Қоршаған ортаның химиялық заттармен ластануы


МАЗМҰНЫ

Кіріспе

  1. Қазіргі кездегі қоршаған ортаның химиялық заттармен ластану дәрежесі
  2. Кәсіпорын орналасқан аймақтың табиғи-климаттық

сипаттамасы

1. 3 Қорғасын, мыс, мырыш және кадмий элементтерінің

биологиялық әсері

1. 4 Антропогенді факторлардың өсімдіктерге, жануарларға және

адам организміне әсері

1. 5 Қоршаған ортаны қорғаудағы мемлекеттік іс-шаралар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КIРIСПЕ

Өндiрiстiк прогресс қоршаған ортаға көп мөлшерде зиянды заттардың түсуiмен және қалыптасқан табиғи тепе-теңдіктің бұзылуымен қатар жүруде. Бiздiң республикамыздың қазiргi экологиялық жағдайы күрделі - барлық жерде өндiрiстiк қалдықтармен, радиациямен ластану, ауру түрлерi мен мутациялардың өсуi, су мен тамақ өнiмдерiнде нитраттардың, пестицидтердiң, ауыр металдардың мөлшерiнiң өсуi етек алуда. Соңғы кезде металлургия өндiрiсi дамыған, өндiрiстен және автотранспорттан бөлiнген зиянды қалдықтармен ластану дәрежесi жоғары аймақтарда ауыр металдардың артық мөлшерiнiң қоршаған ортаға және адам организмiне түсуiне, олардың зияны мен биологиялық рөлiн зерттеуге ерекше көңiл бөлiнуде. Түстi металлургия өндiрiсi орналасқан аудандардың атмосферасына көп мөлшерде әртүрлi химиялық қосылыстар түседi, олардың iшiндегi негiзгiлерiнiң бiрi - ауыр металдар. Ауыр металдардың 80% микроэлементтердiң қатарына жатады. Микроэлементтердiң тiршiлiк ортасында, оның ішiнде ауыз су мен тамақ өнiмдерiнде жетiспеуi немесе артық мөлшерде болуы зат алмасудың бұзылуына, нәтижесiнде эндемиялық аурулардың дамуына әкелiп соқтырады. Ал өсiмдiктерде артық мөлшерде жиналуы, олардың организмiнде өтетiн тiршiлiк үшiн маңызды процестерге қауiп төндiретiнi белгiлi. Бұл ауыр металдардың суда және басқа геохимиялық орталарда қалыпты мөлшерде болуы қажеттiгiн көрсетедi.

Қоршаған ортаның өндiрiс орындарынан бөлiнген зиянды қалдықтармен ластану дәрежесi, олардың адам денсаулығына әсерi және санитарлы-гигиеналық маңызы көп ғылыми еңбектерде келтiрiлген. Қазақстанның бүкiл облыстары мен өлкелерi экологиялық апат аймағына айналып отыр. Солардың бiрi - қорғасын өндiрiсiнiң қалдықтарымен ластанған Шымкент қаласының территориясы. Осыны ескере отырып бiздiң алдымызға қойған мақсатымыз- Шымкент қаласының ауыр металдармен ластану деңгейiн анықтап, олардың трофикалық тiзбек арқылы тасымалдана отырып тiрi организмдерге, яғни биотаға және адам денсаулығына әсерiн зерттеу. Сонымен қатар, алынған нәтижелерге сүйене отырып, Шымкент қаласының қазiргi жағдайын биологиялық тұрғыдан бағалау болып табылады. Қазiргi кезде экологиялық проблемалар жан-жақты комплекстi зерттеудi талап етедi.

Өндiрiстiк қалдықтардың қоршаған орта объектерiне түсуiн, жиналуы мен миграциясын зерттеу, олардың әсерiн дұрыс бағалауға мүмкiндiк береді.

1. 1 Қазiргi кездегi қоршаған ортаның химиялық заттармен ластану дәрежесі.

Қоршаған ортаға түскен экотоксиканттар метеорологиялық факторлардың әсерiнен топырақта, суда және атмосферада кең таралып, тiрi организмдердiң тiршiлiк әрекетiне керi әсер етуде. Экотоксиканттардың үлкен қашықтықтарға таралуы олардың физикалық және физика-химиялық қасиеттерiне, яғни булануына, ұшқыштығына, ерiгiштiгiне, т. б байланысты. Қазiргi кезде барлық табиғи орталарда бақыланып отырған ластаушы химиялық заттардың негiзгiлерiнiң бiрi - ауыр металдар. Бұл бiр жағынан металдардың биологиялық активтiлiгiне байланысты. Сонымен қатар, олар органикалық қосылыстар сияқты трансформацияға берілмейдi, биохимиялық айналымға түскенде ұзак сақталады. Үздiксiз әсер етушi химиялық заттардың аз мөлшерiнiң өзі өсiмдiктер, жануарлар және адам организмiне канцерогендi әсер етедi. Көптеген ауыр металдар, олардың iшiнде қорғасын, кадмий, хром, никель улы заттардың қатарына жататыны белгiлi. Олар тiрі организмдерде жинақталып, ұзақ уакыт бойы сақтала алады және аккумуляцияланған у ретiнде әсер етедi. Бұл заттардың тiрi организмдердегi концентрациясы қоршаған ортадағы концентрациясынан 100-1000 есе жоғары. Адам әрекетi нәтижесiнде қоршаған ортада атап айтқанда, топырақ, су, атмосфера, тiрi организмдер құрылымында қорғасын миграциясы үлкен көлемдi қамтиды. Атмосфераның өздiгiнен тазалануы барысында қорғасынның айтарлықтай бөлiгi өндiрiс орнының айналасына шөгедi немесе жауын-шашынмен бiрге құрлық пен мұхиттарға қайтып оралады. Әдебиеттердегi мәліметтер бойынша, қорғасын массасының құрлык пен әлемдiк мұхит арасындағы таралуы мынадай жағдайда: судың құрамындағы қорғасынның орташа концентрациясы 1мкг/л болатын өзен суы мен мұхитқа жылына суда еритiн қорғасынның шамамен 40·10³ т қосылады, өзен суының түйiршiктi фазасында жылына 2800·10³ т жұқа органикалық дентритте 10·10³ т қорғасын кездеседi. Ауыр металдардың миграциялық ағыны мұхитқа тек қана өзен суымен ғана емес, атмосфера арқылы да түседi. Континентальды шаң арқылы мұхитқа жылына (20·30) ·10³т қорғасын түседi. Жаңбыр суы арқылы түскен мөлшерi жылына (400-2500) ·10³ т бағаланады. Аса улы ауыр металдардың бiрi - кадмий. Оның 70-шi жылдардағы әлемдiк өндiрiсi жылына 15·10³ т жеткен. Атмосфераға бөлiнген кадмийдiң көлемi жылына (1, 7-8, 6) ·10³т құрайды.
Адам өз әрекетi нәтижесiнде химиялық элементтердiң табиғи ағымын түбiрiмен өзгертті. Антропогендi көздерден атмосфераға түсетiн қорғасын қалдықтары табиғи қалдықтармен салыстырғанда 18, 3 есе, кадмий - 8, 8 есе, мырыш 7, 2 есе жоғары. Биота мен су түбіндегi ауыр металдардың концентрациясы суға қарағанда анағұрлым жоғары. Су тубiнде ауыр металдардың концентрациясы: мырыш - 160, мыс-25, қорғасын-47, никель-43, күмiс - 0, 37 мг/кг дейiн жетеді. Су түбінде ауыр металдар бiркелкi таралмайды, негiзiнен органикалық заттар шоғырланған жерлерде көп кездеседi.
Балхаш суының ластану коэффициентi соңғы 30 жылда 2-3 есе артқан. Көлдің ұзындығы бойынша (тұщы бөлігінен ащы бөлiгiне қарай) ластану коэффициентi 2-ден 9-ға дейiн өскендiгi байқалады. Бұл көл суының сапасының қалыпты деңгейден 3-10 есе төмендiгiн көрсетедi.
Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығына пайдаланылып жүрген жерлердiң топырағының құрамын тексергенде, қорғасынның мөлшерi 400 мг/кг (20 ПДК), мыс - 200 мг/кг (20 ПДК), мырыш - 2000 мг/кг (40 ПДК), мышьяк - 100 мг/кг(50 ПДК), марганец - 1000 мг/кг, титан - 5000 мг/кг, фосфор - 2000 мг/кг, ванадий - 1500 мг/кг(300 ПДК), стронций - 400 мг/кг жеткендігі байқалған.
Орталық және Солтүстiк Шығыс Қазақстанның аудандарында сынаппен ластану етек алған. Техногендi саз-балшықтардағы сынаптың көп мөлшерi жылжымалы түрде кездеседi, олар:сульфатты (2%), оксидтi (6%) және қарапайым күйдегi сынап (20%) Текелi қаласындағы (Талдықорған облысы) Текелi қорғасын мырыш комбинатына жақын аймақтарға шөккен қорғасынның мөлшерi жылына 4 т құрайды. Атмосферадағы мөлшерi қалыпты деңгейден 33 есе жоғары. Текелi қаласының және оған жақын аудандардың топырақтағы қорғасынның мөлшерi 160-170 мг/кг, яғни қалыпты мөлшерден 5 есе жоғары . Соңғы жылдардағы экономикалық дағдарысқа байланысты Шымкент қаласында кейбiр өндiрiс орындары үзiлiспен немесе жекелеген цехтар ғана жұмыс iстеуде. Осыған байланысты атмосфераға бөлiнетiн өндiрiстiк қалдық заттардың мөлшерi де бiршама төмендедi. Әйтседе кейбiр зиянды заттардың мөлшсрi шектi рұқсат етiлген концентрациядан (ПДК) артып кеткендiгi байқалды. Атмосферадағы қорғасынның мөлшерi орта есеппен ПДК-дан 1995 ж. - 2 есе, 1996ж. - 1, 5 есе, 1997 ж. -2, 7 есе жоғары. Көмiртегi тотығы 1995-1997 жж - 1 есе, азоттың қос тотығы 1995 ж. -1, 2 есе, 1996 ж. -1 есе, 1997 ж. -1, 25 есе артқан. Аммиак 1995- 1996 жж-1 есе, 1997 ж. -0, 75 есе жоғары. Формальдегид 1995ж. - 2, 33 есе, 1996 ж. -2 есе, 1997 ж. -1, 66 есе артқан. 1995-97 жж атмосфераға бөлiнген өндiрiстiк қалдық заттардың жиынтық мөлшерi мынадай мәлiметтермсн сипатталады:
- “Шымкентмұнайоргсинтез” акционерлiк қоғамынан: 1995 ж - 10279, 97 т, 1996ж-7743, 01т, 1997ж-8011, 8т;
- “Шымкент қорғасын заводы” акционерлiк қоғамынан: 1995 ж -4451, 49т, 1996ж-2039, 43т, 1997ж-4410т;
-жылу электр орталықтарынан:1995 ж-3079, 8т, 1996 ж-3410, 6т, 1997ж-2367т;
- “Шымкент цемент” акционерлiк қоғамынан: 1995 ж - 1031, 12 т, 1996 ж - 837, 52 т, 1997 ж - 277, 58 т зиянды қалдық заттар бөлiнген /13/

1. 2. Кәсіпорын орналасқан аймақтың табиғи-климаттық сипаттамасы

Оңтүстік Қазақстан облысы-Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік аумақтың бөлігі. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962-92 жылы Шымкент облысы деп аталды. Аумағы 117, 3 мың км². Тұрғыны 2, 18 млн. адам

Табиғаты Оңт. Қаз. облысының жер бедері негізінен жазық. Солтүстігінде тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңт. -батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің төменгі ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан. Орт. бөлігін Қаратау жотасы солт. -батыстан оңт. -шығысқа қарай екіге бөліп жатыр. Ең биік жері - Бессаз тауы (2176м) . Облыстың ең биік жері-Сайрам шыңы(4299 м)

Геологиясы мен кен байлықтары Облыс жерінің көпшілік бөлігі Тұран плитасының құрамына кіреді. Геол. құрылымы негізінен кембрийлік, девондық, тас көмірлік жыныстардан (тақтатас, құмтас, әктас), таулы бөлігі төм. палеозойлық жыныстардан (құмтас, гранит, конгломерат) түзілген. Жер қойнауынан полиметалл, қоңыр көмір, темір, уран кентастары, фосфорит, тальк, барит, гипс, әктас, гранит кен байлықтары барланған. Қаратауда Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20-ғасырдың 40-жылдарынан жұмыс істейді. Республикада уран кентастарының қоры жағынан бірінші орын, фосфорит және темір кентасының қоры жағынан үшінші орын алады.

Климаты Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде-7-9ºС, оңтүстігінде-2-4ºС. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25-29ºС. Шөлде аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 100-150мм, тау алдында 300-500мм, биік таулы бөлігінде 800мм.

Өнеркәсібі Облыстың өнеркәсіп мүмкіндіктерін негізінен мұнай өңдеуші және металлургия кәсіп-орындары құрайды. Түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу, тамақ өнеркәсібі, әсіресе, Шымкент, Кентау қалаларында жақсы дамуда. Облыс өнеркәсібінде 147 ірі және орта кәсіпорын бар. Мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпорындар: «ПетроКазахстанОйл Продактс» ААҚ және «ИнтеркомШина» ААҚ. Металлургия өнеркәсібіндегі басты кәсіпорын «Южполиметалл» ЖАҚ; машина жасау саласының жетекші кәсіпорындары: «Карданвал» ААҚ, «Южмаш-К» ЖАҚ; Химия өнеркәсібінен-«Химфарм» тағы басқа жұмыс істеуде. Сонымен қатар, тағы да басқа өнеркәсіп түрлері өте көп.

1. 3 Қорғасын, мыс, мырыш және кадмий элементтерiнiң биологиялық әсерi
Ауыр металдар - биологиялық активтi заттар. Олардың мұндай қасиетiн организмдегi клеткалармен, олардың компоненттерi немесе функциональды топтарымен байланысуынан көруге болады, әсiресе, олар нуклейн қышқылдарымен, ферменттермен және белок түзуші амин қышқылдарымен активтi әрекеттесiп, нәтижесiнде белок денатурацияланып, клеткалар мен ұлпалардың және зат алмасу процесiн реттейтiн ферменттердiң қызметi бұзылады. Ауыр металдар, атап айтқанда: РЬ, Cd , Сu, Zn, Ni , Со, Hg, Мо, Те өздерiне тән химиялық және биологиялық қасиеттерiне қарай гео және биоаккумуляцияға өте бейiм элементтер. Экологиялық тұрғыдан оларды шартты түрде 2 топқа бөлуге болады: Zn, Cu, Co, Mo, Mn т. б. - биологиялық процестердiң қалыпты жүруiне қажеттi микроэлементтер, РЬ, Cd, Hg биологиялық процестерге қатысуы әлi толық анықталмаған элементтер.
Мыстың организмдегi маңызды функцияларының бiрi - қанды ұйыту процесiне және клетканың тыныс алу активтiлiгiне қатысады. Мыс темiрдi гемоглобин синтезiне жеңiл қатысатын формаға айналдырады. Организмде мыс жетiспесе анемия пайда болып, қан тамырларының құрамындағы эластиннiң құрылымы өзгередi, нәтижесiнде аорта қабырғаларының ыдырауына әкеледi. Бас миының дамуы және пигметтердiң түзiлуi бұзылады.

Мырыш организмде инсулин мен глюкогенның түзiлуiне қатысады. Сонымен қатар, жыныс гормондары мен гипофиздiң алдыңғы бөлiгiнiң гормондарын активтендiредi. Мырыш адам мен жануарлардың организмiнде белок, көмiрсулар және минералды заттардың алмасуына әсер етедi. РНК және белоктардың синтезiн индукциялайды. Атмосферадағы зиянды заттардың улы әсер етуiнiң механизмi өсiмдiктердiң физиологиялық және биохимиялық ерекшелiктерiне байланысты және түрлi абиотикалық, биотикалық факторлардың әсерiнен өзгеруi мүмкiн. Ауыр металдардың биосфераға әсерi үлкен. Топырақтың ауыр металдардың тұздарымен ластанған аймақтарында өсiмдiктер тiршiлiгiн жоятындығы белгiлі.
К. Тырыцэ мен Э. Менгердiң (1990) зерттеулерi көрсеткенiндей, топырақта ауыр металдардың концентрациясы жоғарылағанда (әсiресе РЬ²*), атмосфераға бөлiнетiн Сo2, төмендейдi. Co2 ең жоғары мөлшерi 11 г/кг қорғасынның концентрациясы Рb2 =2-5 мг/кг жеткенде байқалады. Рb2 орташа және жоғары концентрациясы, сонымен қатар Zn²* жоғары
концентрациясы (150 мг/кг артса) топырақ микрофлорасының жойылуына және микроорганизмнiң маманданған түрлерiнiң пайда болуына әкелiп соғады. Бiрақ мұндай маманданған түрлердiң қалыптасуына ұзақ уақыт керек. Ал бұл аралықта топырақтың күштi десорбциясымен және ластаушы заттардың жер асты суларына қосылуымен байланыстырылатын екiншi (iштей) ластанудың жүруi мүмкiн.

Өсiмдiк және жануарлар организимінде ауыр металдардың жиналуы, бiрiншi кезекте бос иондардың активтiлiгiмен анықталады. Ауыр металдардың организмге енуiне әсер ететiн екiншi фактор болып алкилденген және басқа да спецификалық химиялық формалардың болуы есептеледi. Металдар генетикалық өзгерiстердiң кең спектрiнiң түзiлуiне себепкер. Бiр метал клетканы бiрнеше жерден зақымдай алады. Мысалы, кадмий ДНК молекуласын зақымдауға, лизосомаларды бұзуға, ДНК репарациясын тежеуге қабiлеттi. Қорғасын ДНК репликациясы ферменттерiнiң синтезiн бұзады, ДНК-ның үшiншiлiк структурасын өзгертедi. Мыстың жоғары мөлшерi ДНК конформациясын өзгертедi және ДНК мен РНК синтезiн стимуляциялайды.

В. П. Бессонованың (1993) зерттеулерi көрсеткенiндей, кәдімгі сирень және бирючина өсiмдiктерiнде ауыр металдар жиналған жағдайда фитогормондардың, әсiресе цитокининдердiң активтiлiгi төмендейдi. Меристеманың флориальды морфогенезге көшуi гибберилиндер мен цитокининдердiң активтiлiгiнiң артуымен сипатталады. Алайда қоршаған орта ауыр металдармен ластанған жағдайда олардың активтiлiгiнiң деңгейi төмен күйiнде қалады (ластанбаған ортамен салыстырғанда) . Бұл фитогармондардың активтілігінің төмендеуi меристеманың дамуын тежеушi факторлардың бiрi. Қоршаған орта ауыр металдармен ластанғанда өсiмдiк құрамындағы қанттардың, әсiресе сахарозаның мөлшерi де төмендеп кетедi. Демек, орта ауыр металдармен ластанғанда митоздың активтiлiгiнің төмендеуіне, меристеманың генеративтi даму жолына көшуіндегi маңызды жағдайға фитогармондар мен каниардың жетiспеуi керi әсер етедi.
Осылайша фитогармондар мен қанттардың жетiспеуi, жаңару бүршiктерiнiң меристемасының генеративтi морфогенезге көшуінің шектеушi факторы болуы мүмкiн. Металдардың қанға өтуiне және таралуына саңылаулы (мөлшерi 35-40А°) липоидты қабықшадан тұратын капилляр қабырғаларының рөлi үлкен. Олар арқылы липоидтарда еритiн металдар қанга еркiн өтедi. Ауыр металдардың өсiмдiктердегi мөлшерi тек топырақтың ластауымен ғана емес, атмосферадағы металдардың эмиссиясынада байланысты. Коллоидты жағдайда металдардың қандағы айналым ұзақтығы олардың дисперстiлiгiне де байланысты. Ұсақ бөлшектер қаннан баяу шығады да ұлпаларға орналасады, ал анағұрлым iрi бөлшектер қаннан тезiрек шығып, бауыр мен көк бауырға жиналады.

Мырыш айтарлықтай дәрежеде лейкоциттерде, эритроциттерде ал бiраз бөлiгi қанның белоксыз фильтратында жиналады. Ол гаммаглобулиндермен және 25%-тi альбуминдермен байланыса алады. Мырыш әлсiз байланысқан белокты комплекс ретiнде тасымалданады. Ол бүйрек үстi бездерiнде, қарын асты безiнде және ұрық бездерiнде жинақталады.

Металдардың улылығын анықтаудағы маңызды жағдайдың бiрi
организмнiң металдар аэрозолiн сiңiруi. Мысалы, қорғасын мырыш өндiрiстерiнен бөлiнетiн қорғасын мен мырыштың сульфаттары мен хлоридтерi биосферада оңай ерiп, бүкiл организмге жеңiл тасымалданады. Қорғасын-мырыш комбинаттарынан қоршаған ортаға бiр мезгiлде заттардың газды шаң түрiндегi комплексi бөлiнедi, ол газды заттардың организмге бiрлескен күйде әсер ететiнiн көрсетедi. Мұндай комплекстi әсердi бағалауда ортаның климаттық ерекшелiктерiне, атап айтқанда ауа температурасына, ауаның салыстырмалы ылғалдылығына көңiл бөлген жөн.
В. И. Давыдованың (1989) зерттеулерi көрсеткендей қорғасын мен мыс та организмде антагонистер болып табылады. Мыс қорғасынның зияндылығын төмендетедi. Ал мырыштың мыстан айырмашылығы, қорғасынмен бiрге организмге ұзақ уақыт түскен кезде соңғы металдың улылығын арттырады. Комплекстi әсердi бағалау кезiнде негiзгi әсер етушi химиялық элементтi немесе қосылысты анықтап алудың мәнi зор. Осыған орай, бiздiң зерттеу аймақтарымызда кездесетiн негiзгi химиялық заттардың зиянды әсерiне қысқаша сипаттама беремiз.

Улылығы тұрғысынан қоршаған ортаға, дәлiрек айтсақ тiрi организмдерге жоғары концентрациясы қауiптi болып есептелетiн химиялық заттар Pb , Cd, Cu , Zn элементтерiнiң қосылыстары. Қорғасынның артық мөлшерi өсiмдiк организмiндегi тiршiлiк үшін маңызды процестердiң қалыпты жүруiне керi әсерiн тигiзедi. Қорғасынның жоғары концентрациясы өсiмдiктердiң тұқымының дамуын, тамырдың ұзынынан өсуiн, тамыр талшықтарының түзiлуiн тежейдi. Қорғасынның артық мөлшерiнен, әсiресе жас жапырақтар қатты зардап шегедi. Қорғасын I және II фотосистемалардың активтiлiгiн төмендетедi, әсiресе II
фотосистема бұл фитотоксиканттың әсерiне өте сезiмтал. Сонымен қатар қорғасын изоляцияланған хлоропласттардың жарықта оттегi
бөлуiн тежейдi. Автомобиль жолдарына жақын өскен өсiмдiктердiң хлоропласттарында АТФ-тiң түзiлуi баяу жүретiнi анықталған. Өсiмдiк неғұрлым автомобиль жолынан алыс өссе, соғұрлым изоляцияланған хлоропласпарда АТФ көп түзiледi.

Қорғасынның әсерiнен өсiмдiктердiң клеткалары тургорын жоғалтып, нәтижесiнде жапырақ солып қалады. Тамыр клеткалары бүлiнуiн тоқтатады. Кейбiр өсiмдiктерде тамыр жемiстiң түзiлуi нашарлайды. Қоршаған ортаны қорғасынмен ластайтын өндiрiс орындарына жақын себiлген мәдени дақылдардың өнiм беруiнiң төмендеуi де таңқаларлық емес. Мұнымен қоса алынған өнiмнiң сапасы да төмен болады. Әшкөк өсiмдiгiне жүргізілген тәжiрибе қорытындысы көрсеткендей, автомобиль жолынан 30 метр қашықтықта өсiрiлген өсiмдiкте каротин мен аскорбин қышқылының мөлшерi 200 метр қашықтықта өсiрiлген өсiмдiкпен салыстырғанда мүлдем төмен. Күз айларында бета-каротиннiң мөлшерi жол бойындағы өсiмдiктерде 55% кем екендiгi анықталған.

Металдардың фитотоксиндiлiгi мен оларға өсiмдiктердiң төзiмдiлiгi көптеген факторларға байланысты. Оларға алдымен жапырақтың қасиеттерi, органикалық заттардың мөлшерi, топырақтың рH және катионды-алмасу қабiлетiн атауға болады. Ауыр металдардың өсiмдiкке сiңiрiлуi олардың топырақта еруi мен жылжымалылығына байланысты. Ауыр металдар өсiмдiк организмiне жапырақтары мен тамыр системасы арқылы түседi. Ауыр металдардың өсiмдiкке тамыр системасы арқылы түсуi әр өсiмдiктегi клетка қабықшаларының химиялық құрамы мен құрылысына қатысты орындалатын және бүкiл организм арқылы реттелiп отыратын процесс. Ал ауыр металдардың өсiмдiкке жапырақ арқылы сiңiрiлуi устьицелер мен кутикулалар арқылы орындалады. Сонымен қатар, түкшелi жапырақтар бетi тегiс жапырақтарға қарағанда ауыр металдарды 1С есе көп тұтып ұстап қалатыны анықталған. Ауыр металдардың улылығы оның суда қандай түрде болатындығына байланысты, әдетте ерiген түрiнiң байланысқан түрiнен улылығы жоғары. Ауыр металдардың әсерiне өсiмдiк түрлерiнiң реакциясы барлық ұйымдасу деңгейлерiнде, яғни клеткалық, организмдiк және популяциялық деңгейлерде байқала бередi. Клеткалық деңгейде, ауыр металдардың артық мөлшерiне қатысты жалпы байқалған стресс және клетка мембраналарының зақымдануы мен ферменттердiң активтiлiгiнiң өзгеруi ретiнде байқалады. Организмдiк деңгейде өсiмдiктiң жеке бөлiмдерiнде морфологиялық және физиологиялық зақымданулар байқалады. Оларға жапырақтардың некрозы, пiшiндерiнiң өзгеруi, өркендерiнiң қурап қалуы, өсiмдiктiң өсуiнiң баяулауы жатады. Зақымданған жапырақтарда жабын ұлпасы мен механикалық ұлпа, эпидермистiң клеткалық қабаты әлсiз жетiлген және кутикуласы жұқа болады. Өндiрiстiк ластанудың әсерiнен дамудың толық циклы бұзылады. Ауыр металдарды адсорбциялау әр өсiмдiк түрiнде әртүрлi жүредi.

Ауыр металдардың тұздары өсiмдiктер клеткаларында хромосомаларды үзедi, яғни структуралық құрылымына әсер етедi. Аллюминий, кадмий, теллур, т. б. ауыр металдар жануарлар мен өсiмдiктердiң клеткаларында хромосомалық және генетикалық мутациялардың кең спектрiн құрайтыны туралы көптеген мәлiметтерде келтiрiлген. Ауыр металдардың мутагендi эффектi хромосомалардың бүтiндiгiн сақтайтын және қайта қалпына келтiретiн белок синтезiнiң өзгеруiне байланысты. Ауыр металдар өсiмдiктер организмiнде жинақталып, трофикалық тiзбек арқылы тарала отырып, тiрi организмдердiң әртүрлi таксономиялық топтарына, оның iшiнде адамға да зиянды әсер етедi. Ауыр металлдардың тұздары бөлiну кезеңiндегi клеткаларда хромосомалық аберрациялардың жиiлiгiн 2 есе арттырады. Көп жылдық өсiмдiктер, әсiресе астық тұқымдастары құмды топырақтар мен өндiрiстiк территорияларда табиғи түрде көптеп өседi. Астық тұқымдастарының түрлерi ағаш өсiмдiктерiне қарағанда өндiрiстiк газдардың әсерiне төзiмдi. Дәндi дақылдар ауыр металдармен көп мөлшерде ластанған территорияларда өсе алатындығы белгiлi. Ауыр металдар иондарының жоғарғы концентрациясы, хромосома iшiндегi жеке органикалық байланыстардың поляризациясын тудырады. Бұл жағдайда барлық “ионды” мутациялар хромосомалардың түзiлуiмен сипатталады.

Мыс -- өсiмдiктердiң тiршiлiгiне қажеттi микроэлемент. Бiрақ мыстың өсiмдiктер организмiнде артық мөлшерде жиналуынан тамыр системасының дамуы мен өсуiнiң тежелуi, өсiмдiктердiң жер үстiндегi бөлiмдерiнiң баяу өсуi және жапырақ ұштарының ағаруы байқалады. Мыстың артық мөлшерiнен туындайтын патологиялық өзгерiстердiң нәтижесiнде, мәдени өсiмдiктердiң өнiмi күрт төмендейдi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биосфераның ластануы туралы ақпарат
Негізгі абиотикалық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі
Қоршаған ортаның химиялық, радияциялық және биологиялық ластануы
Топыраққа антропогендік әсер ету. Топырақтың ластануы туралы түсінік
Биологиялық ластану
Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелер
Босалқы жерлердің мониторингі
Қоршаған ортаның радиациялық және радиоактивті ластануы
Экологияның негізгі проблемалары
Сыртқы орта фактроларының әрекеттеріне ағзаның тұқым қуалайтын патологиялық реакцияларының қалыптасу тетіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz