Бейнелеу өнері арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .

І Қабілет мәселесінің психологиялық - педагогикалық

мазмұны

1. 1 Психологиядағы қабілет мәселесінің теориялық сипаты . . .

1. 2 Қабілет құрылымы және қызметі . . .

1. 3 Бастауыш сынып оқушыларының қабілетін дамытудың

алғышарттары . . .

ІІ Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін

анықтау және дамыту жұмыстары.

  1. Бастауыш сынып оқышыларының шығармашылық

қабілетін психодиагностикалау . . .

  1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін

дамыту жолдары . . .

  1. Зерттеу нәтижесін жинақтау . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер . . .

Қосымшалар . . .

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі.

Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол адамның психикалық және физикалық қуатына әр алуан талап қояды. Қандай да болмасын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың қабілет саласында тең емес екендігін дәлелдейді. Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады.

Қабілет - адамның табиғи және жүре пайда болатын қасиеттерінің жиынтығы. Бірақ табиғи қасиеттер тума болғанымен еңбек үрдісінде, тәрбие жағдайында өңделіп, дамып жетіледі. Қабілет жайында теориялар И. П. Павлов, Г. Вальтер, В. Бобен, У. Эшби, Г. С. Костюк, В. Д. Небылици және тб. еңбектерінен экономика мен ғылымның, өнердің дамуында әлеуметтік обьективтік жағдайлармен қатар қабілеттің маңызды орын алатындығын ерекше атап өткен. Қабілеттілік адамның дамуын жеделдетеді, еңбекте шығармашылық табысқа жеткізеді, оған материалдық және рухани ләззат береді.

Батыс Германия теоретигі Г. Вальтер өзінің «Қабілетті балалардың мектеп қабырғасында өту жолының әлеуметтік айырмашылықтары» деген еңбегінде қабілеттіліктің өскен ортаға тәуелділігі шамалы, ол түгелдей орын тебетіндікке, жалпы тұқымқуалаушылыққа байланысты деп жазды.

Адамның қабілеттілігі білімі мен икемділігі, дағдыларды тез меңгеруге жағдай туғызатын, сондай-ақ балалардың қабілеттерін дұрыс байқай алып, онымен санасып отырудың қажеттілігіне оны тәрбиелеуші орта - балабақша, мектеп, отбасы зер салуын керек етеді.

И. П. Павловтың жүйке жүйесінің тиртері туралы ілімі қабілеттердің физиологиялық негізін түсінуде де үлкен орын алады. Әр адамның іс-әрекеттің бір түріне икемді болуы оның сол әрекетті орындауы үстінде, істің нәтижесінен анық байқалады.

Қабілеттің табиғи алғышарттары белгілі бір талдағыштардың сыртқы әсерді сезінгіштігінен тұрады. В. Д. Небылициннің айтуынша, жоғары сезімталдыққа ие жүйке жүйесі - суреткерлік қабілеттің дамуына жағдай жасайды. Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады. Сонымен қабілет - адамның дара психологиялық ерекшелігі. Тек дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие негізінде ғана оның сол іс-әрекет түріне қаншалықты бейімді екендігін білуге болады.

Жеке тұлғаның шығармашылық ой өрісінің дамуына жағдай жасау, белсенді көркемдік іс-әрекеттерге деген құштарлық пен ықыластылықты қалыптастыру, егеменді еліміздің болашағын: мәдениеттік, өнерін, әлеуметтік жағдайын гүлдендірудің алғы шарттарының бірден-бір өзекті мәселелерінен саналады.

Шығармашылық ой-өрісті, дамыту, сол арқылы қоршаған ортаға әсемдік пен сұлулық енгізуге деген құштарлық негізінен көркемдік білім беру жүйесі арқылы қалыптасатыны белгілі. Көркемдік білім беру - түрлері өнерге баулу, олардың қыры мен сырын игеру, өнер түрлерінің адам, қоғам өміріндегі атқаратын қызыметін толық мәнде танып білудің барысын қамтиды. Соған байланысты, көркемдік білім берудің жан-жақты формалары, түрлері, әдіс-тәсілдері жас ұрпақты шығармашылыққа баулудың негізгі тәлім-тәрбиелік құралы болуы тиіс.

Бастауыш мектепте, оқушыларды, қоршаған ортаның сұлулығымен қауыштыруға, олардың әсемдік туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыруға, сан-алуан көркем бейнелеу іс-әрекеттер арқылы әсемдікті оқушының өз қолымен жасауға деген ықыластылығын, шығармашылық ойлау қиялын дамытатын эстетикалық пәндердің бірі - «Бейнелеу өнері».

Бейнелеу өнері арқылы, бастауыш сынып оқушыларының, әр жастағы кезеңдердегі, эстетикалық тәрбиенің сапасын, олардың шығармашылық ой-өрістерінің даму сатыларының ерекшелік көптеген педагогтар мен психологтар зерттеп келеді. Зерттеушілердің тұжырымдауынша, шығармашылық тұлғаны қалыптастыру, қысқа мерзімде жүзеге асырылмайтыны, ол балабақшадан бастау алып, бастауыш, орта мектеп бойына жалғаса дамып, одан әрі жеке тұлғаның бүкіл өмір бойы өтіп жататын, ұзақта күрделі құбылыс екенін дәлелдейді.

Психологияда, бейнелеу өнері арқылы шығармашылыққа баулудың нәтижесін түрлі көркемдік іс-әрекеттердің сапалы жемісі ретінде қарастырады (А. Лернтьев, С. Л. Рубинштейн, М. С. Каган, Б. М. Теплов т. б. ) . Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін оқыту негізінде, оқушылардың, көркемдік білім деңгейін көтеруге, олардың шығармашылық ой-өрістерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызатын педагогикалық, әдістемелік мәселелерге бағытталған Қазақстандық педагог - ғалымдар еңбектері де, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық деңгейінің даму ерекшеліктеріне тоқталды (Қ. Ералин, Б. Әлмұхамбетов, Ж. Балкенов, Ә. Қамақ т. б. ) .

Адам қабілеті туралы еңбектерге талдау жасай отырып оны жедел дамыту шарттарының теориялық мәселелеріне сипаттама беру арқылы зерттеу жұмысымыздың қаншалықты өзекті екендігіне көз жеткізуге болады. Сондықтан курстық жұмысымыздың тақырыбын «Бейнелеу өнері арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту» деп алдық.

Зерттеу мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін бейнелеу өнері арқылы дамыту.

Зерттеу нысаны - бастауыш сынып оқушыларының қабілеті.

Зерттеу пәні - бейнелеу өнері арқылы шығармашылық қабілетті дамыту ерекшеліктері.

Зерттеу болжамы - - оқу іс - әрекеті барысында баланың қабілетін дамытатын негізгі шарттарды анықтай отырып, эксперименттік зерттеулерді ұйымдастыру нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін бейнелеу өнері арқылы дамыту туралы мәлімет алуға болады. Егер де бастауыш сынып мұғалімдері баланың іс-әрекетін күнделікті бақылауға алып отырса, оқу үрдісінде шығармашылық қабілетті дамыту мақсатталса, оқушылардың шығармашалақ қабілетін дамытуда кездесетін қиындықтар болмас еді.

Зерттеу міндеттері:

  1. Қабілет мәселесі туралы психологиялық әдебиеттерге талдау жасау
  1. Қабілетті дамыту жолдарын қарастыру.
  2. Шығармашалақ қабілетті дамыту жұмыстарын тәжірибеде қолдану.

Зерттеудің әдіснамалық негізі - бастауыш сынып оқушыларының қабілеті туралы мәселе психология білімінің теориялық ережелерін толықтырады, зерттеу мәселесіне байланысты шығармашылық қабілеттің мәні мен мазмұнын ашады.

Зерттеудің теориялық мәнділігі - зерттеудің ғылыми әдістері жүйесін мақсатты қолдану және теориялық тұрғыда негіздеу жүзеге асырылды.

Зерттеудің тәжірибелік мәні - зерттеу барысында қабілетті дамытатын әдістемелер бастауыш сынып оқушыларына бейімделіп пайдаланылды. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуға арналған әдістемелер жинақталды.

Зерттеу әдістері - ғылыми еңбектерге теориялық талдау, психодиагностикалық әдістемелер, бақылау, эксперимент, зерттеу нәтижелерін өңдеу және талдау.

Зерттеу базасы -

Дипломдық жұмыстың көлемі және құрылымы:

Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қорытынды және қосымшадан тұрады.

Зерттеу кезеңдері :

Зерттеудің бірінші кезеңінде қабілет мәселесінің зерттеу заты мен нысаны анықталынып, болжам жасалды, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері құрастырылды. Сонымен қатар жұмыстың мазмұны мен негізгі бағыттары анықталынды. Әдебиеттер жинақталынды.

Зерттеудің екінші кезеңінде бастауыш сынып оқышыларының қабілетінің даму деңгейі анықталынып, түзету - дамыту жұмыстары ұйымдастырылды.

Зерттеудің үшінші кезеңінде зерттеу жұмысымызға теориялық және тәжірибелік тұрғыда жалпылама қорытынды берілді.

І Қабілет мәселесінің психологиялық - педагогикалық

мазмұны

1. 1 Психологиядағы қабілет мәселесінің теориялық сипаты

Қабілет адамның даралық психологиялық ерекшелігі. Адамның

қабілеті тұқым қуалау факторына және өмір тәжірибесі мен тәлім - тәрбие істерінің нәтижесінің үнемі дамып жетілуіне байланысты.

Адам әрекетінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде бағытталып отыратыны анық. Еңбек ерекетінде немесе оқу әрекетінде болсын адам алдына бір мақсат қойып содан бір нәтиже шығаруға ұмтылады.

Осындай мақсаттардың бірінде адамның оқу іс - әрекетін алуға болады. Оқу іс - әрекеті барысында адамның жеке дара қасиеті жетекші орынға ие. Соның ішінде адамның күрделі жеке даралығы - қабілеті.

Қабілет мәселесі қазіргі таңда өзекті тақырыптардың бірі. Оқу іс - әрекеті барысында жеке тұлғаның маңызды психологиялық сапаларының бірі ретінде, қабілетті дамыту мен қалыптастыру жолдарын анықтау мақсатымен ғалымдардың теорияларымен байланыстырып, зерттеу нәтижесін көрсету көзделіп отыр.

Қабілет деп әр адамның белгілі бір әс -әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз - мақсатқа бағытталған, тәлім -тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс -әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы [1, 256]

С. Л. Рубинштейн көрсеткендей « Адам қабілеттерінің даму процесі адамның даму процесі б. т. Адамның белгілі бір білімдер мен әрекеттер тәсілдерін игеруі өзінің ішкі шарты ретінде ақыл-ой дамуының белгілі деңгейі - ақыл-ой қабілеттерінің дамуына ие болады. »[193, 277 б ] . Бұл ахуал оқу іс-әрекетін түсіндіру үшін аса маңызды. Б. М. Теплов [213] берген неғұрлым кең түрдегі анықтамада қабілеттердің тұлғаның даралық қасиеттері ретіндегі негізгі сипаттамалары келтірілген, олар іс-әрекетті орындаудың табыстылығына қатысты бір адамды екіншісінен ажыратады.

Егер С. Л. Рубинштейн бойынша, ақыл-ой қабілеттерінің дамуы білімдерді игерудің алғышарты болса, онда Б. М. Теплов бойынша, қабілеттердің өзінің даму алғышарты ретінде нышандар болады, яғни туа берілген анатомо-физиологиялық ерекшеліктері ретінде. Қабілеттер іс-әрекетте жаратылады және де іс-әрекеттің, оның құралдары мен тәсілдерін игерудің жылдамдығы, тереңдігі, беріктігі сияқты динамикалық сипаттамаларында көрінеді. Іс-әрекеттің әр түрлеріне қатысты жалпы интеллектуалдық және арнайы қабілеттер жіктеледі. « Қабілеттердің кең алынған анықтамасы оның индивид қасиеттері екендігінде, оның ансамблі белгілі бір іс-әрекетті орындаудың табыстылығын шарттайды. Мұнда, іс-әрекеттің өзінде онтогенетикалық дамитын және осыған орай, сыртқы жағдайларға байланысты қасвиеттер назарға алынып тұр» [110, 8 б ] .

Осы қасиеттерді оқудың әр түрлерінде, мысалы, музыка (Б. М. Теплов), математика (В. А. Крутецкий), бейнелеу ( В. И. Киреенко ), әдебиет (В. П. Ягункова, г. в. Быстрова), химия (Д. А. Эпштейн) және т. б. облыстарды зерттей отырып, авторлар сәйкес қабілеттер анықтамасына тек психикалық процестердің өту ерекшелігін ғана емес, сондай-ақ көбінесе тұлғаның кейбір қырларын да жатқызады. Мысалыға, әдеби-шығармашылық қабілеттерді зерттеуші В. П. Ягункова оның алты компоненттерін атайды : 1) әсерленгіштік, 2) поэтикалық қырағылық, 3) жақсы ес (бейнелілікте, сөздік-логикалық та), 4) жаңа бейнелерді жасау қабілеті, 5) көңіл-күйге ортақтасу күйінің пайда болу жеңілдігі, 6) сөздік ассоциациялардың байлығы. Тіптен айқыны, бұл компоненттер - психикалық процестердің де және де тұлғаның әсерленгіштік, көңіл-күйге ортақтасу пайда болу жеңілдігі сияқты қырларының да күрделі комплекстері.

Кез келген бейімділік, ең әуелі қабілетке айналу үшін дамудың үлкен жолынан өтуі тиіс. Көптеген адам қабілеттері бұл даму адамның туған кезінен басталады және егер ол қабілеттілігіне сәйкес дамитын әрекеттің сол түрімен шұғылдануын жалғастырса, өмірінің соңына дейін ол тоқтамайды. Қабілеттің дамуын шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады. Әрбір адам өзінің даму барысында қандай да бір әрекет түрін меңгеруде, сол немесе басқа да ықпалда көтеріңкі сезімталдылық кезеңіәнен өтеді. Мысалы, баланың екі-үш жас шамасында сөйлеу тілі қарқынды дамиды, бес-жеті жасында ол оқуды меңгеруге дайынырақ болады. Мектепке дейінгі жастағы орта және аға буынды балалар рөлдік ойындарды ойнауға құмартады және рөлге жаттығып, түрленуі төтенше қабілетті жария етіп жатады. Ерте ме, кеш пе аяқталатын арнайы әрекет түрлерін игеруге ерекше дайындық осы кезең екенін атап өту керек және қандай да бір қызмет қолайлы кезеңде өз дамуын иемдене алмаса, онда мұның салдарынан оның дамуында төтенше қиыншылықтар болады. Сондықтан баланың қабілетін дамыту үшін тұлғалық сияқты оның барлық кезеңдері маңызды. Бала есейген сәтте жіберіп алғанын толықтырып алады деп ойлауға болмайды.

Кез келген қабілетті дамытудағы бірінші кезең ол үшін қажетті органикалық құрылымының жетілуімен немесе олардың негізінде қажетті функционалдық мүшелердің қалыптасуымен байланысты. Әдетте, бұл туғаннан бастап, алты жас аралығында өтеді. Барлық анализаторлар жұмысының жетілдірілуі, ми қабығының жекелеген бөліктерінің функционалдық дифференциацясы және дамуы осы кезеңде өтеді. Бұл балада арнайы қабілеттердің келешекте дамуы үшін алғышарт ретінде көрінетіндердің белгілі деңгейін, жалпы қабілеттілікті қалыптастыру мен дамытуды бастау үшін қолайлы жағдайлар туғызады.

Осы сәтте арнайы қабілеттің қалыптасуы және дамуы бастау алады. Арнайы қабілетті дамыту мектепте, әсіресе, бастауыш және орта сыныпта жалғасады. Арнайы қабілеттің дамуына алғашында әр түрлі балалардың ойыны көмектеседі, сосын барып оқу мен тәрбие әрекеті мәнді әсер ете бастайды.

Біздің көріп білгеніміздей, балалрдыңойыны ерекше қызмет атқарады. Қабілеттің дамуына бастапқы түйткіл болатын, ол- ойын. Ойын барысында көптеген қозғалыстық, құрылғыштық, ұйымдастырушылық, көркем- суретшілік және басқа да шығармашылық қабілеттердің дамуы болады. Сонымен қоса ойынның маңызды ерекшелігі онда бір ғана емес, қатарынан қабілет жиынтығы дамуы болады.

Бала шұғылданатын барлық әрекеттің түрлерін ойын, жапсыру және сызу болсын қабілетті дамыту үшін бірдей мәнге ие екенін атап өту қажет . Қабілетті жақсы дамытатын, балаларды ойландыратын- шығармашылық әрекет. Мұндай әркет әрқашан өзіне жаңа мүмкіндіктер ашқанымен, өзі үшін жаңа білім ашқанымен, кез келген жаңаны құрумен байланысты . Бұл пайда болған қиыншылықтарды жеңуге бағытталған қажетті күштерге қосымша онымен шұғылдануға күшті және мәнді ынта болып табылады. Сонымен қоса шығармашылық әрекет өзіне қол жеткізген жетістіктерінен қанағаттылықты сезінуін және өзіне сенімділікті туғызып, талаптылық деңгейін көтеріп, өзін-өзі бағалауын бекіндіреді.

Егер орындап жатқан әрекеті оңтайлы қиындықта тұрса, яғни баланың шамасынан тыс болса, онда ол Л. С. Выготский жақын даму аймағы деп атаған дамуды іске қоса отырып, өзінің қабілетін дамытады. Бұл аймақта орналаспаған әрекет қабілеттілікің соншалықты төмен деңгейде дамуына тірейді. Егер ол өте қарапайым болса, онда ол барлық қабілетті жүзеге асырады; егер де ол төтенше күрделі болса, онда орындалмайды, ал мұның салдары жаңа іскерлік пен дағдының қалыптасуын жасамайды. Қабілетті дамыту елеулі көлемде бейімділіктерді іске асыруға мүмкіндік беретін шарттарға тәуелді екенін білесіздер. Сондай шарттардың бірі, жанұялық тәрбиенің ерекшелігі . Егер ата-аналар балаларының өздерінің кішкентай кезінде өздігінен анықталынған кез келген қабілетінің жоғары дамуына мүмкіндік болады. Қабілетті дамыту шарттарының басқа топтарын, көбінесе макроорта анықтайды. Макроорта деп адамның туып-өскен қоғамының ерекшелігін есептейді. Макроортаның неғұрлым позитивті факторы қоғамның өз мүшелерінің қабілетін дамытуына қамқорлық жасаған жағдайлары болып табылады. Қоғамның бұл қамқорлығы білім беру жүйесінің тұрақты жетілдірілуіне, сонымен қатар өскелең ұрпақтың кәсіби бағдарын дамыту жүйесінің дамуында көрініп отыр.

Кәсіби бағдарланудың қажеттілігі әрбір адам тап келетін өмірлік жолын таңдаудағы және кәсібін анықтаудағы мәселелер, төтенше өзекті мәселелермен шарттастырылған . Француз психологы А. Леон кәсіби бағдарланудың диагностикалық және тәрбиелік деп атаған екі тұжырымдамасының тарихи түрін қалыптастырған. Бірінші, диагностикалық жеке тұлғаның кәсіби жарамдылығын анықтауға таңдау жүргізеді. Кеңесші тест көмегімен, адамның қабілеттілігін өлшейді және кәсіпке қойылатын талаптармен оларды жинастыру жолымен, оның аталмыш кәсіпке жарамдылығы немесе жарамсыздығы туралы қорытынды жасайды. Көптеген ғалымдар кәсіби бағдарланудың осы тұжырымдамасын механистикалық деп бағалайды. Оның негізінде ортаның ықпалында шамалы, тұрақты білім сияқты қабілеттілік көзқарасы жатыр. Аталмыш тұжырымдаманың шеңберінде субьектіні енжарлық маңызға әкеп соғады.

Екінші тәрбиелік - жеке тұлғаның тәрбиенің ықпалымен жоспарлану, және өзінің анықтағанының сәйкетігінде кәсіби өмірге дайындығына бағытталған тұжырымдама . Негізгі маңызы әр түрлі әрекетті меңгеру барысында тұлғалық белсенділігі, өзінің таңдау мүмкіншілігі, өзін-өзі тәрбиелеу және дамытуы толығымен бағаланылмайды. Сондықтан отандық психологияда осы мәселелерді шешу кешенді жүргізіліп жатыр. Кәсіби бағдарланудың бұл мәселелерін шешу екі тәсілдемеде : жеке тұлғаның қабілетін анықтау және оған келешек мамандығының дайындығына көмек тізбекті қатар ұсынғанда ғана мүмкін деп есептейді.

Е. А. Климов мамандыққа талап пен қабілеттің сәйкестігін қарастыра отырып, кәсіби жарамдылықтың төрт түрлі дәрежесін бөліп көрсетті. Бірінші - аталмыш кәсіпке жарамсыздығы. Ол уақытша немесе нақтылы жеңе алмайтын болуы мүмкін. Екінші - қандай да бір кәсіпке немесе солардың тобына жарамдылығы. Ол адам еңбектің қандай да бір саласы қатысына қарама-қайшылығы болмауымен сипатталады, бірақ көрсеткіші де болмайды. Үшінші- әрекеттің сол саласына сәйкестігі : қарама-қайшылығы жоқ және белгілі бір кәсіпке немесе кәсіп тобының талаптарына анық сәйкес келетін кейбір жеке қасиеттері болады. Төртінші- аталмыш әрекеттің кәсіби асласына әуестенгені. Бұл адамның кәсіби жарамдылығының жоғары деңгейі.

Климовтың кәсіби бағдарлану жұмыстары бойынша кәсіптерді жіктеу сауалнама түрінде әзірленіп, іске асырылған. Осы жіктелімнің негізінде кәсіптің адамға ұсынатын талаптарының ережелері болған. Мысалы, «адам-адам», «адам-табиғат» және т. б. өзара қатынасты жүйелер сияқты әрекеттің барлық түрін бөліп қарауға болады.

Әрбір адамның іс - әрекетті орындау тәсілі сол адамдардың психикалық таным процесінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жұмысына, сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабылдау жылдамдығына және адамның даралық қасиетіне байланысты. Қабілеттілік - адамдағы жеке - дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат. Қабілеттің мұндай сипаттарын былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы болуы - көбінесе музыканттарға, ал бойшаң болып келу - баскетболшы - спортшыларға тән ерекшелік. Адам бойындағы ерекшеліктер қабілеттіліктің тек белгілі бір іс -әрекетке орай табысқа жетуге көмектесетін белгілері ғана. Қаблеттілікке аса қажетті қасиет, мысалы, музыка саласында әуенді есту мен ырғақты сезу, оларды бір -бірінен айыру болып табылады. Ал қимыл - әрекет реакцияларының жылдамдығы неғұрлым жоғары деңгейде болса, спорт түрлерімен шұғылдануға өзіндік әсері пайдасы тиері даусыз.

Кез - келген адамның екі - үш түрлі іс - әрекетті атқаруға бейімділігі болады. Бұл -адам қабілетінің жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге деген икемі және әрекетшіл көрінісі. Адам әрекетсіз, еңбексіз ешқандай іс тындыра алмайтын болса, ол өмір сүре алмас еді. Жалпы, қабілет адамның жеке басының әрекетімен байланысты түрде жүзеге асады. Адамның даралық ерекшеліктерінен оның арнаулы қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас -ынтадан, дағды мен икемділіктен айқын көрінеді.

Әр адамның іс - әрекеттің бір түріне икемді болуы оның сол әрекетті орындауы үстінде, әсіресе, істің нәтижесінен анық байқалады. Бұл -адамдардың даралық ерекшеліктері. Мысалы, бірдей жағдайда бір істі бір адам тез меңгеріп, өте шапшаң, нәтижелі әрі сапалы етіп атқарса, ал екінші адам іске бірден төселіп кете алмай, сол іс - әрекетке лайық әдет -дағдыларын , істі баяу, нәтижесіз, сапасыз атқаруы мүмкін. Бұл жайттар бірінші адамның қабілеттілігі екінші адамға қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейде дамығандығын көрсетеді.

Адамның істеген ісі мен әрекетін бақылап көрмей тұрып, оны сол іске қабілетті не қабілетсіз деп кесіп айтуға болмайды. Мәселен, сурет өнерінің әліппесімен әлі танысып үлгермеген баланы өнердің бұл түріне қабілетті не қабілетсіз деу әлі ертерек. Тек ұйымдастырылған оқу -тәрбие негізінде ғана оның сол іс -әрекет түріне қаншалықты бейімді екендігін білуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын айқындау
Бастауыш мектеп оқушыларының бейнелеу өнері сабағында танымдық қызығушылығын дамыту
Бейнелеу өнері пәні барысында бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру
Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағында акварель техникасын қолдану ерекшелігі мен тиімділігі
Балалардың эстетикалық тәрбиесінің маңызы және дамуы
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру
Қазақ өнерінің тарихы
Бастауыш сынып оқушыларында коммуникативті әмбебап оқу әрекеттерін қалыптастыру
Ұлттық дүниетанымды халық өнері арқылы қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz