Дүниежүзілік қарусыздандыру саясаты


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

КУРСТЫҚ ЖУМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАРУСЫЗДАНДЫРУ САЯСАТЫ

Орындаған: Азиз ОРАЗБАЕВ

Қабылдаған: Қарлыға МЫСАЕВА

Алматы 2007 жыл

Жоспар.

Кіріспе:

Жаһандық бейбітшілікке бастаған жарқын шешім.

Негізгі бөлім:

  1. Кімде қанша қару бар?
  2. Таяу Шығыстағы жанжалдың астарында не жатыр?

Қорытынды:

Ядросыз Қазақстан

кіріспе

Жаһандық бейбітшілікке бастаған жарқын шешім

Негізгі тарауға көшпес бұрын, былтырғы жылдары Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі қызметін атқарған Қасымжомарт Тоқаев пен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтің атына әлемдегі зиялы қауымдарының таңдаулылары жазған алғыс хаттарынан үзінді келтіріп өтсек.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың атына АҚШ Мемлекеттік хатшысының қару-жараққа бақылау жасау және халықаралық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары

Роберт Джозефтің хаты

Құрметті Министр мырза!

Бұрынғы Семей ядролық полигоны жабылуының 15 жылдығын атап өтіп жатқан Қазақстан халқы мен Үкіметін құттықтау мен үшін өте қуанышты. Бұл атаулы оқиға Нұрсұлтан Назарбаев пен оның Үкіметінің Қазақстан халқының және тұтас әлемнің игілігі үшін ядролық қаруды, оның материалдары мен инфрақұрылымдарын қысқарту және таралуын болдырмаудағы көшбасшылығының алғашқы, алайда соңғы емес, жарқын көрінісі болды. Тәуелсіздік алғанына бірнеше жыл өткен соң да Қазақстан өзінің нақты күш-қуаты қатерлі арсеналдарды сақтап қалудан емес, керісінше, осындай қауіп-қатерлерді қысқарту және қарсы тұру жөнінде әлемдік қоғамдастықпен ынтымақтасуда екенін көрсетіп келеді.

Біздің елдеріміздің үкіметтері Кеңес Одағынан сіздерге мұраға қалған ядролық арсеналдарды жою саласында көп жылдар бойы тығыз ынтымақтасып келеді. Жұмыстың үлкен бөлігі аяқталып немесе аяқталуға жақын қалғанда, бүгін біздер жаппай қырып-жою қарулары мен оларды жеткізу жүйелері таралуының жаһандық қаупіне қарсы тұру бойынша бұдан да кең көлемді ынтымақтасу мүмкіндіктеріне ие болып, жауапкершілігін арқалап отырмыз. Біз Қазақстанның Ядролық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жаһандық бастамаға және Тарату қауіпсіздігі бастамасына толыққанды қатысуын қуаттаймыз және сіздермен бірге жаппай қырып-жою қаруы мен оларды жеткізу құралдары терроршылар мен оларды жақтаушылардың қолына түсуін болдырмау жөнінде одан әрі тығыз жұмыс жасаймыз деп үміттенеміз.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннанның жолдауы

Жоғары мәртебелі,

Сізді және Сіздің еліңізді Семей ядролық сынақ алаңы жабылуының 15 жылдығына орай құттықтауыма рұқсат етіңіз.

Осынау маңызды күнді атап өтерде біз әрқилы көңіл күйді бастан кешеміз. Бұл күн әлемге ядролық қару мен оны сынаудан туындайтын үрей мен қауіпті ескертеді. Полигонды жабу туралы шешім ядролық қатерді келмеске кетірудің жарқын үлгісі және халықтың бейбітшілік пен қарусыздануға ұмтылысын паш етеді. Ядролық қаруға ие болудан 1991 жылы өз еркімен бас тарту және сынақ полигонын жабу, БҰҰ-ның осыдан алты он жылдық уақыт бұрын өзі құрылған сәтінен бастап, қол жеткізуге ұмтылып отырған мақсаты - ядролық қарусыздану мен таратпаудың жаһандық күш-жігеріне өлшеусіз үлес қосты.

Семей сынақ полигоны жабылған 15 жылдан кейін, ядролық жарылыстардың салдарына ұшыраған тұрғындардың денсаулығын сауықтыру және аймақтың экологиялық жүйесін қалпына келтіру әлі де болса айрықша назар аударуды қажет етіп отырғаны маған мәлім.

БҰҰ Сіздің алаңдаушылығыңызға ортақтасады және тұрғындарды сауықтыруға, Семей аймағының экологиясы мен экономикалық дамуына бағытталған мүмкіндіктерді кеңейтуді көздейтін Сіздің еліңіздің күш-жігерін қолдауды жақтайтынын қуаттайды.

Біз Сіздің еліңізбен ядролық қарудан ада бейбітшілікті құру ісіндегі тығыз ынтымақтастығымызды жалғастыра береміз.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Ядролық сынаққа жаппай тыйым салу шарты ұйымы дайындық комиссиясының атқарушы хатшысы Тибор Тоттың жолдауы

Жоғары мәртебелі!

Қазақстандағы Семей ядролық сынақ алаңының жабылғанына 15 жыл толуына орай шынайы құттықтау жолдауды мәртебе санаймын. Тәуелсіздіктің ерте шағында Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы және ядролық қарусыздану мен таратпауды қолдайтын мемлекеттер қатарына қосылуы, шын мәнінде, үлкен құрметке лайық. Қазақстан бұдан кейін де Ядролық қаруды таратпау шартына қосылып, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шартына қол қойды және оны бекіту арқылы өз ұстанымына беріктігін көрсетті. Осыған орай мен, Жоғары мәртебелі, Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі Дулат Қуанышевпен бірге үстіміздегі жылы 29 тамызда Венаның халықаралық орталығында өтетін Семей ядролық сынақ алаңы туралы фотокөрменің ресми ашылуына қатысуды тағатсыздана күтемін.

Барынша қауіпсіз және сенімді бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталған біздің Қазақстанмен ортақ күш-жігерімізді ықыласпен жалғастыруға дайынмын.

НЕГІЗГІ ТАРАУ, 1-БӨЛІМ

Кімде қанша ядролық қару бар?

Корей жарты аралы тағы да кикілжің мен қауіп-қатер аймағына айналды. Оның себебі өткен аптада Солтүстік Корея орта және алыс қашықтыққа арналған зымырандарын сынақтан өткізді. Кейбір ақпарат көздері Пхеньян тағы да зымырандарын сынауға даярлық жүргізіп жатқанын хабарлауда. Бір айта кететін нәрсе, КХДР 2001 жылы баллистикалық зымырандарды сынауға мораторий жариялайтынын ескерткен еді, алайда 2002 жылы мораторийдан бас тартты. Ал 2003 жылдан бастап сол елдің ядролық бағдарламасына байланысты, алты жақты келіссөздер жүргізіліп келгені белгілі. 2004 жылы Пхеньян өзін ядролық держава ретінде танитынын әлемге аян етті. Көптеген сарапшылар, КХДР-дің зымырандарды сынауы және бір емес, он шақтысын бірден ұшыруы аймақтың «жанталаса қарулануына» алып келетінін байқатуда. Бұл өз кезегінде, Қытай мен Жапонияның қорғаныс бюджетін қайта қарауына, қарулы күштердің қуаттылығына көңіл бөлуіне алып келетіні анық. Демек, Тынық мұхит бассейнінде шиеленіс жаңа қарқын алмақшы. Жалпы, Солтүстік Кореяның зымырандық саласына көз салсақ, ол сонау 1980 жылдардың ортасынан бастау алады. 1988-1990 жылдары солтүстіктер «Хвансон 6» зымыранын жасады. Оның ұшу қашықтығы Оңтүстік Кореяға дейін жететін еді. Алайда солтүстіктер онымен шектеліп қалғысы келмей, 1000-ның үстіндегі «Хвансонды» Иран, БАЭ, Сирия, Вьетнам, Ливия және Египетке сатып, одан түскен қаржыға 1 тонна болатын оқтұмсықты алып ұшуға қуатты «Нодон-1» зымыранын жасады. Оның ұшу қашықтығы 1500 шақырым. Онымен Жапония жағалауында тұрған америкалық әскери базаларды, Токио, Пекин, Тайбэй және Ресейдің Хабаровск қалаларын «талқандауға» толық мүмкіндік алды. Бұдан кейін Солтүстік Корея 2500 шақырымнан 6 мың шақырымға дейін ядролық оқтұмсық алып ұшатын «Тэпходан-1, 2» зымырандарын дүниеге әкелді не болмаса дайындау үстінде. Өткен аптада сынақтан өткен сол зымырандар болатын. Әрине, ядролық державаға жататын Үндістан мен Пәкістан да олардан кейін қалып жатқан жоқ. Үндістан 2-5 шақырымға дейін ұшатын баллистикалық «Агни-2, -3» зымырандарына ие, ал онымен текетірес отырған Пәкістан ядролық заряд алып, 2, 5 шақырымға ұшатын «Хайдер-1» және өзге де зымырандары бар. Мұның сыртында ядролық елге жатпайтын Иран «Шахаб-1, -2, -3» зымырандарын жасап, сапқа қоя білді.

Әлемдегі ядролық державалар


Алпауыт елдер арасындағы «қырғи-қабақ» соғыс кезеңі өткен ғасырдың еншісінде қалды десек те, соңғы кезде атом қаруын жасауға ұмтылушы елдердің саны азаймай тұр. Әрине, ядролық шоқпар әлсіз елдерге қорғаныс құралы ретінде қажет болса, іргелі мемлекеттер үшін өзгеге сес көрсету мақсатында керек екені белгілі жайт. Кезіндегі ядролық держава атанған бес елдің (КСРО, АҚШ, Қытай, Франция, Англия) қатарына қазір Үндістан мен Пәкістан қосылды. Ресми емес ақпарат көздері «Израильде де ядролық қару бар» дегенді айтады. Енді ядролық держава атанып отырған жеті елдің күш-қуатына назар аударайық.

ЯДРОЛЫҚ ДЕРЖАВАЛАРДЫҢ КҮШ-ҚУАТЫ
ЯДРОЛЫҚ ДЕРЖАВАЛАРДЫҢ КҮШ-ҚУАТЫ: МЕМЛЕКЕТТЕР
Күш қуаты
ЯДРОЛЫҚ ДЕРЖАВАЛАРДЫҢ КҮШ-ҚУАТЫ: АҚШ
7 мыңның үстінде стратегиялық ядролық оқтұмсық бар. 1670 тактикалық оқтұмсықты қосқанда жалпы саны 10-12 мың деп саналады. Әскерінің нақты саны еш жерде көрсетілмеген.
ЯДРОЛЫҚ ДЕРЖАВАЛАРДЫҢ КҮШ-ҚУАТЫ: РЕСЕЙ
6 мың ядролық стратегиядық оқтұмсық әскери сапта тұр. Жалпы, ядролық зарядтардың саны 21 мың деп есептеледі. Армиясының саны 1 миллионнан асады.
ЯДРОЛЫҚ ДЕРЖАВАЛАРДЫҢ КҮШ-ҚУАТЫ: ФРАНЦИЯ
80 килотоннан 1 мегатон болатын 512 ядролық заряд бар. Олар «Мираж-1YP», «Мираж-2000Н» және «Супер-Этандар» ұшақтарына орналастырылған. Сондай-ақ баллистикалық S3D, «Гадес» және М-4А\В деген зымырандар бар.
ЯДРОЛЫҚ ДЕРЖАВАЛАРДЫҢ КҮШ-ҚУАТЫ: ҰЛЫБРИТАНИЯ
1995 жылғы деңгеймен есептесек, Ұлыбританияның ядролық арсеналы 246- 296 оқтұмсықты құрайды. Ядролық бомба алып ұшатын «GR - 1» ұшағы және баллистикалық зымыран ататын А3-ТК «Поларис», D-5 «Трайдент-2» сүңгуір қайықтары бар.
ЯДРОЛЫҚ ДЕРЖАВАЛАРДЫҢ КҮШ-ҚУАТЫ: ҚЫТАЙ
Қытай Халық Республикасының ядролық арсеналы 200 килотоннан 5 мегатонды құрайтын 284 атом бомбасы бар. Бомбыларды стратегиялық В-5, В-6, А-5 бомбылаушы ұшақтары тасиды. Сондай-ақ шахталық CSS-2, CSS-3, CSS-6 және CSS-N-3 қондырғыларына орнатылған. Қытайда 140-290 стратегиялық және 120-150 страгетиялық емес оқтұмсық бар деп саналады. Әскерінің жалпы саны 2 жарым миллион.
ЯДРОЛЫҚ ДЕРЖАВАЛАРДЫҢ КҮШ-ҚУАТЫ: ҮНДІСТАН
Ал ядролық державалардың қатарына қосылған Үндістанда 100-ден 400-ге дейін ядролық зарядтар бар деп есептелінеді. Екі елде де 150 шақырымнан 3 мың шақырымға дейін ұшатын баллистикалық зымырандар бар.
ЯДРОЛЫҚ ДЕРЖАВАЛАРДЫҢ КҮШ-ҚУАТЫ: ПӘКІСТАН
Бұл елде де 100-ден 400-ге дейін ядролық зарядтар бар деп есептелінеді. Екі елде де 150 шақырымнан 3 мың шақырымға дейін ұшатын баллистикалық зымырандар бар.

Қазақстан КСРО құрамында болған кезде еліміздің территориясында 1216 құрлықаралық баллистикалық зымырандар мен ауыр бомбылаушы ұшақтарға арналған зарядтар тұрды. Сол кезде АҚШ пен Ресейден кейін алапат қаруға ие Қазақстан еді. Жалпы, Қазақстан жерінде 148 баллистикалық зымырандарды ататын шахта болды. Қазақ жерінде тұрған, Батыс «Сатана» деп атаған СС-18 зымыраны өз класындағы зымырандардың ең жойқыны еді. Салмағы жеті жарым тонна тартатын, ұзындығы 34 метр, жуандығы 3 метр СС-18 зымыранының ұшу қашықтығы 12 мың шақырым. Зымыран осындай алапаттығымен Гиннесс рекордтар кітабына енген. Сонымен қатар қазақ жерінде ядролық зарядтарды алып ұшатын 27 стратегиялық ТУ-95 МС6 атты ауыр бомбылаушы ұшақ, ТУ-95МС16 атты қанатты зымыранмен жарақтанған 13 ұшақ тұрды. Екеуінің де ұшу қашықтығы 8 мың шақырым. ТУ95МС6 ұшағы алты, ал ТУ-95МС16 ұшағы 16 ядролық зымыран алып ұшатын еді. Алайда тәуелсіз Қазақстан 1992 жылы ядролық қаруды таратпау үшін Лиссабон хаттамасына, ал 1994 жылы Қазақстанның тұтастығы мен қауіпсіздігіне кепіл беретін ядролық мемлекеттермен меморандумға қол қойды. Дәл сол жылы өз территориясынан бүкіл ядролық оқтұмсықтарды шығарып бітті.

НЕГІЗГІ ТАРАУ, 2-БӨЛІМ

Таяу Шығыстағы жанжалдың астарында не жатыр?

Таяу Шығыс тағы да тас-талқан. Бұған дейін бұл аймақ талай қанды қақтығыстарды бастан өткергені белгілі. Арыға бармай-ақ өткен ғасырдың екінші жартысынан бері алатын болсақ, Израиль - Египет қақтығысы (Египет тас-талқан болып жеңілгені белгілі), Израиль - Сирия соғысы (Дамаск Тель-Авив алдында тізе бүккен), Израиль - Ливан жанжалы (Бейрут Тель-Авивтен күйреп қалғаны мәлім), одан кейінгі Израильдің бүгінгі күнге дейін Палестинаға әлімжеттік жасап келуі. Аймақтағы кез келген қақтығыста Тель-Авивтің асығы алшысынан түсіп келді. Жеңілісті білмеді.

Ал өткен аптада басталған Израиль-Палестина, Израиль-Ливан қақтығысында тағы да Тель-Авивтің мерейі үстем болып тұр. Екі елдің қалаған жеріне бомбы тастап, зымырандық соққы беруде. Даудың басы палестиналық «Хамас» тобы израильдік сарбаздарға шабуыл жасап, біреуін тұтқынға алып кетуінен туындады. Ал Ливанға Израильдің соққы беруі ол елдегі «Хезболлах» радикалды тобы израильдік екі жауынгерді кепілге алуынан басталды. Бұл соғысқа Тель-Авивтің айтар сылтауы «кепіл болған әскерлерді құтқару және Израильдің тәуелсіздігін қорғау». Қазір Израиль Ливанды әуеден де, теңізден де, құрлықтан да құрсауға алып, «Хезболлах» тобына тиесілі және Ливанның стратегиялық нысандарын аяусыз бомбылауда. Ливан экономикасы күйреп қалғаны мәлім. Ал Палестина жайлы айтудың қажеті шамалы. Марқұм Ясир Арафат кезінде екі ел арасындағы дау біршама саябырсығанымен билікке «Хамас» келгелі бері жағдай қайта ушығып кеткен-ді. Бұған дейін Израиль «Хамас» тобының серкелерінің бір-бірлеп көзін жойып, радикалды топты бассыз қалдыруға тырысты. Таяу Шығыстағы дауға назар салып отырған кейбір сарапшылар Израильдің Ливан мен Палестинаға қайта басып кіруі «бір-екі жауынгерді құтқару үшін ғана емес, оның артында өзге мақсат жатуы да мүмкін» деген ой айтады. «Мәселе, - дейді олар, -Израильде тұрған жоқ. Мәселенің үлкені АҚШ-қа тіреліп тұр. Вашингтон Тел-Авив арқылы от көсеп отыр. Ақ үй өзіне қарсы келіп отырған Па¬лестина билігіне келген «Хамас» тобын тақтан тайдыру үшін жанжалға тікелей өзі араласпай аймақтағы, сенімді одақтасы Израильді итермелеуде. Ливандағы «Хезболлах» тобын талқандау үшін де одақтасын пайдалануда. АҚШ-тың ойлағаны өзге нәрсе. Өйткені «Хамас» пен «Хезболлахты» Иран мен Сирия қолдап отырғаны мәлім. Уақыты келгенде Вашингтонның «Тегеран мен Дамаск халықаралық лаңкестік топтарды қолдап, қаржыландырып отыр. Сондықтан ол елдерге қарсы қатаң санкция қолдану, не болмаса, билігін құлату керек» деп әскери жорық жасауына да үлкен сылтау керек. Не болмаса «Хамас» пен «Хезболлахты» талқандау арқылы Сирия мен Иранды соғысқа тарту. Екінші бір жайт - Иранның ядролық бағдарламадан бас тартпай, халықаралық қауымдастықтың айтқанын құлаққа ілмей отырғаны белгілі. Бұл АҚШ-тың Иранға деген наразылығын тудыруда. Алайда Ақ үй Тегеранға бірден тиісе алмай, оның алғы шарттарын іздестіруде. Яғни Иран қолдап, қаржыландырып отырған «Хамас», «Хезболлах» топтарын құрту. Сосын барып негізгі кінәліге ауыз салу. Таяу Шығыста басталған үлкен қақтығыстың астары осында болуы мүмкін. Әйтпесе жеке дара әскери қимыл жасауға Израильдің құдіреті жете бермейді. Қазір Вашигтондай қолдаушысы, сүйеніші бар Тель-Авив Палестина мен Ливанға дегенін істеуде. Бұл пікірге қосылу не қосылмау әркімнің өз еркі. Қалай айтсақ та Израиль аймақтағы өз қарсыластарын «жуасытып» алуға шындап кіріскендей. Кейбір алдын ала жасалған болжамдарға қарағанда, Израиль - Ливан қақтығысы әлі біразға созылатын секілді. Әрине бұған халықаралық құзырлы ұйымдар алаңдап отырғаны мәлім. БҰҰ көп ұзамай жанжал аймағына бітімгершілік әскерлерін кіргізу керек дегенді айтуда. Бас қосқан Араб елдерінің лигасы жарытып ешнәрсе шеше алмады. Ливанға келгенде пікір екіге жарылды. Көптеген саясаткерлер Таяу Шығыстағы қақтығыс үлкен соғысқа айналып кетуі ықтимал деген пікір білдіруде. Израиль Палестина мен Ливанды бір жақты еткен соң АҚШ-тың айтақтауымен ауызды Сирия мен Иранға салуы мүмкін. Егер жағдай сондай тығырыққа тірелетін болса, Сирия мен Иран Израиль армиясына қарсы тұра ала ма? Әлде күйреп түсе ме? Енді соны білу үшін екі елдің қорғаныс күшін салыстырып көрелік.

ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІРДІҢ ҚОРҒАНЫС КҮШТЕРІ
ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІРДІҢ ҚОРҒАНЫС КҮШТЕРІ: Мемлекеттер
Қарулы күштері
ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІРДІҢ ҚОРҒАНЫС КҮШТЕРІ: Израиль
2005 жылғы әскери бюджеті 10 миллиард доллар.
Халық саны - 6 миллион адам.
Армиясы - 180 мың адамнан тұрады. Резерві - 430 мың адам.
Танк-4300
БТР-6000
БМП-400
Артқондырғылары - 1150, қосымша сүйретпелі 400 артқондығысы бар.
Ұшақтар - 700. Олар елдегі 10 авиабазада қоныс тепкен. Сондай-ақ қосымша 47 әуежайы тағы бар.
Кейбір деректерге қарағанда, Израиьлде 100-ден 200-ге дейін ядролық оқтұмсық бар көрінеді. Сондай-ақ Израиль әскери -теңіз катерінде «Дельфин» класындағы 3 сүңгуір қайық бар. Олар ядролық заряд алып ұшатын қанатты зымырандармен қаруланған.
ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІРДІҢ ҚОРҒАНЫС КҮШТЕРІ: Сирия
Әскері-320мыңадам
Резерві-500мың
Танк-4600
Артқондырғы-2080
БМП-2310
БТР-1500
Ұшақтарының жалпы саны - 500.
ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІРДІҢ ҚОРҒАНЫС КҮШТЕРІ: Ливан
Армиясы-70мыңадам.
Танк-200
БТР-164
Артқондырғы-147
Әуе күштері жоқ.
ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІРДІҢ ҚОРҒАНЫС КҮШТЕРІ: Иран
Иран әуе күштері 25 әскери эскадриямен 14 көмекші эскадрияға ие. Онда 100 мың жауынгер қызмет етеді. Ұшақтар барлау, бомбылаушы және ұшқыр ұшақтар болып бөлінеді.
Жалпы, Тегеран 270 әскери ұшақ, 375 тікұшақ,
164 артқондырғы,
1500 зениттік артиллерияға,
1700 зениттік-зымырандық қондырғыға ие. Мұнымен қатар, Иранның кеңестік «Скад -Б» (ұшу қашықтығы 300 шақырым), «Скад-С» ( ұшу қашықтығы 500 шақырым) және «Шихаб-2, -3»
(ұшу қашықтығы 1500 ден 2500 шақырым) секілді отандық зымырандары бар. Ядролық заряд алып ұшуға мүмкіндігі бар Украинадан алған қанатты зымырандарды да қосуға әбден болады. Жалпы, Иран армиясында 1 миллионға жуық адам бар деп есептелінеді.

Иранда ядролық қару жоқ және оны иемденуге құлықсыз. Бұл туралы бүгін Алматыдағы VI Еуразиялық медиа-форумда сөз алған Иранның экс-президенті Мохоммад Хатами мәлім етті. "Иран ядролық қарудың болғанын қаламайды және де ол туралы ойламайды да. Иран ядролық қаруды таратпау туралы келісімнің мүшесі болып табылады және де Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бақылауында", - деді М. Хатами. Сонымен қатар Иранның экс-президенті, Иран атом технологиясын пайдалануға толық құқылы деп санайды. "АҚШ, Ресей, Жапония және басқа да елдер ядролық энергиясын пайдалануға құқылы, ал бізде неге ондай мүмкіндік жоқ?", - деген сұрақ қойды ол. М. Хатами, халықаралық қоғамдастық Иранның ядролық бағдарламасына қатысты алаңдап отырса, "онда келіссөздер арқалы бұл проблеманы шешу керек" деп санайды.

ҚОРЫТЫНДЫ

ЯДРОСЫЗ ҚАЗАҚСТАН

Осыдан тура он алты жыл бұрын, 1991 жылдың 29 тамызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы тарихи Жарлыққа қол қойды.

1991 жылдың тамызы дәуірлік мәнге ие болған оқиғаларға толы еді. Дүние жүзінің көз алдында Кеңес Одағы әлі де болса тарихын ұзартудың әрқилы әрекеттерін жасап жатты. Шын мәнінде, күллі адамзат тағдырына әсер еткен сонау оқиғалардың қатарында Қазақстанның Семей ядролық сынақ алаңын біржолата жабу туралы шешімін атауға әбден болады. Бұл шешім - дүниежүзілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы жарқын үлгіге айналуымен қатар, еліміздің болашақ даму бағытын анықтаудағы табанды әрекет болғанын тарихтың өзі таразылап берді. Арада өткен аз мерзімді саралай отырып, кеңестік тоталитарлық жүйенің де іргесін шайқалтуға Қазақстан халқының табанды әрекеті себепкер болғанын аңғару қиынға соқпайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарусыздандыру туралы халықаралық конференция
Жапон дипломатиялық қызметі
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы туралы
Атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану
Біріккен Ұлттар Ұйымы қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастағы рөлі
Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы
Вашингтон конференциясының бірінші келісімі
Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары мен принциптері
Екінші дүниежүзілік соғыс. Соғыс алдындағы келіссөздер мен фактілер
Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ядролық қарусызданудың маңызын
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz