Германиядағы мен Италиядағы фашистік режим және оның ерекшеліктері



ЖОСПАРЫ:

Кіріспе 3.6

І.тарау. Италиядағы фашистік диктатура
1.1. 1922 жылғы билік басындағы саяси дағдарыс және фашистік
диктатураның орнауы 7.21
1.2. Италиядағы империалистік теңденцияның күшеюі және
фашистік диктатураның күйреуі 22.30

ІІ.тарау. Германиядағы фашистік режим және оның ерекшеліктері
2.1. Фашистік қозғалыстың пайда болуы, А.Гитлердің үкімет
басына келуі 31.39
2.2. П.дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Германия және фашистік
режимнің күйреуі 40.52
2.3. П.дүниежүзілік соғыстан кейінгі бейбіт келісімдер 53.61

Қорытынды 62.63

Пайдаланылған әдебиеттер 64.65
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Германия жәнс Италия елдерінің тарихы дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдай фашизмнің орнауына мүмкіндік тудырды. Италияда алғашқыда демократия барлық проблемаларды шешудің кілті болып есептелінген еді. Алайда, демократия дегеніміз жалпы сайлау құқы, бостандық, көппартиялық, өзімен-өзі жұмыссыздықты, бағаның өсуін, өндірістің қүлдырауын жоя алмайтындығы айқындалды. Кей жағдайларда демократияның орнауы мемлекеттік өкімет билігін әлсіретті. Демократия көңіл толмағандық та бірден жалпы сипат алды. Осылайша, Италияда фашизм орнады.
Дүниежүзі халықтарының сұрапыл қанды қырғынға ұшыратқан Италия және Германия фашизміне біршама сипаттама берсек: Фашизм (итальянша fascisma деген сөзден шыққан. Байланыс, одақ деген мағынаны білдіреді.) -реакциялық саяси ағым. Оның негізгі идеологиясы шовинистік, агрессиялық бағыт болып табылады. Ол өзінің пайда болу кезінен бастап адамзат прогресіне қауіп төндірді. Фашизмнің билік басына келуімен буржуазия ашық террорлық іс-әрекет жүргізген фашистерге жол берді. Барлық фашистік режимдерге тән сипат, ол күресудің террорлық әдісімен антикоммунистік және антисемиттік бағыт ұстанды.
Ең алғашқы фашистік ұйымдар - «Фаши ди комбаттименто» (ағымның атауы осыдан шыққан.) Италияда 1919 жылы наурызда пайда болды. Ол билік басына монополистік буржуазияның және монархияның қолдуымен билік басына 1922 жылы қазанда келді.
1919 жылдың басына қарай Германияда фашистік партия пайда болды. Ол 1933 жылы 30 қаңтарда монополистік буржуазияға, рейхсвердегі реакцияшыл топтарға, юнкерлік - дворяндық топтарға сүйене отырып билік басына келді.
Осылайша билік басына келген Италия және Германия фашистік режиммінің негізгі сыртқы саясаты дүниежүзінде үстемдік құру болатын. Олар жаулап алған жерлерінде бейбіт тұрғындарға қарсы оқ атып, әлем алдында кешірілмес қылмыс жасады.
Фашизм - XX ғасырдағы көбінде Еуропалық саяси қозғалыс, мемлекетті басқарудың арнайы түрі. Ол дүниежүзі халықтарына теңдесі жоқ азап әкелді. Нақты айтқанда, Германия мен Италия сияқты фашистік мемлекеттер екінші дүниежүзілік соғыс отын тұтандырушылардың басты айыптылары болды. Осылайша, Италия мен Германия дүниежүзінің тарихи дамуына үлкен ықпалын тигізді.
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 61 жыл уақыт өтсе де, оның зардабы әлі ұмытыла қойған жоқ. Адамзат тарихындағы үлкенді-кішілі соғыстардың ішінде фашистік Германия мен Италияның тұтандырған екінші дүниежүзілік соғысы ерекше орын алады. Бұл соғыс 50 миллион адамның өмірін қиып кетті. Адамзат тарихында үлкенді-кішілі 14,5 мың соғыстар болған екен. Бұл соғыстар 4 млрд адамның өмірін жалмап кетті. Олардың ішінде 7 жылдық, 30 жылдық, тіпті 100 жылдық соғыстар болды. Бірақ ең көп қан төгілген және ең сорақысы - 6 жылдық II дүниежүзілік соғысы. Бұл соғысқа жер шарындағы халықтарының 5/4 бөлігі қатысты. Қарулы қақтығыс Еуропаның, Азияның және Африканың 40-тан астам елінде орын алды. Бұл соғыста жаңа заман талабына сай әскери қару-жарақпен жабдықталған бірнеше миллион әскер қатысты. Егер фашистер бастаған басқыншылар жеңіске жеткенде адамзат тарихында түнек пен жабайылық орын алар еді. Бұл тарихта ең көп қан төгілген, Еуропаны қираған үйіндіге айналдырған ең аяусыз соғыс болып табылады.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті. Дипломдық жұмыстың мақсаты Италия мен Германиядағы фашизм ерекшеліктерін, оның билік басына келу жолын егжей-тегжейлі зерттеу.
-Италиядағы 1922 жылғы билік басындағы саяси дағдарыстың алғышартын;
-фашистік диктатураның билік басына қалай келгендігін;
-фашистер өз кабинетін құрғаннан кейін Италияда империялық теңденцияның күшеюін талдау;
-Германиядағы фашистік режимнің ерекшеліктеріне келер болсақ, Германиядағы фашистік қозғалыстың пайда болуы;
-Адольф Гитлердің үкімет басына келуі мәселесіне талдау жасау;
-Екінші дүниежүзілік соғыс өртін Германия және Италия сияқты фашистік мемлекеттер не себепті тұтатты? Фашистік Германияның агрессиясы қай елдерге бағытталды? Соғыстан кейінгі жалпы халықаралық жағдайдың жай-күйі қандай болды? Міне, осы секілді сұрақтарға дерек көздерін пайдалана отырып жауап беру диплом жұмысының мақсаты болып табылады.
Тақырыптың тарихнамасы. Италия және Германиядағы нацизм мәселесі бойынша арнайы. еңбектер жеткілікті. Еуропадағы және Германиядағы фашизмді егжей-тегжейлі зерттеуде әдебиеттер екі топқа бөлінді:
І.Италия және Германиядағы фашизмге анализ жасаған арнайы әдебиеттер.
2.А.Гитлер және Муссолинидің билікке таласы, олардың сыбайластары жөнінде жан-жақты жазылған монографиялар мен мақалалар.
Д.М. Проэктор, П.Ю. Райхшмир, Л.А. Безищенский өз еңбектерінде Гитлердің билікке келгеннен кейінгі ішкі және сыртқы саясатына талдау жасаған. Дипломдық жұмысын жазу барысында А. Гитлердің жеке басына сипаттама беру үшін және оның билікке қалай келгендігін ашып көрсету мақсатында Л.Чернойдың «Коричневые диктатуры» [1] еңбегі пайдаланылды.
Германия мен КСРО арасындағы соғыс яғни Ұлы Отан соғысы жөнінде А.И.Еременконың Москва қаласын "Наука" баспаханасынан шыққан "В начале войны" атты кітабы бар. Бұл кітапта соғыстың алғашқы кезеңіндегі Кеңес әскерлерінің сәтсіздіктері, соғыс барысы қарастырылды. Германия фашистік партиясының көсемі Адольф Гитлердің елді басқарып отырған жылдардағы мақсаты, КСРО-ны алуды міндет етіп қоюы, әйгілі "Барбаросса" жоспары, Ұлы Отан соғысының алғашқы кезеңдері П.А. Жилиннің Москвадан 1984 жылы шыққан "А войне и военной истрии" атты кітабында жазылған. Италияда 1919 жылы алғашқы рет фашистердің пайда болуы, оның билік басына келуі, ұстанған ішкі және сыртқы саясаты және Германиядағы фашизмнің ерекшелігі, оның билік басына келгеннен кейінгі ұстанған сыртқы агрессиялық саясатына қысқаша шолу Москвадан шыққан "Великая Отечественная Война" атты энциклопедиялық еңбекте қарастырылған.
Жалпы Германиямен болған соғыста КСРО-ның құрамындағы барлық Социалистік Одақтас республикалар соғыс ауырпалығын жан аямай көтергені баршаға мәлім Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі КСРО құрамындағы Қазақстан майданға Қызыл Армия қатарына көптеген қазақстандықтар жіберді. Қазақстаннан барған жауынгерлер отан үшін аянбай отқа түсті. Міне осы жөнінде, яғни Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жеңісіне қосқан үлесі туралы С.Н. Покровскийдің Алматыдан 1968 жылы шыққан "Казахстан в Великой Отечественной Войне" атты еңбегінде егжей-тегжейлі жазылды. Сонымен қатар Кеңес халқының тылдағы ерен еңбектері, Кеңес әскерлерінің майдан шебіндегі аңыз боларлық батырлықтары, соғыс барысындағы жағдайлар А.А. Гречконың, А.А. Эпищев, П.А. Жилиннің, М.Т Иовчкутің, В.Г.Куликовтың, С.К. Куроткинның, П.И.Феодосевтің Москва қаласы "Наука" баспаханасынан 1976 жылы шыққан "Великая победа Советского народа" атты кітаптарында жазылған.
1945 жылы 8 мамырда Германияның сөзсіз тізе бүгуі туралы пактіге қол қойғаннан кейін, соғыс қорытындылары, герман құрамындағы жаулап алынған жерлердің яғни Шығыс Еуропадағы бірнеше мемлекеттер, Африкадағы, Азиядағы отар жерлердің АҚШ, КСРО, Англия сияқты Ұлы державалық елдердің арасында бөліске салынуы, соғыс біткеннен кейінгі дүниежүзінің екі жүйеге бөлінуі және т.б. мәселелер В.А. Андреевтің Москвадан 1965 жылы шыққан "Великая Отечественная Война Советского Союза" атты кітабында жан-жақты зерттеліп, зерделеніп қарастырылған. П.Н. Поспеловтың және т.б. көрнекті ғалымдардың қатысуымен жазылған "Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы" атты кітабында фашизмнің шығуы, оның Кеңес Одағы территориясына 1941 жылы 22 маусымда шабуыл жасағаны, Кеңес халқының фашистік басқыншыларға қарсы күресі, тылдағы ерен еңбектері қамтылған.
Ал, Италия фашизмнің тарихнамасына келер болсақ, Муссолинидің жеке тұлғасын зерттеуде "Италия тарихы" [2] (С.И. Дорофеев) еңбегі пайдаланылды. Сонымен қатар, Италияда режим орнағаннан кейін фашистердің агрессиялық саясатында қарсы қозғалыстарды көрсету мақсатында Л. Лонгоның "Интернациональные бригады" [3] атты еңбегінен деректер алынды. Сондай-ақ фашистерге қарсылық көрсеткен Италияның коммунистік партиясының көрнекті қайраткері Антонио Грамшидің қызметін көрсету мақсатында және фашистік Италияда жұмысшылардың жай-күйін, антифашистік қозғалыстардың жағдайын талдау мақсатында Л.Ломбардо - Радиченің және Дж. Карбоненің Мәскеуден 1953 жылы шыққан "Жизнь Антонио Грамши" [4] атты еңбектері пайдаланылды.
Жалпы Италия және Германияның фашизм кезеңіндегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайын зерттеу үшін 1 .Дәуірбаеваның Түркістаннан 2004 жылы шыққан "Еуропа мен Америка елдерінің тарихы" [5] атты еңбегі, профессор В.К.Фураевтің "Новейшая история зарубежных стран Европы и Америки" [6] атты кітабы, Н.И. Саморукованың "Новейшая история стран западный Европы и Америки" [7] атты кітабы пайдаланылды.
Сондай-ақ фашистік Германияның КСРС-ға шабуылының басталуы, жоспары туралы С.А.Стегарьдің "Практикум по новейшей истории" [8] атты еңбектен алынды. КСРО мен Германияның 1939 жылғы ынтымақтастық жөніндегі келісім шартын талдау мақсатында М.Е.Главацконың "Россия которую мы не знали" [9] атты еңбегі пайдаланылды. Сонымен қатар, Германияда фашизмнің күйреуі, одақтастардың екінші майдан ашуын көрсету үшін А.М. Самсоновтың "Крах фашистской агрессии" [10] атты еңбегі пайдалынылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Л.Черной. Коричневые диктатуры. Интернет. Веб-сайттар.
2. С.И.Дорофеев. История Италии. М., Наука, 1917 г, том III
3. Л.Лонго. Интернациональные бригады. М., 1960 г, стр -264
4. Л.Ломбардо-Радиче, Дж.Карбоне. Жизнь Антонина Грамши. М., 1953г, стр-178
5. Т.Дәуірбаева. Еуропа мен Америка елдерінің тарихы. Т., 2004ж.
6. В.К.Фураев. Новейшая история зарубежных старн Европы и Америки. М., Просвещение, 1975 г.
7. Н.И. Саморукова. Новейшая история стран Западный Европы и Амеркики. М., 1976,1 том.
8. С.А.Стегарь. Практикум по новейшей истории. Просвещение. 1975 г.
9. М.Е. Главацко. Россия которую мы не знали. Челябинс. 1995 г.

10. А.М.Самсонов. Крах фашистской агрессии. М., Наука, 1982 г.
11. Л.Черной. Коричневые диктатуры. Интернет. Веб-сайттар.
12. С.И.Дорофеев. История Италии. М., Наука, 1917 г, том III
13. Л.Лонго. Интернациональные бригады. М., 1960 г, стр-264
14. Т.Дәуірбаева. Еуропа мен Америка елдерінің тарихы. Т., 2004ж.
15 В.К.Фураев. Новейшая история зарубежных стран Европы и Америки. М., Просвещение, 1975 г.
16 С.И.Дорофеев. История Италии. М., Наука, 1917 г, том III.
17 . Новейшая история зарубежных стран Европы и Америки 1917-1939 гг. М., Просвещение, 1975 г.
18. Л.Лонго. Интернациональные бригады. VI, 1960 г, стр -264
19. В.Ревнуков, Новейшая история зарубежных стран Европы и Америки 1917-1939 гг.М., 1975 г.

20. С.А. Стегарь. Практикум по новейшей истории. М., Просвещение, 1975 г.
21. В.Черчилль. Вторая мировая война. III том. М., 1991 г.
22. Л.Черной. Коричневые диктатуры. Интернет. Веб-сайттар

23. Новейшая история стран Западной Европы и Америки 1939-1975 гг. Под ред. С.Стецковича. М., 1978 г.
24. Я.С.Драбкин. Становление Веймарской республики. М., 1978 г.

25. История новейшего времени стран Европы и Америки 1918-1845 гг. М.1989
26. А.И.Еременко. В начале войны. М., Наука, 1964 г.
27. О.А.Ржешевский и т.д. 1939 г Уроки истории. М., Мысль, 1990 г. стр- 196.
28. П.А.Жилин. О войне и военной историии. М., Наука, 1984 г.
29. Н.И.Саморукова. Новейшая история стран Западный Европы и Америки. М., 1976,1 том.
30. И.С.Киссельгов Франццция в годы второй мировой войны. М., 1975 г.
31.П.Н.Поспелов, т.б. Совет Одағының Ұлы Отан Соғысы 1941-1945 жылдар. М., 613-бет.
32.Тегеран, Ялта, Потсдам. А., 1993 ж.
33.Краткая история США. М., 1993 г.
34.. А.А.Гречко и т.д. Великая Победа советского народа. М., Наука, 1976г.
35.П.А.Жилин. О войне и военной истории. М., Наука, 1984 г.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ:

Кіріспе 3-6
І-тарау. Италиядағы фашистік диктатура
1.1. 1922 жылғы билік басындағы саяси дағдарыс және фашистік
диктатураның орнауы 7-21
1.2. Италиядағы империалистік теңденцияның күшеюі және
фашистік диктатураның күйреуі 22-30
ІІ-тарау. Германиядағы фашистік режим және оның ерекшеліктері
2.1. Фашистік қозғалыстың пайда болуы, А.Гитлердің үкімет
басына келуі 31-39
2.2. П-дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Германия және фашистік
режимнің күйреуі 40-52
2.3. П-дүниежүзілік соғыстан кейінгі бейбіт келісімдер 53-61
Қорытынды 62-63
Пайдаланылған әдебиеттер 64-65
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Германия жәнс Италия елдерінің тарихы дүниежүзілік
тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі әлеуметтік,
экономикалық, саяси жағдай фашизмнің орнауына мүмкіндік тудырды. Италияда
алғашқыда демократия барлық проблемаларды шешудің кілті болып есептелінген
еді. Алайда, демократия дегеніміз жалпы сайлау құқы, бостандық,
көппартиялық, өзімен-өзі жұмыссыздықты, бағаның өсуін, өндірістің
қүлдырауын жоя алмайтындығы айқындалды. Кей жағдайларда демократияның
орнауы мемлекеттік өкімет билігін әлсіретті. Демократия көңіл толмағандық
та бірден жалпы сипат алды. Осылайша, Италияда фашизм орнады.
Дүниежүзі халықтарының сұрапыл қанды қырғынға ұшыратқан Италия және
Германия фашизміне біршама сипаттама берсек: Фашизм (итальянша fascisma
деген сөзден шыққан. Байланыс, одақ деген мағынаны білдіреді.) -реакциялық
саяси ағым. Оның негізгі идеологиясы шовинистік, агрессиялық бағыт болып
табылады. Ол өзінің пайда болу кезінен бастап адамзат прогресіне қауіп
төндірді. Фашизмнің билік басына келуімен буржуазия ашық террорлық іс-
әрекет жүргізген фашистерге жол берді. Барлық фашистік режимдерге тән
сипат, ол күресудің террорлық әдісімен антикоммунистік және антисемиттік
бағыт ұстанды.
Ең алғашқы фашистік ұйымдар - Фаши ди комбаттименто (ағымның атауы
осыдан шыққан.) Италияда 1919 жылы наурызда пайда болды. Ол билік басына
монополистік буржуазияның және монархияның қолдуымен билік басына 1922 жылы
қазанда келді.
1919 жылдың басына қарай Германияда фашистік партия пайда болды. Ол
1933 жылы 30 қаңтарда монополистік буржуазияға, рейхсвердегі реакцияшыл
топтарға, юнкерлік - дворяндық топтарға сүйене отырып билік басына келді.
Осылайша билік басына келген Италия және Германия фашистік режиммінің
негізгі сыртқы саясаты дүниежүзінде үстемдік құру болатын. Олар жаулап
алған жерлерінде бейбіт тұрғындарға қарсы оқ атып, әлем алдында кешірілмес
қылмыс жасады.
Фашизм - XX ғасырдағы көбінде Еуропалық саяси қозғалыс, мемлекетті
басқарудың арнайы түрі. Ол дүниежүзі халықтарына теңдесі жоқ азап әкелді.
Нақты айтқанда, Германия мен Италия сияқты фашистік мемлекеттер екінші
дүниежүзілік соғыс отын тұтандырушылардың басты айыптылары болды. Осылайша,
Италия мен Германия дүниежүзінің тарихи дамуына үлкен ықпалын тигізді.
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 61 жыл уақыт өтсе де, оның
зардабы әлі ұмытыла қойған жоқ. Адамзат тарихындағы үлкенді-кішілі
соғыстардың ішінде фашистік Германия мен Италияның тұтандырған екінші
дүниежүзілік соғысы ерекше орын алады. Бұл соғыс 50 миллион адамның өмірін
қиып кетті. Адамзат тарихында үлкенді-кішілі 14,5 мың соғыстар болған екен.
Бұл соғыстар 4 млрд адамның өмірін жалмап кетті. Олардың ішінде 7 жылдық,
30 жылдық, тіпті 100 жылдық соғыстар болды. Бірақ ең көп қан төгілген және
ең сорақысы - 6 жылдық II дүниежүзілік соғысы. Бұл соғысқа жер шарындағы
халықтарының 54 бөлігі қатысты. Қарулы қақтығыс Еуропаның, Азияның және
Африканың 40-тан астам елінде орын алды. Бұл соғыста жаңа заман талабына
сай әскери қару-жарақпен жабдықталған бірнеше миллион әскер қатысты. Егер
фашистер бастаған басқыншылар жеңіске жеткенде адамзат тарихында түнек пен
жабайылық орын алар еді. Бұл тарихта ең көп қан төгілген, Еуропаны қираған
үйіндіге айналдырған ең аяусыз соғыс болып табылады.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті. Дипломдық жұмыстың мақсаты Италия мен
Германиядағы фашизм ерекшеліктерін, оның билік басына келу жолын егжей-
тегжейлі зерттеу.
-Италиядағы 1922 жылғы билік басындағы саяси дағдарыстың алғышартын;
-фашистік диктатураның билік басына қалай келгендігін;
-фашистер өз кабинетін құрғаннан кейін Италияда империялық теңденцияның
күшеюін талдау;
-Германиядағы фашистік режимнің ерекшеліктеріне келер болсақ,
Германиядағы фашистік қозғалыстың пайда болуы;
-Адольф Гитлердің үкімет басына келуі мәселесіне талдау жасау;
-Екінші дүниежүзілік соғыс өртін Германия және Италия сияқты фашистік
мемлекеттер не себепті тұтатты? Фашистік Германияның агрессиясы қай елдерге
бағытталды? Соғыстан кейінгі жалпы халықаралық жағдайдың жай-күйі қандай
болды? Міне, осы секілді сұрақтарға дерек көздерін пайдалана отырып жауап
беру диплом жұмысының мақсаты болып табылады.
Тақырыптың тарихнамасы. Италия және Германиядағы нацизм мәселесі
бойынша арнайы. еңбектер жеткілікті. Еуропадағы және Германиядағы фашизмді
егжей-тегжейлі зерттеуде әдебиеттер екі топқа бөлінді:
І.Италия және Германиядағы фашизмге анализ жасаған арнайы әдебиеттер.
2.А.Гитлер және Муссолинидің билікке таласы, олардың сыбайластары
жөнінде жан-жақты жазылған монографиялар мен мақалалар.
Д.М. Проэктор, П.Ю. Райхшмир, Л.А. Безищенский өз еңбектерінде
Гитлердің билікке келгеннен кейінгі ішкі және сыртқы саясатына талдау
жасаған. Дипломдық жұмысын жазу барысында А. Гитлердің жеке басына
сипаттама беру үшін және оның билікке қалай келгендігін ашып көрсету
мақсатында Л.Чернойдың Коричневые диктатуры [1] еңбегі пайдаланылды.
Германия мен КСРО арасындағы соғыс яғни Ұлы Отан соғысы жөнінде
А.И.Еременконың Москва қаласын "Наука" баспаханасынан шыққан "В начале
войны" атты кітабы бар. Бұл кітапта соғыстың алғашқы кезеңіндегі Кеңес
әскерлерінің сәтсіздіктері, соғыс барысы қарастырылды. Германия фашистік
партиясының көсемі Адольф Гитлердің елді басқарып отырған жылдардағы
мақсаты, КСРО-ны алуды міндет етіп қоюы, әйгілі "Барбаросса" жоспары, Ұлы
Отан соғысының алғашқы кезеңдері П.А. Жилиннің Москвадан 1984 жылы шыққан
"А войне и военной истрии" атты кітабында жазылған. Италияда 1919 жылы
алғашқы рет фашистердің пайда болуы, оның билік басына келуі, ұстанған ішкі
және сыртқы саясаты және Германиядағы фашизмнің ерекшелігі, оның билік
басына келгеннен кейінгі ұстанған сыртқы агрессиялық саясатына қысқаша шолу
Москвадан шыққан "Великая Отечественная Война" атты энциклопедиялық еңбекте
қарастырылған.
Жалпы Германиямен болған соғыста КСРО-ның құрамындағы барлық
Социалистік Одақтас республикалар соғыс ауырпалығын жан аямай көтергені
баршаға мәлім Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі КСРО құрамындағы Қазақстан
майданға Қызыл Армия қатарына көптеген қазақстандықтар жіберді.
Қазақстаннан барған жауынгерлер отан үшін аянбай отқа түсті. Міне осы
жөнінде, яғни Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жеңісіне қосқан үлесі туралы
С.Н. Покровскийдің Алматыдан 1968 жылы шыққан "Казахстан в Великой
Отечественной Войне" атты еңбегінде егжей-тегжейлі жазылды. Сонымен қатар
Кеңес халқының тылдағы ерен еңбектері, Кеңес әскерлерінің майдан шебіндегі
аңыз боларлық батырлықтары, соғыс барысындағы жағдайлар А.А. Гречконың,
А.А. Эпищев, П.А. Жилиннің, М.Т Иовчкутің, В.Г.Куликовтың, С.К.
Куроткинның, П.И.Феодосевтің Москва қаласы "Наука" баспаханасынан 1976 жылы
шыққан "Великая победа Советского народа" атты кітаптарында жазылған.
1945 жылы 8 мамырда Германияның сөзсіз тізе бүгуі туралы пактіге қол
қойғаннан кейін, соғыс қорытындылары, герман құрамындағы жаулап алынған
жерлердің яғни Шығыс Еуропадағы бірнеше мемлекеттер, Африкадағы, Азиядағы
отар жерлердің АҚШ, КСРО, Англия сияқты Ұлы державалық елдердің арасында
бөліске салынуы, соғыс біткеннен кейінгі дүниежүзінің екі жүйеге бөлінуі
және т.б. мәселелер В.А. Андреевтің Москвадан 1965 жылы шыққан "Великая
Отечественная Война Советского Союза" атты кітабында жан-жақты зерттеліп,
зерделеніп қарастырылған. П.Н. Поспеловтың және т.б. көрнекті ғалымдардың
қатысуымен жазылған "Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы" атты кітабында
фашизмнің шығуы, оның Кеңес Одағы территориясына 1941 жылы 22 маусымда
шабуыл жасағаны, Кеңес халқының фашистік басқыншыларға қарсы күресі,
тылдағы ерен еңбектері қамтылған.
Ал, Италия фашизмнің тарихнамасына келер болсақ, Муссолинидің жеке
тұлғасын зерттеуде "Италия тарихы" [2] (С.И. Дорофеев) еңбегі пайдаланылды.
Сонымен қатар, Италияда режим орнағаннан кейін фашистердің агрессиялық
саясатында қарсы қозғалыстарды көрсету мақсатында Л. Лонгоның
"Интернациональные бригады" [3] атты еңбегінен деректер алынды. Сондай-ақ
фашистерге қарсылық көрсеткен Италияның коммунистік партиясының көрнекті
қайраткері Антонио Грамшидің қызметін көрсету мақсатында және фашистік
Италияда жұмысшылардың жай-күйін, антифашистік қозғалыстардың жағдайын
талдау мақсатында Л.Ломбардо - Радиченің және Дж. Карбоненің Мәскеуден 1953
жылы шыққан "Жизнь Антонио Грамши" [4] атты еңбектері пайдаланылды.
Жалпы Италия және Германияның фашизм кезеңіндегі әлеуметтік,
экономикалық, саяси жағдайын зерттеу үшін 1 .Дәуірбаеваның Түркістаннан
2004 жылы шыққан "Еуропа мен Америка елдерінің тарихы" [5] атты еңбегі,
профессор В.К.Фураевтің "Новейшая история зарубежных стран Европы и
Америки" [6] атты кітабы, Н.И. Саморукованың "Новейшая история стран
западный Европы и Америки" [7] атты кітабы пайдаланылды.
Сондай-ақ фашистік Германияның КСРС-ға шабуылының басталуы, жоспары
туралы С.А.Стегарьдің "Практикум по новейшей истории" [8] атты еңбектен
алынды. КСРО мен Германияның 1939 жылғы ынтымақтастық жөніндегі келісім
шартын талдау мақсатында М.Е.Главацконың "Россия которую мы не знали" [9]
атты еңбегі пайдаланылды. Сонымен қатар, Германияда фашизмнің күйреуі,
одақтастардың екінші майдан ашуын көрсету үшін А.М. Самсоновтың "Крах
фашистской агрессии" [10] атты еңбегі пайдалынылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І-Тарау. Италиядағы фашистік диктатура

1.1. 1922 жылғы билік басындағы саяси дағдарыс және фашистік
диктатураның орнауы.

Италиядағы фашистік диктатура контрреволюциялық сипатта болды. Фашистер
жергілікті социалистік және коммунистік партия ұйымдарына ғана емес, соған
қарамастан, буржуазиялық, республикалық және либералдық партия ұйымдарына
қырғидай тиді. Фашистердің осындай іс-әрекеттері билік басындағы либералдық
буржуазияны да мазаламай қоймады. Бұл өз кезегіндегі билеуші топ арасында
фашизмге деген көзқараста алауыздық тудырды. Кейбір буржуазия өкілдері
фашизмнің көмегі арқылы ашық реакциялық мемлекет құруға тырысса, кейбірі
елдегі революцияны басуға пайдалануға тырысты. Соңғыларының қатарына
премьер-министр Джолитти жатады. [11].
Міне осы жағдайда фашистерге қарсылықты ұйымдастыру күрделі болды.
Антифашистік қозғалыстардың кең тараған тұрі еруілдер мен шерулер болды.
Алғашқы ереуілдердің бірі 1921 жылы 25 қаңтарда Флоренцияда болып өтті.
Мұндай ірі ереуілдер Пизеде, Мортареде. Ливорнада болып өтті. Туриндер
фашистер еңбек палатасын өртеп жіберуіне жауап ретінде ірі ереуіл болып
өтті. Жұмысшылар қаланың ірі кәсіпорындарын басып алды. Ереуіл қалаға
артиллерия мен әскердің бір бөлігі келгеннен басылды. Антифашистердің және
фашистердің қозғалысы Римде үйреншікті жағдайға айналды. Алайда фашистер
барлық қақтығыстарда үстем болып шықты. Себебі қала полициясы және қару-
жарағы сай болмады.
Антифашистік қозғалыстарда жалпы еңбек конфедерациясы үлкен роль
атқарды. Алайда бұл ұйымдар күрестің кәсіподақтық әдісін қолданды, яғни
ереуілдерге шықты. Қатардағы социалистер және коммунистер антифашистік
қозғалыстарды ұйымдастыруда маңызды орын алды. Алайда бұл партияның
басшылары фашизммен күресу үшін жалпы саяси жүйені жасай алмады. Себебі,
фашистер барлық қақтығыстарда үстем болды. Себебі қала полициясы және қару-
жарағы сай болды. [12].
Фашизм ең алдымен кәсіподақ ықпалымен күресу қажет болды. Италияның
социалстік партиясының басшылары фашизмге қарсы әлсіз қарсылықтар көрсетті.
Коммунистік партия басшылары елдегі жағдай бойынша былай жауап берді:
"Біз дайындыққа дайындықпен, қарулануға қаруланумен, күшке күшпен жауап
береміз"-деді.
1921 жылы мамырда парламент сайлауы өтті. Бұл сайлауға Италияның
коммунистік партиясы (ИКП) және социалистік партиясы жеке дара түсті.
Сонымен қатар Халық партиясы және Италияның ұлттық партиясы сайлауға түсті.
Ұлттық партияның құрамында буржуалистер, демократтар, фашистер болды. Бұл
партияның жетекшісі Джолитти еді. Джолитти фашистерді блокқа енгізудегі
негізгі мақсаты өз ықпалын күшейткісі келді және өзінің саясатын жүргізуде
тілалғыш құрал ретінде пайлаланғысы келді. Алайда оның үміті ақталмады.
Солшылдардармен біріккен фашистер парламентке 35 кандидат қана өткізе алды,
ал социалистер мен коммунистер 138 және Халық партиясы 108 орын алды.
Сайлаудың нәтижесі Джолиттидің үлкен жеңілісі еді. Маусымның соңында ол
отставкаға кетті. Оның орнына Джолитти тұсында соғыс министрі болған және
қарулы фашистік отрядтардың қалыптасуына атсалысқан бұрынғы социалист
Бономи отырды [13]. Ол фашистердің қызу саяси іс-әрекеттерін яғни террорлық
істерін басуға тырысты. Муссолини жұмысшы ұйым басшыларымен ымыршылдыққа
баруға ұсыныс жасады. Италияның социалистік партиясы бұл ұсынысқа келісті.
Осылайша 1921 жылы 3 тамызда бір-біріне деген жауласуды тоқтау туралы
пактіге қол қойылды. Алайда фашистер еңбекшілерге қарсы террорлық іс-
әрекеттерін жалғастыра берді. Фашистердің бұл пактіге қол қоюы жай ғана
маневр еді, яғни еңбекшілердің қарсылығын басып, билеуші буржуазия арасында
қолдауға ие болу болатын 1921 жылы экономикалық дағдарыс кең етек жайған
тұста кәсіпкерлер жұмысшыларға қысым көрсете бастады. Кәсіпкерлер
коллективтік келісімнің мерзімінің аяқталуын сылтаулатты және оны қайта
жаңартуға қарсылық көрсетті. Осы жерден шарулардың наразылығы туындады.
Кәсіпкерлер қысым көрсету фашистердің қысым көрсетуімен дөп келді. 1921
жылы фашистердің қозғалысы күшейе бастады. Олардың құрамында 300 мыңнан
астам мүше болды. Фашистік қозғалыстың құрамында ауылшаруашылығы
жұмысшылары, қолөнершілер, саудагерлер болды.
Фашистік қозғалыстың басшылары фашизмнің идеологиялық принциптік
негізін жүйелеуге тырысты.
1921 жылы қарашада фашизмді конституциялық партияға айналдырды. Қайта
құрылған фашистік партия негізі ұлттық идея болып табылатын жаңа
программамен шықты. Фашистер қазіргі қоғамды, әлеуметтік ұйымдарды тап
емес, ұлт билеу керек екендігін дәлелдеді. Бағдарлама: "Ұлт - өзінің
кұрамына өткен қазіргі және болашақ ұрпақты біріктіретін ағза болып
табылады" деп жазылды. Жеке адамдар өткінші кезең болып есептелді. Осыдан
жеке және топтың мүдделері ұлт мүддесін жоғарғы қоюы қажет деген көзқарас
туды. Бағдарламада фашизм деген саяси экономикалық, әскери ағза болып
табылады делінген.
1921 жылы съезден кей фашистер өздерінің бағыттары бойынша белсенді
тұрде жүргізе бастады. Саяси күресте фашизм өздеріне қарсылас болып
табылатын парламентке және демонстрант мүшеге кедергі келтіруге тырысты.
Фашистер халық партиясының оң және сол қанаттарын жауластыруға әрекеттенді.
1922 жылы қаңтарда Пия 11-нің таққа келуімен фашистер Ватикан мемлекетімен
жақындасу мүмкіндігі туды. Ағылшын жылнамашысы Гвин: Жаңа Рим папасы Милан
архиепископы кезінде-ақ фашистердің мадағына, сеніміне ие болған адам деп
жазды.
Фашистер әскери облыста партия құрумен әскери күшті орталықтандыруға
қол жеткізді. Жеке әскери отрядтар (скавадрылар) фашистердің милициясына
айналды. Оның уставына әскери маман генерал Гандольфо құрды. Сквадрлар
партияға бағынышты болды. Осылайша фашистік басшылар маңызды мақсаттарды
іске асыру үшін жеке әскери отрядтарын құрды. Муссолини билікті басып алуға
тырысты.
Әсіресе фашистік партия кәсіподақтарының қозғалыстарды ұйымдастыруда
үлкен жетістікке жетті. Болоньеде 1922 жылы қаңтарда фашистер тұрған
кәсіподақтардың съезі болып өтті. Съезде фашистік партияның өкілдері болды.
Шешім бойынша фашистер тұрған кәсіподақтар фашистік партияларға бағынышты
болуы тиіс болды.
Фашистік кәсіподақ ең алдымен ұлттық мүддені алға қоюы тиіс болды.
Буржуазия мен жұмысшы тап арасында саяси диолог ұйымдастыруды көздеді.
1922 жылдың бастарында фашистер жастар арасында әсіресе, ұсақ
буржуазияның оқымыстылардың арасында ықпалын күшейте бастады. Муссолини өз
партиясын жастардың партиясы деп мәлімдеді. Муссолини өзінің үндеуінде
салтанатты тұрде жастарды ескі партияға қарсы қойды.
1922 жылыдың басында Италиядағы экономикалық дағдарыс өз дегеніне
жетті. Осы жылдың январында жұмыссыздардың саны 607 мыңға жетті. Ірі елі
монополиялық бірлестік шығынға ұшырады. (Ильва және Янсольдо). Елдің ең ірі
банкісі Банно итальяно ди сконто банкротқа ұшырады. Бұл банк пен елдің ірі
өндіріс магнаттарына байланыстарына байланысты болатын. Олар үкіметтен
банктың шығынын ұлттық бюджет қорынан жабуды сұрады. Бірақ Бономи бұл
қадамға бармады, соның нәтижесінде оның алып өндірісшілерінің арасында
абыройы жоғалды.
1922 жылы 2 қаңтарда Бономи үкіметі отставкаға кетті. Италияның
бірігуінен кейін оның жағы биліктегі дағдарысты жуды. 25 ақпанда үкімет
басына коалициялық үкімет келді. Оның басында Факт тұрды. Бұл премьерді
кейінірек Ромул Августоли деп атап кетті. Бұдан артық абыройсыздық жоқ еді.
Ақпанда үкімет дағдарысы кезінде фашистер Бономиде, Римде, Флоренцияда
шерулер өткізді. Шерулер Жасасын диктатура, Парламент тарасын деген
лозунг астында өтті. Муссолини Біз диктатураға барамыз ба? деген
тақырыпта мақала жазды. Оның ойы бойынша фашистік демонстрацияның
Бономидегі лозунгілері болашақта бүкіл Италияны қамтиды. Фашистер билеуші
либералдарға ашық түрде қарсы шыға бастады. Муссолини: XIX ғасыр,- деп
жазды,- бәрі деген демократияның ұранымен толды. Енді азшылық және
таңдаулылар деген сөзді айтатын уақыт келді-деді. Либералдық билеуші
таптың саяси үстемдігі, елді билеу мүмкіндігі таусылуы да мүмкін. Енді
фашистердің антидемократиялық сипаты айқындала бастады. Италияда
демократияға деген немқұрайлы пікір қолайлы болды [14].
Жұмысшы тап фашизммен күресу үшін демократияны емес пролетариаттық
бірлікті көздеді. Жұмысшы тап қозғалысында демократияны қорғау және
антифашистік құралды табу идеясы болмады. 1922 жылы ақпанда жұмысшы тап
қозғалысының антифашистік "Еңбек одағы" атты кәсіподақтық ұйымы құрылды.
Оны құруды жалпы еңбек конфедерациясының басшылары және еңбекшілердің
автономды, таптық, кәсіподақтық ұйымдары маңызды роль атқарды. Олар
бірігуге әрекет жасады. Алайда бұл бірігу фашизммен күресуде әлсіз болды.
"Еңбек одағының" басшылығында еңбекшілердің әскери комитеті реформа
жасаушылары тұрды. Олар бұл кезде елде қандай да демонстрациялар жасауды
дұрыс көрмеді.
Еңбекшілердің кәсіподақтық ұйымдарының антифашистік күресінің әлсіз
болуына екі пролетарлық партиялардың бірлігінің болмауы да әсер етті.
Социалистік партияның фашистерге қарсы қандай да бір позитивті бағдарламасы
болмады. Срциалистік партия фашизмге қарсы қарулы қарсылықтың өріс алуына
қарсы шықты. Ал коммунистік партияға келетін болсақ, 1922 жылы наурызда ол
тағы да сектанттық жүйесін таңдады. Бұл сектанттық жүйе Римдік тезистің
символына айналды. Ол бойынша: "Фашизм мен буржуазиялық демократияның
арасында ешқандай да айырмашылық жоқ. Бұның бәрі буржуазия диктатурасының
формалары. Партияның тактикасы сыртқы жағдайларға байланысты өзгермеуі
тиіс. Тезис Италияда пролетарлық диктатураның орнына Советтік биліктің
орнауын шақырды." Жұмысшылардың антифашистік күресі сәтсіздікке ұшырады.
Жұмысшы қозғалысының өз ішінде фашизмге қарсы қырқысудың нәтижесінде
әлсіреді. Новарадағы, Ломбардиядағы және Рим пролетариаттарының ереуілдері
(1922 жылы көктем және жазда) осы халге ұшырады[15].
1922 жылы фашистік террордың өсуі жаңа үкімет дағдарысын тудырды.
Италияның социалистік партиясында реформистер мен максималистердің арасында
келіспеушілік туды. Олар алғаш рет буржуазиямен келісімге келу арқылы
фашизмді жоюды мақсат тұтты. Алайда бұл келісімнің негізін қалай жасау
керектігін анықтай алмады.Үкіметтегі дағдарысқа ықпал етуге және үкімет
құруға тырысқан еңбек одағы жалпы ұлттық ереуіл ұйымдастырды. Ол 1922 жылы
1 тамызда басталды. Еңбекшілер фашистік террорға бейбіт, заңды антифашистік
сөздермен шектелуге шақырды. Бүған қарамастан ереуілшілер фашистермен
қарулы қақтығыстарға барды. Пармде қантөгіскен күрес болды. Алайда Факттың
екінші кабинеті құрылғаннан кейін Еңбек одағы ереуілді тоқтату туралы
бұйрық берді. Бұл бұйрық тамыз ереуілін тоқтатты. Бұл кезде пролетариат
өзінің әскери мүмкіндігін көрсеткен болатын. Тамыз ереуілінен кейін жұмысшы
қозғалысы өзінің дағдарысын басынан кешті. Еңбек одағы тамыздың соңына
қарай тарап кетті [16].
1922 жылы қазанның басында Социалистік партияның 18 съезі шақырылды.
Мұнда партияның фашизмге қарсы саясаты жалпы партияның болашақ күрестері
бойынша максималистер мен реформистердің арасында қызу пікірталас туды.
Көптеген максималистердің өз сөздерінде реформистерді партиядан шығару
керек екендігін алға тартты. Реформистерді партиядан шығару туралы
резолюция 29119 дауысқа қарсы 32106 дауыспен бірауыздан қабылдады.
Социалистік партиядан шыққан реформашылар өз алдарына Унитарлық социалистік
партияны құрды. Бұл кезде коммунистік партия фашизмге қарсы тағы да бір
әрекет жасап жатты. 1922 жылы 8 қазанда КПИ кәсіподақтың комитеті ВКТ сол
қанатын съезге шақырды (Милан). Съездің құрамына максималистер,
коммунистер, революциялық синдикалистер кірген комитет құрды. Бірақ енді
шет болатын, Италияның жұмысшы таптың ішкі ынтымақтастығының жоқтығы,
басшылықтың фашизмге қарсы бірыңғай саяси ұстанымының болмауының
нәтижесінде халықты өз жанына жинауға кедергі келтірді. Фашистер өздерін
Факттың ықпалсыз үкіметі жанында еркін сезінді. 1922 жылы тамыздағы
оқиғадан кейін Италиядағы қос үкімет туралы сыбыстың шығуы негізсіз емес.
Факт үкіметінің аңқаусыздығының нәтижесінде фашистер өз биліктерін
провинцияларға орната бастады. 16 қазанда фашистердің құпия жиналысында
билікті әскер күшімен тартып алу жөнінде шешім қабылдады. 17 қарашада
Муссолинидің билік басына әскери төңкеріс арқылы келуге дайын екендігі
айқын болды. Оқиға шапшаң дамып жатты. 24 қазанда Неопальде Сан-Карло
театрында фашистік съезд шақырылды. Бұл қалаға делегаттардан басқа тұрлі
елдердің түкпір-түкпірінен 40 мың фашист келді. Съездің ашылуында сөйлеген
Муссолини сөзі үкіметке жарияланған ультиматум болды. "Біз, қазіргі
палатаның төрағанын қалаймыз ұлттық және антиүлтшылдық күресті сақтап
отырған Шутов нетралитетінен шығуды талап етеміз. Біз сыртқы істер
министрлігінің, әскери, теңіз, еңбек, қоғамдық жұмыс министрліктерінің
болуын талап етеміз. Бұл талапты ешкімнің де шектен шыққандық деп
санамайтындығына сенімдімін".
Сол күні 40 мың фашист трибунада тұрған Муссолинидің алдынан өтеді.
"Мен, салтанатты тұрде мәлімдеймін,-дейді ол,-бізге үкімет билігін береді
немесе біз оны өзіміз тартып аламыз. Италияның барлық аумағында бірдей іс-
әрекет етіп, билеуші топтың алқымынан алуылыз керек"-дейді. Парадтағы
сөзінен кейін Муссолини "Везувий" қонақүйіне барады. Ол жерде Муссолини
жақтастары мен елдегі барлық фашистерді мобилизациялау туралы және қазанның
27-28 күндері шабуыл жасау туралы шешім қабылданды. Муссолини Неопальдан
Миланға шүғыл тұрде аттанды. Ал жорықта ұйымдастыру жөніндегі фашистік штаб
Перуджиге орналасты. Алайда 28 қазанға дейін Муссолини Фактқа өзінің
үкіметке қатысты екендігі туралы мәлімдеді. Бұл кезде елдің әр аумағынан
Римге жорық басталған болатын. Факт Саландра бастаған солшыл
либералистердің ықпалымен отставкаға кетті. Саланда Муссолинимен бірге өз
үкіметін құруға үміттенді.
28 қазанда таңертең Факт корольге барады. Мақсаты корольге отставка
жөнінде мәлімдеу, қысып таяң шақтан шығу туралы декретке қол қойдыру
болатын. Яғни фашистерге қарсы тойтарыс беру болатын. Бірақ Факт корольдің
келісміне мүдделі болмады. Король қысыптаяң шақтан шығу туралы декретке қол
қоймады. Факт декретке қол қою туралы корольді онша қыстамаған болу керек.
Факт Муссолини фашистердің құрған кабинетінде билік етуден үмітін үзбеді.
28 қазанда таңертең Муссолини өте толқулы болды. Ол корольдің қысылтаяң
шақтан шығу декретке қол қоймағанын білмейтін еді. Сондықтан Саландрамен
комиралистік келісімге келуге сәл-ақ қалды Ол бойынша Саландра бастаған
құрамда фашистер бар үкімет құрмақшы болды. Муссолини жақтастары Бұл
комиралистік келісімге келуге жібермеді. Корольдің қысыптаяң шақтан шығу
туралы декретке қол қоймағанын естіген Муссолини қайта батылданды. 29 қазан
түсте корольдің адъютанты Ген Читтадини Муссолиниге телефон арқылы келуге
шақырып жатқанын хабарлады. 30 қазанда 10 сағат 42 минутта Рим вокзалына
келіп түседі. Бұл кезде Римге елдің әр аумағынан фашист колонналары келіп
кіріп жатты.
Фашистер еш қарсылық көремегенмен, олар соғыс даласында жүгендей болды.
Олардың қарулы отрядтары көшелерде шеп құрып тұрды. Муссолини корольге
бармас бұрын әскери фашистік форма: қара көйлек, сүр-жасыл шалбар және
крага киді. Өзінің ойынша тарихта қалатын сөзі: "Ұлы мәртебім, мен кешірім
сұраймын қара көйлек киіп келгенімен, мен ғана соғыс даласынан келдім. Мен
сізге Виторио Венетто уақытындағы Италияны қайтарамын. Сіздің құзырыңыздың
адал қызметшісі болып қаламын." Муссолини мен Виктор Эмануэлбдің сағатқа
жуық сұхбатынан кейін, "салтанатты көңіл-күйдегі қауым" олардың балконға
шығуын сұрады.
Келесі күні 31 қазанда Муссолини бастаған жаңа үкімет құрамын құру
міндеті тұрды. Әрі примьер, әрі сыртқы істер министрлігін басқарған
Муссолиниден басқа 13 министрдің 3 ғана фашист болды. Сондықтан Халық
партиясы өкілдері, армия және флоттың жоғарғы лауазымды азаматтары болды.
Үкімет коалициялық болып жаралғанмен, оның мүшелері тұрлі топтар мен партия
өкілдерінен шақырылмады. Үш министрлер ірі өндіріс басшыларымен тығыз
байланыста болды. Бұл ірі буржуазия тарапынан үкіметке қолдауды күшейтті.
Жаңа үкімет құрылғанан кейін өндіріс конференциясы өздерінің жақтас
екендігін білдірді.
Бірақ үкімет парламент тарапынан сенімсіздікке ұшырады. Парламентте
фашистер 7% болды. Егер көпшілік жаңа үкіметке қарсы дауыс берсе не болар
еді? 1922 жылы 16 қарашада фашистік үкімет құрылғаннан кейінгі парламенттің
1 сессиясы шақырылды. Трибунаға Муссолини жаңа үкіметтің декларациясын
оқуға көтерілді. Ол өз сөзінде парламентке бағынбайтындығын білдіреді. Бұл
парламенттік сессияда үкіметке қарсы 102 депутат қана дауыс берді, 204
депутат қолдады. Қарсы болғандар: социалистер, коммунистер,
республикашылдардың бір бөлігі еді. Жаңа үкімет паралмент қарауымен
заңдастырылды. Муссолини Бұл кезде фашизмнің жаңа жеңісіне ие болды. Ол
паралмент билігін әлсіретті.
Италия тарихында жаңа этап-фашистік диктатура кезеңі басталды. Алайда
төңкерістен кейінгі алғашқы кезеңде билік ескі конституция бойынша жүрді.
Муссолинидің өзі Бұл жөнінде: "Мен мемлекеттің өзегіне тиіспеуге
әрекеттендім"-деді. Фашистік диктатураның кепілдігі ретінде екі жаңа
институт құрылды: Үлкен фашистік кеңес (ҮФК) және ұлттық қауіпсіздіктің
ерікті милициясы (ҮҚЕМ). Бұл екі институт мемлекеттегі төңкерістен кейін
құрылған болатын.
ҮФК 1922 жылы желтоқсанда фашистік партияның дирекциясы негізінде
құрылды. Муссолини ҮФК төрағасы болып сайланды. Бұл кеңес іс-жүзінде
парламентке баратын барлық декреттер мен заң жобаларын алдын-ала талқылады.
Өзінің үкіметтегі мүшелері арқылы Бұл кеңес үкіметтегі де бақылап отырды.
ҮҚЕМ құруда Муссолинидің бірнеше мақсаты болды, яғни фашизмнің елде
нықтап тамыр жаюына ықпал ету болатын. Көптеген адамдар, тіпті фашистердің
өздері жергілікті жердегі фашистік террорды көбейтті. Солардың бірі Туринде
1922 жылы желтоқсанның бір түнінде 15 коммунистер мен социалистерді өлтіру
болатын. Бұл қырып жоюдың негізгі сылтауы қалада екі фашистің өлі денесінің
табылуы еді. ҮФК және ҮҚЕМ құрылуымен Муссолинидің елдегі саяси ықпалы
күшейді.
Әрине бұл демократтар мен либералдардың саяси тобының ішінде
наразылықты тудырмады деп айтуға болмайды. Бұл наразылық тек қана Нитти
сияқты жеке саяси тұлғалардың фашизммен істес болудан бас тартумен ғана
шектеледі.
Осылайша Италия фашистік диктатура орнаған алғашқы мемлекет болды.
Өйткені елді басқарып отырған буржуазиялық демократтардың либералдың елді
басқару базасы таусылған болатын. Италияда 21 жылға созылған "Қара жиырма
жылдың" кезеңі қалыптасты.
Муссолини бірден құқығы шектеусіз диктатура құруға асықпады. О
еңбекшілер одағының қарсылығынан қорықты. Алғашқы кабинет құрамына
либералдарды, католиктерді кіргізді. Виктор Эмануэльдің ролі онша
болмағанмен монархияны сақтады. Фашистік диктатураға келу біртіндеп жүзеге
асты. Муссолини "Дуче"-"Көсем" деген атақ алды. Дуче үкіметтің құрамын
жаңартып отырған үлкен фашистік кеңесті басқарды.
Капитализмнің уақытша тұрақты кезеңінде Италияда экономикалық жағдай
қарқынды тұрде дамыды. 1928 жылы 1920 жылмен салыстырғанда 60% өсті.
Муссолини әлемдік қауымдастықты Италияда болып жатқан экономикалық дамуды
фашистердің "дана" басқаруының нәтижесінде деп сендіруге тырысты.
Италиядағы фашизм кезеңінде экономикалық өсудің өзіндік ерекшеліктері
болды. Экономикалық өсудің қарқыны жылдам болмағанымен, Италия индустриалды
аграрлы елге айналды. Өндіріс тең тұрде дамымады. Муссолини Италияны Рим
империясы кезіндегі жағдайға айналдыру мақсатын жүзеге асыруға тырысты.
Африкадағы кеңі аумақты территорияны, Франциядан Наццаны және Савойды,
Балканды өзінің ықпалына айналдыруды көздеді. Жерорта теңізін римдіктер
сияқты біздің теңіз -" more kostum" деп атады. Дуче бұл фантастикалық
мақсатты жүзеге асыру үшін үлкен соғыстың және өндірістің дамуы қажеттігін
түсінді. Жалпы Италиядағы фашистік кезеңдегі экономикалық өсуді піл аруымен
теңестіреді, яғни бір бөлігі өсіп жатса, екінші бөлігі сол күйінде қалып
жатты.
Экономикалық өрлеу жылдарында жұмысшыларды қанау өсті. 8 сағаттық жұмыс
күні алынып тасталды. Ауылды жерлерде үкімет помещиктердің мүддесін
қорғады. Ауыл шаруашылығы өнімі елдің қажеттілігін өтей алмады. Нанның
бағасы 40%-ға өсті.
КПИ және ИСП жаңа жағдайдағы саясаты. Муссолинидің билікке келуінен
кейінгі Коминтерннің ІҮ конгресі итальян сұрағына көп мән берді. В.И.Ленин
КПИ-дің бірнеше делегаттарымен Грамши және Бордигамен сұхбаттасы. Конгресс
ИСП сектанттарының жүйеден бас тартуын, жұмысшыларымен бірігіп фашистерге
сапалы тұрде қарсы шығуын үсынды.
Алайда Бұл шындықты жүзеге асыру іске аспады. Италияның жұмысшы
қозғалысы қиын кезеңді бастан кешіп жатты. 1923 жылы КПИ орталық
комитетінің және ИСП мүшелері барлығы дерлік тұтқындалды. Екі партияның
мүше саны азайды. Партияның мүшелігіне өту қауіпті жағдайға айналды.1923
жылы КПИ және ИСП мүшелері 10 мыңнан 12 мыңға дейін-ақ болды. Бордига
сектанттық жүйені ұстады. Бұл социалистік партиядан шеттелуіне және
партияның әлсіреуіне әкеліп соқты. Бордигандыктар мен туриндіктер арасында
өткір келіспеушілік туды.
Грамши ИККИ-нің мүшелігіне өтіп бір жылдан астам Мәскеуде тұрды.
В.И.Лениннің еңбектерін зерттеді. Италияға 1924 жылы келген Грамши КПИ-дің
ұстанымына көңілі толмады. Социалистік партиямен бірігу жүзеге аспады. Тек
қана бірнеше мүшелері Серрати басшылығымен КПИ мүшелігін қабылдады.
1923 жылы фашистік үкімет компартия мүшелерін тұтқындауымен партияны
әлсіретті. Алайда коммунистік және социалистік партияның газет және
журналдары жиі шығып тұрды. 1924 жылы коммунистер Унита (Бірлік)
газетінің негізін қалады. Парламентте жұмысшы топтардың дауыстары шығып
жатты.
Фашистік режим енді ғана қалыптасып келе жатқан болатын. Олардың тірегі
болатын жетекші әскери армиясы болмады. Ескі армияға сенуге жарамады. Ал
фашистік милиция енді ғана орныққан болатын.
Фашистер жұмысшылардың демократиялық кұкытарын аяққа таптауы, ірі
капитал иелерімен сыбайластығы, сыртқы саясаттағы авантюралары жұмысшы тап
өкілдерінін, шаруалардың, ұсақ қала буржуаздарының наразылығын тудырды.
Елде стачкалар, көше демонстрациялары, ауыл шаруашылық толқулары болды.
Фашизмге карсы қозғалыстың өртін тұтандырушы коммунистер болатын.
1923-1924 жылдар арасында компартия басшылығында маркстік-лениндік ядро
қалыптасты. (А.Грамши, П.Толятти, М.Скочимарро, У.Террачини және т.б.) Олар
Бордига партиясының сектанттык сипатын сынады.
Жалпы қозғалыстың ықпалымен католиктер және либералдық партия өкілдері
Муссолини үкіметіне карсы оппозиция кұрамына өтті. Социалистік партияда
Серратти бастаған топ пайда болды. Олар коммунистік партиямен қосылу
идеясын алға тартты. Бұл топ 1924 жыл^і компартияға қосылды. ВКТ бұрынғыдай
фашистік партиямен күресуді қолдады.
1924 жылы сәуірде Италияда парламенттік сайлау өтті. Фашистер
коммунистерді және тағы да басқа солшыл партиялардың ізіне түсті. Фашистер
сайлаушыларды сатып алды, корқытты. Алайда оппозиция партиясы
(католиктер, социалистер, коммунистер) 2,5 млн дауыс жинады. Коммунистік
партияға 270 мың дауыс берілді. Фашистік партия 4,5 млн дауыс жинады.
Муссолини парламенттік сайлау өтпес бұрын қитұрқы сайлау заңын қабылдаған
болатын. Ол бойынша ең көп дауыс жинаған партия парламентте 23 орын
алатын.
Парламент сайлауындағы фашистердің зорлығы парламенттегі қитұрқы
алдауы, махинациясы халықтын үлкен наразылығын тудырды. 1924 жылы депутат
социалист Джаномо Матеотти фашистік іс-әрекетті сынап, парламентте сөз
сөйледі. Нәтижесінде 1924 жылы 10 маусымды фашистер Матеоттиді тұтқындап,
аяушылықсыз өлтірді. Елдің барлық аумағында демонстрациялар мен митингілер
өтіп жатты. Фашистік партияның құрамынан алданған жұмысшылар және ұсақ
буржуазия шыға бастауы байқалды. Фашистік режим дағдарыс жағдайында тұрды.
1924 жылы маусымда социалистер, католиктер, либералдар және т.б.
оппозициялық топтар парламенттен кете бастады. Олар оппозицияның Франция
комитетін құрды. Ол Авентиндік блок деп аталды. Бұл комитет Муссолинидің
үкіметті тастап кетуін және фашистік парламентті таратуын талапт етті.
Коммунистік партия алғашында Авентин блогына кіріп, оны фашизмге қарсы
қоюға әрекет жасады. Компартия бүкіл халықтың ереуілін ұйымдастырды. Ал
антифашистік депутаттар жиналысын антипарламент деп атауды ұсынды. Бірақ
Авентин блогының басшылығы компартия ұсынысын қабылдамай тастады. Авентин
блогының басшылығы халықтың наразылығынан қорықты және фашистік диктатураны
конституциялық әдістермен жеңуге тырысты. Бұл жағдай фашистерге парламент
оппозициясын талқандауына мүмкіндік берді. Коммунистер парламентке
антифашизмдік трибунаны пайдалану үшін келді. 1924 жылдағы шілденің
ортасында коммунистер бүкілхалықтық антифашистік ереуілдер ұйымдастырды.
Бұл ереуілге 500 мыңнан астам жұмысшы қатысты. Алайда тек компартияның
ықпалын әлі де болса аз еді. Авентин блогының әрекетсіз отыруы Муссолиниге
парламент оппозициясын талқандауына мүмкіндік берді. Елдегі барлық
толқуларды басып фашистер демонстрацияның буржуазиялық қалдықтарын жоюға
кірісті.
1925-1926 жылдары итльяндық фашизм өзінің жаңа даму кезеңіне өтті.
Парламент өз мәнін жояды. Итальяндық фашизм-тоталттарлық фашистік диктатура
сипатына ие болды.
1925 жылы фашистік заң қабылдады. Ол бойынша үкімет басшысы тек қана
корольдің орнына жауапты болды. 1926 жылы қаңтарда үкімет парламенттің
келісімінсіз хандарды жаңартуға және оның іс-әрекетке келуіне мүмкіндік
алды 1926 жылы сәуірде кәсіподақ туралы риакциялық заң қабылданды, яғни
фашистік емес кәсіподақтар таратылды.
Жұмысшылардың мүддесін қорғау фашистік ұйымдардың мүддесіне берілді.
1926 жылы қарашада Муссолиниге қастандық жасалынғаннан кейін фашистік емес
партиялардың барлығы таратылды. Саяси қылмысқа өлім жазасы кесілді. Осы заң
қабылданысымен елдегі антифашистік ұйымдардың жетекшілерін жаппай қуғын-
сүргінге ұшырата бастады. 1926 жылы қарашада ең алғашқы болып осы қуғын-
сүргінге ұшыраған коммунистік партияның көсемі Антонио Грамши болды.
Грамшиді жазаға тартқан трибуна оған ешқандай да нақты айып таға алмады.
Алайда Грамшиді 20 жыл және 4 ай бас бостандығынан айырды. Бұл өлім
жазасымен тең еді. Барлық оппозияциялық партиялар 1926 жылы қарашада өз
жұмысын тоқтатып, ВКТ басшысы Д.Арагон қызметінен кетіп, фашистік партияның
құрамына енді. Социалистік партияның басшылары эммиграцияға ұшырады. Тек
қана әлеуметтік партия ғана өз құрамын сақтап қалды және фашистермен
күресті. 1926 жылы қарашада партияның шетелдегі орталығы құрылды. Оның
басшысы Тальмиран Тольятти болды. 1927 жылы сәуірде фашистік парламент
еңбек хартиясы құрылды. Бұл жұмысшылардың құқығын шектеді. 1928 жылы
парламенттік режимді құлатқан бірнеше заңдар қабылданды. Парламенттік
сайлаудың жаңа тәртібі қабылданды. Парламентке кандидаттарды фашистік
партия үстемдік етті. Мемлекеттің және фашистік партияның органы - үлкен
фашистік кеңес болды. Оның құрамына фашистік партияның директорлары және
парламент депутаттары енді.
Фашистік үкіметтің халыққа қарсы саясаты. Ватикан тарапынан қолдау
алды. Папа Пий XI Муссолиниді жаратушы елшісі деп жариялап, демократиялық
қозғалыстармен бірге күресті. 1929 жылы ақпанда Муссолини Папамен
латерандық келісімге қол қойды. Ол бойынша Италия мен Ватикан арасында ескі
қырқысулар тыйылды. Келісім бойынша Римнің бір бөлігіне папалық мемлекет
құрылды. Католиктік шіркеулер итальян корольдігінің құдайға жалбарынуы тиіс
болды [17].
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс Италия және империялық елдер
арасында келіспеушілік тудырды. Италияның монополиялық каптилы тұтынушы
рыногын және колоннияларды қажет етті. Бұл фашистік партияның жедел
қарулану жағдайына ықпал етті. Экономикалық дағдарыс жылдарында Италияның
әскери-теңіз қару-жарағы жедел дамыды. 1924-1930 жылдары бұл салаға 30 мың
бөлінсе, 1930-1931 жылдары 43 мыңға жоғарылады. Осымен бір мезетте қомақты
қаржы фашистік Италияның әуе күшүтерін дамыту үшін жұмсалды.
1933-1934 жылдары Германияның Австрияны жаулап алу әрекеті Дунай
бассейніндегі Италия-Германия қарым-қатынасын шиеленістіріп жіберді. 1934
жылы шілдеде Венада ұлттық-социалистік путч болған кезде, Муссолини әскерді
Австрия шекарасына орнықтырды. Осылайша Германияның Австрияны жаулап алуына
кедергі келтірді. 1934 жылы Муссолини Австрия және Венгриямен саяси,
экономикалық келісімге қол қойды. Бұл Италия басқаратын Дунай мемлекеттері
тобына, аталған екі мемлекеттің кіруін білдірді. 1935 жылы Италияның сыртқы
саясатында өзгеріс байқалады. Батыс державалары мен Германия арасындағы
келіспеушілікті пайдаланған Италия Шығыс Африкаға, ең бірінші Эфиопияға
агрессия жасайды.
1934 жылы желтоқсанда Италия басшылығынын ұйымдастыруымен Сомало-
Эфиопия қарулы қақтығысы болды. 1935 жылы Ген де Боно Шығыс Африкадағы
Италия қарулы күштерінің басшысы болып тағайындалды. Сөйтіп Эритреяға келді
және Италияны Самолиге орнықтыру басталды.
1935 жылы күзге қарай Шығыс Африкада, Эфиопияның Оңтүстік-Шығыс
шекарасына 30 мыңға жуық итальян әскери күші орналасты. 3 қазанда Италия
әскері Де Бононың басшылығымен соғыс жарияламастан Эфиопияға басып кірді.
Алайда соғыстың алғашқы сәттерінде Италия әскері кейбір сәтсіздіктерге
ұшырады. 1935 жылы Ген де Боно қызметінен кетіп, орнына Ген Бадольо келді.
Қазанның басында Лига кеңесі Италияны агрессор деп жариялады. Алайда бұл
санкция шындығына Италияны әлсірету үшін емес, қоғамдық пікірді
шиеленістіріп алмау үшін жасалды.
1935-1936 жылдары фашистік Италия озық техниканың арқасында бірқатар
жетістіктерге жетті. Фашистер уландыратын заттарды тек Эфиопия содаттарына
қарсы емес, сонымен қатар қарапайым халыққа да қарсы пайланды. Эфиопияның
феодалдық көсемдерінің арасында бірлік болмады. Италия әскері мұны дер
кезінде пайдалана білді.
Алайда Эфиопия халқы окупанттарға қарсы партизандық соғыс жүргізді.
Фашистік Италия бәрі бір бүкіл елге гегмондығын орната алмады. Италия
әскері өз қолында тек қана маңызды пункттерді және коммуникацияны ғана
ұстап тұра алды.Италияның Эфиопияны жаулап алуы Англия мен Францияның теңіз
сауда жолдарының жабылуына әскеп соқты. Бұл Италияның стратегиялық жағдайын
жақсартқанымен, Англия және Франциямен конфликт туды. Батыс елдерінің
Жерорта теңізіндегі өз позицияларын қорғауда әлсіздік танытуы Муссолиниді
жаңа жаулап алушылыққа итермеледі.
1936 жылы 18 маусымды Испанияда Республикалық үкіметін құлату үшін
Испания генералдарының іс-әрекеттері басталды. Алғашқы күннен бастап
халықаралық фашизм Испаниядағы көтерілісті өз мүддесіне пайдаланатындығы
байқалады.
Италияның әскери ұшақтары көтерілісшілердің әскер әскелуіне көмектесті.
Итальяндық порттардан қару-жарақ тиелген кемелер аттанды. Екі айдың ішінде
Испанияға 66 мың порходқа тиелген әскери техникалар келіп жетті. 18
қарашада Италия басшылығы Испаниядағы ұлтшылдық үкіметтің басшысы етіп
Франконы тағайындайды. Бірнеше күннен кейін Франкомен достық туралы
келісімге қол қойылды және соғыстан кейінгі уақыттарда бірге іс-әрекет
етуге келісті.
1936 жылы күзде Франконың Мадридке алғашқы жорығының сәтсіз аяқталуы,
Муссолинидің Франкоға беретін жәрдемін жылдамдатты. Желтоқсанда Кадиске
еріктілердің үлкен тобы келіп жетті. Оны Генем. Роатто басқарды. Бұл әскер
нағыз экспансиялық сипатта болды.Италияның барлық әскері Мадридке шабуыл
жасау үшін Испания астанасының солтүстік бөлігінде орналасты.
Төңкеріс жасаудың алдында көтерілістің басшылары тек Италиядан емес,
Германиядан да көмек сұрады. Алайда Германия Муссолини сияқты Испанияға ірі
жаяу әскерді жібермеді. 1936 жылы қыркүйекте Римге келген Гитлердің елшісі:
"Жерорта теңізі нағыз Италияның теңізі екендігін және Германияның Бұл жерде
еш мүддесі жоқтығын" мәлімдеді. Осылайша Германия Италиямен
бәсекелеспейтіндігін білдірді. Гитлердің ондағы мақсаты Испания жерінде
болып жатқан оқиғаны қызғанышпен бақылап отырған Англияны Италиямен
соғыстыру болатын. Алайда Англия және Италияның соғысының болуы екіталай
еді. Себебі Англияның үкіметі Франконы қолдайтын еді. Ал Муссолини мұны
білді.
Франция өзінің аралспайдындығын жоққа шығарғаннан кейін Англияның
позициясы маңызды роль атқарды. Тіпті Испаниядағы Италияның әскерлерінің
құрамы еріктілерден тұрса да оны теріске шығаруға мүмкіндік бар еді.
Өйткені еркітілердің қарулануды Италия қаржысының есебінен болды. Алайда
Англия үкіметі бұл мәселеге көзжұма қарады. Франция Гитлер мен Муссолнидің
Испаниядағы іс-әрекетіне кедергі келтірмеді.Капиталистік елдер басшылығының
агрессорларға жағдай жасауының түпкі мақсаты Кеңес Одағының Ұлттар
Лигасындағы барлық ұсыныстарын қабылдамай тастау болатын. КСРО Испанияның
заңды үкіметіне қолдау көрсету туралы Ұлттар Лигасына ұсыныс жасаған
болатын. Капиталистік елдердің агрессорларға кедергі келтірмеуі Испаниядағы
франкистік режімнің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызды.
Испаниядағы азаматтық соғысқа фашистік елдердің араласуы елдегі жұмысшы
табының және әлемдегі барлық еңбекшілердің наразылығын тудырды. Италия
халқының бір бөлігі Испанияға республикандықтардың жағында соғысуға ынталы
болды. 1936 жылы тамызда Арагон майданына әділдік және еркіндік
қозғалысының жақтастары келіп жатты. Бірнеше күннен кейін Бұл топқа
Гастоне Соцци отряды келіп жетті. Бұл отрядты коммунистерден құрды. Қазан
айында Испанияға ерікті антифашистерден тұратын батальон келіп жетті. Бұл
батальон Гарибальди деп аталды. Италиядағы барлық антифашистік қозғалыстар
Испаниядағы әрекеттері фашистерге қарсы қарулы көтеріліс, соғыс ашуға
мүмкіндік деп санады. Франция, АҚШ, КСРО тараптарынан еріктілер келді.
Италия еріктілері ең көп санды құрады. Сондықтан Италияның кейбір
еріктілері республикандық Испанияның қарулы күштерінде лауазымды қызмет
алған итальяндықтар да болды. Коммунист Л.Лонго және социалист П.Ненни
интернацианалдық бригаданың генералды коммисары болды. В.Видали
көтерілістің негізгі ұйымдастырушыларының бірі кейін саяси коммисары болды.
Итальяндық испан армиясының подполковнигі болды. 13-і майоры болды.
П.Тольятти Испанияның коммунистік партиясының жанындағы коминтерн
делегациясын басқарды.
1937 жылы наурызда көтерілісшілер Мадридке кезекті шабуылын жасады'.
Жорықшылардың ішінде итальяндық экспанциялық корпусы маңызды роль атқарды.
Олар ұзақ дайындықтан соң Гвардалахар және Мадридке бет түзеді. Техникалық
басымдығымен сан жағынан көптігімен фашистік әскерлер алғашқыда тек алға
жылжыды. Фашистерге қарсы құрамында Гарибальди отряды бар интернационалдық
бригада жіберілді. Интернационалдық отряд фашистердің күшімен салыстырғанда
кем еді. Бірақ олар танк және әуе ұшақтарымен қаруланған фашистерге төтеп
бере алды. Гарибальди батальоны Гвадалаха түбіндегі 10 күндік соғыста
шешуші роль атқарды. Италияның экспанциялық корпусы сәтсіздікке ұшырады.
Гвадалахар түбіндегі жеңіліс итальяндық экспанциялық корпусқа орасан
зор соққы берді. Италия басшылығы қарсыластарына шешуші соққы беру үшін
Франкодан көмек сүрауға мәжбұр болды. Муссолини жаңа әуе күштерін Испанияға
жіберді. Осымен бір мезетте итальяндық флот Жерорта теңізінде
республикандық Испанияның портына бет түзеген барлық пороходтарды тонады.
Муссолини Франко тарапынан болып жатқан соғыс тәсіліне көңілі толмады.
Муссолини шешуші шайқасқа шығуға тырысты. Ал Франко нақты шешім
қабылдамады. Итальяндық экспанциялық корпус өз бетінше шещуші ұрысқа шығуға
бата алмады.
Испаниядағы интервенцияға фашистік үкімег 14 млрд лир жүмсалды. Бұл
италия бюджетінің 1936-1937 жылғы 23 бөлігін құрады. Гитлерлік Германияның
Франкоға берген көмегінен 6 есе көп болды. Муссолини өзі мақсат еткендей
әскери немесе саяси жетістіктерге жете алмады. Ал Франко барлық әскери
қимылдар бітісімен Италияның әскерін әкетуін талап етті.
Фашистік Италия мен Гитлерлік Германияның Испанияда бірлесе қимылдауы,
олардың жақындасуына тұрткі болды. 1936 жылы қыркүйекте Германия министрі
Франконың сапары кезінде екі ел арасында интервенцияға қатысты мәселермен
қатар фашизмнің агрессиялық мақсаттары да талқандалды. Бұл келісімдер
Италияның сыртқы істер министрі Г.Чианоның 1936 жылы қыркүйекте Берлинге
сапары кезінде нақтыланды. Сапар барысында Локарн келісімін қайта қарау
туралы протоколға қол қойылды. Протокол Германия сияқты Италияның да
Ұлтттар Лигасынан шығуын көздеді. Соған қарамастан Жерорта теңізі Италияның
ықпал ететін аймағы болып табылатындығы нақтыланды. Антибольшевикке
арнайы пункт жазылды. Германия Италияның Эфиопияны жаулап алуын ресми тұрде
мойындады. Соған қарамастан екі мемлекет Еуропада бірлесксн саясат
жүргізуге келісті.
Муссолини 1936 жылы 1 қарашада Миланда сөйлеген сөзінде: Вертикаль
бойынша Берлин-Рим ось болып табылады. Осы ось бойында барлық Еуропа
мемлекеттері бірігуі қажет-деді.
Екі диктатор да Римде және Берлинде жасалған келісімдерге сенімді
болғанымен Берлин-Рим осіне нақты сенімді бола алмады. Италия дипломатиясы
Англиямен қарым-қатынасты үзбеуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Италия және Германиядағы фашизмге анализ жасаған арнайы әдебиеттер
Италиядағы фашизм: шығу себептері мен ерекшеліктері
Тоталитарлық жүйе мәселесінің зерттелуі
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі революциялық көтеріліс және фашизмнің басталуы
Саяси режим түрлері
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Шет елдердегі саяси режимдер, түсінігі және түрлері
ХХ ғасырдағы елдерде ең алғаш фашизм ошағының пайда болуы
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Фашистік диктатураның әлеуметтік және аграрлық саясаты
Пәндер