Тарих толқынындағы және жаңа дәуірдегі Қазақстан


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1. Тарих толқынындағы -қазақ халқы . . . 8

1. 1. Қазақ мемлекеттілігінің сан ғасырлық шежіресі . . . 8

1. 3. Тұңғыш Президент Н. Ә. Назарбаев қазақ мемлекеттілігін

қалпына келтіру жолында . . . 13

2. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан . . . 34

2. 1. Жаңа дәуірдің жаңа астанасы . . . 34

2. 2. Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстан . . . 37

2. 3. Н. Ә. Назарбаев феномені . . . 44

Қорытынды . . . 50

Қолданылған құжаттар тізімі . . . 53

Қосымша . . . 55

КІРІСПЕ

Тақырыптың көкейкестілігі. Келешек Қазақстан тарихнамасының өзекті мәселелерінің бірі - тәуелсіз Қазақстанның пайда болу, қалыптасу және даму тарихы болары анық. ХХ ғасырдың соңында әлемдегі ең алып империялардың бірі - Кеңес социалистік Республикалар одағының ыдырауы нәтижесінде әлем картасының бетінде бірнеше жаңа мемлекеттер пайда болып, тарих сахнасына шыққандығы белгілі. Солардың бірі - біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы. Бұл бірнеше мыңжылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең жаңа тарихының басталуы болды. Қазақ халқы осы елді мекендеген басқа ұлт өкілдерімен бірлесе, елбасы Н. Ә. Назарбаевтың басшылығымен өз мемлекетін қайта құрумен айналыса бастады. Қазақстан секілді жер көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол, өзінің даму жолын таба білген елдің ең жаңа тарихы, әсіресе оның бастапқы кезеңі, атап айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге келіп, қалыптасу және даму тарихы кімді де болса қызықтырары күмәнсіз. Ең алдымен ол ұл тағдыры үшін шешуші рол атқарған аса маңызды тарихи құбылыс ретінде, еліміздің қазіргі және болашақ ұрпағы үшін қымбат. Осы тұрғыдан алып қарағанда бұл тақырып тарихи құндылығымен, өзектілігімен ерекшеленеді, Қай заманда да кез келген елдiң өркендеуi сөз жоқ, оның басшысының есiмiмен тығыз байланысты болатыны белгiлi. Тарихқа тереңдемей-ақ, бертiндегiлердi айтсақ та жетiп жатыр. Әлемге «Азиялық барыстар» атымен танымал елдердiң даму тәжiрибесi де осыны көрсетедi. Сингапурдағы Ли Куан Ю немесе Малайзиядағы Мохатхира Мухаммадсыз аталған елдердiң әлемдiк экономикалық рейтингiсiнде жоғарғы орынға орнығуы әсте мүмкiн еместiгi баршаға мәлім. Ли Куан Ю мен Мохатхира Мухаммадты басқа жұрттың қадiр тұтатыны да сол. Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев туралы да осылай тұжырым жасауға болады.

Бүгiнгi Қазақстан - экономикасы қарқынды дамып келе жатқан, әлеуметтiк-экономикалық инфрақұрылымы өзiне сай қалыптаса бастаған, демократиялық қоғам құруға батыл кiрiскен бiрден-бiр мемлекет. Бұл орайда, Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегi мен асқан көрегендiгi әлем назарын өзiне аударып отыр. Биыл тәуелсіздік алып, егемен ел ретінде еңсемізді көтергенімізге он сегіз жылдың көлемі болды. Бұл баршамыздың ортақ тарихымыз. Ортақ тағдырымыз. Ортақ қуанышымыз. Ортақ жеңісіміз. Демек, осынау ғасырлық мәні бар ұлы оқиғалардың басты кейіпкері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы айтпай кету мүмкін емес. Нұрсұлтан Назарбаев тек қана Астана қаласының бас сәулетшісі емес, ол жаңа ғасырдағы жаңа тұрпатты Қазақ елінің бас сәулетшісі. Жаңарған әлемдегі жаңа Қазақстанның мемлекеттік іргетасын қалаушы, орнықтырушы, орнатушы, тұңғыш ту ұстаушысы. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 130-дан астам ұлттар мен ұлыстарды дархан даламыздың төрiнен орын берiп, әрқайсысының тiлiн, дiлiн, дiнiн, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерiн сақтап өркендеуiне бейбiт саяси-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшiн ел, жер иесi қазақтармен достық ынтымақпен терезесi тең құқықпен өмiр сүруi дана басшылығының жемiсi.

Бүгiнгi таңда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сара, дана басшылығының арқасында Қазақ мемлекетi дүниежүзiлiк Бүкiл Бiрiккен Ұлт Ұйымнан бөлек саяси экономикалық одақтар мен ұйымдардың белсендi мүшесi екенiн дүние жүзi халықтары мойындап отыр.

Кеңес Одағы тараған соң, экономикалық, әлеуметтiк-саяси құрылымдары тығырыққа тiрелген басқа республикалардың iшiнде Қазақстан ғана барлық сыннан мүдiрмей өтiп келе жатыр десе болады. Осының бәрiне халық ел басшысы - Президентiмiз Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен сенiм артып, оны дұрыс таңдай бiлуiнiң арқасында ғана қол жеткiзiп отыр. Үлкен мүмкiндiктерге ие Қазақстан бүгiнде әлемдегi өте жылдам дамып келе жатқан бес мемлекеттiң бiрi. Сырттан келетiн инвестициялармен жұмыс iстеуде, банк саласында, зейнетақы жүйесiнде елiмiз өзге республикаларға үлгi болатын биiкте тұр.

Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі дамыған, өркениетті 50 елдің қатарына қосылуға бет бұрды. Бұл көреген көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей еңбегінің арқасы екендігі аян. Тәуелсіздік алған мерзімнен қозыкөш ұзамай жатып-ақ жаңа әлемде жаңа Қазақстан атауы пайда болды. Аузы дуалы дүние жүзі саясаткерлері, сарапшыларының өзі ел дамуының алып адымын “қазақстандық модель” деп атауы Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты екендігіне дау жоқ. Кезінде Джордж Вашингтон, Мұстафа Кемал Ататүрік, Махатма Ганди секілді ұлы тұлғалар . . . жалғасын жақсы керуенінде Нұрсұлтан Назарбаев алдыңғы сапта көш бастап келеді.

Алаш ардақтыларының бірі Әлихан Бөкейханов: “Осы күнде істеп жүрген ісіміз, қылған жұмысымыз, мінез-құлқымыз тарих болып қалады. Кейінгілерге ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп, алғыс, рахмет алармыз ба? Кеудесінде көзі бар адам көп ойланарлық жұмыс. Тарих - түзу жөнді үйретуші. Тарих - түзушіліктің кітабы. Тарих - тіршілікте көшбасшы дейтініміз осы”, деп толғанғанындай, тарихын түзу жаза білген халықтың болашағы да зор болары анық. Назарларынызға ұсынылған «Президент Н. Ә. Назарбаев және қазақ мемлекеттілігінің генезисі» атты жұмыс екі тарауға бөлініп қарастырылған. Бұл жұмыс елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналады.

Зерттеу мақсаты - болашақ тарихшы ретінде Қазақстан тарихының деректік қорына үлес қосу. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың алар орны мен ролін айқындау. Тұңғыш Президент Н. Ә. Назарбаевтың қазіргі Қазақстан мемлекетінің іргетасын қалап, қалыптастыру барысындағы ерен еңбегі мен сындарлы саясатын ашып көрсету.

Зерттеу міндеттері:

- Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жас тәуелсіз Қазақстан мемлекеттін құрудағы жүргізген реформалары мен ұстанған бағытын ашып көрсету;

- Тұңғыш президенттің тұңғыш істерінің мазмұны мен мәнін анықтау;

- Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тың идеяларын дәріптеу;

- Әлем саясаткерлерінің елбасы Н. Ә. Назарбаевқа берген бағалары мен айтқан пікірлерін саралау;

Мәселенің өнделуі. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қазіргі қазақ мемлекетін құру жөніндегі және ұстанған бағыттары туралы жеке авторлық кітаптары мен әлемдегі ғылыми зерттеулер негізге алынды. Сондай-ақ елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаулары. Баспасөз беттерінде жарияланған елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған мақалалар болып табылады.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Жұмыстың ережелері мен қорытындылары курстық, ғылыми жұмыстарға, дипломдық жұмысқа, «Қазақстан тарихы», «Халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясаты», «Қазақстан Республикасының табиғи және мәдени мұрасы», «Тарихи өлкетану», «Тарих және мәдениет ескерткіштерді қорғау» т. б. оқу курстары бойынша семинарлық және практикалық сабақтарға дайындалуға студенттер мен магистранттар қолдануға болады.

Зерттеу әдістемесі мен технологиясы. ХХ ғасырдың соңында КСРО-ның күйреуі нәтижесінде, әлем картасында бірнеше жаңа мемлекеттердің пайда болып, тарих сахнасына шыққандығы белгілі. Сол жас егемен елдердің бірі - Қазақстанның қазіргі жағдайға жетудегі жүріп өткен жолдары мен қалыптасу сатыларын зерттеу. Құрылымдық-логикалық талдау салыстырмалы тарихи әдіс; деректемелерді бағалау бойынша аналитикалық жұмыс, жаңа құжаттардың кең көлемі негізінде ғылыми ережелер мен нәтижелер болып табылады.

Ғылыми жұмыста алпауыт империялардың бірі - КСРО ыдыраған кезден бастап, қазіргі қазақ мемлекетінің мәселелері қарастырылады. Айрықша көңіл бөлінген, әрі тоқталған сала - елбасы Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстан үшін жасаған ерен еңбегі мен батыл әрекеттері. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының даму жағдайы мен Елбасының сындарлы саясаты.

Қазіргі таңдағы Қазақстанның экономикалық, саяси-әлуметтік жағдайлары мен әлемдік деңгейдегі дәрежесі, шетелдердің Қазақстанмен байланысы және елбасының жүргізіп отырған сындарлы саясатының комплексі көрсетілген.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көтерген тың бастамалары және оның мазмұны мен мәні талқыланған. Н. Ә. Назарбаевқа бағытталған шетел басшыларының пікірлері көрсетілген.

Ғылыми жұмысының қорытындысында қазіргі Қазақстанның саяси-экономикалық жағдайы суреттеліп, әлемдік дәрежесі көрсетілген. Тәуелсіз қазақ мемлекетін құру жолындағы елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жүргізген ұтқыр саясатына талдаудың қорытындысы жасалынған. Елбасы Н. Назарбаевтың ерен еңбегі аталып өтіліп, зерттеу қорытындысы мен негiзгi тұжырымдамалар жасалынған.

1. ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ

1. 1. Қазақ мемлекеттілігінің сан ғасырлық шежіресі

Тәуелсіздік туын тік ұстап, өркениетке бет алған әр халық, әрбір ел өзін-өзі терең танып білуі керек. Өзінің шыққан түбін, кім болғанын, бүгінгі деңгейге қалай жеткенін, қандай тар жол тайғақ кешулерді басынан өткергендерін білмейінше, бұл жолда қанша тер төгіліп, жан бергенін терең сезінбейінше, кез-келген халық өз құнын жете бағалай білмейді. Сондықтан да егемендік алып, еңсесін тік көтерген біздің қазақ халқы үшін де төл тарихын терең танып, өткені мен бүгініне шолу жасап, қарастыру маңызды міндет.

Егемен ел ретінде жас көрінетініне қарамастан, мәдени-тарихи тұтастық ретінде Қазақстан тақыр жерде пайда болған жоқ. Оның тарихы Еуразияның Ұлы көшпелі өркениетінің үш мың жылдық тарихынан ажырағысыз. Біздің заманымыздан ерте уақытта батыстан шығысқа қарай, шығыстан батысқа қарай, бірін-бірі қуалаған толқындай болып қазақ даласының төсінен көшпелі жұрттар жөңкіліп жатты. Үндістан мен Иранға, Мидия мен Қырымға, Еділ мен Кавказға, Еуропа мен Қытайға арийліктер, сақтар, ғұндар, түркілер, қыпшақтар, моңғолдар ағылды. Шайқаса және жасампаздық таныта, ұрпақ өсіріп, тәжірибе жинақтай жүріп, олардың бәрі де өздерін мәңгілік жадында сақтап қалған осынау жердің бетінде өздерінің ізін қалдырды. Уақыт өте келе буырқанған көшпелілер теңізінің жағасынан асып кетуі тоқтады, бара-бара ол теңіз тартылып та кетті. Сары теңізден Қара теңізге дейінгі аралықтағы номадтарды тартып әкеткен көне құйынның бір кездегі кең иірімі серіппедей тартыла қалып, Еділ мен Ертістің арасындағы далалық алқапқа жиырылды, осы арада көшпелі империялардың үрім-бұтақтарын қазақ деген біртұтас халыққа біріктірді. Керей мен Жәнібектей заманында бір туар ұлы тұлғалар бастамасымен «Қазақ хандығы» атты қазақтардың мемлекеттік іргетасы қаланды, адуындай алып хандықтың Қасым мен Хақназар, Есім мен Тәуке секілді қуатты әміршілері болды.

Алайда уақыт соңғы номадтардың қоныстарын қусырып бара жатты. Қазақ жерінің Ресей империясы құрамына біржолата енуінен кейін шын мәнінде егеменді көшпелі мемлекеттіліктің тарихы тәмамдалды. Қазақтың соңғы мемлекеттік сұлбасы ХІХ ғасырдың орта шенінде хандық құрылымның түбегейлі күйретілуі арқылы мүлдем жойылып, тынды. Оны қалпына келтірем деген кейінгі-қазақтың соңғы ханы Кенесарының жаужүрек жорықтарынан «Алашорда» ұлттық-либералдық партиясы көшбасшыларының демократиялық идеяларына дейінгі әрекеттердің бәрі сәтсіздікке ұшырады. Қайта бас көтеруге деген үміт Қазақстан аумағында Кеңес өкіметі орнағаннан және КСРО құрамында Қазақ Социалистік Республикасы құрылғаннан кейін біржолата үзілді. 1930-шы жылдардан бастап тоталитаризм жүйесі этностық санқырлылықты тегістеп, жаңа қауымдастық - кеңес халқын құру жөніндегі жұмысты бастады. Жаңа қауымдастық дүниеге азап арқалап келді. Халықтың ділі де, өмір салты да, тарихы да, әліпбиі де, қысқасы бәрі де қиратылып жатты. Көшпелілерді отырықшылдыққа зорлап көшіру басталды. Онсыз да саны аз қазақтар сол тұста халықтың жартысынан айырылды. Дегенмен Ұлы даланың үш мың жылға үздіксіз созылған өркениет рухы айналасы екі-үш буынның тұсында оп-оңай жоғалып кете салмайтын еді. Дәл осы рух, өз бойына ұлттық және діни шыдамдылықты, жоғары әлеуметтік бейімделушілікті, жаһандық ауқымда ойлау мен дүниетаным кеңдігін сіңірген осы рух ұлтты сақтап қалуға ғана емес, жаңа жағдайда егемен Қазақстанды қайта жаңғыртуға да көмектесті.

1986 жылдың 17-18 желтоқсанында Алматы қаласында тарихтың тапжылмайтындай көрінетін ағымын түбегейлі өзгертіп жіберген оқиға болды. Желтоқсанның сол бір аязды күндерінде қазақ жастары ашық түрде көшеге шығып, өздерінің ел тағдырына ықпал етуге құқылы екендіктерін мәлімдеді. Тоталитарлық мемлекет жағдайында мұның өзі саяси жарылысқа тең болатын: іс жүзінде ондаған жылдар бойы қалыптасқан қатаң жүйеге ашықтан-ашық қарсылық көрсетілді. Сол екі күн кеңестік болмыс дүниесін дүр сілкіндірді. Ол оқиғаға партия тәжірибесіндегі салдарсыз шешім - Орталықтың республика жетекшісі қызметіне Қазақстанға бейтаныс, ерен еңбегімен көзге түспеген облыстық деңгейдегі басшы Г. Колбинді тағайындауы себеп болды. Бейбіт қарсылық митингісін Орталық аяусыз қатыгездікпен басып-жаншыды. Кезекті әдеті бойынша орталық халықтың тәнін жазалап біткен соң, енді жанын жаралауға көшті: бүкіл халық «қазақ ұлтшылдығы» үшін айыпталды, жазалау әрекеттері басталды. Алайда мұның өзі жүйенің іріп-шіруін тоқтата алмайтын еді: күш көрсету-режімнің әлсіздігін танытып, қадірін кетірді. Кеңес империясына өлімші соққы берілді, сол соқыдан ол есін жия алмай-ақ кетті. Алматы жарылысы ұшқын секілді болды: Балтық бойында, Грузияда, Әзірбайжанда, Арменияда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Латвияда, Эстонияда, Ресейдің өзінде де демократиялық күштердің тоталитарлық диктатураға қарсы ашық көтерілуі бірінен соң бірі жалғаса берді. Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізер жолы осылай басталды…

Шын мәнінде, тоқырау шегіне жеткен КСРО-дай алып мемлекеттің діндік, тілдік негіз бойынша екіге бөлініп кету қаупі төнді. Міне, осы кезде күрделі мәселенің күрмеуі тарихта тұңғыш рет Мәскеудің ықпалынсыз шешілді. Нұрсұлтан Назарбаев сол кездегі одақтас республикалардың басшыларын өз бастамасымен 21 желтоқсанда Алматы қаласына жинады, нәтижесінде ТМД-ның болашақ тағдыры айқындалды. Алматы декларациясы қабылданып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылды. КСРО іс жүзінде таратылды. Осылайша әлемнің алтыдан бір бөлігін алып жатқан алып империяның болашақ тағдыры Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бас болуымен бейбіт шешімін тапты. Нәтижесінде, Қазақ елі өз тәуелсіздігін алып, мемлекеттілігінің негізі қаланды.

Тәуілсіздіктің алғашқы жылдарында мемлекет тәуелсiздiгi үшiн президенттiк билiк институтын енгiзу қажеттiлiгi туды. Қазақстан Республикасындағы Президенттік институттың қалыптасу тарихына шолу жасар болсақ, мемлекеттік егемендіктің қалыптасуы өкілетті мемлекеттік биліктік құрылымдардың қалыптасуынсыз мүмкін емес. Құқықтық мемлекет құру жағдайында мемлекеттік биліктің үш тармағы бірдей күшті болуға және өз функциясын қалыпты орындайтындай жағдайда болуға тиіс. Дегенмен, заң шығарушы және атқарушы билікті байланыстырушы тетік тек Президент болуы мүмкін. Мемлекет басшысы институты тұңғыш рет Қазақ ССР-інің Президенті ретінде 1990 жылдың 24 сәуірінде 1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясына толықтыру түрінде енгізілді. Президенттік институт 1991 жылы 25 тамыздағы «Қазақ ССР Конституциясына (Негізгі заң) » өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңымен одан әрі дамытылды. Онда өзінің міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіз болған жағдайда Қазақстан Республикасының Президентін мерзімінен бұрын қызметтен босату рәсімі Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен белігіленді. Сөйтіп, президентік басшылық идеясын жүзеге асыру үшін құқықтық негіздер қалана бастады. Алғашында Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 16 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңнын 10-бабында «Қазақстан Республикасының басшысы және оның атқарушы өкіметі Президент болып табылады» деген ережені бекітті. 1991 жылдың 01 желтоқсанында жалпы халықтық дауыс беру жолымен Қазақстан Респубикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Ел азаматтары қазақтың мың жылдық тарихында тұңғыш рет өз Президентiн өздерi бүкiл халық болып еркін таңдау арқылы сайлады. Бұл әлем сарапшылары мен бақылаушылары тарапынан елiмiздiң егемендiгiнiң, мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiнiң ерен белгiсi ретiнде бағаланды.

1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ы атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында Парламент депутаттары “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа да шет мемлекеттермен халықаралық құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді. Нәтижесінде әлем картасында Қазақстан атты жаңа мемлекет қалыптасты. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз арман еткен тәуелсіздік таңы атты. Қазақстан үшiн тәуелсiздiк - аса қымбат, қасиеттi ұғым, баға жетпес асыл байлық, қымбат қазына. Өткенге көз жүгіртіп, тарихты таразылап қарасақ, тәуелсіздік бізге тағдырдың тарқан сыйы емес, азаттық жолында ата-бабаларымыз күндiз күлкiден, түнде ұйқыдан тыйылды, қара терiн төгiп, қызыл қанын ағызды. Шапқыншылыққа ұшырап, аштықты бастан өткердi, қуғын-сүргiндi көрдi, ақ табан шұбырынды болып, қайың сауды, бодандыққа мойынсұнуға мәжбүр болды, кеше ғана өткен ХХ ғасырдың қырғын соғыстарын, жазықсыз жазалауын, экологиялық апаттарын бастан өткердi.

Тәуелсiздiк, егемендiк жолында мың өлiп, мың тiрiлген, мың жығылып, мың тұрған қайсар халық сол тәуелсiздiгiн көзiмен көрiп, жүрегiнде тербетiп, алақанына салып аялап қарап тұрған сәт - оның алдына ұлы мақсат, үлкен мiндеттер қойды. Тәуелсiздiкке, егемендiкке жету жолы сонша қиын, ауыр болғанда, сол тәуелсiздiктi сақтап қалу, нығайту Қазақстан үшiн үлкен сын едi.

Тәуелсіздік алған сәтте, ел тұтқасын ұстау үшін қазақ жұртын бір шаңырақ астына біріктіріп, жаңа қалыптағы мемлекеттің негізін қалыптастыра алатын тарихи тұлға қажет болатын. Таңдау, сөз жоқ, ел тарихының маңызды сәттерінде саяси оқиғалардың қайнауында жүріп, сол бір қиын-қыстау, аласапыран кезеңде халқының қамы үшін аянбай еңбек еткен қазақтың қайсар ұлы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жағында болды.

1. 2. Тұңғыш Президент Н. Ә. Назарбаев қазақ мемлекеттілігін қалыптастыру жолында

Қазақстанның егемен ел ретінде дүниеге келуі - Кеңестік социалистік республикалар одағының тығырыққа тіреліп, империяның саяси-экономикалық жағдайы бақылаудан шығып, толықтай тоқырауға ұшыраған сәтпен сәйкес келді. Алайда ауыр дағдарысқа және өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарына қарамастан, егемендікке қол жеткізуді Қазақстан тұрғындары бір жұтым таза ауадай қабыл алды. Жаңғыру және алдан ашылған жаңа көкжиек сезімі қазақстандықтардың бойын баурап, болашаққа үмітпен қарауға мүмкіндік берді. Назарбаевтың күткеніндей, тәуелсіздік өзімен бірге шешілуі қиын мәселелердің тұтас тобын да ала келді. Қазақстан егемендігінің жариялануы бір кезде кеңес империясының қойнауларында дүниеге келген, сөйтіп оның ыдырауына себеп болған үдерістердің ықпалынан өзінен-өзі босай қалады дегенді тіпті де білдірмейтін. Жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолындағы басты кедергі тоталитарлық өткен күннің кернеуі кете қоймағандығы болатын. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің көптеген қырларын белгілі бір дәрежеде айқындап жатты. Мұның өзі шаруашылық жүргізу мен басқарудың ескі тәсілдеріне бой ұрушылықтан ғана емес, халықтың басым бөлігінің бойға біткен енжарлығынан, өкімет өлтірмейді ғой дейтін сенімінен де танылатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отан тарихын оқытудың өзекті мәселелері
Тарих толқынындағы көне қалалар
Өркениет және ұлт
Қазақ ұлты және өркениет
Мағжан - қазақтың ұлттық ақыны
Ұлы дала оқу пәнінің мақсат, міндеттері және қызметі
Мағжан жұмабаевтың өмірбаяны
Қазақ елі тәуелсіздігінің жаршысы – Абылай ханның Қазақстанның геосаяси жағдайына қосқан үлесі
«ҚАЗАҚ ЕЛІ ЕГЕМЕНДІГІНІҢ ЖАРШЫСЫ – ХАН АБЫЛАЙ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ҚАЗАҚСТАН»
Кустық жұмыстың өзектілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz