Ғабит Мүсреповтің «Қазақ солдаты» романының жазылу тарихы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Филология факультеті

Қазақ әдебиеті кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

ҒАБИТ МҮСРЕПОВТІҢ «ҚАЗАҚ СОЛДАТЫ» РОМАНЫНЫҢ ЖАЗЫЛУ ТАРИХЫ

Орындаушы:

Ғылыми жетекші:

Норма бақылаушы:

Қорғауға жіберілді.

«--» -- 20__ ж.

Қазақ әдебиеті

каф. меңгерушісі


Реферат

Бітіру жұмысының тақырыбы: Ғабит Мүсреповтің «Қазақ солдаты» романының жазылу тарихы.

Бітіру жұмысының көлемі: 49 бет.

Бітіру жұмысының негізгі мақсаты: Жазушының соғыс туралы жазылған «Қазақ солдаты» романының қалай жазылғандығын анықтау бітіру жұмысының мақсаты.

Бітіру жұмысының құрылымы:

Кіріспе бөлімде: Бітіру жұмысының негізгі мақсаты мен Ғабит Мүсреповтің «Қазақ солдаты» романына келу жолы, романға берілген бағалар.

Бірінші бөлім. Романға жол. (Ғ. Мүсрепов және Қ. Исмағұлов) .

Ғабит Мүсреповтің «Қазақ солдаты» романының жазылу тарихы, жазуға себеп болған факторлар. Жазуға қажетті материалдарды қалай, қайдан жинады? Шығарма қашан баспа бетін көрді? деген сұрақтарға жауап.

Екінші бөлім. Бас қаһарман бейнесі және шындық туралы толғам.

«Қазақ солдаты» романының бас қаһарманы Қайырғали Исмағұловтың романдағы тұлғасы мен өмірдегі бейнесі салыстырылады. Тарихи шындық пен көркемдік шешім бағаланады.

Үшінші бөлім. Шығармадағы халықтар достығы және патриотизм.

Кейіпкерлер бойындағы патриотизм жан-жақты ашылып, халықтар достығының алатын орны көрсетіледі.

Төртінші бөлім. Көркемдік туралы ойлар және көркемдік шешім.

Романға талдау жасау арқылы «Қазақ солдаты» романының көркемділігі, жазушы шеберлігі мен ерекшелігі қандай деген сұрақтарға жауап беріледі.

Бітіру жұмысының мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер: Роман, кейіпкер, стиль, пейзаж, портрет, диолог, монолог, афоризм, шешендік сөздер, баяндау, суреттеу, мінездеу, аллитерация, ассонанас.

Бітіру жұмысында пайдаланылған әдебиет саны: 102


МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4

Бірінші бөлім. Романға жол (Ғ. Мүсрепов және Қ. Исмағұлов) …. … . . . 9

Екінші бөлім. Бас қаһарман бейнесі . . . 19

Үшінші бөлім. Шығармадағы халықтар достығы және патриотизм . . . 27

Төртінші бөлім. Көркемдік туралы ойлар және көркемдік шешім . . . 38

Қорытынды . . . 48

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . ……… . . . …. 50

КІРІСПЕ

Бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі: Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен-ақ Қазақстан ақын-жазушылары майданға аттанды, қанды шайқастарға қатысты. Олар қару мен қаламын қатар ала жүріп, қас жауымен соғысты. Майдан үстінде қаруланған қаруымен неміс-фашистеріне қарсы соққы берсе, аздаған соғыс өрті толастаған сәтте өзінің жауынгер жолдастарының ерлік істерін, Отан, туған жер туралы ойларын қаламмен толғады.

Қ. Аманжолов, Ә. Сәрсенбаев, Т. Жороков, Д. Әбілев, Ж. Саин, Б. Момышұлы, М. Ғабдуллин, Қ. Бекхожин, А. Жұмағалиев, Қ. Әбдіқадіров, Б. Бұлқышев және басқалары қаруы мен қаламын қатар ұстады. Олардың қатарына қаламын қаһарлы күндері ұштаған Х. Ерғалиев, С. Сейітов, С. Мәуленов, Ж. Молдағалиев, М. Әлімбаев, Т. Ахтанов, Ә. Шәріпов, Қ. Қайсенов сынды қаламгерлер келіп қосылды. Соғыстың сұрапыл мектебінен өтті.

Майдангер ақын-жазушылар құдіретті сөзімен үнемі жанқиярлықпен шайқасқан жауынгерлерді қанаттандырды, жігерлендірді, жауға деген өшпенділік өртін өршітті. Өздері де алғы шепте нағыз батырларша шайқасты. Қазақ қаламгерлерінің майданға тікелей қатысуы, жауынгерлермен бірге болуы әскери тақырыптағы шығармалардың шындықпен байытылған мазмұны мен идеялық дәрежесін биікке көтерді.

Әскери тақырыптың дамуына басылымдармен қоса, соғыс кезінде ана тілімізде шыққан майдандық газеттер де үлкен игі ықпалын тигізді. Бұл майдандық газеттердің шығуы жауынгерлер арасынды тың өрлеу туғызып, оларды жаңа жеңістерге бастады. Окопта, жорықта, шабуыл үстінде туған жауынгерлік жырлар, майдан даласында жазылған мақалалар мен очерктер, әңгімелер, поэмалардың алғашқы үзінділері де осы газеттер арқылы жетіп отырды.

Ұлы Отан соғысы тақырыбы алғаш негізінен поэзияда көрініс берсе, ұзамай басқа жанрлардың да тақырыбына айналды.

Соғыс жылдары қазақ әдебиеті мен журналистикасының тарихында тұңғыш рет әскери очерк пайда болды. Ақын-жазушыларымыз майдан батырларын да, тыл еңбеккерлерін де газет бетінде көркем публицистиканың арқауы етті.

Әскери очерк жанрының қалыптасуына майдандық газеттердің қосқан үлесі аз болған жоқ. Майдандық газеттердің қызметкерлері, әскери тілшілер Ә. Сәрсенбаев, Ж. Молдағалиев, Қ, Әбдіқадіров, С. Сейітов, Ә. Нұршайықов, Б. Бұлқышев және басқалары оқ пен оттың арасында, ұрыс шебінде жүріп, патриоттық туындылар берді. Олар соғыс шындығын, майдан өмірін өз көздерімен көрді, ұрыс үстіндегі небір керемет оқиғаның куәгерлері болды. Сондықтан да олардың очерктері Ұлы Отан соғысының көріністерін шынайы қалпында көрсетіп, жауынгерлер жүрегіне игі әсері болды.

Әскери тақырыпты игерудегі шығармаларды соғыс үстінде тез дамып, жетілуіне көп ұлтты кеңес әдебиетінің игі әсері болды.

А. Толстойдың, М. Шолоховтың, И. Эренбургтың, Н. Тихоновтың, Л. Леоновтың, А. Сурковтың және басқа сөз зергерлерінің шығармаларын жауынгерлер де, тың еңбеккерлері де ынтыға оқыды.

Әсіресе әскери очерктер жазған А. Фадеев, А. Серафимович, П. Павленко, К. Симонов, Л. Соболев, Б. Горбатов, Б. Полевой, А. Кривицкий тағы басқалар болды. Бұлардың қаламынан сол бір айбарлы күндерде туған очерктер, әдебиетіміздің асыл қазынасына қосылды.

Москва түбінде жаудың шабуылына тойтарыс берген қазақстандық 28 батыр туралы Александр Бектің, Шығыс жұлдыздары Мәншүк Маметова туралы Ольга Чечеткинаның, Төлеген Тоқтаров туралы Евгений Юнганың очерктері жарияланды. Орыс әдебиетінің озық үлгілері қазақ ақын-жазушыларына жаңа тақырыпты шығармашылықпен игеруге игі ықпалын тигізді.

Бұл тұста М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсрепов, Ғ. Мұстафин, А. Тоқмағанбетов, Ә. Әбішев және басқалары орыс жазушыларының үлгісімен бүтіндей әскери-публицистикаға ойысты. М. Әуезов «Ерлік-елдің сыны», «Отан ұран салғанда», «Ер бауырларға - ел сәлемі», С. Мұқанов «Батыр қыз», А. Тоқмағанбетов «Ел үмітін ер ақтар, ер есімін ел сақтар», Ғ. Мұстафин «Тарының тәңірісі» очерктерінде майдан мен тылдағы адамдардың ісін, ой-арманын баяндады. Кеңес адамдарының Ұлы Отан соғысы майдандарындағы жауынгерлік өмірі, тылдағы еңбегі тарихи шындықтың шеңберінде әрі нақты, әрі суретті өрнек тапты.

Халықтың рухани байлығы - көркем әдебиетті жасайтын тек қана шын талантты да дарынды тұлғалар екені талас тудырмайтын шындық. Олай дейтініміз, қазақ халқының өскен әдебиетін кемел әдебиетін бүкіл әлемге танытқан да, таныстырған да сол алып тұлғалар болатын. Туған елінің көркем әдебиетін саф алтындай талай-талай шығармалармен байытып, мәртебесін биіктеткен А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, М. Әуезов, С. Мұқанов болып келетін санаттың қатарында тұрған алыптардың бірі - Ғабит Махмұтұлы Мүсрепов.

Ғабит Мүсрепов шығармашылығындағы негізгі тақырыптардың бірі ─ ел тарихындағы үлкен асу ─ Ұлы Отан соғысы, сол соғыстың зардаптары, рухани тәжірибелері. Ғабит үшін бұл тақырып Толстой айтқандай, жазбауға болмайтын, жазбасыңа қоймайтын тақырып еді.

Ұлы Отан соғысы адамзат тарихындағы белгілі бекет. Яғни, өмірдің өз талабынан туындаған тақырып. Ол ─ мәңгілік. Соғыс ─ жазушы үшін қан майдан, өмір мен өлімнің белдесуі, ерлік пен ездіктің сынға түсуі ғана емес, сонымен бірге адамгершілік, адалдық өлшемі, ар тазалығы.

Ұлы Отан соғысы тақырыбы жазушы шығармаларының негізгі өзегі десе де болғандай. Оның алғашқы мақала, очерктерінен бастап, «Қазақ солдаты» романына да арқау болған осы тақырып.

Жазушы Ғабит Мүсрепов бұл жылдары майдандағы, тылдағы кеңес адамдарының ерлік қимылдарын бейнелейтін бірнеше очерк, мақалалар жазды. Оның «Албырт тас», «Ел үшін туған ер», «Манастың ұрпағы», «Ту да, намыс та біздің қолда», «Шегінбелік бір адым да», «Советтер Союзының геройы Нүркен Әбдіров», «Кек күшін берекелі ісіңде көрсет», «Батырдың анасы» сияқты очерк-мақалаларында қаһарлы жылдардағы кеңес жауынгерлерінің тұлғасы, патриоттық сезімі әсерлі суреттелгенін көреміз. Жазушының бұл публицистикалық шығармаларында Кеңес Одағының батырлары Нарсұтбай Есболатов, Әлікбай Қосаев, Нүркен Әбдіров, Дүйшенқұл Шопақовтың отты жылдардағы қаһармандық ерліктері шынайы шындық тұрғысынан суреттеледі. Әсіресе, Гастеллоның аңызға айналған ерлігін қайталаған Нүркен Әбдіровтің жарқын образын нанымды бере білген. Нүркеннің соңғы ерлік қимылы алдындағы ой-тебіреністері әдемі түйін тапқан.

Кеңес жазушыларының Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазылған шығармалары Ғ. Мүсреповке де көп ой салды, шығармашылық септігін тигізді. Қаламгер сол шығармаларды дәйектілікпен оқып-зерттеп, бұл тақырып туралы белгілі тоқтамға келді. Сөйтіп, «Қазақ солдатына» барар жолда олардың тәжірибесінен үйренгені ешқандай талас тудырмайды.

Бұл бағытта Ғабит Мүсрепов біраз тәжірибе жинақтады. Әсіресе, Мүсреповтің очерк, мақалалары сол тұстағы көкейкесті әлеуметтік мәселелерді айқын да өткір бейнелеуімен дараланады.

Ұлы Отан соғысы жазушының шығармашылығына бүтіндей өзгеріс жасап, жаңа бағыт берді.

Қазақтың тұңғыш әскери романы атанған «Қазақ солдаты» романы қалай дүниеге келді? Жазушының ерекшелігі неде деген сұрақтарға жауап іздеп, зерттеу жұмыстарын жүргіземіз.

Бітіру жұмысы тақырыбының зерттелуі: Ғабит Мүсрепов шығармашылығы жөнінде, соның ішінде «Қазақ солдатына» қатысты жазылған М. Қаратаев «Сырбаз суреткер», Е. Исмайлов «Сын мен шығарма», Т. Нұртазин «Қазақ солдаты» романы, М. Базарбаев «Әдебиет және дәуір», С. Қирабаев «Октябрь және қазақ әдебиеті», Х. Әдібаев «Талант, талғам, тағдыр», Ә. Нарынбетов «Уақыт шындығы − көркемдік кепілі», М. Бекбергенов «Ғабит Мүсрепов прозасы», М. Атымов «Идея және композиция», Ә. Айтмағанбетов «Қазақ солдаты», Т. Ахтанов «Жауынгер образы», А. Оспанов ««Қазақ солдаты» қалай жазылды?», З. Бисенғали ««Қазақ солдаты» романының жазылу тарихы» және басқалардың зерттеу еңбектерінде, әдеби мақалаларында романның көркемдік жақтары, композициялық құрылысы, образдар жүйесі қарастырылды, орынды пікірлер айтылды, тиісті бағалар берілді.

«Қазақ солдаты» романы жайлы профессор С. Қирабаев: «Қазақ солдаты» − «Отан соғысы тақырыбына жазылған көп шығармалардың ешқайсысына ұқсамайтын, өзіндік орны бар, көркем туындылардың бірі» − деп баға береді.

«Қазақ солдаты» романына өз еліміздегі ғалымдардан басқа шетел ғалымдары да әділ бағасын беріп кетті.

«Шетел сыншы, жазушылар романды көп ұлтты совет әдебиетінің жетістігі деп бағалап, жақсы қасиеттерінің біразын айтып та берді. Мысалы, Париждің «Эроп» журналы мен Бельгияның газеті (Франция мен Бельгияда 1958 жылы шыққан) шалғай жатқан қазақ даласында «Қазақ солдаты» сынды тамаша шығарма жазылу себебі күллі совет елінде болып жатқан саяси-әлеуметтік, мәдени-қоғамдық өзгерістермен тікелей байланысты деп. өте дұрыс көрсетті». [108, 16]

Ғабит Мүсреповтің осы шығармасы туралы И. Арамилев, Е. Лизунова, З. Кедрина, А. Вюрисер, Д. Добрев, П. Скосырев, Э. Ф. Рейн сынды ғалымдар мен сыншылары да өздерінің еңбектерінде кеңінен сөз етті.

«Қазақ солдаты» романын Г. Жаманқұлов, Н. Фазылов қырғыз, өзбек тілдеріне аударса, жалпы Мүсрепов шығармашылығы туралы туысқан халықтар әдебиетінде Г. Аминов, Г. Апанюк, М. Кербабаев, А. Кузнецов, К. Ниязов, т. б. мақалалар жазды. «Қазақ солдаты» болгар, поляк, румын, чехославакия, француз тілдеріне аударылды.

Ғабит Мүсреповтің «Қазақ солдаты» романы әдеби сыннан да, қалың оқырман қауымнан да әділ бағасын алған шығарма. Алайда белгілі бір шығарма туралы барлық пікір, ой-тұжырым айтылып болды деу − қате пікір. Өнер туралы, оның сан қыры мен сыры туралы барлық пікірдің айтылып болуы мүмкін емес. Әсіресе бұл сөз өміршең өнерді, шын ғажайып шеберлікті танытқан «Қазақ солдаты» сияқты шоқтығы биік озық туындыға тікелей қатысы бар. Бұл көркем шығарманың әлі де болса ашылмаған құпия сырлары бар деген сөз.

Енді біз «Қазақ солдаты» романының ашылмаған қырларын тереңірек зерттеп, жұмысты төрт тарауға бөліп қарастырамыз.

Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері: Жазушының соғыс туралы жазылған «Қазақ солдаты» романының қалай жазылғандығын анықтау бітіру жұмысының мақсаты. Осы көздеген мақсатты дәлелдеу нәтижесінде төмендегідей міндеттер туындайды.

− Ғабит Мүсреповтің шығармашылық шеберханасының сырын ашу;

− Соғыс жылдарындағы халықтар достастығының беріктігін көркем мазмұнда қолдану.

− Кейіпкерлер бойындағы патриоттық сезімнің басымды-лығын суреттеу.

Бітіру жұмысының құрылымы:

Бірінші бөлімде Ғабит Мүсреповтің «Қазақ солдаты» романының жазылу тарихы, жазуға себеп болған факторлар, жазуға қажетті материалдарды қалай, қайдан жинады деген сұрақтарға жауап береді. Сонымен қатар шығарманың баспа бетін көруі жайында сөз етіледі.

Екінші бөлімде «Қазақ солдаты» романының бас қаһарманы Қайырғали Исмағұловтың романдағы тұлғасы мен өмірдегі бейнесін салыстырылады. Тарихи шындық пен көркемдік шешім бағаланады.

Үшінші бөлімде Соғыс жылдарында халықтар достығы беріктігін қаламгердің бейнелеуі жүйелі түрде ашылып, халықтар достығының шығармадағы алатын орны көрсетіледі.

Төртінші бөлімде Романға талдау жасау арқылы «Қазақ солдаты» романының көркемділігі, жазушы шеберлігі мен ерекшелігі қандай деген сұрақтарға жауап беріледі.


БІРІНШІ БӨЛІМ. РОМАНҒА ЖОЛ (Ғ. МҮСРЕПОВ ЖӘНЕ

Қ. ИСМАҒҰЛОВ)

«Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай-қарай зытам . . . Зытып келе жатқаным - қашып келемін, артыма қарай беретінім - қорқып келемін». Ғабит Мүсреповке тән сүйкімділікпен жазылған бұл сөздерді қайсымыз сүйсініп айтпадық? Ана тілінің әсемділігіне қайсымыз қуанбадық?

Жазушы Сафуан Шәймерденовтің жазушы туралы айтқан мынандай керемет сөзі бар: «Әлі де талай-талай замандар өтеді. Талай-талай толқындар кезекпен ауысып, талай-талай ұрпақтар келеді. Сол кезде халқымыздың осы бір тұстағы бел-белесіне үңілер адам болса, Мүсрепов шығармаларына соқпай кете алмайтындығы айдан анық».

Ия, қанша ғасыр өтсе де көсем сөздің зергері Ғабит Мүсперов шығармашылығына соқпай кете алмаймыз. Біз де осы зерттеуімізді жазушының Ұлы Отан соғысы кезінде дүниеге келген «Қазақ солдаты» романының жазылу тарихына арнамақпыз.

«Қазақ батыры» ─ сұрапыл соғыс жылдарында майдан тақырыбына жазылған көркем шығармалардың сүбелісі болғандықан қазақ әдебиеті үшін тарихи маңызы зор туынды.

Шығарма ең алғаш 1945 жылы «Қазақ батыры» деген атпен «Майдан альманағында» повесть түрінде жарияланғаны белгілі. Көп кешікпей Қазақтың Біріккен Мемлекет баспасынан жеке кітап болып басылып, оқырман қолына тиді. Қазақ әдебиетінде алғаш рет кеңес халқының неміс басқыншыларына қарсы қаһармандық ерлігін күрделі прозада жан-жақты суреттеген шығарма болды. Бұл әуелде очерк болатын. Қаламгер Қайырғалидың соғыстағы қаһармандық ерлігін очерк желісі етті. Ғабит Мүсіреповтің осы шығармасында Қайырғали ерлігінің бір үзігі, көңілдің бір сәті ғана суреттелгенді. Жазушы аты аңызға айналған батыр туралы очерк жазумен ғана шектеліп қалғысы келмеген сияқты.

Бұрын жазушы Қайырғали Смағұлов ерлігімен газеттер арқылы таныс болса, енді өзімен кездескеннен кейін оның ерлігін әуелі повестке, кейіннен романға арқау етуге бекінген сияқты.

«Қазақ солдаты» романы алғаш басылып шыққанда Ж. Ыбыраев: «Қазақ солдаты» романының жарыққа шығуы - ұлттық әдебиетіміздің жаңа бір сатыға биіутей көтерілгендігінің айғағы. Қазақ халқының ана тілінде әскери романның тууы оқырмандарын ғана қуантып қана қойған жоқ, қазақ әдебиетінің даму барысындағы соны құбылыс ретінде ұлттық мәдениетіміздің көркейе түскендігің жарқын көрінісі болды, ─ дейді. [154, 105]

Ал зерттеуші-ғалым А. Оспанов: ««Қазақ солдаты» Ғабит Мүсреповтің ой-жоспарымен де, жазылу процесімен де қызғылықты жайларға толы роман», ─ деп баға береді. [102, 86]

«Қазақ батыры» повесін жазуға әсер еткен жайлардың ең бастыларының бірі сол уақыттағы газет материалдары еді.

Атап айтқанда, 1944 жылғы 1 сәуірде Гурьев (Атырау) облыстық «Социалды құрылыс» газетінде «Ер есімін ел сақтар, ел сенімін ер ақтар» деген айдармен Кеңес Одағының Батыры Қайырғали Исмағұлов туралы көлемді материал жарияланған. Бұл материалда жергілікті авторлар Б. Қорқытовтың «Үстем болсын мерейің» және О. Әжіғалиевтің «Батырдың туған жерінде» деген очеркі басылды. Осы журналистер мақалаларында Қайырғалидың ерлік, ірілік, адамгершілік қасеттерін шабыттана жазды. Қайырғалидың алған бетінен қайтпайтын табанды батыр екенін танытты.

«Берік пен Жәмек өлеңдерінде батырдың жауынгерлік сапары, майдандағы ерлігі жайлы шолу жасап өтеді. Ал «Батырдың туған жерінде» деген очерк «Теңдік» колхозы Отан соғысы жылдарында, «Колхозшыларға серт», «Батырдың семьясы» дейтін шағын-шағын үш бөліктерден тұрады. Осы материялдардан Қайырғалидың туған жері «Теңдік» колхозының қалай, қашан құрылғанынан бастан, колхоздық қазіргі экономикалық өсуі жайлы, колхозшылардың Отан соғысы кезіндегі еңбегі туралы айта келіп, «Теңдік» колхозының талай ұлдары Қызыл Армия қатарында тәрбиеленіп, Отан жауымен арпалысып жүр. Солардың бірі - сержант Қайырғали Исмағұлов. Ол Кеңестер Одағының Батыры деген абыройлы атақ алып, туған ауылын, туықандары мен достарын мәңгі өшпес даңққа бөледі. Қайырғалидай батырды тәрбиелеп өсірген, «Теңдік» колхозының колхозшыларына бүкіл ел риза» - деп жазған «Социалды құрылыс» газеті. Колхоз председателі Жұмағалиевтің «Теңдік» колхозшылары атынан Қайырғали батырға берген серті баяндалған. Ал, осы аталған очерктің «Батырдың семьясы» деген бөлігін тұтас келтіру орынды секілді. Себебі, мұнда көпшілік жұрт біле бермейтін Қайырғалидың семьясы, балалық шағы туралы толық мәлімет берілген болатын.

«Ол кезде дүние аласапыран болатын. Қазақстанда революция толқыны жер-жерді қамтыған. Бір үйлі жан иесі Смағұл, оның әйелі Биғайша өз ауылының малын бағып, кәсіп етеді. Әке мен шешенің жалғыз сүйеніші Досқали әлі жас. Осындай күңгірт өмірде жүріп Биғайша талай рет «Бізге де еркін дәурен сүретін күн туар ма екен, оған бізді кім жеткізбек» деп зарланатын.

1919жыл. Семьяға бір жас перзент қосылды. Әлдеқандай жақсылық қайырымы болады деп әкесі мен шешесі дүниеге жаңа келген перзентке «Қайырғали» деп ат қояды. Қайырғали өсті, жасы оннан асты. Бірақ тыжырынып қалған шаруа талпынған жүректің дегеніне көнбеді. Қайырғали оқи алмады. Бұған анасы Биғайша өкініште болды.

Ол - ол ма?!

Сүйікті ана бейуақытта Қайырғалидан айырылып қалды. Мұның қайғысы бәрінен күшті болды. Бұл 1932 жыл еді. Содан бес жыл бойы Биғайша баласының хабарын білмей қапаланады. Бұл былай еді: талабы асқар таудай, жігері тасыған жас бала енді үйде жүріп зырлаған өмірді босқа өткізгісі келмей, не оқуға кірем, не жұмыс істеймін деп серт етіп, елін тастап басқа жаққа кетіп қалған. Содан 1932 жылы Орал қаласына келіп, балалар тәрбиеленетін үйге орналасады. Осында жүріп шаштараз мамандығын үйренеді. Және осы мамандығы бойынша 1934 жылға дейін жұмыс істейді. Бірнеше жыл өткен соң Қайырғали қайтып айналып, өз үйіне келеді. Төңіректегі бір орынға жұмысқа кіреді. Сонда ғана Биғайшаның жүрегі жазылады.

Қазір Қайырғали батырдың үйінде анасы Биғайша, қарындастары Сақыпжамал, Қалима, жеңгесі Ділдәр бар. Ағасы Досқали Отан соғысы майданында неміс басқыншыларын жер жастандырып жүр.

Биғайшаның жасы 59-да. Ол кәрілікке қарамай, білек сыбанып колхоз өндірісінде істейді. Биғайша соғыс жылдарында тәжірибелі егінші болып алды. Оның өнері ерте егілетін бау-бақша егістіктерін арнайы жылы орында өндіру. Бұл жұмысқа ол әбден шеберленіп болған.

Қайырғалидың үлкен қарындасы Гурьев консерві заводында жұмысшы. Ол да өзінің егжей-тегжейіне дейін үйренген. Екі ұлы бірдей майданда, Отан қорғауда жүргенде естияр ана түн қатып, еңбек етіп семьясын күйзелтпеді.

Атадан асып туған алып балаға құрметті атақ - Кеңестер Одағының Батыры берілгенде Биғайша ана:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғабит Мүсірепов шығармаларының маңыздылығы
Кемеңгер қаламның құдіреті ( Ғ. Мүсіреповтің туғанына 105 жыл толуына арналған )
Ғ. Мүсрепов өмірі
Ғасыр туындысы - Жат қолында романы
Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы
Ғ. Мүсіреповтің әңгімелеріне жүйелі талдаулар жасап, оның еңбектерінің қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орны мен ролін анықтау
Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романының көркемдік ерекшелігі
Ғабит Мүсіреповтің Қазақ солдаты романына талдау
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВТІҢ ЖАТ ҚОЛЫНДА РОМАНЫНДАҒЫ ОБРАЗДАР ЖҮЙЕСІ
Ғ. Мүсірепов
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz