Жаһандану


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

1-тарау. Жаһандану: мәні мен бастаулары5

1. 1 Жаһандану ұғымы және оның қазіргі заман теориялары5

1. 2 Жаһанданудың негізгі қасиеттері, оң және теріс әсерлері14

2- тарау. Жаһандану кезеңіндегі халықаралық қатынастар16

2. 1 Глобализацияның лебі16

2. 2 Қазіргі геосаясат және Қазақстан сыртқы саясатта ден қоятын басымдықтар19

Қорытынды29

Қолданылған әдебиеттер тізімі35

Кіріспе

Жаһандану мәселесі күрделі де жан-жақты талдауды қажет ететін құбылыс. Оның экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени, рухани астарлары бар. Қазіргі кезде жаһандану үрдісіне деген көзқарас әртүрлі. Оны біреулер қолдаса, екінші біреулер оған қарсы шығуда. Қалай болғанда да әлемдік экономикадағы ғаламдық үрдіске жүктелген адамзат сенімі, бүгінде толық ақталмауда. Ұлттық экономика мен әлемдік экономика арасындағы қайшылықтардың күшейгені соншалықты олар, шешімі күрделі мәселелерді дүниеге әкелуде. Бұл қайшылықтардың салқыны экономикада ғана емес, сонымен қатар, қоғамның рухани саласында да байқалуда. Ұлттардың ғасырлар бойы жинаған рухани құндылықтары әлемдік мәдени жаһандану алдында өзінің бет-бейнесінен айырылудың сәл алдында қалуда. Әлемдік ақпараттық құралдар мен технологияның, қоғам өмірінде белсенді күшке айналуы ұлттық мемлекеттер тарапынан қарсылықтарға кез болуда.

Тақырыптың өзектілігі

Жаһанданудың елеулі қасиеттерінің бірі адамзат өмірінің барлық салаларына әсер етуші ақпараттық революцияның орын алуы байқалады. Осылайша жаһандану ғылыми-теориялық пайымдауды қажет ететін кешенді процесс болып табылады.

Әсіресе осы тұрғыдан жаһанданудың халықаралық қарым-қатынасқа әсері жөнінде ой-пікір зерделеу Қазақстан тәрізді жас мемлекет үшін өте маңызды. Жаһандану процесінен бой тасалап қалу мүмкін емес кезеңде халықаралық қарым-қатынастың қалай өрбитінін зерделеу өте өзекті мәселе екені анық. Ендеше осы мәселе төңірегінде ой өрбітуімізге тура келетіні айдан анық. Жаһанданудың оң тұстары да баршылық (байланыстардың өсе түсуі, ақпараттар мен тауарлардың ағынының үдей түсуі, шетелдік инвестициялар ағыны) . Ал теріс әсерлеріне стандарттау үрдісінің кең етек алуы, ұлттық және этникалық айырмашылықтардың біртіндеп азайа түсуі, ұлттық мемлекеттер шекараларының мейлінше ашыла түсуі жатады. Мәселенің түп төркіні де осында. Өйткені глобализацияның қарама-қайшылық табиғатын терең зерттей отырып оның кері әсерлерін төмендете алып, ал оң салдарларының әсерін арттыра білу ауадай қажет болуда.

Жаһандану тамырымен ғасырлардың немесе тарихтың тереңіне кетеді, дегенмен жаһандану басым жағдайда - жиырмасыншы ғасыр феномені. Қоғамдық және әлеуметтік ғылым мамандары әлі де ұзақ уақыт бойына өткен жиырмасыншы ғасыр туралы пікірталаста болады. Алайда оның басты қорытындыларының кардиналды түрде қайта қарастырылуы екі талай: адам құқықтары басты маңызға ие, демократия тиранияға қарағанда күштірек, нарық командалық экономикаға қарағанда өзінің тиімділігін дәлелдеді. Батыс тарихи түрде жасаушысы және белсенді үгіттеушісі болып табылатын осы құндылықтар мен нұсқамалар жүйесі, қазіргі заман әлемінде мойындалып, кең қолдау тапты және бүгінгі таңда жаһанданудың идеялық фундаментін құрайды.

Жаһандануда шиеленістердің күшті ұшқындары болады. Бұл жерде, мысалы, адамзат қауымдастығының саяси және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі “құлдыраулар”, өмір сүру қалпы, болмыстың басты мәселелеріне қатынас туралы сөз қозғалып отыр. Жаһандану тудыратын шиеленістің маңызды көздерінің бірі, глобализация процесіне қатысушылардың потенциалды мүмкіндіктеріндегі айырмашылықтар. Қалыптасып келе жатқан әлем негізінде, кез келген ру мен тап құрылымының орнығуындағы теңсіздік сияқты классикалық фактор жатыр. Рольдердің бөлінуін белгілейтін старттық мүмкіндіктер теңсіздігі, глобализацияланудан ұтқан мен ұтылғандар арасындағы болашаққа жанжал ұрығын себеді. Жаһанданудың дамуындағы осал тұсының бірі - мемлекеттік институттары, саяси құрылымдар. Жаһандану мәселесін зерттейтін ғалымдардың барлығының дерлік мойындауынша - ең күрделі проблема адамзаттың мәдени сан алуандылығында. Самуэль Хантингтонның келешектегі өркениеттер қақтығысы туралы танымал тезистің көп жақтаушылары бар, алайда, әр түрлі мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы әрекеттестікті орнықтыру мен түсіністікті сақтау - адамзат үшін анағұрлым тиімді жол екені күмәнсіз.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты жаһандану процесінің халықаралық қарым-қатынасқа тигізетін әсерін зерделеу.

Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін өзара байланысты бірнеше міндеттерді шешу көзделеді:

Қарама-қайшылығы мол жаһандану құбылысының ұғымын айқындау, негізгі теорияларын қарастыру;

Халықаралық қарым-қатынас ұғымын қазіргі жаһандану процестері арқылы анықтау;

Тақырыптың зерттелу дәрежесі

Бұл жұмыстың тақырыбы бірнеше ғылымдардың түйісуінде жатқаны айқын, сондықтан халықаралық қарым-қатынас пен глобализацияның қатынасы мәселесіне арналған фундаменталды зерттеу іс жүзінде жоқ десек те болады. Дегенмен, бұл мәселе әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі атанған ТМД елдері үшін бірнеше жылдар бұрын ғана өзекті бола бастады. Тікелей жаһандану турасында соңғы бес жыл ішінде жазылған еңбектер көп-ақ.

Тарихнама.

Бұл тақырып бойынша тарихнаманы екіге бөлуге болады: глобализация жайындағы шығармалар, сондай-ақ халықаралық қарым-қатынасқа қатысты еңбектер.

Жаһандану жөнінде осыдан жарты ғасыр бұрын жаза бастады. Ол кезеңдегі зерттеулер алдағы процестерді болжау түрінде сипатталатын. Батыстағы глобализация идеологтарына Ж. Аттали, Э. Валлерстайн, Ф. Фукуяма, З. Бжезинский тәрізді тұлғалар кіреді. Соңғы кезеңдегі авторлар қатарына американдық М. Кастельс, белгілі қаржыгер Д. Сорос, неміс ғалымы У. Бек жатады.

Ресей зерттеушілерінің арасынан «Глобализация: процесс и осмысление» атты монографиясы бар А. И. Уткин, «Глобализация, государство и право» атты кітап авторы И. И. Лукашукты және т. б. көптеген ғалымдарды атауға болады.

Қазақстандық авторлар қатарында біздің Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевты, И. Н. Тасмағамбетовты, Қ. К. Тоқаевты, Е. Каринді, А. И. Лұқпановты, М. Тажинді және т. б, атап өтуге болады.

Курстық жұмыс құрылымы.

Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімге кіретін екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-тарау. Жаһандану: мәні мен бастаулары

1. 1 Жаһандану ұғымы және оның қазіргі заман теориялары

Біреулер үшін жаһандану халықтарды одан әрі алшақтата түсетін, сәулетшілері мен инженерлерін өз қаңқасының астында көметін Жаңа Бабыл (Вавилон) . Енді біреулер үшін жаһандану қоғамдар мен мемлекеттер кауымдастығының әлеуметтік-мәдени мүдделерін бейнелейтін, сөйтіп барша күштің мүдделерін жинақтауға және елеп-ескеруге мүмкіндік беретін әлдеқандай Біртұтас Алаң Теориясы.

Жаһанданудың қарсыластары үшін бұл дегенің бар болғаны баяғы неоколониализм, неовестернизация, неомодернизация (жаңғырту) сияқты ескі құбылыстардың жаңғырған атауы ғана.

Жаһанданудың жақтаушылары бұған дейін бұрын артта қалған өңірлердің ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресіне тек қана жаһандану ықпал етеді деген елеулі қисындары мен көрнекі дәлелдерін көлденең тартады.

Әркімнің өзіндік дәлел жүйесі және өзіндік толайым айғақтары бар. Алайда әдеттегідей, шындық шекара маңында болады. Шынында да, біреулерді жаһандану қайтадан "тас ғасырына" қуып тықса, келесілерді өзінің өміршең күш-қуатымен және жайнаған жасампаздығымен құнарландырады.

Сондай-ақ біздің өмірімізге енетін жаһанданудың жағымды-жағымсыз болуы тек бізге ғана, жарасым мен жақсылыққа ұмтылған біздің сезінуіміз бен түйсігімізге ғана байланысты емес қой. Мәдени мүмкіндіктер, тарихи дәстүрлер, экономикалық ахуалдар, ресурстық негіздер, сонымен бірге логика мен конструктивті негізге көне бермейтін төл немесе ұлттық дүние түйсінулер мен дүние танымдар дегеннің бәрі демесек те, осы сияқты көптеген жағдайлар мен кейде аңғарып болмас факторлар өзгелермен санасуды қажет етеді.

Мұндай ахуал біздің күнделікті қолданысымыз бен мемлекетаралық тілімізге серпінді екпінмен еніп отырған халықаралық террор, экстремизм және сепаратизм деп аталатындарға да қатысты. Өзінің шегіне жете көрініс табатын террор, сепаратизм немесе экстремизм дегеніміз саяси, әлеуметтік және экономикалық теңсіздікпен уланған әлемдік қауымдастықтың тәнін меңдеген дерт болып отыр. Мұндай дерттің қайнар көзі әлеуметтік ахуалдан гөрі геосаяси құйтырқылықта жатыр деуге болмас. Сондай-ақ азаматтық жүгенсіздіктен немесе саяси қарсылықтан гөрі экономикалық ахуалға көбірек байланысты дeyгe де болмайды. Басқа да қисындардың көлденең тартылуы мүмкін. Бұл орайда, әр тарапты себептердің болуы заңды.

Соңғы екі-үш онжылдықта біздер әлемдегі процестердің жаңа сатыға көтерілгендігінің куәсі болып отырмыз. Бұл процесті біздер жаһандану деп атап жүрміз.

Жаһандану теориясын бейнелеу мен сараптамастан бұрын, “жаһандану” термині мен жаһандану процесі арасында айқындылықтың жоқ екендігін атап өту қажет. Бұрын “жаһандану” ұғымы ғылымда дүние жүзілік тарихтың орнығуы (К. Маркс), әлемдік жалпы адамзаттық өркениет (М. С. Горбачев, Ю. А. Замошкин), әлем-жүйе (Э. Валлерстайн) секілді терминдермен көрсетілді, жаһанданудың қазіргі таңда кең түрде қарастырылуына қарамастан, бұл ұғымға қатысты біртектілік жоқ. Кейбір зерттеушілер жаһандануды ХХ ғ. соңғы он жылдарындағы әлеуметтік трансформацияның жаңа типі ретінде бейнелейді. Басқалары жаһандануды бірлік жолында адамзаттың өткен бүкіл қадамдары деп түсінеді. Үшіншілер жаһандануды тұтас әлемді қалыптастырушы процестердің барлығы деп ұғынады. Келіспеушіліктер жаһандану процесі мен ұғымдарын түсінуде ғана емес. Бүгінгі таңда ең пікірталас тудырушы мәселе, бұл жаһанданудың шегі. Оның қоғамның мәдени және саяси шағын жүйелерін қамту қабілеттілігінде. Осыған байланысты бірнеше пікір бар. Мысалы, саяси ғылым саласындағы танымал американдық профессор Самуэль Хантингтонның пікірінше, экономика мен ақпарат саласындағы жақындасу, мәдени алшақтықты ушықтырып, бұл ғаламдық және жергілікті деңгейдегі қақтығыстарға әкеліп соғуы мүмкін. Басқа саясаттанушы Э. Валлерстайн, универсалды қолында және оның локальды көрінісінде болатын, ғаламдық және локальды мәдениеттер арасындағы диалектиканың бар екендігіне көңіл аударады. Батыс ғылымында өзге де сценарийлер орын алған. Мысалы, У. Ганнерс бойынша, гомогенизация сценарийі (мәдени унификация), сатурация сценарийі - бөтен, ең алдымен батыс мәдениетімен қанығу, “перифершілік коррупция” сценарийі, яғни батыстық емес аймақтарда батыс мәдениетінің құлдырауы және оның сол жерлерде бұрмалануы, диалог және алмасу жолымен біртұтас мәдениеттің “пісіп жетілу сценарийі” ықтимал. Алайда басым жағдайларда жаһандану деп біртұтас технологиялық, ақпараттық және қаржы нарығының қалыптасуын ұғынады, онда ешқандай шекара жоқ және әлем біркелкі болады.

Жаһандануды феномен және ұғым ретінде қарастыру тағы басқа сұрақ тудырады - батыстық қазіргі заман қалған барлық әлемге үйлесе ме? Жаһандану сыншылары одан қазіргі заман батысын батыстық емес елдер мен мәдениеттерге еріксіз түрде енгізу элементін көреді. Үшінші әлем елдеріндегі модернизация процесін сараптауы көрсеткендей, жаһандану бүкіл әлем дамуының әмбебап және ортақ моделі болып табылмайды.

Халықаралық социологтар Ассоциациясының президенті А. Мартинеллидің пайымдауынша, глобализация технология, қаржы, ақпарат саласындағы ғаламдық тәуелсіздік пен қоғамдардың, саясат пен мәдениеттің тұрақты бөлінуі арасындағы қарама-қайшылық шиеленісін өршітеді. Жаһандану басқарудың жаңа формаларын талап етеді. Мартинелли қазіргі заман жаһандану процесін реттеудің үш негізгі преспективаларын атайды: ынтымақтастық этосымен бірге халықаралық мемлекеттік ұйымдардың либералды интернационализмі; ұлтаралық бірлестіктердің жаңа әлеуметтік қозғалысының радикалды республикалық рухы; мульти-азаматтылықтың космополиттік жобасы.

Жалпы, жаһандану туралы дискуссияларды төрт дискурсқа шоғырландыруға болады: аймақтық немесе өркениеттік, академиялық, идеологиялық және жыныстық ерекшеліктер мәселесін қозғайтын дискурс.

Аймақтың немесе өркениеттік дискурсқа, глобализацияға басты көңіл бөлінбейтін дискурстар жатады. Бұл жерде келесідей мәселе көтеріліп отыр, үшінші әлемнің көптеген елдерінде ең алдымен нақты өркениеттер мен мәдениеттердің ерекшелігін ескеретін жеке ерекше тұжырымдама жасау қажеттілігі белсенді түрде талқыланады. Жаһандану теоретиктерінің өздері Үшінші әлем елдерін сараптау мен бейнелеудің осы елдер ғалымдарының осы тектес ұмтылыстарын локальды теориялар мен тұжырымдамалар деп анықтайды. Сонымен бірге жоғары дамыған елдер авторларының концепцияларында антиглобализация тұжырымдамалары жиі ұшырасады. Мысалы, француз интеллектуалдары мен Германияның кейбір ғалымдары жаһандануды француз және неміс қоғамдарына төніп тұрған қауіп деп есептейді. Орталық Европа мен Латын Америкасы елдерінің жаһандануға деген сенімсіздігі мен қауіптенуі жоғары. Академиялық дискурстарда әдетте глобализация белгілі бір ғылым шеңберінде қарастырылады. Жаһандану талдауының ең жарқын мысалы, оның экономикалық пән шеңберінде зерттелуі болып табылады, осы тектес тәсілді экономикалық дамудың ерекше нұсқасы бар Эммануель Валлерстайн ұсынды. Глобализацияның идеологиялық дискурстары әдетте оған қарсы шығудан, немесе оны қолдаудан тұрады. Глобализацияның жақтастары оны капитализмнің бүкіл әлем бойынша жеңісті жорығы ретінде суреттейді. Глобализация қарсыластары одан әлемнің батыстық емес аймақтарында Әлемдік Валюталық Қор, Дүниежүзілік Банк немесе Әлемдік Сауда Ұйымы сияқты ұйымдар үстемдігінің орнығуын көреді1.

Қазақстан ғылымы үшін глобализация теориясының өзектілігі неде? Ең алдымен ол тәжірибелік маңызға ие. Жаңа заман әлеміндегі посткеңестік мемлекеттердің мүмкіндіктері мен болашағын бағалау үшін әлем-жүйе анализіне бет бұру көп жағынан келгенде жемісті болып табылады. Бұл тәсіл жиырма жыл бұрын, дәстүрлі түрде әлеуметтік өзгерістер анализін мемлекет деңгейінде құрып, сол себепті халықаралық және кейбір ішкі “эндогенді” процестерді ұғынуды шектейтін теориялар алдындағы артықшылығын көрсетті. Глобализация теорияларының кейбіреулерін егжей-тегжейлі қарастырып өтейік.

Рональд Робертсонның мәденицентрлік теориясы

Жаһанданудың ең танымал теорияларының бірі Рональд Робертсонның (АҚШ) мәденицентрлік концепциясы болып табылады. Робертсон алғашқылардың бірі болып “жаһандану” терминін қолдана бастады. Робертсонның басты постулаты, мемлекеттердің халықаралық жүйесі Т. Парсонстың атақты AGІL схемасы шеңберінде бейнелене алады дегенге келіп саяды. Робертсон теориясының мәденицентрлік ұстыны мынадан көрінеді, мемлекеттер интеграциясының басты бағытын мәдени шағын жүйенің орнығуы деп есептеуінде.

Робертсон қазіргі заман әлемі жаһанданудың келесі сатыларын көрсетеді: А фазасы немесе дүниеге келу фазасы, ол XV-XVІІІ ғ. деп межеленеді. Ғаламдық әлемнің шығуына Европа діни тұтастығының бұзылуы, бүкіл планеталық әлем картасының пайда болуы, астрономиядағы гемоцентрлік жүйе және адамзат туралы алғашқы мәліметтер Б фазасында ғаламдық жүйе дүниеге келеді (1750-1850) . Бұл кезеңде халықаралық дипломатия жүйесі орнығып, адамзаттылық ұғымы түпкілікті қалыптасады, мәдени релятивизация жүреді: халықаралық көрмелердің пайда болуы, европалық емес елдерге енген халықаралық коммуникация жүйесі дүниеге келеді. В фазасы ғаламдық әлемнің шарықтау фазасы ретінде түсіндіріледі (1875-1925) . Бұл кезеңде әлемді төрт экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени шағын жүйелер ретінде ұғыну артикуляцияланады және ортақ күнтізбе қабылдау іске асады. Алғашқы халықаралық сайыстар (Олимпиадалар) мен мәдени фестивальдар . Г фазасы гегемония үшін күрес фазасы (1925-1969) ретінде. Бұл екінші дүниежүзілік және “қырғи-қабақ” соғыстар кезеңі, әлемдік саяси-құқықтық жүйенің қалыптасу кезеңі Робертсон адам құқықтарын қорғау саясатының қалыптасу мәселесіне зор көңіл бөледі. Бұл кезең сонымен бірге “үшінші әлем” тақырыбының пайда болуымен маңызды. Және, соңғысы, Д фазасы - белгісіздік фазасы (1969 ж. - осы кезге дейін) . Сыртқы кеңістікті зерттеу кезеңі, бұл жерде космостық зерттеулер, адам құқықтары туралы халықаралық пікірталастардың шығуы және постматериалистік құндылықтарды насихаттайтын дискурстардың таралуы туралы сөз болып отыр. Ғаламдық феминистік және экологиялық қозғалыстардың пайда болу фазасы, шын мәніндегі жаһандық масс-медиа, космостық коммуникациялар дүниеге келеді. Халықаралық қатынастар күрделене түседі.

Барлық қазіргі замандық институттар әмбебаптылық жағына қарай өзгереді: капитализм, индустриализм, қадағалау, күштеу құралдарын монополизациялау, еңбектің халықаралық бөлінісі, әлемдік әскери тәртіптің қалыптасуы. Жаһандану тек қана әлемдік капиталистік жүйені экспансиялау мен мәдени біртектіліктің орнығуынан ғана тұрмайды.

Эммануил Валлерстайнның әлем-жүйе теориясы

Әлем жүйелік анализ теориясын талдауды әлем жүйелік талдаудың басты постулаттарын сараптаудан бастаған тиімді болады:

  1. Әлем-жүйелік перспектива, “ұлттық мемлекет” уақытта “дамитын”, “салыстырмалы түрде автономды “қоғам” екендігін теріске шығарады.
  2. Ұзаққа созылғандық - әлемдік жүйенің, басы, жалғасы, соңы бар уақыттық корреляты.
  3. Қазіргі замандық әлем-жүйе бүкіл жер шарын алып жатыр және әлемдік капиталистік экономика болып табылады.
  1. Жаһандану процесі модернизациямен бір мезгілде жүреді. Оған мемлекеттер арасындағы интернационалды байланыстардың “экономикалық жүйелеу процесі” мен сананың ғаламдық мәдениетінің пайда болуы кіреді.
  2. Жаһандалуға планетада бар барлық индивидуалды байланыстардың жүйелі өзара әрекеті кіреді.
  3. Кеңістік тарылып, уақыттық айырмашылықтар азайды. Ғаламдық өзгерістерге кеңістіктің феноменологиялық элиминациясы мен уақыттың жалпылануы кіреді.
  4. Планетаны мекендеушілер әлемде деген біртұтас “рефлексивті” бағдарын өңдеді.
  5. Әмбебаптылық пен саяси бейтараптық енді ескірді.
  6. Тәуекел мен сенім ғаламдық деңгейде кеңейді
  7. Жаһандану - әлеуметтік өмірдің, әлеуметтік жүйенің прогрессивті мәдениеттендірілуінің аспектісі. Ғаламдық мәдениет туралы мәселе көтерілгенде, евро-американдық әлем өз мәдениетін қалған әлемге еріксіз түрде енгізетіндігі туралы тағы да бір рет айтудың еш қажеттілігі жоқ. Бірақ, Валлерстайн глобализацияды басқаша түсінеді, ол оны жаңа ғаламдық мәдениеттің пайда болуы, әрбір нақты мәдениеттерде жаңа әлеуметтік контекстінің шығуы ретінде ұғынады. Валлерстайн мәдени координаттар жүйесі ретінде анықтайтын геомәдениет ұғымын енгізеді, әлем-жүйе осы тұста қызмет етеді. Геомәдениет, онсыз бірде бір тарихи жүйе өмір сүре алмайтын нормалар мен құндылықтарды тудырады. Осыған байланысты аудитория алдына мынадай сұрақ қоюға болады: бұл жерде геомәдениеттегі бірнеше мәдениеттер туралы немесе оның шеңберіндегі әр түрлі мәдени саясаткерлер туралы сөз болып отыр ма? Ұлтшылдық пен интернационализм, әмбебаптылық пен саяси бейтараптық арасындағы айырмашылықтар - модернизмнің тарихи географиясының құрамдас бөлігі, капиталистік дамудың саяси және интеллектуалды пейзаждарының тұрақты ерекшеліктері. Соған қарамастан әлемнің біртұтастығы туралы постулат қазіргі заман әлемінде болып жатқанды түсінуді жеңілдетпейді.

Валлерстайн үшін әлем-жүйе, ең алдымен, экономикалық жүйе екендігіне қарамастан, әлем-жүйе теориясын бейнелеу мен сараптауда ол мәдениет пен бірдейліктің ғаламдық аспектілеріне үлкен көңіл бөледі. Капиталистік методология оларды тарихи байланыстыра отырып, мәдениет пен экономика арасындағы өзара байланыс проблемасын өзінше шешеді.

Көріп отырғанымыздай, мысалы, Валлерстайн глобализацияны негізінен экономикалық феномен ретінде түсінсе, Гидденс пен Робертсон глобализацияны тек экономикалық процестермен ғана ұқсастырмайды, оны өз анализдерінде локализация, мәдениет пен барабар процестерімен байланыстырады.

Мануэль Кастельс: ақпаратты экономика және глобализация процесі

Мануэль Кастельс - қазіргі заман әлеміндегі ең беделді әлеуметтік ойшылдар мен зерттеушілердің бірі, АҚШ-ғы Калифорния университетінің (Беркли) профессоры. 1996-1998 жылдары М. Кастельс өзінің қазіргі заман әлемі көп жылдық зерттеулерінің қорытындысы болып табылатын фундаменталды үш томдық монографиясын жариялады: “Іnformatіon Age: Economy, Socіety and Culture, Vol. 1-3 Oxford: Blackwell Publіshers, 1996-1998”. 2000 жылы Мәскеуде Кастельстың “Ақпараттық дәуір: экономика, қоғам және мәдениет” атты еңбегінің алғашқы томы орыс тілінде жарық көрді.

Соңғы жиырма жылда бір мезгілде қалыптасқан экономиканы Кастельс ақпараттық жаһандық ретінде түсінеді. “Ақпаратты - өйткені бұл экономикадағы (мейлі, ол фирма, аймақ немесе ұлт болсын) агенттер мен факторлардың өнімділігі мен бәсекеге шыдай алуы, бірінші кезекте олардың білімге негізделген ақпаратты өңдеу, тиімді пайдалану мен генерациялай алу қабілетіне тәуелді. Ғаламдық - себебі, өндіріс, тұтыну және тауарлар мен қызмет көрсетулердің циркуляциясы сияқты экономикалық қызметтің негізгі түрлері, сонымен бірге оны құраушылар (капитал, еңбек, шикізат, басқару, ақпарат, технологиялар, нарық), тікелей экономикалық агенттерді байланыстыратын тармақталған желіні қолдану арқылы ғаламдық масштабта ұйымдастырылады, және, соңғысы, ақпараттық және ғаламдық - өйткені жаңа тарихи жағдайларда өнімділіктің белгілі бір деңгейіне жету мен бәсекелестікті тудырту тек ғаламдық және өзара байланысты желінің ішінде ғана мүмкін” (81 бет) 2. Ғаламдық желі Кастельс бойынша, осындай жаңа экономиканың пайда болуына қажетті материалды базаны қамтамасыз еткен ақпараттық технологиялар саласындағы революция нәтижесінде тек қана ХХ ғ. соңғы ширегінде пайда болды. Бұл бастапқы пікірлер болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаһандану процесінің Қазақстанға жағымды әсері
Әлемдік экономиканың жаһандық мәселелері
Қазақстан және жаһандану
Жаһандану аясындағы қазақ мәдениеті туралы
Жаһандану процесі және оның салдары
Жаһандану дүниежүзілік дамудың шынайы үрдісі ретінде
Жаһандану процесі және оның Қазақстанға ықпалы
Жаһандану үдерісінің ұлттық руханияттың дамуына әсерін көрсету
Алматылық журналист Галина Дырдинаның айтуынша, бұның себебі қазақ тіліне сұраныстың жоқтығы
Жаһандану кезінде мәдениеттің әмбебаптық үлгісі саналатын американдық мәдениетке ұрынбау үшін не істеу керек
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz