Корпорацияның айналым капиталы



1. Айналым қаражаттарының мәні және олардың кәсіпорындағы ұйымдастырылу негіздері
2. Айналым қаражаттарының нормалануы(мөлшерленуі)
3. Айналым активтерінің құралу көздері
4. Айналым активтерінің қолданылуындағы тиімділіктің бағалануы
Айналым қаражаттары – ең төменгі қажетті мөлшерде өндірістік айналым қорларын құру мен пайдаланудағы кәсіпорынмен(корпорациямен) авансталатын ақша қаражаттары және де өндірістің үздіксіз процесс пен есеп айырысулардың уақытылы жүзеге асуын қамтамассыз етеді. Айналым қаражаттары бір ғана өндірістік циулге қатысады және толығымен өзінің құнын қайта дайындалатын өнімге қосады., ал негізгі құралдар болса өндірістік процеске бірнеше рет қатысады.
Айналым активтерінің қозғалысының формуласы:
АҚ → МӨБҚ(МПЗ) → АӨ → ДӨ → АҚ(1)
МӨБҚ – материалдық өндірістік босалқы қорлар
АӨ – аяқталмаған өндіріс
АҚ – айналым активтеріне авансталатын ақша қаражаттары
ДӨ – қоймадағы дайын өнім
АҚ΄ - тауарды сатудан түскен түсім нысанындағы ақша қаражаттары.
АҚ΄ - АҚ + ∆АҚ(2)
∆АҚ - Айналым қаражаттарының мөлшерінің өзгеруі
∆АҚ < 0 – кәсіпорын шығындалады
∆АҚ > 0 - айналым қаражаттары пайда сомасына көбееді.

Айналым қаражаттарын ұйымдастырудың келесідей қағидалары бар.
- Меншікті нормалау айналым қаражаттарының ең төменгі мөлшерде қажетті мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді
- Айналым қаражаттарын қатаң, мақсатты түрде пайдалану олардың ұйымдастырылуында басты қағида б.т.
- Айналым қаражаттарының ұйымдастыру қағидасы болып олардың сақтығын қамтамассыз ету, саналы пайдалану және айналымдылығын жылдамбату б.т.
Айналым қаражаттарының құрамына келесілер кіреді:
- өндірістік айналым қорлары;
- айналыс қорлары.
Өз ішінде өндірістік айналым қорлары 2 топқа бөлінеді:
А) өндірістік босалқы қорлар (шикізат, материалдар және т.б.)
Б) аяқталмаған өндіріс

Айналыс қорлары келесілерден тұрады:
- қоймадағы дайын өнім
- тұтынушыларға арналған, бірақ төленбеген өнім
- кассадағы және банк шотындағы ақша қаражаттары
- қаржылық салымдар
Айналым қаражаттарының құрылымында негізгі бөлінген(удельный) бөлігін өндірістік босалқы қорлар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, алдағы уақыттың шығындары(лицензия алуға төлем, бағдарламалық өнімдерді пайдалануға құқық, ірі жарнамаларға бір реттік шығындар) құрайды.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: Корпорацияның айналым капиталы

1. Айналым қаражаттарының мәні және олардың кәсіпорындағы ұйымдастырылу
негіздері
2. Айналым қаражаттарының нормалануы(мөлшерленуі)
3. Айналым активтерінің құралу көздері
4. Айналым активтерінің қолданылуындағы тиімділіктің бағалануы

Айналым қаражаттары – ең төменгі қажетті мөлшерде өндірістік
айналым қорларын құру мен пайдаланудағы кәсіпорынмен(корпорациямен)
авансталатын ақша қаражаттары және де өндірістің үздіксіз процесс пен
есеп айырысулардың уақытылы жүзеге асуын қамтамассыз етеді. Айналым
қаражаттары бір ғана өндірістік циулге қатысады және толығымен өзінің
құнын қайта дайындалатын өнімге қосады., ал негізгі құралдар болса
өндірістік процеске бірнеше рет қатысады.
Айналым активтерінің қозғалысының формуласы:
АҚ → МӨБҚ(МПЗ) → АӨ → ДӨ → АҚ(1)
МӨБҚ – материалдық өндірістік босалқы қорлар
АӨ – аяқталмаған өндіріс
АҚ – айналым активтеріне авансталатын ақша қаражаттары
ДӨ – қоймадағы дайын өнім
АҚ΄ - тауарды сатудан түскен түсім нысанындағы ақша қаражаттары.
АҚ΄ - АҚ + ∆АҚ(2)
∆АҚ - Айналым қаражаттарының мөлшерінің өзгеруі
∆АҚ 0 – кәсіпорын шығындалады
∆АҚ 0 - айналым қаражаттары пайда сомасына көбееді.

Айналым қаражаттарын ұйымдастырудың келесідей қағидалары бар.
Меншікті нормалау айналым қаражаттарының ең төменгі мөлшерде қажетті
мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді
Айналым қаражаттарын қатаң, мақсатты түрде пайдалану олардың
ұйымдастырылуында басты қағида б.т.
Айналым қаражаттарының ұйымдастыру қағидасы болып олардың сақтығын
қамтамассыз ету, саналы пайдалану және айналымдылығын жылдамбату б.т.
Айналым қаражаттарының құрамына келесілер кіреді:
өндірістік айналым қорлары;
айналыс қорлары.
Өз ішінде өндірістік айналым қорлары 2 топқа бөлінеді:
А) өндірістік босалқы қорлар (шикізат, материалдар және т.б.)
Б) аяқталмаған өндіріс

Айналыс қорлары келесілерден тұрады:
қоймадағы дайын өнім
тұтынушыларға арналған, бірақ төленбеген өнім
кассадағы және банк шотындағы ақша қаражаттары
қаржылық салымдар
Айналым қаражаттарының құрылымында негізгі бөлінген(удельный) бөлігін
өндірістік босалқы қорлар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, алдағы
уақыттың шығындары(лицензия алуға төлем, бағдарламалық өнімдерді
пайдалануға құқық, ірі жарнамаларға бір реттік шығындар) құрайды.
Айналым қаражаттары мен меншікті айналым қаражаттарын айыра білу
керек.
Меншікті айналым қаражаттары меншікті капиталдың ағымды активін жабудың
көзін мінездейді.
МАҚ = МК – АтА(3)

МАҚ - меншікті айналым қаражаттары (таза айналым капиталы)
МК – меншікті капитал
АтА – айналымнан тыс активтер
Меншікті айналым қаражаттардың көрсеткішін басқа формуламен шығаруға
болады:

ТАК(МАҚ) – АА – ҚММ(4)

ТАК – таза айналым капиталы
АА – айналым активтері
ҚММ – қысқа мерзімді міндеттемелер(ағымды пассивтер)
Меншікті айналым қаражаттарының бар болуы - ө-кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығын қамтудың қажетті шарттары б.т.
Бұл көрсеткіштің ең төменгі мәні жалпы айналым активтер көлемінің
10% мөлшерінде болғаны дұрыс. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақтырақ
болады, егер де бұл көрсеткіш жоғары болса.
Өндірістік(операциялық) цикл - айналым қаражаттарының толық айналыс
жасағандағы уақыт аралығы. Операциялық циклді есептеудің формуласы:
ОЦ = ӨП + АКдқ(5)
ОЦ - операциялық цикл, күндер;
ӨП - өндірістік процесс, күндер
АКдқ – айналымдылық кезең дебиторлық қарыз бойынша, күндер.
Қаржылық цикл(ҚЦ) – жабдықтаушылар алдындағы міндеттемелер бойынша және
сатып алушылардан алынатын ақшалай төлемдердің арасындағы уақыт, яғни бұл
кезеңде таза айналым капиталы толық айналыс жасайды.
ҚЦ = ОЦ – АКкқ(6)
АКкқ = айналымдылық кезең кредиторлақ қарыз бойынша, күндер
Осы формуладан көргендей, операциялық және қаржылық циклдердің кемуі
жағымды тенденция.
Келесілердің есебінен циклдердің кемуі мүмкін:
материалды босалқы қорлардың сақталу кезеңінен тұратын өндірістік процесс
уақытының қысқаруы, қоймада сақталу мерзімі мен дайын өнімді шығарудың
уақытының төмендеуі;
дебиторлық қарыздың айналымдылығының жылдамдатылуы;
кредиторлық қарыздың айналымдылығының жылдамдылығының төмендетілуі.
Өтімділік(мобильділік) позициясынан айналым қаражаттары келесідей
топтарға бөліне алады:
Бірінші топ. Кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттары -
әрдаымда қозғалыста болады, бұлар ағымды есеп айырысуларда тез арада
пайдаланылуы мүмкін.
Екінші топ. Басқа да мобильді активтер(ақшалай эквиваленттер, қысқа
мерзімді қаржылық салымдар, дебиторлық қарыз), бұлардың қолма-қол ақшаға
айналуында белгілі бір уақыт қажет болады.
Үшінші топ. Өтімділігі төмен активтер – материалдық-өндірістік босалқы
қорлар, аяқталмаған өндірістегі шығындар, қоймадағы дайын өнімдер және
т.б.

2. Айналым қаражаттарының нормалануы(мөлшерленуі)

Айналым активтерін басқарудағы негізгі міндет, ол кәсіпорындағы қолайлы
айналым қаражаттарының жыл бойына орналасуы б.т. Айналым қаражаттарының
мөлшері ең аз болуы керек деп ұйғарылады, бірақ күнтізбелік кезеңдегі
қалыпты шаруашылық-қаржылық қызметті қамтамассыз етуге жеткілікті болуы
керек. Бұл мақсатқа жету үшін жыл сайын айналым қаражаттарына деген
сұранысты анықтап тұруы қажет және алынған мәліметтерді қаржылық
жоспарға(кәсіпорын бюджетіне) қосымша етіп, жеке есептеме түрінде бекітуі
керек.
Айналым қаражаттарының қажетті көлемі келесілерге тәуелді: өндіріс
көлеміне, тұтынатын материалды ресурстардың бағасының деңгейіне, олардың
айналысының жылдамдығына, шығындардың өндірістегі құрылымы, өндірістік
циклдің ұзақтығы, ақшасыз есеп айырысу нысаны жатады.
Айналым қаражаттарында кәсіпорынның жоспарлы тұтынушылығын
есептеуге келесідей дәстүрлі әдістер қолданылады:
a. тікелей шотты
b. аналитикалық
c. аралас, алғашқы әдіс элементтерінің қосындысы ірілетілген
есептеме
Тікелей шот әдісін қолдану кезінде айналым қаражаттарындағы жоспарлы
тұтынушылықтың әрбір босалқы қор элементімен анықталады.
Шикізат және материалдар бабы бойынша айналым қаражаттарындағы
тұтынушылық келесідей формулада қалыптасады:
Тшм = ∑Pi*Ki(7)
Pi - өндіріс пен өнімді өткізуге і – түрінің смета(бюджет) шығыны бойынша
материалдардың жоспарлы бір күндік шығыны.
Ki – і – түрінің материалдар бойынша босалқы қорлардың мөлшері, күндер
n – қолданылатын материалдардың түрлерінің саны(і = 1, 2, 3, ... , n).
Күнмен(К) белгіленген босалқы қорлардың мөлшері өзінде келесілердің
сомасын көрсетеді, транспорттық, дайындық, ағымды және сақтандыру босалқы
қорларын.
Ағымды босалқы қорлар екі шектес жеткізілім арасындағы интервалдағы
ұдайы өндіріс процесін қамтамассыз етуге арналған.
Ағымды босалқы қорлар келесі формуламен есептеледі:
Зm = ½ * И (8)
Зm - Ағымды босалқы қорлар(запас), күндер
И – нақты шикізат пен материалдар түрінің 2 шектес жеткізілім арасындағы
орташа интервал. Сақтандыру босалқы қорлары кәсіпорынды материалмен
жабдықтауда қиындықтар туындағанда өндірістің үздіксіздігін қамту үшін
қажет.
Сақтандыру(С) босалқы қорын есептеу:
С = ½ * Зm(9)
Мысал:
Жабдықтаушымен келісім бойынша көлікқұрылысы зауытына тоқсанына 3
рет құрылымдық болат қоймаға келіп түседі. Яғни 2 жабдықтаушы арасындағы
жеткізілім 30 күнге тең(90 күн 3). Ағымды босалқы қорлар 15 күн(302),
сақтандыру босалқы қорлары – 7,5(152). Бұл қорлардың жалпы сомасы
22,5(15+7,5). Транспорттық қор – 5 күн, ал дайындау қорлары(болатты
қоймалау, түсірісуге кеткен уақыт) – 1 күн.
Жоспарлы орташа күндік болаттың шығыны – 40 мың теңге, онда бұл материал
бойынша айналым қаражаттарындағы жоспарлы тұтынушылық 1140 мың теңге(40
мың тг. * 28,5 күн).
Аяқталмаған өндіріс бойынша айналым қаражаттарындағы жоспарлы тұтынушылық
келесі формуламен есептеледі:
АӨТ = ∑ӨҚі * Ці * ҮШКі(10)
ӨҚі – і түрі бойынша жоспарлы өндірістік өзіндік құн
Ці - і түрі бойынша бұйымды дайындаудағы өндірістік циклдің ұзақтығы
ҮШКі - і түрі бойынша бұйымның өндірістегі үдемелі шығын коэффициенті
және бұйымның дайындық деңгейі.
Үдемелі шығын коэффициентін келесі формуламен есептейміз:
ҮШК = Ш +0,5 * ШШ+Ш(11)
Ш – Бұйым бойынша ұсталымдарды есептеудегі материалдық шығын, мың тг.
0,5 * Ш – барлық шығындардың жартысы(амортизациялық аударым, жалақы), мың
тг.
Ш +Ш – ұсталымдарды есептеу бойынша өнімнің жоспарлы өндірістік өзіндік
құны, мың тг.
Қоймадағы дайын өнім бойынша айналым қаражаттарындағы жоспарлы
тұтынушылық келесідей:
ДӨТ = БКШі * Кі(12)
БКШі – і-түрінің өзіндік құнның өндірісі бойынша дайын өнімнің жоспарлы
бір күндік шығарылымы, мың тг.
Кі – і-түрінің бұйым бойынша мөлшері, күндер.
Күн бойынша қорлардың нормасы қоймадағы операциялар уақытын қосады(орау,
маркирлеу) және де есептеу құжаттарын рәсімдеуге 1-2 күн.
Тауар бойынша – бір күндік тауар айналымы күндер бойынша қорлар нормасына
көбейтіледі.
Айналым қаражаттарындағы есептік жоспарлы тұтынушылық құрылымдық
бөлімдердің іскерлігін бақылау шаруашылығында қолданылады(негізгі және
қосымша өндірістің цехтары, жабдықтау бөлімдері). Бұл есептемелердің
міндетті шарты қатысты тұрақты бағалар, дайын өнімнің материалды
ресурсы(инфляцияны жою), шаруашылық байланыстар орнатудың негізіндегі
кәсіпорынды барлық ресурстармен жабдықтау б.т.
Айналым қаражаттарындағы ААҚ-ң қосымша тұтынуының құралу көздері
№ Көрсеткіштер Сомасы мың теңге
1 Алдағы жылға айналым қаражаттарындағы есептемелік 57000
тұиынушылық
2 Есеп-қисаптық кезең соңындағы бухгалтерлік баланс бойынша 49800
айналым қаражаттарының нақты қалдығы
3 Айналым қаражаттарындағы тұтынудың өсуі 7200
4 Айналым қаражаттарындағы қосымша тұтынушылықты 7200
қаржыландырудың мүмкін болатын құрау көздері
Соның ішінде:
4.1. Бөлінбеген(үлестірілмеген табыс) 1000
4.2. Әрдайымда айналымда болатын кредиторлық қарыз(тұрақты
пассивтің өсуі)-аударымдар 600
4.3. Жай акциялардың қосымша эмиссиясы 4000
1600
4.4. Басқадай құрау көздері(коммерциялық несие, банктік
несие)

Аналитикалық әдіс есебін қолдануда есептік жылдағы материалдық
ресурстардың қосымша қалдығы(өтімділігі жоқ қаражаттардан басқасы)
алдыңғы жылдағы өндірістің көлемінің өсу ырғағына көбейтіледі. Босалқы
қорлар бойынша айналым қаражаттарының жетіспеушілігін оларға жоспарлы
тұтынушылығын бухгалтерлік баланс бойынша нақты қалдығын сәйкестендіру
арқылы анықтайды.
ААҚ циклді бойынша айналым қаражаттарындағы жоспарлы тұтынушылықтың
есебі.

Операциялық циклдің Орта күндік жоспарлы Айналым қаражаттарындағы
ұзақтығы, күндер шығындар, мың теңге жоспарлы тұтын-қ, мың теңге
1) жабдықтау циклі, 50Материалды шығын, 120 6000
2) өндірістің циклі, Жосп. 1күндік өндіріске 2000
10 шығын,200
3) өңдеу циклі, 5 1күнге жосп. өндірісітік 1200
өзіндік құн, 240
4) сатып алушымен Несиеге жосп. орта күндік 900
есептесу циклі, 15 тауар
Тауар сатылымының көлемі, 60
Барлығы 10100

Айналым активтерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпорацияның айналым капиталы туралы
Корпорация капиталының құны мен құрылымы
Корпорациялардың қаржы механизмі
Корпорацияның меншікті капиталының рөлі
Кәсіпорынның айналым капиталын басқару тиімділігіне қаржылық талдау жүргізу («Мөлдір су» ЖШС мысалында)
Капиталдың экономикалық табиғаты
Корпорацияның негізгі және меншікті капиталдарын қалыптастыру
Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру мен басқару
Айналым активтерінің сипаттамасы және оны басқару саясаттары
Корпоративтік қаржылар тұрғысынан капитал оның қалыптасуы мен пайдаланылуы
Пәндер