Халықаралық қатынастардағы аймақтық қауіпсіздік мәселелеріндегі орта шығыс


Мазмұны

Кіріспе

1ТАРАУ ХХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ОРТА ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ

1. 1 Орташығыстық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Иран, Ауғанстан және Түркияның алатын орны, саяси-экономикалық әлеуеті мен орны. . 2

1. 2 Аймақтық қауіпсіздік және Иран-Ирак соғысының кейбір қырлары . . . 7

2 ТАРАУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІНДЕГІ ОРТА ШЫҒЫС

2. 1 Таяу Шығыстағы «Жаңа қауіпсіздік құрылысы» және Орта Шығыс . . . 26

2. 2 Орта шығыстағы қауіпсіздік мәселесіндегі және саяси-діни қозғалыстар . . . 45

2. 3 Орта Шығыс және «Үлкен Таяу Шығыс» доктринасы . . . 72

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Қосымшалар . . .

Кіріспе

Бітіру жұмысымның өзектілігі. Орта Шығыс мемлекеттерінің оның ішінде Иран, Ауғанстан және Түркияның халықаралық саясатта алатын орны бірінші кезекте бұл мемлекеттердің географиялық орналасуы және оның ұлттық мудделері сияқты ұзақ мерзімді сипаты бар факторлардың ықпалымен қалыптасты. Жаңа технологиялардың және ғаламдану процесінің дамуына, планеталық сипаттағы қауіп-қатердің пайда болуына, жаңа экономикалық құрылымның қалыптасуына, аймақтық деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың тереңдеуі мен сан алуандығына байланысты әлемде болып жатқан өзгерістер - мұның бәрі Орта Шығыс мемлекеттерінің саяси және экономикалық дамуының сыртқы саясатының бағытына түзетулер енгізуге мәжбүр етеді.

Көкейкесті халықаралық мәселелерді шешуге қатысты жедел әрі икемді үн қатуға, осы мәселелерде жаңа көзқарастарды әзірлеуді және іске асыруды талап етеді. Алайда, саясаттың негізге алынатын қағидаттары өзгеріссіз қала береді.

Азия мен Еуропаның қиылысындағы геосаяси орналасуы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қазіргі бар экономикалық әлеуеті Орта Шығыс аймақ мемлекеттері қауіпсіздік, аумақтық тұтастық принциптерімен аймақтағы тұрақтылық пен ізгі көршілік аймағын қалыптастыруға мүдделі.

Екі дүниежүзілік соғыстың және көптеген аймақтық жанжалдардың, Ирандағы Ислам революциясының, Ауғанстандағы ұзақ мерзімге созылып кеткен соғыс, биполярлық жүйенің қирауы мен социалистік жүйенің ыдырауы жаңа әлемдік тәртіп мәселесімен аяқталды. Бұрынғы қалыптасқан таптаурын түсініктердің орнына геоэкономикалық, геосаяси және геостратегиялық жаңа өлшемдердің уақыты келді.

Орта Шығыс әлемдік державалардың стратегиялық мүдделерінің түйісу орнына айналды. Осыған айғақ ретінде АҚШ мүдделері үшін аймақтардың маңызын атап көрсететін, белгілі американдық саясаткер 3. Бжезинскийдің төмендегі сөздері мысал бола алады: «Геосаясат аймақтық пайымдаудан ғаламдық сипат алу үстінде, бұл бүкіл Еуразиялық құрлықтан үстем болу - ғаламдық түрғыдан жетекшілік ету үшін негіз қызметін атқарады. Қазіргі уақытта еуропалық держава болып табылмайтын Құрама Штаттар халықаралық ауқымда жетекшілік етуде, бұл орайда оның билігі Еуразиялық құрлықтың үш перифериялық аймағына тікелей жүреді, осы позиция тұрғысынан ол әлгі аймақтардың ішкі аудандарына орналасқан мемлекеттерге өзінің қуатты ықпалын жүзеге асырады [1] деген пікірінің Орта Шығыыс мемлекеттеріне қатысы бар.

Кез келген мемлекеттің геосаяси жағдайы - саяси күштердің орналасуымен және олардың аумақтық үйлесуімен, сондай-ақ осы факторлардың қоғамның саяси өмірінің кеңістікте ұйымдастырылуының өзара байланысымен белгіленеді. Геосаясаттан дәстүрлі түрде географиялық детерменизм принципін негізге алып, мүмкіндікті айқындауға жағдай жасайтын сыртқы саясаттың құралын көреді. «География мемлекеттердің сырткы саясатындағы анағұрлым іргелі факторы, өйткені ол мейлінше тұрақты, өзгеріссіз сипатымен ерекшеленеді. Министрлер келеді және кетеді, тіпті диктаторлар да қайтыс болады, ал тау тізбектері өзгеріссіз қалады» - деп жазады американдық геосаясаткер Спайкмен [2] .

Осы заманғы түсініктегі геосаясат - негізінен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысында халықаралық қатынастардағы және сыртқы саясаттағы қисынға байланысты.

Осы мәселеде профессор Чжень Кунь Фудың геосаясатты айқындауы қызығушылық туғызады, ол былай деп жазады: «Геосаяси тұрғыдан ойлау - өркениеттің гүлденуімен бірге туындады және географиялық аумақ пен жұтаң ресурстарға бақылау жасау жолында ғаламдық жарыс тұрғысында дамып отырды» [3] . Оның анықтамасы геосаясатты батыс және қытай өркениеттері қоғамдарымен салғастыруымен қызық. Оның сондай-ақ «геосаясатты айқындау, оның әдістемесі мен мақсаттары бір елмен екінші елді қатар алып қарағанда айырмашылығымен айрықша көзге түседі . . .

Геосаясатқа қазіргі уақытта Халықаралық Валюта Қоры, Дүниежүзілік Банк және БҰҰ сияқты көпұлтты әрі мемлекеттен жоғары тұрған көптеген заңды тұлғалар тартылған» - деген қорытындысымен еріксіз келісесіз.

Бұл заңдылық Орта Шығыс мемлекеттеріне де тікелей қатысы бар.

Саяси салада халықаралық проблемаларды ғаламдандыру үрдісі байқалады. «Қырғикабақ соғыстың» аяқталуы және екі ядролық державаның, сондай-ақ екі қоғамдық-саяси жүйенің текетіресінің келмеске кетуі - принципінде ядролық қаруды таратпау проблемасын шешкен жоқ.

Онға жуық жаңа елдер ядролық қаруды иемдену табалдырығында тұр. Экономикалық қауіпсіздік проблемасы ғаламдық сипат алды.

Коммуникацияның дамуы қарудың, есірткінің және қаржының заңсыз айналымының ауқымын ұлғайтуға ықпал етті. Ұлттық шекаралар символикалық функциялар атқаратын жаңа ақпараттық кеңістік қалыптасты.

Адамзат осы ғаламдық проблемаларды шешудің барабар нысаны мен әдістерін әзірге таба алмай отыр.

Жалпыға бірдей тұрақтылық пен қауіпсіздікке қатер төндіретін аймақтық жанжалдар адамзаттың бас ауруына айналды. Кейбір саясаткерлердің пікірі бойынша барлық құрлықтарда дерлік көрініс берген аймақтық соғыстарды жиынтық түрінде үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуы деп қарауға болады. Бұл орайда қазіргі жанжалдардың түптамырында көп жағдайда қандай да бір идеологиялық белгілер жоқ, олардың қозғаушы күші негізінен этникалық, діни және басқа да қарама-қайшылықтар болып табылады.

Осының барлығы біз таңдап алған бітіру жұмысының өзектілігін айқындайды.

Орта Шығыс мемлекеттері мен айақтағы қауіпсіздік мәселесін зерттеу бітіру жұмыстың зерттеу нысаны болып табылады.

Зерттеудің пәні - Иран, Ауғанстан және Түркия елдерінің ықпалын, күрделі механизмінің әрекеттестігін, олардың сыртқы саясат пішінін, жүзеге асыру тәсілдерінің бағытын зерттеу.

Бітіру жұмысының мақсаты Орта Шығыстағы қауіпсіздік және Иран, Ауғанстан және Түркия мемлекеттерінің әлемдік геосаяси, геоэкономикалық кеңістіктегі алатын рөлі мен орнын анықтау.

Осы мақсаттарға жету үшін автор төмендегі міндеттерді қояды:

Орта Шығыс мемлекеттерінің халықаралық қатнастардағы орнын анықтау

  • Орта Шығыстағы қауіпсіздік мәселесі және аймақтық қақтығыстарды сараптау
  • Халықаралық қатнастардағы Ауғанстан мен Туркия орнын белгілеу
  • Таяу Шығыстағы «Жаңа қауіпсіздік сәулеті» және Орта Шығыс мәселесі
  • Орта Шығыстағы жаңа саяси күштердің пайда болуы және «Үлкен Таяу Шығыс» доктринасы сараптау

Бітіру жұмыстың ғылыми зерттелу деңгейі.

Ізденуші тақырыпты зерттеу кезінде Орта Шығыс мемлекеттерінің сыртқы саясатының алғы шарттарына және аймақтық қауіпсіздік мәселесіне байланысты өз еңбектерін арнаған көптеген көрнекті ғалымдардың ой-желістері мен қорытындыларын, сонымен бірге, көлемді мәліметтер жиынтығын пайдаланды. Нәтижесінде, ізденуші жинақталған қайнар көздерді шетелдік (батыс, араб, иран), КСРО, Ресей, ТМД және отандық деп бөліп қарастырды.

Мысалы аймақтың /Иранның/ мұнайды өндіру, тасымалдау және өткізу мәселелерін зерттеуге арнаған батыс авторларының көптеген еңбектерінің ішінен А. Рардың [4], К. Тьюгендхэ [5] және А. Гамильтонның [6] , О. Коннордың [7] , Шевалье Жан-Маридың [8], Д. Ергиннің [9], Меркс Фредтың 10], Кинтеро. Родольфоның [11] еңбектерін ерекше атап өткен жөн. Осы авторлар өз назарларын әлемдік саясатта мұнайдың алатын орнына шоғырландырды. Бұл авторлар өз жұмыстарын мұнай өндіретін елдер мен мұнай компанияларының әлемдік экономиканың дамуына әсер ету факторларын, сонымен қатар халықаралық саясатпен әлемдік мұнай индустриясы арасындағы күрделі қарым-қатынасты ашуға арнаған.

Ал Иран ғалымдарының зерттеуіндегі басты бағыттар болып 1980 жылдардағы аймақтағы күрделі мәселелерге, өз еңбектерін арнаған

Бітіру жұмысты жетілдіруге Кеңес Одағы тұсындағы зерттеушілердің еңбектері маңызды үлес қосты. Атап айтқанда: Э. Г. Араслы, Р. Н. Андреасян, А. Д. Казюков, Р. Н. Андреасян В. С. Баскин, И. П. Беляев, В. В. Бирюлин, Г. Л. Бондаревский, Л. В. Валькова, А. Г. Георгиев, В. Ю. Кукушкин, С. М. Лисичкин, Е. С. Мелкумян, Т. А. Ниязматов, еңбектерінің орны ерекше.

Е. М. Примаковтың еңбектері негізінен Парсы шығанағында орналасқан араб мемлекеттерінің ішкі және сыртқы саясаттарының даму бағыттарына талдау жасалған, сонымен қатар еңбектерде, ХХ ғасырдың орта кезеңіндегі АҚШ-тың саясаты, бірқатар батыс еуропа мемлекеттері және Жапонияның Таяу және Орта Шығыстағы Израиль мен Араб Шығысы мемлекеттерінің қарым-қатынасы, араб елдерінің бұрынғы Кеңес Одағымен ынтымақтастығы жайлы қарастырылады.

Орта Шығыыс аймағындағы 1970 жылдардағы геосаяси мәселе төңірегінде батыс мемлекеттерінің ұстанған сыртқы саясаттары К. Н. Брутенц[12], К. Қ. Қожахметов[13], Т. Саттаров[14], И. А. Сейфульмулюков[15], еңбектерінде қарастырылған.

Кеңес Одағы ыдыраған соң бұл мәселе жөнінде Ресей және ТМД елдерінің көптеген ғалымдарының сүбелі еңбектерінің ірі толқыны бой көрсетті: А. А. Александров, А. Асвадуров, А. З. Егорин, Л. И. Медведко, В. А. Гусейнов, Д. Б. Малышова, М. М. Слинкин, Р. В. Турсунов, У. З. Шарипов, В. В. Озоменко, А. Яковенко, еңбектері кеңінен пайдаланылды.

Отандық тарихнамада Орта және Таяу Шығыс мәселесі қалыптасу үрдісі үстінде. Халықаралық қатынастардағы Ортам Шығыс мемлекеттерінің алатыын орныы мен рөлін және Қазақстанмен Иран, Қазақстан Түркия мен Ауғанстандағы дағдарысықа байланысты сараптауға байланысты Қазақстанның дипломаттарымен, қоғам қайраткерлерінің және ғалымдардың еңбектерін бөліп алып қарауға болады. С. Акимбеков[16] С. Султанов Б. K. Сыроежкин, M. Лаумулин М. т. б.

Қазақстанның қауіпсіздік мәселесіне байланысты Н. Ә. Назарбаевтың еңбектері ерекше орын алды. Ел басы өз еңбектерінде ҚР-ның сыртқы саяси стратегиясындағы аймақтық қауіпсіздік мәселелеріне баса көңіл бөледі.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының дипломаттарының қатарында халықаралық қатынастарға байланысты, жаһандану дәуіріндегі сыртқы саясаттағы мұнай факторының рөлі Қ. К. Тоқаевтың[17], Б. Амреевтың[18], Е. А. Ыдрысовтың[19] еңбектерін атап өтуге болады.

Автор бітіру жұмысты дайындау барысында қазақстан ғалымдарының еңбектерін негізге алып қолданды: С. М. Ақымбеков[20] , Н. А. Алдабек[21] М. Т. Лаумулин[22] , М. Ш. Губайдуллина[23] . Аталған авторлар өз еңбектерінде Орталық Азияда орналасқан елдермен Орта Шығыс елдер арасындағы Каспий мәселесі бойынша тасымалдау және өндіру саласындағы қарама-қайшылықтарды қарастырған.

Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі және оның құбыр арналарының жүйесін құрумен байланысты мәселелерді өз еңбектеріңде М. С. Ашимбаев[24] және Л. Г. Ерекешова[25], Л. М. Мұзапарова[26], А. Қ. Нұрша[27], Г. А. Қорғанбаева[28], А. Әбішев [29] баяндады.

Зерттеудің деректік негізі бітіру жұмысын жазу барысында алға қойылған мақсат пен міндеттерге жету үшін деректердің кең түрі қолданылды. Олар маңыздылық деңгейі бойынша төмендегідей сараланады.

Зерттеу деректерінің бірінші тобын Орта Шығыс мемлекеттерінің аймақтық қауіпсіздікке байланысты жасаған екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі және биполярлық жүйе ыдырағаннан кейінгі аймақтың дамуы туралы келісім-шарттары құрайды . Бұл келісім-шарттарының мәні мен мазмұнын талдаудың барысы, олардың жақсы жақтарын бөлуге негіз береді. Сонымен қатар жиналған барлық тәжірибені Орталық Азиядағы қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруда пайдалануға болады.

Деректердің екінші тобын Иран және Түркия елдерінің сыртқы және ішкі саясаты жөніндегі мемлекеттік бағдарламалары және заң актілері құрайды [65] . Деректердің бұл тобы Орта Шығыс аймағындағы қауіпсіздікке қатысты құқықтық және концептуалдық негізін айқындауға мүмкіндік береді. Аумақты нақты тарихи процестердің өнімі болған, олар күреске тартылған мемлекеттердің саясаттарын айқындайды.

Деректердің үшінші тобы халықаралық ұйымдардың және ұлттық өкілдердің, жетекші мемлекет қайраткерлерінің сұхбаттары, сөздері және еңбектері. Деректердің бұл аталған тобы аймақ саясатына қатысты қазіргі кездегі өзекті мәселелер, басым бағыттар жөнінде пайымдаулар жасауға мүмкіндік береді.

Осы кең деректердің аясының ішінен мынадай мемлекет қайраткерлерінің - Хаттами, Хамит Карзай, С. Демирел, Т. Озал сөздері мен сұхбаттарын ерекше атауға болады. Аталған сұхбаттарда аймаққа қатысты болған саяси жағдайларға баға беріледі, геосаяси жағдай қозғалады, зерттеліп отырған маңызды тарихи оқиғалар бойынша көзқарастар келтіріледі. Қауіпсіздік факторына байланысты негізгі ұстанған бағыттар РФ -ның сыртқы істер министрлігі, үкімет мүшелерінің сұхбаттарында, еңбектерінде қарастырылады - В. И. Калюжный, Ю. Н. Мерзляков, М. Саффари, С. Л. Князев.

Деректердің соңғы бесінші тобын мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған тақырыпқа байланысты құжаттар, мәліметтер, материалдар құрайды. Бұған республикалық, шетелдік газеттер мен журналдардың әр түрлі жинақтары жатады. Деректердің осы тобы зор фактілі материалдарға бай, олар әлемдегі және аймақтағы саяси және экономикалық заңдылықты ашуға, мұнай айналасындағы күрестің динамикасын және эволюциясын бақылауға септігін тигізді.

Сонымен, жұмыста қарастырылған деректердің барлық топтары зерттеудің затын жан-жақты зерттеуге, алға қойылған мақсат пен міндеттерді ашуға, сонымен бірге қорытынды тұжырымдардың ғылыми және объективті шынайлығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың іргелі теориялық пікірлері қолданыс тапты.

Ал енді тікелей зерттеліп отырған тақырыптың теориялық негізін қалыптастыруда Ресейдің Кеңес өкіметі ғалымдары және шетел ғалымдарының еңбектері қолданылғандықтан оларды атап өткен жөн. Оның ішінде энергетикалық дипломатия саласында - Д. Ергин; геосаясат бойынша, К. С. Гаджиев; О. Г. Герасимов, Е. С. Мелкумян, Т. А. Ниязматов, С. М. Алиев, С. А. Лосев, Ю. К. Тыссовский, А. және тағы басқалары. Аталған ғалымдардың еңбектерінен негізінен Ресей мен басқа шетел мемлекеттерінде Орта және Таяу Шығыс мемлекеттері туралы пікірлері пайдаланылды.

Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды диалектикалық - материалистік тұрғыдан қарауда және қорытындылар жасауда тарихи қағидалар мен объективті көзқарастар пайдаланылды. Сондай-ақ, жиналған деректерге талдау жасай отырып, тарихи салыстырмалық, тарихи-жүйелеу, хронологиялық, статистикалық әдістері қолданыс тапты.

Сонымен қатар бітіру жұмысында өзге ғылым салалары ғалымдарының зерттеу жүргізіп отырған мәселе бойынша көзқарастары да орын алды.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Бітіру жұмысы құрылымы оның талқылану деңгейімен, логикалық зерттеу және міндеттерімен, жұмыстың сипатымен қамтамасыз етілген. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиет көздерінің тізімінен және қосымшалардан тұрады. Бітіру жұмысының көлемі . . . б.

1ТАРАУ ХХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ОРТА ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ

1. 1 Орташығыстық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Иран, Ауғанстан және Түркияның алатын орны, саяси-экономикалық әлеуеті мен орны

XX ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы қалыптасқан жаңа геосаяси конфигурацияда Иран Ислам Республикасының алатын орны ерекше. Иран өзінің тарихи дамуында бірнеше күрделі кезеңдерді бастан кешеді. Аталмыш диплом жұмысымның өзектілігі жаңа геосаясатпен және Иран Ислам Республикасының (ИИР) қалыптасқан жағдайдағы сыртқы саясатының трансформациялануымен ерекшеленеді.

Иран - Оңтүстік Батыс Азиядағы аса ірі елдердің бірі. Ауданы бойынша (1648 мың шаршы шақырым), онымен шекаралас Түркия (солт батыс), Ауғаныстан мен Пәкістан (шығысында), Ирак (батысында) елдерінен анағұрлым басым болып келеді. Егер Иранды Еуропа елдерімен салыстырсақ, онда оның аумағы Англия, Швецария, Италия, Флоренция, Испания территорияларын бірге алғандағымен тең болады. Солтүстігінде Иранды Каспий теңізі жуып өтеді, ал оңтүтігінде Парсы және Оман шығанағы жатыр. Азияда бұл көрсеткіш Қытай және Индонезия аумағымен тең. Шекара ұзындығы, шамамен 8 шаршы шақырымға тең. Иран - арийлер елі деген мағынаны беретін «Ариана» сөзінен шыққан ел атауы. Бұл атау Сасанидтер мемлекетінің (б. з. д І І І - ҮІІ ғғ. ) негізгі бөлігінің аты болған. Ирандықтар өз елін барлық уақытта Иран деп атаған, ал батыс елдері және АҚШ оны бұрындары Персия деп атаған. Себебі онда негізгі халық парсылар болып, сәйкесінше көпшілік парсы тілінде сөйлеген. Сонымен қатар мұның себебі, елдің орталық аумағы Фарс немесе Парсы деп аталған. 1935 жылы Иран үкіметі елдің бұрынғы ұлылығын көрсету үшін әлем мемлекеттеріне елді ресми түрде Иран деп атауларына өтініш білдірді. Елдің қазіргі астанасы - Тегеран. Иран көпұлттылығымен ерекшеленеді. 34 млн халықтың негізгі ядросы - парсылар халықтың небәрі 50 %-н ғана құрайды, одан кейінгі орында әзірбайжандар, күрдтер тұрады. 1905- 1906 жылдары қабылданған конституция бойынша мемлекет басында шах отыратын және ол қарулы күштердің бас қолбасшысы болатын конституциялық монархия болған еді. Шахтың сол конституцияға бірнеше рет өзгеріс енгізуінің арқасында шахқа жекебас тәртібін орнатуға мүмкіндік беретін айрықша құзіретке ие болды. Кейіннен бұл жағдай әлеуметтік саяси дағдарысқа соқтырған көпшілік наразылығын тудыруға себеп болды. 1975 жылы шах енгізген бір партиялық жүйе ауқымды наразылықтар туғызып, 1978 жылы өз күшін жойды. Осының бәрі жиналып, шахтың биліктен кетуіне себеп болды, яғни халық көтерілісінің нәтижесінде шах тәртібі жойылды. Осылайша Иран капиталистік даму жолын таңдаған дамушы елге айналды. Мұнай экспортынан алынатын ірі табыстарды пайдаланып, елдің басқару орталығы жасаған әлеуметтік­экономикалық реформаларға сүйене отырып, Иран соңғы жылдары шаруашылық дамуында үлкен секіріс жасады, енді оны артта қалған аграрлық ел болды деп атауға ауыз бармайды. 1972 жылы аяқталған аграрлық реформадан кейін жер иеленушілердің ұстанымдары жойылып, 15 млн. шаруалар жер иеленді (оның бағасы 15 жыл ішінде төленуі қажет), бірақ негізгі жер иеленушілер ауылдағы үкімет таянышы болған шаруалар еді. Осы реформаға дейін ірі жер иеленуші болғандар, елден құн сатып алу арқылы ірі өнеркәсіп акцияшыларына айналды. Иран қазіргі таңда аграрлық - индустриялық ел болып саналады. Мұнай сатудан (1976 жылдан 20 млд. доллар) түсетін қаржыдан Иран өзінің өндіріс саласын жедел қарқынмен дамытып келеді, оның жаңа салаларын құрды (мұнайхимиялық, машина құрылысы, соның ішінде автомобилдік, авиацалық, әскери), металлургия саласын кеңітіп жатыр. Иран алдыңғы қатарлы капиталистік елдердің ірі монополияларымен тығыз байланысты. Осы елдермен бірлесе отырып құрған өнеркәсіптердің тауарларын Иран тек өз ішінде ғана емес, сонымен қатар белгілі дәрежеде Таяу Шығыс, Оңтүстік- Шығыс Азия және Аумағындағы тауар айналымға қосу көзделіп отыр. Алғашқы кезде сырттан ағылып келген қаржыны игере алмай, шетке шығара бастады. Ол дамыған және дамушы елдердің арасында қаржылық көмек көрсететін ірі елге айналды. 1970 жылдары Иран Англия (1. 2 млд. долл) , Үндістан (1 млд. ), Египет (1 млд. ) , Пәкістан, сондай ақ Зайр және т. б. елдерге қарызын санкциялады. Иранның басқа елдерге берген қарызының жалпы саны − 10 млд. долларды құрап, Иран Халықаралық Валюта Фондының қарыз берушісіне айналды. 1978- 1979 жылдардағы әлеуметтік саяси дағдарыс ел экономикасын әлсіретті. Мұнайшы - жұмыскелердің шеруі мұнай табысын тоқтатып тастады . Ел экономиканың жалғыз қайнар көзі ретіндегі мұнай өндірілудің тоқтатылуы орны толмас зиян әкелді. Көптеген ірі факторлардың әсері себеп болған қазіргі күрделі халықаралық жағдайда Ресей ИИР-ң стратегиялық мақсаттарын Ресей өте жақсы түсінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның Шығыс Еуропамен қарым-қатынасы
Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасының дамуы
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси доктринасыныңкөпвекторлылығының тұжырымдамалық негізін айқындау
XXI ғасыр басындағы Қазақстан-АҚШ өзара ынтымақтастығына энергетикалық әлеуеттің ықпалы және мәні
ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ Еуропа одағының қалыптасуы мен дамуы
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі БҰҰ болашағы
Ресей-Қытай қатынастарының стратегиялық серіктес ретіндегі деңгейі
Қазақстан мен халықаралық ұйымдар қарым-қатынасы
Орталық Азия ынтымақтастық ұйымы
Екіжақты және аймақтық деңгейдегі ынтымақтастыққа негізделген АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Жапонияның ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz