Күйіс малының ас қорыту ерекшеліктері



1) Күйіс малының ас қорыту ерекшеліктері.
А) Мес қарын
Б) Жұмыршақ
В) Қатпаршақ
С) Ұлтабар
2) Қарын микроорганизмдері және олардың маңызы.
3) Көмірсулардың қарында қорытылуы.
4) Күйіс қайыру механизімі.
5) Күйіс малы қарнының қимылдары.
6) Ащы ішектегі ас қорыту процестері.
7) Тоқ ішектегі ас қорыту.
8) Нәжіс бөлу (дефекция).
Күйіс малы қарнының құрылысы өте күрделі ,ол төрт бөлімнен тұрады. Олар мес қарын, жұмыршақ, қатпаршақ және ұлтабар. Алғашқы үш бөлімді алдыңғы (қосалқы) қарын, ал ұлтабарды - нағыз қарын деп атайды. Түйе қарны үш бөлімнен тұрады, оларда қатпаршақ болмайды. Алдыңғы қарынның кілегей қабығы көп қабатты жалпақ эпителиймен қапталады, онда без болмайды. Қарынның әр бөлігінің өзіне тән ерекшеліктері болады.
Мес қарын – алдыңғы қарынның ең үлкен бөлімі. Оның сыйымдылығы ірі қарада 100-300 л, қой мен ешкіде -12-20 л.
Мес қарын бүкіл құрсақтың сол жақ бөлігін алып жатыр. Мықты ет белдемдерімен және қатпарларымен ол бес бөлікке бөлінеді. Оң және сол ұзынша қатпарлар мес қарынды дорсальдық (үстіңгі) және вентральды (астыңғы) қапшықтарға бөледі. Үлкен көлденең қатпар қарын қапшықтарынан кіреберісті (сағаны), ал Х тәрізді қатпар – артқы дорсальдық және вентральдық құрыштарды бөледі. Мес қарын қатпарлары жынды екшеп, құрыштарға бағыттап отырады. Қарынның кілегейлі қабығы беткейді көбейтетін көптеген еміздікше түзеді. Олардың арасы микробтардың өсіп – дамуы үшін қолайлы орта болып табылады.
Жұмыршақ- кішкентай домалақ ағза. Оның сыйымдылығы ірі қарада 5-10 л, ал қой мен ешкіде 1,5-2 л. Мес қарын кіреберісінен оны орақ тәрізді қатпар бөледі. Жұмыршақтың кілегейлі қабығы дәнекер ұлпа негізінде бал арасының ұясына ұқсас тормала құрайды. Жұмыршақ мес қарыннан түскен жынды екшкп, оның қорытылуға дайын сұйық бөлігін қатпаршаққа өткізеді де, ірі бөлшектерді мес қарынға кері қайтарады. Мес қарын мен жұмыршақта жын физикалық, химиялық және микробиологиялық өңдеуден өтіп, жақсылап майдаланып, әбден сұйылғанға дейін аялдайды. Мес қарын жиырылған кезде жынның біраз бөлігі жұмыршаққа өтеді. Жұмырщақтың қатты жиырылуы кезінде ол қайтадан мес қарынға оралады. Осылай әрлі- берлі қуаланған жын массасы бөрітіп, жұмсарып, оның уақталған үлесі екшеленеді де, қатпаршаққа өтеді.
1) “Жануарлар физологиясы” 1 – том,
Т. Несіпбаев Алматы “Қайнар” 1995.
2) “ Жануарлар физологиясы” 2 – том,
Т. Несіпбаев Алматы “ Қайнар” 1996.
3) “Адам және жануарлар физологиясы”
Т.Несіпбаев Алматы “РИК” 2000.
4) “Этология крупного рогатого скота”
М. П. Скрипниченко Алматы 1979.
4) “Жануарлар физиологиясы”
Т. Несіпбаев Алматы “Ғылым” 2005.
5) “ Физиология с.-х. Животных”
Голиков А.Н., Базанова Н.У. М., 1991.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1) Күйіс малының ас қорыту ерекшеліктері.
А) Мес қарын
Б) Жұмыршақ
В) Қатпаршақ
С) Ұлтабар
2) Қарын микроорганизмдері және олардың маңызы.
3) Көмірсулардың қарында қорытылуы.
4) Күйіс қайыру механизімі.
5) Күйіс малы қарнының қимылдары.
6) Ащы ішектегі ас қорыту процестері.
7) Тоқ ішектегі ас қорыту.
8) Нәжіс бөлу (дефекция).

Күйіс малының ас қорыту ерекшеліктері.

Күйіс малы қарнының құрылысы өте күрделі ,ол төрт бөлімнен тұрады.
Олар мес қарын, жұмыршақ, қатпаршақ және ұлтабар. Алғашқы үш бөлімді
алдыңғы (қосалқы) қарын, ал ұлтабарды - нағыз қарын деп атайды. Түйе қарны
үш бөлімнен тұрады, оларда қатпаршақ болмайды. Алдыңғы қарынның кілегей
қабығы көп қабатты жалпақ эпителиймен қапталады, онда без болмайды.
Қарынның әр бөлігінің өзіне тән ерекшеліктері болады.
Мес қарын – алдыңғы қарынның ең үлкен бөлімі. Оның сыйымдылығы ірі
қарада 100-300 л, қой мен ешкіде -12-20 л.
Мес қарын бүкіл құрсақтың сол жақ бөлігін алып жатыр. Мықты ет
белдемдерімен және қатпарларымен ол бес бөлікке бөлінеді. Оң және сол
ұзынша қатпарлар мес қарынды дорсальдық (үстіңгі) және вентральды (астыңғы)
қапшықтарға бөледі. Үлкен көлденең қатпар қарын қапшықтарынан кіреберісті
(сағаны), ал Х тәрізді қатпар – артқы дорсальдық және вентральдық
құрыштарды бөледі. Мес қарын қатпарлары жынды екшеп, құрыштарға бағыттап
отырады. Қарынның кілегейлі қабығы беткейді көбейтетін көптеген еміздікше
түзеді. Олардың арасы микробтардың өсіп – дамуы үшін қолайлы орта болып
табылады.
Жұмыршақ- кішкентай домалақ ағза. Оның сыйымдылығы ірі қарада 5-10 л,
ал қой мен ешкіде 1,5-2 л. Мес қарын кіреберісінен оны орақ тәрізді қатпар
бөледі. Жұмыршақтың кілегейлі қабығы дәнекер ұлпа негізінде бал арасының
ұясына ұқсас тормала құрайды. Жұмыршақ мес қарыннан түскен жынды екшкп,
оның қорытылуға дайын сұйық бөлігін қатпаршаққа өткізеді де, ірі
бөлшектерді мес қарынға кері қайтарады. Мес қарын мен жұмыршақта жын
физикалық, химиялық және микробиологиялық өңдеуден өтіп, жақсылап
майдаланып, әбден сұйылғанға дейін аялдайды. Мес қарын жиырылған кезде
жынның біраз бөлігі жұмыршаққа өтеді. Жұмырщақтың қатты жиырылуы кезінде ол
қайтадан мес қарынға оралады. Осылай әрлі- берлі қуаланған жын массасы
бөрітіп, жұмсарып, оның уақталған үлесі екшеленеді де, қатпаршаққа өтеді.

.

Күйіс малының қарны: 1 - өңеш; 2 - мес қарын; 3 - өңеш науасы; 4 -
жұмыршақ; 5 - қатпаршақ; 6 - ұлтабар.
Мес қарын еш уақытта бос болмайды. Онда жын 70-90 сағатқа дейін
аялдайды. Мес қарындағы жын қалдығына мал жаңа қабылдаған азықпен
үстемеленіп отыр.
Өңеш- мес қарын кіреберісі мен жұмыршақтың шекарасына жалғасады,
сондықтан мал жұтқан азық жентегі жұмыршаққа да, мес қарын кіреберісіне де
түседі. Сақа малда ішкен судың 85-90 пайызы бірден мес қарынға, 15 пайызы
жұмыршаққа, 1- пайызы қатпаршаққа құйылады. Өңеш жұмыршақтың түбінде
қатпаршаққа дейін созылып жататын, ернеулері шала түйіскен жармалы
түтікшеге айналады. Оны өңеш науасы деп атайды. Өңеш науасы ернеулерінде ет
талшықтары мен жүйкелер орналасады. Жас төлдер сүт емген кезде өңеш
науасының ернеулері бір-бірімен қабысып, пайда болған түтікше арқылы сүт
қатпаршақ каналы бойымен бірден ұлтабарға өтеді.Сақа малда өңеш науасының
ернеулері қатайып, толық түйіспейді де, жұтылған сұйық мес қарын мен
жұмыршаққа құйылады.
Өңеш науасының ернеулері рефлекс нәтижесінде түйіседі. Төл енесін
емгенде ауыз қуысындағы рецепторлар тітіркеніп,импульс орталыққа тепкіш
арқылы сопақша мидағы жұту процесін реттейтін орталыққа
бағытталады.Орталықтан өңеш науасының ернеуіне қозу толқындары кезеген
жүйке құрамындағы талшықтармен беріледі. Осыдан ему қимылдары өңеш науасы
ернеулерінің түйісуін күшейтеді. Сақамалға ас тұзының, натрий сульфатының,
қанттың, хининнің ерітінділерін бергенде, өңеш науасының ернеушелері
түйісіп, ерітінділер мес қарын мен жұмыршаққа түспей, бірден ұлтабарға
өтеді. Малдың бұл қасиетін дәрі-дәрмек бергенде ескерген жөн.

Қатпаршақ - қой мен ешкіде нашар, ал ірі қарада жақсы дамыған. Оның
сыйымдылығы сиырда 7-18 л, қойда – 0,3-0,9 л. Қатпаршақтың іш жағында оның
ұзына бойына созыла орналасқан ірілі-кішілі жапырақшалар болады. Олар ірі,
орташа, майда, өте майда жапырақшалар болып бөлініп, белгілі ретпен
орналасады. Екі үлкен жапырақшалар арасында бір орташа, ал үлкен және
орташа жапырақшалар арасында екі майда жапырақша жатады. Ал майда
жапырақшалар арасында өте кішкентай төрт жапырақшалар орналысады. Аталған
жапырақшалар жиынтығы қуыс сайлар құрайды. Қой қатпаршағында осындай 8-10
қуыс сай болады. Қатпаршақ қосымша екшеуіш сүзгі қызметін атқарады. Мес
қарын мен жұмыршақтан түскен жынның қатты түйіршіктері осы жапырақшалар
арасында қалады да, олар одан әрі ұнтақталады, ал ұлтабарға жынның біртекті
сұйық бөлігі ғана өтеді. Қатпаршақ босаңсыған кезде мес қарын мен
жұмыршақтан жын сорылады да, ол жиырылған кезде жынның сұйық бөлігі
ұлтабарға айдалады. Демек, оған сораптық қызмет те тән.
Қатпаршақтың кілегей қабығының беткейі өте үлкен, сондықтан онда сору
процесі қарқынды жүреді: жын құрамындағы судың 60-70 пайызы қатпаршақта
сорылады. Көмірсулардың ыдырау өнімдері- ҰМҚ-ның да көп мөлшері осы
қатпаршақта сіңеді.

Ұлтабар- қарынның безді бөлігі. Ол кеңейген дене тұлғадан және сопақша
созылыңқы жіңішкерген бөліктен тұрады. Ұлтабардың алдынғы бөлігі
қатпаршақпен, арт жағы сүйірлене келіп, ащы ішекпен жалғасады Оның
кілегейлі қабығы целиндрлі эпителиймен астарланып, ағзаның ұзына бойына
созылып жататын 11-16 қыртыстар түзеді. Ұлтабар бездері күйіс қайырмайтын
малдың қарнындағы бездерге ұқсас. Ұлтабарда сөл бөлу процесі толассыз
жүреді, осыған байланысты ұлтабар бездерін құрайтын торшалар өте тез
жаңарып отырада. Ұлтабардың сыйымдылығы қойда 1, 7-3,3 л, сыйырда 8-20 л.

Қарын микроорганизмдері және олардың маңызы.
Ас қорыту органдарының құрылымдық ерекшеліктері мен онда жүретін
күрделі биохимиялық процестер күйіс малымен негізінен клетчаткадан тұратын
өсімдік тектес азықтарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сүт
қоректілердің ас қорытатын сөлдерінің құрамында клечатканы ыдырататын
ферменттер болмайды. Ал мес қарында ол селбес микроорганизмдердің
әрекетімен қорытылады.
Мес қарында микроорганизмдер тіршілігіне қолайлы жағдайлар орын алады.
Мес қарын жынының құрамында оттегі болмайды (анаэробиоз), орта әлсіз
қышқылдық, бірақ тұрақты деңгейде қалыптастырады (рН-6,0-7,6). Жын
құрамында көмір қышқыл газы, метан, азотты сутегі, күкіртті сутегі сиақты
газдар жинақталып, қан қуысынды жылылық 39 С градус шамасында сақталады.
Шықшыт безі сілекеиінің толассыз бөлінуі қарын микроорганизмдер тіршілігіне
қажетті жоғарғы ылғалдықты туғызады.
Қарындағы микроорганизмдер төл туған соң бірінші күндерде-ақ пайда
болады да, олардың қоректену сипатына және жасына қарай саны мен түрі
жағынан күрделене түседі. Төлдің енесімен бірге өсуі, азық жеуге ерте
үйренуі қарында микроорганизмдердің пайда болуын көбеюін жетілдіреді.
Мес қарындағы микроорганизмдердің жалпы санымен түлік құрамы әртүрлі
факторларға, әсіресе мал азықтандыру жағдайларына байланысты. Әдетте қарын
жынының бір грамында 1010 шамасында бактерия кездеседі. Қарындағы
микроорганизмдер алуан түрлі болғанымен, оның бір-бірімен тығыз байланыста
және белгілі бір арақатынаста өсіп-өнеді. Микроорганизмдердің бір түрі өсіп
дамыса, екінші түрі азайып, өліп, ыдырап отырады. Сондықтан мес қарында
тірі микроорганизмдермен қатар өлі микроорганизмдер денесінде кездеседі.
Күйіс қайтаратын мал қарнында микроорганизмдердің үш түрі кездеседі:
1) инфузориалар немесе қарапайымдар. 2) бактериялар. 3) уақ
саңырауқұлақтар.
Мал қарнында мекендейін инфузориялар нәжіс құрамында немесе жайылымда
кездеспейді, олар төлге сақа малдан жұғады. Бұл қарапайымдар не тікелей
бөліну, не канъюгация (қосылу) арқылы көбейді. Олар күніне 4-5 ұрпақ
береді. Қарын жынының
1 мл –де инфузориялар саны 1 милядқа жетеді. Егер қарында қорек тапшы
болса, инфузориялар паразитке айналады.
Жаңа туған төл қарнында инфузориялар кездеспейді. Олар тек ірі азық
жей бастағаннан кейін пайда болады (Н.О. Базанова, А.В. Прокудин, Т.
Несіпбаев). Қозы қарнында инфузориялар туғаннан соң 17-73, ал бұзауларда 19-
65 күннен кейін байқалады. Күйісті мал қарнын мекендейтін инфузориялардың
өзі бірнеше түрге бөлінеді. Ірі қара қарнында олардың 60 түрі, қойларда 30,
бұғы мен ешкіде 20 түрі кездеседі. Солардың ішінде кірпікшелі инфузориялар
маңызды орын алады. Олардың саны малды пішен және тамыр- түйнекті
өсімдіктерден тұратын рационда ұстағанда көбейеді.
Қарындағы бактериялар да көптеген түрлер мен топтарға бөлінеді. Қарын
жынының 1мл 1010-1011 шамасында бактериялар болады. Олардың арасында көп
тараған түрлері таяқша және домалақ (кокка)бактериялар. Бұл бактериялар
азық құрамындағы органикалық заттарды ыдырататын ферменттер бөледі.
Бактерияларды түзілетін ыдырау өнімдерінің сипатына қарай мынадай
функциялық топтарға бөледі:
1. белоктар мен белокқа жатпайтын азотты заттарды ыдырататын;
2. клечатканы ашытатын;
3. крахмал мен олигосахаридтерді қорытатын;
4. сүт және янтарь қышқылын ашытатын;
5. липидтерді (майларды) ыдырататын және т.б.
Мес қарында анаэробты уақ саңырауқұлақтар-ашытқылар, зең
саңырауқұлақтары және сәулелі ұсақ саңырауқұлақтар (актиномицеттер) де
кездеседі. Олар азық талшықтарына жабысып тіршілік етеді. Уақ
саңырауқұлақтар клетчатканы ерітіп, қантты ашытады,гликогенді, амин
қышқылдарын, В тобындағы дәрмендәрілерді синтездейді.

Көмірсулардың қарында қорытылуы.
Азық құрамындағы органикалық заттардың негізгі бөлігі (80 пайызы)
көмірсулардан- клетчатка, крахмал, әртүрлі қанттардан тұрады. Балғын
азықтарда 40 пайыз, жемде 75 пайыз, ал ірі азықтарда 80 пайызға дейін
көмірсулар болады. Қарындағы көмірсулардың қорытылуы негізінде
микробиологиялық ашу процесі жатады. Дегенмен, көмірсулардың әр түрін
қорыту ерекшеліктері болады (схема).

Күйісті мал мес қарындағы көмірсулар өзгерістерінің желісі.

Күйіс қайыру механизмі.
Әрбір күйіс кезеңі еріксіз акт- азық жентігін қайта лоқсудан
басталады. Мал қабылдаған жем шөптің азақтандыру аралығында мес қарыннан
ауызға қайтарылып, мұқият шайналып, қайта жұтылуын күйіс қайыру деп атайды.
Мал бір лоқсыған кезде мес қарыннан ауызға оралған жын мөлшерін күйістік,
оны шайнау процесін – күйсеу, Ал осы процестің атқарылуы мерзімін –
күйістеу кезеңі дейді. Күйіс малына аша тұяқ жануарлар (шошқа мен
бегемоттан басқа) мен сірі табандылар (түйе, лама) жатады.
Күйіс қайтару күрделі рефлекс түрінде атқарылатын процесс. Ол жынның
ірі бөлшектерінің жұмыршақ, қарын сағаны мен өңеш тесігінің кілегей қабығын
тітіркендіруінен басталады. Атаған аймақтар механо-, баро-, тангио-(жанасу)
және тензио-(керілу) рейепторларына бай келеді. Осы аймақтардан тітіркеніс
кезегі нерв арқылы сопақша мидағы күйіс орталығына беріледі. Орталықтан
қозу толқыны кезеген нервпен қарын қабырғасының еттеріне, жұлын арқылы
көкет пен кеуде еттеріне бағытталады да , олардың үйлесімді әрекеттерін
тудырады.
Күйіс қайтару процесі көмекей пердесінің жабық жағдайында малдың дем
алуға жасаған әрекетінен басталады. Осы кезде қабырғалар көтеріліп, көкет
жиырылады да мес қарын мен жұмыршақ қысылады. Көкірек қуысының көлемі
үлкейгендіктен ондағы теріс қысым деңгейі с.б. 15- 20 мм-ден 50-60 мм-ге
дейін артады. Осының салдарынан өңештің қарынмен жалғасқан бөлігі шанақ
тәрізді кеңейеді де, оған жұмыршақпен мес қарындағы жынның белгілі бір
үлесі сорылады. Осыдан әрі өңештің қарсы толқынында (антиперситалтикалық)
жиырылуының әсерінен жынның өңешке өткен үлесі ауыз қуысынан қайтарылады.
Осы сәтте көмекей пердесінің жабық жағдайында мал пәрменді дем шығаруда,
көкірек қуысындағы қысым жоғарылап, өңештің төменгі бөлігінде басталған
толқынды (перисталтикалық) жиырылудың салдарынан ондағы жынның қалдығы
қайтадан мес қарынға қайтарылады. Ауыз қуысындағы күйістіктің суық бөлігі
сығылып, кері жұтыладыда қою бөлігі мұқият шайналады. Сілекеймен шыланып,
қайта жұтылған күйістік мес қарынның дорсалдық қапшығындағы жынмен
арласады. Бірнеше секунттан кейін баяндалған құбылыс қайтадан қайталанады.
Мал азық қабылдасымен бірден күйістемейді. Ірі қара 30-70, майда тұяқ-
20-40 минуттан соң күйістей бастайды. Түнде мал күйісті жиі қайтарады да,
тәулігіне 6-8 рет күйістейді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кетоз, остиодистрофия
Ірі қара төлін бардамен бордақылау
Мал тұқымын жерсіндіру
Мал тұқымын жіктеу
Малдардың тұқымын асылдандыру
Экстерьер малдың сыртқы дене құрылысы
«Сиыр табынын толтыратын ұрғашы бұзауларды азықтандыру»
Ірі қараның асыл тұқымды малдары
Зат пен қуат алмасу физиологиясы
Асқорыту жолында қоректік заттардың сіңірілуі
Пәндер