“ФудМастер” ЖШС
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1.“ФудМастер” ЖШС.нің жалпы сипаттамасы:
кәсіпорын тарихы, оның өнімінің, технологиялық үрдісінің
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2.Кәсіпорынның өндірістік.шаруашылық
қызметін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 19
3.Кәсіпорынның қаржы.экономикалық қызметін талдау ... ... ... ... ... ... ... 26
4.Кәсіпорынның даму перспективасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Бұл тұрғыда, өнім өңдеудің түпкі кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген жауапкершілік те ұлғая түспек. Осы тектес кәсіпорындардың қатарына тамақ өнеркәсібіндегі сүт өнімін өңдеумен айналысатын өндіріс орындарын жатқызуға болады. Аталған саланың ел экономикасындағы маңызы оның ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылық өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін арттыруда көрініс табады.
Отандық сүт өнімдерін өңдеуші кәсіпорындардың дамуы соңғы он бес жылда үлкен өзгерістерге ұшырады. Кеңестік жүйеде қалыптасқан экономикалық байланыстардың бұзылуы, нақты сектор мен қаржы саласының арасындағы алшақтық, өндірістерді дамытудың бірыңғай, арнайы мақсатты бағдарламаларының жоқтығы, өңдеуші салаларды ынталандыру тетіктерінің қалыптаспауы нарықтық қатынастардың алғашқы кезеңінде бұл сала кәсіпорындардың жетілуіне мүмкіндік бермеді.

Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1.“ФудМастер” ЖШС-нің жалпы сипаттамасы:
кәсіпорын тарихы, оның өнімінің, технологиялық үрдісінің
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2.Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық
қызметін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 19
3.Кәсіпорынның қаржы-экономикалық қызметін талдау
... ... ... ... ... ... ... 26
4.Кәсіпорынның даму перспективасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .31
Пайдаланылған әдебиеттер

.32
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ
басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі
экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту
мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын
өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты
ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Бұл тұрғыда, өнім өңдеудің түпкі
кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген
жауапкершілік те ұлғая түспек. Осы тектес кәсіпорындардың қатарына тамақ
өнеркәсібіндегі сүт өнімін өңдеумен айналысатын өндіріс орындарын жатқызуға
болады. Аталған саланың ел экономикасындағы маңызы оның ішкі нарықтағы азық-
түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін
ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда
және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылық
өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару
арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін арттыруда көрініс табады.
Отандық сүт өнімдерін өңдеуші кәсіпорындардың дамуы соңғы он бес жылда
үлкен өзгерістерге ұшырады. Кеңестік жүйеде қалыптасқан экономикалық
байланыстардың бұзылуы, нақты сектор мен қаржы саласының арасындағы
алшақтық, өндірістерді дамытудың бірыңғай, арнайы мақсатты
бағдарламаларының жоқтығы, өңдеуші салаларды ынталандыру тетіктерінің
қалыптаспауы нарықтық қатынастардың алғашқы кезеңінде бұл сала
кәсіпорындардың жетілуіне мүмкіндік бермеді.
Тек соңғы кездері нақты секторды дамыту бағытындағы басты міндеттер
мен қолайлы ортаны қалыптастыру шараларының нәтижесінде жаңа өндіріс
орындары ашылып, халықтың тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыра бaстады.
Зерттеу объектісі ─ ФудМастер ЖШС.
ФудМастер ЖШС өткен диплом алдындағы тәжірибенің есеп беру жұмысының
мақсаты ─ ФудМастер ЖШС-нің өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық
жағдайын талдау және 2004, 2005 жылдар бойынша оның дамуын зерттеу.
Есеп беру жұмысының құрылымы 4 бөлімнен тұрады. 1-бөлімінде мен
ФудМастер ЖШС-нің тарихы, оның өндірістік құрылымы, өнімнің сипаттамасы
туралы мазмұндадым. 2-бөлімде ФудМастер ЖШС-нің техника-экономикалық
көрсеткіштеріне талдау жасадым. 3-бөлімінде кәсіпорынның негізгі
көрсеткіштері бойынша қаржы-экономикалық жағдайын талдадым. Ал 4-бөлімде
мен ФудМастер ЖШС-нің алдыңғы 5 жылдағы даму перспективасын жасадым
“ФудМастер” ЖШС-нің жалпы сипаттамасы: кәсіпорын тарихы, оның
өнімінің, технологиялық үрдісінің сипаттамасы
ФудМастер компаниясының тарихы 1995 жылдан бастау алады. Дәл сол
кезде жас кәсіпкерлерді неліктен сүт өніміне сондай бай Қазақстан өңірінде
йогурт атаулы керемет өнім жайлы білмейді? деген ой мазалады. Дәл сол
кезде ФудМастер Есік қаласындағы сүт зауытының цехын жалға алып, өте
дәмді, үлкен стакандарға салынған Crystal Lake йогуртын өндіре бастады.
Йогурт өнімінің нарықта сәттілікпен өткенін байқаған кәсіпкерлер, ендігі
кезекте бүкіл сүт саласын игеруге батыл бел буды. ФудМастер компаниясы
қазақстандық нарықта алдыңғы қатарлы орынды алуды көздеді.
Компанияның меншігіне 6 зауыт және 1 сүт – тауарлық ферма кіреді. 6
зауытқа төмендегілер жатады:
“ФудМастер – Алматы ” – Есік қаласындағы сүт зауыты
“ФудМастер – НС Астана ” – Астана қаласындағы сүт зауыты
“ФудМастер - Қордай ” – Жамбыл облысы, Ауқатты аулындағы ірімшік
зауыты.
“ФудМастер - Асептик ” – Есік қаласындағы ұзақ сақтауға арналған шырын
және сүт өндірісі бойынша зауыт.
“ФудМастер - Агро” – Алматы облысы, Іле ауданы, Междуреченск
поселогындағы сүт – тауарлық ферма.
“ФудМастер – АйсКрим ” – Алматы қаласындағы балмұздақ өндірісі бойынша
зауыт.
ФудМастер Компаниясы Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Ақмола
облыстарында сүт қабылдау торабын ұйымдастырды. Мұндай жеке меншік орындар
шведтік сүт қабылдаушы резервуарлар мен алынған сүттің экспресс – анализін
өткізуге арналған жабдықтармен жарақталды. Шаруаларға көлікпен, сондай –ақ
бұзауларды сатып алуға кредит беру сияқты шаралар ұйымдастырды, ал қарыз
сүтпен қайтарылды. Осылай сүт зауыттарына сүт ағуы басталды. Уақыт өте келе
шикізаттың тек сапалы болуына қол жеткізілді.
Әрбір зауыттың тарихын және қызметін атап өтейік.
“ФудМастер" Компаниясының алғашқы зауыты Алматы облысының Есік
қаласында “ФудМастер – Алматы” кәсіпорны 1995 жылы құрылған. Есік сүт
зауытындағы алғашқы жетістіктер Қазақстанда сүт өнімімен айналысу пайдалы
болатындығына көз жеткізді. Жыл сайын республиканың әр түрлі аумақтарындағы
Компания меншігіндегі зауыттар саны өсті. Білікті мамандар тобы кәсіпорынды
нарықта алғашқы орынға шығарды. Тәулік сайын сүт зауыты 100 тоннаға дейін
сүт өндіреді.
Йогурт өндірісі бойынша шағын цехтан басталған Есік зауыты бүгінгі
күні дәстүрлі сүт өнімі қатарын, оған қоса ацидофильді қатық, витаминді
сүт, бифидумбактерин, “БИО” бифидумбактерин дақылдары қосылған өнімдер және
т.б. қазақстандық нарық үшін жаңа сүт тағамдарын өндіруде. Оларды өндіру
тек арнайы құрал – жабдықтарды ғана қажет етіп қоймай, сонымен бірге
өндірістің ерекше мәдениетін талап етеді.
Өткен жылдар бойы кәсіпорын үлкен жетістіктерге жету мақсатында
қазіргі талаптарға сәйкес өзгертіліп тұрды. 2001 жылы қуаттылығы сағатына
50000 литр суға тең болып келетін құрал – саймандар мен түтіктерді жуғыш
екі тізбекті автоматты CIP станциясы орнатылған.
Жоғарғы технологиялық құрал – жабдықтар өнімнің аса сапалы болуын
қамтамасыз етеді. Тек қана 2001-2002 жылдар аралығында Есік сүт зауытын
қайта құру мен модернизациялауға 2 млн. АҚШ доллары жаратылған. Ал қазір
жабдықталуы бойынша бұл зауыт европалық кәсіпорындардан қалыспайды.
“ФудМастер – НС Астана” ЖШС 1997 жылдың қаңтар айында пайда болды.
Кәсіпорынның алдында тұрған міндет – Республиканың жаңа астанасын сапалы,
әрі Алматыда кең таралып үлгерген “ФудМастер” сүт тағамдарымен қамтамасыз
ету болды. Негізінен Астананың қалалық сүт зауытының бұрынғы жұмысшыларынан
құралған мамандар тобы тез арада “ФудМастер”өнімінің негізгі ассортиментін
өндіріп, оны өткізе бастады. Тек қана сапасы жоғары сүт тағамдарын өндіру
арқылы және жаңашыл өнімдерді енгізе отырып, кәсіпорын тұтынушылардың
сеніміне кірді. Кәсіпорын мамандарының көбі Еуропа мен Американың жетекші
азық – түлік кәсіпорындарында тәжірибеден өтті.
Кәсіпорын өнімдері: тұтастай сүт өнімі: сүт, кефир, қаймақ, ряженка,
сүзбе, “Пеппи” йогурттық сусыны.
Емдеу және профилактикалық мақсатта қолданылатын өнімдер: BFB, БИО –
С, “БИО” – айран, А+Д сүті.
1998 жылы “ФудМастер ” Компаниясы жеке меншігіне Оңтүстік Қазақстан
облысындағы Көк Саек аулында орналасқан май – ірімшік жасауға маманданған
зауытты алады. 1936 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп, кезінде өнімдері
баршаға мәлім болған зауыт, экономиканың дағдарыс кезеңінде жұмысын толық
тоқтатты. 7 жыл бойы тоқырау жағдайында болған зауыт, “ФудМастер”
Компаниясының келуімен қайта жанданды. Зауыт күніне 30 тонна сүт өңдейді.
Қазақстандық нарықта үлкен сұранысқа ие болған жұмсақ қышқылтым және
балқыған ірімшік, сүзбе өнімдерін шығарады. Қазіргі “Хугарт” және “Роверс”
технологиялық тізбектері заман талабына сай сапалы өнімнің алуан түрлі
жиынтығын өндіруге мүмкіндік береді. Өз істерінің шебері болған жергілікті
халықтан құралған еңбекші ұжым – кәсіпорыннның үнемі өсіп отырған
тиімділігінің басты себепшісі.
Кәсіпорын өнімі:
- Жұмсақ тұзды ірімшіктер: “Ленгерский”, “Моцарелла”.
- Балқыған ірімшік: “Ленгерский”, сыраға арналған кептірілген ірімшік
“Чечил”.
- Cүзбе: “Чудо - завтрак”, “Чудо - сырок”.
Қырғызстанмен Жамбыл облысының шекарасында Қордай атты табиғаты
тамаша жерде “ФудМастер” Компаниясының ірімшік жасау зауыты орналасқан.
Ірімшік жасау шеберлердің ірімшіктері жоғары бағаланған. 1978 жылы Ригада
өткен Бүкілодақтық ірімшік жасаушылар конкурсында костромдық ірімшік (
“Қордай” ірімшігі ) бірінші орынға ие болып, ал қазақстандық ірімшік
шеберлеріне “Жоғарғы сынып Шеберлері” және “Алтын қол Шебері” атақтары
берілді. “ФудМастер” Компаниясы қатты ірімшіктің ерекше дайындау жолын
сақтап қана қоймай, ірімшік жасаушы атақты шеберлерді жұмыс орындарында
қалдыра алды. Қордай шеберлерінің өнімін FOODEXPO – 98 көрмесінде білікті
мамандар жоғары бағалады және “ФудМастер” – дің “Гауда” ірімшігіне
халықаралық танымның белгісі болған Алтын медаль, “Астана Фуд - 2000”
көрмесінде “Қордай”, “Росийский” ірімшігіне Алтын медаль берілді және май
мен ірімшік жасау Бүкілресейлік ҒЗИ мамандарының үздік бағалауына ие болды.
1998 жылы “ФудМастер – Қордай” дәстүрлі рецептуралы қатты
ірімшіктерді (костромдық, ресейлік, пошехондық) және “Элит” сыныпының
гауда, голландық ірімшіктерін шығарады.
Зауытта капиталды қайта өңдеу жұмыстары жүргізілді. Жаңа техниалық
жабдықтар сақтау мерзімі ұзағырақ, әрі сапалы ірімшіктерді жасауға
мүмкіндік береді.
Өнімдері: “Қордай”, “Аухатты”, “Голландық”, “Гауда”.
1998 жылы “ФудМастер” Компаниясы сақтау мерзімі ұзақ натуралды шырын
мен сүт өндіретін зауыт ашады. Бұл зауыт жаңадан салынды. Өндірістік тізбек
қазіргі заманғы ең озық Tetra Pak құрал – жабдығынан тұрады. Шикізат пен
дайын өнімге деген сапа стандарттары Қазақстан Республикасында қойылатын
талаптардан жоғары болып келеді. Өнім өндіру барысының барлық сатыларында 7
дәрежелік тексеруден өтеді. “ФудМастер – Асептик” ұжымы қайратты да, жас
мамандардан құралған. Батыл, алуан сарынды шешімдер қабылдануы, өнімнің
Қазақстан мен көршілес елдерде тез кең тарауы Қазақстандағы шырын
ендірушілердің арасында озық орынды ұстануға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын өнімі:
ЖТТ (жоғары температуралық технология) сүті: “Заилийское ”,
“Деревенское”сүттері, “МУ - У” хош иісті сүт, “БИО - сүт”.
2000 жылдың қаңтар айында “ФудМастер” Компаниясы Алматы облысы, Іле
районы, Междуреченское аулында сүт – товарлық ферманы жеке меншігіне сатып
алды. Сатып алынған шаруашылықта жандандыру жұмыстары жүргізілді:
• Асыл тұқымды мал тобы қалыптастырылды;
• Өндірушілік мүмкіндігіне қарай мал топтары бөлінді;
• Компьютерлік жабдықтаулар негізіндегі сараптау жұмысының жем
өндіру және жем беру жүйелері енгізілді;
Компания АҚШ, Израиль, Голландия, Ресей және Қазақстанның мал асырау
тәжірибесін қолданады. Ферма мамандары, мысалы, Кохран (АҚШ – тың Ауыл
шаруашылық Министрлігі), МАШАВ (Израиль өкіметінің даму Орталығы), Эколинкс
(USAID бағдарламасы), ПСО – центр (голландық өкіметтің даму бағдарламасы)
және т.б.оқыту бағдарламаларына унемі қатысып отырады. Ресейлік,
американдық және израильдік шаруашылықтың тәжірибесі жем беру мен малды
ұстау негіздерін түбірінен өзгертті. “ФудМастер – Агро” сүт – товарлық
фермасы орташа сауымында бір сиырдан 4800 литр сүт сауғанда күніне 78
тонна сүт өндіреді. Шаруашылықтағы мал басының түрі алатаулық болып келеді,
сонымен қатар голштино – фризлік мал түрі де бар.малды рационалды, дұрыс
қоректендіру мақсатында Компания Данияда шығарылған шағын комби жемдік
зауытты сатып алды. Миксерлік техника фосфор, молибден, темір, кальций
сияқты микроэлементтер мен дақылдардың қатынасы 100000 бөлікке дейін
ұстанылады.
Ферма израильдік серіктестіктер берген мал ұстау процестерінің
бағдарламалық жабдықтары (ГАВИШ) қолданылады. Программалық жабдықтардың
көмегімен әр сиыр басының тарихы, шығу тегі, дамуы және т.б. маңызды
ерекшеліктері бақыланатын көрсеткіштер базасын құрастыруға болады. Оған
қоса ферма мамандары жануарларға жем берудің жеке есебін жүргізе алады.
Іске деген заман талабына сай көзқарастың арқасында “ФудМастер –
Агро” сауымды көбейтудің бірден – бір көрсеткіштеріне жетіп отыр. Бүгінгі
таңда фермадағы сауым Республикадағы ең жоғарғы болып есептеледі, атап
айтқанда, орташа есеппен жылына сиыр басына 4800 литр сүт алынады. Ұжым
сауым көрсеткішін жақын арада 7000 литрге дейін өсіруді көздеп отыр.
Біздің клиентіміздің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған
компания миссиясын ұстана отырып тұтынушы тарапынан келетін өтініштер
немесе шағымдар үшін ФудМастер - Алматы кәсіпорынының офисінде байланыс
телефон орнатылды.
Телефон нөмірі: 8 (3272) 584 855
Компанияның үнемі өсіп отырған жылдық айналымы 2001 жылы 24055 млн.
АҚШ долларын құрайды.
Сертификациялау бойынша халықаралық орган TUV CERT анықтап, дәлелдеуі
бойынша ААҚ ФудМастер Есік қаласындағы кәсіпорында сүт өнімін өңдеу және
өндіру саласына сапаны(ң) басқару (менеджмент) жүйесін енгізіп,
қолдануда.Бұл сертификат сала лидері - ФудМастер Компаниясына бүкіл
Орталық Азия регионындағы кәсіпорындардың ішіндегі берілген бірінші болып
келеді.
Сәйкес тексеру аудиті өткізілген кейін берілетін ISO 9001 –2000
сертификаты ФудМастер Компаниясының өндірген өнімі де, өндіріс жүйесі мен
менеджменті халықаралық стандарттарға сай екендігін дәлелдейді. Жоғарғы
сапаға тұтынушылар тарапынан сұраныс көбейді, ал сұраныс өз кезегінде
көлемнің өсуі және компанияның тез дамуының шарты болды.
Оператордың клиенттердің сұрауларына жауап қайтарып, келген шағымға
жауап ретінде оған ұнамаған өнімді ауыстыруға мүмкіндігі бар. Компания
ақпаратты – талдау жүйесін құрды. Жаңа өнімнің жоспарланып, ол тұтынушыға
жеткенге дейінгі сапалылық туралы ақпаратты жинау нақты пайда болған
мәселелер бойынша шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді. Біз өнімнің
сапалылығына әсер ететін процестерді зерттеп, талдаймыз және жақсартамыз.
Біздің ойымызша, ақаудың салдарынан азап шеккенше, оны болдырмаған жөн.
Бізде жауапкершілік, өкілеттіктер және өзара байланыстар қатаң
үлестірілген. ISO 9001 стандартының негізгі принціпіне сай процестермен
басқару жүйесіне қатысты әр қызметкердің алдындағы алғашқы міндеті сапа
болып табылады. Атап кететін бір жайт, TUV Rheinlad InterCERT Мерседес
автомобильдерінің өндірісін сертификаттайды және екінің бірі оның клиенті
бола алмайды. ФудМастер мұндай беделді ұйым сертификаттаған Қазақстандағы
алғашқы компания болып табылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік Компания ФудМастер-Айс Крим
2001 жылдың 22 тамызында Алматы обылысының Басқару юстициясында тіркелген,
РН № 8259-1907-ТОО. Мемлекеттік классификаторы бойынша коды ОКПО 39476368.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ЖШС ФудМастер-Айс Крим
дербесзаңды тұлға болып табылады өз атынан келісім-шарт жасайды, әр түрлі
келісімдер істейді мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар және
міндеттерге ие болады, сотта жауапкер және даугер болалады.
Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Жансүгіров
көшесі 482.
Меншік түрі – жеке.
ЖШС Компания ФудМастер-АйсКрим құрушысы болып АҚ Компания
ФудМастер табылады, РН 4776-1907-АҚ.
Серіктестіктің Жарғылық капиталы 117 600 000 (жүз он жеті миллион алты
жүз мың) теңгені құрайды. Тіркелген уақытта 29 400 000 (жиырма тоғыз
миллион төрт жүз мың) теңге құйылды. Жарғылық капиталы Серіктестік
тіркелген күннен бастап бір жыл ішінде толық төленуге тиіс.
ЖШС ФудМастер-Айс Кримнің негізгі қызметі болып балмұздақ өндіру
және сату.
Серіктестікті басқару органдары болып мыналар табылады:
- Серіктестік Қатысушысы – жоғарғы басқару органы;
- Серіктестіктің Бас директоры – орындаушы орган.
Серіктестік шектелмеген қызмет мерзіміне құрылды.
Компания миссиясы: тұтынушының жоғарғы дәрежедегі талабына сай сапалы
өнімді өндіру.
Оның клиенті өнімінің сапасына және Компанияның барлық тармақтарының
жұмысына қанағаттануы қажет. Олардың тұтынушылары күткенінен алдабауы шарт.
Философиясы: ұлт денсаулығы, салауатты өмір салты.
Ол Қазақстанға аса қажетті ақылды, білімді, рухы және дені сау
азаматтарды қолдап, қостау үшін нарыққа келді.
Дұрыс және сапалы тамақтану және осы бағыттың ажырамас бөлігі. Ол
бүлдіршіндердің қолындағы болашақты аялайды.
Жаңашылдық, динамикалық және бейімділікті басшылыққа алу.
Оның алдында өндірісті жақсарту және тұтынушыларға аса пайдалы,
сенімге тұрарлықсапалы өнім сату міндеттері тұр.Олар әрқашан ізденуде. Олар
адал іскерлік пен дұрыс бәсекені қолдайды. Олар еркін нарық экономикасының
принциптерін ұстанады.
Ол үшін сапа идеал болып табылады.
Олар қоғамның пікірін құрмет тұтады.
Компания өнімінің өндірілген жеріне қарамастан, әрқашан сапа
стандарттарына сәйкес болады.
ФудМастер - өз ісінің шебері.
Компанияның басты құндылығы және қозғаушы күші – олардың
қызметкерлері. Бірлікті маман қадірлеуге, еңбегінің материалдық және
моральдық бағалануына тұрарлық.
ФудМастер Компаниясы әр қызметкердің көмегімен жұмыс істеуде.
Қызметкерлер Компанияның мәселелерін шешуге өз үлестерін қосады, ал
Компания кез келген қызметкерді көтермелейді, көмектеседі. Олар
шығармашылық пен жаңа бастамаларды жоғары бағалайды. Оларға қызметкер жеке
тұлға ретінде маңызды, оның шығармашылық әлеуетінің ашылуына және тұрақты
еңбек етуіне, оған қоса маман ретінде өсуіне барлық жағдай жасайды.
Шешім қабылдаудағы жауапкершілік – Компанияның ең негізгі
құндылықтарының бірі: өндірістегі қиын жағдайларда және адамдармен қарым –
қатынасуда жауапкершілікті түсіну. Жұмыс істеудің ұжымдық – корпоративтік
принципі әрқашан сақталады. Ымырдағы ұжым оның жеке алғандағы әрбір
мүшесіне қарағанда үлкен жетістіктерге жетеді.
Өнімнің сипаттамасы:
Балмұздақтың негізгі төрт түрі бар: сүтті, кілегейлі, пломбир және
миуалы.
Сүтті өнімдерсіз миуалы балмұздақ – калориясы төмен және құрамында
майлар жоқ және түрлері бойынша жеміс-жидекті және хош иісті болып
бөлінеді.
Сүтті негіздегі балмұздақтың құрамы әртүрлі болып келеді. Оның
құрамында жеміс, жидек, карамель және жаңғақ болуы мүмкін және құрамы
бойынша күрделі, бірақ оның негізгі құраушысы – сүт өнімдері: қоспасыз,
құрғақ немесе қоюлаған сүт, кілегей, май, қант және стабилизаторлар.
Балмұздақ өндірісінде екі компоненттен артық қолданылатынын ескерген
жөн.
Балмұздақта майлар келесі себептерге байланысты қосылады:
- кремді консистенция;
- керемет құрылым;
- тоңазытқыштан алғанда құрғақ күйде болуы;
- еруге ең жақсы қарсы тұру;
- ауаны біртекті тарату.
Майдың физикалық қасиеттері балмұздақтық қату кезіндегі және оның
құрылымының қалыптасу кезіндегі мінез-құлқына маңызды әсер етеді. Сондықтан
балмұздақ өндіруге арналған өсімдік майлары нақты анық қасиеттерге ие болуы
керек, әсіресе келесі шарттар маңызды:
- балауыз татымының болмауы;
- майлы фазасының белгілі бір бөлігі суыту кезінде, ұсталым кезінде және
мұдатқыш камераға енгізу кезінде сұйық болып қалуы керек;
- қоспа балмұздақтың жақсы сапасын қамтамасыз ету үшін кристализациялық
қасиеттерге ие болуы қажет.
Шоколад балмұздақта әшекей немесе ішкі кірістіру ретінде
пайдаланылады. Ең дәстүрлі тіркесім – қара шоколадты әшекей қосылған
ванильді балмұздақ. Жабынның мақсаты – функционалды қасиеттерін, сырт
келбетін және дәмін жақсарту.
Әшекейге қатысты маңызды шарттары мыналар:
- нағыз шоколад дәмі;
- ауызда тез еруі;
- балауыз татымының болмауы;
- бату кезінде тез қатуы;
- жүргізуден кейін минималды ағу;
- балмұздаққа жақсы жабысу;
- жұқа және бірқалыпты қабат;
- жарылуға қарсы тұру.
Әшекейдің қарапайым құрамы: лайықты өсімдік майы (60%), какао (13%),
қант (25%), лецитин (0,7%) және ароматизаторлар.
Эмульгаторлар – балмұздақ компоненттерінің майлы және сулы
фракцияларын тұрақтандыратын зат. Олар мұз кристалдарының болмауын
қамтамасыз етеді. Балмұздақ өндірісінде пайдаланлатын эмульгаторлар табиғи
өнім болып табылады. Оларды гауһар мүк атты теңіз балдырларынан алады.
Тұрақтандырғыштар балмұздақтың тез еруіне кедергі жасайды. Желатин,
агароид, картоп және жүгері крахмалдарының орнына қазір мүлтіксіз импортты
тұрақтандырғыштар қолданылады.
Тұрақтандырғыштарды қолдану мыналарға кепілдік береді:
- қоспаны салқындатқаннан кейінгі сәтте балұздақтық максималды
жабысқақтығына;
- балмұздақтың оңай пайдаланылатын көпіршіктігіне;
- дайын өнімді органолептикалық бағалау кезінде суды толық араластыру, мұз
кристалдарының түйіршіктілік түйсігін қақпайлау;
- пайдаланылған ароматизаторлардың закладкасын төмендетуге мүмкіндік
беретін иіс бөлімін үлкейтіп, кілегей дәмін толықтыратын дайын өнімнің
ауа ұяшығының құрылымына;
- жылуға жоғары қарсыласушылық.
ФудМастер-Айс Крим балмұздақтың келесі ассортиментін (сәйкес
шикізаттар көрсетілген) ұсынады (1-кесте):
1-кесте. Компоненттер тізімі (1 тоннаға есептелген)
Шикізат Өлшем бірлік Саны
Фруктовый лед балмұздағы
Ас суы кг 810
Қант кг 150
Тұрақтандырғыш кг 2
Дикстрозды сироп кг 32,5
Дәмдік сироп кг 1,5
Лимон қышқылы кг 4
Таяқшалар шт 13500
Орама кг 18
Гофрокартон шт 665
Барлығы кг 1000
Вафельный стаканчик балмұздағы
Сүт (майлылығы 3,5%) кг 662
Кілегей майы 82,5% кг 93
Қант кг 140
Ванилин кг 0,1
СОМ кг 100
Тұрақтандырғыш кг 5
Вафельді стакан шт 10500
Орама кг 17
Гофрокартон шт 208
Барлығы кг 1000,1
Страдивари балмұздағы
Сүт (майлылығы 3,5%) кг 662
Кілегей майы 82,5% кг 93
Қант кг 140
Ванилин кг 0,1
СОМ кг 100
Тұрақтандырғыш кг 5
Ароматизатор кг 0,8
Орама шт 1860
Гофрокартон шт 154
Барлығы кг 1000,9
Батончик типті балмұздақ
Сүт майлылығы 3,5% кг 427
Кілегей майы 82,5% кг 49
Қант кг 88,2
Ванилин кг 0,1
СОМ кг 63
Тұрақтандырғыш кг 3,2
Шоколад кг 200
Жаңғақ кг 20
Джем кг 150
Орама кг 20
Гофрокартон шт 665
Барлығы кг 1000,5
Жергілікті шикізат:
- май – ФудМастер-НС, Астана қаласы;
- сүт – СПКФ ауылшаруашылық кәсіпорны Алматы Талғар қаласы, ЖК
Мырзахметов,ЖШС МТФ;
- қант – Алматы қаласының қант орталығы;
- гофрокартон – Семей қаласы Капполиграф.
Шет елден әкелінетін ингредиенттер тізімі 2-кестеде көрсетілген.
2-кесте. Шет елден әкелінетін шикізат тізімі
Атауы Жабдықтаушы ТНЭВД коды
Тұрақтандырғыш Danice Services as (Denmark) 210690980
Шоколадты әшекей Danice Services as (Denmark) 180620950
Жаңғақ Danice Services as (Denmark) 200811920
Джем Danice Services as (Denmark) 200710990
Вафельді керней Danice Services as (Denmark) 190530990
Сусыздандырылған сүтті Corman (EEC) 040590900
май
Орама Bakambalaj (Turkiye) 392010280
Шет елдік ингредиенттердің ерекшеліктері:
Тұрақтандырғыш – Қазақстанда жоқ жоғарғы технологияны пайдалануда
суперсапалы қоспа дайындалады.
Шоколад – қоспаны араластырудың жоғарғы технологияны пайдалануда
ерекше қасиеті бар (тегіс жағылған қабат, қатыру температурасы - 26°С) өнім
дайындалады.
Жаңғақ – таза, ұнтақталған, ұзақ уақыт сақталу қасиетімен
ерекшеленеді.Мынадай жаңғақтар пайдалынады: Қазақстанда өспейтін арахис
және фундук.
Джем - өнімді сусыздандыру үрдісі пайдаланылатын арнайы технология
бойынша дайындалады. Таза, ұзақ уақыт сақталу қасиетімен ерекшеленеді.
Сусыздандырылған сүтті май – дайындау кезінде тек қана жоғарғы
пайыздық майлығы бар (кілегей майы сияқты) жоғары сапалы сүт
пайдаланады.Технология өнімнен ылғалды толығымен кетіруді қарастырады. Ұзақ
уақыт сақталу қасиетімен ерекшеленеді және +25°С температурада бұзылмайды.
Таяқшалар – тұтынушы пайдаланғанда қауіпсіз тегістелген таза ағаш.
Вафельді керней – ұзақ сақталу мерзімге өнімге қытыр қасиетін беретін
жоғарғы технологияны пайдаланғанда дайындалады.
Орама – жоғарғы технологияны пайдалану материалдың сапасын жақсартады.
Өндірістің технологиялық үрдісі:
Бүкіл конвейер аралығнда біздің өнімге адам қолы тимейді: барлық
үрдістер автоматтандырылған.Операторлар тек программа береді. Барлық
параметрлер, температуралық режим автоматты түрде сақталады, мейлі ол
компоненттерді дайындау бөлімі, аппаратты цех, су дайындау бөлімі, алмалы-
салмалысыз жуу цехы, мұздатқыш камералар немесе бөлшектеп өлшеу цехы
болсын. Заводта, сондай-ақ өзінің зертханасы бар. Ол нағыз қазіргі заманғы
құралдармен қамтылған. Мұнда дайын өнімнің және балмұздақтың барлық
компоненттерімен қатар ораманың да физико-химиялық және батериологиялық
қасиеттері зерттеледі. Кәсіпорын барлық мағынада көз алдында, себебі тамыз
айының ортасынан бастап оныңең талғампаз бақылаушылары – оқушылар келеді.
Балалар өздерінің сүйікті балмұздақтары қалай дайындалатынын көріп қана
қоймай, дәм татады.
Балмұздақ дайындаудың технологиялық үрдісіне келесі негізгі сатылар
кіреді:
1. қоспаны дайындау;
2. қоспаның толуы (пісуі);
3. үздіксіз фрезерлеу;
4. өнімді бөлшектеп өлшеу және қалыптастыру;
5. ширату;
6. орау және орама;
7. ұзақ сақтау.
1. Қоспаны дайындау
Бұл үрдісте ингредиенттерді араластыру (сүт, қант, кілегей майы және
т.б.) және оларды алдын-ала ысыту. Содан кейін қоспа пастеризация мен
гомогенизацияға жіберіледі. Гомогенизация кезінде сұйық май өте ұсақ түйір
қалыпқа айналады. Тиімді гомогенизацияда бұл май түйіршіктерінің көлемі 0,4
микроннан көп болмауы тиіс. Көпіршік маймен бірге қоспаның керекті
консистенциясын береді. Содан кейін қоспа салқындатылады және толуға
(пісуге) жіберіледі.
2. Қоспаның пісуі
Бұл қоспаны 1-4 сағат аралығында әрдайым араластыру үрдісі.
3. Үздіксіз фрезерлеу
Пісуден кейін қоспа фрезерлерге жіберіледі. Онда қоспа -5°С – ға дейін
қатырылады және шайқау кезінде үлкен көлемде ауаға қанығады. Ауа қамалы
(көпіршік) пайда болады, онда 60% ауа бар. Көпіршікті тұрақтандыру үшін
және белгілі бір қасиеттерге жету үшін ауа мен қоспаның арасында май қабаты
болуы тиіс.
4. Өнімді бөлшектеп өлшеу және қалыптастыру
Белгілі бір жабдықтың көмегімен фрезерден кейін әр түрлі кескінді
(түрі) балмұздаққа (стаканчик, эскимо, батончик және т.б.) айналады. Сосын
бөлшектеп өлшенген өнім ширатуға жіберіледі.
5. Ширату
Бұл өнімді -40°С температурада бір сағат қатыру үрдісі.
6. Орау және орам
Ширатудан кейін орайтын жабдықтың көмегімен балмұздақ қабыршаққа
оралады және қораптарға салынады. Содан әрі балмұздақ сақтау камерасына
жіберіледі.
7. Ұзақ сақтау
Ауа температурасы әрдайым -25 градус болып тұратын арнайы камераларда
балмұздақ 6 айға дейін сақтала алады және ассортименті бойынша іріктеледі.
Алынған өнімнің сапасы ингредиенттерді таңдаумен, шикізаттың белгілі
бір пропорциясын пайдаланумен, істелген өндеу режимін дәл сақтаумен бірге
анықталады.
Құрал-жабдықтың сипаттамасы:
Қазіргі уақытта Қазахстанда балмұздақ дайындауға арналған жекеменшік
өндірістін қазіргі заманғы технологиялық құрал-жабдықтары жоқ.Сондықтан
ФудМастер-Айс Крим компаниясы балмұздақ өндірісі бойынша шетелдік ірі
технологиялық құрал-жабдық өндіруші фирмалардың бірі болып табылатын
белгілі Тетра Пак Хойер АС (Дания) фирмасының құрал-жабдығын алды. Құрал-
жабдықтын жалпы құны 1 549 855 (бір миллион бес жүз қырық тоғыз мың сегіз
жүз елу бес) ЕВРОны құрайды.
Технологиялық құрал-жыбдықты Тетра Пак Хойер фирмасы 2001 жылдың 11
қыркүйегіндегі № А012864-1 контрактына сәйкес келесі позициялар бойынша
әкелді (3-кесте).
3-кесте. Құрал-жабдық
№ Құрал-жабдықтың аты Бірлік
саны
1 Араластыруға арналған жабдық:
еріткіш резервуар, JMT конфигурациясы; 1
резервуарларға арналған ыстық суы бар құрылғы;
мөлшерлеу блогы: 1
сорғыш; 1
құбырлар және топтамалар терімі; 1
Хойер Промикс КПВТ 3000 – бумен жылытылатын 1
қоспа өңдеу блогы;
1
2 Құрал-жабдық өндірісі:
Хойер Фригус 600 – екі поршнді құбыры бар
үздіксіз әрекет ететін тоңазытқыш қондырғы; 4
Хойер Стрейлайн 600 С – поддондарды қысу жүйесі;
Хойер Стрейлайн 600 С үшін R22 булану блогы; 2
Хойер Стрейлайн 600 С үшін салқындату блогы;
жууға арналған щетка; 2
Хойер Дино С – орын ауыстыру және батыру жүйесі;
Хойер Дино С үшін әшекейге арналған резервуар; 2
Таяқшалардағы тақтаға арналған жабдық; 2
2
1
1
3 Стакандарға арналған құрал-жабдық; 1
4 Мұздарға арналған құрал-жабдық; 1
5 Сыйлық тақталарға арналған қосымша жабдық; 1
6 Хойер Флоурэп СЛ 80 TS – бір өткелді орағыш; 1
7 Хойер Комет RC – кернеулер мен стакандарға
балмұздақ толтыратын агрегат; 1
8 Кернеу жібергіш; 1
9 Стакан жібергіш – бір өткел – стакандарды
толтыру машинасында; 1
10 Стакандар конфигураторы – бір өткел 1
11 Косалқы белшектер топтамасы; 1
12 Кернеулер конфигураторы – бір өткел; 1
Тетра Пак Хойер (Дания) фирмасының құрал-жабдығын технологиялық
құрал-жабдықтар нарығын зерттеу нәтижелері негізінде таңдалды.
Тетра Пак Хойер компаниясының балмұздақ өндірісі бойынша құрал-
жабдық дайындау облысынды үлкен тәжірибесі бар және оны әрдайым
жетілдіруде.
Экологиялық аспекті:
ФудМастер-Айс Крим компаниясындағы балмұздақ өндірісінің
технологиялық үрдісі ысырапсыз, экологиялық таза, қоқыс түсіру және
қалдықтарды пайдаланумен байланысы жоқ болып табылады.
Атмосфераға шығарылатын жалғыз нәрсе болып табиғи газ жанғанда
бөлінінетін ығынды табылады.
Өндіріс технологиясына сәйкес 1 тонна балмұздақ өңдеу үшін 1,8 Гкал бу
қажет. 1,8 Гкал буды өңдеу үшін 230,8 кг табиғи газ қажет. Демек, 1 тонна
балмұздақ өндіру үшін 230,8 кг қысылған табиғи газ жағу қажет.
Табиғи газ жанғандағы ығындылар үшін экологиялық төлемдер келесідей:
юстиция Барқармасында 2000 жылы №250 тіркелген және Алматы қаласының
Әкімінің 2000 жылғы №1133 шешімімен бекітілген Алматы қаласы бойынша 2001
жылғы қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер ставкасына сәйкес қысылғн
табиғи газдың тоннасына 410 теңге.
Осылайша, 3745 тонна балмұздақ өндіргенде экология бойынша жылдық
төлемдер 354382 теңгені құрайды.
SWOT анализ:
Күшті жақтары
- төмен бағалар
- жоғары сапа
- кең ассортимент
- орамасының тартымдылығы
Әлсіз жақтары
- тұтынушы нарығының маусымдығы
Мүмкіндіктері
- өткізу нарығын басып алу
- экспортқа шығу
Қауып-қатер
- импортты ингредиенттерді жеткізу бойынша кепілдіктің болмауы
- әлемдік нарықтағы бағалардың құбылмалылығы.
Жерге преференция:
Қазақстан Республикасының инвестициялар бойынша Агенттігінің
Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуірдегі №017 Экономиканың артықшылықты
секторларында инвестициялық қызмет атқаратын инвесторлармен келісімге
отырғанда преференциялар мен жеңілдіктер беру процедурасын жетілдіру
туралы Бұйрығына сәйкес, дәлірек айтсақ 5 статья Мемлекеттік грант беру
реті бойынша белгілі компания мемілекеттік грант жер участкесіне
үміттенуге құқысы бар.
- жер учаскесінің орналасқан жері – Алматы қаласы, Түркісіб ауданы,
Жансүгіров көшесі 482;
- жер учаскесінің жалпы ауданы – 1,8196 га;
- жер учаскесінің бағалау құны – 13046,5 мың теңге.
Мемлекеттік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz