Қазақстан Республикасының қор нарығының даму ерекшеліктері


Кіріспе
Дипломдық жұмыстың мәні - Қазақстан Республикасы XXI-ғасырға күрделі өзгерістермен аяқ басты. Бұл мәселенің өзектілігі әлемдік экономикалық қауымдастықта еліміздің нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түсті. Себебі, елбасымыз атап көрсеткендей « Біз тиімді жұмыс істейтін қор рыногын құруымыз керек. Халықты өзінің жинақ ақшасын бағалы қағаздарға салуға кеңінен тартпайынша, оның дамуы мүмкін емес. Халықты инвестициялық сауаттылық әліппесі бойынша нысаналы оқыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізу де қажет». [1] Сондықтан, бүгінгі күні экономикалық дамудың тиімді жолдарын табу туралы мәселелі сұрақтар кең түрде талқылауға түсіп отыр. Ол үшін елде тұрақты, әрі дұрыс таңдалған экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялар қажет.
Қазіргі кезде халықаралық қатыныстардың кең көлемде дамуына байланысты, бос ақша қаражаттары бар және оны тиімді етіп орналастырғысы келетін инвестор өз ұлттық нарығына, не басқа мемлекеттердің нарығында бағалы қағаздар қоржынын құрастыруға барлық жағдай жасалған. Мысалы, біздің отанымызда «KASE», яғни Қазақстан Қор Биржасы бар, мұнда инвесторлар бағалы қағаздарын сатып алуғада мүмкіндігі бар.
Сонымен, менің дипломдық жұмысымның тақырыбын «Қазақстан Республикасының қор нарығының даму ерекшеліктері» деп таңдаған себебім, қазір нарықтық экономика жағдайында Қазақстан өте жақсы қарқынмен дамып келеді және 50 бәсекелестік тұрақты мемлекеттер қатарына кіруіміз, шет мемлекеттерге сай қаржылық іс әрекет жасауымыз керек дегенді білдіреді, яғни қазіргі дүниежүзі қор нарықтары мен бағалы қағаздар нарығының деңгейін ашып білу, олардың тәжрибесін қолдана білу мемлекетке керек.
Қор нарығының тұрақтануы бірқатар қиын кезеңдерді басынан кешірді. Оған 90 жылдардың басында орын алған инфляцияның өсуі, өндіріс ошақтарының тоқтауы, көптеген шаруашылық етуші субъектілердің қор нарығында жұмыс істеу тəжірибесінің болмауы басты себеп болды. Қор нарығында орта топ өкілдерінің аздығы, ішкі өнімді өндірушілер негізінен ірі стратегиялық компаниялардың болуы қор нарығының тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіріп отырған қазіргі таңдағы басты себептер болып табылады.
Ірі компаниялар қор нарығына белсенді қатысудың орнына құнды қағаздарын бір қолға шоғырландырып, оларды айналымға енгізуден бас тартуда. Осындай тығырықтан шығу мақсатында еліміз бірқатар реформаларды іске асыруда, олардың ішінде əлемдік тəжірибеге негізделген Алматы өңірлік қаржы орталығын құруды ерекше атап өтуге болады.
2009 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында Алматы қаласын қаржы жəне іскерлік белсенділіктің ірі өңірлік орталығы ретінде дамытуды қолға алу туралы атап өтті. Жолдауда айтылғандай Орталық Азия өңірінің басты қаржы орталығы ретінде Алматының серпінді дамуы Қазақстанның ірі қаржы ұйымдарын өңірлік үлкен бизнес- жобаларға арналған займдар беру, сақтандыру мен қаржы қызметін көрсету саласында негізгі “мердігерлерге” айналдыру үшін қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер туғызу мақсатына бағытталуға тиіс. Қаржы орталығының тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін
тиісті инфрақұрылымдар, ең алдымен, телекоммуникациялар жасақтауда. Қазақстан Республикасының қор нарығының даму ерекшеліктері осы диплом жұмысына арналған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы қор нарығының даму жағдайын анықтау мен сауда нарығынан ажырату болып табылады, сонымен қатар, биржа қор нарығының құрамдас бөлігі ретіндегі қызметі, оның негізгі бағыттары, міндеттері және проблемалары, оларды жетілдіру жолдары туралы мәліметтерді анықтап жиынтыққа келтіру, қор нарықтарының мемлекет пен қоғамда алатын орнын және Қазақстан қор нарығының шет мемлекеттерінің қорығынан қандай өзгешеліктері бар екенін ашу және қор нарығының колледж бен мектептерде берілетін сабаққа байларысты әдістемесін ашып көрсету.
Тақарыптың ғылыми зерттелу дәрежесі - Қор нарығы пәні бойынша өз еңбектерін қосқан Н. Берзон, Н. Галанов, А Некипелов, М. К Багісиев, Е. Б Жатқанбаев, А. Я Аубакиров, Ж. Р Аубакирова, Ж Молдаахметұлы және т. б есімді ресейлік және қазақстадық ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Дипломдық жұмыстың міндеті - Қазақстандағы қор нарығының жағдайын анықтау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы - үш тараудан тұрады: «Қор нарығының экономикалық негіздері», «Қазақстандағы қор нарығының даму жолдары мен перспективалары», «Қор нарығы бойынша колледжде және мектепте беретін әдіснамасы».
Бірінші бөлімде Қор нарығы мен биржа деген сөзінің мәнін ашып, қор нарығына байланысты шет елдік тәжрибені ашып көрсету.
Екінші бөлімде қор нарығының қазіргі жағдайын зерттеу, құқықтық қамтамасыз етілу мәселелері және KASE-тің принциптері және даму жағдайларын ашып қаралады.
Үшінші бөлімде қор нарығы туралы колледжде және мектепте беретін әдіснамасы көрсетілген.
Жұмыстың тақырыбы оқу және ғылыми әдебиеттерде қарастырылу дәрежесі кең. Осы дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлықтары, «KASE» АҚ-ның ішкі ережелері, оқу әдебиеттері пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі - Қазақстандағы қор нарығының думу жағдайы болып табылады.
1. Қор нарығының экономикалық негіздері
- Қор нарығының экономикадағы рөлі және ерекшелігі
Экономикаға инвестициялық ресурстарды тартуға мүмкіндік беретін нәтижелі жұмыс істейтін қаржы нарығы құрылмағанша, түбегейлі экономикалық реформалар аяқталмаған болып саналады. Қазақстандағы құрылымдық қайта құру үрдісіндегі жасалатын экономикалық өзгерістердің көлемін ескере отырып, кәсіпорындардағы бюджеттік жүйе және қаржыландырудың ішкі көздері ұсына алмайтын өте үлкен қаржы құралдары қажет екенін мойындау керек. Осыған байланысты экономика дамуындағы қаржы нарығының мәні өте зор.
Кез келген мемлекеттің қаржы нарығы ақша нарығынан және капитал нарығынан тұрады. Қаржы нарығының екіге бөлінуі айналымдағы және негізгі капиталдарға қызмет көрсететін қаржы ресурстардың айналымының ерекше мінездемесімен анықталады. Ақша нарығында қысқа мерзімді несиелердің (1 жылға дейін) қозғалысын қамтамасыз ететін құралдар айналады. Капиталдар нарығында бір жылдан астам мерзімдегі ұзақ мерзімді жинақтаудың қозғалысы іске асырылып тұрады. Құнды қағаздардың нарығы ақшалай нарықпен қатар капитал нарығына да қызмет көрсетеді. Құнды қағаздар қаржы ресурстар қолзғалысының тек бөлігін қамтитынын ескеру қажет. Құнды қағаздардан бөлек, тікелей банк несиелері, фирмааралық несиелер және басқалар орын алады. Экономикалық ғылым мен тәжірбиеде құнды қағаздар нарығының синонимі ретінде «қор нарығы» деген термин қолданылады. Ары қарай осы екі термин бір түсінік ретінде қолданылады. Қор нарығы - ол спецификалық тауар-құнды қағаздармен сауда ететін нарық.
Нақты түрде бұл қағаздардың ешқандай құны жоқ, бірақ олардың құны активтермен (мүлікпен, бағалы әшекейлермен және т. б. ) анықталады. Қаржы нарықтар мемлекетте жинақпен инвестициялық тауарлар болған кезде нәтижелі жұмыс істейді.
Макроэкономикалық тұрғыдан тұтынушылық қажетке арналған жинақтар алынған табыс пен шығындар арасындағы айырмашылықты білдіреді. Инвестицияларды жалпы түрде тұтыну заттарын өндіру көлемінің өндірістің жалпы көлемінен артуы ретінде қарастыруға болады. Егерде экономикада өндірістік мақсатқа қолдануға қарастырылған өндірістің қосымша құралдары жасалатын болса, ол қоғам активтерінің көбеюінің көрсеткіші. Бірақ, бұл активтер тек өндірістік процеске енгізілген кезде нақты пайда әкеледі. Ол үшін кәсіпкерлік қызмет ететін экономикалық субъектілер (кәсіпорындар, фирмалар, компаниялар) шығарылған инвестициялық тауарларды сатып алуға мүмкіндіктері болуы қажет. Көлік, жабдық және өзге инвестицяилық тауарларды сатып алудың ресурстық қамтамасыз етуі, кәсіпорынның дамуын қаржыландырудың көздері болып табылады (амортизациялау және табыс), олардың жетіспеушілігі кезінде кәсіпорындар сыртқы қарыздарға жүгінуге, яғни халықтағы бар жинақтауларды тартуға мәжбүр. Қаржы нарығында қаражаттардың қозғалысы мынадай тәртіппен іске асады: жинақтаушылардан қолданушыларға. Экономиканың бір секторларында қаржы қаражаттар артылады, ал өзгелерінде жетпей қалады. Осыған байланысты капиталдың бір сектордан бір секторға өтуі байқалады. Қаражат қозғалысы қаржы институттары сонымен қатар, тікелей инвестордан қаржы ресурстары қолданушысы арқылы жүреді. Қаржы делдалдары капиталдың жоғары нәтижелі қозғалысына ықпал етеді деп саналады. Бірақ, осы ұғым көп мағыналы. Кейбірде делдалдар капиталды тартуымен байланысты шығындарды көбейтеді. Егерде заем алушының делдалдардан тыс заем берушіге тікелей ұсыныспен шығуына мүмкіндік бар болса, ол тартылған ресурстардың бағасын арзандата түседі. Бұл қаржы нарығының секьютиризациялауына ықпал етеді. Секьютиризациялау - ол қаржы нарығындағы құнды қағаздар рөлін ұлғайту процесі. Секьюризациялау кезінде төменгі ликвидтік активтер инвесторларға ұсынылатын құнды қағаздарға айналады. Жиі кездері құнды қағаздардың эмиссиясы қаржы ресурстарын айтарлықтай арзан және тезірек тартуға мүмкіндік береді. Мысалы, кәсіпорында қаржы ресурстары жетіспейді ол банкке несие алу үшін жүгінеді немесе облигация шығаруға дайындалады. Бірінші жағдайда банк делдал рөлін атқарады және өз қызметіне белгіленген төлемді алады. Екінші жағдайда кәсіпорын облигацияларды тікелей инвесторларға сатады, ол трансакциялық шығынды төмендетеді [2] .
Қаржы құйылымдары. Экономикада. Мемлекет экономикасында ақшалай қаражаттардың қозғалысын бақылау үшін 4 негізгі секторларды белгілеуге болады. Және осыған орай мына секторларды көрсетуге болады: үй шаруашылығы комерциялық фирмалар мемлекеттік секторлар және қаржы делдалдар. Үй шаруашылығы секторы капиталдың үлкен бөлігін өз қаражаты арқылы қалыптастырады. Аз бөлігін несие ресурстары арқылы қалыптастырылады. Дәл үй шаруашылықтарында қаржы қаражаттардың негізгі артылып қалуы байқалады, ол комерциялық фирмаларды мемлекетті қаржыландыруға жіберіліп, қаржы институттарында орын алады. Суретте тегіс сызықпен қаржы ресурстардың дефициті бар секторлардан қаржы ресурстары артылып қалған секторлардан қозғалысы көрінеді.
Қаржы нарығында аса ірі заем алушы болған мемлекеттің қаржы қаражаттарында үлкен қажеттілігі бар. Мемлекет үй шаруашылықтарын, комерциялық фирмаларды және қаржы делдалдарды белсендендіреді. Сонымен қатар, кері байланыс бар, онда қаржы құйылымдар қаржы- дефициттік секторлардан қаржысы артылып қалған секторларға түседі. Атап айтқанда мемлекет жұмысын жаңадан бастап жатқан комерциялық фирмаларға мемлекет қаржылай көмек, жеңілдік несиелер түрінде қолдау көрсетеді. Нәтижесінде экономиканың барлық секторы бойынша жинақтау сомасы (қаржы активтері) инвестициялардың (қаржы міндеттері) инвестициялардың сомасына тең. Сонымен, құнды қағаздардың нарығы кәсіпорындар, корпорациялар, мемлекет үшін қосымша қаржы ресурстарын тарту қажеттілігі туындаған кезде және бос ақшалай қаражаттары бар заңды тұлғалармен жәй тұлғалардың болған кезінде орын алады. Дәл құнды қағаздар нарығында қаржы қаражаттарын сатушылар мен сатып алушылар бір-бірін кездестіреді.
Жинақтаушылардың қаржы ресурстарын қолданушыларға ұсынуы екі түрде жүргізіледі. Несие түрінде және жекеменшік құқығын сатып алу түрінде.
Инвестор қаражатты белгіленген мерзімге қайтару негізінде бөлетін болса, онда бұл қаражаттар несие болып табылады. Бұл мерзім біткеннен кейін ол бұл қаражаттарды қолданушыдан белгіленген пайызымен қайтарып алады.
Егерде инвестор қолданушыға қаражаттарды қайтармау негізінде берсе, ол кәсіпорынның және өзге мүлік және мүлік емес құқықтарына, кәсіпорынның бөлігіне жекеменшік құқығын сатып алады. Қаражатты ұсынудың осы түрінің мысалы ретінде инвестордың кейбір компанияның акцияларын сатып алуы болып табылады.
Мемлекет қаржы нарығында ақшалай қаражаттың негізгі несие берушісі болып табылады. Мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін үкіметтің қаражаттарды алудың үш негізгі көзі бар:
- салық түсімдері;
- мемлекеттік активтерді сатудан түскен түсімдер (жекешелендіруден түскен түсімдер) ;
- ішкі және сыртқы қаржы нарықтардан қарыз алу.
Қор нарығының құрылымы. Нарық қарым-қатынасындағы жүйеде қор нарығының рөлі мен мағынасы келесі факторлармен анықталады:
- өндірісті дамыту үшін инвестициялар түрінде бос қаражаттарды тарту;
- өшіп жатқан салалардан дамып келе жатқан салаларға капиталдың құйылуын қамтамасыз ету;
- Федералдық және жергілікті бюджеттердің шығынын жабу үшін қаражатты тарту;
- Қор нарығының индикаторлары бойынша экономиканың жағдайын бағалауға мүмкіндік табу;
- құнсыздану қарқынының өзгеруіне ықпал ету;
- құнды қағаздар нарығы, кез-келген өзге нарық сияқты операцияларды жүргізудің белгіленген технологиясы бар, күрделі ұйымдастыру - құқықтық жүйе болып табылады.
Құнды қағаздар нарығының негізгі мақсаты - инвестицияларды экономикаға тарту. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін келесі шарттардың болуы қажет:
- капиталдың жылжу еркіндігі;
- сатушылар мен сатып алушылардың үлкен саны арқылы, сату және сатып алу бағаларының аз ғана айырмашылығы арқылы жүзеге асатын құнды қағаздар өтімін қамтамасыз ету.
- сатушы мен сатып алушылардың байланысын қамтамасыз ететін сауда жүйелерінің болуы;
- нарықтың ақпараттық тұрғыдан ашық болуы;
Ақпарат нақты дұрыс және мазмұнды болуы қажет. Сондықтан қор нарығында төмендегілер жағынан келетін ақпаратты ашуға үлкен назар аударылады:
- эмитенттерден кәсіпорынның қаржы жағдайы туралы, құнды қағаздарды шығару, ірі акционерлер және т. б. туралы;
- қор нарығының кәсіби қатысушыларынан өз біліктілігі, клиенттерге әр түрлі қызметтерді ұсыну жағдайлары, өз қаржы міндеттемелері туралы;
- сауда ұйымдастырушылардан сауда ережелері, листинг жағдайлары және т. б. туралы;
- реттеу органдарынан нормативті - құқықтық базасының өзгерулері, қаржы нарығының қызметін бақылау жүйесі және жұмыс ережелерін сақтау туралы;
Қаржы нарығы барлық экономиканы нәтижелі жұмысын қамтамасыздандырудың ең маңызды болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда құнды қағаздар нарығы нарықтық қатынастар тұрақтануымен бір уақытта енді ғана қалыптасып келеді. Онда ерекше тауар өзінше ешқандай құндылығы жоқ - құнды қағаздар айналады. Бірақ, олар жекеменшіктің айғағы болып табылады. Олардың артында нақты құнды қағаздардың бағасын негізінде анықтайтын нақты активтер тұрады.
Қор нарығындағы қызметтің ерекше мінезін ескерсек, барлық елдерде бұл нарықта ұйымдарды жұмысқа жіберудің қатаң жүйесі енгізілген. Құнды қағаздар нарығында кәсіби қызметті орындау үшін ұйым құнды қағаздар мен жұмыс жүргізу құқығына лицензия алу қажет.
Қазақстандағы қор нарығында қызметті лицензиялау 1992 жылдан жүргізіледі. Алдында бұл функция қор нарығында жұмыс істейтін инвестициялық институттарға лицензияны беретін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелген. Атап айтқанда төмендегілерге:
- делдал (қаржы брокері) ;
- инвестициялық кеңесші;
- инвестициялық компания;
- инвестициялық қор;
- бір уақытта Қаржы министрлігі қор биржаларымен тауар биржаларының қор бөлімдері қызметінің лицензияландыруын жүргізген;
- қор нарығының дамуымен қызмет көлемінің кеңеюіне байланысты қор нарығын реттеудің функциясын орындайтын арнайы мемлекеттік орган болуы қажет;
Аталған орган іс жүзіндегі тәртіп бойынша келесі жұмыстарды жүргізеді:
- компанияларды басқарушылардың қызметін лицензиялау;
- инвестициялық қорларды және аталған қорлардың эмиссия проспектілерін тіркеу;
- акционерлердің реестрлерін жүргізетін арнайы тіркеушілердің қызметін лицензиялау;
- брокерлық және дилерлық қызметін лицензиялау;
- депозитарлық қызметті лицензиялау;
- клиринг қызметін лицензиялау;
- құнды қағаздарды сатуын ұйымдастыру бойынша қызметін лицензиялау;
- аталған нарықта құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларынан басқа институциялық инвесторлардың басым саны жұмыс істейді. Атап айтқанда:
- банктер;
- мемлекеттік емес зейнеткерлік қорлар;
- сақтандыру компаниялар;
- аталған ұйымдардың айтарлықтай қаржы ресурстары бар. Олар қор нарығына түсіп, көбінесе нарықта болып жатқан жағдайды анықтайды [3] .
Қаржы нарығын секьюритизациялау (күзету)
Қаржы нарықтар мемлекетте жинақтар және инвестициялық тауарлар болған кезде нәтижелі жұмыс істей алады. Макроэкономикалық тұрғыдан жинақтар тұтынушылық қажетке алынған табыспен шығыстар айырмашылығы болып табылады. Инвестицияларды жалпы түрде тұтынатын заттардың өндіру көлемінен өндірістің жалпы көлемінің асуы ретінде қарастыруға болады. Егерде экономикада ондіріс мақсатында қолдануға арналған өндірістің қосымша құралдары жасалынатын болса, ол қоғам активтерінің өсуі көрсеткіші болып табылды. Бірақ, бұл активтер нақты табысты өндірістік процесіне енгізілген кезде ғана әкеледі. Ол үшін кәсіпкерлік қызметті жүргізетін экономикалық субъектілер (кәсіпорындар, фирмалар, компаниялар) шығарылған инвестициялық тауарларды сатып алуға мүмкіндігі болуы қажет. Көлікті, жабдықтарды және өзге инвестициялық тауарларды сатып алудың ресурстық қамтамасыздандыруы кәсіпорын даму қаржыландыруының ішкі көздері болып табылады (амортизация және табыс) . Ал, олардың жетіспеушілігінен кәсіпорындар ішкі қарыздарға жүгінуге мәжбүр яғни халықтағы жинақтарды тартуға мәжбүр.
Қаржы нарығында қаражаттардың қозғалысы мынадай тәртіппен іске асады: жинақтаушылардан қолданушыларға. Экономиканың бір секторларында қаржы қаражаттар артылады, ал өзгелерінде жетпей қалады. Осыған байланысты капиталдың бір сектордан бір секторға өтуі байқалады. Қаражат қозғалысы қаржы институттары сонымен қатар, тікелей инвестордан қаржы ресурстары қолданушысы арқылы жүреді. Қаржы делдалдары капиталдың жоғары нәтижелі қозғалысына ықпал етеді деп саналады. Бірақ, осы ұғым көп мағыналы. Кейбірде делдалдар капиталды тартуымен байланысты шығындарды көбейтеді. Егерде заем алушының делдалдардан тыс заем берушіге тікелей ұсыныспен шығуына мүмкіндік бар болса, ол тартылған ресурстардың бағасын арзандата түседі. Бұл қаржы нарығының секьютиризациялауына ықпал етеді. Секьютиризациялау - ол қаржы нарығындағы құнды қағаздар рөлін ұлғайту процесі. Секьюризациялау кезінде төменгі ликвидтік активтер инвесторларға ұсынылатын құнды қағаздарға айналады. Жиі кездері құнды қағаздардың эмиссиясы қаржы ресурстарын айтарлықтай арзан және тезірек тартуға мүмкіндік береді. Мысалы, кәсіпорында қаржы ресурстары жетіспейді ол банкке несие алу үшін жүгінеді немесе облигация шығаруға дайындалады. Бірінші жағдайда банк делдал рөлін атқарады және өз қызметіне белгіленген төлемді алады. Екінші жағдайда кәсіпорын облигацияларды тікелей инвесторларға сатады, ол трансакциялық шығынды төмендетеді.
Қаржы ресурстарының инвестордан соңғы несие алушыға (кәсіпорынға) қозғалуы 1. суретінде көрсетілген.
а) Кәсіпорын 12% 8%
(несие алушы ) Банк Инвестор
Кәсіпорын 10%
б) (несие алушы ) Инвестор
Сурет 1. Қаржы ресурстары қозғалуы [4]
Бірінші жағдайда (1а суреті) қаржы ресурстарының қозғалысы қаржы делдал (банк) арқылы іске асырылады. Ол инвесторлардың қаражаттарын тартып оларға белгіленген пайызын төлейді (біздің мысалда 8 пайыз) жиналған қаражаттарды банк несиелер ретінде орналастырады. Ол үшін депозит бойынша пайызды салыстырғанда одан жоғары пайызбен (12 пайыз) несие және депозиттік ставкасы арасындағы айырмашылық банктің сыйақысын құрайды.
Екінші жағдайда (1б суреті) кәсіпкер тікелей инвесторларға жүгініп, облигациялар шығарады. Қаржы делдалының болмауы кәсіпорынға бір жағынан 10 пайыз көлемінде купон табысының облигациясы бойынша төлем жүргізеді. Ол тартылған ресурстардың бағасын арзандата түседі. Басқа жағынан инвесторға банк депозитіне қаражатты орналастыруға қарағанда одан жоғары табыс алуға мүмкіндік береді. Қазақстан банктеріндегі пассив және актив операциялары бойынша пайыздық ставка үлкен санды құрайды.
Тәуекел және табыс. Қор нарығындағы қызмет әрдайым белгілі тәуекелдермен байланысты. Құнды қағаздарға өз қаражатын салған инвестор тәуекелге бел буады. Инвестициялау туралы шешім қабылдау негізінде тәуекел мен табысты салыстыру қағидасы жатады. Үлкен табысқа ие болу үшін инвестор қаражатын аса тәуекел құнды қағаздарға салады.
Тәуекел мен табыс арасындағы сәйкестігін графикалық түрде түзу сызықпен көрсетуге болады. Ол экономика ғылымында «Құнды қағаздар нарығының сызығы» деп аталдады. Нөлдік тәуекелде құнды қағаздар нарығының сызығы а нүктесіндегі тік осін қиып өтеді. Ол инвестордың өз қаражатын тәуекелсіз құнды қағаздарға салған кезіндегі аз мөлшердегі табысты көрсетеді.
Осы нүктедегі табыс деңгейі тәуекелсіз ставка деп аталады. Оның ретінде мемлекеттік құнды қағаздар бойынша табыс қарастырылады. Мемлекеттік қарыз міндеттемелер ең сенімді құнды қағаздар болып саналады. Олар бойынша тәуекелдің деңгейі өте төмен.
Кіріс
В
Тәуекелге
сыйақы
А
Тәуекелсіз
қойылым
Тәуекел
Сурет 2. Құнды қағаздар нарығының сызығы[4, 14б]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz