Қазақстан Республикасының несиелік жүйесі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I Қазақстан Республикасының несие жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1. Қазақстан Республикасының үш деңгейлік жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Комерциялық банктердегі несиелік проблемалар ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3. Қазақстан Республикасының несие жүйесінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... 9
II Қазақстан Республикасының ипотекалық несие жүйесі ... ... ... ... ... ... .11
2.1. Ипотекалық несиелеу жүйесінің негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Қазақстандағы тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесі ... ... ... ... ... .14
2.3. Қазақстан Республикасының ипотекалық несиедегі жетістіктері ... ... .17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап шығару – адамзаттың данышпандық табысы. Себебі, несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға мүмкіндік туады.
Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылылыстың мүліктік жіктеліп ыдырауы натижесінде бір қауымының бай отбасы және кедей отбасы болып бөлініп, біреуінде артық қалған өнімнен оны кейін қайтарып беруге келісіп, екіншісі өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болады.
Несие жүйесі несие-қаржы мекемелердің жиынтығы ретінде жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшаларын есеп шоттарында шоғырландырып, оларды кәсіпорындарға, үкіметке және халықтың әр түрлі топтарына қарызға береді.
Несие – ұдайы өндірістің ажырамас бөлігі. Тауарлы өндіріс – несие қатынастарының пайда болатын табиғи негізі. Себебі, тауардың пайда болуы маңызды екі жағдайға байланысты: біріншіден, өнім тауар болуы үшін оның заттай түрі және құны болуы қажет;
Екіншіден, өнім бір өндірушіден екінші өндірушіге ауысуы қажет, ол ауысу тек айырбас кезінде, яғни нарықта болады. Сонда тауар айырбасы несиенің пайда болатын ортасы.
Несие жүйесінің дамуы Қазақстан Республикасының экономикасының қарқынды дамуына мүмкіндік береді.
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының несиелік жүйесін қарастыру, осы жүйенің дамуы мен қиыншылықтарын көрсету.
Бірінші тарауда Қазақстан Республикасының несие деңгейлері, комерциялық банктердегі несие беру проблемалары, Қазақстан Республикасының несие жүйесінің жетістіктері мен алға қойған мақсаттары көрсетілген.
Екінші тарауда Қазақстан Республикасының ипотекалық несие жүйесі, тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесі, Қазақстан Республикасының ипотекалық несиедегі жеткен жетістіктері көрсетілген.

1. Байылов Т. «Үш деңгейлік кредиттеу жүйесі»
// Егемен Қазақстан-2004-25 қыркүйек-5 бет//
2. Бралина А.Г. «Коммерциялық банктердегі проблемалық несиелерді
басқару» // ҚазҰУ хабаршысы экономика сериясы-2005-№2//
3. Ахметжанқызы Л. «Ел экономикасын қаржыландыру – банктердің басты
мақсаты» //Жас қазақ үні-08.07-14.07.2005ж-9 бет//
4. Тұрлыбекова А.Ж. «Ипотекалық несиелеу жүйесінің институционалды
негіздернің қалыптасуы» //ҚазҰУ хабаршысы экономика сер.-2005-№2//
5. Шыныбеков Н.С. «Қазақстандағы тұрғын үйді ипотекалық несиелеу
жүйесі» // ҚазҰУ хабаршысы экономика сериясы-2004-№5//
6. Алдаберген Ә. «Ипотекалық несие тұрғын үй алуды жеңілдетеді»
// Егемен Қазақстан-2005-1қаңтар-5 бет//
7. Шайынғазы С. «Ипотекалық несие: Бұл бағытта нендей өзгерістер бар?»
// Егемен Қазақстан-2005-21 қыркүйек-1 бет//
8. Сағындықова М. «Ипотека игілігі»
// Егемен Қазақстан-2005-2желтоқсан-5бет//

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университеті
Экономикалық теория кафедрасы
Р Е Ф Е Р А Т
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының несиелік жүйесі
Орындаған:
Тексерген:
Астана-200 ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I Қазақстан Республикасының несие
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..4
1.1. Қазақстан Республикасының үш деңгейлік
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ...-
1.2. Комерциялық банктердегі несиелік
проблемалар ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3. Қазақстан Республикасының несие жүйесінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... 9
II Қазақстан Республикасының ипотекалық несие
жүйесі ... ... ... ... ... ... .11
2.1. Ипотекалық несиелеу жүйесінің
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .-
2.2. Қазақстандағы тұрғын үйді ипотекалық несиелеу
жүйесі ... ... ... ... ... .14
2.3. Қазақстан Республикасының ипотекалық несиедегі жетістіктері ... ... .17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .21
Кіріспе
Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап шығару – адамзаттың данышпандық
табысы. Себебі, несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және
жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие
алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға
мүмкіндік туады.
Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылылыстың мүліктік жіктеліп
ыдырауы натижесінде бір қауымының бай отбасы және кедей отбасы болып
бөлініп, біреуінде артық қалған өнімнен оны кейін қайтарып беруге келісіп,
екіншісі өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болады.
Несие жүйесі несие-қаржы мекемелердің жиынтығы ретінде жеке және
заңды тұлғалардың уақытша бос ақшаларын есеп шоттарында шоғырландырып,
оларды кәсіпорындарға, үкіметке және халықтың әр түрлі топтарына қарызға
береді.
Несие – ұдайы өндірістің ажырамас бөлігі. Тауарлы өндіріс – несие
қатынастарының пайда болатын табиғи негізі. Себебі, тауардың пайда болуы
маңызды екі жағдайға байланысты: біріншіден, өнім тауар болуы үшін оның
заттай түрі және құны болуы қажет;
Екіншіден, өнім бір өндірушіден екінші өндірушіге ауысуы қажет, ол
ауысу тек айырбас кезінде, яғни нарықта болады. Сонда тауар айырбасы
несиенің пайда болатын ортасы.
Несие жүйесінің дамуы Қазақстан Республикасының экономикасының
қарқынды дамуына мүмкіндік береді.
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының несиелік жүйесін
қарастыру, осы жүйенің дамуы мен қиыншылықтарын көрсету.
Бірінші тарауда Қазақстан Республикасының несие деңгейлері,
комерциялық банктердегі несие беру проблемалары, Қазақстан Республикасының
несие жүйесінің жетістіктері мен алға қойған мақсаттары көрсетілген.
Екінші тарауда Қазақстан Республикасының ипотекалық несие жүйесі,
тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесі, Қазақстан Республикасының
ипотекалық несиедегі жеткен жетістіктері көрсетілген.
I Қазақстан Республикасының несие жүйесі
1.1. Қазақстан Республикасының үш деңгейлік жүйесі
Соңғы жылдары Қазақстан экономикасы орнықты оң үрдістерімен
сипатталып отыр. Ел экономикасы өсуінің жоғары қарқыны тек шикізат
ресурстарының қолайлы баға коньюнктурасына байланысты сыртқы факторларымен
ғана емес, сонымен бірге ішкі факторлар - өнеркәсіп өндірісі көлемінің
ұлғаюмен, ауыл шаруашылығын дамытудың оң динамикасының сақталуымен, орта
және шағын бизнестің қызмет саласының кеңеюімен де қамтамасыз етіледі.
Осыған байланысты, қаржылық қызмет көрсетуге елдің түрлі
аймақтарындағы неғұрлым ауқымды тұлғалар тобын және ұйымдарды қамту үшін,
қазіргі уақытта үш деңгейлік несиелеу жүйесі құрылған. Ол екінші деңгейлік
банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардан және микрокредиттік ұйымдардан тұрады.
Екінші деңгейдегі банктерге қатысты 1995 жылдан бастап банк жүйесінің
бірнеше реформасы жүргізілді. Оларды жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстанның
банктік жүйесі ТМД-ғы ең үздігі болды. 1996 жылдың желтоқсан айынан бастап
банктердің жиынтық меншікті капиталы 14 есеге жуық, жиынтық активтері 11
еседен астам өсті. Осы уақыт ішінде резидент депозиттерінің жалпы көлемі 11
есе өсті. Қазңр банктер активтерінің 56%-ға жуығы экономикаға несиелер
түрінде орналастырылды.
Егер банктер берген кредиттерді экономиканың салалары бойынша
қарасақ, өнеркәсіп, құрылыс, көлік сияқты капиталы ауқымды салаларда
елдегі экономикалық көтерілуге және әзірленген инновациялық бағдарламаға
байланысты әрбір жыл сайын несиелеу көлемі ұлғайып келеді деген тұжырым
жасауға болады. Сондықтан өздерінің үлкен несиелік ресурстары, қалыптасқан
несиелеу жүйесі және инфрақұрылымы бар банктері үшін ірі және орта бизнес
неғұрлым тартымды болып табылады.
Беделді қаржыгерлердің пікір бойынша банктер бірінші кезекте ірі
және орта бизнесті несиелеуі тиіс, шағын бизнесті несиелеу үшін кредиттік
серіктестіктер мен микрокредиттік ұйымдарды дамыту қажет. Бір адамға $400-
700 мөлшеріндегі несиелеуді банктер нақты түрде бермейді, олар үшін
әкімшілік шығыстар тым көп. Сонымен қатар әрбір кәсіпкер ақша қажет болған
жағдайда банкке бара бермейді. Оған себеп: қағазбастылықтың көп болуы,
үнемі тиімді бола бермейтін пайыздар және несие берудің ең төменгі шектері.
Бұл ретте, егер заемшы өзінің бизнесін жаңа ғана бастаса және оны дамыту
үшін несие алғысы келсе, банктер әдетте несиені қайтару тәуеклін болдырмау
үшін олардың несиелік саясатында бастапқы капитал ретінде несие беру
көзделмеген деген желеумен несие беруден бас тартады. Осылайша, банктердің
ірі бизнесті несиелеу деген пікір расталады.
Кредиттік серіктестіктер мен микрокредиттік ұйымдар – бұл несиелік
мекемелердің келесі деңгейлері. 2003 жылғы наурыз айында олардың қызметі
туралы тиісті заңдар шықты. Кредиттік серіктестіктің заемдық операциялары
кредитік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы бекіткен ішкі несиелік
саясат туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Кредиттік серіктестіктің
қатысушыларына несиелер қамтамасыз етумен жене сол сияқты қамтамасыз етусіз
берілуі мүмкін. Кепіл, кепілдік, кепілдеме және басқа тәсілдер несиені
қайтаруды қамтамасыз ету болуы мүмкін. Несиені рәсімдеуге және беруге
байланысты барлық қажетті шығыстарды несие алушы өтейді. Әдетте несиелер
ипотекаға, шұғыл мұқтажға беріледі (ауылдық несиелк серіктестіктер – ЖЖМ,
ауылшаруашылық техникасын сатып алуға, өсімдік шаруашылығына), 3 жылға
дейінгі мерзімге, 0,8 пайызбен және бір айдан жоғары.
Микрокредиттік ұйымдар туралы Заң Қазақстанда рыноктық
қағидаттармен микрокредиттеуді дамыту мақсатында қабылданған болатын және
микрокредиттік ұйымдардың олардың микрокредиттер беруіне байланысты
қызметін құрудың және жүзеге асырудың жеңілдетілген рәсімін енгізуге
арналған негіздерді құрады. Микрокредиттеу халықтың ауқымды тобының еңбек
іс-қимылдарын ынталандыруға бағытталған. Әлемнің көптеген елдерінде ол
құрал ретінде пайдаланылады: тұрмысы нашар азаматтарды қолдау, елдегі
жұмыссыздық деңгейін төмендету; қаржыландырудың дәстүрлі көздеріне рұқсаты
жоқ шағын кәсіпорындарға қаржылық-несиелік қызметтер көрсету; шағын
бизнеске ықпал жасау. Қазақстанда микрокредиттік ұйымдардың қызметі
лецензиялауға, сондай-ақ бастапқыда Ұлттық банк, енді Қаржы нарығы мен
қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі тарапынан реттеуге және
қадағалауға жатпайды. Микрокредиттік ұйымдардың банктерден артықшылығы
менеджментті ұстауға неғұрлым аз шығыстардан тұрады. Жаңа заңмен
микрокредиттік ұйымдарды тек оның жарғылық капиталын (ол кемінде мың есе
айлық есептік көрсеткіш мөлшерін құруы тиіс) ең төменгі мөлшердегі ақшамен
төлеп қана құру мүмкіндігі берілген. Заң бойынша микрокредиттік ұйымдарға
бір заемшы үшін айлық есептік көрсеткіштің мың еселеген мөлшерінен және
меншікті капиталының 25%-нан аспайтын сомада микрокредиттер беруге рұқсат
етіледі.
Микрокредиттік ұйымдар заемдар мен гранттар тарта алады. Сонымен
қатар, кез келген азамат немесе азаматтар тобы қалауы бойынша өзінің
микрокредиттік ұйымдарын құра алады. Микрокредиттік ұйымдарды лицензиялау
заң бойынша талап етілмейді, бұл өз кезегінде микрокредиттік ұйымдар ашу
кезінде және жұмысында кеңсешілдік сөз бұйдалықты неғұрлым төмендетеді.
Республикада микрокредиттік ұйымдар арқылы кредиттеу енді ғана қолданысқа
енуде. 1-5б
1.2. Комерциялық банктердегі несиелік проблемалар
Банк несиелік келісім бойынша клиентпен міндеттеменің орындалуын
қатаң бақылап отырады. Оның басты мақсаты – ссуда бойынша төленетін пайыз
және кезекті төлемдерін уақытылы және тұрақты төленуін қамтамасыз ету.
Әрине әрбір ссуда түрі бойынша ойламаған жағдайлардың өріс алу қаупінен
өзінің тәуекелі болады. Банк бұл тұрғыдан әртүрлі саясат жүргізуі мүмкін,
мысалы банк тек қана абсолютті сенімді қарыз алушыларға ғана несие беру
саясатын жүргізуі мүмкін, бірақ мұндай жағдайда ол көп пайдалы
мүмкіндіктерді жіберіп алуы мүмкін. сонымен бірге егер несиені қайтарумен
қиындықтар туса, банк үшін бұл өте қымбатқа шығып кетеді. сондықтан ең
оптималды саясат болып сақтық пен ресурстарды табысты орналастарудың барлық
потенциалды мүмкіндіктерінің максималды пайдалануы арасындағы балансты
сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.
Қарызды қайтаруға байланысты қиындықтар бірден пайда болмайды және
кейздейсоқ болатын жайт емес. Бұл процесс белгілі бір уақыт аралығында
өрбиді. Тәжірибелі деген банк қызметкері клиент тартайын деп жатқан қарызды
қайтаруға байланысты қиындықтарды ең бастапқы сатысында-ақ байқап,
жағдайдың алдын алуға және сонысымен банк мүдделерін қорғауға сол кезден
бастап тиісті шаралар қолдана бастайды. Бұл шараларды барынша ерте
қолданған жөн. Мұнда ескертетін жайт, банк шығындары тек қана қарызды,
пайызды төлемеумен ғана шектеліп қоймайды, сонымен қатар басқа да мынандай
жағдайлармен байланысты болуы мүмкін:
- банк беделіне нұсқан келеді, өйткені мерзімі өткен және
қайтарылмай жатқан несиелердің көптігі салымшылар, инвесторлар
сенімінң төмендеуіне әкеліп соғады;
- әкімшілік шаралар ұлғаяды, өйткені проблемалық ссудалар несие
персоналының өте мұқият болуын және алтын уақытын алады;
- квалификация жоғары кадрлардың кету қауіпі оларды стимулдау
мүмкндіктерінің операциялардың пайдалығының төмендеуінен азаюы
әсерінен туындауы мүмкін;
- барлық қаражаттар өнімді емес активтерде қайтарылып тасталынады;
- қарыз алушы тұлға тарапынан сотқа қарсы арыз түсу қауіпі тууы
мүмкін, онда ол, банкінің ссуданы қайтып алу туралы талабы оны
банкроттыққа алып келгендігін дәлелдеп шығуы мүмкін.
Барлық осы шығындар банк үшін өте қымбатқа түсуі мүмкін және қарызды
қайтармаудан болған залалдан қайда асып түсуі мүмкін.
Ссудаларды қайтарумен байланысты қиындықтар туындауының ең негізгі
себептері келесідей:
Банк персоналы жіберген қателер кезінде, әсіресе несиеге өтінішті
қарастыру уақытында, келісім шарттарын дайындау және кейінгі бақылау
процесінде туындайды. Ең жиі кездесетін мынандай ереже бұзушылықтар бар:
- қарыз алушыға деген жеткілікті деңгейде қаталдықтың болмауы
(мысалы, өтінішті достық көңілмен мақұлдай салу);
- қаржылық сараптаманың профессионалды жүргізілмеуі;
- несие қызметкерінің кәсіпорын қажеттіліктерін, сала спецификасын
т.б. маңызды факторларды жақсы зерттемеу, оның әсерінен ссуданы
жақсықұрылымдамау (структурирование)
- ссуда бойынша кепілдің жеткілікті болмауы (мысалы, кепілдің
бағасын жоғары алу);
- ссуданы құжаттаған кезде жіберілген қателер (келісімде банк
мүдделерін көздейтін маңызды шарттарын көрсетпей кету);
- ссуда қайтару уақытында қарыз алушы үстінен бақылаудың нашарлығы
(компанияның кепілін тексерудің, зерттеудің болмауы).
Ссуда алған кәсіпорынның немесе компанияның тиімді жұмыс істемеуі
әсерінен:
- басшылықтың әлсіздігі;
- өнім сапасының төмендеуі және оның рыноктан ығыстыру факторлары;
- жарнамалық компанияның жоспарының болмауынан, болашақ рыноктарды
бағалаудың қателігінен маркетингтің тиімді болмауы;
- компания қаржыларының бақылануының нашарлығы (дебиторлық қарыздың
өсуі, қосымша шығындар және т.б.).
Сонымен қатар, банк тарапына тәуелді емес факторлар да маңызды роль
атқаруы мүмкін:
- экономикалық конъюнктураның нашарлануы;
- саяси өзгерістер;
- заңнаманың өзгерісі;
- технологиялық ілгерілеушіліктер т.б.
Біз айтып өткендей несиені қайтаруға байланысты қиындықтардың
кездейсоқ пайда болуы өте сирек кездеседі. Әдетте қарыз алушының қаржылық
жағдайының нашарлануның, соған сәйкес оған берілген несиенің уақытылы
қайтарылмауы немесе мүлдем үмітсіз несиеге айналып кету туралы алғашқы
дабылардың көп түрі бар.
Бұлар былай анықталады:
- қаржылық есеп беруін сараптау;
- қарыз тұлғаның өзімен жеке контактілерінде;
- үшінші тұлғалардың хабарлары натижесінде;
- банктің басқа бөлімдерінің мәлеметтері негізінде.
Несие, қызмет ету периодында, қарыз алушы банкке балансын, пайда мен
шығын туралы есебін, нақты қаражаттардың түсуі туралы есебін және т.б.
материалды беруге міндетті. Оларды өте мұқият сараптау пайда бола бастаған
қауіпті ашып бере алады. Банк мынаған көңіл бөлу қажет:
- дебиторлық қарыздың күрт өсуі;
- запастардың айналымының тежелуі;
- қысқа мерзімді активтер үлесінің төмендеуі;
- қысқа мерзімді қарыздың пропорционалды өспеуі;
- өтімділік коэффициентінің төмендеуі;
- активтер сосасында негізгі капиталдың үлесінің ұлғаюы;
- сату көлемінің азаюы;
- мерзімді өткен қарыздарының өсуі;
- операциондық қызметтен шығындардың пайда болуы;
- коммерциялық несиелеу шартарының өзгеруі және т.б.
Банк үшін клиентпен әрдайым персоналды контактілерді сақтап тұру
тиімді. Яғни компанияны, оның филиалдарына соғып, басқарушы кадрлармен
кездесу жұмыстар, бұлар жұмысбасты емес персоналды, артық запастарды,
көрсетілмеген құрал-жабдықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Банк
қызметкерлерін келесідей фактілер аса мұқият болуға шақырады:
- жоғары басқарушы құрамның мінезінің, әдеттегі істерінің өзгеруі;
- басшылардың отбасы аясындағы проблемалары;
- банкпен қарым-қатынасқа түсуге зауқы соқпауы және арадағы қарым-
қатынастың күрт өзгеруі;
- басты қызметкерлерін ауыстыру;
- жаңа кәсіпорындарды құрумен қызығушылық, жылжымайтын мүлікті сатып
алумен айналасу;
- қаржылық есеп беруді дұрыс құрмау;
- негізделмеген тәуеклге бел буу;
- өнімге ақылға сыймайтын бағаларды қою;
- рынок жағдайларының нашарлауына реакцияның баяулығы;
- әлсіз операциондық бақылау;
- басшылыққа сабақтастықтың болмауы;
- маңызды клиенттерді жоғалту;
- спекулятивті запастарды құру;
- тозған құрал-жабдықты ауыстырудағы уақытты созу.
Банк үшін клиенттің басқа серіктестіктерімен қарым-қатынастың өзгеруі
көп мәлеметтерді бере алады:
- қарыз алушының несиені қабілеттілігі туралы оның тауарларды
төлеуге байланысты жеңілдіктер ұсынуға өтінішіне орай банкпен
шақырымдар (запрос) алуы;
- компания туралы оның жаңа несиеленушілерінен мәлемет алу;
- клиент шотына овердрафт пайда болу қаупімен күнделікті қадағалауды
жүргізіеді;
- барлық несие құжаттамасын қарап шығады;
- кепілдік алуды зерттеу (егер несие кепілдендірілмеген болса);
- қалпына келтіру шараларының жоспарын жасау;
Жоғарыда келтірілген шаралардың барлығы да дерлік, несиенің
проблемалығы сипаты енді байқалып келе жатқанда қолданатын шаралар болып
табылады. 2-64-68б
1.3. Қазақстан Республикасының несие жүйесінің дамуы
Қазір алғашқы жылдары үрке қарайтын несие жүйесі де бір қалыпқа
түсіп, халық сеніміне ие болып отыр. Банктердің халыққа қызмет көрсетуі
жақсарып, несиенің қайтарым пайыздары төмендеп келеді. Несие алушылар саны
да көбейген. Ұлттық банктің берген мәлеметі бойынша, бір айдың ішінде несие
алушылар саны – 5,2 пайызға, 905,2 млрд. тенге, шетел валютасымен несие
алушылар 2,4 пайызға, яғни, 1186,6 млрд. тенге, қысқа мерзімге несие
алушылар 3,5 пайызға, яғни, 594,9 млрд. тенгеге өсті. Несиелік пайыздың
көрсеткішінің жылдан-жылға төмендеуі – банктер арасындағы басекелестіктің
күшейіп, қызмет көрсету саласының жақсарып келе жатқанының айғағы.
Жақын арада Парламент Сенатында қазіргі уақыттағы халықаралық қаржы
институттарымен өзара қарым-қатынас мәселері талқыланған болатын. Сонымен
қатар Азия Даму банкінің еліміздің экономикасын дамытуға, ауылдық
аумақтарды өркендету, сумен қамту сияқты күрделі мәселелер жөніндегі
мемлекет деңгейінде жасалған барлық бағдарламаларға өз тараптарынан әрқашан
қолдау көрсетілетінін атап айтқан болатын. Ол стратегияда кәсіпкерлік
секторына техникалық көмек гранттары мен инвестициялар салу маңызды рөл
атқармақ.
Ал екінші деңгейдегі банктерге келсек, елімізде қазір 34 банк жұмыс
істейді екен. Осы банктердің дерлігі шағын және орта бизнесті дамытуға,
енді ғана жанданып келе жатқан кәсіпорындарды қаржыландырудың жолдарын
қарастыруда. Осы мақсатта Еуропалық қайта құру және даму банкі
Казкоммерцбанкке шағын және орта бизнесті несиелеу бойынша өкілеттк
берді. Осы өкілеттікке ие болған Казкоммерцбанк Еуропалық қайта құру және
даму банкінің бұдан былай тиісті қаржыныбөліп отыру міндетімен, ал банк
шағын және орта кәсіпкерлікпен шұғылданатын кәсіпорындарға 4 жылға арналған
несиені берумен шұғылданады. Енді аталған қазақстандық банк келісімге
сәйкес кәсіпкерлікті несиелендіруде дербес шешім қабылдануына мүмкіндік
туып отыр. Казкоммерцбанктің АҚ басқарма директоры Бейбіт Епсенбетовтың
айтуынша, несиені ауыл шаруашылық құрылымдарын дамытуға бөлуді көздеп
отырмыз. Қазіргі таңда бұл жоба бойынша Оңтүстік және Шығыс Қазақстан
облыстарының шаруалары несие алуға ниеттеніп отырса, көлемі 5 мың АҚШ
долларына дейінгі несие алғандар кездеседі.
Казкоммерцбанк еліміздің экономикасының дамуына ғана өз үлесін
қосып қоймай, Қырғызстандағы әлеуметтік жағдайдың төмендігіне, соңғы кезде
болып жатқан оқиларға қарамасытн Қырғызстандағы бизнесті кеңейтпек. 2003
жылдан бері Казкоммерцбанк Қырғызстанда шағын және орта бизнесті несиелеу
саласында жұмыс істей бастады. Бүгінде банктің несиелік қоржыны 1 млн. 900
мың долларды құраса, несие берген клиенттер саны 1 мыңнан асады. Ал,
негізінен Казкоммерцбанктің көрші қырғыз еліндегі жұмысы 2002 жылы
басталған еді. Оның активтері 25 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Енді олар
болашақта ипотекалық несиелеуді дамытуды үшін жұмыс жасамақшы. Қазақстан
банкі үлкен тәуекелге барып, экономикасы аумалы-төкпелі мемлекттің шағын
және орта бизнесін несиелендіруді қолға алып отыр.
Жақын күндері Лондонда ТұранӘлемБанкі АҚ мен Sumitomo Mitsui
Banking Corparation Limited арасында синдикатталған несие тарту туралы
келісімге қол қойылды. Қазақстанмен бірінші рет жасалып отырған бұл келісім
ең ұзақ мерзім – 3 жылға несиелеу көзделіп отыр. Жылдық маржа көлемі 1,3
пайызды құраса, займ көлемі – 100 миллион доллардан асады. Біратап кетер
жайт ТМД елдері ішінде біздің мемлекетке ғана беріліп отырған несие. Дәл
осы себептен, жұмыс капиталын қаржыландыруға арналған бұл займды игеруде
Қазақстанның рөлі айқындала түспек. Бұл бастама Қазақстанның беделін
арттырып қана қоймай, оның ықпалдастықтың дамуына үлкен әсер етуі сөзсіз.
Сонымен қатар елімізге қосымша инвестициялар әкелуге, жаңа жұмыс орындарын
ашуға жағдай жасамақ. 3-9б
II Қазақстан Республикасының ипотекалық несие жүйесі
2.1. Ипотекалық несиелеу жүйесінің негіздері
Ипотека деген термин ең алғаш рет біздің эрамызға дейінгі I-II
ғасырларда Рим қаласының территориясында пайда болған. Ежелгі Грецияда
біздің эрамызға дейінгі XIV ғасырларда пайда болды. Ипотека термині
(hyrotheke) – кепілдік, кепілзат, немесе кепілге салу деген мағынаны
білдіреді. Ипотекалық несие дегеніміз – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын
үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге алып, ұзақ мерзімге
берілетін несие. Ипотекалық несие жеке тұлғаларды несиелеудің бір түрі
болып табылады. Ипотекалық несиенің экономикалық мағынасы жағынан-бұл
банктен немесе басқа да қаржы ұйымдарынан ссуда алу мақсатымен жылжымайтын
мүлік кепілінің алуан түрлілігі болып табылады. Қарапайым тілмен айтатын
болсақ ипотека дегеніміз – бұл қарыз ақшаға үй сатып алу. 2002 жылғы 1
қыркүйектегі Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы Қазақстан Республикасының
заңына сәйкес ипотекалық несие дегеніміз – кепілге берілген жылжымайтын
мүлік немесе ондағы үлесі кепіл берушінің немесе үшінші тұлғаның иелігі мен
пайдалануында қалатын кепіл түрі. Жылжымайтын мүлік – жер учаскелер,
сондай-ақ үйлер, ғимараттар және жермен берік байланыстағы өзге де
мүліктер, яғни ауыстырылуы олардың мақсатына шектен тыс зиян келтірусіз
мүмкін болмайтын объектілер.
Ұлы ғалым Дж. М. Кейнстің пікірінше, жинақтар нарықтық пайыздық
мөлшерлеме деңгейінің қызметі емес, жинақ деңгейі субьектілер табысының
деңгейіне байланысты болып келеді. Қарыз алушылар арасында бәсеке туғызу
мақсаты бір-бірінен өзгеше ипотекалық типтерді ерекшелейді. Ондай
ерекшеліктерге мыналар жатады:
- ипотекалық несиелеу мерзімінің ұзақтығы;
- берешекті қайтару мен проценттерді төлеу тәртібі, негізгі
берешектің қайтарымы мен проценттерді төлеудің қабылданған кестесіне
байланысты ипотекалық несиелер екі базалық типке шоғырланады.
1) проценттерді де несиенің негізгі сомасын да бірден толықтай төлеу;
2) берешекті кезең-кезеңімен бөлшектеп төлеу.
Ипотека термині көбіне АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция елдерінде
көп дамыған. Мысалы, АҚШ-та қазіргі заманда жылына жалпы сомасы 3-4 млрд.
долларға 5 млн.-нан астам ипотекалық мәміле жасалады. 1934 жылы құрылған
Федералдық тұрғын үй әкімшілігі жергілікті халықтың табысы аса жоғары емес
топтары үшін тиісті үкіметтік бағдарламалар әзірлеп отырады. Ұлыбританияда
ипотекалық несиелер көлемі – жылдық жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 60 %-ын,
Германияда ЖІӨ-нің 50%-дан астамын құрайды.
Ипотекалық несиенің қағидалары:
- Меншік құқығын шектеу шартында борышқордың қолында мүліктің қалуы;
- кепіл үлесінің түрінде ссудалар мөлшерінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz