Қылмыстық құқықтың принциптері, міндеттері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
1. Қылмыстық құқықтың принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. Қылмыстық құқықтың пәні және түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
3. Қылмыстық құқықтың міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
4. Қылмыстық құқық ғылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қолданылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына он бес жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мәлім. 1997 жылы шілденін 16-сында Қазақстан Рес-публикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жыл-дың 1 каңтарынан бастап заңды күшіне енді.
Қазақ ССР-інің 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің нормалары өмірімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономиқалық өзгерістерге сай келмегендіктен, жана Кодекстің қабылдануына байланысты о) күіпіи жойып, 1998 жылдың 1 каңтарынанбері қарай қолданылмайды. 1959 жылғы Қылмыстық кодекс кеңестік таптық идео-логия тұрғысында, әкімшілдік-әміршілдік жүйе мен орталықтандырылған жоспарлы экономика принциптеріне негізделген еді. Сондықтан өмірдің өзі ескі идеологиядан арылған, нарықтық қатынастар жағдайыыа үйлесетін, адам құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық-құқықтық қорғауды барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық заңнын болуын қажететті.
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі Қазақстан Республикасы Конституциясының және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген.
Жаңа Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау болып табылады. Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінде ескі кодекске Қарағанда көптеген қылмыстық-құқылық түсініктердің, институттардың жаңа ұғымы берілген. Оқулықта осындай ерекшеліктерге баса мән беріле отырып, олардың мазмұны түбегейлі ашыл көрсетілген. Жалпы алғанда, осы Қылмыстық құқық пәнін оқытудың мақсаты — студенттерге қылмыстық заң пәнінен тиянақты білім беру, қылмыстық құқықтың жалпы ережелері мен принциптері, оның негізгі ұғымдары мен институттары, қылмыстық заңдардың міндеттері жөнінде, қылмыстық заңнын, мезгілге және кеңістікке қарай қолданылуы, қылмыстың түсінігі және іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын жоятын мән-жайлар туралы, қылмыс істеудің сатылары және оны істеуден өз еркімен бас тарту, қылмысқа қатысу және оған жанасушылық, қылмыстық, жазаңың түсінігі, оның жүйелері мен түрлері, қылмыстық жазаңы орындау, қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату және онын түрлері, жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаңы неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру, сотталғандықты жою және одан арылу, медициналық және тәрбиелік сипатғағы еріксіз шаралар туралы толық түсінік беру болып табылады.
1. Кудрявцев В.Н., Келина С.Г. Принципы советского уголов¬ного права.
2. Наумов А.Б. Уголовный закон и права человека//СГП. 1990. №1).
3. Наумов А.В. Обретение свободы. М., 1992.
4. Фефелов ПА. Понятие и система принципов советского уголовного права. Свердловск, 1971.
4. Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть: Учебник. Алматы, 1998.
5. Уголовное право. Общая часть: Учебник для вузов/Под ред. проф. И.Я. Козаченко. М., 1998.
6. АғыбаевА.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы: Жеті жарғы, 1998.
7. АғыбаевА. Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы: Жеті жарғы, 1999.
8. АғыбаевА.Н. Кылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы: Жеті жарғы, 2001.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
1. Қылмыстық құқықтың
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. Қылмыстық құқықтың пәні және
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
3. Қылмыстық құқықтың
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
4. Қылмыстық құқық
ғылымы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .28
Қолданылған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..30

Кіріспе
Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып
жарияланғанына он бес жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны
мәлім. 1997 жылы шілденін 16-сында Қазақстан Рес-публикасының жаңа
Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жыл-дың 1 каңтарынан бастап заңды
күшіне енді.
Қазақ ССР-інің 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің нормалары
өмірімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономиқалық өзгерістерге сай
келмегендіктен, жана Кодекстің қабылдануына байланысты о) күіпіи жойып,
1998 жылдың 1 каңтарынанбері қарай қолданылмайды. 1959 жылғы Қылмыстық
кодекс кеңестік таптық идеология тұрғысында, әкімшілдік-әміршілдік жүйе мен
орталықтандырылған жоспарлы экономика принциптеріне негізделген еді.
Сондықтан өмірдің өзі ескі идеологиядан арылған, нарықтық қатынастар
жағдайыыа үйлесетін, адам құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық-құқықтық
қорғауды барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық заңнын болуын қажететті.
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі Қазақстан
Республикасы Конституциясының және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған
принциптері мен нормаларына негізделген.
Жаңа Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам,
мемлекет мүддесін қорғау болып табылады. Қылмыстық кодекстің Жалпы
бөлімінде ескі кодекске Қарағанда көптеген қылмыстық-құқылық түсініктердің,
институттардың жаңа ұғымы берілген. Оқулықта осындай ерекшеліктерге баса
мән беріле отырып, олардың мазмұны түбегейлі ашыл көрсетілген. Жалпы
алғанда, осы Қылмыстық құқық пәнін оқытудың мақсаты — студенттерге
қылмыстық заң пәнінен тиянақты білім беру, қылмыстық құқықтың жалпы
ережелері мен принциптері, оның негізгі ұғымдары мен институттары,
қылмыстық заңдардың міндеттері жөнінде, қылмыстық заңнын, мезгілге және
кеңістікке қарай қолданылуы, қылмыстың түсінігі және іс-әрекеттің қоғамға
қауіптілігін және құқыққа қайшылығын жоятын мән-жайлар туралы, қылмыс
істеудің сатылары және оны істеуден өз еркімен бас тарту, қылмысқа қатысу
және оған жанасушылық, қылмыстық, жазаңың түсінігі, оның жүйелері мен
түрлері, қылмыстық жазаңы орындау, қылмыстық жауаптылықтан және жазадан
босату және онын түрлері, жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату және
жазаңы неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру, сотталғандықты жою және одан арылу,
медициналық және тәрбиелік сипатғағы еріксіз шаралар туралы толық түсінік
беру болып табылады. Қылмыстық құқық пәнінің Жалпы бөлімі курсын оқу
барысында болашақ заңгерлер жеке адам-дардың әрекетінде немесе
әрекетсіздігінде қылмыстың нақты кұрамы-ның барын анықтауды, қылмысты дұрыс
саралауды, іс-әрекетте құқыққа қайшы және қоғамға зиянды мән-жайлардың бар
немесе жоқ екендігін дұрыс белгілеуді, кінәліге жазатағайындауды қолданып
жүрген қылмыстық заңға сәйкес қолдануды, бұл жерде іс-әрекеттің қоғамға
кауіптілігінің мәнін және дәрежесім, кінәліпің жеке түлпісын, жауаптылықты
жеңілдететін және ауырлататын мен-жайларды ескере отырып қолдануды, сол
сияқты адамды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың заңда
көрсетілген меніздері мен шарттарын нақты, терең біліп үйренеді.
Қылмыстық құқық пәнінің Жалпы бөлімін терең оқып меңгеру болашақ
заңгерлер үшін заңдылық қағидасын берік сақтаудың, оны іс жүзіне асырудың
кепілі болары сөзсіз.
Жалпыға мәлім, Қазақстан Республикасынын Конституциясында қазақ тілі
мемлекеттік тіл деп жарияланған. Осыған орай еліміздің бірқатар заң оқу
орындарында қылмыстық құқық пәні, басқа да құқықтық пәндер мемлекеттік
тілде оқытылып келеді. Осыған орай қалың оқырманның тілегіне сәйкес 1998
жылы қылмыстық құқық пәнінің жалпы бөлімі мемлекеттік тілде жарық көрген
еді.

1. Қылмыстық құқықтың принциптері
Қылмыстық құқық өзінің алға қойған қорғаушылық, сақтан- дырушылық және
тәрбиелік міндеттерін тек қана белгілі бір қылмыстық-құқықтық принциптерді
сақтау арқылы ғана жүзеге асыра алады. [1]
Қылмыстық-құқықтық принциптер — заң шығарушыға, ғылымға, құқық қорғау
және қолдану органдары мен азаматтарға қылмыспен қарсы күрес жүргізу
саласындағы қажетті, негізгі және міндетті ережелердің көрінісі болып
табылады.

Заңдылық қағидасы Парламент немесе Президент қабылдаған қылмыстық
заңның құқық қолдану тәжірибесінде де, заң нормаларын қабылдау саласында
да, сез жоқ, үстемдік ету арқылы көрініс табады. Бұл көрініс бірнеше
құқықтық талаптардың жиынтығынан құралады. Оның біріншісі — Республика
Қылмыстық кодексінің халықаралық қылмыстық құқықтың жұрт таныған
принциптері меп нормаларын басшылыққа алуы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабынын үшінші тармағыі іда
Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы
болады деп көрсетілген. Адам құқықтары жөніндегі 1948 жылғы Жалпыға бірдей
декларация, 1986—1989 жылғы Вена келісімі, наркоманияға және террорлық
актіге қарсы күрес туралы халықаралық Конвенция және осы сияқты басқа да
халықаралық кұжаттар халықаралық аймақ-та істелетін қылмыстар үшін
жауаптылық белгілейді. Мысалы: 1986 жылғы Вена келісімінде көптеген
халықаралық қылмыстық-құқықтық нормалар белгіленіп, кеңеске қатысушы
елдерге ұсынылған. Осы келісімнің Қағидалар деген тарауының 10,10
баптарында террорлыққа қарсы күрес, 23-бабында БҮҮ қабылдаған тұтқындармен
қарым-қатынастың төменгі ставдартғы ережелерін сақтау; сондай-ақ БҮҮ
бекіткен лауазымды адамдардың құқық тәртібін сақтаудағы мінез-кұлқы
жөніндегі Кодекс туралы; 23-бабында адамды оның құқығын бұзатын
психиатриялық немесе басқадай дәрігерлік тәжірибеден қорғау; 24-бабында
өлім жазасын қолдану туралы қылмыстық заңды қолдану жоніндегі ұсыныстар
туралы мәселелер көрсетілген.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы осындай халықаралық құқық нормаларын
қастерлейді және осындай халықаралық шарттар Республикада бекітілген
уақыттан бастап басшылыққа алынады. Заңдылық қағиданың екінші бір талабы —
қылмыстық заңның Конституциялық заңға негізделуі болып табылады.
Конституцияда көрсетілген негізгі ережелерді қылмыстық заң сөзсіз
басшылыққа алуы тиіс. Өйткені Конституцияның ең жоғары заң-дық күші бар
және Республиқаның бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады (4-бап, 2-
тармақ). Мысалы, Конституцияның 15-бабының 2-тармағында өлім жазасы ерекше
ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді,
делінген. 17-бапта адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтыны, ал 16-бапта
әркімнің жеке басының бостандығына құқы бар екендігі көрсе-тілген.
Қылмыстық кодекстің кептеген баптары осы Конституциялық заңдарға негізделіп
қабылданған. Заңдылық принциптерінің тағы бір талабы арнайы заңда
көрсетілмейінше қылмыс та, жаза да жоқ деген тұжырымға негізделген.
Заңдылық принциптерінің осы талабына сәйкес жазба, жария түрде қабылданған
қылмыстық заң қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі болуға тиіс. Барлық
қылмыстық-құқықтық нормалар бірыңғай жүйеге келтіріліп, Қылмыстық кодекске
біріктірілуі қажет. Қылмыстық жауаптылықты кездейтін өзге заңдар оларды осы
Кодекске енгізгеннен кейін ғана қолданылуға тиіс (КК-нің 1-бабы).
Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді (КК-нін 9-
бабы, 1-болігі). Адамның ойы, пиғылы, дүниетанымы, көзқарасы Конституциялық
нормаға қаншалықты қайшы келсе де ол белгілі бір нақты іс-әрекетпен
ұштаспаса қылмыс ретінде қаралуға тиіс емес. Қоғамға қауіпті, қылмыстық
заңға қайшы, кінәлі іс-әрекеттер заң шығарушы орган арқылы қылмыс деп
табылады. Қылмыс пен жаза туралы мәселелер қылмыстық заңдарда тікелей
көрсетіледі және оларға тиісінше заңдылық анықтама беріледі. Қылмыстық
заңда арнайы көзделмеген ретте адамның іс-әрекеті қылмысқа жатпайды. Қылмыс
жоқ жерде жазадаболмайды.
Қылмыстық құқықтың екінші бір қағидасы — азаматтардың заң алдындағы
теңдігі болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының
1-тармағында — заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең деп аталған. Қылмыс
жасаған адам оның тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына,
нәсіліне, ұлтына", саяси сеніміне, жынысына, біліміне, тіліне, дінге
қатынасына, кәсібінің түрі мен сипатына, сондай-ақтұрғылықты жеріне және
басқа да жағдайларға қарамастан жауаптылыққа тартылады. Азаматтардың
қылмыстық заң алдындағы теңдігі істеген қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа
және жазаға тартылуы болып табылады. Бұл жерде заң алдындағы тендікті бір
түрлі қылмыс істеген кінәлі адамдардың барлығына бірдей етіп жаза
тағайындау деп түсінбеу қажет. Жаза кінәлінің қылмысының ауырлығы мен
түріне, оның жеке басының қасиеттеріне, жауаптылықты ауырлататын немесе
жеңілдететін мәнжайларға байланысты дараланып тағайындалады. Қылмыс істеген
адам тек қана қылмыстық заңда керсетілген негіздерге сәкес қылмыстық
жауаптылықтан немесе жазадан босатылуы мүмкін. Жасы кәмелетке толмағандар
және жүкті немесе емшекте жас балалары бар әйелдерге, кәрі адамдарға қылмыс
істеген басқа субъектілерге қарағанда ізгілік қағидасы басшылыққа алына
отырып, жеңілдеу жаза тағайындалуы мүмкін.
Қылмыстық құқықтын үшінші бір принципі — жауаптылықтан
құтылмайтындық принципі. Бұл принцип бойынша әрбір кез келген адам
лауазымдық, басқа да жағдайларға қарамастан өзі істеген қылмысы үшін
сөзсіз, міндетті түрде жауапты болады. Яғни, қолымен істеген қылмысты
мойнымен көтереді. Бұл үшін қылмыстық-құқықтық жауаптылықты белгілейтін заң
нормалары тайға таңба басқаңдай анық түсінікті болуы керек.
Сөйтіп, ол істелген қылмыс үшін нақты жауаптылықты айқындау қажет.
Жауаптылықтан құтылмайтындық принципінің жүзеге асырылуы үшін бұл өте
керек. Сондай-ақ осы принциптің жүзеге асырылуы құқық қорғау және құқық
қолдану органдарына үлкен міндет жүктейді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай,
көптеген қылмыстардың ашылмай, кінәлі адамдардың жазасыз қалуы, жасалған
қылмыстардың тіркелмеуі, тіркелген қылмыстардың біразының ашылмауы осы
принциптің жүзеге асырылуындағы келеңсіз көріністерді көрсетеді. Мұның өзі
құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік деңгейінің, азаматтардың
қылмыспен күресудегі белсенділік дәрежесінің, қолданылып жүрген заңдардың
әлі де болса пәрменділігінің жеткіліксіздігінің көрінісі болып табылады.
Бұл жерде айтылатын басты мәселе сол қылмыс істеген адам ерте ме, кеш пе
бәрібір қылмыстық жауапқа тартылады, заң бойынша тиісті жазасын алады. Бұл
кағиданың түпкі мәні осында.[2]
Қылмыстық заңның төртінші принципі — жеке жауаптылығы кағидасы болып
табылады. Адам өзінің кінәсі анықталған жағдайда ғана қоғамға қауіпті
әрекеттер (әрекетсіздік) және бағытталған қауіпті зардаптар үшін ғана
қылмыстық жауапқа тартылады. Бұл принципке сәйкес адам өзінің жеке істеген
немесе қылмысқа бірлесіп қатысуы арқылы істеген қылмысы үшін сол адамның
өзі дербес, жеке жауапты болады. Жеке жауаптылық принципіне сәйкес
қылмыстың субъектісі болып, есі дұрыс, заңда белгіленген жасқа толған жеке
адам танылады. Мұндай тұлғаны қылмыстық құқықта қылмыстық субъекті деп
атайды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі заңды тұлғаларды қылмыс
субъектісі деп танымайды.
Материалдық, моральдық немесе басқа жағынан келтірілген зияндары үшін
тек азаматтар ғана қылмыстық заңға сәйкес жауапқа тартылады.
Қылмыстық құқықтынбесінші принципі кінәлі жауаптылық принципі болып
табылады. Бұл кағиданың мәні сол, кінәсіз қылмыс та болмайды дегенді
білдіреді. Қылмыстық жауаптылықта оны істеген адамның іс-әрекетінде кінә
болған жағдайда ғана, яғни қылмыс істеген адамның өзінің іс-әрекетіне
қасақаналық немесе абайсыздық түрде білдірген саналы, психикалық қатынасы
жатады. Іс-әрекеттің зардабы қанша ауыр болса да, егер ол кінәсіз жағдайда
істелсе, ол қылмыс болып табылмайды. Жазықсыз зиян келтіру — қылмыс емес,
оқыс оқиға болып саналады (ҚҚ-нін 23-бабы).
Кінәнің түсінігі Қылмыстық қодекстің Жалпы бөлімінің арнаулы
баптарында берілген (19,20,21,22-баптар).
Қылмыстық құқықтың алтыншы принципі әділеттілік принципі болып
табылады. Бұл принциптіңмәнісі сол қылмыстық жауапқа және жазаға іс-
әрекетінде қылмыс құрамының толық белгілері бар адамдар тартылуы керек.
Негізсіз, дәлелсіз қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. Бұл
кағиданың жүзеге асырылуы үшін ең алдымен қылмыстық заңның өзінің әділ
болуы және істеген қылмысы үшін сот тағайындаған жазаңың және қылмыстық-
құқық ықпал ететін өзге шаралары соған сай әділ болуы керек.
Қоғам мүшелерінің, халықтын шын еркін білдіретін қоғамдық мүддеге сай,
әлеуметтік қажеттілікке сай қабылданған заңдар ғана әділетті болып
табылады. Қылмыстық заңды қабылдау кезінде кеткен ағаттықтар, қоғамға
қауіпті іс-әрекеттерді дер кезінде қылмыс қатарына қоспау немесе ондай
қоғамға қауіптілігі жоқ іс-әрекеттерді қылмыс қатарынан алып тастамау да
заңның әділетсіздігін керсетеді. Маңызы болмағандықтан қоғамдық кауіпті
емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмейтін
қылмыстар деген Қылмыстық кодекстегі (9-бап, 2-бөлігі) қағиданы басшылыққа
алып, қылмыстық заңның қол- данылуындағы әділетсіздіктерге жол берілмеуі
керек. Қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың
негізі болуы тиіс. [3]
Әділеттілік қағидасының жүзеге асырылуы әділ жаза тағайындауға тікелей
байланысты. Соттар әділ жаза тағайындау үшін қылмыс істеген кінәлі адамға
жазаңы даралауға негіз беретін: іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігінің мәні
мен дәрежесін, кінәлінің жеке басын, жауаптылықты жеңілдететін және
ауырлататын мән-жайларды, қылмыстың істелуінің себептерін есепке ала
отырып, оның түзелуіне және қайтадан қылмыс істсмеуіне қажетті және негіз
болатын, әділетті жаза тағайыпдауы керек.
Әділеттілік принципі бойынша бір қылмыс үшін ешкімді де қайталап
қылмыстық жауапқа және жазаға тартуға болмайды (3-бап).
Қылмыстық құқықтағы тағы бір принцип — ізгілік принципі болып
табылады. Ізгілік принципінің жүзеге асырылуы ең алдымен қылмыстық заң
арқылы азаматтардың жеке басын, олардың омірін, денсаулығын, құқықтарын
қылмыстық қол сұғушылық-ТВН қорғау арқылы көрініс табады.
Жана Қылмыстық кодекстің2-бабында адам мен азаматтын жеке басы,
олардың құқықтары мен бостандықтары қылмыстық құқық қорғайтын объектілердің
ең алғашқыларының бірі ретінде көрсетілген. Қылмыстық заң әрбір азаматқа
қажет болған жағдайда қоргануға құқық береді, іс-әрекеттін қылмыстылығын
жоятын мұндай мән-жайлар қылмыс болып саналмайды.
Қылмыстық заңның бұл нормасы әрбір азаматтын әлеуметтік белсенділігін
арттыруға өзінің Конституциялық құқықтары мен бостандықта-рын, мүддесін
батыл қорғауға тікелей жағдай туғызады. Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөлімінде азаматтардың өмірін, денсаулығын, ар-намысын, олардың
Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға арналған арнаулы
тараулар бар.
Қылмыстық құқықтағы ізгілік принципі — қылмыстық заңды бұзған
адамдарға да қолданылады. Қылмыстық жазаңың мақсаты әлеуметтік
әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталғандарды түзеу болып
табылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның адамгершілік намысына
тиіп, қадір-қасиетін қорлау мақсатын көздемейді. Жаза жүйелерінің көпшілігі
сотталған адамды бас бостандығынан айырмайтын жаза түрлерінен кұралған. Ату
түріндегі өлім жазасы заңда көрсетілген реттерде ерекше ауыр қылмыстар үшін
ғана қолданылады. Қылмыстық заң ізгілік қағидасын басшылыққа ала отырып,
қылмысты он сегіз жасқа толмай істеген адамдарға, сондай-ақ әйеддерге және
сот үкімі шығарған сәтте 65-ке толған еркектерге ату жазасы
тағайындалмайды. Ізгілік принципі жазаның өтелмеген бөлігін жазаңын
неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру (71 -бап), шын өкінуіне байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босату (65-бап), жүкті әйелдердің және жас балалары
бар әйелдердің жазаңы өтеуін кейінге қалдыруы (72-бап), ауруға шалдығуына
байланысты жазадан босату (73-бап), шартты түрде соттаудың күшін жою (64-
бап), рақымшылық немесе кешірім жасау актісі (76-бап) ар-қылы да жаңа
қылмыстық кодексте заңдылық көрініс тапқан.
Ізгілік қағидасы негізінде жаңа Қылмыстық кодексте кәмелетке
толмағандардың қылмыстық жауаптылығы деген арнаулы болім берілген.
(VI бөлім). Мұнда кәмелетке толмағандардың жас мөлшері, психологиялық
даму деңгейі, жеке басының өзге де ерекшеліктері ескеріліп, олардың жазасы
жеңілдетілуі немесе олар жазадан босатылуы дамүмкін.
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы — ҚР кұқықтық жүйесіне
кіретін өз алдына жеке құқық саласы. Ол негізінен, мемлекет, егер
орындамаса, өзінін жазалайтындығын алға тарта отырып, бекіткен және
санкциялаған, белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салатын ережелердің
жиынтығын кұрайды.[4]
Қылмыстық құқықтың реттеу аясына мемлекеттік және қоғамдық құрылыс
меншік, жеке адам, құқықтык тәртіп, коршаған орта және т. б. сияқты сан-
саналы қоғамдық катынастар, соньң ішінде, басқа құкық, салаларымен
реттелетіндері де кіреді.
Қылмыстық құқықты иіндескен құқық салаларынан даралап алуға оның
реттеу пәні, яғни қылмыс жасауға және оған белгілі бір жазалар колдануға
байланысты туатын қоғамдық, қатынастар негіз болады.
Қылмыстық заң қоғамға қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатынын
анықтап, оларға жаза бекітеді.
Қылмыстық құқық кылмыстық жауаптылықтың жауаптылықпен жазадан
босатудың талаптары мен негіздерін, кылмыстық жазаны іске асыруда, қылмысқа
қарсы күрес пен оның алдын алуда қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің
қатысу нысандарын реттейді.
Қылмыстық құқық пәнінің үш түрлі бағытта шоғырланғандығын байқауға
болады: реттеуші, қорғаушы, кылмыстын алдын алушы коғамдық қатынастар.
Қылмыстық құкықтық қатынастар қылмыс жасаған уакытта оны жасаушы адам
мен мемлекет атынан әрекет ететін оның органдары (анықтау, тергеу, сот,
прокуратура органдары) арасында пайда болып, қылмыстық жауаптылықты
толығымен іске асырған сәтінде аяқталады.
Кылмыстық құқықтың реттеу әдісі кылмыстық құқықтық нормаларды бұзғаны
үшін міндетті түрде қылмыстық жаза қолданылатындығымен сипатталады.
Қылмыстық құкықтың барлық нормалары екіге: Жалпы және Ерекше бөлімге
бөлінеді.[5]
Жалпы бөлім қылмыстық жауаптылықтың негіздерін, міндеттері мен
прициптерін, жекелеген жаза түрлерінін қолдану шегін, оларды тағайындау
тәртібін белгілейтін нормалардан, шартты түрде жаза қолдануды, қылмыстық
жаза мен жауаптылықтан босатуды, үкімнің орындалуын кейінге қалдыруды
реттейтін институттарды орнықтыратын нормалардан, сондай-ақ, сотталғандарды
түзеу ісіне қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қатысу нысандарын
көрсететін нормалардан тұрады.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың кылмыстық жауаптылығы мен
оларды жазалаудың ерекшеліктері де, соттылықты жою мен алып тастау шарттары
да Жалпы бөліммен реттеледі.
Жалпы бөлімнің нормалары өзара да, Ерекше бөлімнің нормаларымен де
тығыз байланысты.
Қылмыстық қүқыктың ерекше бөлімінің нормалары жаза түрлері мен оның
қолдану шегін көрсете отырып, нақты жекелеген қылмыстарға сипаттама береді.
Құқық саласы ретіндегі қылмыстық құқықтан қылмыстық құқық ғылымы
өзгеше. Ол — қылмыстық құқықтық идеялар мен көзқарастардың, қылмыс пен жаза
және олармен байланысты институттар хақындағы пікірлер мен ойлардың жүйесі,
Қылмыстық құқық ғылымы қылмыстык жауаптылықтың негіздері мен белгілерін,
мазмұнын аша түседі, қылмыс құрамыньң, сондай-ақ істің қоғамға қауіптілігі
мен заңға кайшылығын жоятын мән-жайлардың түсінігін беріп, белгілерін
зерттейді, алдын ала жасалған қылмыстық әрекеттер үшін, қылмысқа
қатысушылық үшін жауапкершіліктің теориялық негізін жасайды, қылмыстың
көптігіне түсінік беріп, оны топтастырады.
Қылмыстық жазаны реттей отырып, оның мазмұны мен мақсатын анықтайды,
жазаньң жекелеген түрлеріне, оларды тағайындау тәртібі мен негіздеріне
талдау жасайды.[6]
Қылмыстық құкық ғылымында жазадан босату және жаза мен жауапкершілікті
қоғамдық әкімшілік шаралармен алмастыру мәселелері қомақты орын алады. Осы
орайда тек қылмыстық заң ғана емес, сонымен қатар, оны қолдану тәжірибесі
де зерттеледі. Қылмыстық заң мен құкық колданудағы кемшін тұстары
анықталып, оны дамытуға бағытталған ұсыныстар жасалады.
Қылмыстык құкық ғылымы өз пәнін зерттеу барысында диалектиканың
негізгі әдістеріне ғана емес, сондай-ақ, жүйелік, логикалық-кұрылымдық,
салыстырмалы құқықтанушылық, нақты әлеуметтік сипатты жеке зерттеу
әдістеріне жүгінеді.

2. Қылмыстық құқықтың пәні және түсінігі
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен
бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға
бағытғалған қоғамдық қатынастарды реттейді.
Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жузеге асырылады. Оның біріншісі,
қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып
табылады. Ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен (субъекті
мен) мемлекет арасында пайда болады. Мұндай құқықтық қатынасқа
қатысушылардың әрқайсысының өзіне тән құқықтары, міндеттері пайда болады.
Субъект қылмыс істеуге байланысты қылмыстық жауапқа және жазаға тартылуға
міндетті болса, екінші субъект әділ сот органдары (сот, тергеу,
проқуратура) қылмыс істеген адамды сол міндетті орындауға күшпен
міндеттейді. Сонымен, қылмыстық құқықтық қатынастарды реттейтін бұл функция
орын алған қылмыс оқиғасына байланысты қылмыстық жауаптылықты және жазаңы
қолдану немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату сияқты
мәселелерді жүзеге асырады.[7]
Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым
салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.
Яғни, қылмыстық заңның болуы және оны бұзған адамдарға қолданылатын
жазаңың қылмыстық құқықтық нормаларда көрініс алуы осы көрсетілген құқықтық
функцияның толық жузеге асырылуыма мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қылмыстық
құқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат
келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке
келтіреді. Мысалы, қажетті қор-ғану, мәжбүрлі қажеттілік немесе қылмыскерді
ұстауда әрбір азамат заңда белгіленген тәртіппен қорғануға құқылы. Бұл
мәселе тек қылмыстық құқықтық норма арқылы реттеледі.
Қылмыстық құқық туралы сөз болғанда оның үш түрлі мағынасын ескеруіміз
қажет. Қылмыстық құқық—бұл жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және
пән болып табылады. Осы ұғымдардың бәрінің жиынтығы қосылып қылмыстық құқық
курсы деген түсінікті білдіреді.
Қылмыстық құқық пәнін құқық саласы ретінде қарастырғанда жалпы құқық
теориясына тән белгілердің, негізгі принциптердің осы құқық саласына да тән
екендігін ескеру қажет. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің ерекшеліктерін
белгілейтін және өзін жеке құқық саласы ретінде қарастыруға негіз болатын
өзіндік мазмұн, өзгешелік белгілері мен прин-циптері бар құқық саласы болып
табылады.
Құқық саласы ретінде қылмыстық құқық заң шығарушы органдар қабылдаған
қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаңы
тағайындаудың тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және
жазадан босатуды белгілейтін заңдылық нормаларының жиынтығы болып табылады.
Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықты да негізгі заңдылық
базасы — Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық
құқықтың ережелері мен институттарының мазмұны қолданылып жүрген қылмыстық
құқықтың нормаларында анық көрсетілген.
Қылмыстық құқық нормалары мазмұнына қарай екі түрлі кызметті жүзеге
асырады. Оның біріншісі қылмыстық құқықтың жалпы ережелерін, принциптері
мен институттарын белгілеу арқылы негізгі екі ұғым — қылмыс пен жазаңы
анықтайды.[8]
Бұл нормалар қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің маз-мұнын кұрайды.
Екінші бір нормалар қоғамға кауіпті әрекеттің немесе әрскетсіздіктің
қылмыс қатарына жататын белгілерін, шеңберін және оны істегені үшін
тағайындайтын жазаның түрлері мен шегін белгілейді. Мұндай нормалар
қылмыстық құқықтын Ерекше бөлімінің мазмұнын кұрайды.
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде мынадай өзіндік ерекшелік
белгілерімен керініс табады:
Қылмыстық құқық пәні қылмыс істеуге байланысты пайда болатын қоғамдық
қатынастарды ретке келтіреді. Ал мұндай ретте қылмыстық құқықтық
қатынастардың субъектілері болып бір жағынан қылмыс істеген адам және
қылмысы үшін соларға мемлекет атынан шара қолданатын мемлекеттік құқық
қолдану және құқық қорғау органдары болады.
Белгілі бір әрекетті немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызып,
оған жаза тағайындау, қоғамға, жеке адамға және мемлекетке қарсы қылмыстық
іс-әрекетке тыйым салып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық жайлы мәлімет
Қылмыс құқығы ұғымы, міндеттері, принциптері
Қылмыстық құқықтың ұғымы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, МІНДЕТТЕРI МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Қылмыстық құқықтың бастауыш мектептері
Қылмыстық заң, қылмыс пен жаза қылмыстық құқықтың негізгі ұғымы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Қылмыстық құқық ұғымы
Қылмыстың ұғымы
Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының түсiнiгi жəне оның жүйесi мен мiндеттерi
Пәндер