Қазақстан Республикасының рекреациялық ресурстары
КІРСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
1.1Табиғи.рекреациялық ресурстардың алғышарттары
1.2Территорияның табиғи.рекреациялық аудандастыру
1.3 Емдік.сауықтыру орындары
2 ЕМДІК.САУЫҚТЫРУ ОРЫНДАРЫНЫҢ
БОЛАШАҒЫ ЖӘНЕ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
2.1 Емдік сауықтыру
орынадырын мемлекет тарапынан қолдау
2.2 Емдік.сауықтыру
орындарының болашақ мүмкіншіліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

Демалыс пен туризм қоғамдық қызметтің негізгі сферасына айналып жатыр. Олар көптеген рекреациялық ресурстар түрлерінің географиялық ортаға таңдалмалығымен, рекреациялық территорияларды рационалды үйымдастырумен, әртүрлі демалыс түрінде қажеттіліктерді болжаумен, рекреациялық ресурстардың аймақтық бағалау ерекшеліктерімен байланысты мәселелердің кең шеңберін қамтиды. Соңғысы ерекше өзекті мәселені құрайды және ол туризм мен демалыс мақсаттары үшін территорияның жарамдылығын зерттеу мәселесінің маңызды бөлігін құрайды.
Қоғамның өндірістік интенсификациясы ең алдымен адамның психофизикалық жүктемесінің күшейуіменен анықталады. Адамның жұмыс қабілеттілігін (рекреацияны) жақсарту үшін арнайы жағдай жасау керек.«Рекреация» сөзінің мағынасы – «дем алу, адамның күшін қалпына келтіру» дегенді білдіреді.
Емдік-сауықтыру туризмі туристік классификация ішінде өзіндік орны бар. Сондықтан да туризм классификациясын талдай отырып диплом жұмысының мазмұнын құрау. Соған орай Солтүстік Қазақстанда емдік сауықтыру рекреациялық ресурстарын зерттеу, талдау мәселелері қолға алынуда. Адамдардың рекреациялық қызметі бірнеше аспектілерден тұрады: медико-биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық болып. Рекреациялық қызметінің ең негізгі аспектісі медико-биологиялық болып табылады. Оның құрамында – денсаулықты жақсарту, курорттық емдеуді қажет ететін адамдарға көмек көрсету және аурудың алдын алу;
Әлеуметтік-мәдени қызметке - әлемді, табиғатты, тарихты, мәдениетті тану, яғни танымдылық мақсаты;
Экономикалық аспектіге – адамның еңбекке деген қабілеттілігін жақсарту жатқызуға болады.
Қазақстан санаторлық курорттық потенциалы Қазақстанның туристік ресурстар жиынтығынан құралған. Сонымен қатар жалпы емдік туризмнің қалыптасу және даму тарихына тоқталмай объективті тұрғыда бағалау мүмкін емес. Зерттеу мақсаты мен міндеттеріне орай емдік туризмді классификациялай отырып, олардың орналасу принциптерін ашу, көрсету қажеттілігі туып отыр.
Курорттық-рекреациялық шаруашылыққа курорттар, санаториялар, демалыс үйлері, туризм және қызмет көрсету бөлімдері жатады. Олардың басты мақсаты халықтың рекреациялық қажеттіліктерін, рекреациялық (емдік сауықтыру, табиғи, мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық) ресурстар арқылы қанағаттандыру. Жоғарыдағы айтылғандарды ескере келе емдік сауықтыру туризмі проблемасы көкейтестілігі анықталды.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының санаторлық курорттық потенциалын анықтау.

Абдразакова А. Боровое- жемчужина Казахстана.// Казахстан – 2002.-№1
Ердавлетов. С.Р. География туризма.: история,теория, практика.- Алматы,2000
Ердавлетов С, Р. Достопримечательные места Казахстана.- Алма-Ата:Знание,1988
Жандаев М. Ж. Курорт Боровое.- Алма- Ата, 1981
Забелина Н.М . Национальный парк.- М: Мысль, 1987
Замятин С. И . Курорты Казахстана. – Алма- Ата , 1962
Замятин С.И. Курорты, санатории и лечебные местности Казахстана .- Алма-
Тришечкин А. Боровое. Астана : ТОО «Дизаин», 2002
Хамнюк В.Ф. Природные лечебные богатства Казахстана, перспективы их использования.- Алма-Ата ,1967
1982
Шабельникова С.В. Оценка рекреационных ресурсов Республики Казахстан для целей развития отдыха и туризма.Алматы ,2000
Терещук В.А. Маршрутами Көкшетау. – Алма- Ата: Кайнар, 1985
Қажыбаев Т Ажары ашық болсын Бурабайдың // Егемен Қазақстан-1996-27 сәуір
Кузенный А Боровое: цены обгоняют сервис.// Казахстанская правда-2004-27 августа
Серикбаев Б Боровое. О курорте// Жизнь –2005-№24
www. Kokshetau online. Kz
Кузенный А Боровое –это крик души.// Казахстанская правда. –2000 –27,28 апреля
Калиев Т Боровое: Трудные будни Казахстанской жемчужины.// Новое поколение. –2002- 15 марта
Большая вода для Борового.// Казахстанская правда –2002- 7 декабря
Салихова А Пахнущая жемчужина.// Новое поколение-2003-4 июля
Шөкшір Д Бурабайды жабайы туризм жайлап барады.// Жас алаш-2004-1 сәуір
Алиева Ж. Н. Экологический туризм.- Алматы: Қазақ университеті, 2002
Туристская карта национального природного парка «Бурабай».Алматы: ККП «Картография »2004
Закон Республики Казахстан «О туризме».
Прохоров И. Вступая в век туризма.// Казахстанская правда-2003-29 июля
Ыбыраев С. «Оқжетпестің емдік қасиеті». Қазақстан шипажайлары. «Егемен Қазақстан», 2003-11 қыркүйек
Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика – А.: «Атамура»,2000.- 336с
Соколова М.В. История туризма – М.: Мастерство, 2002.- 350с.

МАЗМҰНЫ
КІРСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
1.1Табиғи-рекреациялық ресурстардың алғышарттары
1.2Территорияның табиғи-рекреациялық аудандастыру
1.3 Емдік–сауықтыру орындары
2 ЕМДІК-САУЫҚТЫРУ ОРЫНДАРЫНЫҢ
БОЛАШАҒЫ ЖӘНЕ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
2.1 Емдік сауықтыру
орынадырын мемлекет тарапынан қолдау
2.2 Емдік-сауықтыру
орындарының болашақ мүмкіншіліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Демалыс пен туризм қоғамдық қызметтің негізгі сферасына айналып жатыр.
Олар көптеген рекреациялық ресурстар түрлерінің географиялық ортаға
таңдалмалығымен, рекреациялық территорияларды рационалды үйымдастырумен,
әртүрлі демалыс түрінде қажеттіліктерді болжаумен, рекреациялық
ресурстардың аймақтық бағалау ерекшеліктерімен байланысты мәселелердің кең
шеңберін қамтиды. Соңғысы ерекше өзекті мәселені құрайды және ол туризм мен
демалыс мақсаттары үшін территорияның жарамдылығын зерттеу мәселесінің
маңызды бөлігін құрайды.
Қоғамның өндірістік интенсификациясы ең алдымен адамның психофизикалық
жүктемесінің күшейуіменен анықталады. Адамның жұмыс қабілеттілігін
(рекреацияны) жақсарту үшін арнайы жағдай жасау керек.Рекреация сөзінің
мағынасы – дем алу, адамның күшін қалпына келтіру дегенді білдіреді.
Емдік-сауықтыру туризмі туристік классификация ішінде өзіндік орны
бар. Сондықтан да туризм классификациясын талдай отырып диплом жұмысының
мазмұнын құрау. Соған орай Солтүстік Қазақстанда емдік сауықтыру
рекреациялық ресурстарын зерттеу, талдау мәселелері қолға алынуда.
Адамдардың рекреациялық қызметі бірнеше аспектілерден тұрады: медико-
биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық болып. Рекреациялық қызметінің
ең негізгі аспектісі медико-биологиялық болып табылады. Оның құрамында –
денсаулықты жақсарту, курорттық емдеуді қажет ететін адамдарға көмек
көрсету және аурудың алдын алу;
Әлеуметтік-мәдени қызметке - әлемді, табиғатты, тарихты, мәдениетті
тану, яғни танымдылық мақсаты;
Экономикалық аспектіге – адамның еңбекке деген қабілеттілігін жақсарту
жатқызуға болады.
Қазақстан санаторлық курорттық потенциалы Қазақстанның туристік
ресурстар жиынтығынан құралған. Сонымен қатар жалпы емдік туризмнің
қалыптасу және даму тарихына тоқталмай объективті тұрғыда бағалау мүмкін
емес. Зерттеу мақсаты мен міндеттеріне орай емдік туризмді классификациялай
отырып, олардың орналасу принциптерін ашу, көрсету қажеттілігі туып отыр.
Курорттық-рекреациялық шаруашылыққа курорттар, санаториялар, демалыс
үйлері, туризм және қызмет көрсету бөлімдері жатады. Олардың басты мақсаты
халықтың рекреациялық қажеттіліктерін, рекреациялық (емдік сауықтыру,
табиғи, мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық) ресурстар арқылы
қанағаттандыру. Жоғарыдағы айтылғандарды ескере келе емдік сауықтыру
туризмі проблемасы көкейтестілігі анықталды.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының санаторлық курорттық
потенциалын анықтау.
Жұмыстың міндеті: Табиғи рекреациялық мүмкіндіктерді талдау:
- Қазақстанның курорт-санаторийлерін жіктеу:
-Әрбір курорт, санаториялардың туризмдегі орнын сипаттап ұсыныстар
беру.
Зерттеу әдістері: әдебиеттерге шолу, картографиялық, статистикалық,
ақпарат құралдары материалдарын өндеу.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
1.1 Табиғи-рекреациялық ресурстардың алғышарттарына сипаттамасы
Туризм дамуының негізгі алғышарттары болып: табиғи, әлеуметтік-
экономикалық ресурстар және туристік инфрақұрылым болып табылады. Олар
туризмнің дамуына, туристік обьектілер мен туристік аудандардың құрылуына
әсерін тигізеді. Біз осы тарауда туризм дамуының маңызды алғышарттарына,
табиғи жағдайына көңіл бөлгіміз келіп отыр. Табиғи жағдай туралы айтудың
алдында, туристік-рекреациялық ресурстар не? Деген сұрағына жауап берейік.
Туристік-рекреациялық ресурстар дегеніміз – туристік экскурсиялық
қызметке және емдеу, спорттық-сауықтыру, танымдық туризмге жарайтын,
табиғаттың және адамдардың күшімен салынған обьектілер мен қоршаған орта
құбылыстарының жиынтығы. Барлық туристік-рекреациялық ресурстардың
жиынтығын үлкен екі топқа бөлуге болады: табиғи және әлеуметтік-
экономикалық ресурстар (мәдени, тарихи). Ал енді тікелей осы тараудың
мазмұнына, табиғи-рекреациялық ресурстарға көшуге болады1.
Табиғи жагдайлар мен ресурстар алдыңғы орынды алып, рекреацияның
негiзгi алғышарттарының бiрi болып саналады.Рекреацияның табиғи
алғышарттары ретiнде әртүрлi рангтағы табиғи-территориялық комплекстер,
олардың компоненттерi. Олардың компонентерi мен жеке касиеттерi
көрсетiледi: аттрактивтiлiк, ландшафттың контрасттылығы мен ритмi,
бөгеттердi өту мүмкшiншiлiгi, географиялык ерекшелiк, экзотикалығы,
уникалдығы немесе керiсiнше карапайымдылығы, табиғи объектiлердiң формалары
мен көлемi.
Табиғи географиялық жүйелердi рекреация мақсатында зерттей отырып,
баска сөзбен айтқанда ,демалыс пен туризмнiң түрлерiн өткiзудiң
ыңғайлылығы, колайлығының деңгейiн бағалау кезiнде, бiз тек рекреация үшiн
қолайлы жағдайлары бар географиялық жүйелердi ерекше етiп көрсетемiз.Олар
табиғи рекреациялық ресурстарды кұрайды 3.
Табиғи-рекреациялық ресурстар бұл – рекреациялық іс-әрекеттер үшін
комфорттық қасиеттерге толы, белгілі-бір уақыттарда демалыс және сауықтыру
жұмыстарын ұйымдастыруға болатын табиғи және табиғи-техникалық географиялық
жүйелер, денелер мен табиғаттың құбылыстары.
Табиғи-рекреациялық ресурстар демалушылардың демалу және саяхаттау
ауданын таңдауда үлкен роль атқарады. Туристер ландшафт, климат, жануарлар
және өсімдіктер әлемінің байлығы мен әртүрлілігін, спортпен, аңшылықпен,
балық аулаумен шұғылдануы табиғи қажеттіліктерін ескеріп отырады.
Территорияда қандай табиғи ресурстар болуымен рекреациялық іс-әрекеттің
түрлері мен формаларын ұйымдастырылуы тәуелді болады
Елдің немесе ауданның географиялық жағдайы, басқаша айтқанда теңізге,
таулы және орманды массивтерге, демалушылардың негізгі ағымдарына және
маңызды көлік жолдарына жақындығы, ірі туристік комплекстер мен жеке
туристік обьектінің құрылуында маңызды орын алады.Туристік маршруттар мен
туристік мекемелер негізінен тікелей ресурстары бар аймақтарда
орналасады.Осы ресурстарды көру үшін туристер осы аймаққа келеді.
Рельефтің әртүрлілігі де ландшафтың маңызды құндылығы болып
табылады.Олардың туристер мен спортсмендер үшін өзіндік тартымдылығы бар,
сондықтан ол рекреациялық мүмкіншіліктер туғызады.
Табиғи ортаның таулы климаттық және ландшафттық факторлары
психофизикалық регенерацияда маңызды терапевтикалық фактор ретiнде болады.
Сонымен қатар олар, активті және пассивті демалыс турлерi үшін өте қолайлы.
4
Табиғи ортаның келесі маңызды элементі болып – климат табылады.
Климаттың адамға тікелей және қосалқы әсері бар. Адамның организіміне
тікелей әсерін тигізетін климаттық факторларға: температура мен ауа
ылғалдылығы, жел, атмосфералық қысым, күн радиациясы,метеорологиялық
құбылыстар жатады. Метеорологиялық өлшемдердің маңыздылығының бірлігі ауа-
райы жағдайлары әртүрлілігін анықтайды,олар әртүрлі физиологиялық
эффектілердің пайда болуы мен жүрүіне әсерін тигізеді. Адам
биоклиматологияның маңызды міндеті болып, адамның организмі мен
метеорологиялық факторлардың арасындағы байланыстарды зерттеу.
Гигиенисттердіңзерттеулері бойынша ең оптималды ылғалдылық 30-60%
денгейінде болады.
Адамның ағзасының табысты жұмыс әстеуіне айналадағы ортаныңтемпература
режимі әсерін тигізеді.Жазғы орта тәуілік температуралардыңкомфорттық
зоналары +17,2, +21,2 деңгейінде болады.(Н.В Виноградов, В.Г Надеждин
бойынша).Осы көрсеткіштер емделуде қажеттілігі барадамдар үшән
есептелінген.Денсаулығы жақсы адамдар үшін біршама жоғары немесе біршама
төмен температуралар ыңғайлы.
Сондықтан туризм үшін жылы мезгілдің ұзындығын анықтау кезінде Е.А
Котляров 17 +10+12 диапозонын ұсынды, ал Ю.А Веденин, Н.Н Мирошниченко
демалыс пен туризм үшін оптималды температуралар +15+25 деп анықтады.
Негізгі құндылықтарга ауаның таза болуын, инсоляцияның қолайлы
жағдайы, ауа ылғалдылығы мен температураның аз тербелісі, тұмандардың аз
болуы т.б. жаткызуга болады2.
Қазақстан жер бедерінің басты ерекшеліктері: Қазақстанның батысын,
солтүстігін және орталық бөлігінің көп жерін жазықтар мен аласа таулар алып
жатыр, Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік бөлігінің шағын
жерін биік таулы аймақтар алып жатыр, Қазақстан жері оңтүстіктен
солтүстікке және шығыстан батысқа қарай көлбеу болып келеді, сонымен қатар,
биік таулар мен аласа таулар тауаралық аңғарлар және жазықтамрен алмасып
келіп отырады.
Таулары арасында Солтүстік Тянь-Шань биіктігімен ерекшелінеді.
Солтүстік Тянь-Шань таулары. Тау жүйесі Алматы облысында орналасқан. Бұл
жердің турист тілімен айтқанда Жетісу деп атайды. Жетісу –Қазақстан маржаны
болып табылады.
Солтүстік Тянь-Шань батыстан шығысқа қарай 400 шақырымға созылады, екі
тау тізбегіне бөлінген: Іле Аалатауы (Іле өзенінен кейін орналасқан) және
Күнгей Алатауы (жарқырағана таулар күнге қараған деген мағынаны білдіреді).
Іле Алатауының ұзындығы 280 шақырым, биіктігі 60 шақырым. Солтүстік
беткейлері Қазақстанның Оңтүстік шығысына қарайды.
Күнгей Алатауы Қырғызстан территориясында орналасқан. Аталаған тау
тізбектері Талғар тау бірлестігіне жатады. Талғар шыңы теңіз деңгейінен
4973 метр биіктікте орналасқан. Алматы қаласынан көруге болады. Бұл Іле
Аалатауының ең биікшыңы, Монблан шыңынан да биік. Беткейлері мұздықтармен
жамылған. Ал, тау етектерінде қарлы. Сотүстік ьатыс беткейінің формасы
трапеция тәріздес, ал, панорамасы ірі мұздықтарға ашлыған. Талғар шыңына
алғаш рет шығу 1935 жылы болды. Шыңға шығу кезіне жетекшілік еткен Зимин В.
Басқа деректерде Талғар шыңы 1938 жылы Сталинск (қазіргі таңда Новокузнецк
деп аталады) қаласынан келген альпинистерімен бағындырылды. Талғар шыңына
шығудың күрделі және қарапайым маршруттары бар. Талғар шыңы Алматы
мемлекеттік табиғи саябағының шектерінде орналасқан. Наурыз және сәуір
айларында қар құламаларының кезеңі. Талғар күрделі мұздықтарымен
ерекшеленеді. Жауын шашын мөлшері шілде және тамыз айларында 900 мм, қазан
айында тау беткейлерін қар жаба бастайды, ал сәуір айында қар еруі
басталады. Таулардағы жел өте қатты емес.
Іле Алатауы Тянь-Шань тауларының ең солтүстік жүйесі болып табылады.
Оңтүстікке қарай 400 шақырымға созылып, доғаны қалыптастырады.
Орталық бөлігі 170 шақырымға созылып, ені 33-50 шақырым, батысында
Күмбел асуы, шығысында Аманжол асуы орналасқан. Биіктігі, шамамен 4973 метр
теңіз деңгейінен.
Тау туристері үшін Іле Алатауында ең танымал орындар Кіші Алматы
шатқалы және Богданович мұздығы болып табылады. Мұздық Сол Талғар өзенінің
бассейнде орналасқан, бірақ шыңға шығудың тиімді маршрут Кіші Алматы асуы
арқылы өтетін жол болып табылады. Туристер арасында ең танымал асулары
Үлкен Алматы, Ақсай, Қарғалы, Қаскелен, Шемолған асулары болып табылады.
Мұнда адам аяғы баспаған шыңдар орналасқан.
Кіші Алматының батыс бөлігі – Күмбел асуы – Погребетский мұздығынан
(4321 метр), Локомотив шыңынан (4182 метр) басталып, солтүстікке қарай
Космедемьянская шыңы (4108 метр), солтүстік батысында Молодежный шыңы (4147
метр) жалғасады.
Шығыс Қазақстан облысы да тау туристері үшін қызықты аймақ болып
табылады. Шығыс Қазақстан облысы шыршалы ормандар жапқан тамаша таулы
пейзаждарымен, буырқанған өзендердің мөлдір таза суымен, өсімдікке бай тау
шалғындарымен таяу және шалғай жатқан шет елдердің туристерінің көзін
тартады.
Туризмнің басым түрлерінің арасында белсенді турларды (танымдық жаяу,
салт атты, балық және аң аулау, вело-авто-мототурлары, рафтинг), сондай-ақ,
жағажайлық демалысты, экскурсияларды, санаториялық-курорттық емдеуді,
ауылдық туризмді ерекше атауға болады. Шығыс Қазақстан өзінің балымен
белгілі – Алтайдың тау балы әлемде өзінің емдік және дәм қасиеттеріне
байланысты ең үздік балдардың біріне айналды.
Аймақ аумағында Мұзтау(шығыс жақ шыңы), Көккөл сарқырамасы, Рахман
қайнарлары термальды минералдандырылған бастауы (санаторий), Берел
қорғаны, 3000 м биіктікте орналасқан көне Көккөл кеніші (бұл күндері иесіз
қалған), Ұлы Жібек Жолының Солтүстік Алтын Тармағы, әйгілі Қатын өзенінің
бастауы, қылқан жапырақты және жапырақты тұмса ормандар, қар барысы, сібір
тауешкісі мекендейтін жерлер әйгілі. Бұрқат асуына Марқакөлден апаратын жол
қашықтығы 50 шақырым, 5 сағатқа созылады. Бұл жолдың басқа аты Австриялық
жол. Асуға апаратын жол қиын жолдардың бірі. Австриялық жол 1914-1916
жылдар аралығында бірінші дүние жүзілік соғысының австриялық тұтқынынымен
салынды. Сол себепті жолды Австриялық деп атап өткен.
Бұрқат жолы Қатон-Қарағай ұлттық саябағының оңтүстік шекарасы арқылы –
Қара-Қоба Бұқтырма өзенінің даласына өтеді. Жол қашықтығы 60 шақырымға
созылған. Жолды өту үшін 16 көпірден өту қажет.
Бұл жол тарихи ескерткіш болғанымен қатар табиғи ескерткіш те болып
табылады. Себебі, жол бойында бірегей табиғат нысандары орналасқан. Мысалы.
Мәрмәр асу, Марқакөл, Алтай және Бұрқат асулары, Қара Қоба өзенінің даласы.
Жол Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағын қиып өтеді.
Рахман кілттерінен кейнгі жол қашықтығы 35 шақырым. Мұнда
Қазақстандағы ең ірі су құламасы Көккөл орналасқан. Биіктігі 60 метр. Су
құламасы Көккөл шағын тау өзені арқылы қалыптасқан. Су ағынның ені 10 метр
вертикальды қабырғамен ағады. Бұл жер Белуха шыңымен қатар туристік
қызығушылық тударады.
Аймақ климат ерекшеліктеріне байланысты бұл аймақ ерекше аймақтарының
бірі болып табылады.
Керишу – түнеу үшін тиімді орын.
Ақшуат – балықшылар елді-мекені. Бұл жерде қазақ балықшыларының суб
мәдениеті қалыптасты.
Зайсан шұңқымасы – Киин – Керишке жол. Оңтүстік-батыс бағытымен жүрсек
таулы – далалы ландшафттарынан бастап шөл ландшафттарының өзгеруін бақылай
аламыз. Осы аудандарға сай өсімдік пен жануарларды тамашалауға болады.
негізгі мекен етушілер сорокопута, қасқыр, түлкілер, дала қыраны. Оңтүстік
– шығысында Зайсан шұңқымасы орналасқан. Түбінде еежелгі Зайсан көлі
болатын еді. бұл уникалды табиғи нысан қатарына жатқызылады.
Өскемен-Шар темір жол құрылысы аяқталған соң, Зырян- Үлкен Нарын-
Күршім-Майқапшағай темір жол құрылысы жоспарлануда. Біздің ауданда темір
жол құрылысының іске асуы туризмнің дамуына, жалпы ауданның дамуына
мүмкіндік туғызады.
2009 жылы сыртқы және ішкі туризм бойынша туристердің жалпы ағымын
орташа есеппен алғанда 5000 адамға дейін қамту ойластырылуда.
Өңірлік бағдарламаны іске асыру мақсатында Рахман қайнарлары, Үлкен
Нарын ауылдарының аумақтарында құрылыс жүргізу бойынша бас жоспар жасау
қарастырылған. Жоспар бойынша Берел ауылының (Берел қазбалары) маңындағы
тарихи-мәдени қорығының құрылысы және оны ашу; Ақсу ауылындағы сауықтыру-
туристік кешенінің (қонақ үйі, пантымен емдеу орны), туристік-аңшылық
кешеннің және Репноедағы Президент үстірті теліміндегі пантымен емдеу
орнының, Язовая аулындағы сауықтыру-туристік кешенінің, Приморское
ауылындағы демалыс базасының (коттедждер, дәмхана, жағажайлық демалыс,
катамарандар, скутерлер), Белқарағай ауылының маңындағы Шұбардала
теліміндегі сауықтыру-туристік кешенінің (коттедждер, дәмхана, ат ауласы)
жыл бойында қызмет көрсетуі; Маралдыдағы қонақжай және пантымен емдеу
орнының; Шұбарағаш ауылындағы пантымен емдеу орнының; Белқарағай аулының
маңындағы демалыс базасының (коттедждер, дәмхана, спорттық алаңқайлар,
пантымен емдеу орны); Катонқарағайдағы қонақүйдің, Катонқарағай ауылының
жоғарғы бөлігіндегі демалыс базасының (коттедждер мен қонақжайлар), Өрел
ауылының маңындағы демалыс базасы мен пантымен емдеу орнының; Жамбыл
ауылының маңындағы демалыс базасының (коттедждер), Қабырға ауылының
маңындағы қонақжай және пантымен емдеу орнының; Өрел, Берел, Коробиха,
Чернова, Топқайың ауылдарындағы қонақжайлардың құрылысы; Берел ауылында
қонақжай және қымызхана; Топқайыңда пантымен емдеу орнын; Топқайың ауылы
жолының бойында дәмхана; Катонқарағай аулында суды, қымызды құтыларға құю
цехын, Свинчатка ауылындағы демалыс базасын ашу, ОВ 15612 мекемесі
ғимаратының бұрынғы кешенін; жағажайлық демалысты; Өрел ауылында аттарға
арналған ауласы бар туристік базаны; Катонқарағайдағы 20 орындық қонақүй
мен дәмхананы қалпына келтіру; Катонқарағайдағы пантымен емдеу орнының және
қонақүйдің құрылысы; балалар, мектеп туризмін дамытудың бағдарламасын
жасау; Катонқарағай-Берел жолының орташа жөндеуден өтуі қарастырылған.
Белуха шыңы – Сібірдің және Алтайдың ең биік шыңы. Таумен Бүркітауыл
шыңы көршілес жатыр. Биіктігі 3,723 м. Қатон – Қарағай қорығы 2001 ж
құрылды. Ауданы 643,5 мың га. Мұнда Ақ берел және Бұқтырма өзендер ағысымен
жүзулер, және ең биік шыңы Белухаға шығулар ұйымдастырылады.
Оңтүстік Қазақстан облысының тау жүйелерінің бәрі Батыс Тянь-Шань тау
жүйелерінде орналасқан. Олапдың арасында Ақсу –Жабағылы қорығында
орналасқан Ақсу-Жабағылы қорығы Таласс Алатауы және Угам тау қыраттарының
баурайында, Сайрам-Угам қорықшасы және Угам ұлттық саябағы Угам тау қыраты
мен Қаржантау тау қыратының байрайында орналасқан. Аталған тау жүйелерінің
бәрі асулар мен шатқалдардан тұрады. Олардың бәрінде вертикальды
аудандастыру айқын көрінеді, шөлейт зоналарынан нивальды белдеуге дейін
аудандар бар. Тау қыраттарының беткейлері шыршалы ормандарынан, өзен
аңғарларында қайынды, алма, теректі ормандар өседі. Ал, Угам ұлттық
саябағында жаңғақтар өседі. Орманды белдеуінен жоғары альпілік және
субальпілік далалар орналасқан. Олардан жоғары нивальды белдеуінің тас және
жартасты мәңгі мұздықтар алып жатыр.
Берікқара, Боралдай және Ирсу-Даубабы мен Қаратау қорығы Батыс Тянь-
Шань тау жүйлерінің аласалау таулары Қаратау, Дәубаба қыраты және Машат
тауларының баурайында орналасқан. Мұндағы вертикальды аудандар бірінші
топқа қарағанда аз байқалады. Боралдай және Ирсу-Дәубаба қорықшаларында
шыршалы ормандар бар, ал, Қаратау қорығында мұндай ормандар тек қана өзен
және бұлақтар маңында және адам аяғы жетпес аудандарында орналасқан.
Қыраттарының шыңдарында тасты шөлейттер мен далалар алады. Солтүстік
беткейлері тасты болып келеді. Осы аталған табиғи территорияларды екінші
топқа біріктіруге болады. Мұндағы климаттық көрсеткіштер де басқаша болады.
Бұл ерекшеліктер кесте 5 көрсетілген Ауасы басқа аудандарға қарағанда таза,
зиянды жәндіктерінің саны аз және тарихи ескерткіштер молырақ. Қазіргі
таңда бұл аймақта Берікқара және Ирсу-Дәубаба қорықшаларында шатқалдар
игерілген. Мысалы, Ирсу-Дәубаба қорықшасында орналасқан Машат шатқалында
дем алуға арналған 12 балалар лагері, 2 оқытушылар мен студенттерге
арналған лагерьлер орналасқан. Әр шатқалда тұрақты су көздері бар. Олардың
ішінде Кіші Қаратауларының және Берікқара шатқалының су көздерін атап өтуге
болады. Дегенмен, Боралдай қорықшасы және Қаратау қорығының территориялары
аз игерілген, себебі, жол тораптары желісінің төменгі деңгейде болуынан.
Абая кен шары, Қарақұр, Көзмолдақ және Созақ ауданындағы Қызылкөл,
Түркістан ауданындағы Ермексу мен Боялдыр өзендерінің шатқалдары, Бәйдібек
ауданындағы Боролдай мен Қашқарата өзендерінің аңғарлары мен Түлкібас
ауданындағы Құлан, Қараүңгір, Кенузен өзендерінің шатқалдары туризм дамуы
мақсатында игерудің мүмкіндіктері үлкен болады деп айтуға болады.
Қазығұрт таулары Шымкент қаласының оңтүстігінде 40 шақырым
жердеорналасқан. Биіктігі 1775 метр. Бұл тау массивтерімен көптеген аңыздар
байланысты. аңыз бойынша Нұқ пайғамабар кемесі келген. бұған дәлел ретінде
Кеме қалған даласы, даланың формасы тау үстінде қалғн кеменің ізі тәріздес.
Қазығұрт тау байраында Нұқ пайғамбар жан ұясымен топан судан кейін мекен
етіп қалған. Тауда үш құдық орналасқан. Үш құдықтың суының дәмі әр түрлі.
Бұл жердің маңында медициналық кеме салынған.
Қазығұрт тауының оңтүстік беткейінде тастардан жасалған құпиялы крест
орналасқан. Ұзындығы 100 метрден асқан. Бірақ оны көршілес орналасқан тау
беткейлерден көруге болады. Бұл тастардың құпиясы әлі күнге дейін
ашылмаған. Қазығұрт тауларының өзі әлемдегі ең танымал флористикалық аймақ
болып табылады.
Қаратау тау тізбектері Оңтүстік Қазақстандағы Тянь-Шань таулараның
солтүстік батыс бөлігі болып табылады.
Таулар Таласс Алатауы бойынмен созылып, бірте бірте Сарысу Шу даласына
өтеді. Ұзындығы – 420 шақырым. Шығыс немесе Кіші Қаратауға және Оңтүстік
Батыс Қаратауына бөлінеді. Ең биік нүктесі Бессаз. Шығыс Қаратауда желдер
аз болады.
Оңтүстік-Батыс Қаратауы біренеші далаларға және тау массивтеріне
бөлінеді. Қаратаудың оңтүстік-батысында Сырдария өзенінің даласы
орналасқан. Солтүстік-шығысында Талас өзені орналасқан. Қаратау аймақ
манындағы климаты мен ауа райына әсер етеді.
Қаңтар айының орташа температурасы - 10° C. Қаңтар айындағы солтүстік
шығыс және оңтүстік батыс беткейлерінде температура айырмашылығы - 4-6° C.
Бұл оңтүстік-батыс беткейлеріндегі жылы ауа массаларының әсерінен болады.
Жауын шашын мөлшері жылына шамамен 200-400 мм. Оңтүстік-батыс
беткейлеріндегі жауын-шашын мөлшері солтүстік батыс беткейлеріне қарағанда
150-300 мм көп. Негізінен каучук тәріздес өсімдіктер өседі. Каучук
өсімдіктері каучуктың 35-40% береді.
1.2 Территорияны табиғи-рекреациялық аудандастыру
Қазақстан Республикасы қоңыржай белдеуінде 40о59′ және 55°24′ с.е.
және 46°32′ және 87°16′ ш.б. арасында орналасқан. Солтүстіктен Оңтүстікке
қарай 1600 шақырымға, ал батыстан шығысқа қарай 2925 шақырымға созылып
жатыр. Жалпы ауданы 2717,3 мың шаршы шақырым, бұл Жер құрлығының 18 пайызы
болып табылады. Қазақстан Ресей Федерациясымен, Қытай халық
республикасымен, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан республикаларымен
шектеседі.
Қазақстанның географиялық орналасуы экономикалық өсуге, табиғи
ресурстарды пайдалануға, сыртқы байланыстарға және адамның өмір сүру
жағдайына тікелей әсер етеді.
Қазақстанның табиғи жағдайларының алуандылығы және күрделілігі табиғи
аудандастыруға әсер етеді.
Қазақстан территориясын табиғи аудандастыруға Гвоздецкий Н.А.,
Николаев В.А. және Чигаркин А.В. әдістері пайдаланылды. Қазақстан
территориясын сегіз физико-географиялық елге бөліп қарастыруға болады. Бұл
сегіз ел 47 облыстан немесе табиғи ауданнан тұрады (Қосымша А).
Шығыс-Еуропа жазығы елі Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігі Орыс
платформасының оңтүстік-шығыс шетін - Каспий маңы синеклизасын алып жатыр.
Өте терең жатқан (10 км-ден терең) гранитті-гнейсті кристалл фундаментімен
сипатталады. Оның үстінде жоғарғы палеозойдың (пермь) және мезозойдың
саздымергелді тау жыныстар қабаты жатыр. Көп шақырымды шөгінді жыныстар
қабатың жарып (тұзды-күмбезді тектоника) шыққан тас тұздың қалың
штоктарынан (күмбез) тұратын көптеген тұзды күмбездер кездеседі.
Орыс платформасы Жайық алды шетіндегі иінмен (үстіртпен) шектеледі
(Жайық алды үстірті), бұл жерде жоғарғы бордың бор мен мергелді шөгінді
жыныстары басым.
Қазақстан аумағында Шығыс Еуропа жазығында мыналар орналасқан: Каспий
маңы ойпаты, Жайық алды үстірті және Жалпы Сырт қыраты. Кездесетін ландшафт
типтері-далалық, шөлейттік, шөлдік.
Орал таулы елі - Үлкен таулы аймақ меридианды бағытта Солтүстік Мұзды
Мұхит жағалауларынан Арал теңізіне дейін созылып жатыр. Геологиялық
құрылысы шұбарлығымен сипатталады, яғни түрлі уақыттың литогендік құрылысы
және генезисі түрлі тау жыныстары меридиандық бағытта белдеулер құрайды.
Қазақстан аумағында Оңтүстік Оралдың Мұғалжар деп аталатын бөлігі
орналасқан.
Батыс Сібір жазығы елі - Батыс Сібір плитасында орналасқан. Меридиан
бағытымен ұзаққа созылып жатқандықтан және жазықтық жер бедеріне байланысты
белдеулік зоналылық айқын байқалады.
Қазақстан аумағына орманды дала және дала зоналары енеді. Алты
географиялық провинцияны қамтиды.
Есіл орманды дала (шаруашылық жер өңдеу) провинциясы
Қазақстанның қиыр солтүстігінде жатыр, Көкшетау қыратына ұштасады.
Батыс Сібір плитасының оңтүстік шетіне сәйкес, мезозой-кайнозой саздарынан
тұрады. Көлдік және көлдік аллювиальді саз бен саз тастармен жабылған. Жер
бедері тегіс жазықты-ойықты және қолатты-жалды. Солтүстікке және солтүстік-
шығысқа еңіс. Салыстырмалы биіктігі 130-200 м.
Климаты: қаңтардың орташа температурасы –19°С, шілденің орташа
температурасы +18°С, жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 350-400 мм.
Негізгі өзені Есіл - аралас қоректенетін өзендер типіне жатады. Су тасуының
биіктігі мен қайырлау деңгейінің төмендігімен сипатталады. Жер бедерінің
тегістігіне байланысты суффозионды тұщы көлдер көп. Олардың пішіні домалақ,
көлденең қимасы табақша тәрізді.
Табиғи өсімдігі – көктеректі-қайыңды ормандар (шоқ ор-мандар) жер
бедерінің еңіс жерлерінде орналасқан (40%-ға дейін жерді алып жатыр).
Топырағы – сұр және шақаттар. Шоқ ормандар арасындағы су айрықтарда астық
тұқымдаспен - әр түрлі шөптесінді даласымен қара топырақ пен шалғынды
далалы сортаңдар (толық жыртылған).
Табиғи ресурстары мен экономикасы.
Құрылыс саздары мен құмдары, жыртуға қолайлы жерлер, сирек қайыңды-
көктеректі және қарағайлы ормандар. Есіл өзеніндегі Сергеев бөгені
(сыйымдылығы 695 млн м3) 200-ге жуық елді мекендерді сумен қамтамасыз етеді
(Есіл топтық су торабы салынған).
Сарыарқа елі (Қазақ ұсақ шоқылығы) - Қазақтың ұсақ шоқылығы, Қазақ
қатпарлы өлкесі, Қазақ таулы қыраты деп те аталады. Каледон (батыс бөлігі)
және герцин (шығысы) орогенезінде пайда болған көне таулы ел. Геологиялық
құрылымы көп түрлі. Түрлі уақыттың және литогендік құрылысы да түрлі –
шөгінді жыныстардан интрузивтік жыныстарға дейін – тау жыныстары кездеседі.
Кең аумаққа созылып жатқандықтан Сарыарқада 4 белдеулік зона бар:
орманды дала, дала, шөлейт, шөл.
Генетикалық көрсеткіштері мен табиғат жағдайы кешендеріне байланысты 9
геоэкологиялық провинцияға бөлінеді, оның әрқайсысы жер бетіне палеозой
және палеозойға дейінгі тасты тау жыныстарының шығуымен немесе палеозойлық
қатпарлы фундаментінің терең еместігімен сипатталады. Көп провинцияларында
минералды шикізат ресурстары бар, олардың бір бөлігі өндіріледі. Табиғи
ландшафттардың көп бөлігінің техногендік бұзылуы – таукен өнеркәсібі
қызметінің экологиялық салдары.
Тұран жазығы елі - Қазақстанның орталық бөлігін, Батыс Сібір ойпаттары
жазықтары (солтүстікте), Орал тауларының оңтүстік шеті (батыста) және
Сарыарқа жазықтары (шығыста) аралығында жатыр. Оңтүстігі мен оңтүстік
шығысында Тянь-Шань қырқаларымен шектеседі.
Негізінен платформалық құрылымы бойынша эпигерцин платформасы болатын
Тұран плитасына сәйкес. Мезокайнозойдың шөгінді жыныстар қабаты 4000 метрге
жетеді.
Тұран елінің басым бөлігін Тұран ойпаты алып жатыр. Оған Үстірт
(батыста), Торғай ойысы жазықтары, Бетпақ дала үстірті ұласып жатыр. Үлкен
алқаптарды құмды шөлдер – Қызылқұм, Мойынқұм, Арал маңы Қарақұмы және басқа
да кіші құм массивтері алып жатыр.
Ландшафттардың шөлдік, шөл-далалық типтері дамыған.
құстар – бүйра бірқазан, кіші аққұтан, сұнқылдақ аққу, ақбас үйрек,
жыланжегіш қыран, дала қыраны, қарақұс, бүркіт, жорға дуадақ, тарғақ,
қарабауыр бұлдырық, ақбауыр бұлдырық, қылқұйрық бұлдырық, қоңыр кептер,
үкі.
1.3 Емдік – сауықтыру орындары
Емдік туризм дегеніміз - адамдардың өздері тұратын жерлерінен басқа
жаққа табиғат жағдайлары мен факторларын емдік мақсатта пайдалануын
айтамыз.Емдік туризм негізі курортар мен санаторий жұйесі және басқа
сауықтыру орталықтары болып табылады.Онда адамдар күнделікті тіршілік
ортасынан оқшаулана отырып жаңа ортада табиғат аясында оның емдік
ресурстарын денсаулығын түзету мақсатында пайдалануы.Емдік сауықтыру
орталығында емдік ресурстар (су,ауа,батпақ т,б ) кеңінен
қолданады.Курорттык немесе санаторий жағдайында ем алу сауығу адамдарды
табиғат ортасында емдеу ,шынықтыру болып табылады.Жұмыс істеу барысындағы
шаршаған организмді қалпына келтіру тек емдік туризм жағдайында іске аса
алады.Бұл жағдайда адам организмі жаңа ортада емдік сипатқа ие болады.Оның
негізі режим сақтауға байланысты.
Психикалық және емдік прцедуралар адам организмінің қалпына келіге
,аурудың алдын алуға алғышарттар жасайды.Табиғи емдік факторлар әсері
осындайда байқалады.
Емдік туризмнің түсініктері. Емдік туристік ресурстар - туристік
көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, нысандары,сондай ақ
туристердің рухани қажеттілігін қанағаттандыра алатын,олардың дене күшін
қалпына келтіріп,дамытуға,олардың күш-ждігерін қалпына келтіріп сергітуге
жарайтын ,салауатты өмір сұруге жәрдемдесетін өзге де нысандар болып
табылады.Туристік қызығушылыққа табиғат,тарихи-мәдени ескерткіштер:
ландшафтылық -климаттық белдеулер.геологиялық,гидрологиялық нысандар (тау
бедері, бархандар, үнгірлер,сарқырамалар,мұздықтар т.б) ,мұражайлар мен
басқа да құбылыстар жатады. Туризм дамуының негізгі алғышарттары болып:
табиғи, әлеуметтік-экономикалық ресурстар және туристік инфрақұрылым болып
табылады. Олар туризмнің дамуына, туристік обьектілер мен туристік
аудандардың құрылуына әсерін тигізеді. Біз осы тарауда туризм дамуының
маңызды алғышарттарына, табиғи жағдайына көңіл бөлгіміз келіп отыр. Табиғи
жағдай туралы айтудың алдында, туристік-рекреациялық ресурстар не? Деген
сұрағына жауап берейік.

олардың компоненттерi. Олардың компонентерi мен жеке касиеттерi көрсетiледi
: аттрактивтiлiк, ландшафттың контрасттылығы мен ритмi, бөгеттердi өту
мүмкшiншiлiгi, географиялык ерекшелiк, экзотикалығы, уникалдығы немесе
керiсiнше карапайымдылығы, табиғи объектiлердiң формалары мен көлемi.

Табиғи ортаның келесі маңызды элементі болып – климат
табылады.Климаттың адамға тікелей және қосалқы әсері бар.Адамның
организіміне тікелей әсерін тигізетін климаттық факторларға: температура
мен ауа ылғалдылығы, жел, атмосфералық қысым, күн
радиациясы,метеорологиялық құбылыстар жатады.Метеорологиялық өлшемдердің
маңыздылығының бірлігі ауа-райы жағдайлары әртүрлілігін анықтайды,олар
әртүрлі физиологиялық эффектілердің пайда болуы мен жүрүіне әсерін
тигізеді.Адам биоклиматологияның маңызды міндеті болып, адамның организмі
мен метеорологиялық факторлардың арасындағы байланыстарды зерттеу.

Адамның организімінің табысты жұмыс әстеуіне айналадағы
ортаныңтемпература режимі әсерін тигізеді.Жазғы орта тәуілік
температуралардыңкомфорттық зоналары +17,2+21,2 деңгейінде болады.(Н.В
Виноградов, В.Г Надеждин бойынша).Осы көрсеткіштер емделуде қажеттілігі
барадамдар үшән есептелінген.Денсаулығы жақсы адамдар үшін біршама жоғары
немесе біршама төмен температуралар ыңғайлы.

Суға шомылу мерзімінің қысқалығы тау беткейлері мен тауларда
орналасқан көлдерге байланысты.Су ресурстарының көректену көздеріне
байланысты оларды туристік –демалысқа пайдалану жолдары әлі күнге дейін
қолға алынбаған 45.
Емдік туризм қазіргі туризм классификациясында елеулі орын
алады.Қоғамдық қатынасы мен технологиясына орайүш формаға бөлінеді: емдік
,сауықтыру-спорттық, және танымдық .Осылардың негізінде туризмнің
класы,типтері,түрлері анықталады.Туристік саяхаттың алдына қойған
мақсаттарына қарай олар төмендегідей жіктеледі: а) рекреациалық туризм,
б) экскурсиалық туризм және в) мамандарылған туризм. Рекреациалық
туризм емделу және дамалу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz