар жайлы түсінік
Тауарлық - материалдық қорлар есебі
Тауарлық-материалдық қорлар
Тауарлық-материалдық қорлар жайлы
Материалдар қозғалысының есебі және бағалау әдістері
Материалдық қорлар есебі
Пәндер