Қазақстан моңғол дәуірінде



1 ҚАЗАҚСТАН МОҢҒОЛ ДӘУІРІНДЕ
2. Экономикасы мен мәдениеті
Қолданылған әдебиеттер
XIII ғ. бас көзінде Моңғол империясының құрылуы Орталық және Орта Азия, Қазақстан мен Шығыс Еуропа халықтары мен мемлекеттерінің тарихи тағдырына орасан зор ықпал жасады. Моңғол жаулаушылығы евразия аймағын мекен еткен халықтар мен тайпалардың қалыптасқан қарым-қатынасы мен өзара байланысын бұзды және олардың этникалық-саяси, шаруашылық мәдени дамуының жүрісін өзгертіп жіберді.
XII ғ. орта шенінде Моңғол тайпалары Моңғол Алтайы мен Ертістің жоғарғы жағынан наймандар мен қыпшақтарды ығыстырып, түріктерді топтарға сіңісіп, түріктерден материалдық мәдениеттін көптеген элементтерін, шаруашылық пен тұрмыстың түрлерін, көшпеліліктің әдет ғұрпын, мал тұқымдарын ала отырып, Орхон мен Керулең бойларынан батысқа карай жылжиды. Сол уақыттан бастап, түріктер мен Моңғолдардың, кейінгі уақытқа дейін сақталған, қоныстарынын шекарасы анықталып қалыптасады. Моңғолдар жайлаған территория солтүстікте Байкалдан, Ертіс пен Енисейдің жоғарғы бойынан оңтүстікте Гоби шөліне дейін кең кесітіп жатады.
1218-1219 жж. Моңғолдар көрші елдердің көптеген халықтарын бағындырады. Енисей қырғыздары мен буряттардың жерлері тартып алынады, таңғұттар мемлекеті құлатылады, Ұйғырдың Түрфан бектігі моңғол бодандығын өз еркімен қабылдайды. Цинь империясының әскерін талқандағаннан кейін, Моңғолдар Солтүстік Қытайды басып алады. Шыңғыс ханның келесі міндеті батыс елдерін - Орта Азия мен Иранды, Таяу Шығыс пен Кавказдың ар жағын, Шығыс Еуропаны жаулап алу болады. Ертістең, Арал теңізі мен Амудариядан әрі, батыс жақтағы әлі алынбаған жерлерді Шыңғысхан өзінің үлкен ұлы Жошы мен оның ұрпақтарына ұлыс өтіп береді.
Моңғолдар Жетісуды ешбір қарсылықсыз басып алады. Тіпті 1210-1211 жж. қарлық облысының иесі Арыстан хан Шыңғыс ханның қоластына көшеді. 1217 ж. Алмалық облысының билеушісі Бұзар моңғол ханының вассалына айналады. Келесі жылы Баласағұн қаласы моңғол қолбасшысы Жебеге соғыссыз беріледі. Наймандар басшысы Күшліктің сегіз жылдық билеуінең кейін, оның хорезмшах Мұхамметпен және қарлық билеушілерімен жүргізгең соғыстарынан кейін, Жетісу халқы ақырында қатты жұтап, қайыршының күйіне түекен еді. Күшліктің мұсылмандарды құдалауы, оның ішінде көпшіліктің бас қосып намаз оқуына тыйым салғаны жұрттың зығырданын қайнатады, сол себепті де діңге төзімділік жасаған моңғолдарды халық өздерін құтқарушылар есебінде қарсы алады. Жетісу халқын өз жағына тарту үшін Шыңғысхан бұл өлкеде талаушылық пен қырғынға тыйым салады. Ал, Күшлік бұлардан Орта Азияға қашады, бірақ кейінірек моңғолдар оны Бадахшанда қуып жетіп, көзін құртады.
1. Петрушеский И.II. Поход монгольских войск и Среднию Азита и 1219- 1224 гг, и его последетвия. В книги: Татаро-монголы в Азии и Европе. М.1977. с. 122.
2.«Маңғолдардың құпия шежіресі». 262-параграф. Ісләм Қабышұлы «Керейлер керуені», 79-бет.
3.«Қазақ деген сөз қайдан шыққан», «Жұлдыз» журналы, 1984-жылы, наурыз.
«Қазақ ССР тарихы», І-том, 156-бет, Алматы, 1957. Н. Я. Марр, Шығармалары, 286-бет. 1915.
4. Сборник материалов. относящиеся к истормм Золотой Орды. т. І. М. Л., 1941. с. 14.
5. Греков Б. Д. Якубовский Л. Ю. Золотая Ақ Орда ее падение. М.-Л. 1950: Сафаргалиев М. II. Распад Зрлотой Орды.
6. Рашид ад-Дин. Сборник летописей. г. П. с. 164.
7. История Казахсой ССР. т. 11. С. 144-146.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН МОҢҒОЛ ДӘУІРІНДЕ
XIII ғ. бас көзінде Моңғол империясының құрылуы Орталық және Орта
Азия, Қазақстан мен Шығыс Еуропа халықтары мен мемлекеттерінің тарихи
тағдырына орасан зор ықпал жасады. Моңғол жаулаушылығы евразия аймағын
мекен еткен халықтар мен тайпалардың қалыптасқан қарым-қатынасы мен өзара
байланысын бұзды және олардың этникалық-саяси, шаруашылық мәдени дамуының
жүрісін өзгертіп жіберді.
XII ғ. орта шенінде Моңғол тайпалары Моңғол Алтайы мен Ертістің
жоғарғы жағынан наймандар мен қыпшақтарды ығыстырып, түріктерді топтарға
сіңісіп, түріктерден материалдық мәдениеттін көптеген элементтерін,
шаруашылық пен тұрмыстың түрлерін, көшпеліліктің әдет ғұрпын, мал
тұқымдарын ала отырып, Орхон мен Керулең бойларынан батысқа карай жылжиды.
Сол уақыттан бастап, түріктер мен Моңғолдардың, кейінгі уақытқа дейін
сақталған, қоныстарынын шекарасы анықталып қалыптасады. Моңғолдар жайлаған
территория солтүстікте Байкалдан, Ертіс пен Енисейдің жоғарғы бойынан
оңтүстікте Гоби шөліне дейін кең кесітіп жатады.
1218-1219 жж. Моңғолдар көрші елдердің көптеген халықтарын
бағындырады. Енисей қырғыздары мен буряттардың жерлері тартып алынады,
таңғұттар мемлекеті құлатылады, Ұйғырдың Түрфан бектігі моңғол бодандығын
өз еркімен қабылдайды. Цинь империясының әскерін талқандағаннан кейін,
Моңғолдар Солтүстік Қытайды басып алады. Шыңғыс ханның келесі міндеті батыс
елдерін - Орта Азия мен Иранды, Таяу Шығыс пен Кавказдың ар жағын, Шығыс
Еуропаны жаулап алу болады. Ертістең, Арал теңізі мен Амудариядан әрі,
батыс жақтағы әлі алынбаған жерлерді Шыңғысхан өзінің үлкен ұлы Жошы мен
оның ұрпақтарына ұлыс өтіп береді.
Моңғолдар Жетісуды ешбір қарсылықсыз басып алады. Тіпті 1210-1211 жж.
қарлық облысының иесі Арыстан хан Шыңғыс ханның қоластына көшеді. 1217 ж.
Алмалық облысының билеушісі Бұзар моңғол ханының вассалына айналады. Келесі
жылы Баласағұн қаласы моңғол қолбасшысы Жебеге соғыссыз беріледі. Наймандар
басшысы Күшліктің сегіз жылдық билеуінең кейін, оның хорезмшах Мұхамметпен
және қарлық билеушілерімен жүргізгең соғыстарынан кейін, Жетісу халқы
ақырында қатты жұтап, қайыршының күйіне түекен еді. Күшліктің мұсылмандарды
құдалауы, оның ішінде көпшіліктің бас қосып намаз оқуына тыйым салғаны
жұрттың зығырданын қайнатады, сол себепті де діңге төзімділік жасаған
моңғолдарды халық өздерін құтқарушылар есебінде қарсы алады. Жетісу халқын
өз жағына тарту үшін Шыңғысхан бұл өлкеде талаушылық пен қырғынға тыйым
салады. Ал, Күшлік бұлардан Орта Азияға қашады, бірақ кейінірек моңғолдар
оны Бадахшанда қуып жетіп, көзін құртады.
Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан
арқылы Орта Азияға жол ашты. Мәуреннахрдағы хал жағдайды анықтау үшін,
Шыңғысхан әуелі хорезмшах Мұхамметке өзінің Солтүстік Қытайдағы жеңістері
және түріктер елін бағындырғаны жөнінде және онымен бітім шартын жасасуды
ұсынып, хат жібереді. Бұл болашақ әскери жорықтын, елшілік жолымен жасалған
әзірлігі еді. Шыңғысхан жіберген сауда керуенінің 1218 ж. Отырарда құртылып
жіберілуі олардың хорезмшах иелігіндегі жерге басып кіруіне желеу болады.
Көпестер Хорезмшахтың Отырардағы әулиі, олар түгелдей тыңшылар деп
күдіктенгең Қайырхан Иналшықтын, бұйрығы бойынша өлтірілді. Шыңғысхан
әскерінің жорығы 1219 ж. қыркүйекте басталады. Моңғол әскері Ертіс
жағасынан шығыта, Жетісу арқылы жүреді. Олардың саны 150 мың адам еді, оның
111 мыңы Моңғол болатын, армияның қалған бөлегі - Шыңғысханның вассалдары -
қарлықтар мен ұйғырлартұғын.
Моңғол армиясының 1219 ж. Мәуреннахрға жүретін жолы Қазақстаның халқы
тығыз тұратын және шаруашылық жағынан ақсы игерілгең аудандары - Жетісу
үстімен Орта және Төменгі Сырдарияның қалалы аудандарына қарай өтетін.
Моңғол әскері батысқа қарай жеделдөтіп келе жатып, жолай тұңғыш рет
Оңтүстік Қазақстан жеріне тап болады және жергілікті халық оларға қатты
тоитарыс береді, ал басқыншылар болса, жұртты жаппай қыру және зорлық-
зомбылық жасау әдістерін қолданып, тұтас облыстарды Құлазытып, қалаларды
қиратады. Араб және парсы деректерінде моңғолдар бүкіл халқын жусатып
кеткен, әртүрлі елдердегі отызға тарта қаланың аты келтірілді. Олардың
ішінде Қазақстанның үш қаласы: Отырар, Сығанақ, Ашанас бар.
Отырардың билеушісі Қайырхан 80 мың әскермен қаланы бес ай бойы
қорғайды. Тек қала гарнизоныңдағы әскербасыларының бірі Қараджа-хаджиб
опасыздықпен Суфихан қақпасын ашып, Моңғолдарға берілгеңнең кейін ғана,
татар аламандары қалаға кіреді. Қайырхан ішкі қамалда бекініп алып, тағы да
бір ай бойы, соңғы жауынгері қалғанша соғысады. Ол тұтқынға алынып, азаппен
өлтіріледі, ал күллі халық отар-отар қой секілді етіліп, қаладан қуып
шығарылады да, моңғолдар мал мен мүліктің бәрін талап кетеді.
Моңғолдарға берілгісі келмеген Сығанақ тұрғындары да өз қаласын жеті
күн бойы қорғайды. Қаланы алғаннан кейін мұның да халқынын, көзі жойылады.
Ашнас тұрғындары да тап осындай зауалға кезікті. Жеңт, Баршынлыткеңт,
Өзгеңт тоналады. Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан жері арқылы сапар
шеккең Плано Карпини осынау жердең яғни Сырдарияның төменгі жағынан
қиратылған сансыз қалаларды, бұзылған бекіністерді, көптеген қаңырап
қалған қыстақтарды көреді. Қалалармен қатар суару жүйелері бұзылып,
егістіктер тапталады және сол маңайдағы егіншілік аймақтары құртылады.
Сырдария бойындағы егінді-мекендердің көптеген халқы қырылады, екіншілері
тұтқынға алынады, үшіншілері басы ауған жаққа бытырап қашады. Тұтас бір
аудандар - оның ішінде көшпелілері де бар - құлазып бос қалады.
1221 жылдың көктемінде моңғолдар Орта Азияны жаулап алуды аяқтайды.
Соғыс әрекеті еңді Иранның, Ауғанстан мен Солтүстік Үндістанның
территориясына көшеді. Моңғол қолбасшылары Жебе мен Сүбедейдің корпусы
Қалқа өзеңінің бойында аландар мен қыпшақтарды, орыстарды талқандап, орыс
жерінің оңтүстік аймағын жұтатқан соң, Қазақстан жерін көктей өтіп, 1224 ж.
Ертістегі Шыңғысхан Ордасына қайтып келеді. Сөйтіп 1219-1224 жж. моңғол
басқыншылығы салдарынан Қазақстан Шыңғысхан империясының құрамына еңеді.
Қазақстан көшпелі тайпалары моңғол ұлыстарының құрамына қарсылықсыз өте
салған жоқ. Туши (Жоши) мен Шағатай, - деп хабарлайды Джузджани Насыр
дәрежелерінде, - Хорезмнің шаруасын бітіргеңнең кейін, Қыпшақ пен
Түркістанға аттанды, қыпшақтардын, әскерлері мен тайпаларды бірінең соң
бірін мойынсұндырып тұтқындады, сөйтіп сол тайпаларын қоластына қаратты
Жергілікті көшпелілердің текті байлары (қыпшақ пен оғыздың) моңғолдар
қызметіне кірісті, қатардағы көшпелілер жүздік, мындық, түмендік (он
мындық) әскер қатарын толтырып, Шыңғыс әулетінің қарауына берілді. 1237 ж.
Шығыс Европаны бұғалықтауға аттанған, Бату бастаған Моңғол армиясының
едәуір бөлігін кыпшақтар мен басқа да түрік тайпалары құрады.
Казақстан жері үш моңғол ұлысының құрамына еңді: Оның деңі (далалық
жағы) - Жошы ұлысына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан - Шағатай
ұлысына, Солтүстік-Шығыс бөлегі - Үгедей ұлысына еңді. Жошының еңшілігі
Ертістің батысынан Жетісудің теріскейін қамтып, Дешті-Қыпшақтың бүкіл
шығысын Төменгі Еділ бойына дейін алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда
айтылған жерлер үстіне Шығыс Түркістан мен Мауреңнахрды қосып алды, Үгедей
- Батыс Моңғолия мен Жоғарғы Ертіс, Тарбағатай аудандарын биледі. Шыңғыс
әулеті өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж.
Шыңғысхан дүние салғаннан кейін, бұл ұмтылыс күшейе түседі де, империя
бірнеше тәуелсіз мемлекетке бөлініп кетеді.
Сол жылы қайтыс болған Жошының орнын оның ұлы Бату-Батый басады. Ол
Дешті-Қыпшақ пен Еділ бұлғарларының жеріне, одан әрі Батыс елдеріне жаулау
жорығын жасайды. Орыстық аса ірі кьняздіктері талқандалып, Польша, Веңгрия,
Чехияны және басқа елдерді талап, құлазытады. Жеті жылдық жорық нәтижесінде
(1236—1242 жж.) Батыйдың қоластына Еділдің батысынан Дунайдың Төменгі
жағына дейінгі жерлер қарайды, әрине оның ішінде Қырым, Солтүстік Кавказ
бең Батыс қыпшақ (половцылар) даласы да кіреді. Еділдің төменгі бойына
қайта оралған Бату бұл арада жаңа мемлекеттің негізін салады, ол кейінірек
Алтын Орда деп аталады. Оған Жошы ұлысының территориясы - Шығыс Дешті-
Қыпшақ яғни Қазақстанның Омбы пен Ертістін, жоғарғы жағынан Еділ мен
Амударияның төменгі бойларына дейінгі жері, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір
бөлігі, сол сияқты жаңадан жаулап алған жерлер кіреді. Орыстын, Батый
аламандары күйреткен кьняздіктері Алтын Орданың, тәуелді вассалына
айналады. Орыс кьняздары Алтын Ордаға кіріптар екенің мойындайды, оның
хандарының қолынан кьняздік құруға жарлық алады, алым-салық төлейді,
бірақ толық болмаса да дербестігін сақтап қалады.

Батухан негізін салған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы, сол
сияқты Жошы ұрпағы хандарының атымен
(Бату ұлысы, Берке ұлысы т. б.) деп аталады.
Орыс шежірелерінде Орда немесе татарға, татардан дегең сөздер
қолданылған. Ұлыстың астанасы Сарай-Бату (Астраханға жақын жерде),
кейінірек - Сарай-Берке қалалары болған. Алтын Орда көп ұлтты мемлекеттік
құрылым еді. Ол қоғамдық-экономикалық дамуының деңгейі жағынан бір-бірінең
айырмашылығы үлкен, өзіндік мәдениеті мен әдет-ғүрыптары бар, әралуан
халықтар мен тайпалардан құрылатын. Дешті-Қыпшақ даласындағы көшпелілердің
басым көпшілігі ең әуелі қыпшақтар, сосын барып қаңлылар, қарлықтар,
наймандар т.б. болатын. Алтын Орданың отырықшы облыстарында бұлғарлар мен
мордва, орыстар мен гректер, шеркестер мен хорезмдіктер т. б. тұратын.
Моңғолдардың өздері тіпті аз еді XIII—XIV ғғ. шамасында, әсіресе XIV ғ.
моңғолдар іс жүзінде түріктеніп кеткен еді, ал Алтын Орданың, халқы
татарлар деп атала бастады.
Алтын Орданың мемлекеттік құрылымы тұтас алғанда Шың-ғысхан еңгізген
үлгінің ізімен жүрді. Мемлекет Жошы ұрпағынан шыққан хандардың меншігі
саналды. Аса маңызды мемлекеттік мәселерді шешу үшін билеуші әулет мүшелері
бастаған ақ-сүйектердің жалпы жиналысы-құрылтай шақырылатын болған.
Армияны, басқа мемлекеттермен арадағы елшілік қарым-қатынасты бектер бегі
басқарған. Атқарушы өкіметтін, орталық орыны - Диуан басында уәзірі тұрған.
Қалалар мен бағынышты ұлыстарға Даруғалар мен басқақтар тағайындалған,
олардың міндеті - алым-салық жинау болған. Ең маңызды қызметтерді хан
отбасының
мүшелері атқарған. Ірі-ірі нояндар, бектер, әмірлер, баhадұрлар әскербасы-
теменбасы, мыңбасы, жүзбасы болып тағайындалған.
Алтын Ордада жаулап алынған жерлер мен халықтарды басқару мен
иемденудің ұлыстық жүйесі қүрылады. Батудың тұсында Жошы ұлысы екі бөлімге
- оң және сол қанат болып бөлінеді, бұл іс жүзінде әртүрлі екі мемлекет
болатын. Оның (ұлыстың) оң қанатын Батудың өзі және оның, мұрагерлері
басқарады. Сол қанатқа Жошының үлкен ұлы Орда Ежең (Ичең) басшылық етеді.
Бұған Қазақстан жерінің басым бөлегі еңетін. Бату ұрпақтарынын, сөз
жүзіндегі ғана вассалы болғандықтан да, Орданың ұрпағы бұл тәуелділікті
тіпті кемітіп жібереді. Бату мен Орданың ұлыстары, өз тарапынан, іштей
Жошының басқа балаларының да ұлыстарына бөлінетін. Олардың бәрі де Алтын
Орданың жоғарғы өкіметіне бағынатын жартылай тәуелді билеушілер еді.
Билеуші әулеттің барша мүшелерінің туғанынан бастап жеке еңшілікке (ұлысқа)
хұқы бар болатын. Моңғол ақсүйектерінін, басқа өкілдері ұлысты ханға қызмет
атқарғаны үшін алатын. Ақсүйектер бірте-бірте иммунитетті хұққа -
тархандыққа ие болады, феодалдык, иелік сойұрғал сипатында - жер-суды
мұралық тарту ретінде пайдаланады. Екінші жағынан Алтын Ордада
көшпелілердің рулық-тайпалық ұйымы сақталып қалады. Ұлыстық жүйенің дамуы
ұдайы бүліншілік пен ішкі қырқысты тудыруға отырады.

Әуелгі кезде Алтын Орда моңғолдың ұлы ханына қарайтын. Бірақ
1260 ж. шамасында Моңғол империясы іс жүзінде тәуелсіз ұлыстарға бөлінеді.
Алтын Орда Батудың інісі Беркеханның, (1256-1266 жж.) тұсында дербес
мемлекетке айналады. Одан кейінгі Менгухан (1266-1280 жж.) өз теңгесін
шекіп шығарып, шағатайлық Хайдудың ұлы хан Хұбылайға қарсылығын қолдап
отырды. Алтын Орданың тарихы ішкі өзара қырқыстар мен орыс кьняздарына,
Кавказдың аржағындағы Иран Хұлағуы ұрпақтарына, Алтын Ордадан XIV ғ. 60-
жж. бас көзінде бөлініп кеткен Ақ Орда және Хорезм билеушілеріне қарсы
жүргізілген тынымсыз соғыстарға толы. Алтын Ақ Орда XIV ғ. І-жартысында,
әсіресе Өзбекханның (1312-1342 жж.) және оның мирасқоры Жәнібектің (1342-
1357 жж.) тұсында толысып, құдырет-күшіне еңеді. Хандар өкіметінің
күшейгені құрылтай шақыруды тоқтатудан, биліктің біраз орталықтАқған
сипатынан байқалады. 1312 ж. Өзбекхан исламды Алтын Ақ Орданың мемлекеттік
діңі деп жариялайды. Түрік-Моңғолдың дала мәдениеті Еділ бойы (бұлгар
халқы) мен Орта Азияның (Хорезм) мұсылмандық дәстүрі ықпалымен исламданып
үлгіреді.
XIVғ. екінші жартысынан бастап Алтын Ақ Орданы алты бақан алауыздық
әлсірсте бастайды. 1357 ж. мен 1380 ж. арасында Алтын Ақ Орда тәж-тағына
ие болған 25 хан ауысады. 1380 ж. Алтын Ақ Орданың нағыз билеушісі мыңбасы
Мамай Куликово даласында Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінең тас-талқан
болып жеңіледі. Жошынын, ұрпағы Тоқтамыс Мамайдың күйрегенін пайдаланып,
Алтын Ақ Орда билігін тартып алады. Өз өкіметін әскери жеңістермен нығайту
үшін ол 1382 ж. Мәскеуді өрейді, Мауараннахр мен Кавказдың ар жағына
бірқатар жорықтар жасайды. Ал, әмір Темірі өз тарапынан Алтын Ақ Ордаға
бірнеше рет қанды жорық жасап, оны ойрандап кетеді. Осы соққыдан ол оқала
алмайды. XV ғ. орта көзінде
бірнеше үлкен ұлыстың өз хандарының іргесі бекиді, сөйтіп Алтын Ақ Орданың
күні өтіп, шаруасы бітеді. Әлгі ұлыстар ішіндегі ең ірісі Еділ мен Дон
арасынан құрылған Үлкен Ақ Орда (XV ғ. 30 жж.) болады. Сол ғасыррдың 20-60
жж. Сібір хандығы, Ноғай Ақ Ордасы, Қазан хандығы, Қырым мен Астраханъ
хандықтары пайда болады.
Қазақстанның оңтүстік-шығысы ең, ірі үш моңғол ұлысының шекаралары
тоғысатын орталыққа айналады. Жетісу жері саяси жағынан солардың, әр
қайыссына бөлініп-жарылып кетеді: оның, Балқаш өңіріндегі солтүстік жағы
Жошы ұлысына, оңтүстік бөлігі Шағатай ұлысына кетеді де, солтүстік-шығыс
шеті Үгедей ұлысының маңызды бір бөлігіне айналады. Ұлыс хандарынын, бас Ақ
Ордалары Жетісу жерінде болады.
Шағатай улысында, соңда Шыңғыс әулетінің - Шағатай ұрпағы мен Үгедей
тұқымының ұлыс ханы өкіметіне таласушылар арасындағы шетсіз-шексіз көп
соғысы ұдайы Жетісу жерінде болып жататын. Өзара қырқысқа көшпелі феодалдық
топтар тартылатын. 1251 ж. Үгедей ұлысы жойылады да оның, жері ұлы хан
Мөңкенің (Моңғолиядағы байырғы жұртты иеленгең Шыңғыстың кіші ұлы Тольшын,
баласы) жақтастарына беріледі. Иеліктерді қайта бөлісу Шағатай ұлысында да
болады. Ондағы феодалдық ішкі қырқыстар Мөңке дүние салып, Арықбұғы мен
Хұбылай 1260 ж. өздерін ұлы ханмыға деп жариялағаннан кейін ушыға түседі.
Осы күрес қорытындысы салдарынан Арықбұғы өз әскерімен Шағатай ұлысынан
келіп шығады. Таусылмайтын қырық пышақ қырқыс пен соғыстар кесірінең
жергілікті қалалар мен егінді алқаптар азып-төзып кетеді. XIII ғ. 60-жж.
деп хабарлайды Рашид әд-Дин Арықбұғы әскерінің халықты қатты қысымға
салғаны соңдай, Іле алқабында аштық болып, одан көп халық қырылып қалды.
1269 ж. Хайдудың тәуелсіз мемлекеті құрылғаннан кейін (мұның пайда
болуынын, өзі жергілікті халықтың феодалдық билеушілерінің ықпалын қалпына
келтіру еді) сол жылы Таласта өткен құрылтайда отырықшы-егінші халықты
бұдан былай жұтатудан сақтау хақында қимыл-әрекеттер жасалады. Алайда
Шыңғыс әулетінің бітпейтін де қоймайтын өзара талас-тартысы, Хайдудың
батыстағы жерлерді басып алғысы келген ұлы ханның әскеріне қарсы
жүргізілген ұзақ соғыстары құрылтай шешімдерін аяқсыз қалдырады.
XIV ғ. бірінші жартысында Хайдудын, мирасқорлары көзіндегі ішкі қырқыс
Жетісуда ертерек басталған экономикалық күйзелісті шет-шегіне дейін
жеткізеді. Оңтүстік-Шығыс Казақстанның Моңғол дәуіріне дейін дамудың
жоғарғы дәрежесіне жеткен белгілі қалаларының көпшілігі - Баласағұн, Тараз,
Алмалық, Алмату, Каялық, Ілебалық, Екіоғыз және басқа үлкенді-кішілі
қалалар мен мекендер - сол аймақтын. картасынан жоқболып кетеді.
Бір атап өтетін жәйт, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи антропологияның мәні және оның методологиясы мен әдістемелері
Найман, керейт, қоңырат, жалайыр, меркіт тәрізді түрік тайпаларының қалытасуы
Алтын орданың рухани мәдениетінің тарихы
«Жәми ат-тауарих» шығармасындағы Орта және Кіші жүз негізін құраған ХІ-ХІІІ ғғ. түркі тайпаларының тарихы
Ежелгі Қазақстан. Қазақстан тас дәуірінде
Моңғолдар мемлекетінің құрылуы
«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХИ АНТРОПОЛОГИЯСЫ»
Нумизматика ғылымы
Қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы
Қазақстан моңғол дәуіріндегі мәліметтер
Пәндер