Экономикалық интеграция туралы
Кіріспе 3
І . тарау. Халықаралық экономикалық интеграция 4
1.1. Экономикалық интеграцияның негіздері және кезеңдері ... ... ... ... ..4
1.2 Әлем шаруашылығындағы экономикалықнтеграция ... ... ... ... ... ... 17
II . тарау. Әлемдік интеграциядағы Қазақстан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.1 Дүниежүзілік экономикалық байланыстағы Қазақстанның орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.2 Әлем шарушылығындағы экономикалық интеграцияның тереңдеуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер 32

Экономикалық интеграция – бұл елдердің экономикалық өзара әсерлесуінің негізгі ол шаруашылық механизмдердің жақындастыру және мемлекет аралық келісімдер формасында болады.
Экономикалық интеграцияның бірнеше белгілері бар:
1. Ұлттық өндірістердің өзара бір-бірімен енуі және байланысуы.
2. Халық мамандығының корпорацияның (өндіріс, ғылым, техника саласындағы) кең түрде дамуы.
3. Интеграция қатысуымен елдер экономикасындағы терең құрылымдық өзгерістер.
4. Корденцияның экономикалық стратегияның және саясатты жасау. Интеграциялық процестерді тиімді реттеу қажет.
5. Интеграция кинематикалық масштабының аймағындағы өйткені тығыз шаруашылық байланыстарды орнаған арасында ғана қажетті алғы шарттар қалыптасады. Мазмұны бойынша интеграция аймақ елдерінің ұдайы өндіріс процестерінің өзара байланысуын және жалғасуын көрсетеді. Елдердің интеграцияға қатысуының бірқатар алғы шарттары бар.
1-ші интеграцияланушы елдердің экономикалық даму деңгейін және нарықтық жетілу дәрежесінің жақындығы.
2-ші интеграцияланушы географиялық жақын орналасқандығы көп жағдайда ортақ шектелуінің және тарихи тұрғыда қалыптасқан экономикалық байланыстардың болуы.
3-ші даму қаржыландыру экономиканы реттеу саяси ынтымақтық салалары бойынша елдер арасында туған процестердің ортақтығы.
Интеграцияның төмендегідей негізгі маңыздылықтары бар:
1. Экономикалық артықшылықтарын пайдалану ол нарық көлемін кеңейтудегі және тікелей шетелдік инвесторлардың ағылып келуіне жағдай жасайды.
2. Қолайлы сыртқы саяси ортаны қалыптастыру мұндай саяси, әскери, әлеуметтік және басқаруға экономикалық емес саладағы өзара түсіністік ынтымақтастыру ұлғайту өте маңызды.
3. Сауда саясаты міндеттерін шешу аймақтық бірлестіктер өзара сауда үшін өте тұрақты негіз қалауға мүмкіндік береді.
4. Экономиканың құрылымдық қайта құрылуына ықпал етеді.
5. Ұлттық өндірістерден енді ғана дамып келе жатқан салаларына қолдау көрсету.

1. Ливинцов Н.Н. Международная экономическая интеграция: учеб. Пособие – М.: Экономистъ. 2006. 430 с.
2. Примбетов С. Международная интеграция в современном мире: Учебное пособие. – Алматы, 2003. – 288 с.
3. Киреев А. Международная экономика, М.: МО, 1 бөлім., 2000
4. Загладин Н.В., Дахин В.Н., Загладина Х.Т., Мунтян М.А. Мировое политическое развитие: век ХХ. - М., 1995.
5. Антипов Г.А., Кочергин А.Н. Проблемы методологии исследования общества как целостной системы. - Новосибирск, 1986.
6. Барановский В.Г. Политическая интеграция в Западной Европе: Некоторые вопросы теории и практики. - М., 1988.
7. Бутин Ю.М. Экономическая история Восточной Азии. - Иркутск, Изд-во ИГУ, 1994.
8. Косолапов В.В., Гончаренко А.Н. ХХI век в зеркале футурологии. - М., 1987.
9. Международные экономические отношения. Под ред. проф. Е.Ф.Жукова. - М., 1999.
10. Международные экономические отношения. Под ред. проф. В.Е.Рыбалкина. - М., 1999.
11. Щербанин Ю.А., Рожков К.Л., Рыбалкин В.Е., Фишер Георг. Международные экономические отношения. Интеграция. [Учебное пособие]. - М., "Банки и биржи", 1997.

ЖОСПАР
Кіріспе 3
І – тарау. Халықаралық экономикалық интеграция 4
1.1. Экономикалық интеграцияның негіздері және кезеңдері ... ... ... ... ..4
1.2 Әлем шаруашылығындағы экономикалықнтеграция ... ... ... .. ... ... ..17
II - тарау. Әлемдік интеграциядағы
Қазақстан ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .22
2.1 Дүниежүзілік экономикалық байланыстағы
Қазақстанның
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 22
2.2 Әлем шарушылығындағы экономикалық интеграцияның
тереңдеуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер 32
Кіріспе
Экономикалық интеграция – бұл елдердің экономикалық өзара әсерлесуінің
негізгі ол шаруашылық механизмдердің жақындастыру және мемлекет аралық
келісімдер формасында болады.
Экономикалық интеграцияның бірнеше белгілері бар:
1. Ұлттық өндірістердің өзара бір-бірімен енуі және байланысуы.
2. Халық мамандығының корпорацияның (өндіріс, ғылым, техника
саласындағы) кең түрде дамуы.
3. Интеграция қатысуымен елдер экономикасындағы терең құрылымдық
өзгерістер.
4. Корденцияның экономикалық стратегияның және саясатты жасау.
Интеграциялық процестерді тиімді реттеу қажет.
5. Интеграция кинематикалық масштабының аймағындағы өйткені тығыз
шаруашылық байланыстарды орнаған арасында ғана қажетті алғы шарттар
қалыптасады. Мазмұны бойынша интеграция аймақ елдерінің ұдайы өндіріс
процестерінің өзара байланысуын және жалғасуын көрсетеді. Елдердің
интеграцияға қатысуының бірқатар алғы шарттары бар.
1-ші интеграцияланушы елдердің экономикалық даму деңгейін және нарықтық
жетілу дәрежесінің жақындығы.
2-ші интеграцияланушы географиялық жақын орналасқандығы көп жағдайда
ортақ шектелуінің және тарихи тұрғыда қалыптасқан экономикалық
байланыстардың болуы.
3-ші даму қаржыландыру экономиканы реттеу саяси ынтымақтық салалары
бойынша елдер арасында туған процестердің ортақтығы.
Интеграцияның төмендегідей негізгі маңыздылықтары бар:
1. Экономикалық артықшылықтарын пайдалану ол нарық көлемін кеңейтудегі
және тікелей шетелдік инвесторлардың ағылып келуіне жағдай жасайды.
2. Қолайлы сыртқы саяси ортаны қалыптастыру мұндай саяси, әскери,
әлеуметтік және басқаруға экономикалық емес саладағы өзара түсіністік
ынтымақтастыру ұлғайту өте маңызды.
3. Сауда саясаты міндеттерін шешу аймақтық бірлестіктер өзара сауда
үшін өте тұрақты негіз қалауға мүмкіндік береді.
4. Экономиканың құрылымдық қайта құрылуына ықпал етеді.
5. Ұлттық өндірістерден енді ғана дамып келе жатқан салаларына қолдау
көрсету.
І – тарау. Халықаралық экономикалық интеграция
1.1 Экономикалық интеграцияның негіздері және кезеңдері
Шаруашылық өмірді интеграцияландыру қазіргі дүниежүзілік шаруашылық
дамудың жетекші мақсаты болып отыр. Бұл тенденцияны қайсы бір державаның
немесе орташа жоғары дамыған елдер тобының ықпалындағы кең байтақ
аймақтардың құрылуынан көреміз. Экономикасы қуатты елдер интеграциялық
орталықты құрап, олардың төңірегіне басқа мемлекеттер топтасып
интеграциядағы елдер дүниежүзілік шаруашылық байланыстарындағы өзінше бір
жүйе болып отыр.
Экономикалық интеграция бұл процеске қатысушы елдердің өндірісі мен
интернационализациялауды жеделдетуге жағдай жасайды.
Шартты түрде экономикалық интеграцияға жетелейтін процесті мынадай
тізбек арқылы көрсетуге болады: өндіргіш күштердің дамуы халықаралық еңбек
бөлінісі, өндіріс пен капиталды интернацияналдандыру, экономикалық
интеграцияға елеулі түрде екі фактор әсер етеді: оларға ғылыми-техникалық
революция және трансұлттық корпорациялардың қызметі жатады.
Дүниежүзілік шаруашылықтағы интеграциялық процестер дамуының
жинақталған тәжірибесі экономикалық интеграцияның қалыптасу мерзімінің төрт
кезеңнен өтетінін дәлелдейді.
1. Тарифтерді, тағы басқа шектеулерді жоя отырып, еркін сауда
аймақтарын құру;
2. Сауда және еңбек пен капитал қозғалысында біріңғай тарифтерді
орнықтырып, кедендік одақ құру;
3. Қатысушы елдердің экономикалық саясатын үлестіру арқылы ерікті
экономикалық одақ құру;
4. Бірыңғай экономикалық саясат жүргізіп ортақ валюта жасау және ұлттық
экономикалардың үстінен (наднациональный) қарап, реттейтін ұйым құру арқылы
толық интеграцияға қол жеткізу.
Аймақтық интеграция екі деңгейде жүреді. Олар: өздерінің шаруашылық
қызметінің барысында интеграциялық процестерге қатысатын жекелеген
компаниялар деңгейі және бір топ елдердің еңбек пен капиталды үйлестіруге
мақсатты түрде бағытталған қызметі барысында пайда болатын интеграцияның
мемлекеттік деңгейі. [1, с. 27]
Экономикалық интеграцияның неғұрлым толық дамуына, Батыс Еуропа елдері
қол жеткізді. Бұған объективті экономикалық қажеттіліктермен қатар,
көптеген европалық қоғам қайреткерлері мен ойшылдардың бұрынан келе жатқан
біртұтас Еуропа туралы идеялары көмектесті.
Еуропалық одақтың пайда болуы, дамуының қазіргі тарихи 1951 жылдан
басталды. Осы жылдың сәуірінде құрамына 6 ел – Франция, ФРГ, Италия,
Бельгия, Нидерланды, Люксембург кірген Еуропалық көмір және болат
бірлестігін құру туралы шартқа қол қойды. Мұның өзі, батыс Еуропалық
интеграцияның алғашқы қадамы еді. Ал іс жүзінде Еуропалық Одақтың пайда
болып дамуы, 1957 жылдан басталды. Дәл осы жылы жоғарыда аталған елдер
Еуропалық Экономикалық Одақтастық және Атом энергиясы бойынша Еуропалық
одақтастық құру туралы шартқа қол қойылды. Одақтастықтың құрамындағы
елдердің жоғарғы даму деңгейі бұл ұйымның ондаған жылдар бойы экономикалық
өсуінің қарқындылығын қамтамасыз етті.
Батыс Еуропа елдері интеграциясының 50–ші жылдардың соңында басталып,
қазірге дейін жалғасып келе жатқан даму процесі бір қалыпты және ешбір
қайшылықсыз жүріп жатыр десек, ол шындыққа сай келмес еді. Дегенмен,
Еуропалық Экономикалық Одақтастықты құру кезінде алға қойылған мақсаттар
мен міндеттер айтарлықтай жүйелі және табысты түрде жүзеге асып келе жатыр.
Батыс Еуропалық экономикалық интеграция процесін шартты түрде 4 кезеңге
бөлуге болады.
Бірінші кезең: 50 – жылдардың соңы, 70 – жылдардың орта шені –
одақтастық өмірдің алтын ғасыр деп аталатын шағы. Осы уақыт арасында
жедел түрде Кедендік одақ, Аграрлық рынок қалыптасып, Еуропалық
Экономикалық Одақтастық құрамына жаңа үш ел – Ұлыбритания, Дания, Ирландия
қабылданды.
Еуропалық экономикалық одақтастықты немесе Ортақ рынокты құрудағы
нақты мақсаттарға мыналар жатады:
- мүше елдер арасындағы сауда–саттықта болатын кедергілерді бірте –
бірте жою;
- үшінші елдермен сауда үшін бірыңғай баж тарифін орнықтыру,
-адамдардың, капиталдың, қызмет көрсетулердің еркін қозғалысына
кедергілердің бәрін алып тастау;
- көлік және ауыл шаруашылығы салаларында ортақ саясат жүргізіп, оны
болжытпай орындау;
- валюта одағын құру;
- салық жүйесін үйлестіру;
- заңдарды жақындастыру;
- экономикалық саясатты келістіру принциптерін жасау;
Аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін кешенді басқару құрамы, құрылымы
Еуропалық Экономикалық Одақтастықтың Министрлер кеңесі, Еуропалық
Одақтастықтың комиссиясы – Еуропалық одақ, Еуропалық сот, Еуропалық
парламент құрылды. [1, с. 32]
Еуропалық Экономикалық Одақтастық өзінің бірінші мақсаты етіп
тауарлардың, капиталдардың, қызмет көрсетулердің және жұмысшы күшінің ортақ
рыногын қалыптастыру мәселесін қойды. Бұл үшін Кедендік Одақ құрылды.
Шындығына келсек, Еуропалық Экономикалық Одақтастықтың негізін Кедендік
Одақ құрайды.
Кедендік Одақ шеңберінде:
1. мүше елдердің өзара сауда қарым-қатынастарындағы кедергілер
жойылады;
2. үшінші елдерге қатысты бірыңғай баж тарифтері орнықты:
- капиталдар, кредиттер, ақша аудару қозғалыстарында еркіндікке қол
жетті;
- жұмысшы күші миграциясы мен мекен-жай таңдау еркіндігі қамтамасыз
етеді.
Міне, осы шаралардың бәрі өнеркәсіп интеграциясының жедел жүруіне оның
әсерін тигізеді, сонымен бірге ұжымдық протекционизмді орнықтыру нысанында
ауыл шаруашылығы қоры арқылы қаржыландырумен орын толтыру жұмыстары
жүргізіліп, аграрлық интеграцияға қол жеткізуге ұмтылыстар жасалды.
Еуропалық одақтың аграрлық саясаты мүше елдер үшін, ауыл шаруашылығы
өнімдерінің көпшілігіне мейлінше төмен баға орнықтыру арқылы жасалатын
бірыңғай баға жүйесін қалыптастыруға бағытталады. Ортақ рынокты
қалыптастыру Еуропалық Экономикалық Одақтастық елдерінің ұлттық
монополияларының трансұлттық монополияларға айналуын жеделдетіп, серіктес
елдердің экономикасына әсерін күшейтті.
Аймақтық экономикалық интеграция.
Батыс Еуропадағы экономикалық интеграция тек Еуропалық Одақ
шекаралармен шектелмейді. 60 – жылдардың басында Еуропалық еркін сауда
ассоциациясы (ЕАСТ) пйда болған.
ЕАСТ–тың Еуропалық Одақтан айырмашылығы оның ұлттық экономиканың
үстінен қарайтын функциялары мен мемлекетаралық үйлестіру ұйымдары жоқ.
ЕАСТ–қа мүше елдер қандайда бір мемлекеттермен болмасын сауда
экономикалық қатынастар жасап, өз еркімен кеден тарифтерінің деңгейін
орнықтыра алады. ЕАСТ–қа мүше елдер өзара сауда кеден салығынсыз еркін
қатынастарды тек өнеркәсіп тауарлары үшін қолданады. Ауыл шаруашылығы
өнімдеріне ЕАСТ–тың конвенциясы тарамайды.
1972 жылы ЕАСТ–қа мүше әрбір мемлекет Еуропалық Экономикалық
Одақтастықпен кеден салығын төмендету және өнеркәсіп тауарларына сандық
шектеулер қою туралы келісімге келді. Бұл елдер арасындағы кеден бажынсыз
сауда тауардың шығу тегіне байланысты күрделі ережелер жүйесін сәйкес
жүргізіледі. [2, с. 79-85]
Құрамындағы елдердің даму деңгейінің жоғарлығына және өзара
экономикалық байланыстардың тығыздығына қарамастан, ЕАСТ толқынды
интеграциялық топ бола алмайды. Іс жүзінде ол Еуропалық Экономикалық
Одақтастыққа жаңа мүшелер дайындаушы дәрежесінде ғана қалды. Қазіргі кезде
ЕАСТ–і оның көптеген мүшелері Шығыс Еуропа мен Батыс Еуропа елдері
арасындағы еркін сауда аймағы ретінде ғана қарастырылады.
Еуропалық Одақтық Экономикалық қуаты, оны кеңейтудің қарқындылығы және
Еуропаның жекеленген елдерінің онымен сауда қатынастарын жандастыруға
мүделілігі. В. Хайектің Еуропада бизнесті қалай жасау керек атты
кітабында жазғандай, Еуропалық Одақ өзге еуропалық елдерге мынадай
альтернативаны алдына қояды, не еуропалық одаққа кіру үшін, егемендігінің
бір бөлігінен айырылып, оның есесіне дүниежүзінің ең ірі рыноктарына шығу
мүмкіндігіне ие болу немесе Батыс Еуропаның бірігу процесінен шетте қалып
оның өз экономикасы үшін, келтіретін зардаптарын шешу.
Осы жағдайды түсінген бұрынғы экономикалық өзара көмек кеңесіне
қатысушы елдер өздерінің экономикалық бағыттарын табуға талаптануда. 1990
жылы олар: Вышеград үштігі деп аталатын интеграциялық топ құрып, оған
мүше болып Венгрия, Польша, Чехославакия кірді. Чехославакия екіге
бөлінгеннен кейін, бұл топ Вышеград төрттігі болып қайта құрылды. 1993
жылдың 1 – наурызынан бастап, осы топ шеңберінде еркін сауда туралы Орталық
Еуропа келісімі күшіне кірді. Бұл келісім бойнша өзара кеден бажын
бірте–бірте кеміту қарастырылады. Вышеград төттігінің бұл қадамы олардың
Еуропалық Одақ елдерімен сауда экономикалық қатынастарының қанағаттанғысыз
дамуына байланысты еді. Сондықтан бұл Орталық Еуропада ондаған жылдар бойы
қалыптасқан сауда-экономикалық байланыстарды сақтап қалу үшін ғана емес,
оны барынша өрістету үшін құрылған интеграциялық топ еді. Батыс Еуропада
экономикалық интеграция жетістіктері дүниежүзіндегі дамушы аймақтар
елдерінің назарын өзіне аударды. Латын Америкада, Африка және Азияда
отыздан астам еркін сауда аймақтары кедендік немесе экономикалық одақтар
пайда болды. Олардың арасында мұндай интеграциялық процестердің көрнектісі
ретінде Солтүстік Америка еркі сауда аймағы (НАФТА) атауға болады. [2, с.
83]
АҚШ пен Канада арасындағы интеграция және олардың Батыс еуропалық
серіктестіктерімен ынтымақтастығы АҚШ-ты қанағаттандыра қоймады.
Нәтижесінде Солтүстік Америкадағы интеграциялық процестер екі мемлекет
шекарасынан шығып, Солтүстік Америкалық еркін сауда аймағына ұласты. Бұл
шарт 1994 жылы 1 – қаңтардан бастап өз күшіне енді НАФТ–ға АҚШ және
Канадамен бірге Мексика қосылды. Бұл еркін экономикалық аймақ 370 млн. адам
мекендейтін және қуатты экономикалық мүмкіндіктері бар орасан зор
территорияны алып жатыр. Аталған елдердегі жыл сайынғы тауар өндірісі мен
қызмет көрсету көлмдері 7 трлн. доллорға жетеді. Дүниежүзілік сауда
көлемінің 20 % - ке жуығы осы елдердің үлесіне тиді.
Келісімдердің негізгі қағидалары мынандай:
- АҚШ, Канада және Мексика елдері өздері саудаға түсетін тауарларға
кеден бажын алып тастайды;
- өз тауарларын Мексика арқылы АҚШ–қа қайта экспорттауға ұмтылатын
азиялық және еуропалық компаниялардың экономикалық басқыншылығын Солтүстік
Америка рыногын қорғауды ұйымдастырады;
- мексиканың банктік және қамсыздандыру ісінде американдық және
канадалық компаниялардың күрделі қаржылары арасындағы бәсекеге тыйым
салынбайды;
- қоршаған ортаны қорғау мен байланысты проблемаларды шешу үшін үш
жақты топтар құрылды;
- АҚШ 5 жыл ішінде Мексикадан импортталатын өнімдердің үштен екісіне
тарифтерді жояды.
Жасалған шарттың пайдасын ең алдымен тұтынушылар көретін болады.
Бәсекенің күшеюі мен тарифтердің төмендеуі көптеген таурлардың бағасының
төмендеуіне өз әсерін тигізбей қоймайды. Арзан жұмысшы күшінің ағылумен
байланысты американдық өнеркәсіпшілер де пайдасын табады. Америка
экономикасының электроника өндірісін компьютермен қамтамасыз ету, құрылыс
материалдары, автокөліктің қосалқы бөлшектерін салаларында табыстың өсуі
анық. Сонымен қатар, цитрус жемістерін, қант ерте пісетін көкөністерді
өсіріп ұқсататын фермерлер зиян шегуі де мүмкін. [3, с. 42-43]
Ал Мексика болса НАФТА–ның көмегімен өзінің экономикалық даму қарқынын
жеделдетіп жылдық жиынтық ішкі өнімді шамамен 1,6 – 2,6% - ке арттыруды
жоспарлап отыр. Сөйтіп, Мексика өз экономикасын реформалау және дамыған
мемлекеттер қатарына қосылу мерзімін жарты ғасырдан 10 – 15 жылға жобалап
отыр. Алғашқы жылдары НАФТА–дан ең аз пайда көретін ел Канада болмақшы.
Себебі: оның экономикасы АҚШ–пен тығыз байданысты да, Мексикамен
экономикалық қатынастары жоқтың қасы. Бірақ НАФТА дамыған сайын Канада
интеграциялық процестерге көбірек тартылып, кеңейіп келе жатқан рыноктан өз
дивидендтерін алуы даусыз.
НАФТА–ның алғашқы екі жылғы қызметі экспорт көлемін ұлғайту арқылы жаңа
жұмыс орындарын ашу болжамдарын ақтаған жоқ. Оның үстіне АҚШ-тың Мексикамен
саудадағы оңды сальдосынан ештеңе қалмай оның орнына сауда тапшылығы пайда
болды. НАФТА–ның құрылтайшыларының есептеулері бойынша толыққанды Солтүстік
Америкалық ортақ рынок 2010 жылға қарай жұмыс істеуі мүмкін. Қазіргі өзінде
американдық экономистер Аляскадан бастап, отты жерге дейін созылатын өзіне-
өзі жеткілікті панамерикандық сауда блогын жобалауда.
Интеграциялық процестер Оңтүстік Америкада да жанданып келеді. Кезінде
мұнда “еркін сауда аймағын” құру жоспарланып, одан кейін Орталық Америкада
ортақ рынокты жасау мәселелері көрсетілген. Бірақ орын алған саяси және
экономикалық дағдарыстар бұл жоспарларды жүзеге асырмай тастады.
90–шы жылдардың ортасына қарай интеграциялық процестер “Меркосур”
фактіні қабылдауға байланысты жанданды. Аталған факті Аргентина, Бразилия,
Уругвай елдері арасында жасалып өз күшіне 1995 жылдың 1 – қаңтарынан бастап
кірді. Бұл факті бойынша, халқының саны 200 млн – нан астам, ішкі жиынтық
өнімнің көлемі 550 млрд доллар құрайтын ірі аймақтық сауда экономикалық
құрылым дүниеге келді. Меркосур тобына кіретін төрт елдің өзара саудасының
90%-і тарифтік кедергілерден артылған, ал үшінші елдердің импорттары үшін
ортақ тарифтер мен кеден ережелері орнықтырылған. [4, с. 56-59]
Өз аймағында интеграциялық процестерді дамытуға африкалық мемлекеттер
де қолға алып отыр. 1989 жылы Африканың солтүстік бөлігінде Араб Магрибі
одағы құрылды. Оның құрамына Алжир, Ливия, Мавритания, Марокко және Тунис
кірді. Бұл одақ туралы келісім бойынша аймақтық интеграция деңгейінде ірі
экономикалық ынтымақтастыққа қол жеткізу көзделген. Дегенмен, Солтүстік
Африка аймағы ұлттық шекаралардан шықпайтын бір–бірінен бөлек бес рынок
қалпында қалып отыр.
Басқа Америкалық елдердің экономикалық интеграцияға ұмтылыстары
экономикасы артта қалған, іс жүзінде бір–бірімен экономикалық байланысы жоқ
мемлекеттердің ішкі рыноктың негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз етуге
бағытталған өнеркәсіпті дамыту үшін жасалған талпыныстары еді. Экономикалық
және кедендік Одақтар құру арқылы және үйлестірілген саясат негізінде
африкалық елдер өзара экономикалық байланыстарды дамытуды жоспарлайды.
Нәтижесінде жекелеген аймақтардың экономикасын қайта жарақтандыруға жағдай
жасайды. Салыстырмалы сыйымды ішкі рыноктар құру көзделген болатын.
Бұл интеграция өз күшіне сенім концепциясы ішкі факторларды
жандандырын ең алдымен жергілікті ресурстарды іске қосу арқылы экономиканың
құрылымын қайта құру мәселелерін шешуді мақсат етеді. Бұл идея Африка
бірлігі одағының 2025 жылға дейін Африкалық экономикалық Одақтастық құру
туралы жоспарында бар.
Африкадағы интеграциялық процестердің іс тәжірибесі, Африка елдері
басшыларының ынтымақтастықты тереңдетуге үндеулерінің іске асыру барысы
көрсеткеніндей мақсаттар мен міндеттер әзірше игі тілек деңгейінен аспай
отыр. Артта қалған және кедей елдердің дәстүрлі нысандағы, экономикалық
нысандағы экономикалық ынтамақтастығы оларды кедейліктің кеселді
шеңберінен шығара алмады, елеулі өрлеуге қол жеткізуді қамтамасыз етпейді.
Солай болғанның өзінде де Африканың ортақ рыногы, идеясы континентте
күні бүгінге дейін әйгілі.
Соңғы жылдары интеграциялық процестер Шығыс Азия елдерінде де жанданып
келе жатыр. Отыз жыл бойына дерлік уақыт ішінде Оңтүстік Шығыс Азия елдері
ассоциациясы ойдағыдай жұмыс істеп келеді. Бұл ассоциация құрамында
Сингапур, Малайзия, Индонезия, Тайланд, Бруней және Филипин елдері бар.
Аталған топ шеңберіндегі өзара ынтымақтастықтың ойдағыдай дамуы АСЕАН-ға
мүше елдердің қарқынды экономикалық өскелеңдігіне, даму деңгейлерінің
салыстырмалылығына қалыптасқап және тарихи дәстүрлері бар қатынастары мен
ынтымақтастықтың реттелген нысандарына байланысты. АСЕАН елдерінің
жоспарында 2000-жылға дейін тауарлардың 40 мыңға жуық түрлері үшін кеден
бажын орта есеппен 5%-ке төмендетілуі ұйғарылып отыр. 2003-жылға дейін
толыққанды еркін сауда аймағын құру көзделуде. [5, с. 105]
Шығыс Азиядағы экономикалық интеграцияның даму болашағы Азия Тынық
мұхиты экономикалық ынтымақтастығы ұйымын құрумен тығыз байланыстырлып
отыр. Бұл ұйымға Азияның, сонымен қатар Солтүстік және Оңтүстік Американың
18 мемлекеті мүше болып кірді. Халықаралық эксперттердің болжамына
қарағанда Шығыс Азия елдері 2000 жылы жиынтық ұлттық өнім көлемі бойынша
Батыс Еуропаны ал, 2020 жылға қарай Солтүстік Американы басып озады. АТЭС-
тің жоспарларына сәйкес 2020-жылға қарай бұл ұйымның негізінде дүние
жүзіндегі ең ірі кеденсіз және ішкі кедергілерсіз еркін сауда аймағына
айналмақшы.
Азия Тынық мұхиты аймағындағы экономикалық интеграция процестерін
талдаушы көптеген мамандар оның стихиялығын және даму ерекшеліктерін баса
көрсетеді. Интеграциялық қатынастардың пісіп жетілмегені де белгілі.
Айталық, АСЕАН-ның сауда аймағының дамуы экономикалық интеграцияның бірінші
кезеңіне яғни тарифтер және басқа кедергілер жойылған кезеңге жатады. Ал,
АТЭС-ты әзірше еркін сауда аймағы емес, ашық экономикалық ассоциациясы деп
атау дәлірек.
Дегенмен, ұлттық экономикаларды өзара үйлестірудің нәтижесінде пайда
болған ішкі аймақтық сауда мен капиталдар рыногының дамуы бүкіл Азия-Тынық
мұхиты аймағының интеграциясының бірінші кезеңіне, яғни еркін сауда
аймағына көшуіне мүмкіндік береді. Азия-Тынық мұхиты елдерінің жекелеген
топтарының интеграциялану дәрежесінің өсуі, интеграциялық процестер дамуын
жеделдететін маңызды фактор екендігі даусыз. Айталық, Оңтүстік Қытай
экономикалық аймағы (ҚХР, Гонконг, Тайванд) "даму үшбұрышы" дамудың алтын
бұрышы, Жапон теңізі бассейні елдерінің экономикалық аймағы үнді-қытай
экономикалық аймағы сияқты қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бар
екендігіне дүниежүзінің көзі жетіп отыр. Интеграцияға өзара пайдалы
ынтымақтастыққа ұмтылыс, Парсы шығанағында да, араб елдерінде де күшті
қарқын алуда. 1981 жылдан бастап құрамында Сауд Арабиясы, Кувейт, Қатар,
Бахрейн, Біріккен Араб эмираттары және Оман ынтымақтастық кеңесі жұмыс
істейді. 1992 жылы Орталық Азия мемлекеттерінің экономикалық ынтымақтастығы
ұйымының (ОЭС—ЭКО) құрылғандығы жарияланды. Бұл құрылымның құрылтайшылары
Иран, Пәкістан және Түркия болды. Құрылтайшылардың есептеулері бойынша (ОЭС-
ЭКО). Болашақ Орталық Азия ортақ рыногының үлгісі және бұл құрылым ТМД-ның
мұсылман мемлекеттері Орта Азиялық мемлекеттерді Қазақстанды, Әзірбайжанды
өз қатарына тартты.[6, с. 117]
Дамушы елдердің ынтымақтастығы олардың интеграцияға ұмтылысы туралы
айта келе, шын мәнінде интеграциялық процестердің әзірге әлсіздігін, және
олардың әртүрлі аймақтардағы сипатының қозғаушы факторларының даму
карқындарының әр келкілігін атап өту қажет. Дамушы елдердің экономикалық
ынтымақтастығы олардың интеграциялық мақсаттарға жетуді жариялауы
интеграциялық процестерге жетелейтін бастапқы дайындық сатылары тәрізді
көрінеді.
Осы дәуірдегі Қазақстанның әлем экономикасындағы интеграциялық
бағыттары
Қазіргі заман жағдайында мемлекеттің табысты дамуының негізгі
макроэкономикалық тұрақтылық-инфляцияға ұшырамаған ақша-несие саясаты,
бюджет тапшылығына қатаң бақылау жасау мен қалыпты баға белгілеу, сондай-ақ
сыртқы саудадағы ашықтық-экспортты ынталандыру импортты барынша шектеу,
біртұтас импорт тарифы, ұлттық валютаның икемді құны мен сыртқы инвестиция
үшін қолайлы ахуал болып табылады.
"Қоғамдық өмірдің шешуші саласы - экономика саласындағы стратегия мен
тактиканың мәні құрылымдық және технологиялық артта қалушылықты бір
мезгілде жоя отарып, нарықтық жүйеге көшуді одан әрі жалғастыру болып
табылады".
Қазақстанның аймақтық интеграциялық топтармен қарым-қатынасын сөз
еткенде, ең бірінші кезекте ТМД елдерімен күш-жігерді біріктіру мақсаттары
тұрады. Өйткені ТМД елдерінің экономикалары бір-бірімен тығыз байланысқан.
Сондықтан күш-қуатты бірлестірудің шын жақтастары бола отырырып,
қалыптасқан жағдайдан шығудың өзімізге тән жолын іздестіруге мәжбүр болып,
ТМД елдерімен "Интеграция" саясатынан "үйлестіру" саясатына көшуді жүзеге
асыру қажет. Бұл саяси бағыт абыр-сабырсыз және қауіпті шыдамсыздықсыз ішкі
потенциалдық мүмкіндіктерге сүйене отырып, жүзеге асырылуы тиіс. Ал, бұл
мүмкіндіктер Қазақстанда жеткілікті.
Біріншіден, бұл іс жүзінде сенімді шикізат негізі болатын пайдалы қазба
байлықтарының көптігі.
Екіншіден, жерге қатысты реформаларды жүзеге асырғаннан кейін
Қазақстанға, тіпті дүниежүзілік аренада азық-түлікті экспортқа шығаруда,
көзге түсуге мүмкіндік беретін ауыл шаруашылық жері мен егістің кең көлемі.
Үшіншіден, жергілікті мөлшерде дамыған өндірістік потенциалдың және
барлық салаларда сауатты жұмысшылар контингентінің болуы.
Төртіншіден, бай, бұрынғы жүйе кәдімгідей талап етпеген ғылыми
идеялардың мол қоры, жаңалықтар мен өнер табыстар.
Республика байланыстарының қазіргі жай күйі мен стратегиялық мүддесін
ескере отырып, сыртқы экономикалық саясат нақты маңызы бірдей мына бағыттар
бойынша дамитын болады.
1."ТМД" Ресеймен, Украинамен, Белорусьпен Орталық Азия мемлекеттерімен
экономикалық одақты сақтап: нығайту. Бұл орайда мыналар ескеріледі:
а) кәсіпорындар арасындағы тығыз байланыстар;
б) дүниежүзілік рыноктағы бағаны түсірмеу үшін, шикізат экспорты
саласындағы іс-әрекетті үйлестіру қажеттігі;
в) Еуропа мен Таяу Шығысқа біздің жүктердің транзитін қамтамасыз ету;
г) ғылыми-техникалық орталықтарды бірлесіп пайдалану және конверсияны
жүргізу;
2. "Азия-Тынық мұхиты аймағы" Пекин-Сеул Оңтүстік Шығыс Азияның басқа
да елдеріне шығу. Бұл бағыттың алдыңғы қатарлы технологиялар, ірі көлемде
инвестициялар мүмкіндігі бар несие көзі болашақта біздің өнімді өткізу және
Қазақстанда бірқатар жобаларды іске асыру үшін жұмысшы күшін қатыстыру
рыногы ретінде үлкен мәні бар.
3. "Азия" ықтимал өткізу рыногы және нарықтық экономиканы дамыту
үлгілерінің бірі ретінде Түркияға басты назар аудару, экономикаға
инвестиция тарту үшін, Шығыс және алдыңғы Азия елдерімен ынтымақтастық.
4. "Еуропа" ГФР-ға басым назар аударылады, ол ТМД-ға барлығынан да көп
қаржы салуға әзір. Айтарлықтай неміс диаспорасы болуының арқасында
Қазақстанмен ірі көлемде ынтымақтастық жасалуы мүмкін. Оның үстіне ГФР-дің
экономикалық үлгісі біз үшін неғұрлым тартымды. Инфрақұрылымды дамыту және
кадрларды оқыту мақсатында техникалық жәрдеммен несие алу үшін, Еуропа
экономикалық қоғамдастығымен ынтымақтастық. Бірқатар салада Шығыс Еуропа
елдерімен өзара іс-қимыл сақталады.
5. "Америка" дүниежүзінің жетекші экономикалық державасы ретінде АҚШ-қа
басты назар аудару, Мексикамен және Латын Америкасының басқа елдермен
байланыстардың болашағы өте зор.
6. Халықаралық, ұйымдардағы: халықаралық валюта қоры, халықаралық даму
және қайта құру банкі, басқа экономикалық ұйымдар, Біріккен Ұлттар Ұйымы,
бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы, халықаралық азаматтық авиация ұйымы,
шикізаттың жекелеген түрлерін экспортқа шығарушы елдер одағындағы қызмет
өте маңызды жеке сала болып табылады.
"Дүниежүзі қоғамдастығымен қосылуға деген ұмтылысымызды білдіре отырып,
халықаралық экономикалық стратегияларды үйлестірудің қалыптасқан құралдарын
тануға біз әзірміз".
Республика үкіметі бизнес үшін халықаралық сауданың қажетті болашағын
құра отырып, халыкаралық коммуникациялар қалыптастыру мен дамытуға жіті
көңіл бөлуде. Қазірдің өзінде Қытайдағы теңіз жағалауынан басталып
Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Иран және Түркия арқылы
Парсы шығанағындағы порттарға дейін баратын Трансазия теміржол магистралі
іске қосылды. Осы мемлекеттердің темір жол желісі арқылы Ресеймен, Еуропа
және Таяу Шығыс елдерімен қатынас жолдары ашылады. Қолда бар және
жоспарланып отырған темір жол маршруттарымен Қазақстан жыл сайын 15-20 млн
тонна жүк тасымалдау ниетінде. Ресейдің Трансибімен салыстырғанда жаңа
Трансазия маршруты Жапония мен Германия аралығындағы жүк тасымалдау жолын
2,5 мың шақырымға қысқартады. Ал Суэц каналына шығып теңіз арқылы тасумен
салыстырғанда жол 10,5 мың шақырымға қысқарады. [7, с. 152-159]
Каспий труба құбыры консорциумның барлық ішкі проблемалары шешіледі. Ол
құбыр тарату құрылысына кірісіп, оны 1999 жылы аяқтайды. Мұның өзі қыруар
мұнайды Қазақстаннан сырт жерге тасымалдауға мүмкіндік береді. Бірақ 2003-
2005 жылдан бастап балама мұнай газ құбырлары қажет болады. Бұлар
көмірсутегі өнімдерін сыртқа шығаруға және оны елдің ішінде тұтынуға
бағдарланады. Әңгіме атап айтқанда, Кавказ дәлізін дайдаланудың мүмкіндігі
болып отыр. Сондай-ақ мұнайды Жерорта теңізіне де, сондай-ақ Батыс Қытайдың
аймақтарына да тасымалдау идеясының келешегі зор.
1997 жылы Оптика-талшықты кабель пайдаланатын Транзация-Еуропа байланыс
желісін іске қосу аяқталады. Мұның өзі таяу уақытта планетаның кез келген
нүктесіне бөгетсіз, телекоммуникациясыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz