Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАНЫ БЮДЖЕТТІК РЕТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен құрылымы ... ... ... ... 4
1.2 Экономиканы макроэкономикалық реттеудегі мемлекеттік бюджет арқылы жүргізілетін саясаттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ..14

2.1 Мемлекеттік бюджетті тиімді пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ал мұндай жоғарғы дамуға қол жеткізу және Қазақстан Республикасының бастан кешкен дағдарыстық жылдарды артқатастап, дамудың тиімді жолына түсу үшін мемлекеттің қолдау шаралары қажет болып табылады. Ал мемлекеттің қолдау, дамыту, ынталандыру шараларының негізгілерінің бірі болып бюджеттік-салық саясаты болып табылады. Бұл саясат өз кезегінде мемлекеттік бюджеттің негізінде, оның жоспарлары мен құрамы, толыққанды қамтамасыз етілуімен байланысты болып табылады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағыныңда өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.
Міне осыған байланысты, мен реферат тақырыбын «Ұлттық экономикалық жүйедегі мемлекеттік бюджеттің рөлі» деп алдым.
Осы жұмысты орындаудағы негізгі мақсат экономикалық реттеудің мемлекеттік құралының негізі болып табылатын мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұнын ашу және ҚР-сы мемлекеттік бюджетінің іске асуы мен ол арқылы атқарылатын реттеу шараларына тоқталу болып табылады.
Дегенмен бұл тақырыпты реферат арқылы ашу қиын болсада,курстық жұмыстың немесе дипломдық жұмыстың бастамасы ретінде тақырыпты ашуға тырыстым.
Рефераттың құрылымы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде мемлекеттік бюджеттің жалпы экономикалық мәні мен маңызы, атқаратын қызметтері, бюджеттік түсімдер мен шығыстардың жіктемесін талдап өтсем, ал екінші бөлімде ҚР-ның бюджет жүйесі дамуын талдау, тиімді пайдалануна тоқталып өту болып табылады.
1. Агапова Т. А., Серегина С. Ф. - Макроэкономика : Учебник. – МГУ. - Изд-во “Дис”. – 2006. – 416с.
2. Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2007. – 668 бет.
3. Мамыров Н.Қ., Тiлеужанова М.Ә. - Макроэкономика: Оқулық. – Алматы: Экономика. - 2008. – 432 бет.
4. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
5. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (2009 ж. 1қаңтардағы N 548)
6. Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы” Заңы. (Салық Кодексi). – Алматы, 2009ж.
7. Мельников В.Д. Ильясов К.К. Финансы. Учебник для вузов. – Алматы: 2001. – 252 с.
8. www.minfin.kz
9. Ақша,несие,банктер;Оқулық С.Сейітқасымов-Алматы: 2001. – 466 с.
10. Ильясов К.К., Зейнелғабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж. Налоги и налогообложение. Алматы, Рауан, 1995.
11. Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу: Оқу құралы – Алматы: - 2003. – 131 бет.
12. З.С. Мұхамбетова «Мемлекеттің әлеуметтік аяны рететудегі фискалдық саясаттың маңызы» // Вестник КазНУ. Серия экономическая. №4, 2003г.
13. Л. Бурлаков «Совершенствовать межбюджетные отношения» // Қаржы-Қаражат, №6, 2006г. 12-17стр.
14. Статистический ежегодник. Алматы. – 2009г.- 451 с.
15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы» - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2007 жылғы 29 тамыз, №754, Астана, Үкімет Үйі.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАНЫ БЮДЖЕТТІК
РЕТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...4

1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен құрылымы
... ... ... ... 4
1.2 Экономиканы макроэкономикалық реттеудегі мемлекеттік бюджет арқылы
жүргізілетін саясаттар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..7

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ..14

2.1 Мемлекеттік бюджетті тиімді пайдалану
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...19

Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .22

КІРІСПЕ

Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны
айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық
қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта
түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған,
алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi.
Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу
туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ал мұндай жоғарғы
дамуға қол жеткізу және Қазақстан Республикасының бастан кешкен
дағдарыстық жылдарды артқатастап, дамудың тиімді жолына түсу үшін
мемлекеттің қолдау шаралары қажет болып табылады. Ал мемлекеттің қолдау,
дамыту, ынталандыру шараларының негізгілерінің бірі болып бюджеттік-салық
саясаты болып табылады. Бұл саясат өз кезегінде мемлекеттік бюджеттің
негізінде, оның жоспарлары мен құрамы, толыққанды қамтамасыз етілуімен
байланысты болып табылады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты,
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты
материалдық-заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның
нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер
мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағыныңда өзінің
көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың
құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс,
халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының
объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы
мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс
процесін білдіреді.
Міне осыған байланысты, мен реферат тақырыбын Ұлттық
экономикалық жүйедегі мемлекеттік бюджеттің рөлі деп алдым.
Осы жұмысты орындаудағы негізгі мақсат экономикалық реттеудің
мемлекеттік құралының негізі болып табылатын мемлекеттік бюджеттің
экономикалық мазмұнын ашу және ҚР-сы мемлекеттік бюджетінің іске асуы мен
ол арқылы атқарылатын реттеу шараларына тоқталу болып табылады.

Дегенмен бұл тақырыпты реферат арқылы ашу қиын болсада,курстық
жұмыстың немесе дипломдық жұмыстың бастамасы ретінде тақырыпты ашуға
тырыстым.
Рефераттың құрылымы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде мемлекеттік
бюджеттің жалпы экономикалық мәні мен маңызы, атқаратын қызметтері,
бюджеттік түсімдер мен шығыстардың жіктемесін талдап өтсем, ал екінші
бөлімде ҚР-ның бюджет жүйесі дамуын талдау, тиімді пайдалануна тоқталып өту
болып табылады.
1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАНЫ БЮДЖЕТТІК
РЕТТЕУ

1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен құрылымы

Бюджет - мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды қаржымен
қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығына жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және
халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық
бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен
және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы
мемлекеттік бюджет ұғымының экономикалық мазмұныны құрайды.
Мемлекеттiк бюджет - араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке
алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн,
талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын жиынтық
бюджет
Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджеттің
объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің
объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен,
мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті
орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын
орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы
айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету
үшін қажет. . 1, 115 б
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік
бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер
тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында
жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен
қосарлана жүріп отырады. Сонымен бірге бюджет қатынастарына белгілі бір
өзіндік ререкшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің
шеңберінен шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына
өзгеше белгілермен сипатталады:
1) Мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және
оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты
бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
2) Құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық
өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес
сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық
шаруашылықтың салалары, аумақтары, экономиканың секторлары, қоғамдық
қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
3) Қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей
байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан
белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық
өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен
тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет кез келген басқа экономикалық категория сияқты
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты
материалдық-заттық түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның
нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің
жұмылдыратын және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында өзінің
көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың
құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс,
халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының
объективті шарттасылған экономикалық нысаны. 2, 235 б
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін
басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы
мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір
әкімшілік-аумақтық бірліктерді ұйымдастыруды, заң шығарушы билікті, басқару
апаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша
ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі
құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын
қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын
белігілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы
элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары,
оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары
бюджет құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджетіне мынадай деңгейдегi
бюджеттер бекiтiледi, атқарылады және дербес болып табылады:
1) республикалық бюджет;
2) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi;
3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi.
Салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және
орталық мемлекеттiк органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк
мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және
мемлекеттiк саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын iске асыруға арналған
орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады.
Салықтық және басқа да түсiмдер, есебiнен қалыптастырылатын және
облыстық деңгейдегi жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк
мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және
тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк саясатты iске асыруға
арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджетi, республикалық маңызы
бар қала, астана бюджетi болып табылады.
Салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттiк органдарының, оларға
ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын
қаржымен қамтамасыз етуге және тиiстi аудандағы (облыстық маңызы бар
қаладағы) мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған
ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi болып табылады. 2, 237
б

Сурет 1 – Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті
2. Экономиканы макроэкономикалық реттеудегі мемлекеттік бюджет арқылы
жүргізілетін саясаттар

Бюджет-салық саясаты (қазыналық (фискальный) саясат) – мемлекеттiк
бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттiк шығындардың өзгерiсiн реттеу
мақсатында үкiмет тарапынан жүргiзiлетiн шаралар. Бұл шаралар жұмыспен
толық қамтылуды, төлем балансының тепе-теңдiгiн және экономиканың өсуiн
қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.
Өз кезегінде фискалдық саясат экономиканы мемлекеттік қай жағына
қарай реттеуіне байланысты екі түрге бөлінеді: ынталандырушы және тежеуші
салық саясаты. Бұл саясаттар бір мезгілде экономиканың әр салаларында әр
түрлі қолданыс табуы да мүмкін.
Мемлекеттiң экономикаға әсер етуi салық салу құралдары арқылы
жүргiзiледi. Мемлекеттiк шығындар мемлекеттiк бюджеттiң қаржыларын
пайдалану нәтижесiнде мүмкiн болады, ал салық бюджеттi қаржымен қамтамасыз
ететiн бiрден-бiр құрал.
Салық төлемi (Т), мемлекеттiк шығындар (G) және жоспарланған
инвестиция I-дiң белгiлi бiр деңгейiнде тепе-теңдiк өнiм көлемi Y
қалыптасқанын кейнс кресi көрсетедi. 3, 154 б
Қоғамдық шаруашылықта мемлекеттiң өмiр сүруiнiң негiзi бұл салық
болып табылады. Сондай-ақ мемлекеттiң нарықтық тепе-теңдiкке әсерiнiң бiрi
ол салықтық реттеу болып табылады. Мемлекеттiң салық саясаты бұл нарықта
ресурстарды көбейту, қоғамдық мақсаттарға бағытталған қызметтерге жұмсалады
Ресурстар жұмыспен толық қамтылмаған жағдайда тепе-теңдiк жағдай
қалыптаса бередi. Сондықтан пайда болған үзiлiстi жою үшiн, экономиканы
мемлекет тарапынан реттеу құралдары пайдаланылады. Олар бюджетке төленетiн
салық төлемi мен мемлекеттiк шығындар көлемiнiң өзгеруi арқылы жүзеге
асырылады.
Ынталандырушы бюджет-салық саясаты (қазыналық экспанция) – бұл саясат
қысқа мерзiмдi кезеңде экономикадағы циклдiк құлдырауды жою мақсатын қояды.
Мұны жүзеге асыру үшiн мемлекет шығындарды өсiрiп, салық ставкасы мөлшерiн
төмендету арқылы немесе бiрiктiрген, құрастырма шаралар арқылы жүзег
асырылады. 3, 154 б
Ұзақ мерзiмдiк кезеңде салықты төмендету саясаты өндiрiс
факторларының ұсынысын кеңейтуге және экономикалық әлуеттiң өсуiне алып
келуi мүмкiн. Мұндай мақсаттардың жүзеге асуы кешенi салық салық
реформасының жүргiзiлуiне байланысты болады. Бұл шаралардың орындалуы
Ұлттық банк жүргiзетiн тежеушi ақша-несие саясатымен және мемлекеттiк
шығындардың құрылымынын оңтайландырумен байланысты.
Тежеуші бюджеттiк-салық саясаты (қазыналық шектеу) - экономикдағы
циклдiк өсудi тежеу мақсатын көздейдi. Бұл саясатты жүзеге асыру үшiн,
мемлекеттiк шығындар төмендеп, салық мөлшерi жоғарылайды немесе
бiрiктiрген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады. Қысқа мерзiмдiк
кезеңде бұл шаралардың нәтижесiнде, өндiрiстiң құлдырауы мен жұмысссыздық
деңгейiнiң өсуi салдарынан болған сұраныс инфляциясын төмендетуге мүмкiндiк
бередi.
Ұзақ мерзiмдiк кезеңде өспелi салық “сынасы” жиынтық ұсыныстың
төмендеуiне және құлдыраушылық механизмiн ашуға негiз болуы мүмкiн. Бұл
құбылыс әсiресе төменднгi жағдайларда кездеседi: мемлекеттiк шығындардың
азаюы бюджеттiң барлық баптарында пропорционалды қысқартып, жүзеге асырылып
отырса және еңбек рыногының инфрақұрылымына мемлекекттiк инвестиция
берiлуiнде басымдылық болмаса.
Қысқа мерзімдік кезеңде салық-бюджет саясаты баланстық бюджеттің, салықтың
және мемлекеттің шығындарының мультипликаторы әсіремен байланысты болады.
Мемлекеттік шығындарының өсуімен салыстырғанда салық мөлшерінің
азаюынан мультипликаторлық әсер әлсіздеу. Бұл салықтың өзгерісімен
салыстырғанда мемлекеттік шығындардың табыстың көлеміне және тұтынуға
әсерінің күштілігімен байланысты болады. Бұл айырмашылық қазыналық саясат
құралдарын таңдағанда анықтаушы, негізгі болып есептеледі.
Егер де қазыналық саясат экономикадағы мемлекеттік секторды кеңейту
мақсатын көздесе, онда циклдық құлдырауды тоқтату үшін мемлекеттік шығын
өседі, бұл құбылыс күшті ынталандырушы әсер етеді. 3, 159 б
Ал инфляцияның көтерілуін тежеу үшін салық мөлшері өседі. Бұл құбылыс
салыстырмалы жұмсақ тежеуші шара болып есептеледі. Егер де қазыналық саясат
мемлекеттік секторды тежеуге бағытталса, онда циклдық құлдырау кезеңінде
салық төмендейді. Бұл жағдай салыстырмалы аз ынталандырушы әсер береді. Ал
циклдық көтерілу кезеңінде мемлекеттік шығындар төмендейді, бұл инфляция
деңгейін тез төмендетуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттiк шығындарды тиiмсiз басқарумен қатар уақытқа созылған
құлдыраушылық экономикалық әлуеттiң бұзылуына әсерiн тигiзедi. Мұндай
жағдай экономиканың өтпелi кезеңiнде жиi кездеседi.
Қысқа мерзiмдiк кезеңде салық-бюджет саясаты баланстық бюджеттiң,
салықтың және мемлекеттiк шығындардың мультипликаторы әсерiмен байланысты
болады.
Мемлекеттiк шығындардың өзгерiсiн көру үшiн кейнс кресiн
пайдаланамыз. Мемлекеттiк шығындар жиынтық шығындардың құрауышы болып
табылады, олардың өсуi жоспарланған шығындарды да өсiредi.
Дискрециялық фискалдық саясат – үкіметтің арнайы шешімі бойынша
салықты, мемлекеттік бюджеттің сальдосын және мемлекеттік шығындардың
көлемін мақсатты бағытта өзгерту. Бұл шаралар төлем балансының жағдайын,
инфляция қарқынын, өнім көлемін, жұмысбастылық деңгейін өзгертуге
бағытталған.
Мемлекеттің дискрециялық саясаты ішкі уақытша кешеуілдеумен
байланысты болады, өйткені мемлекеттік шығындар құрылымының және салық
салымы пайыз мөлшерлемесінің өзгерістері парламентте ұзақ уақыт талқылауға
түседі.
Дискрециялық емес қазыналық саясат – жиынтық табыстың циклдық
тербелістерінің нәтижесінде жоғарыда аталған шамалардың дағдылы өзгеруі.
Жалпы ұлттық өнімнің өсуі (төмендеуі) кезеңдерінде мемлекет бюджетіне
түсетін таза салық салымдарының дағдылы түрде өсуін (төмендеуін)
дискрециялық емес саясат қарастырады. 3, 260 б
Бұл саясат экономикадағы тұрақтылыққа әсерін тигізеді. Таза салық
түсімі – бюджетке түсетін жалпы салық мөлшері мен үкімет тарапынан
берілетін трансферттердің арасындағы айырма.
Дискрециялық қазыналық саясат экономикадағы құлдырау кезеңінде жиынтық
ұранысты ынталандыру мақсатында мақсатты түрде мемлекеттік шығындарды өсіре
отырып, немесе салық мөлшерін төмендетіп мемлекеттік бюджетте тапшылық
құрылады. Экономикалық өрлеу кезеңінде сәйкес түрде мақсатты түрде бюджет
артықшылығы құрылады.
Үкіметтің дискрециялық саясаты ішкі уақытша кешеуілдеумен байланысты
болады, өйткені мемлекеттік шығындар құрылымының және салық салымы пайыз
мөлшерлемесінің өзгерістері парламентте ұзақ уақыт талқылауға түседі.
Дискрециялық емес қазыналық саясатта бюджет артықшылығы және
тапшылығы дағдылы түрде пайда болады, ол экономиканың кіріктірме
тұрақтандырғышы арқылы мүмкін болады.
Кіріктірме тұрақтандырғыш – мемлекеттің экономикалық саясатын жиі
өзгертпей-ақ, өнім көлемі мен жұмысбастылық деңгейінің циклдік амплитудасын
төмендетуге мүмкіндік беретін экономикалық тетік. Дамыған мемлекеттерде
мұндай тұарқтандырғыш ретінде үдемелі салық салу, мемлекеттік трансферттер
жүйесі, жұмыссыздықтан сақтандыру және пайданы бөлуге қатысу жүйесі. 3,
194 б
Экономиканың кіріктірме тұрақтандырғышы дискрециялық қазыналық
саясаттың уақытша кешеуілдеу мерзімі ұзақтығының проблемасын салыстырмалы
қарағанда әлсіретеді, өйткені бұл механизмдер заң органдарының қатысуынсыз
жүзеге асады.
Фискалдық саясаттың қысқа және зақ мерзімдегі әсерлерінің біреуін
таңдау күрделі макроэкономикалық проблема. Бұл мәселені шешу дамыған
мемлекеттерде болсын, өтпелі кезеңдегі экономика болсын қиын екені белгілі.
Сондықтан экономиканың кіріктірме тұрақтандырғышы шартты түрде
ресурстардың толық қамтылуын қамтамасыз ететін мемлекеттің фискалдық
дискрециялық шараларымен байланыста жүргізіледі.
Ресурстармен толық қамтылу деңгейі, табиғи жұмыссыздық деңгейі және
әлуетті өнім көлемін анықтаудың қиындығы салдарынан мемлекеттік бюджеттің
құрылымдық тапшылығын есептеу қиынға түседі. Бұл қиындық дамыған
мемлекеттер мен жаңа дамып келе жатқан мемлекеттер үшін бірдей болып
табылады. Сонымен қатар, ұзақ мерзімдік қазыналық саясаттың тиімділігін
бағалайтын құрал ретінде макроэкономикалық индикаторлардың динамикасы негіз
болады.
Мемлекеттік қарыздар бойынша пайыз мөлшерлемесін төлеуге, әлеуметтік
трансферттердің өсуі немесе мемлекеттік шығындарды осы жоғарыда айтылған
қаржылар арқылы қаржыландыруға кедергі болытын жағдайлар пайда болады.
Циклдік бюджет артықшылығының өсуі экономиканың өрлеу кезеңдерінде
болатындықтан, бұл жағдай жиі инфляцияның күщеюіне әкелетіндіктен, онда
қаржылардың бір бөлігін халыққа төлемақы ретінде беруі жиынтық шығындардың
және сұраныс инфляциясының өсуіне әсер етеді. Керісінше бюджет тапшылығын
тыйым салу артық жиынтық сұранысты шектейді және экономикадағы инфляциялық
дүрлігісті ұстап тұрады.
Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру тәсілдері:
1. ақша-несие эмиссиясы;
2. займ шығару;
3. мемлекетке түсетін салық мөлшерін көбейту. 3, 167 б
Мемлекет бюджетіне салық түсімін көбейту мәселесі бюджет тапшылығын
қаржыландыру шеңберінен шығып кетеді, өйткені ұзақ мерзімді кезеңде кешенді
салық реформасы нәтижесінде, пайыз мөлшерлемесін азайтып, салық базасын
кеңейту мүмкін болады.
Мемлекет түсіміне салық түсімін көбейту проблемасы бюджет тапшылығын
қаржыландыру шеңберінен шығып кетеді, өйткені ұзақ мерзімді кезеңде кешенді
салық реформасы нәтижесінде, пайыз мөлшерлемесін азайтып, салық базасын
кеңейту мүмкін болады.
Қысқа мерзімді кезеңде салық мөлшерлемесінің төмендеуі:
1. Экономиканың кіріктірме тұрақтандырғыш деңгейінің төмендеуі
нәтижесінде;
2. Пайыз мөлшерлемесінің жоғарылауынан пайда болатын мемлекеттік емес
сектордың ығыстыпу әсерінің өсуінен (бұл құбылыс ақша ұсынысының
тұрақты жағдайында , ақша нарығындағы ақша сұранысының өсуінің жоғарғы
жағдайға реакциясы);
3. Бюджет тапшылығын өсіру, бір мезгілде салық салудың мөлшерлемесін және
бюджетке салық түсімін төмендету арқылы мүмкін болады.
Тепе-теңдік табыс көлеміне мультипликаторлық әсер салық
мөлшерінің төмендеуіне байланысты болады. Егер салық төлеу мөлшері ∆T
төмендесе, онда қолда бар табыс Yd = Y-T-ға өседі. Тұтыну шығындарына
сәйкес түрде (∆T *b) көлеміне өседі, бұл жағдай жоспарланған шығындарды
оңға қарай жоғары жылжытады және тепе-теңдік өнім көлемін Y1-ден Y2
көлеміне өсіреді.
Ол көлем ∆Y = - ∆T * b 1-b тең.
Мұндағы ∆Y ∆T = -b 1-b салық мультипликаторы деп алады.
Салық мультипликаторының механизмі, мемлекеттік шығындар
ммультипликаторы сияқты, салық көлемінің бір өзгерісіне тұтынудың көп қатар
өзгерісін көрсетеді.
Салық мөлшері ∆T-ға төмендесе:
• Қолда бар табыс ∆T-ға өседі;
• Тұтыну (∆T *b) шамасына өседі;
• Жиынтық шығындар (∆T *b) шамасына өседі;
• Жиынтық табыс (∆T *b) шамасына өседі;
• Тұтыну в (∆T *b) шамасына өседі;
• Жиынтық шығындар (∆T *b2) шамасына өседі;
• Жиынтық табыс (∆T *b2) шамасына өседі;
• Тұтыну b (∆T *b2) шамасына өседі;
Егер де мемлекеттік бюджетке берілетін салық мөлшері табыс
динамикасына тәуелді деп алсақ, онда салық функциясы төмендегідей түрде
жазылады:
Т = t * Y (1)
Егерде мемлекеттік шығындар және автонамды салық төлемдері бірдей
көлемге өзгерсе, онда тепе-теңдік өнім көлемі де өседі. Мұндай жағдайда
юаланстық бюджет мультипликаторы орын алады деп айтылады. Баланстық бюджет
мультипликаторы бірге тең немесе бірден кіші. 4, 460 б
Баланстық бюджет мультипликаторы бюджет тапшылығы мен артықшылығын
мүлдем жоя алмайды. Бұл жерде табыс пен шығынды теңгеру туралыы айтылады.
Демек (∆T = ∆G).
Мемлекеттің шығындарының өсуімен салыстырғанда салық мөлшерінің
азаюынан мультипликаторлық әсер әлсіздеу. Бұл жағдай алгебралық өрнекте
шығын мультипликаторының салық мультипликаторынан жоғары, үлкен екендігі
арқылы көрсетілген.
Бұл құбылыс салықтың өзгерісіміен салыстырғанда мемлекеттік
шығындардың табыстың көлеміне және тұтынуға әсерінің күштілігімен
байланысты болады. Бұл айырмашылық қазыналық саясат құралдарын таңдағанда
анықтаушы болып есептеледі. Егер де қазыналық саясат экономикадағы
мемлекеттік секторды кеңейту мақсатын көздесе, онда циклдық құлдырауды
тоқтату үшін мемлекет шығындарын өсіреді, бұл құбылыс күшті ынталандырушы
әсер береді.
Фискалдық саясатқа мемлекттің бюджет қорын бөлу қызметі де жатады,
яғни бір жағынан салық салу жүйесі арқылы бюджеттің кіріс қорын толтыратын
болса, ал екінші жағынан – оларды экономикада және қоғамда қажеттілік
туындап отырған салаларға немесе аумақтарға жұмсаумен, бөлумен айналысады.
Мемлекет дәр осы қорлардың есебінен ұлттық қауіпсіздікті, халықтың қоғамдық
игіліктері мен қызметтерін тұтынуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ саяси,
әлеуметтік, экологиялық және басқа да көптеген мәселелерді шешеді.
Сонымен қатар бюджет пен ЖІӨ-нің арасында тікелей байланыс болады. Оны
келесі 2-ші суреттен көре аламыз. 2, 156 б

Бюджеттік түсімдер

Бюджет артықшылығы

Балансталған
бюджет

Бюджет тапшылығы

Ақша бірліктері

Сурет 2 - ЖІӨ мен бюджеттің арасындағы байланыс

Ұлттық табыстағы әлеуметтік қажеттілік көлеміне шектеу енгізу
минималды күнкөріс минимумын; минималды тұтыну бюджетін; тұтыну
корзинасының құқы; еңбек ақы, зейнет ақы, жәрдем ақы және степендия
төлеудің минималды мөлшері сиықты тұтынудың әлеуметтік нормативтерін
пайдалануға мұқтаждық етеді.
Инфляция жағдайда халықтың өмір сүруінің қажетті әлеуметтік деңгейін
сақтап тұруы үшін еңбек ақы мен әлеуметтік төлемдерге индексация
жүргізіледі, өтемдік үстемақылар ұсынылады. Мұнымен қатар, халықтың
әлеуметтік қажеттілігі мен оны қанағаттандырудың негізі болып, еңбек ақы
төлеу түрлері мен жүйелері, табыс жәнеәлеуметтік салықтардың ставкасы
арқылы еңбек ақыны салықтық реттеу, тұтынуға бағытталған қордың өсімін
немесе еңбек ақы төлеудің жалпы қорын реттеуі саналады.
Бұл теорияға сәйкес салық мөлшерлемелерінің белгілі бір шекке дейін
өсуі салықтық түсімдердің өсуіне мүмкіндік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары
Бюджет және бюджет құрылысы
Бюджет жүйесінің түсінігі
Бюджет жүйесі туралы
Егемен Қазақстан жағдайындағы мемлекет бюджетiнiң ерекшелiктерi
Мемлекеттік бюджет жүйесі
Қазақстан Республикасының бюджетінің түсімдері мен шығыстарын құқықтық реттеу
Минералды бюджет қамтамасыздандыру деңгейін теңестіру
Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесі және бюджеттік қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері
Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын құқықтық реттеу
Пәндер