Кәсіпорынның бәсекелестік нарықтағы жағдайы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І.ТАРАУ КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК
ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Қаржы менеджментінің мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Бәсекелестік қабілетті қамтамасыз етудегі
қаржы менеджменті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

ІІ. ТАРАУ КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК НАРЫҚТАҒЫ ЖАҒДАЙДЫН ТАЛДАУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.1. Кәсіпорынның нарықтық жағдайды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2. Кәсіпорын өнімінің бәсекелестік қабілетін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Отандық экономикалық теорияда және тәжірибе жүзінде кәсіпорын қызметін стратегиялық басқару мәселелері әлі де болса жеткіліксіз қарастырылып келеді. Мұның басты себебі – еліміздегі экономикалық бетбұрыстардың басталуына дейін стратегиялық басқару мемлекеттің өз қолында болып келді. Мемлекет өзінің экономикалық саясаты шеңберінде елдің дамуы мен келешегінің стратегиясын қалыптастырып, салалар мен кәсіпорындардың өзекті стратегиялық мақсаттарын анықтап келді. Алайда, нарықтық қатынастардың қалыптасуы және дамуы бәрін де өз орнына қойды. Қазіргі таңда кәсіпорындардың өміршеңдігі, табыстылығы, бәсекелестікке жарамдылығы өз қолдарында, яғни олардың өз қаржылық және шаруашылық жағдайын нығайту кәсіпорынның қаржы менеджментінің стратегиялық міндеті балып табылады.
Қаржылық менеджмент немесе қаржылық ресурстарды және қатынастарды басқару шаруашылық субъектінің бғсекелестік қабілетінің көтерілуі мақсатында қаржы саласында нарықтық механизмді реттеудің нысандары мен тәсілдерін, қағидаларын, әдістерін қамтиды.
Шағын бизнесте қаржыларды басқару үшін бүхгалтермен экономистің біліктілігі жетіп жатыр, өйткені қаржылық операциялар негізі ақша айналымы болып табылған жай қолма-қолсыз есептесудің шегінен шықпайды. Ірі бизнестегі көрініс тіптен басқаша. Ірі бизнесте санының сапаға өтуінің заңдылығы жұмыс істейді. Ірі бизнеске ірі капитал қажет және өнімді тұтынушылар қажет. Орташа немесе үлкен бизнестегі қызметінің көлемімен мөлшерін инвестициямен, капиталды көбейтумен байланысты қаржылық операциялар иеленеді.
Ірі бизнестегі қаржыны басқару үшін қаржылық бизнес саласында арнайы дайындықтағы мамандар қажет. Қаржылық менеджерлер (қаржылық директорлар). Қаржылық теориясын біле тұра менеджмент негіздері, қаржылық менеджер тәжірибе жинақтай отыра бизнестің негізгі тұлғасы болады. Қазақстанда елдің ғлемдік дамудың жалпы экономикалық процестеріне тартылуымен қамтылған терең экономикалық өзгерістер болды. Экономиканы басқарудың бұрыңғы механизмін түбегейлі қайта қўруы жүріп жатыр.
1. Балабанов И.Т., «Основы финансового менеджмента», Москва – 1998
2. Демеуов Б., «Финансовая конкурентоспособность компаний и пути ее повышения», Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана, 2004, №4
3. Джумагельдиева Т.А., «Конкуренция: теория и механизмы развития», Алматы – 2003
4. Ковалев В.В., «Финансовый анализ», Москва – 1998
5. Ковалева А.М., «Финансы фирмы», Москва – 2002
6. Колчина Н.В., Поляк Г.Б., «Финансы предприятий», Москва – 2003
7. Романовский М.В., Сабанти Б.М., «Финансы», Москва – 2002
8. Сәрсенбаев А., «Тұтыну тауарлары нарықтарындағы табыстық стратегиялық факторлар», Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана, 2004, №4
9. Слепов В.А., «Финансы и цены», Москва – 1999
10. Стоянова Е.С., «Финансовый менеджмент», Москва – 2003
11. Анташов В.А. Уварова Г. В. Экономический советник менеджера. Уч.-пр. пособие: М., 1996. Бригхэм Ю. Ф
12. Анализ финансов предприятия в условиях рынка. – М., 1997.
13. Баймухамбетова С. С. Финансовый менеджмент. – А.: Казак университетi, 1998.
14. Бернстайн Л.А. Анализ финансовой отчетности: теория, практика и интерпретация. – М., 1996.
15. Бригхэм Ю. Ф. Энциклопедия финансового менеджмента. – М., 1998.
16. Бригхэм Ю. Ф., Гапсиски Л. Финансовый менеджмент. Полный курс: В 2-х томах. –С-П., 1997.
17. Ван Хорн Дж. К. Основы управления финансами. – М.: Финансы и статистика, 1996.
18. Друри К. Введение в производственный и управленческий учет. – М, 1997.
19. Дюсембаев К.Ш., Егембердиева С.К., Дюсембаева З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учебное пособие. – А.,1998.
20. Как понимать и использовать финансовую отчетность / [Пер. с англ. Н. Павлов, науч. ред. Г . Микерин]. – М. 1996.
21. Карлин Т.Р. Маклин III Альберт Б. Анализ финансовых отчетов (на основе GAAP). – М., 1998.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мамзұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І.ТАРАУ Кәсіпорын қаржы менеджментінің бәсекелестік
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Қаржы менеджментінің мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..5
1.2. Бәсекелестік қабілетті қамтамасыз етудегі
қаржы менеджменті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 7

ІІ. ТАРАУ Кәсіпорынның бәсекелестік нарықтағы жағдайдыН
талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.1. Кәсіпорынның нарықтық жағдайды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2. Кәсіпорын өнімінің бәсекелестік қабілетін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... . 14

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 24
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Кіріспе
Отандық экономикалық теорияда және тәжірибе жүзінде кәсіпорын қызметін
стратегиялық басқару мәселелері әлі де болса жеткіліксіз қарастырылып
келеді. Мұның басты себебі – еліміздегі экономикалық бетбұрыстардың
басталуына дейін стратегиялық басқару мемлекеттің өз қолында болып келді.
Мемлекет өзінің экономикалық саясаты шеңберінде елдің дамуы мен келешегінің
стратегиясын қалыптастырып, салалар мен кәсіпорындардың өзекті стратегиялық
мақсаттарын анықтап келді. Алайда, нарықтық қатынастардың қалыптасуы және
дамуы бәрін де өз орнына қойды. Қазіргі таңда кәсіпорындардың өміршеңдігі,
табыстылығы, бәсекелестікке жарамдылығы өз қолдарында, яғни олардың өз
қаржылық және шаруашылық жағдайын нығайту кәсіпорынның қаржы менеджментінің
стратегиялық міндеті балып табылады.
Қаржылық менеджмент немесе қаржылық ресурстарды және қатынастарды
басқару шаруашылық субъектінің бғсекелестік қабілетінің көтерілуі
мақсатында қаржы саласында нарықтық механизмді реттеудің нысандары мен
тәсілдерін, қағидаларын, әдістерін қамтиды.
Шағын бизнесте қаржыларды басқару үшін бүхгалтермен экономистің
біліктілігі жетіп жатыр, өйткені қаржылық операциялар негізі ақша айналымы
болып табылған жай қолма-қолсыз есептесудің шегінен шықпайды. Ірі
бизнестегі көрініс тіптен басқаша. Ірі бизнесте санының сапаға өтуінің
заңдылығы жұмыс істейді. Ірі бизнеске ірі капитал қажет және өнімді
тұтынушылар қажет. Орташа немесе үлкен бизнестегі қызметінің көлемімен
мөлшерін инвестициямен, капиталды көбейтумен байланысты қаржылық
операциялар иеленеді.
Ірі бизнестегі қаржыны басқару үшін қаржылық бизнес саласында арнайы
дайындықтағы мамандар қажет. Қаржылық менеджерлер (қаржылық директорлар).
Қаржылық теориясын біле тұра менеджмент негіздері, қаржылық менеджер
тәжірибе жинақтай отыра бизнестің негізгі тұлғасы болады. Қазақстанда елдің
ғлемдік дамудың жалпы экономикалық процестеріне тартылуымен қамтылған терең
экономикалық өзгерістер болды. Экономиканы басқарудың бұрыңғы механизмін
түбегейлі қайта қўруы жүріп жатыр.
Нарықтық экономика оның үлгілерінің әр-түрлілігі кезінде мемлекет
реттеумен толықтырылатын ғлеуметтік бағыттаға шаруашылықты білдіреді.
Нарықтық қатынастардың өзіндік жүйесінде, сондай-ақ оларды мемлекет
тарапынан реттеу механизмінде де қаржы басты рөл атқарады. Олар нарықтық
қатынастардың ажырамас бөлігі болып табылады, және мемлекттік саясаттың
жүзеге асырылуының маңызды құралы болып табылады. Міне, сондықтанда
қаржылық менеджердің жұмысының маңыздылығы артып отыр.
Қазақстанның экономикасының көтерлуі, бұған кең ауқымды теориялық
білімдері бар жоғары білікті кадрлардың және оларға инвесторлардың,
акционерлердің, несие берушілердің, өзгеде қаржылық қатынастар
қатысушылардың мүдделердің объектівті қорғауды жүзеге асыратын жақсы
тәжірбиелік мектептің қатысуынсыз мүмкін емес.
Міне, сондықтан да қазіргі таңда біздің республикамызда қаржылық қызмет
саласында мамандардың даярлаумен оқытуға көп көңіл бөлінуде.

І.ТАРАУ Кәсіпорын қаржы менеджментінің бәсекелестік
жағдайы
1.1. Қаржы менеджментінің мазмұны
Аталған қызметтерді жүзеге асырудың нақты нысандары мен әдістері
кәсіпорынның қаржылық саясатымен анықталады. Қаржылық саясат кәсіпорынның
өз қызметін жүзеге асыру мақсатында қаржы ресурстарын басқару үшін
қолданатын шаралардың жиынтығы болып табылады және келесідей элементтерді
қамтиды:
есеп саясаты;
несие саясаты;
инвестициялық саясат;
ақша ағындарын басқару саясаты;
шығындарды басқару саясаты;
дивидендтік саясат.
Есеп саясатын мемлекеттік бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға және
бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес қалыптастыру қажет. Қазақстан
Республикасында бұл тұрғыда негізгі құжат ретінде Қазақстан Республикасы
Президентінің Заңдық күші бар Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру
туралы 1995-жылдық 25-желтоқсанында қабылданған Жарлығы және Бухгалтерлік
есеп стандарттары қарастырылады.
Несие саясаты шеңберінде кәсіпорынның айналым қаражаттарымен қамтамасыз
етілуі шаралары қарастырылады – меншікті айналым қаражаттарының көлемін
және қарыз қаражаттарға мұқтаждылықты анықтау. Ұзақ мерзімді несиелерді
тарту қажет болған жағдайларда кәсіпорынның капитал құрылымы және қаржылық
тұрақтылығы зерттеледі.
Инвестициялық саясат барысында меншікті және тартылған қаражаттарды
тиімді орналастыру шаралары қарастырылады.
Ақша қаражаттарын басқару саясаты кәсіпорынның есеп шоттарындағы
қаражаттардық қалдықтарын оңтайландырумен, қаражаттардың есеп шоттарға
келіп түсуі және олардың қолданылуы уақыттарының аралығын азайтумен, есеп
айырысудың түрлі нысандарын қолданумен, дебиторлық қарызды инкассациялаумен
байланысты болады.
Шығындарды басқару саясаты шығындардың барлық элементтері бойынша
сметалар (жоспарлар) құру және олардың қолдануды тиімді бақылау арқылы
жүзеге асады.
Дивидендтік саясат кәсіпорын иелерінің және акционерлері мен
менеджерлерінің мүдделерін бірдей деңгейде қорғауға, сондай-ақ кәсіпорын
акцияларының, яғни бизнестің құнын арттыруға арналған. Дивидентік саясаттың
келесідей нұсқалары мүмкін:
дивидендтер табыстан бірқалыпты пайыз ретінде бөлініп отырады. Бұл әдістің
артықшылығы – қарапайымдылығы. Кәсіпорын табысы артқан сайын акционерлердің
де дивидендтік табыстары арта түседі. Сәйкесінше, табыс төмендеуімен
дивидендтер де төмендей бастайды;
тіркеулі дивидендтік төлемдер саясаты – дивидендтер әрбір акцияға тіркеулі
мөлшерде төленеді. Артықшылығы – нарықтық ауытқуларды реттеп отыратын
қарапайымдылығы; кемшілігі – кәсіпорын табысы төмендеген жағдайда кәсіпорын
табыссыз қалады;
кепілді минимум және экстра дивидендттік төлемдер саясаты;
дивидендерді капиталдандыру – дивидендтерді акциялар түрінде төлеу. Мұндай
саясат кәсіпорын қаржылық қиындықтарға душар болған жағдайда қолданылады.
Қаржы менеджментінің негізгі міндеті – қаржыны басқарудың кәсіпорынның
стратегиялық және ағымды мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған тиімді
жүйесін қалыптастыру болып табылады. Нақты бір кәсіпорынның қаржыны басқару
жүйесі көптеген факторларға байланысты болады: меншіктік нысанына, ұйымдық-
құқықтық дәрежесіне, салалық және технологиялық ерекшеліктеріне, капитал
көлеміне.
Қаржыны басқару барысында көптеген әдістер қолданылады, солардың
ішіндегі негізгілері: болжамдау, жоспарлау, салық менеджменті, сақтандыру
және өзін-өзі сақтандыру, несиелеу, баға саясаты және қаржы құралдарын
қолдану (лизинг, факторинг).
Кез-келген қаржыны басқару жүйесінің қызмет етуі қолданыстағы
заңнамалық актілер мен нормативтік негіздер шеңберінде іске асады. Мұндай
құжаттар заңдар мен Президенттің жарлықтарынан бастау алып, әдістемелік
нұсқаулармен аяқталады. Сондай-ақ бухгалтерлік есеп берудің қаржылық
сипаттағы ақпараттары, тауар және қор биржаларының ақпараттары, несие
жүйесінің ақпараттары қолданылады.
Сонымен, кәсіпорынның қаржысын басқару осы саладағы маманнан
стратегиялық және ағымды мәселерді шешу үшін терең білімді және жоғары
біліктілікті қажет етеді.

1.2. Бәсекелестік қабілетті қамтамасыз етудегі
қаржы менеджменті
Бүгінгі таңда әлемдік жетекші компаниялардың іскерлік стратегиясы
бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге бағытталған. Демек, стратегия
дегенімізді нарықтағы ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарды анықтау
және жүзеге асыру арқылы өз мақсаттарына жетуге бағытталған қорытынды
жоспар ретінде қарастыруға болады. Стратегиялық мақсаттардың саны мен
қалыптасуы әрбір компанияда алуан түрлі болуы мүмкін. Олар бір-бірімен
тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып отырады, сондықтан да кәсіпорын өз
қарамағында түрлі мақсаттардың толық кешені болуы тиіс. Қаржы
менеджментінің мақсаттарын келесідей тәртіп бойынша саралауға болады:
қаржылық дағдарысты немесе қолайсыз жағдайларды болдырмау;
өндіріс және өнімді өткізу көлемін арттыру;
бәсекелестермен күресте жетекші орынға ие болу (қаржыгерлердің көзқарастары
бойынша бәсекелестік қабілет капиталдың рентабельділігімен, яғни капитал
бірлігіне келетін табыстың мөлшерімен, сипатталады);
кәсіпорын құнын барынша арттыру.

Қаржы менеджменті бәсекелестік ортадағы ортадағы ролі өндіріс барысын
тиімді ұйымдастырумен және оны қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету,
осы процесстерді үнемі бақылап отырудан көрініс табады. Нарықтағы үлкен
сұраныстарға ие болып жүрген тауарларды немесе әлі нарыққа түспеген жаңа
тауарларды іздестіру, оларды өндіруге инвестициялар салу кәсіпорынның табыс
көздерін арттыруға септігін тигізеді.

Кәсіпорынның өндіретін тауары, көрсететін қызметі немесе атқаратын
жұмысының бағасы, сапасы және имиджі шаруашылық қызметтің табысына едәуір
ықпал етеді. Тауар имиджі жөнінде айтатын болсақ, оның ықпалы тенденция
түрінде және маңызды түрінде болады. Көрсетілген барлық параметрлер
кәсіпорынның табысына тікелей әсер ететіндіктен, табыстың стратегиялық
факторларын идентификациялау қаржы менеджментінің басты міндеті болып
табылады. Зерттеулердің нәтижелері мынаны дәлелдейді: зерттелетін
параметрлер әр түрлі бағаланады және алуан түрде әр түрлі салалардағы
тұтынушыларға әсер етеді.
Жалпы алғанда кәсіпорынның қаржы менеджерлері нарықтық даму
жағдайларында тұтынушылардың ең алдымен тауардың сапасына, содан кейін
өнімнің болмысы мен имиджіне назар аударатынын ескерген жөн. Ал тауардың
бағасы тұтынушының санасында тауар туралы алғашқы сипаттаманы
қалыптастырғанымен, түптеп келгенде бағасы төмен, сапасыз өнім оларды аз
қызықтырады. Тауардың дизайні мен сервистік қызмет көрсету тұтынушылар
санасында азырақ мәнге ие, алайда бәсекелестермен күресте артықшылықтарды
жеңіп алуда бұл параметрлер де өзінің маңызды ролін ойнайтыны сөзсіз.
Шаруашылық етуші субъектінің табысына тауар сапасының жанама түрде
нарықтық үлестің ұлғаюымен сипатталады, ол үлестің артуы өткізілетін өнім
сапасының артуымен байланысты. Инновациялық және тұтынушыға жақындық, оның
көңілін таба білу секілді факторлар табыстың шешуші факторлары болып
табылады. Сонымен қатар, тұрақты нарықтық табысты қамтамасыз ету үшін
тауардың сапасына күш-жігердің жұмылдырылуы жеткіліксіз, және бұл
параметрді тауар сапасын басқару менеджментінің жүйесіне енгізу керек.
Сондай-ақ, қаржы менеджерлері бәсекелестермен күрес барысында мынаны
ескерген дұрыс. Кез-келген нарықтағы немесе саладағы бәсекелес
кәсіпорындардың тек аз ғана бөлігі жоғары сапалы тауарларды өндіруге
жеткілікті қаржы ресурстарымен жарақталған. Сондықтан да, осы нарықтағы
немесе саладағы тауарды әртараптандыру (диверсификациялау) стратегиясын
қолдану көптеген мәселелерді шешеді.
Сонымен, қаржы менеджментінің стратегиялық негізгі мақсаты түптеп
келгенде тек қана табыс табумен ғана шектеліп қоймай, сонымен қатар
нарықтағы өз орнын, бәсекелестік қабілетін қамтамасыз етумен анықталады.
Бұл, өз кезегінде, кәсіпорынның жарқын болашағының іргетасы болып табылады.
Кәсіпорынның қаржы менеджменті мен маркетингтік саясатының бәсекелестік
ортадағы алатын орны ерекше. Бағалық шешімдерді дұрыс қабылдай білу,
нарықтың белгілі бір сегменттеріне дұрыс икемделу, тауарды өткізу бойынша
ұдайы күш жұмсау, тауарды өткізуді жіті қадағалау және бақылау, сондай-ақ
маркетингтік саясатты уақтылы түзету кәсіпорынның қаржылық табыстарға
жетуігің маңызды элементтері болып табылады. Осы орайда қаржы менеджменті
мен маркетингтік қызметтің бір-бірімен тығыз байланысы көрініс табады.
Бағалық және басқа да қаржылық шешімдер қабылдау үшін кәсіпорынға ең
бірінші кезекте оның өніміне деген сұраныс туралы ақпараттар қажет. Мұндай
ақпараттарға қол жеткізуге, олардың кәсіпорын үшін тиімділігін анықтауға
маркетингтік шараларға шығындар жұмсау арқылы көз жеткізуге болады.
Маркетингтік зерттеулер нәтижесінде алынған ақпараттар қосымша тауар
өндірудің және сатудың түрлі нұсқаларын қалыптастырып, салыстырып, қажетті
қаржылық, дәлірек айтқанда инвестициялық, шешімдер қабылдауға қолайлы
жағдайлар жасайды.
Қаржы менеджерлері, әдетте, кәсіпорындағы баға қалыптасудың негізгі екі
кезеңін бөліп көрсетеді:
Базалық бағаны анықтау, яғни шегерімдерсіз, үстеме бағаларынсыз,
тасымалдау, сақтандыру, сервистік компоненттерді есепке алмай баға орнату.
Жоғарыда келтірілген компоненттерді, шегерімдерді, үстеме бағаларды есептей
отырып, баға орнату.
Базалық бағаны анықтаудың тәжірибеде бірнеше әдістері қалыптасқан. Бұл
әдістерді жеке-жеке немесе бірімен байланыстыра отырып қолдануға болады:
толық шығындар әдісі;
өндіру (өңдеу) құнының әдісі;
бағаны қысқартылған шығындар негізінде анықтау;
тікелей шығындар әдісі және маржиналды шығындар әдісі;
инвестициялардың рентабельділік (табыстылық) әдісі;
маркетингтік немесе нарықтық бағалау әдістері.
Баға қалыптасуының аталған әдістері кәсіпорынның стратегиялық
маркетингтік мақсаттарына жетудің негізгі құралы болып табылады. Ендігі
кезекте туындайтын сұрақ: бағалардың қандай түрлері маркетингтік саясаттың
элементтері болып табылады?
Әрине, маркетингтік саясаттың бағаларды анықтау әдістері тауардың
нарықта тиісті орнын табуын көздейді. Жаңа тауарлардың нарықта сәтті
сұраныс табуын қамтамасыз ету үшін келесідей баға түрлері белгіленеді:
Жоғары бағалар, яғни жаңа немесе жетілдірілген тауардың нарықтағы
қозғалысының басынан бастап жоғары бағалар белгіленеді. Бұл жағдай
кәсіпорын нарықта осы бағамен аталған тауарды сатып алушылардың
болатындығына көздері жететін болғанда ғана қолданылады.
Тауарды нарыққа енгізу үшін қолданылатын бағалар, яғни кәсіпорын өз
тауарларына нарықтағы осы тәріздес тауарлардың бағасынан біршама төмен
бағалар орнатады.
Психологиялық бағалар – қандай да бір бүтін сомадан біршама төмен
белгіленген бағалар (мысалға, 199 теңге немесе 1999 теңге секілді бағалар).
Мұндай бағалар тұтынушының санасында тауардың бағасын мейлінше төмен
көрсетіп, психологиялық әсер қалдырады.
Нарықтағы немесе саладағы жетекші фирманың бағалары – тауардың бағасы
нарықтағы немесе осы саладағы жетекші орындағы компанияның тауарларына
деген бағамен сәйкес белгіленеді.
Өндіріс шығындарын өтеу бағалары, яғни жаңа өнімнің бағасын оны өндіруге
кеткен нақты шығындарды және нарықтағы немесе саладағы табыстың орташа
мөлшерін ескере отырып, қалыптасады.
Салтанатты бағалар, яғни қандай да бір ерекше, қайталанбас қасиеттері бар
өте жоғары сапалы тауарларға қолданылатын бағалар.
Нарыққа жаңадан енгізілетін тауарлармен қатар, кәсіпорындар қазіргі
кездегі тұтыныстағы тауарлардың бағаларын да тиісінше қалыптастырып
отырады. Қалыптасып үлгерген және осында ұзақ уақыт тұтыныста жүрген
тауарлар үшін бөлек бағалар қарастырылады. Бұл бағаларды тиімді қолдану
кәсіпорынның бәсекелестікке жарамдылығын арттыруға септігін тигізеді.
Тауарлар мен қызметтердің ауытқымалы төмендеу бағалары. Мұндай бағалар
нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың өзара қатынасына байланысты орнатылады және
нарық осы тауарлармен толған сайын біртіндеп төмендей бастайды.
Ұзақ мерзімді бағалар ұзақ уақыт бойында өзгерістерге бой алдыра бермейді.
Нарықтық тұтынушылар сегментінің бағалары. Мұндай бағалар бір тауарға
тұтынушылардың түрлі категорияларына (нарық сегменттеріне) қарай әр түрлі
шамада белгіленеді.
Икемді бағалар, яғни нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың өзгерістеріне жылдам
икемделетін бағалар.
Артықшылықты бағалар нарықта жетекші орын алатын кәсіпорындардың өз
тауарларына мейлінше төмен бағалар орнатумен сипатталады. Бұл жағдайда
кәсіпорын тауар сатылымының көлемін арттыру және сатылым шығындарын үнемдеу
арқылы жалпы өндірістік шығындарды азайта алады.
Өндірістен шығып қалған, қазіргі кезде өндірілмейтін тауарларға
белгіленетін бағалар.
Нарықтағы басқа кәсіпорындармен салыстырғанда біршама төмен орнатылаты
бағалар.
Келісімді бағалар бір немесе бірнеше кәсіпорындардың арнайы тауарларына
немесе тауарлардың белгілі бір топтарына қолданылады.
Маркетингтік зерттеулердің нәтижесінде кәсіпорынның қаржы менеджерлері
жоғарыда келтірілген тауар бағаларының қайсысын таңдау керектігі және баға
қалыптасуының қандай саясатын қолдану туралы шешімдер қабылдауы тиіс. Баға
қалыптастыру саясатын таңдау көптеген факторларға байланысты. Мұндай
факторларға кәсіпорынның тауар нарығындағы өз бақылауында ұстап тұрған
үлесі, жаңа тауарды нарыққа енгізу жылдамдығы, жұмсалған капитал
салымдарының өтелімділік мерзімі, нарықтағы бәсекелестік күрестің қатаңдығы
және т.с.с.

ІІ. ТАРАУ Кәсіпорынның бәсекелестік нарықтағы жағдайдыН талдауы
2.1. Кәсіпорынның нарықтық жағдайды
Кәсіпорын қандай да бір нарықта немесе салада болмасын, оның
өміршеңдігін, бәсекелестік қабілетін анықтау тек өзінің қаржылық жағдайын
бағалап қана қоюмен шектелмейді. Аталған салада немесе нарықта осы тектес
тауар өндіруші кәсіпорындар қызмет етуде, тұтынушылардың көңілін жаулап
алуға тырысуда екенін қаржы менеджерлері әсте естен шығармаса керек.
Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың қатынасы (нарық конъюнктурасы),
тұтынушылардың талғамы, кәсіпорынның өндірістік қуаты – міне осы аталған
көрсеткіштердің тиімді қатынасын қалыптастыра білу кәсіпорынның бәсекелстік
қабілетінің нақты жағдайын анықтап береді.
Маркетингтік зерттеулердің маңызды көрсеткіштері – бұл тауардың сұраныс
қисығы мен ұсыныс қисығы болып табылады.
Сонымен, тепе-теңдік бағасы өндірісті автоматты түрде реттеу тұрғысында
сәтті қызмет етеді. Заңды және жеке тұлғалардың белгілі бір
категорияларының табыстарының артуы нәтижесінде Қазақстандық нарық қазіргі
таңда сұраныс қисығының жоғары жылжуымен сипатталады. Сәйкесінше, тепе-
теңдік бағасы да өсе түседі.
Сұраныс қисығының жоғары жылжуына сонымен қатар баға өсімі –
инфляциялық фактор да әсерін тигізеді. Мысалға, қандай да бір тауардың
бағасы өседі деп күтілетін болса, сәйкесінше осы тауарға деген ұсыныстың да
өсуін көреміз. Сұраныс қисығының жағдайына әсер етуші басқа да факторларды
атап кетуге болады: елдегі халық санының өзгеруі, тұтынушылардың
талғамдарының өзгеруі, саяси және табиғи сілкіністер және басқа да
факторлар.
Тауарды тұтынушы қандай қажеттіліктерді жетекшілікке алады? Бұл сұраққа
жауап бере отырып, экономикалық теория келесі қағидаларға сүйенеді:
Тұтынушы өзінің шектеулі қаражаттарымен (табысымен) мейлінше
қанағаттанарлық игілікке, яғни субъективті пайдалылыққа қол жеткізгісі
келеді. Субъективті пайдалылық деп бұл жағдайда әрбір тұтынушының нақты бір
тауарға деген өзінің ішкі талғамы болатындығын түсінеміз. Мысалға, сіздің
қолыңызда бар ескі тарихи дүние сізге ешқандай қажеті жоқ болса, көне
заттар жинаушы тұлғаларға, тарихи зерттеушілерге бұл аса бағалы зат болып
табылады, немесе, сіздің сәбиіңіз үшін ойыншық немесе велосипед жоғары
табысты акциялардан анағұрлым пайдалырақ болып келеді.
Тауардың субъективті пайдалылығы тауардың әрбір келесі данасын тұтынған
сайын азая береді. Сонымен қатар, тауардың жалпы пайдалылығы баяу қарқынмен
өседі. Тауардың әрбір қосымша данасын тұтынған сайын субъективті
пайдалылықтың жалпы өсімі шекті пайдалылық деп аталады.

2.2. Кәсіпорын өнімінің бәсекелестік қабілетін талдау

Тұтынушы үшін тауардың тиімділігі нені білдіреді? Коммерциялық
қызметтің негізгі принципі: Ешкім тауарды немесе қызметті сатып алмайды –
кез-келген тұтынушы тауардың пайдалылығын сатып алады. Нарыққа келген
сәтте тұтынушы өзіне қажет тауарды сатып алу үшін әр түрлі жағдайларға тап
болады. Ол әрбір жағдайды, нұсқаны салыстыра отырып, өзінің мұқтаждықтары
мен субъективті талғамына сәйкес келетін нұсқаны таңдап алады. Тұтынушының
таңдауын шектейтін негізгі жағдай – оның табысы. Тұтынушы өзінің шектеулі
табысын барынша пайдалы тауар алуға жұмсағысы келеді, яғни өз табысын
барынша тиімді жұмсауға тырысады.
Тұтынушының таңдауы әр уақытта оның бюджетімен және тауардың бағасымен
шектеледі. Тұтынушылық тепе-теңдігі, яғни тұтынушының табысына сай тепе-
теңдік, мына қатынаспен сипатталады:

(2.1)

мұнда МПА және МПБ – сәйкесінше А және Б тауарларының маржиналды
(шекті) пайдалылығы; БА және ББ – сәйкесінше А және Б тауарларының бағасы.
Тұтынушы шекті пайдалылықтың бағаға қатынасы тең болатын тауарлар
жиынтығын сатып алып, пайдалылықты барынша арттырады. Тауардың сапасы – бұл
оның жеке және өндірістік мұқтаждықтарды қанағаттандыра аларлық
қасиеттерінің жиынтығы болып табылады. Маркетингтік зерттеулердің нәтижесі
бойынша тұтынушылар үшін олардың тауардың сапасы бағадан тікелей тәуелді
жоғарғы және төменгі шектері болады. Төменгі шектен төмен баға өте
төмендетілген болып табылады, ал жоғарғы шектен асқан баға - өте қымбат
баға болып табылады.
Тәжірибе жүзінде тауардың пайдалылығы мен бағасы төменде келтірілген
баға қалыптасуының параметрлік әдістері бойынша анықталады.
Салмақты баға әдісі. Бұл әдіс бойынша баға тауар сапасының негізгі
параметрінің құнын есептеу арқылы есептеледі (қуаты, өнімділігі және
т.с.с.). Есептеу формуласы келесідей:

немесе немесе (2.2)

мұнда Бб – базалық өнімнің бағасы; Бж – жаңа өнімнің бағасы; Пб –
базалық тауардың негізгі параметрінің мәні; Пж – жаңа тауардың негізгі
параметрінің мәні.
Баллдық әдіс. Бұл әдіс тұтынушы үшін тауар сапасының параметрлері
сараптамалық бағалауға негізделеді. Сапа параметрлеріне техника-
экономикалық, эстетикалық және басқалар жатады. Есептеу үшін келесі формула
қолданылады:

(2.3)

мұнда бб және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай-газ саласындағы бәсеке қабілеттіліктің теориялық аспектілері
Кәсіпорынның бәсекелік артықшылығы және бәсекеге қабілеттілігі
Пассивті стратегиялар стратегиялары
Бәсекенің экономикалық мазмұны
Бағалық стратегиялар маркетингтік
Бәсекелік артықшылықтың ішкі кәсіпорынның факторлары
Кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін арттырудың теориялық аспектілерін зерттеп, оның бәсекелік қабілетін арттыру бағыттарын зерттеу
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсеке қәбілеттілігін арттыр
Денсаулық сақтау (фармация) саласын стратегиялық басқару
Ақсай нан НБК ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Пәндер