Қазақстан территориясында кездесетін жабық тұқымдылар, папоротниктәрізділер, плаунтәрізділер қатарларына жататын дәрілік өсімдіктер


ДАЛАЛЫҚ ҚЫРЫҚБУЫН -ХВОЩ ПОЛЕВОЙ
Далалық қырықбуын - қара түсті, ұзын, 1, 5 метрге дейін тереңдеп өсетін тамыр сабағы бар, көп жылдьқ шөп тектес өсімдік. Өсімдіктің кектемдік және жазды сабақтары болады. Ерте көктемде тамыр сабағыны биіктігі шамамен 20 сантиметрге жетеді, қоныр немесе қызыл түсті, өн бойында көптеген бутақтары бар. Сабактың бунақтар арқылы қосылған жерлерінде 7-8 коңыр түсті тісшелері бар. Бұл тістер жоғары карай қынап сыкылды сабақты коршай орналасады. Сабақтың ең ұшында споралы капшығы бар. Споралар пісіп жерге шашылғаннан кейін олардың орнында биіктігі жарты метрдей, тұқым бермейтін жасыл қоңыр түсті жаздык сабақ пайда болады. Бұл сабақта да көптеген бунактар бар. Өсімдіктің осы бунақтар арқылы косылған жерімен айнала жапырая өседі.
Қырықбуынның бұдан да басқа шалғындық қырықбуын деген түрі кездеседі. Оның сабағы төрт қырлы және ұзына бойына созылған сайлары бар, өзі жасыл түсті болып келеді. Далалык кырыкбуынның сабағы жұмыр, кедір-бұдыры жоқ. Шалғындық қырықбуынньң дәрілік қасиеті жок. Сондықтан оны дала қырыкбуынымен шатастырып алмау керек. Далалық қырықбуын арамшөп ретінде егістік жерлерде, өзендердің жағаларында, кұмды жерлерде, орманды аймактарда өседі. Дәрі жасау үшін далалық қырыкбуынның жаздық көк сабақтарын жинайды. Құрамында эквизетонд -деген сапонин және экзитин деген алкалоид, флавоноидтар алма, аскорбин, қымыздық, кремний қышкылдары, майлар, белоктар, углеводтар бар.
"Далалық кырықбуыннан жасалған дәрілердің қан тоқтататын, несеп айдайтын, кабынуға қарсы әсер ететін, микробтарды жоятын касиеттері бар. Осыған байланысты бұл өсімдікті қан айналысының нашарлауына, пайда болған ісіктерді, бүйректің және куықтың қабынуларын емдеу үшін пандаланады. Сонымеп қатар жатырдан және геморрой түйіндерінен қан кеткенде, куыққа және бүйрекке тас байлапғанда, өкпе кабынуына байланысты, өкпе қуысына сары су жиналғанда емдеу үшін қолданылады. Далалық кырықбуынды ұзаққа созылған жаракаттарды, туберкулезді емдеу үшін де пайдаланады. Кейбір ғалымдар бүл өсімдікпен гипертония ауруын, атеросклерозды, бауырдың және асқазан жолдарының ауруларын емдейді (Н. Г. Козалева) .
Әйелдердің етеккірі шамадан тыс келгенде жұмыршақты, далалык, кырықбуынды теңдей етіп алып пайдаланады. Далалық қырықбуынмен бүйректін кенеттен және жедел қабынуын емдеуге болмайды, себебі оның бүйректі тітіркендіруі мүмкін.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Далалық қырықбуын шөптерінің 50 грамын қайнап тұрган 1 стакан суға салып, жарты сағат түндырады, 3 қасыктан ' күніне 3-4 рет ішеді. Ұзаққа созылған жарақаттарды емдеу үшін өсімдіктің 60 грамын 1 литр суға тұндырып, компресс жасап пайдаланады.
ЕРКЕК УСАСЫР - ПАПОРОТНИК МУЖСКОЙ
Еркек усасыр - биіктігі 1 метрге дейін жететін, көп жылдык, шөп тектес өсімдік. Тамыр сабағы жуан, көлбеу өседі, көптеген жіңішке, қосалқы тамырлары бар. Тамыр сабағын қазып алып қараканда өткен жылдардағы курап түсіп қалған жапырақтары сағақтарының әлі де көк күйінде топталып тамыр сабақтың сыртында каптап тұрғандығын байқауға болады. Тамыр сабақтың сырт жағы қоңырқай түсті, ал қабығын сыпырып қарағанда, ішкі жағының ашық жасыл түсті екендігін байқауға болады. Осы тамыр сабақтың үстіңгі жағынан жыл сайын бір топ жас жапырақтар өсіп шығады. Жапырақтары әбден жайылғанға дейін спираль сияқты ораулы болады. Оның біртіндеп орамы жазылып, ұзын сағақтың екі жағынан да құстың қауырсыны сияқтанып тізілген көптеген жапырақтар өсіп шығады. Жапырақтары ұзынша келген эллипс тәрізді, ұштары сүйірленген әрі құстың қауырсыны сиякты тілімделген.
Жаздың соңғы айларында усасыр жапырақтарының астынғы жағынан екі қатар болып қоңыр түсті споралы сорустар пайда болады. Споралар піскеннен кейін жерге түседі де, көктеп өсе бастайды. Еркек усасыр қылқан, жапырақты ормандарда, бұталардың арасында, таулы беткейлерде өседі. Дәрі жасау үшін оның тамыр сабағын күзде қазып алады. Усасыр құрамында флаваспида кышқылдары, альбаспидин, аспидинол деген заттар бар. Бұл заттар, әсіресе аспидииол бұлшық еттерге у ретінде әсер етеді. Осыған байланысты ішек құрттары жансызданып қалады.
Еркек усасырдың тамыр сабағынан жасалған дәрілерді тек дәрігердің бақылауымен ғана пайдалануға болады. Ғылыми медицинада бұл дәрілер ішек құрттарын түсіру үшін қолданылады. Халык медицинасында еркек усасырдың тұнбалары ревматизмге карсы ванна жасау үшін пайдаланылады.
ҚЫРЫҚБУЫНДЫ КЫЛША -ЭФЕДРА ХВОЩЕВАЯ
Қырықбуынды кылша - биіктігі 2, 5 метрге жететін бұталы, көп жылдық өсімдік. Жоғары караған жуан бұтақтарына қарама-қарсы ұзындығы 20-30 сантиметрдей жас бұтақтар өсіп шығады. Жапырактары жетілмеген кабыршақ сықылды, бір-біріне карама-қарсы орналасқан. Гүлдері майда, бір жынысты, бірнеше масақша жасап шоғырланып тұрады. Май-июль айларында гүлдейді. Август айында кызыл түсті, етті, бір тұкымды жеміс береді. Тұқымы - домалақ, кара қоңыр түсті дәнек. Таулы жердегі ормандарда, тастақты беткейлерде өседі. Дәрі жасау үшін өсімдіктің жас бұтақшаларын бір жылда екі рет - апрель-май айларында және июль-сентябрь айларында жинап алады. Кұрамында эфедрин, псевдоэфедрин, метилэфедрин, аскорбин қышқылы бар. Өсімдік - улы.
Өсімдіктің құрамындағы эфедриннің қан қысымын көтеретін, бронхтарды кеңейтетін касиеті бар. Осыған байланысты қырыкбуынды кылшаны кан кысымының кенет төмендеуін, бронх демікпесін, көкжөтелді емдеуге пайдаланады. Казакстанда өсімдіктің кос масақшалы эфедра немесе Қузьмич шөбі деп аталатын түрі де кездеседі.
Кузьмич шөбі - кос үйлі, бұталы есімдік. Сабағы кысқа, өзінің биіктігі 30-40 сантиметрдей. Қабығы сүрғылт түсті, бұтақтары жасыл сары. Жапырақтары бір-біріне қарама-карсы орналаскан, майда, сабақты айнала коршап тұрады. Аталық гүлдерінің масақшалары жеке-жеке орналаскан, ал аналық гүлдерінін масақшалары екі-екіден өсімдік бұтактарының ұштарына шырмалып тұрады, әрі 2-3 жапырақшамен жабылып тұрады. Аналық гүлдері етті кызыл жеміс береді. Кузьмич шөбі май-июнь айларында гүлдейді. Жемісі июль айында піседі. Аласа тауларда, далалы аймактарда, кұмды беткейлерде еседі. Дәрі жасау үшін өсімдіктің жас бұтақшаларын август айынан бастап жинап алады.
Өсімдіктің Кузьмич шөбі деп аталатын себебі бар. Өткен ғасырда Федор Кузьмич Муховников деген шаруа онымен ревматизм мен дизентерияны емдеп жазған болатын. Бірақ бұл шөптен жасалған дәрілер кейбір ауруларға әсер етпейді. Оның да себебі анықталды. Кузьмич шөбінің құрамында алкалоидтар кейде аз, кейде көп болады. Сондықтан елімізде эфедрині көп өсімдік іздестіріледі. Соның нәтижесінде қырықбуынды қылша табылды. Екі өсімдіктің де шипалық қасиеті бірдей болғанымен ревматизм мен дизентерияны халық арасында тек қана Кузьмич шөбімен емдейді.
Кузьмич шөбін қолдану тәсілі. Өсімдіктің майдаланған шөбін. 1 ас қасығын 1 стакан қайнаған суға 10 минут тұндырады да, 1 ас қасықтан таңертең және кешке тамақ алдында ішеді.
ТАҢДАМАЛЫ ПЛАУН - ПЛАУН БАРАНЕВЕЦ
Таңдамалы плаун - мәңгі көгеріп тұратын, көп жылдық, споралы өсімдік. Биіктігі 20-25 сантиметрдей келетін және тік өсетін бірнеше сабағы бар. Жапырақтары жіңішке, сопақша келген, қияқ тәрізді, ұштары өткір, қоңыр-жасыл түсті. Бұл өсімдіктің споралары бұтақтарының орта шеніндегі және жоғарғы бөлегіндегі жапырақтарының түп жағына орналасқан. Шоқбарбас плауннан айырмашылығы - споралы масақшалары жоқ.
Таңдамалы плаун қышалы ормандардың ішінде өседі. Дәрілік максат үшін өсімдіктің жер бетіндегі бөлігін пайдаланады. Құрамында селагин, ликоподин, псевдоселагин, акрифолин және Л8 деген алкалоидтар бар. Халық медицинасында бұны дәрі ретінде пайдаланылады.
1954 жылы профессор И. В. Стрельчук таңдамалы плаунды маскүнемдікті емдеу үшін колданып байкады. Осы зерттеулердің нәтижесінде таңдамалы плаунның 5 проценттік тұнбасы маскүнемдікті емдеу үшін колданылатын болды.
Таңдамалы плаун мөлшерден артық қолданылса, өте күшті у ретіпде әсер ететіні белгілі. Оның үстіне белгілі бір сырқаты бар кейбір ауруларға және жасы 60-тан асқан адамдарға таңдамалы плаунды қолдануға болмайды. Маскүпемдікті бұл өсімдікпен емдеу дәрігердің бакылауымен тиісті ауруханаларда ғана жүргізіледі. Ол үшін әуелі аурудың 4 күнге дейін ішімдікті аузына алмауы шарт. Бесінші күні ауру тандамалы плаунның 5 проценттік тұнбасынан жарты стакан ішеді. Арада 3-15 минут өткеннен кейін ауруға 3-6 мл арақ ішкізеді және иіскетеді. Ауру артынша қатты локсып, құсады. Осылайша бірнеше күн ішінде ауруды 2-3 рет құстырса, маскүнем адам енді қайтып ішкілікке беттемейтіндей болады. Жарты жыл немесс 1 жылдан кейін тағы да бір-екі рет осылайша қайталап емдеуге болады.
Таңдамалы плаунның 5 процент тұнбасын былай жасайды: 10 грамм ұнтақталған өсімдікті 200 мл суға салып 15 минут жайлап қайнатады. Тұнбаны салқындатып, үстіне 200 миллилитрге жеткенше үстемелетіп су құяды және оны сүзіп алады да, тоңазытқышта сақтайды. Сақтау мерзімі - 2 күн.
КӘДІМГІ ҚАРАҒАЙ - СОСНА ОБЫКНОВЕННАЯ
Қарағайлар тұқымдасына жататын, биіктігі 30 м дейін жететін ағаш. Мамыр-маусым айларында аталық масақшасы мен аналық бүршігі пайда болады. Жемісі 18 айдан кейін піседі. Дәрілік шикізат үшін қарағайдың бүршігін, көктемгі өркенін, қылқан жапырағын, сағызын дайындайды. Өсімдік бүршігін қыста және көктемде, сағызын сәуір-қазан айларын-да, жапырағын жыл бойында жинайды.
Қазақстан жерінде Торғай бұғазында, Тобыл, Есіл, Ертіс өзендерінің бойында, Семей қарағайлы орманында, Кекшетау, Ақтөбе, Батыс және Шығыс Сарыарқада, Ұлытау, Қарқаралы, Алтай және Қалба жотала-рында кездеседі. Құмды топырақта, өзендер аңғарында, дала аймағы-
ның ойықты жерлерінде, сазды және адырлардың тасты баурайларында өсіп-өнеді.
Қоры. Қазақстан орман шаруашылығының мәліметі бойынша Қазақстандағы қара-ғай орманының көлемі 600 мың гектарға жетеді. Олар орманды - далалы, далалы және шөлді аймақтарда өседі. Қарағай тек тұқыммен көбейеді. Вегетативтік түрмен көбеймейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz