Қазақстандағы мұнай өндірісі


Мазмұны
Kіріспе
1. Әдебиетке шолу
- Мұнай өңдісінің Қазақстанда дамуы
- "Кеңқияқ" кен орындарының мұнай өндірісі
- Мұнаймен ластанған территорияньң топырақ жамылғысынқалпына келтіру
Қорытынды
Пайдаланылған эдебиеттер тізімі
Kіріcпe
Батыс Қазақстан облысының топырақ жамылғысы шикізат ресурстарын дұрыс пайдаланбау нәтижесінде қазіргі кезде қатты бүлінген территорияларының 6ipi болып отыр. Осы территория өсімдіктеріне, топырақтарына мұнай қалдықтары кepi әсер етеді. Осылардың нәтижесінде топырақтарда қолайсыз қасиеттер пайда болады. Сондықтан осы аймақтың экологиялық жағдайын зерттеу актуальді мәселе болып тұр. Біздің жұмысымыздың мақсаты-Кеңқияқ кен орындарының топырақ өсімдіктерінің экологиялық жағдайын зерттеу. Бұл мәселені шешу үшін мына міндеттер қойылды -топырақ, өсімдіктер үлгілерін алып, олардағы ластаушы заттардың мөлшерін анықтау, Кеңқияқ кен орындарының бүлінген жерлерінің экологиялық жағдайына сипаттама беру.
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1 Мұнай өндірісінің Казақстанда дамуы
Қазақстан әлемде мұнай өндіретін ipi мемлекеттердің 6ipi болды. Бірақтa бұл жағдай көптеген экологиялық мәселелер тудырды. Он жылдың ішінде Қазақстанда мұнай өндірісі шет елдердің назарын өзіне аударды.
Американдық "Шеврон - Тексако" компаниясы мен қазақ үкіметінің арасындағы "осыдан 10 жыл бұрын қиылған мұнай некесінің cәтті" болғандығын "Теңізшевройл" ЖШС Бас директоры Том Уинтертон дипломатиялық тілмен Атыраудағы "теңізшевройл" қазақ-американ бірлескен кәсіпорнының 10 жылдық мерекесіне арналған салтанатты жиында осылай жеткізді.
Атырау мұнайшыларының аға буыны мен жас буыны осы өлке топырағынан шығып жатқан қара алтын тарихын, оның өткені мен бүгінгісін сөз eттi. Оған қоса басқа елдердің радиоактивті қалдықтарын Қазақстанға әкеп көмуі туралы меселелер көтерілді. "Теңізшевройлда" тиісті үлестері бар компаниялар Том Уинтертонға өз кұттықтаулары мен сыйлықтарын ұсынады. Бірлескен кәсіпорында "Шеврон Тексако Оверсиз Компанидің" - 50%, "Қазмунайгаз" - ұлттық компаниясының 20%, "Эксон Мобилдің" - 25% үлестepi болса, үлес мөлшерінің ең азы - "Лук Арконыкі" екен. "Лук Арконың" президенті Виктор Тажин "Теңізшевройлдағы" ең үлесі аз акционер еркіндігін де (5%) жасырмады.
Бірлескен кәсіпорын өткен жылы 13 млн тоннадан астам мұнай өндірген. Таяу бесжылдықта мұңай өндіруді 19-22 миллион тоннаға дейін жеткізбекші. Барлық қызметкерлерінің саны 3 мыңнан асады. Бip атап өтерлігі, қазіргі кезде кәсіпорындағы орта буындағы басшылардың барлығы - қазак, стандықтар. Жергілікті мамандар арасынан кәсіби шеберліктері жоғары мұнайшылар қатары жыл сайын көбейіп келе жатқандығын жиынға қатысушылар атап айтты да.
Аталмыш кәсіпорын 2006 жылы Теңіз кенішінен 20 млн тонна мұнай өндірмекші. 2001 жылы еліміздің экономикасына 1 млрд доллардан астам үлес қосқан "Теңізшевройл"-дың 10 жылдық жолы тәуелсіз мемлекетін экономикасының өткен белестерімен өте ұқсас. Бұл - еліміз тарихындағы ең ipi, ең 6ipiншi жоба. 1993 жылдың 6 сәуірінде Президент Н. Назарбаев пен американдық "Шеврон" мұнай корпорациясының терағасы Кеннет Дерр арасында қол қойған келісім бойынша, "Теңізшевройл" бірлескен кәсіпорыны 40 жыл мерзімге Теңіз кенішін игеретін болып шешілген.
Атырау мұнайы дегенде ең алдымен Теңіз кеніші еске түседі кеніші 1979 жылы ашылғанымен, оны игеруге мүмкіндік болмады. Яғни, Теңіздің көлкөсір байлығы қаржы тапшылығы салдарынан 6ipaз жыл бойы жоба күшінде қалды. 1981 және 1987 жылдары екі мәрте қаулы қабылдаған. 1990 жылы кеніштің қоры 1, 5 млрд тонна деген ақпарат тұңғыш рет тарайды. Сол кезден бастап қазақ даласының мұнайын тиімді игерудің жобалары жасала басталды. "Теңіз-полимер" кәсіпорнында газды өндейтін жоба да жасалыныпты. Күкіртті түйіршік түрінде өндеуге Германияның "Металгезершаф" фирмасы да құлшыныс танытқан. Ал, 1991 жылдың мамырында Түркіменстанның Чарджоу қаласындағы зауытқа алғашқы 3 мың тонна сұйық күкірт те жөнелтілген.
Кенішті игеруге алғаш кіріскен "Тенгизнефть" мұнай өндіру басқармасы 1991 жылы 1 млн тонна шикі мұнай шығарды. Алайда, аумалы-төкпелі кезеңде мұнай өндіру жүйесі күйреп қалды.
Теңіздің астында 1, 5 млрд тонна мұнай қоры бар деген мәлімет "Шевронның" 90-жылдар басында Қазақстанға келуін тездетті. Арада бірер жыл өткеннен кейін, іс жүзінде орындалған мұнай астанасына
Қала адам танымастай өзгерді, қазақы-американдық қалып мұнайға таяу төңіректен емес, Атырау өңірінен тұтастай сезіледі. Том Уинтертон мырзаның сөзімен айтқанда, "Теңізшевройлда" тамаша еңбек ұжымы, корпоративті мәдениет қалыптасты. қазіргі уақытта барлау жасалынған мұнай қоры айсбергтің ең жоғарғы бөлігі ғана деп айтылды.
1993-96-жылдар аралығында Атырау облысыньң дамуына 77 млн доллар белінген. Биыл да "Теңізшевройл" осы қорға 8 млн аударған.
2002 жылы қазакстандық тауар өндірушілердің өнімдерін 400 миллион долларға бірлескен кәсіпорын сатып алған. "Теңізшевройлдың" жылдық мерекесі кәсіпорынның жаңа ғимаратының ашылуымен сәйкес келді. Атырау күн сайын жаңарып, жасарып келеді. Американдық қалып, американдық дағды сезіледі. Мұнайлы өлкенің тынысы ашылуда: инфракұрылымдар жетілдірілді, мұнай технологиясын шебер меңгерген өз ұлтымыздың кәсіби мамандар тобы қалыптасты. Жергілікті халыққа жаңа жұмыс көздер ашылды. Ең бастысы - мұнайшы мамандығы қадірлі де, қастерлі кәсіпке айналды.
1. 2. Кеңқияқ кен-орындарында мұнай өндірісінің дамуы.
Тағы да 6ip мұнай өндіретін ipi аймақтардың 6ipi Ақтөбе облысы. Біз Кеңкияқ кен-орындарына сипаттама бермекпіз. Кенқияқ кен-орнында салынған зауыттар жылына шамамен 2 милион тонна мұнай мен 1 млрд 400 млн. текшеметр газ өндейді. Инвестор жағының мәлімдеуінше, Кенқияқ жаңа газ өндеу зауытының іске қосылуымен Ақтөбе облысы "көгілдір отынмен" толық қамтамасыз етілмекші. Ұзындығы 450 шақырымдық "Кеңқияқ-Атырау" мұнай құбырының icкe қосылуы -Ақтөбе мұнайының әлемдік рынокқа тікелей шығуына жол ашады. "Кеңқияқ-Атырау" кұбыры Каспий мұнай кұбыры консорциумына және "Атырау-Самара"мұнай құбырына қосылады. "СНПС-Ақтөбемұнайгаздың" мұңай өщіруді 1 млн тоннаға дейін арттыру жоспарына жаңа құбыр кұрылысы да жол ашқандай. Өткен жылы актөбелік мұнай компаниясы 4млн. 367 мың 420 тонна өнім шығарды. Мұнай өндіру өciмi 2007 жылмен салыстырғанда 33, 7 пайызға артқан. Мұнай қазудың күндік нормасы -13700 тонна. Биыл 154 скважина бұрғыланбақшы. Оның 40-ы Жаңажолда 108-і кеңқияқтың тұз беті, 6-уы Кеңқияқтың тұз асты қабаттарынан алынады.
Кенқияқ кен-орнының сырт көрінісі
1. 3. Мұнаймен ластанған территорияның топырақ жамылғысын
қалпына келтіру
Көптеген зерттеушілер мұнаймен ластанған топырақ экожуйелерінің қалпына келу процестері туралы айтканда, әдеттегі рекультивациялық шаралар бірқатар жетіспеушіліктерді - атап айтқанда топырақтың қалпына келуі табиғатқа көпуақыт зардап әкелетініне көңіл бөледі. Ластанған қабаттарды алып шығарғанда eкіншi қайтара ластану ошақтары пайда болады. Зерттеулер мұнайды жаққанда мұнаймен ластанған топырақтың қайта қалпына келу мерзімі ұлғаяды, жартылай циклды ароматты комірсутектері, пайда болуына әкелетіндігін, топырактың улылығының артатындығын, экожуйелердің блоктарының қайта қалпына келуінің бәсендететіндігін көpceттi. Қазipгi уақытта ластанудың ғылыми дәлелденген әдістері қолданылмайды. Топырақ қабатының мұнаймен ластануын білу үшін алдымен экожүйенің ластануының ластаушы заттардың ауа-райын, өзгеруін, трансформация заңдарын білу керек.
Ластанған экожүйелерді қалпына келтіру-концепциясы келесі мынадай принциптерге арқа сүйеу керек: ластанғанда әкелінген зардаптардан көп зардаптар экожуйеге әкелінбеу керек. Концепцияның түпкі мағынасы - өзінің алғашқы қызметін қалпына келтіргенде, экожүйенің ішкі ресурстарын жоғары максималды түрде жиналу керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz