Қазақ тіліндегі қалып-күй етістіктерінің семантикалық табиғаты, қалып етістіктерінің жетекшілік қызметтен көмекшілік қызметке өту сипаты



Кіріспе
1. Қалып етістіктерінің семантикалық сипаты
1.1. Қалып етістіктерінің семантикалық тұрғыда зерттелуі
1.2 Қалып етістіктерінің семантикалық ерекшеліктері
2. Медиаль.белгілі бір қалыпты иелену
2.1 Көне түркі ескерткіштеріндегі қолданысы
2.2 Тілдегі қызметі
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Тіл ─ адамзаттың баға жетпес құндылықтарының бірі. Ол ─ адамзат арасындағы қарым-қатынас пен болмысты танудың басты құралы ғана емес, қоғамдағы саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани, тарихи өзгерістердің куәсі және сол ақпараттарды бойында сақтай отырып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші құрал. Бүгінгі әлемдік лингвистикадағы адам факторына негізделген тілдің коммуникативтік, когнитивтік және прагматикалық қырын терең де жан-жақты ашуға бағытталған зерттеулердің кеңінен жүргізілуі осымен байланысты.
Тілдің семантикалық қырын зерттеу оның табиғаты мен қолданыс заңдылықтарын тереңірек тануға жол ашады және бұл тілдің негізгі қызметімен тікелей байланысты. Кез келген тілдік зерттеу – тілдің лексикалық қабаты, грамматикалық құрылысы, тілдік категорияларға қатысты еңбек тілдік бірліктің және оның морфемдік бөлшектерінің мағынасын айналып өте алмайды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі.Қалып етістіктері қазақ тіл білімінде ерте кезден-ақ зерттеле бастағанымен семантикалық, морфологиялық тұрғыдан, тарихи тілдік өзгерістерге, тілдік дамуға байланысты әлі де қарастыруды талап етеді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.Жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ тіліндегі қалып-күй етістіктерінің семантикалық табиғатын ашу, қалып етістіктерінің жетекшілік қызметтен көмекшілік қызметке өту сипатын көрсету және тілдегі қызметін анықтау.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері:Дайын материалдарды мақсатқа сай іріктеу,саралау,диахрондық және синхрондық талдаулар,компонеттік талдау
Диплом жұмысының дереккөздері:Тақырыпқа сай қазақ және орыс тілдеріндегі М.Оразов,А.Ысқақов,Л.А.Новиеов,Ю.Д.Апресян сынды ғалымдардың зерттеу еңбектері,отандық ғалымдардың,атап айтсақ,К.Дүйсекова,М.Жолшаева,Л.Әлімтаева,т.б.диссертациялық зерттеулерін,оқу құралдары,ғылыми мақалаларын қарастыру арұылы диплом жұмысымның мағынасын ашуға мүмкіндік алдым.
Бітіру жұмысының нысаны:Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктері.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Тіл ─ адамзаттың баға жетпес
құндылықтарының бірі. Ол ─ адамзат арасындағы қарым-қатынас пен болмысты
танудың басты құралы ғана емес, қоғамдағы саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани,
тарихи өзгерістердің куәсі және сол ақпараттарды бойында сақтай отырып,
ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші құрал. Бүгінгі әлемдік лингвистикадағы адам
факторына негізделген тілдің коммуникативтік, когнитивтік және
прагматикалық қырын терең де жан-жақты ашуға бағытталған зерттеулердің
кеңінен жүргізілуі осымен байланысты.
Тілдің семантикалық қырын зерттеу оның табиғаты мен қолданыс
заңдылықтарын тереңірек тануға жол ашады және бұл тілдің негізгі қызметімен
тікелей байланысты. Кез келген тілдік зерттеу – тілдің лексикалық қабаты,
грамматикалық құрылысы, тілдік категорияларға қатысты еңбек тілдік
бірліктің және оның морфемдік бөлшектерінің мағынасын айналып өте алмайды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі.Қалып етістіктері қазақ тіл білімінде ерте
кезден-ақ зерттеле бастағанымен семантикалық, морфологиялық тұрғыдан,
тарихи тілдік өзгерістерге, тілдік дамуға байланысты әлі де қарастыруды
талап етеді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.Жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ
тіліндегі қалып-күй етістіктерінің семантикалық табиғатын ашу, қалып
етістіктерінің жетекшілік қызметтен көмекшілік қызметке өту сипатын көрсету
және тілдегі қызметін анықтау.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері:Дайын материалдарды мақсатқа сай
іріктеу,саралау,диахрондық және синхрондық талдаулар,компонеттік талдау
Диплом жұмысының дереккөздері:Тақырыпқа сай қазақ және орыс
тілдеріндегі М.Оразов,А.Ысқақов,Л.А.Новиеов,Ю.Д. Апресян сынды ғалымдардың
зерттеу еңбектері,отандық ғалымдардың,атап
айтсақ,К.Дүйсекова,М.Жолшаева,Л.Әлі мтаева,т.б.диссертациялық
зерттеулерін,оқу құралдары,ғылыми мақалаларын қарастыру арұылы диплом
жұмысымның мағынасын ашуға мүмкіндік алдым.
Бітіру жұмысының нысаны:Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктері.

1.Қалып етістіктерінің семантикалық сипаты

1.1.Қалып етістіктерінің семантикалық тұрғыда зерттелуі

Қазіргі түркі тілдерінің барлығында да отыр, тұр, жатыр, жүр
етістіктері қолданылатын болғандықтан олар туралы ғылыми зерттеулер
баршылық.Қалып етістіктерін зерттегенде семантикасын, негізгілік және
көмекшілік қызметтерін, морфологиялық құрылымын бір-бірімен баайланыста
қарастырған дұрыс.Ал бұл тұрғыдан келгенде зерттеуді етістіктер аясынан
бастау керек.Өйткені тіркесімділік мәселесі, етістіктердің лексика-
семантикалық топтарға бірігуі, қалып етістіктерінің негізгілік және
көмекшілік қызмет атқаруы етістіктің семантикалық және моррфологиялық
ерекшеліктеріне байланысты.
Қазақ тіл білімінде семантика мәселесі ғылыми негізде кеш зерттелді
десек те, қазақ ғалымдарының еңбектерінде бұл мәселе мүлде ескерусіз қалды
деуге болмайды. Қандай да бір тіл бірлігінің қызметі мағыналық өлшемге
сүйенетіні белгілі. Мағына барлық тіл бірліктеріне бірдей қызмет етеді. Сол
себепті де қазақ тіл білімінде морфология, лексикология (лексикография,
диалектология, фразеология, этимология т.б.), синтаксис салалары бойынша
жазылған еңбектерде семантика мәселесі қарастырылмады дей алмаймыз. Қазақ
тіл біліміндегі жоғарыда аталған алдыңғы буын ғалымдарынан басқа да
ғалымдар семантика мәселелеріне көңіл аударып жүр. Семантика теориясы мен
тарихи семасиология мәселелері Ә. Қайдар, Е. Қажыбеков, М. Оразов, Б.
Қалиев, Ж. Манкеева,А. Салқынбай, Б. Қасым, Ш. Жалмаханов еңбектерімен
байланысты. Б. Сағындықұлы Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық
негіздері деп аталатын еңбегінде сөздердің мағыналық дамуын диахронды
әдіспен зерттей отырып, силлобофонема (түбіртек) теориясының негізін
салды.[1] Б. Қалиев пен А. Жылқыбаева Сөз мағыналарының негіздері атты
еңбектерінде мағынаға қатысты жалпы ұғымдардың барлығын санамалап көрсетіп,
жеке-жеке нақты түсініктер береді.[2] Сөз бен ұғым, сөз бен мағына, Ұғым
мен мағына сияқты түсініктердің арақатынасын ашып көрсетеді. Сондай- ақ сөз
мағыналарының түрлерін және құрылымын анықтайды. А.Салқынбай тарихи
сөзжасам мәселесін семантикалық аспектіден қарастырады[3]. Еңбекте атау,
мағына, ұғым категорияларының табиғатына талдау жасалады, сондай-ақ
түбірлес сөздердің семантикалық құрылымы, архисема, өзексема, негізгі сема,
ортақ сема, арнайы сема деңгейлері анықталады Ғ. Хасанов Сөздің
лексикалық мағынасының құрылымы деп аталатын кандидаттық диссертациясында
қазақ тіл біліміндегі сөз мағынасының зерттелуін шартты түрде үш кезеңге
бөліп көрсеткен. Бұл жұмыста лексикалық мағынаның денотаттық,
сигнификаттық, коннотаттық, эмоциялы бөліктерінің табиғаты арнайы
зерттеледі.
Жалпылаушы сема тематикалық, лексика-семантикалық топтарға сөздерді
топтастыруға негіз болады, ал айырушы сема сол топтың мүшелерінің жеке –
дербес жасауына жағдай жасайтын сема болып есептелінеді. Жеке сөз таптарын
лексика-семантикалық топтарға бөлу дәстүрлі басқа тілдерде қалыптасқан
болса да, түркі тілдерінде әлі толық ондай топтарға бөлініп зерттелінген
жоқ. Соңғы кездерде кейбір тематикалық топтар мен лексика-семантикалық
топтардың табиғатын ашуға әрекет еткен еңбектер бар, бірақ олар әлі
жеткіліксіз.
Жалпы тіл білімінде сөздерді лексика-семантикалық топтарға бөлудің
ғылыми қағидалары жасалған. Сөздерді лексика-семантикалық топтарға
топтастыруда негізгі сүйеніш етіп сөздердің лексикалық мағыналары алынады.
Ең бірінші, сөздерді лексика-семантикалық топтарға бөлу үшін әрбір сөздің
семантикалық құрылымын анықтау керек. Сөздердің семантикалық құрылымы
дегенде олардың семалық жіктелісін негізге аламыз. Сема термині тіл
білімінде сөздердің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші бөлшегі деп
анықталып жүр. Бір сөз бір ғана мағына білдірумен шектелмейді. Егер сөз
мағынасын бір ғана мағына білдірумен шектейтін болсақ, сөздің потенциалды
мүмкіндігін тарылтқан болар едік. Сөз - күрделі тілдік бірлік. Ол тіл
білімінің барлық салаларының зерттеу нысанына ене алады. Сөз мүмкіндігі
олардың семалық жіктелісімен де өлшенеді. Осы ретте қандай да бір сөздің
құрамында бірнеше сема болуы - заңды құбылыс. Ол үшін сөздердің лексикалық
мағынасы бір күрделі бірлік деп алынады да, ол іштей кіші элементтерге
бөлінеді. Оны сема деп атаймыз. Екінші сөзбен айтқанда, сөздердің
лексикалық мағынасы кішкентай мағыналық бөлшектерден, семалардан тұрады.
Кез келген лексика-семантикалық топтың құрамына енген етістіктердің
өзіндік тұлғасы, өзіне тән мағыналық ерекшелігі болады. Сондықтан сөздерді
бір топқа топтастыру үшін олардың басын біріктіріп тұратын ортақ белгіні,
заңдылықтарды анықтау керек, өлшемді белгілеу қажет. Себебі кез келген
етістік лексиканың құрамына енеді. Ал лексикалық өлшемдер арасында күрделі
байланыс бар, мұны тілде жүйелік байланыс деп атайды.
Жалпы жүйе түсінігінің өзіндік белгісі бар: 1) оның элементтері екеу не
одан көп болуы; 2) белгілі бір тәртіпті, заңдылықпен байланысқан қатынасы
болуы керек. Бұл - жалпы заңдылық. Ал қандай өлшемді анықтау – зерттеушінің
таңдауы. Лексикалық элементтерді жүйелі қүбылыс ретінде зерттегенде,
мағынаны алады да топтастырады. Соның негізінде лексика-семантикалық топтар
пайда болады.
Лексика-семантикалық топ болу үшін кемінде екі не одан да көп сөздерді
лексикалық мағынасына қарай топтау керек. Айталық, әңгімелесу, әзілдесу,
айту т.б. "сөйлеу" етістіктеріне, жорғала, жүгір, еңбекте етістіктерін
"қозғалу" етістіктеріне жатқызамыз. Әрбір лексика-семантикалық топтағы
сөздердің саны кемінде екі-үштен жиырма, отызға дейін жетеді. Мұны анықтау,
әрине, статистикалық зерттеулер жүргізу арқылы мүмкін болады. Тілдік жүйе
теориясы бойынша, қандай да бір топ құрау үшін, мейлі ол грамматикалық
категория, мейлі ол тематикалық топ, мейлі ол белгілі бір мағыналық топ
болсын кемінде екі элементтен тұрып, жиынтық құрауы қажет. Осы жиынтық
соның құрамындағы тілдік құралдардың ортақ белгілерінен пайда болады.
Мәселен, жоғарыда берілген "сөйлеу" етістіктері деп атаған лексика-
семантикалық топтағы сөздердің барлығы - сөйлеу қимылына байланысты
әрекеттер. Осы тәрізді қозғалыс етістіктерінің де дербес лексика-
семантикалық топ құрауы кеңістіктегі орын ауыстыруды білдіруге негізделеді.
Жалпылаушы сема сөздердің лексикалық мағыналарының құрамына енеді де
және одан әрі қарай бөлінбейтін сөздің ең кіші бөлшегі болады. Сондықтан да
ол сема лексика-семантикалық топтардың барлығында да кездеседі, олардың
семантикалық құрылымына енеді [36, 15 б.]. Яғни қозғалыс етістіктерді
жеке лексика-семантикалық топ ету осы жалпылаушы семасына негізделген.
Сөздер үлкен лексика-семантикалық топ құраумен шектелмейді. Оларды ішкі
мағыналарына (кіші мағыналары) қарай да шағын топтарға жіктеуге болады.
Шағын лексика-семантикалық топтар көбінесе сөздің айырушы семаларына қарай
топтастырылады. Айырушы семалардың көп болуы лексика-семантикалық
топтардың бірнеше майда топтарға бөлінуіне жағдай жасай алады [36, 15 б.].
Қазақ тіл біліміндегі зерттеулерге сүйенсек, компоненттік талдауды
М.Оразов архисема және дифференциалды сема негізінде анықтайды. А.Салқынбай
мағынаның микрокомпоненттері ретінде мына семаларды көрсетеді: архисема,
ортақ сема, өзек (негізгі) сема, айырушы сема. [9, 270 б.]
Архисема жалпылауыш сема болып табылады да, ол бірнеше сөзге ортақ сема
саналады және сол негізде сөздерді лексика-семантикалық топтарға
біріктіреді. Сонымен бірге архисема арқылы белгілі бір топтарды өзара бір-
бірінен ажырататын да қызмет атқарады.
Ал дифференциалды сема керісінше айырушы сема болып табылып, бір
топтағы сөздерді бір-бірінен ерекшелендіріп, олардың жеке-жеке қолданылуына
негіз болады.
Потенциалды сема – таңбаланатын нысанның қосымша сипаттарын белгілейтін
сема [47, 371с.]. Потенциалды сема мағына қалыптастыруға қатысқан барлық
семаның сөйлемде көріне бермеу мүмкіндігімен байланысты түсіндіріледі. Бұл
семаның үшінші түріне қатысты потенциалды сема, қосымша сема, салыстырмалы
сема терминдері қолданылады. Негізінде сөз мағынасын құрайтын барлық
семалардың бірі негізгі енді бірі көмекші сема болатындығын бәрі де
мойындайды.
Сөз мағыналарындағы көмекші сема немесе потенциалды сема нақты бір
мәтінде негізгі семаның орнын басып, сол қолданылған мәтін аясында
лексикалық семаны белгілеуші дәрежесінде көрінуі мүмкін. Сондықтан В.Г.Гак
былай деп жазды: Жағдаятқа байланысты сөздің семантикалық құрылымында кез-
келген сема актуалдану арқылы бірінші орынға шығып, сөйленімнің мазмұнына
кіруі мүмкін. Мұндай жағдайда сөйлеуші үшін айтарлықтай маңызы жоқ басқа
семалар коммуникативтік мәнін жойып, артқа жылжиды [47, 371 с.].
Потенциалды семалардың актуалдануы сөйлеуде жүзеге асады. Егер олар тілде
одан әрі тұрақты қолданыла берсе, қандай да бір лингвостилистикалық нұсқада
негізгі сема болуы мүмкін. Сөздің потенциалды семалары сөздің
тіркесімділігі арқылы анықталады.
А.М. Кузнецов компоненттік талдау әдісінің қалыптасуына екі негіз
болды дейді [48, 63 с.]. 1) Белгілі тілдік құрылымның әрбір бірлігінің
мағынасы бірніше семантикалық бірліктерден тұрады.2) Бүкіл сөздік құрамды
осы бірліктердің шектеулі құрамының көмегімен сипаттай аламыз. Дей келеді
де лексикалық семантика жайындағы еңбектерде компоненттік талдау әдісін
қолданудың үш себебін атайды:
1. Бір қатар лингвистердің ойынша бұл әдіс бірінші рет
этнолингвистердің еңбектерінде кеңінен қолданылады. У.Гуденаф пен
Ф.Лаунсберидің бір уақытта жарық көрген еңбегінен кейін семасиологияда
кеңінен таралды.
2. Компоненттік талдау әдісін қолдайтын семасиолог зерттеушілердің енді
бір тобы оның шығу көзін 30-40 жылдардағы грамматикалық семантикадан бастау
алады дейді. (Л. Ельмслев т.б).
3. Сонымен қатар Д. Лайонз компоненттік талдау мен Г.В.Лейбництің
логика-философиялық концепциясын (монодалар туралы) байланыстырады.

Етістіктерге көпмағыналылық сипат тән, көпмағыналылық тілдің байлығын
көрсетеді. Семантикалық зерттеулермен айналысқан ғалымдар сөздің көп
мағыналылығы тілдің даму үрдісінде қалыптасқан табиғи құбылыс деп
есептейді. Сөз бірнеше мағынада қолданылғанда да, олардың ортақ жалпы
мағынасы болады. Дегенмен көп мағыналы сөздердің мағыналары жалпы мазмұны
біртұтас құрам болғанмен, олардың ішкі бөлшектерін байланыстыратын және
саралайтын белгілері болады.
Сөз мағынасы туралы Б. Қасым: Сөз мағынасы өте күрделі, көп қырлы.
Сөздің тура мағынасы кейінгі мағыналармен ұштасып, жаңа семантикалық
өрістің дамуына негіз болады. Ауыс, келтірінді, идиомалық т.б. мағыналардың
дамуына себепші. Лексикалық мағына – бір атауды екінші атаудан ажырататын
негізгі мағына. Ол – сөздің басқа да мағыналарының (туынды) қалыптасуына
негіз болады деген тұжырым жасайды [50, 39 б.].
А.А.Уфимцева сөз мағынасына талдау жасай келе, оларды заттардың атауы
болатын сөздер және әр түрлі қатынасты білдіретін сөздер деп екіге бөледі
[29, 65]. Автор алғашқы топқа зат есімдерді, ал екінші топқа етістік, сын
есім, есімдік сөздерді жатқызады да, жалпы зат атауы болатын сөздерде
денотаттық та, сигнификаттық та мағынаның, ал қатыстық сөздерде тек қана
сигнификаттық мағынаның болатынын айтады. Заттық мағына зат есімдерде ғана
бар, ал етістікте ондай мағына жоқ, етістікте қатыстық қана мағына бар. Ол
туралы А.А.Уфимцева былай дейді: В силу того, что лексическое значение
именных лексем основывается на понятии “предметность„ (денотатив,
номинатив), а семантика глагольных лексем включает понятие “отношение“,
“связь“ [46, 5с.].
Тіл білімінде тематикалық топ және лексика-семантикалық топ деген екі
терминнің қатар жүретіндігі белгілі. Сөздердің арасындағы мағыналық
байланыстарды анықтауда тематикалық топтар мен лексика-семантикалық
топтарға бөлудің маңызы зор. Сөздерді жоғарыда аталған топтарға бөлуде
айырмашылық бар. Тематикалық топтарға семантикалық байланысы жоқ, тек жалпы
дүниедегі заттардың өзара қатынасы негізінде топтастырылған сөздер енеді.
Көптеген ғалымдардың ойынша, тематикалық топқа топтастыруда лингвистикалық
қағида негізге алынбайды, заттардың табиғи белгілері, объективтік
қатынастары және т.б. есепке алынады. Бір тематикалық топтың құрамына
етістіктер де, зат есімдер де топтастырылса, ал лексика-семантикалық топқа
лексикалық мағынасы жағынан байланысқан бір сөз табына жататын сөздер ғана
топтастырылады. Лексика-семантикалық топ сөздердің лексикалық мағынасына
негізделеді, яғни сөздердің синонимдік, антонимдік мағыналары есепке
алынады.
Лексика-семантикалық топ сөздердің өзара лексикалық мағынасының
жуықтығына, байланыстылығына, ортақ семаларына қарай топтастырылады. Ф.П.
Филин лексика-семантикалық топқа: Лексика-семантикалық топ деп екі не
бірнеше сөздердің лексикалық мағынасына қарай топтастырылуын айтамыз деп,
анықтама береді [14, 174б.]. Ал В.И. Кодухов лексика-семантикалық топ бір
ғана сөз табына жататын сөздерді біріктіретінін атап көрсетеді [23].
Осы келтірілген анықтамаларға сүйене отырып, біз де лексика-
семантикалық топ бір сөз табына жататын және ортақ семантикалық мағынаға
негізделген сөздер деп түсінеміз.
Сөздердің арасындағы мағыналық байланыстарды анықтауда осы тематикалық
топ және лексика-семантикалық топтарға бөлу үлкен рөл атқарады. Жоғарыда
біз тематикалық топқа семантикалық байланысы жоқ, тек объектив дүниедегі
заттардың өзара қатынасы негізінде топтастырылған сөздер енеді деген
болатынбыз. Мысалы: көз бен құлақ, қол мен аяқ деген сөздер бір тематикалық
топқа, яғни адамның дене мүшелері атауы тобына енеді де, бір жүйе құрайды.
Зат есімдерде денотаттық мағына нақты болады, ал етістіктерде мұндай
денотаттық нақтылық жоқ, олардың лексикалық мағынасы кең, бір сөз бірнеше
топтағы сөздермен байланыса береді. Бұл – етістіктерді бір тәртіппен
топтастыруда қиындық туғызады.
М.Оразов етістіктерді лексика-семантикалық топтарға біріктіргенде
компонентті әдісті негізге алған. Сөздің семантикалық мағынасы бірнеше
элементтерге – семаларға – бөлінеді. Талдаудың бастапқы сатысында сөздің ең
алғашқы, тура мағынасы алынады. Сема саны әр сөзде әр түрлі болуы мүмкін
және ол сөздің лексикалық мағынасының көлемімен анықталады. Осы семалардың
көмегімен сөздер бір-бірінен ажыратылады, ерекшеленеді, ал сөздердің
мағынасындағы ұқсас семалар сөздерді ЛСТ-ға топтастыруға мүмкіндік береді.
Семалардың жалпы санын анықтау қиын, өйткені бір сема бірнеше сөздің
семантикалық мағынасында қайталануы мүмкін. Мысалы, келу бару, қайту т.б.
етістіктердің арасында семантикалық байланыс бар. Бұл етістіктердің
лексикалық мағына құрамында қозғалыс, көлденең бағыттағы қозғалыс т.б.
білдіретін мағыналық элемент (сема) бар.
Сөздерді лексика-семантикалық топтарға біріктіру үшін қандай шарттар
қажет деген сұрақ туындайды. М. Оразовтың пайымдауынша, сөздер лексика-
семантикалық топтарға бірігуі үшін төмендегідей шарттарға бағынуы қажет:
1. Бір лексика-семантикалық топтың құрамына енетін сөздер өзара бір
мағыналық сыңар (семалар) арқылы байланысып жатуы керек.
2. Бір лексика-семантикалық топтың компоненті болып саналатын сөздер өз
дербестігін сақтауы керек.
3. Лексика-семантикалық топтың құрамындағы сөздер бірі екіншісін
мағыналық жағынан толықтырып, ұштасып жатуы керек.
4. Антонимдік, синонимдік сыңарлар да белгілі бір лексика-семантикалық
топтың аясында болады.
5. Лексика-семантикалық топтар іштей семантикалық топтарға бөлініп,
сатылай байланысып жатады.
6. Лексика-семантикалық топтың құрамындағы сөздер бір сөз табынан болуы
керек [16,.17-18].
Ал А.Ә. Османова сөздер лексика-семантикалық топтарға бірігуі үшін:
1) өзара белгілі бір мағыналық элементтері арқылы байланысып жатулары
керек;
2) белгілі бір парадигмалық қатар жасай алатын бір текті сөз табынан
болуы керек;
3) ЛСТ-нің лексика-семантикалық элементі болып саналатын сөздер
өздерінің дербестігін сақтай отырып, басқа сөздермен байланысуы керек;
4) бірін-бірі мағына жағынан толықтырып, ұштасып жатулары керек деген
пікір айтады [19, 21]. Біздің ойымызша, екі автордың пікірі бір-біріне
қайшы келмей, керісінше бірін-бірі толықтырып, бірінің ойын екіншісі
жалғастырып жатыр.
Сонымен, етістіктерді лексика-семантикалық топтарға бөлгенде олардың
лексикалық мағыналарына сүйену қажет. Етістіктер зат есім мен сын есімдерге
қарағанда кең мағыналы ауқымдылығымен сипатталады және бұл етістіктерді
топтарға бөлуді қиындатады. Мысалы, жату, жүру, тұру етістіктері бір
контексте қимыл етістіктері болып, енді бір контексте қалып етістіктері
болып қолданылуы мүмкін, сондай-ақ көмекші етістіктердің де қызметін
атқарады. Ал көр етістігі сезіну етістіктеріне жатады, бірақ та кейбір сөз
тіркесінде, мысалы, мақаланы көрді қимыл етістігіне жатады.
Қазақ тіл білімінде етістіктердің лексика-семантикалық топтарының саны
туралы бірізділік жоқ. Біздің ойымызша, М. Оразов ұсынған етістіктердің ЛСТ-
ны топтастыру ұтымдырақ жасалған. Себебі автор барлық етістікті қамтуға
тырысқан.

Қазақ тіл білімінде етістікті сөз табы ретінде қарастырып және оның
мағыналық сипатын талдап, оларды мағыналық топтарға ажыратқан алғашқы
ғалымдардың бірі – Ы. Маманов [5]. Ғалым еңбегінде етістіктерді мағынасы
жағынан басты ерекшеліктеріне қарай төмендегідей 8 лексика-семантикалық
топқа бөледі:
1) Іс-әрекеттік қимылды білдіретін етістіктер: жазу, сызу, қазу, жұлу
көтеру, тазалау, кесу, шашу және т.б.
2) Қозғалыс қимылын білдіретін етістіктер: жүгіру, еңбектеу, домалау,
жорғалау, өрмелеу, қозғалу, жылжу, қашу, жүзу және т.б.
3) Қалып-күй үрдісін білдіретін етістіктер: ауыру, ұйықтау, тұру,
отыру, жату, тынығу, жүдеу, жабығу, арықтау, семіру және т.б.
4) Көңіл-күйін білдіретін етістіктер: қайғыру, мұңаю, қуану, ренжу,
күлу, жылау, ашулану, қызғану және т.б.
5) Сапалық белгінің өзгеру үрдісін білдіретін етістіктер: ұзару,
қысқару, сарғаю, ағару, көбею, азаю, жұқару, қалыңдау және т.б.
6) Еліктеу, бейнелеу етістіктері: жымыңдау, қылмыңдау, пысылдау,
ыңқылдау, гүрсілдеу, жылтылдау, бұртию, күржию және т.б.
7) Туу, өсу қимылын білдіретін етістіктер: балалау, құлындау, қоздау,
боталау, күшіктеу, жұмыртқалау және т.б.
8) Субъективтік реңді етістіктер (сөйлеушінің қимылға субъективтік
көзқарасын көрсетеді): азсыну, көпсіну, кісімсу, ұлықсыну, білгішсіну және
т.б. [4, 35-36].
Қазақ тілінде етістікті мағыналық топтарға бөліп көрсеткен екінші ғалым
– А. Хасенова . Ғалым Қазақ тілі грамматикасы атты академиялық еңбекте
қазақ тіліндегі етістіктерді іс-әрекет, амал, қалып үдерісінің динамикасын
білдіруі жағынан 6 лексика-семантикалық топқа бөліп көрсетеді:
1) Объектімен тікелей байланысты іс-әрекетті білдіретін етістіктер. Бұл
топқа, негізінен, сабақты етістіктер жатады. Бірақ олардың өзін субъекті іс-
әрекетінің объектіге қатысына қарай:
а) іш, же, пісір, қаз, құрт, піш, уат, кес;
ә) майла, боя, сабында, оюла;
б) ұр, соқ, жық, апар, әкел, ал, бер;
в) жүр (шахмат, дойбы, картаны жүр дегенде), бас (аяғыңды бас), қат
(тіл қату);
г) көр, есіт, оқы (кітапты), ұқ, ұйымдастыр, түсін, сезін, сүю, көңлі
түсу, аңсары ауу тәрізді бірнеше топқа жіктеп көрсетуге болады.
2) Субъекті қозғалысының беталыс, бағытын білдіретін етістіктер. Бұлар,
негізінен, салт етістіктер тобын құрайды. Оларды да автор іштей 4 топқа
бөлген: кел, кет, ұш, жинал, түс және т.б.
3) Субъектінің қалып, сапалық өзгеру үрдісімен байланысты айтылатын
етістіктер. Бұған да, негізінде, салт етістіктер жатады. Автор оларды да
іштей 6 топқа бөліп, тағы да сол тәрізді топтарға жіктейді: ұйықта, оян,
азай, көбей, ауыр, бат және т.б.
4) Бейнелеу етістіктері.
а) бет-бейне, дене құбылуымен байланысты айтылатын етістіктер: адырай,
бақырай, едірей, бүкірей, мықырай; мықшыңда, ілми, жыми және т.б.
ә) дыбыстаумен байланысты динамикалық үрдісті білдіретін етістіктер:
маңыра, мөңіре, үр, мияула, ойбайла, шәуілде, шырылда т.с.с.
б) түр-түс т.б. құбылмалы үрдістерді білдіретіндер: жалтылда, жалпылда,
үлпілде, үлбіре, қызараңда, ағараңда ербеңде т.б.
5) Ішкі объектілі салт етістіктер. Бұл етістіктерді іштей екі топқа
бөлген: гүлде, балала, бұзаула, қозда және т.б,
6) Көмекші етістіктер тобы: е, еді, екен, емес, емегенде, де, деп,
дейтін, шығар т.б, күрделі компоненттерде қосалқы қызмет атқаратын
сыңарларын жатқызады [5, 126-128 ].
Жалпы қазақ тіліндегі етістіктерді фундаментальды зерттеген ғалымдардың
бірі А. Ысқақов қазақ тілінің етістіктерін іштей бір-біріне мағына жағынан
жақындықтарына, қызметі жағынан ұқсастықтарына қарай 11 лексика-
семантикалық топқа бөліп көрсетеді [6, 224 ]:
1) Амал- әрекет етістіктері (көтер, босат, күрес, ки, сыз, өлше және
т.б.)
2) Қимыл- қозғалыс етістіктері (ауна, аудар, домала, секір, қаш және
т.б.)
3) Қалып- сапа етістіктері (жат, тұр, жантай, ұлғай, тос, күт және
т.б.)
4) Ойлау- сөйлеу етістіктері (айт, сөйле, де, ескер, жатта және т.б.)
5) Өсу- өну етістіктері (балала, жапырақта, гүлде, өс, өн және т.б.)
6) Бағыт- бағдар етістіктері (бар, кел, кет, қайт, әкет және т.б.)
7) Көңіл күйі етістіктері (жыла, қайғыр, өкін, күл, қуан т.б.)
8) Бейнелеу-еліктеу етістіктері (жарқыра, күркіре, дүркіре, тарсылда,
сыртылда, сырқыра және т.б.)
9) Көру- есту етістіктері
10) Дыбыс- сес етістіктері
11) Мінез- құлық етістіктері
Қазақ тіліндегі етістіктерді зерттеуге арналған орны ерек еңбектердің
бірі – М. Оразовтың Қазақ тілінің семантикасы атты еңбегі [7, 415].
Автор қазақ тіліндегі етістіктерге тыңғылықты талдау жасап, оларды
жалпылауыш семаларына қарай үлкен 12 лексика-семантикалық топтарға
біріктірген:
1. Амал-әрекет етістіктері. Бұл топтағы етістіктер белгілі бір
объектіге бағытталған амал-әрекетті білдіретін жалпылауыш семаларымен
байланысты топтастырылған. Оларды автор 6 семантикалық топқа бөледі.
2. Қозғалу етістіктері. Бұл топтағы етістіктердің жалпылауыш семасы
қозғалысқа түскен заттардың не адамның бір орыннан екінші бір орынға
өткендігін, орын ауыстырғандығын білдіреді. Қозғалу етістіктері де 6
семантикалық топқа біріктірілген.
3. Қарым-қатынас етістіктері. Бұл топтағы етістіктер заттар не адамдар
арасындағы түрлі қатынастарды білдіретін семаларымен байланысты
топтастырылған және 6 семантикалық топқа бөлінген.
4. Сезіну етістіктері. Бұл топтағы етістіктер сезім мүшелерінің
қызметімен байланысты жалпылауыш семаға ие болады. Олар 6 семантикалық
топқа бөлінген.
5. Ойлау етістіктері. Бұл топтағы етістіктер адамның ойлау үрдісімен
байланысты болады да, сан жағынан онша көп болмайды. Ол етістіктерді автор
5 семантикалық топқа бөледі.
6. Сөйлеу етістіктері. Бұл топтағы етістіктер дыбыс толқындары арқылы
белгілі бір ақпаратты екінші біреуге жеткізу жалпылауыш семасы арқылы
топтастырылған. Сөйлеу етістіктері 4 семантикалық топқа бөлінген.
7. Дыбыс-сес етістіктері. Бұл етістіктердің тобына табиғаттағы заттар
мен құбылыстардың шығарған дыбыстарына байланысты қолданылатын етістіктер
енеді.
8. Эмоционалды (көңіл-күй) етістіктері. Бұл топтағы етістіктер адамның
көңіл-күйімен, психологиялық қалпымен байланысты болады; 4 семантикалық
топқа бөлінген.
9. Қалып-сапа етістіктері адамның не басқа заттардың табиғи күйін,
қалпын білдіреді.
10. Өсіп-өну етістіктері туу, өсіп-өну үрдісімен байланысты.
11. Субъектив реңктерді білдіретін етістіктер. Бұл етістіктердің
мағынасында эмоциялық реңк болады да, айтушының не жазушының көзқарасын
білдіреді.
12. Табиғи құбылыстарға байланысты етістіктер; табиғи құбылыстарға
байланысты қолданылатын етістіктер қамтылады.
Бұл мәселелер қалып етістіктерінің семантикасы,тіркесімділік
мәселесін зерттегенде маңызды роль атқарады.
Қалып етістіктерінің тарихи тұлғасы туралы алғаш пікір айтқандар
Алтай тілі грамматикасыныңавторлары болатын.Алтай және қырғыз тілдерінде
йат-лежи, тұр-стой, отур-сиди, йур-ходи төрт етістігі басқа
етістіктерден бөлініп кетеді. Бұл етістіктер, әсіресе бірінші үшеуі
дерексізденген мекенді және әрекетті, қимылдық қалыпта болуды
білдіреді.Басқа етістіктерден олардың айырмашылығы сол, солар ғана өз
бетінше осы шақтың сипаттамалы формасын жасай алады.[8,19]
Бұл еңбектен кейін де көптеген ғалымдар(Ф.Э.Корш, П.М.Мелиоранский,
Н.К.Дмитриев, А.Н.Кононов, Э.В.Севортян, А.П.Поцелуевский, т.б. ) қалып
етістіктеріің этимологиясы туралы құнды пікірлер айтқан.Бұл ғалымдар бір
тұжырымға тоқтамаған, әркім өз пікірін, жорамалын ұсынған.Мысалы, Ф.Э.Корш
отыр етістігінің көне тұлғасы олтур болғандығын айта келіп,бұл
етістіктің ертеректе ол отыру мағынасында болған және тұр етістіктерінен
құралған дейді. П.М.Мелиоранский олтур етістігінің білдіретін мағынасына
қарай отырып Ф.Э.Корштың пікірін теріске шығарады.
Э.В.Севортян отыр етістігінің оттур тұлғасының да бар екендігін
көрсетеді. С.Аманжолов көне түркі тілдеріндегі оттур тұлғасындағы екі
дыбыстың қатар келуін тіл дамуының соңғы кезінде ғана жүз берген құбылыс,
негізінде түбір құрамында келген т дыбысы өзінің алдында тұрған л
дыбысына ықпал жасап, оны т ға айналдырған дейді.
Ал қазақ тіл білімінде осы төрт етістіктің формаларындағы,
функцияларындағы, семантикалық реңктеріндегі нәзік айырмашылықтарды, бәріне
ортақ бірыңғай ерекшеліктерді Қ.Жұбанов, А.Байтұрсынов, Н.Т.Сауранбаев,
С.Аманжолов, Ы.Маманов, А.Ысқақов, С.Исаев, М.Оразов, Т.Қордабаев,
Н.Оралбаева, З.Оспанова т.б. белгілі ғалымдар өз еңбектерінде көрсетіп,
айтып кеткен. Сондықтан біз қарастырып отырған тақырып бұрын соңды
айтылмай, зерттелмей келген тың мәселе емес, оның негізгі белгілері,
ерекшеліктері анықталған. Біздің мақсатымыз қалып етістіктері Ы.Маманов
зерттеулерінде қай тұрғыдан қарастырылды, осы тақырыпты сөз игі әсері
қандай болды, бүгінгі таңда оның маңыздылығы неде деген сұраулардың басын
ашу болып отыр.
Алғашқылардың бірі болып бұл төрт етістіктің өзіндік ерекшелігін
таныған ғалым – профессор Қ.Жұбанов қалып етістіктерінің әрқайсысының
беретін лексикалық, семантикалық мағыналарына қарай оларды дәл осы шақтың
төрт түріне бөліп қарастырады. Ғалым сыпат категориясына нақты
тоқталмағанмен, істің жүру процесін білдірудегі осы төрт етістіктің
көмекшілік кең тұжырымдайды. [9, 352 ].
А.Байтұрсынов қалып етістіктерін көмекші етістіктер қатарында
қарап, оның болымды түрінің жіктелуі басқа етістіктерден өзгеше екендігін,
яғни жіктік жалғауы оларға тікелей жалғанатынын, ал болымсыз формада
келдгенде қалып етістіктері басқа етістіктер сияқты жіктелетінін, яғни
тікелей жіктелмейтінін байқаған [10, 244-245].
Н.Т.Сауранбаев Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен
функциясы еңбегінде (1942) күрделі етістіктердің жасалуына тоқталады.
Толымды, толымсыз көмекші етістіктерді нақты атамағанмен, жатыр, отыр
етістіктерінің көсемше формалы негізгі етістікке тіркесіп, көмекшілік
қызмет атқаратынына бірнеше мысалдар келтірген.
С.Аманжолов негізінен шақтық мағына осы төрт етістіктің өз ішінде,
бүтін тұлғасында болатындығын айтса (1994), аталған төрт етістіктің
грамматикалық мағыналарын орыс тілімен салыстыра зерттеген ғалымдарымыздың
бірі Ш.Х.Сарыбаев олардың есімдерше жіктелуін, шаққа, жаққа қатысын т.б.
алғаш танып, дұрыс нұсқау берген (1939). М.Оразовтың Қазіргі қазақ
тіліндегі қалып етістіктері (1980) атты монографиясында аталған
етістіктердің морфологиялық құрылымында туған тұл,алық, мағыналық
өзгерістергі және әбден орныққан формаларына тарихи, ғылыми тұрғыдан
талдаулар жасалады. А.Ысқақов пікірлерін сараласақ (1991), басқа авторлар
пікірінен онша алшақ еместігін байқаймыз. Ғалым қалып етістіктерінің
негізгі мағыналары мен қызметтерін атқарумен бірге, амал-әрекеттің даму
кезеңін (фазасын), өту сипатын білдіруге дәнекер болса, екінші жағынан,
етістіктің нағыз осы шақ категориясын құрауға негіз болады дейді. Бірақ
ғалымның өзіндік көзқарасы да жоқ емес. Оған сыпат категориясының
синтетикалық түрін атауға болады. Сондай-ақ ғалымның сыпат категориясын
үшке бөліп (қимылдың басталуы, жүріп жатуы, аяқталуы), олардың формаларын
көрсетуі ғылым үшін жаңалық деп білеміз.
Қимылдың өту сипаты етістіктің дербес грамматикалық категориясы
ретінде түркітануда және қазақ тіл білімінде XX ғасырдың екінші жартысында
ғана танылса да, қимылдың жасалуындағы түрлі ерекшеліктер түркі тілдерін
зерттеушілердің назарына ертеден-ақ ілінген. Ы.Мамановтың сыпат
категориясына байланысты ойларын сарапқа салғанымызда, ғалым, ең алдымен,
сөз мағынасына емес, сөз формасына баса назар аударғанын байқаймыз. Мұны
ғалымның мына пікірінен білуге болады: Қалып етістіктерінде шақтық форма
жоқ, тек шақтық мағына бар. Ғалым қалып етістіктерінің бойындағы шақтық
мағына оларға телулі шақтық мағына емес, олардың бойында шақтық мағынадан
басқа да (айталық, қимыл-күйді білдіру – етістіктік мағына; қимылдың өту
сипатын білдіру – аспкетуалдылық мағына т.б.) мағыналар бар. Ғалымның бұл
пікірін басқа ғалымдар еңбектерінде айтылмаған ерекше жаңалығы деп атауға
болады. Сонымен қатар, көсемше формалы етістіктердің қалып етістіктерімен
өзге толымды етістіктер арқылы сыпат категориясын жасауы туралы ойлары
аналитикалық формалы етістіктер жайындағы күрделі зерттеуге негіз болған.
Қимылдың жасалу кезеңдері мен тәсілі бойынша етістіктерді жіктеуі қазіргі
грамматика талаптарына толық сай келмегенмен, функционалды грамматика
тұрғысынан құнды пікір екендігін көрсетіп отыр.
Функционалды грамматикада қимылдың өту сипаты немесе амалдың өту
сипаты деп аталып жүрген ұғым аспектуалность терминімен аталады. Қалып
етістіктері осы аспектуалдылық мағынаны білдіруде маңызды рөл атқарады.
Олар осы функционалды семантиканы беретін бірден бір тілдік құрал болып
табылады. Қалып етістіктерінң фунуционалды-семантикалық өріс жасаудағы
қызметі функционалды грамматика мамандарының зерттеулерінде айтылып жүр.
Бұл айтылғандардан қалып етістіктері тек қана аспектуалды семантика
ғана жасайды деуге болмайды. Ол басқа да функционалды-семантикалық
өрістерді жасауға қатынасады. Айталық, олар қимылдың өту сипатын білдіруден
бұрын , ең алдымен, шақтық мағынаны білдіреді. Дәстүрлі грамматика
тұрғысынан олардың құрылымдық функциясы нақ осы шақты білдіру делініп, нақ
осы шақты білдіретін тілдік құрал, соның көрсеткіші ретінде қаралып жүр.
Алайда бұл оларға берілген біржақты ғана пікір. Өйткені шақ тілдік жүйеде
және сөйлеуде екі бағытта қызмет етеді. Аталған етістіктер тілдік жұйеде
шақ көрсеткіші болса, сөйлеуде, екі бағытта қызмет етеді. Аталған
етістіктер тілдік жүйеде шақ көрсеткіші болса, сөйлеуде, яғни сөйлеу
бірлігі – мұны зерттейтін сала функционалды грамматика тұрғысынан одан кең
түрде қарастырылады. Ол тек қана нақ осы шақтық мағынаны ғана білідрмейді,
сонымен қатар шақтық мағынаның басқа да реңктерін беруге қызмет етеді.
Сөйлеудегі шақтық мағына функционалды грамматика тұрғысынан
темпоральность деген терминмен аталады. Темпоралдылық функционалды-
семантикалық өрісін жасауда қалып етістіктерінң өзіндік орны, тиесілі
қызметі бар. Олар темпоралдылық категориясының мағыналық қырларын білдретін
тілдік құрал болып табылады. Демек қалып етістіктері бір ғана категорияның
тілдік көрсеткіші емес, ол аспектуалды, темпоралды, сондай-ақ басқа да
қызметтерде жұмсалады.
С.Аманжолов отыр етістігінің тарихы туралы екі түрлі болжам жасайды.
Біріншісі бойынша, отыр етістігінің арғы төркіні олтур, олдур болуы
керек сияқты. Екіншісі бойынша, оның төркіні моңғолдың орду сөзінен
өрбіген болуы керек.
А.Ысқақов Қалып етістіктері тіліміздегі орны мен қызметі ерекше екені
белгілі.Іс-әрекеттің белгілі кеңістікте және мезгіл-мезетте өтуіне
байланысты туатын неше алуан аса нәзік көріністері мен құбылыстардың
көпшілігі осы тұр жүр отыр жатыр етістіктернің қызметі арқылы
беріледі.,-дей келіп, мынадай қорытынды жасайды:
•Өзіне тән лексикалық мағыналарын толық сақтап, барлық парадигмалық
формаларда түрленіп, дербес синтаксистік қызметін түгел атқарып отыратын
негізгі етістік есебінде қолданылған(қаған отырған, күндіз отырғым келмеді,
т.б)
•Әрі жетекші етістік ретінде, әрі көмекші етістік ретінде қызмет
атқару қабілеттері де, түрлену жүйесі де бірыңғай болғанымен, олардың
лексикалық мағыналары, әрине басқа-басқа, төрт түрлі.
•Логикалық және практикалық талапқа қарай,тіліміздегіөзге етістіктерге
етіс жұрнақтары қосыла береді,ал қалып етістіктерінен өзге етіс формалары
жасалғанымен өздік етіс жасалмайды.
•Тіліміздегі өзге етістіктердің негіздері бұйрық райдың екінші жағына
тән мағынаны білдіріп, сол қызметте жұмсалса, қалып етістіктері әрі бұйрық
райдың екінші жағының сыпайы емес түрі есебінде, әрі ашық райдың үшінші
жағының формасы есебінде қызмет етеді.
•Тіліміздегі өзге етістіктердің негіздері жіктік жалғауды тікелей
қабылдамаса, қалып етістіктері жіктік жалғауды тікелей қабылдап, нақты осы
шақ қызметінде жұмсалады. [6,152]
Қалып етістіктерінің тарихы, тұлғалық қурамы, қолданылуы,
морфологиялық құрылысы туралы кең дерек беріп, құнды, күрделі ойларды
алғашқылардың бірі болып айтқан М.Оразов. Отыр етістігі бұрын олтур
формасында болған,ол үш түрлі элементтен құралған.Отыр сөзінің жасау, өмір
сүру, қоныстану сияқты мекен, орын, кеңістік мағыналы сөздермен тіркескенде
ғана беріледі...[7,138]Автор қалып етістіктерінің барлығын талдаған.
Ал қазіргі замандағы қазақ тіл білімін изерттеушілер қалып
етістіктерінің семантикасы, тарихымен бірге оның қызметіне көп көңіл
бөлуде.
К.Дүйсекова қалып етістіктерін кеңістіктегі қалыпқа бағытталған
етістіктер деп алып, оларды статив, медиаль, каузатив, тұрғысынан алып
зерттейді.А,Ысқақовтың кеңістікте бір қалыпта болу семасынан алшақтап, 5000
мысал арқылы қалып етістіктерінің өте күрделі жүйе екендігін анықтайды.
М.Жолшаева Қазақ тіліндегі аспектуалды семантика: форма және мазмұн
деген диссертациясында қалып етістіктерінің тіл мен сөйлеудегі қызметіне
тоқталады және толық лексикалық мәнге ие қалып етістіктеріне лексика-
грамматикалық сипаттама беріледі, компоненттік талдау негізінде толық
мағыналы етістіктен көмекшілік қызметке ауысу динамикасын көрсетеді,
жетекші етістік пен көмекші етістіктің тіркесуін семантикалық үйлесім
бойынша семалық талдау негізінде айқындайды.

1.2Қалып етістіктерінің семантикалық ерекшеліктері

Лексика-семантикалық топтың мүшелері арасындағы парадигматикалық
байланысты анық көру үшін ғалымдар компонентті талдау әдісін жиі қолданады.
Бұл әдіс бойынша сөз мағыналары бірнеше ұсақ элементтерден-семалардан
тұрады деп есептейді.
Сема – мағынаның әрі қарай бөлінбейтін ең кіші бірлігі. Сема
белгіленетін заттардың, болмыс құбылыстарының әр түрлі қырлары мен
қасиеттерінің тілдегі қарапайым көрінісі.
Тіл білімінде сема терминімен бірге семема, семантикалық көбейткіш,
мағыналық компонент сияқты терминдер де қолданылады. О.С. Ахманова семема
терминіне екі түрлі мағына береді: 1. Парадигмалық қатар мүшелерінің
мағыналық жүйесінің ең кіші элементі. 2. Сөз мағынасы, оның заттық мазмұны.
Ал сема терминіне: 1. Жүйенің варианты. 2. Синтагмалық қатарға түсіп басқа
сөздермен байланысатын мағынаның ең кіші элементі. О.С. Ахманованың
пікірінше, біріншіден, сөз мағынаның ең кіші, ары қарай бөлінбейтін бөлшегі
және, екіншіден, сөздің объектив дүниемен байланысатын мағыналық элементі
[10,401- 402].
М.Оразов Қазақ тілінің семантикасы деген еңбегінде [7] сема мен
семеманы, семема мен сөз мағынасын ажыратқанда төмендегі нәрселерге көңіл
аудару қажет дейді: 1. Сема мен семема сөз мағынасына байланысты болғанмен,
ешқашан толық мағына арқылы берілмейді. 2. Семема семалардың қосындысынан
жасалынбайды. Семалар семемалар сияқты өзгеріске түспейді. 3. Семалар
объективті дүниеден түйсік арқылы қабылданған информациялармен байланысты
болса, семема сол информацияларды қабылдайды. 4. Сема мағынаның ең
кішкентай бөлшегі, ары қарай майда бөлшектерге бөлінбейді. Автор жүр
етістігін компонентті талдау әдісімен талдап, сөз мағыналарын бір немесе
бірнеше семаларға бөлуге болатындығына көз жеткізеді. Жүр етістігінің
құрамында автордың пікірінше төмендегідей семалар бар: 1) қозғалу қимылы
бар, 2) қозғалған заттың бір орыннан екінші орынға өткендігін білдіреді, 3)
қозғалу жерде болады, 4) бағытсыз қозғалысты білдіреді, 5) қозғалыстың
темпісінің баяу (жүгіруге қарама–қарсы) болғандығын, 6) процестің
созылыңқылығын т.б. білдіреді.
Қалып етістіктерінің семаларын анықтау барысында оның морфологиялық
ерекшеліктерін бірге қарастырмауға болмайды.
Тілдің бірте-бірте дамуының арқасында, оның негізгі элементтері (сөздік
қоры мен грамматикалық құрылысы ) бір сападан екінші сапаға бірден, жарылу
жолымен кқшпей, ұзақ уақыт қорлану арқылы көшетіні, соның арқасында ескі
сапа жойылып, жаңа сапа, жаңа құрылым пайда болатыны түсінікті.
Бұдан,әрине, алғашқы ру, тайпа тілдердің негізгі элементтері, бір жола
жойылып келеді деген ой тумайды, оның кейбір элементтері, сақталуы мүмкін.
Шынында да, түркі тілдерінің,
оның ішінде қазақ тілінің тарихынан бізге белгілі ̶ кейбір грамматикалық
категориялар, сөздер, сөз тіркестері өте баяу болса да, бірте-бірте дамып,
өзгеріп, жетілуде екенін көреміз. Тарихи мәліметтерге
қарағанда, қазақ тілінің халық тілі болып қалыптасуы XV ғасырдан бермен
қарай. Қазақ тілінің онан арғы тарихи ескі деректерін біз қазақ
тайпаларының диалектерінен, қазақ жерінде болған ескі түркі тілдерінен,
ескі түркі жазуларынан, кейбір осы кездегі туыс тілдерден табамыз. Өйткені
барлық түркі тілдерінің және диалектерінің тегі бір, бәрі бір тілден
тараған. Кейбір диалектілерде, кейбір тілде түркі тілінің ең ескі сөздері,
грамматикалық формалары, сөз тіркестері сақталып қалмақ. Тілдерді
салыстырып тексеру арқылы жеке тілдің ең ескі қалпын, бейнесін,
құрылымын,грамматикалық құрылысы мен негізгі сөздік қорын танып білуге
болады. Осы тұрғыдан қарап, қазіргі қазақ тіліндегі отыр мен тұр деген
етістіктерінің тарихын, қолдағы бар материалдардың мүмкіндігіне қарай шолып
өтуді керек деп таптық. Қазіргі қазақ тіліндегі отыр, тұр
етістіктері жатыр, жүр етістіктері сияқты қимылдың, жайдың түрлі жағдайын
білдіретін өте өнімді етістіктерінің қатарына жатады. Бұлардың өнімділігі,
біріншіден, көп қолданылуында, қай көсемшеге болса да, бұлар көмекші
ретінде тіркесе беруінде. Мысалы: Қарағалы отыр, қарай отыр, қарап отыр,
қарамай отыр. Жазбай отыр, жазып отыр, жаза отыр, жазғалы отыр т.б.
Екіншіден, бұлар атау тұлғада я жіктеу жалғаулы күйінде бірде өзінің
тура мағынасын сақтап, бірде сақтамай, түрліше лексикалық, семантикалық,
грамматикалық қызмет атқарады. Мысалы: а) сен орныдыққа отыр.
ә) ол орныдықта отыр.
б) Асан кітап оқып отыр.

Мұның біріншісі, кәдімгі етістік түбірі есебінде II-жақ, келер шақ,
бұйрық рай, жекеше мәнде айтылған. Екіншісі ̶ алғашқы сияқты тура
мәнді емес. Бұл III-жақта, ашық райлы, кәзіргі (осы) шақта тұр. Ал,
бұлардың бұлай болып тұруының мәнісі неде ? Екеуі де атау тұлғадағы етістік
қой. Екеуі де көмекші етістік емес қой. Мұндағы бір етістіктің екі түрлі
мәнге ие болуының негізгі себебін сол грамматика қарамағына түсуіне
байланысты жандануынан пайда болған құбылыс деп білу керек. Бірінші
сөйлемде объект (орындық) барыс жалғаулы сөз. Ол ̶ етістіктің бағытын,
мезгілін бұзбайды. Ал екіншіден объект жатыс жалғаулы сөз. Бұл – етістіктің
бағытын бұзып, оны қазіргі (осы) шаққа келтіріп отыр. Үшіншіде отыр атау
күйінде болғанымен, мағынасы, шағы, қызметі өзгерген. Бұл соңғының себебі
объектке байланысты емес, отыр етістігінен бұрын келген оқып деген
көсемшеге байланысты. Өйткені, мұндағы негізгі мағына сол оқып деген сөзде.
Ал, отыр соған көмекшілік қызмет атқарумен байланысты, өз мағынасын
жойып, абсракттану арқылы көсемшені тиянақтаушы сөз ретінде, оның шағын,
жағын білдіріп тұр. Отыр етістігінің енді бір қасиеті ̶ өзі түбірлес
көсемшенің й, -қалы-ғалы, -келігелі түрінен кейін көмекші болып келе
алады. Мысалы: отырмай отыр, отырғалы отыр. Сол көсемшенің ае және п ға
біткен түрінен соң отыр көмекші бола алмайды. Отыр
етістігінің түрлі қосымшалар арқылы көптеген есім сөздер пайда болады.
Мысалы: а) отырықты (көшпей, бір орында отыратын, бір жерге орналасқан
деген мағынада); б) отырықшы (бұл да отырықты мағынасында); в) отырыс
(мәжіліс я жұмыссыз күн өткізу); г) отырғыш (орындық, скамейка); д) Отырар
(Сыр-Дарья бойында болған ескі қала аты) т.б. Тұр
етістігінің де осы отыр сияқты ір алуан құбылыста болады. Бұлардың айырмасы
да жоқ емес. Тұр етістігі де отыр сияқты емес, өзі түбірлес көсемшенің
ешбір түрін талғамай, көмекші бола береді.Мысалы:
а) сен тұра тұр;
ә) ат тұрғалы тұр;
б) көтерем мал тұрмай тұр;
в) ауру адам орнынан өзі тұрып тұр.
Жоғарғы қасиеттерден бөлек бұл екі етістіктің
кейбір түрі басқа көптеген етістік сияқты қосарланып та айтыла береді.
Мысалы: отыра-отыра,отырып-отырып,тұра-тұра , тұрып-тұрып.
Әлеуметтік, қоғамдық қатынастың, сауда-саттық және басқа
әрекетімен байланысты орыс тіліндегі сколько стоит этот предмет ? деген
сөйлем я сөздер тізбегі қазақта бұл нәрсенің бағасы қанша тұрады ? болып,
калька ретінде қалыптасқан. Мұндағы тұрады етістігі мен ол ерте тұрады, ол
қалада тұрады немесе ол айтқан сөзінде тұрады деген сөйлемдердегі тұрады
сөздерінің форсмасы бір болғанымен, мағынасы мүлде басқа. Мұнда шақтық мән
мүлде абстрактанған.
Насихат-әл-Салихин мен Кесік бас кітаптарынан тәқый дағы сөздері
туралы келтірілген мысалдарында тұр етістігі бол етістігінің орнына
жұмсалғанын көреміз. Мысалы: И қарт, әйт, кем торырсың ?̶ Дөньяда хуб-буб
эшлір күб есімше, көсемшелерден басқа мынадай есім сөздер пайда болған:
тұрақ (тұратын жер, мекен мағынасында) , тұрмыс я тұрмыш (хал, жай, күй
мағынасында) , тұрықтұрқы (өн бой, ұзын бой ) , тұрақты (тиянақты,
салмақты, табанды) , тұрақсыз (тиянақсыз, салмақсыз, табансыз) ,
тұрыстұрысатын жер (ақтық сөз, үзілді-кесілді келісім), тұрғын
(жергілікті), тұрман (ер-тұрман дегендегі қос сөздің соңғы бөлегі); Тұрсын,
Тұрар, Тұрдалы, Тұрғаны (кісі аттары) т.б.
Ал, енді бұл екі сөздің негізін тексеруде ескі түркі тайпаларының тіл
дәректері мен басқа төркіндес тілдердің деректеріне көз салсақ, мынаны
көреміз.
1. Ең ескі түркі тайпасының жазуымен жазылған ескеткіштің бірі Кюль-
Тегін құрметіне арналған (VIII ғасыр) текстіде кәзіргі қазақтың отыр
дегенінің орнына олур етістігі қолданылған екен. Оны мына мысалдан көруге
болады: Тәңірі ярлықадықың үчүн, өзім құтым бар үчін, қаған оуртым. Қаған
олурып, йоқ чыған бұдынығ көп қобартдым, чыған бұдынығ бай қылтым, аз
бұдынығ үкүш қылтым. Орысша аудармасы: По милости неба и потому,что у меня
самого было поднял погибший, неимущий народ сделал богатым,
немногочисленный народ сделал многочисленным.
Мұндағы олур әрі отыр мағынасында, әрі бол етістігінің
мағынасында қолданылғанын, демек, оның контекстіге қарай әуелде бірнеше
мағынаға ие болатынын байқаймыз.
Орхон жазуында отыр етістігінен жасалған есімшенің олур-тачы түрі ,
тұйық етістік түрі (бұл қазақтың отырған дегеніне келеді) , тұйық етістік
еке орнына) және шартты райдың олурсар (отырса орнына) түрі бар. Көсемшенің
п-ға біткен ғалы-ға біткен түрімен пан (олурупан) жұрнағына біткен түрі бар
екені белгілі.
2. Бұдан беріректегі X – XI ғасырдың ескерткіштеріне, атап айтқанда, ұйғыр,
керей-найман, араб жазуларымен жазылған текстілерге қарасақ, онда қазақтың
отыр сөзінің орнына олдұр олтұр формасы арқылы қолданылыпты. Мысалы:
1.
Мұнадып айұп, олдұрұп күн өзі,
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалып етістіктерінің грамматикалық қасиеті
НАҚ ОСЫ ШАҚ СУБКАТЕГОРИЯСЫНЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Етістік форманттарының қазақ тіліндегі құрылымдық жүйесі
Етіс категориясы - түбір етістіктен туатын грамматикалық форма
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ Ы.МАМАНОВТЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
Көмекші етістіктердің грамматикалық әлеуеті
Етістіктің зерттелуі туралы
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚҰРАНДЫ ЕТІСТІКТЕР
Қазақ тілінің грамматикасы
Жалаң түбір тұлғалы салт етістіктердің семантикасы
Пәндер