ГФР мен Қазақстан Республикасы арасындағы экономикалық қатынастар



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I .Тарау. Хх және ххІ ғғ. Германия экономикасының жағдайы мен ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1. Германия экономикасының құрылымы мен ерекшеліктерінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Экономикалық саясатының негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3. Германияның сыртқы экономикалық байланыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

II.Тарау. Германия және Еуропалық Одақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
2.1. Еуропалық интеграция мен ЕО экономикасының даму тенденцияляры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2.2. Біріңғай Еуропалық ішкі нарық пен Еуропалық валюталық Одақ құрылу үрдісіндегі Германияның рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39

III.Тарау. ГФР мен Қазақстан Республикасы арасындағы экономикалық . қатынастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
3.1.Екі жақты экономикалық ынтымақтастықтың дамуы ... ... ... ... ... ... ... 46
3.2. Экспорттық . импорттық операциялар мен шетелдік инвестициялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
3.3. ҚР мен ГФР . ң арасындағы ынтымақтастықтың даму мәселелері мен перспективасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64
Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Кез келген елдің өзін әлем сахнасында мойындатуы мен жетекші рөлге ие болуы – оның экономикасының дұрыс бағытта дамуы деңгейімен тікелей байланысты. Әлемдік экономикадағы сондай рөлге ие жетекші елдердің бірі Батыс Еуропа елдері болып табылады. Батыс Еуропа елдерінің экономикасының негізін құрайтын елдердің бірі Германия болып келеді. Диплом жұмысының арқауы мен негізгі ұстанымы осы бағытта құрылады.
Германия өзінің қалыптасу кезінен бастап халықаралық қатынастарда өз бетінше әрекет ететін субъект ретінде көрсетті және әлемдік экономикадағы ролі мен әсерін күшейтуге ұмтылды.
Жұмыста әлемдік шаруашылықтың алдыңғы қатарындағы Германия экономикасының жалпы сипаттамасы мен оның Еуропалық одақтағы және әлемдегі экономикалық ролі қарастырылады.
Тақырыптың өзектілігі. “Германия өзінің географиялық орналасуына, халық санына және экономикалық өлшеміне байланысты ұлы еуропалық держава болып табылады”- деп бұрыңғы федералдық министр Эгон Бар атап өткендей, Германия Еуропадағы жетекті экономикалық күш және әлемдік көшбасшылардың бірі. [1]
Егеменді және тәуелсіз еуропалық мемлекеттер арасындағы интеграциялық байланыстардың қалыптасу және нығаю тәжірибесі ғаламдану жағдайында ерекше маңызға және өзектілікке ие болып келеді. Еуропалық Одақ мүше-елдерінің экономикалық саясатты күшейтуі және ГФР-ң бұл Еуропалық Одақ экономикасының қалыптасуында ықпалының үнемі өсуі - Еуропалық интеграциялық үрдістің аса маңызды факторлары болып табылады. Қазіргі кездегі әлем назарын өздеріне аударып отырған Батыс Еуропадағы интеграциялық процестер үлкен маңызды кезеңге айналды. Еуропалық Одақ қазір интеграциялық процесс дамуының керемет аймағы болып табылады
ЕО интеграциялық құрылымында өз белсеңділігін арттыра отырып, ГФР Еуропадағы жетекші позицияларын күшейтті. Еуропалық Қауымдастық үшін ГФР ең алдымен, “локомотив” рөлін атқарды. Германия әрдайым батысеуропалық елдердің өнеркәсібінің бөлек салаларын біріктірудің басында тұрды. Германия бірыңғай нарықты, ал кейінірек, Экономикалық және валюталық одақты құруда асқан белсенділік танытты. [2]
ГФР – ның экономикалық саясаттың бағыттары мен сыртқы экономикалық байланыстары мен еуропалық интеграция үрдісінің бірге дамып отыруы бұл тақырыптың саяси - экономикалық және ғылыми өзектілігін айқындайды. Германия Федеративтік Республиканың Еуропалық Одақта және әлемде сондай беделге жетуі мен жетекші экономикалық рөлге ие болуы, сонымен қатар практикалық жағынан Германияға деген оқу сапарым, бұл елмен жақынырақ танысуым дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға, оның мазмұны мен құрылымының қалыптасуына негіз болды. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты: ЕО құрылымындағы ГФР экономикасын және интеграциялық үрдістің әрі қарай дамуындағы Германияның ролін айқындау; Сонымен қатар әлемдегі соның ішінде Еуропалық Одақтың экономикасында Германияның қаншалықты үлесі жоғары екенін және Қазақстан республикасымен экономикалық қатынастарындағы перспективалары мен екі жақты ынтымақтастықтың дамуын тежеп тұрған мәселелерін шешу жолдарын көрсету. Соған қоса Германия экономикасы мен экономикалық саясатының бағыттары Қазақстан үшін үлгі бола алатынын көрсету.
Осы мақсатқа жету барысында бұл жұмыс келесі міндеттерді шешукөзделді:
• Германия экономикасының құрылымы мен ерекшеліктеріне нақтырақ тоқталу;
• ЕО құрылу идеясының эволюциясын және оның ГФР сыртқы экономикалық қатынастарын жүзеге асырылу барысын қарастырып өту;
• ЕО құрылуының негізгі кезеңдерін айқындап, әр кезеңдегі ГФР интеграциялық стратегиясының негізгі бағыттарын көрсету;
• Германияның ЕО-ғы орны мен рөлін сараптау негізіндегі қарастырылған кезеңнің шеңберінде ЕО - ғы біріккен Германияның қазіргі таңдағы тенденцияларына баға беру;
• Қазақстанмен екі жақты экономикалық қатынастарындағы перспективаларымен екі жақты ынтымақтастықтың дамуын тежеп тұрған мәселелерін анықтау; Дерекнамалық шолу. Қорытынды жұмысты жазу барысында қолданылған деректерді келесі топтарға бөлуге болады:
Бірінші топқа Қауымдастықтың негізін салған құжаттар. Еуропалық Одақ туралы келісім-шарт, Еуропалық Одақтың құжаттары 2 том кіреді.
Екінші топқа орыс, неміс тілдеріндегі баспасөз құралдары мен қоғамдық-саяси басылымдары жатады. Олар негізінен дәйектер мен статистикалық мәліметтер жинауда көмектесті. Атап өтсек, «Известия», «Журнал Европейского Союза», «Континент», «Франкфуртер альгемайне Цайтунг», «die Welt», «Международная жизнь». Әсіресе, герман периодикасының ішінде «Wirtschaft von Deutschland», «Deutschland in der Welt» журналдары және «Tatsachen ueber Deutschland» жиі пайдаланылды.
ҚазҰУ- де бүкіл Орталық Азия аймағына таралатын Еуропалық Құжаттама Орталығы қызмет көрсетуде. Бұл жұмыс Құжаттама Орталығынан алынған сараптамалық материалдар мен есептерге сүйенеді. Құжаттар арасында бөлек елдердің, оның ішінде ГФР-ң ЕО шеңберіндегі жүргізген экономикалық саясаты мен экономикасына қатысты материалдар жеткілікті.
Зерттеу әдістері. Жұмыстың ішінде сараптау, салыстыру, синтездеу сияқты әдістер пайдаланылды. Бүкіл жұмыстың тұжырымдамалық аппаратын құру үшін тарихи салыстыру жасау және хронологиялық әдістер қолданылды. Сол арқылы қарастырылатын кезеңдегі Германия экономикалық саясатының жалпы бағыттарымен экономика даму тенденцияларын байқап көруге көруге мүмкіндік туды. Жұмыстың ішінде ЕО-ғы ГФР экономикалық рөлі ғана емес, сонымен қатар әлемдік экономикасына тигізетін ықпалына да терең талдау жасау үшін жүйелеу тәсілі де қолданыс тапты.
Жұмыстың құрылымы. Қойылған мақсат пен міндеттерге сәйкес, жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе тақырыптың өзектілігі мен ғылыми зерттелу дәрежесіне тоқталады. Онда зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқындалып, тәжірибелік маңыздылығы сипатталады.
Жұмыстың бірінші бөлімінде Германия экономикасының құрылымы мен ерекшеліктеріне, сонымен қатар ұстанатын экономикалық саясатының позитивті тұстарына тоқталып өтіледі, оның экономикалық саясатының тиімділігі қарастырылды. Сонымен қатар оның әлемдік экономикадағы ролін қарастыра отырып, сыртқы сауда және шетелдегі инвестиция туралы айтылады.
Екінші тарауда Еуропалық экономикалық интеграцияның даму процессіндегі Біріңғай Еуропалық ішкі нарық пен Еуропалық валюталық Одақ құрылу үрдісіндегі Германияның алатын орны жайында жазылып, ЕО экономикасының даму тенденцияларына қатысты Германияның одақтағы жетекші ролге ие болуы бірқатар деректермен сандар арқылы көрсетілген. Үшінші тарау Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы мен арасындағы экономикалық қатынастардың негізгі даму қарқынына арналған. Тарауда екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың даму тарихы, сонымен қатар Қазақстан мен Германия арасындағы экспорттың – импорттың операциялар және берілген елдердің инвестициялық қызметі қарастырылады. Тараудың қорытындысында екі елдің ынтымақтастығының мәселелері мен болашағына жан – жақты талдау жасалынды.
Қорытындыда бүкіл жұмыс барысына қысқаша түйін берілген.
Жұмыстың жалпы көлемі 65 беттен тұрады, оның ішінде 16 кесте көрсетілген.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. K. Eggers «Deutschland in der Welt» //Tatsachen ueber Deutschland\\ Frankfurt am Main/ 2004 Juli
2. Намазбеков М. Н. «Экономика Германии: современное состояние и перспективы» // Analytic – 1/2003ж. - 36 б.
3. «От краха ГДР к единству Германии» // Ведомство печати и информации федерального правительства 2003г.
4. Die Wirtschaft von Deutschland // Das Magazin Deutschland – 2001
5. Важнейшие отрасли экономики Германия // Германия Факты. – Берлин 2003
6. Forum fuer Politik, Kultur, Wirtschaft und Wissenschaft // Dresden / 2005 Juli
7. Cтруктуру социальной рыночной экономики // Германия Факты. - Берлин 2003 г.
8. Экономический строй и экономическая политика// Экономика Германии в хх/ веке / Москва -1999г
9. Правительственное заявление федерального канцлера Г. Шредера «Так как мы верим в силы Германии» November 10,2005-Bonn, 1998.//www.deutschebotschaft-Moskau.ru/Internationale Politik/1998./ facts.html
10. Der deutsche Bundestag.// Die Statistik von der Wirtschaft der BRD – Bonn /2005
. Европейское Сообщество на пути к единому рынку.-М.,1990.-С.55
11. Борко Ю.Л. Общий европейский дом: что мы о нем думаем?– М.//Международные отношения.- М.,1991.-C.43-44.
12. Германия в мировой торговли // Ведомство печати и информации федерального правительства / Берлин – 2004г
13. Р. Ульрике «Не только продавать и экспортировать» // Deutsche allgemeine Zeitung -10, 16.09.2004 – c3.
14. Товарная структура ФРГ // Ведомство печати и информации федерального правительства / Берлин – 2004г.
15. Der wichtigste Handelspartner in der EU – Deutschland// Deutsche Allgemeine Zeitung - Frankfurt am Main/ 2004 November
16. Die Investitionstaetigkeit von Deutschland//Der deutsche Bundestag./ Die Statistik von der Wirtschaft der BRD – Bonn /2005
17. Иванов И. Д. « Единый внутренний рынок ЕС: Свет, тени, исторические перспективы» // Современная Европа. – Москва 2004-2 - б 28
.18. Иноземцев В.Е., Кузнецова А.У. Объединение Европы на пути к лидерству в Мировой политике.//МЭиМО.-2002.-№4.-СС.3-14.
19.Ж. А. Атымтаева Еуропалық Одақ интеграциясының Орталық Азия тәжірибесі// Европейский диалог. -2004- 2. 74б
20. Алан Ваддамс « Европейская интеграция от «А» до «Я»// Европейский диалог / Алматы 2004-2
21. «Европейский Союз Ра пороге хх века.// Выбор стратегии развития – Москва УРСС 2001г. б 45-47б

22. Фаминскийй И. П «Единый валютное сообщество – Свет, Тени и исторические перспективы// Современная экономика- Москва 2004г.-5 б21
23. Сессhini P. The European challenge: 1992, The Benefits of Single Market.-Alder shot, 1988.-Р.265.
24.Экономика Европейских стран // www.eu –information.de
25.Die Benelux Laender // www. benelux.com
26. Быков П, Власов П. Сверхновая Европа.//Эксперт.-17 июля 2001.–С.42-46.
27.Kaiser K. Das vereinigte Deutschland in der internationalen Politik// Karl Kaiser, Hans Maull. Deutschlands neue Aussenpolitik – Band 1: Grundlagen:- Muenchen,1995.-S.56.
28. Безруков А.И. Европейское Сообщество на пути к единому рынку.-М., 1990.-С.86.
29. Шемякин Л. К. Единый Европейский рынок// Европейский диалог- Алматы 2002-3
30.Шемятенков В.Г. Евро:две стороны одной монеты.–М., 1998.-С.45-46.
Маастрихтский договор и Германия. Европейский союз: факты и комментарии. Вып. 13-30.//www.globalaffairs.ru.
31. Губайдуллина М.Ш. Европейская политика Германии в период введения единой валюты.// Казахстан-спектр.-1999. -№2 (8).-C.52.
32. Шпэт Л.1992: Мечта о Европе.-М., 1983.-С.65
33 Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті ең мықты 50 елдер қатарына кіру// ҚР Президентінің халыққа жолдауы 2006- 1наурыз
34. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу мен мен даму . Алматы: Даур 1992: және Нарық және элеуметтік экономикалық даму 1994
35.Договор между РК и ФРГ о развтитии широкомасштабног сотрудничество в области экономики, промышленности, науки и техники от 22сентября 1999г.-№9
36. Токаев К. К. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации. – Алматы: АО «САК» НП ПИК « Сайнар» 2001г.- с7
37. Отношения между ФРГ и РК. Посольство Германии.- Алматы, 2001г- с7
38. Назарбаев Н. А Казахстан -2030. «Ашық экономика мен еркін сауда құру»
39.Торговля между Казахстаном и Германии // www.almaty.diploma.de
40.Дюкарева Г. Р. Инвестиционный климат в Казахстане // Аль-Пари 2005-4.
41.C казахстанской энергичностью и германской педантичностью // казахстанская правда . 20.04.04
42.Инвестиции Германии в Казахстан// Deutsche Allgemeine Zeitung–Алматы -2003-2
43.Statistik ueber Deutschland // Deutsche Bundestag www.bundestag.de
3 Қосымша баспасөз құралдары
Frankfurter Allgemeine Zeitung 2001
Deutsche allgemeine Zeitung 2005
Журнал Европейский Диалог 2004
Международная жизнь 1999-2005
«Wirtschaft von Deutschland»

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I -Тарау. Хх және ххІ ғғ. Германия экономикасының жағдайы мен
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1. Германия экономикасының құрылымы мен ерекшеліктерінің
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1.2. Экономикалық саясатының негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 9
1.3. Германияның сыртқы экономикалық
байланыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

II-Тарау. Германия және Еуропалық
Одақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.1. Еуропалық интеграция мен ЕО экономикасының даму
тенденцияляры ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
2.2. Біріңғай Еуропалық ішкі нарық пен Еуропалық валюталық Одақ құрылу
үрдісіндегі Германияның
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..39

III-Тарау. ГФР мен Қазақстан Республикасы арасындағы экономикалық
.
қатынастар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46

3.1.Екі жақты экономикалық ынтымақтастықтың
дамуы ... ... ... ... ... ... ... 46
3.2. Экспорттық - импорттық операциялар мен шетелдік
инвестициялар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49
3.3. ҚР мен ГФР – ң арасындағы ынтымақтастықтың даму мәселелері мен

перспективасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .64

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Кез келген елдің өзін әлем сахнасында
мойындатуы мен жетекші рөлге ие болуы – оның экономикасының дұрыс бағытта
дамуы деңгейімен тікелей байланысты. Әлемдік экономикадағы сондай рөлге
ие жетекші елдердің бірі Батыс Еуропа елдері болып табылады. Батыс Еуропа
елдерінің экономикасының негізін құрайтын елдердің бірі Германия болып
келеді. Диплом жұмысының арқауы мен негізгі ұстанымы осы бағытта
құрылады.

Германия өзінің қалыптасу кезінен бастап халықаралық қатынастарда өз
бетінше әрекет ететін субъект ретінде көрсетті және әлемдік экономикадағы
ролі мен әсерін күшейтуге ұмтылды.
Жұмыста әлемдік шаруашылықтың алдыңғы қатарындағы Германия экономикасының
жалпы сипаттамасы мен оның Еуропалық одақтағы және әлемдегі экономикалық
ролі қарастырылады.
Тақырыптың өзектілігі. “Германия өзінің географиялық орналасуына, халық
санына және экономикалық өлшеміне байланысты ұлы еуропалық держава болып
табылады”- деп бұрыңғы федералдық министр Эгон Бар атап өткендей,
Германия Еуропадағы жетекті экономикалық күш және әлемдік көшбасшылардың
бірі. [1]
Егеменді және тәуелсіз еуропалық мемлекеттер арасындағы интеграциялық
байланыстардың қалыптасу және нығаю тәжірибесі ғаламдану жағдайында
ерекше маңызға және өзектілікке ие болып келеді. Еуропалық Одақ мүше-
елдерінің экономикалық саясатты күшейтуі және ГФР-ң бұл Еуропалық
Одақ экономикасының қалыптасуында ықпалының үнемі өсуі - Еуропалық
интеграциялық үрдістің аса маңызды факторлары болып табылады. Қазіргі
кездегі әлем назарын өздеріне аударып отырған Батыс Еуропадағы
интеграциялық процестер үлкен маңызды кезеңге айналды. Еуропалық Одақ
қазір интеграциялық процесс дамуының керемет аймағы болып табылады
ЕО интеграциялық құрылымында өз белсеңділігін арттыра отырып, ГФР
Еуропадағы жетекші позицияларын күшейтті. Еуропалық Қауымдастық үшін ГФР
ең алдымен, “локомотив” рөлін атқарды. Германия әрдайым батысеуропалық
елдердің өнеркәсібінің бөлек салаларын біріктірудің басында тұрды.
Германия бірыңғай нарықты, ал кейінірек, Экономикалық және валюталық
одақты құруда асқан белсенділік танытты. [2]

ГФР – ның экономикалық саясаттың бағыттары мен сыртқы экономикалық
байланыстары мен еуропалық интеграция үрдісінің бірге дамып отыруы бұл
тақырыптың саяси - экономикалық және ғылыми өзектілігін айқындайды.
Германия Федеративтік Республиканың Еуропалық Одақта және әлемде сондай
беделге жетуі мен жетекші экономикалық рөлге ие болуы, сонымен қатар
практикалық жағынан Германияға деген оқу сапарым, бұл елмен жақынырақ
танысуым дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға, оның мазмұны мен
құрылымының қалыптасуына негіз болды. Жұмыстың мақсаты
мен міндеттері. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты: ЕО құрылымындағы ГФР
экономикасын және интеграциялық үрдістің әрі қарай дамуындағы
Германияның ролін айқындау; Сонымен қатар әлемдегі соның ішінде Еуропалық
Одақтың экономикасында Германияның қаншалықты үлесі жоғары екенін және
Қазақстан республикасымен экономикалық қатынастарындағы перспективалары
мен екі жақты ынтымақтастықтың дамуын тежеп тұрған мәселелерін шешу
жолдарын көрсету. Соған қоса Германия экономикасы мен экономикалық
саясатының бағыттары Қазақстан үшін үлгі бола алатынын көрсету.

Осы мақсатқа жету барысында бұл жұмыс келесі міндеттерді шешукөзделді:

• Германия экономикасының құрылымы мен ерекшеліктеріне нақтырақ тоқталу;

• ЕО құрылу идеясының эволюциясын және оның ГФР сыртқы экономикалық
қатынастарын жүзеге асырылу барысын қарастырып өту;

• ЕО құрылуының негізгі кезеңдерін айқындап, әр кезеңдегі ГФР интеграциялық
стратегиясының негізгі бағыттарын көрсету;

• Германияның ЕО-ғы орны мен рөлін сараптау негізіндегі қарастырылған
кезеңнің шеңберінде ЕО - ғы біріккен Германияның қазіргі таңдағы
тенденцияларына баға беру;

• Қазақстанмен екі жақты экономикалық қатынастарындағы перспективаларымен
екі жақты ынтымақтастықтың дамуын тежеп тұрған мәселелерін анықтау;
Дерекнамалық шолу. Қорытынды
жұмысты жазу барысында қолданылған деректерді келесі топтарға бөлуге
болады:

Бірінші топқа Қауымдастықтың негізін салған құжаттар. Еуропалық Одақ
туралы келісім-шарт, Еуропалық Одақтың құжаттары 2 том кіреді.

Екінші топқа орыс, неміс тілдеріндегі баспасөз құралдары мен қоғамдық-
саяси басылымдары жатады. Олар негізінен дәйектер мен статистикалық
мәліметтер жинауда көмектесті. Атап өтсек, Известия, Журнал
Европейского Союза, Континент, Франкфуртер альгемайне Цайтунг, die
Welt, Международная жизнь. Әсіресе, герман периодикасының ішінде
Wirtschaft von Deutschland, Deutschland in der Welt журналдары және
Tatsachen ueber Deutschland жиі пайдаланылды.

ҚазҰУ- де бүкіл Орталық Азия аймағына таралатын Еуропалық Құжаттама
Орталығы қызмет көрсетуде. Бұл жұмыс Құжаттама Орталығынан алынған
сараптамалық материалдар мен есептерге сүйенеді. Құжаттар арасында бөлек
елдердің, оның ішінде ГФР-ң ЕО шеңберіндегі жүргізген экономикалық
саясаты мен экономикасына қатысты материалдар жеткілікті.

Зерттеу әдістері. Жұмыстың ішінде сараптау, салыстыру, синтездеу сияқты
әдістер пайдаланылды. Бүкіл жұмыстың тұжырымдамалық аппаратын құру үшін
тарихи салыстыру жасау және хронологиялық әдістер қолданылды. Сол
арқылы қарастырылатын кезеңдегі Германия экономикалық саясатының жалпы
бағыттарымен экономика даму тенденцияларын байқап көруге көруге
мүмкіндік туды. Жұмыстың ішінде ЕО-ғы ГФР экономикалық рөлі ғана емес,
сонымен қатар әлемдік экономикасына тигізетін ықпалына да терең талдау
жасау үшін жүйелеу тәсілі де қолданыс тапты.

Жұмыстың құрылымы. Қойылған мақсат пен міндеттерге сәйкес, жұмыс
кіріспе, үш бөлім, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

Кіріспе тақырыптың өзектілігі мен ғылыми зерттелу дәрежесіне
тоқталады. Онда зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқындалып, тәжірибелік
маңыздылығы сипатталады.

Жұмыстың бірінші бөлімінде Германия экономикасының құрылымы мен
ерекшеліктеріне, сонымен қатар ұстанатын экономикалық саясатының
позитивті тұстарына тоқталып өтіледі, оның экономикалық саясатының
тиімділігі қарастырылды. Сонымен қатар оның әлемдік экономикадағы ролін
қарастыра отырып, сыртқы сауда және шетелдегі инвестиция туралы айтылады.

Екінші тарауда Еуропалық экономикалық интеграцияның даму
процессіндегі Біріңғай Еуропалық ішкі нарық пен Еуропалық валюталық
Одақ құрылу үрдісіндегі Германияның алатын орны жайында жазылып, ЕО
экономикасының даму тенденцияларына қатысты Германияның одақтағы жетекші
ролге ие болуы бірқатар деректермен сандар арқылы көрсетілген. Үшінші
тарау Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы мен
арасындағы экономикалық қатынастардың негізгі даму қарқынына арналған.
Тарауда екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың даму тарихы, сонымен қатар
Қазақстан мен Германия арасындағы экспорттың – импорттың операциялар және
берілген елдердің инвестициялық қызметі қарастырылады. Тараудың
қорытындысында екі елдің ынтымақтастығының мәселелері мен болашағына жан
– жақты талдау жасалынды.

Қорытындыда бүкіл жұмыс барысына қысқаша түйін берілген.

Жұмыстың жалпы көлемі 65 беттен тұрады, оның ішінде 16 кесте көрсетілген.

1. ХХ және ХХІ ғ.ғ Германияның экономикалық жағдайы мен ерекшелігі.

1. Германия экономикасының қурылымы мен ерекшеліктерінің сипаттамасы.
1990 ж. елдің Батыс және Шығыс бөліктері қосылғаннан кейін Германия
Еуропадағы экономикалық потенциалы бойынша ірі елдердің біріне айналды.
Сонымен қатар, Германия әлемдік экономикада жалпы ішкі өнімінің көлемі
бойынша АҚШ мен Жапонядан соң үшінші орынға ие бола отырып,
көшбасшылардың біріне айналды. Жан басына шаққандағы ЖІӨ жылына 26 мың
долларадан келеді. Германияның ауданы – 357 мың шаршы км.[3]
Германия пайдалы қазбалар қорына бай емес. Тек қана тас, көмір мен
калий тұздарын атап өтуге болады. Ал бұндай пайдалы қазбалар қандай да
бір маңызды шаруашылық құндылыққа ие емес. Сонымен қатар табиғи
ресурстардың тапшылығы елдің өнеркәсіптік өндіріске мамандануына және
ғылыми салалардың дамуына ықпал етті.
Германия халқы – 82 млн. адам, Еуропадағы Ресейден кейін екінші
орынға ие. Германия халқының құрылымы негізінен біркелкі, бірақ соңғы
жылдары шетелдік жұмысшы күші – гастрабайтерлердің үлесінің өсуі
байқалып, олардың саны халықтың 10 – ке жақындады. Германия – жоғары
урбанизацияланған ел, халқының 83 % - і қалада тұрады. Шығыстағы жерлер
(бұрынғы Германия Демократиялық Республикасы) ГФР – ның құрамына енгеннен
кейін Германияда 16 федереальдық жер болды, елдің астанасы Берлин болды.
Ел үкіметінің басшысы федералдық канцлер Ангела Меркель.
Өнеркәсіп. Германия экономикасына жоғары индустрализация тән, яғни
әлемнің басқа дамыған елдерімен салыстырғанда ЖІӨ өндірісінде
өнеркәсіптің үлесі көп. Бұл кездейсоқ жағдай емес, себебі Германияның
әлемдік экономикадағы мамандануына өнеркәсіптік өнімдерді бірінші кезекте
машина құрылысы өндіру болып табылады. Германия экономикасына тән келесі
белгілер: әлемдік аренада бәсекелестік қабілетті инновациялық
кәсіпорындардың болуы, білікті және жоғары ынталы жұмысшылар, әлемге
танылған кәсіби ақыту жүйесі, жоғары дамыған инфрақұрылымы, ғылыми
зерттеулер мен тәжірибе – конструкторлық жұмыстардағы жетістіктер және
тұрақты әлеуметтік жағдайы жатады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ГФР
– ы алғашқылардың бірі болып өзінің өнеркәсібін құрылымдық қайта құрудан
бастады. Бұған тек қана ғылыми – техникалық прогресстің қажеттіліктері
ғана емес, халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы, Германияның екі жеке
мемлекеттерге бөлінуі әсер етті.[4]
Соғыстан кейінгі кезеңде өңдеуші өнеркәсіп тез қарқынмен
дамыды. Өңдеуші өнеркәсіп салаларының ішінде келесі инвестициялық
тауарларды өндіретін салалар алға шықты: химия және мұнай химиясының
өнеркәсібі, машина жасау, электротехника, авиақұрылыс, дәлдік механика
және оптика. Сонымен қатар, пластмасса, синтетикалық талшық, электрондық
құралдар өндірісі сияқты жаңа салаларда дамыды. Экономиканың дамуы
халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына әсер етті. 10 жыл ішінде ГФР –
ы өнеркәсіптік өндіріс көлемі бойынша Англияны қуып жетті, және
капиталистік әлемде АҚШ – нан кейінгі екінші орынды иеленді. 80 – ші
жылдардың алғанда батыс Германияның өнеркәсібінің жағдайы жақсы жағыннан
өзгерді. Елдің экономикасында капиталдың қорлануында жаңа процесстер
байқалды: жаңа салалардың жоғары өсу темпі, дәстүрлі салаларды жаңа
технологиялық негізде модернизациялау. Батысгермандық тауарларының жоғары
бәсекқабілеттілігінің алғышарттарының бірі өнімнің жаңаруы болып
табылады. Сонымен қатар, құрылымдық жылжулар тек өнеркәсіпте ғана емес,
сауда саласында да байқалды, бұл өзгерістер ГФР – ның тауар экспортының
құрылымына әсер етті. Әсіресе ГФР – ның халықаралық мамандануының негізі
болып табылатын және елдің экономикасында елеулі функционадық мәнге ие
машина жасау кешенінде күшті құрылымдық өзгерістер болды.

Қазіргі кезде Германия өнеркәсібі елдің дайын өнімдердің әлемдік
нарығында көшбасшы болуына ықпал етті. Неміс өнеркәсібінің неғурлым
бәсекеқабілетті салаларына келесілер жатады:
- автомобиль жасау.
- транспорттық машина жасау (вагон жасау, ұшақ жасау).
- жалпы машина жасау (станоктар, әртүрлі қуралдар жасау).
- электротехникалық өнеркәсіп.
- дәлдік механика және оптика.
- қара металлургия.
Өнеркәсіпте машина жасау, автомобиль, электротехникалық және химиялық
өнеркәсіп салаларының, сонымен қатар, биотехнология сияқты жаңа
салалардың да ролі арта түсті. Германия өнеркәсібі жекеленген салаларда
өз бағытын Еуропалық деңгейге жеткізді. Мысала 1995 – 2001 ж.ж аралығында
Германияның Еуропалық Одақ бойынша автомобиль индустриясындағы үлесі
48,2% – тен 52,6% – ке дейін өсті, машина жасауда – 42,3% – тен 44,4% –ке
дейін, кеңселік техника және мәліметтерді өңдеу жүйесінің өндірісінде –
24,9% – тен 29,7% – ке дейін өсті. 2003 ж. оның ЖІӨ - і 2130 млрд евроны
құрады. Және экономикалық қуаттылықтың жиынтық көрсеткіші бойынша әлемде
1 орынға ие. Экономикалық өсу темпі соңғы онжылдықта жылына орташа 1,4% –
ті құрады.[5]
Қазіргі кезде Германияда қызмет көрсету сияқты экономиканың
жекеленген салаларының да мәні арта түсуде. Әлемде Германдық ақпараттық
технологиялар мен биотехнологиялар, экологиялық таза технологиялар
жетекті орынға ие.
Жаңа кәсіпорындарды құру. Соңғы он жыл ішінде жаңа кәсіпорындардың
көптен құрылуы, жумысбастылықпен қамтамасызетуге жол ашты. Әр жылы елде
450 мыңнан ғққ мыңға дейін кәсіпорындар құрылды. Германияның шығыс
бөлігінде жаңа кәсіпорындарға деген қажеттілік неғурлым жоғары болды.
Сонымен қатар батыс бөлігінде де жаңа кәсіпорындардың қурылуы орын алды.
Егер 70 – ші жылдары әр жылы 150 мыңдай жаңа кәсіпорындар ашылса, 80 – ші
жылдары 300 мыңдай кәсіпорын ашылды, ал 90 – шы жылдары – 350 мыңнан 450
мыңға дейін кәсіпорын ашылды. 90 – шы жылдары оң сальдо (кәсіпорындардың
құрылуы мен жабылуының есебінен) жоғары деңгейде (жылына 80 000 – 120 000
кәсіпорынға дейін) болды.
2000 ж. салық реформасының нәтижесінде кәсіпорындардың және жеке
үй шаруашылықтарының салықтың қатылымдары төмендеді. АҚШ және
Германиядағы орта статистикалық кәсіпорын үшін салықтық төлемдер бірдей.
Ғылыми зерттеулер және жобалар. Германия ғылыми зерттеулер мен жобалар
саласында күшті әлемдік бағытқа ие. Бұл салада әсіресе ірі сауда және
өнеркәсіптік фирмалар мен концерндер белсенділік танытады. Соңғы жылдары
олардың ғылыми зерттеулер және тәжірибе – конструкторлық жұмыстарына
шығындары айтарлықтай өсті. Экономикалық жағдайдың күрделілігіне
қарамастан 1995 жылдан 2003 жыл аралығында кәсіпорындар ғылыми зерттеулер
мен жобаларға шығындырын 10 млрд евроға дейін өсірді. Осы кезеңдегі
Германияның жиынтық щығыны 40.5 млрд евродан 53.2 млрд евроға дейін өсті.
1997 – 2002 ж. ж. аралығында жоғарытехнологиялы өңдеуші салаларда 300
мыңдай қосымша жұмыс орындары ашылды. Ғылыми қызмет көрсету саласында
1997 – 2002 ж. ж. аралығында жұмыс орындарының саны 1.46 млн. өсті.
Ғылыми зерттеулер және тәжірибе – конструкторлық жұмыстар саласында
автомобиль өнеркәсібі үлкен рольге ие. 2003 ж. оның үлесіне шамамен 17.73
млрд евро тиесілі болды немесе өнеркәсіптің ғылыми зерттеулер мен
жобаларға жұмсаған жиынтық шығындарының 40% – ін қурады. Автомобиль
индустриясынан кейінгі орынға электро және химиялық өнеркәсіп ие (шамамен
20% және 17%). Патент саласының дамуы Герман өнеркәсібінің жоғары ғылыми
– зерттеулік потенциалының негізгі белгісі болып табылады. Еуропалық
патент ведомствесының мәліметі бойынша 1991 – 2002 ж. ж. аралығында
ғылыми зерттеулердің интенсивтілігі, яғни миллион тұрғынға шаққандағы
патент саны айтарлықтай өсті (145 және 301 патент). 2003 ж. Еуропалық
патент ведомствасына патент алуға берілген Германдық тапсырыстардың саны
22701 патентке жетті. Бұл барлық тажырыстардың 19,47% – ін құрайды. [6]
Осы салада Германия Еуропада көшбасшы болып табылады және әлемде 2
орынға ие. Германияның тағы бір артықшылығы, ол тасымал және көлік
инфрақұрылымының өте жақсы дамуы. Автомобиль және темір жолдардың тығыз
торабы және қазіргі заманғы телекоммуникациялық инфрақұрылымы бар.
Сондықтан таур, қызмет көрсету, ақпарат айырбасы жылдам жүреді. Қазіргі
заманы технологияларды енгізу және оған деген оң көзқарас инфрақұрылымға
салынатын инвестицияны қамтамасыз етеді.
2004 ж. халықтың жартысынан көбі интернетпен пайдаланады, ал 23 - ұялы
телефонды қолданады. Телекоммуникация нарығын, пошта байланысын, электр
және газбен қамтамасыз ету нарығын либерализациялау нәтижесінде
Германияның экономикалық тартымдылығын айтарлықтай өсті. Осылайша
Германия біртіндеп өз нарығын аша отырып, Еуропада жетекші ролге ие
болды. Қаржылық жағынан бұл экономикаға барлық жағынан артықшылық
береді. Түпкі тұтынушыға таңдаудың көптеген және бағаның төмендігінен
тиімді болады.

1.2 Экономикалық саясатының негізгі бағыттары.
Қазіргі заманғы Германияның экономикалық жүйесі әлеуметтік нарықтық
шаруашылық болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында мемлекет
реттеуші функцияға ие болады. Мемлекет жалпы жағдайды анықтайды және осы
жағдай шеңберінде миллиондаған үй шаруашалықтары мен кәсіпкерлер не
өндіру керек және тұтыну керектігін еркін және өз беттерінше шешеді.
Мемлекет баға және жалақыны қалыптастыруға тікелей араласудан бас
тартады.[7]
Нарықтық механизмнің жұмыс істеуінің алғышарты бәсекелестікті
дамыту арқылы мемлекеттік бюджеттің жүктемелерін азайту және халықтың
барлық қажеттіліктерін тиімді қамтамасыз ету. Белсенді бәсекелестік
нарың экономика шегінде кіші және орта кәсіпорындар қатары бар болғанда
ғана дамиды. Бұл үшін федералдық үкімет кіші және орта кәсіпорындардың
жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасайды.
Әлеуметтік нарықтың шаруашылық моделі экономикалық өсу және
байлықтың бірдей бөлінуінің үйлесуін көрсетеді. Жүйенің ортасына
қоғамның барлық мүшелеріне әлеуметтік игіліктің бірдей бөлінуін
қамтамасыз ететін мемлекеттің кәсіпкерлік қызметі қойылған. Қазіргі
кезде Германия экономиканың әлеуметтік нарықтық моделін жүзеге асыруда
үлкен қиындықтарға кездесті. ГФР – да 1990 ж. алғында ЖІӨ - ң өсу
қарқыны төмен болды, ал АҚШ экономикасының өсу темпінен 3 есе төмен
болды. 1993 ж. бұрын – соңды болмаған жұмыссыздық деңгейі тіркелді, ал
ол 1997 ж. өз шыңына жетті және 11,3% – ті құрады. Өсу динамикасының
төмендеуінің және еңбек нарығындағы дағдарыстың басты себебі Германияға
әлемдік валюта – қаржылық дағдарыстың әсері (әлемде дағдарыс кезінде
неміс өніміне деген сураныс төмендеді) ғана емес, әлеуметтік – нарықтық
экономиканың неміс моделінің дағдарысқа ұшырады да әсер етті.
Германияның әлеуметтік – нарықтық шаруашылығының дағдарысқа ұшырауы 1990
ж. ж. ел үкіметінің жаңсақ экономикалық саясаты, еңбек ақы және
әлеуметтік кепілдіктердің жоғары деңгейі, инновацияның жетіспеуі және т.
б. әсер етті.
Әлеуметтік кепілдіктің жоғары деңгейі неміс компанияларының таза
пайдасының 40% - і жалақы төлеуге және әлеуметтік қорларға аударым
аударуға жумсалады. Осылайша Германиядағы жұмысшы күшінің құны әлемдегі
ең қымбат болып сағатына 8 марка болған. Жұмыссыздық бойынша
жәрдемақының жоғары болуы халықтың мемлекеттің қарауына өтуіне себепті
болады және жұмыссыздықты ынталандырады. Әлеметтік кепілдік жүйесін
қамтамасыз ету үшін халық және кәсіпорындарға қуатты фискальді қысым
көрсетеді. 1990 ж. елдегі салық салу деңгейі бұрын сазды болмаған
мөлщерге жетті. Егер АҚШ – та бөлінбеген пайданың 32% - і салық төлеуге
кетсе, Ұлыбританияда -45%, ал Германияда бұл мөлшер 65% - ке дейін
жетеді. Салық салудың жоғарғы жүйесі көптеген неміс компанияларының
өндірістік базасын шетелдерде дамытуға, ал жоғары табысты жеке тұлғалар
өзге елдерге тұрақты тұруға көщуге мәжбүрледі.
Германияның экономикалық саясатының жалпы мақсаты – баға
тұрақтылығын, жұмысбастылықтық жоғары деңгейін сақтау және тұрақты
экономикалық өсудегі сыртқы экономикалық байланстылықты сақтауды
қамтамасыз ету. Бұл саясаттың басты мақсаты жұмыссыздықты төмендету
болды. Жаңа және қажетті жұмыс орындары тек инвестиция және инновация
нәтижесінде болуы мүмкін.
Мемлекеттік қолдаудағы мақсатты топтарға шамамен 1 млн. жуық
сауда, қолөнер, қызмет көрсету саласындағы кіші және орта кәсіпорындар
жатады. Өңдеуші өнеркәсіптегі, әсіресе, машина жасау, қосалқы бөлшектер
жасау өнеркәсібіндегі, өнеркәсіптің биотехнология және наноиндустрия
сияқты жаңа салаларындағы 10 мыңдаға кіші және орта кәсіпорындар герман
экономикасының бәсекеқабілеттілігінің негізін құрайды.
Германия экономикасының жұмыс істеуіндегі басты алғышарты еркін
бәсекелестік болып табылады. Оны қамтамасыз ету үшін заң арқылы
бәсекестікке зиянын тигізетін өзара келісімдер мен шарттар жасауға тиым
салынады. Бонндағы антимонополиялық ведомства және жер бойынша
антимонополиялық ведомства заңның сақталуын қадағалайды. Еуропалық
комиссия бәсекелестіктің еуропалық нормаларды сақтауын бақылауда үлкен
роль ойнайды және ол әлемдік нарықтағы протекционизмнің кез келген
түріне қарсы шығады. Германияның экспортқа бағымы күшті болғандықтан, ол
ашық нарықтық болуына жүзделі болды. Германия экономикасы үшін
Еуроодақтың шегінен тыс жерлердегі бұрынғы нарықтарын сақтай отырып,
жаңа нарықты игеру, еуропалық ішкі нарықты кеңейту маңызды болып
табылады. [8]
Экономикалық және қаржылық саясатты жүзеге асыру және
үйлестіру–федерация, общиналардың біргелікті мәселелері болып табылады.
Сонымен қатар олар, әртүрлі органдармен ынтымақтасады. Мемлекеттің
коньюктуралық кеңесі: федералдық экономика және қаржы министрінен, әрбір
жерлік үкіметтен бір өкілден және община, общиналық бірлестіктердің
өкілдерінен тұрады. Жылына екі реттен кем емес өткізілетін жиналысқа
Герман федералдық банкі қатысуы мүмкін. Коньюктуралық кеңес
қатысушылардың барлығын коньуктуралық саясатқа бірдей қатысуын
қамтамасыз етуге тырысады. Қаржылық жоспарлау кеңесінің де құрамы дәл
сондай: Федеративтік жерлердің және общиналардың қаржылық жоспарлауын
үйлестіру қаржылық жоспарлау кеңесінің жұмысына жатады. Федеративтік
жерлердің және халық шаруашылығының мүмкіндіктерімен талаптарына
мемлекеттік шығындар мен табыстарды жоспарды жасауға міндетті.
Сонымен қатар, федералдық үкіметте тәуелсіз ғалым – экономистер кеңес
береді. Оған ғылыми – зерттеу институттары, федералдық экономика және
еңбек министрлігі жанындағы ғылыми кеңес, қаржы федералдық министрлігі
жанындағы ғылыми кеңес және 1963 ж. құрылған жалпы экономикалық дамуды
бағалау бойынша эксперттік кеңес кіреді. Әр жылы күзде құрамында 5
тәуелсіз эксперттен құралған бағалау бойынща эксперттік кеңесі
экономиканың жалпы жағдайы, оның даму бағыттары және экономикалық саясат
бойынша талдау қорытындыларын жариялайды. Әр жылы қантарда федералдық
үкімет Бундестаг және Бундесратка жылжық экономикалық есеп береді. Бұнда
ағымдағы жылдағы үкіметтің экономика және қаржы саласындағы мақсаттары,
жоспарланған экономикалық және қаржылық саясаттың негізгі белгілері
беріледі.
Агенда-2010 реформасының бағдарламасы. 2003 ж. Федералдық
үкімет Агенда-2010 реформасының масштабы бағдарламасын қабылдады. Оның
мақсаты – реформа және жаңа заңдар арқылы ұзақ мерзімді
кезеңгегерманияның бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ету.
Агенда – 2010 экономика, оқыту, еңбек нарығы, денсуалық сақтау,
зейнетақы және т. б. Салаларды қамтиды және жанұяның тұрақтылығы мен
дамуына жағдай жасайтын шаралардан тұрады. Жалпы алғанда, Агенда 2010
шеңберінде 30 жекеленген шаралар арқылы жалақы бойынша шығындарды
төмендетіп, ішкі сұранысты ынталандыру, еңьек нарығын неғұрлым икемді
болуы керек. әққң ж. Агенда - әққ шеңберіндегі 12 заңның 8 – ш өз
күшіне енді. Агенда – 2010 реформасының негізгі бағыттарына шолу,
Даирланд журналында жарияланады және осы журналда әрбір таңырып бойынша,
реформаны жүргізуді қамтамасыз ететін заңдар туралы ақпарат және ұзақ
мерзімді кезеңге бастаулар көрсетіледі.[9]
Салықтың жоғары деңгейгі және шетел инвестицияларын ынталандыру
бойынша бағдармалардың жоқтығы Германияның шетел капитал үшін
тартымдылығын төмендетеді, Неміс жұмысшы күшінің құнының жоғары болуы
ТҰК – дың өндірістік қуатын қалыптастыратын ел ретінде
бәсекеқабілеттілігін төмендетеді. Шетелдін компаниялардың Германияда
өндіру мүмкіншіліктері жоқ, содықтан олар мұнда тек өткізумен
айналысқанды жөн көреді. Сондықтан ГФР – да шетелдік инвестициялардың
үлесі және олардың экономикада құрған жұмыс орындарының үлесі аз.
Мысалы, Нидерландыда экономикаға салынған салымдардың жалпы мөлшерінің
35% – ін шетелдік инвесторлар құрайды, Ұлыбританияда – 25%, Францияда –
12%. Германияда соңғы он жылдықтағыэкономикадағы шетел инвестициясы
көлемінің 3 есе өскеніне қарамастан 1997 ж. 58 млрд неміс маркасын
қурады, яғни жалпы салымдардың 7.5% – ін құрайды. ГФР – на шетел
капиталының мардымсыз құқұйылуымен қатар, неміс капиталының шетелге
жаппай кетуі байқалады. Неміс ТҰК – ы өздерінің өндірістік базасын
либералды салықтық климатқа ие және жалақы деңгейі төмен елдерге салады.
Шетел инвесторларының Германияда жоғары технологиялық
өндірістерді құруға мүдделі болмауы елдің технологиялық қуатының
біртіндеп төмендеуіне әкелді. Германия әлемде технология жағынан лидер
болып табылмайды, әсіресе оның микроэлектроника және гендік инженерия
жағынан бағыты әлсіз. Бұл неміс экспортының бәсекеқабілеттіліггіне кері
әсерін тигізеді. Бұл бағыт 1980 ж. басында байқалған болатын: 1980 –
1993 ж.ж аралығында жоғары технологияөнімдерінің әлемдік нарығындағы
Германияның үлесі 20,3% – тен 16,2% – ке дейін төмендеді. Қазіргі кезде
де әлеуметтік – нарықтық экономика ғылыми – техникалық дамуға кері
әсерін тигізуде. Мемлекеттік экономикалық саясатта жоғары технология
емес, әлеуметтік бағдарламалар басымдылықтарға жатады, бұл болашақта
жоғары технология өнімдер нарығынан айрылу қаупін тудырады. Неміс ТҰК–ы
өздерінің ғылыми – зерттеу жұмыстарын шетелдерде жүзеге асырады.
Мемлекет халықтың жаппай наразылығын тудырмау үшін табыс төмен
салаларды субсидиялайды. Нәтижесінде Германия әлемдік нарықта
бәсекеқабілеттілігі жоқ экономиканың көмір, шойын өндіру, кеме жасау
өнеркәсіптерін сақтап қана қоймай тікелей субсидияллайды. Егер АҚШ және
Жапоняның мемлекеттік деңгейде бәсекеқабілетті кәсіпорындарға қолдау
жасайтындығын ескерсек, Германияның өнеркәсіптің құрылымдық мәселелерді
шешуде әлсіздік танытады.
Германия өнеркәсіптің базалық салаларында жоғары еңбекақылы жұмыс
орындарын сақтай отырып, ұлттық экономиканың прогрессивті секторларында
жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталмады. Әлемнің басқа жетекші
елдерінің материалдық емес өндіріс салаларына қарағанда Германияның
қызмет көрсету саласы артта қалып отыр және ол барлық өндірілетін
өнімнің 10 %-тен аз үлесін құрайды. Неміс инфрақұрылымында байланыс,
энергия және көлік қызметтеріне бағаның жоғары деңгейі тән. Шетелдік
инвестициияның елге кіруінде шектеу болғандықтан ішкі нарықтың
бәсекеқабілеттігі төмендеуде.
Мемлекеттік реттеу нарықты кейнсияндық сұраныс экономикасында
көрсетілген түрде реттеуде. Әлеуметтік нарықтық шаруашылық мемлекеттің
қамқорлық жасау бағытын нығайтады және мемлекет экономикасындағы барлық
ресурстарды қайта бөледі. Германияның ЖІӨ - де мемлекеттік шығындардың
үлесі өте жоғары (50%-ке жақын), ал мемлекеттік шығындардың өсуі бюджет
дефицитті мен мемлекеттік қарыз мәселесін тудырады.
1990 ж.ж алғында Германияның әлеуметтік бағытталған экономикасының даму
шыңына жетті. Өзінің экономикалық лидерлігін жалғастыру үшін Германияға
американдық үлгідегі экономиканы либерализациялау және консервативтік
реформалауды қажет етеді. Біріңғай еуропалық валюта евроныалғашқы
енгізген кезден 1999ж. ортасына дейінгі пайда болған қиындықтар
Германияның ішкі экономикалық мәселерімен байланысты болды. Г. Шредер
билікке келісімен Германияның нарықтық экономикаға бағытталу,
экономиканың бәсекеқабілеттілігі төмендеген бағыттарын қалпына келтіру
жаңа Neue Mitte бағдарламасын жариялады. Яғни социализм келісімді
бизнеске жағдай туғызуға уәдесті.
Бұл Neue Mitte (Жаңа Орта) бағдарламасы келесі бағыттарға сүйенді:
- компанияларға салықтарды төмендету;
- еңбек нарығының икемділігі және жұмыс күшінің ұзақтылығын
өзгертуі;
- еңбек ақа төлеудегі шығындардың азаюы
- экономиканың қоғамдық секторын модернизациялау;
Германия экономикасының жаңа бағытындағы негізгі жағдайлар келесілер
жатады:
- салықтық реформа, 2001 жылдан компания пайдасына салынатын салықтың
ставкасы 45% - тен 35% - ке дейін қысқарды.
- Федералдың бюджет шығындарының 16,7 млрд. Долларға қасқарды.
- Мемлекеттің зейнетақылық шығындарының қысқаруы және жекеменшік
зейнетақылық жинақтарға салықтың жеңілдіктер еңгізу.
- Икемді еңбек нарығын жасау, жұмысбастылықты ұлғайту және жұмысшылар мен
жұмысберушілердің ұжымдық келісімдерінің бұрынғыжүйесін өзгерту.
Қазіргі кездегі Германия экономикасы үшін бәсекқабілеттілігі төмен,
икемсіз еңбек нарығының салдарынан туындаған жұмыссыздық мәселесі
(экономикалық белсенді халықтың 10,2%-ін құрайды) ең басты мәселелердің
бірі болып қалып отыр. Қазіргі кезде ГФР – да қолданылатын еңбек заңдары
неміс жұмысшы күшін әлемдегі ең қымбат жұмысшы күштерінің біріне
айналдырып, жұмыссыздрадың жұмысқа орналасуын қиындатады. Алайда,
Германия жоғары білікті еңбек ресурстарына және, әлемдегі ең жоғары білім
беру деңгейіне ие болғанымен, икемсу еңбек нарығы елдің экономикалық өсуі
үшін кедергі болып отыр, кәсіпкерлер еңбек нарығын қатаң реттеудің
салдарынан жаңа жұмыс орынларын ашуға мүдделі емес, ал алдыңғы қатарлы
салаларда жұмыс істейтін жұмысшы күші әлеуметтік кепілдіктер арқылы
қорғалғандықтан, тиімді жұмыс істеуге қызығушылық танытпайды. Көптеген
жағдайларда жұмыс берушілер үшін жоғарғы білікті, бірақ қымбат неміс
жұмысшы күшінен гөрі, білімі төмен, арзан шетелдік жұмысшыларды
шақырғанды жөн көреді.
Қазіргі заманғы реформалау бағдарламасы белгілі бір кемшіліктерге
ие. Неміс компанияларының салықтық төлемдерін бар болғаны 6 млрд-қа
қысқарту неміс экономикасының өсуіне айтарлықтай өзгеріс әкелген жоқ.
Сонымен қатар, экономиканың шығыны көп салаларын субсидиялау саясаты
ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ.
1998 – 1999 жж. Ұлттық валютаның әлсіреуінен болған экспорттың өсуі
және неміс өнімдерінің дәстүрлі өткізу нарығы – НИС – тағы экономиканың
өсу Германияның реформа бойынша көздеген бағытынан ауытқуына себеп болды.
Германияның макроэкономикасындағы саясатты былай сипаттауға болады: егер
неміс экспорты барлық экономиканың өсуіне ықпал жасай отырып өсе бастаса,
реформадағы көзделген бағыттардың орындалуыкешеуіл дейді.
Германияның ұлттық шаруашылығының мекемелері үшін оның әулеметтік
бағытталған экономикадан нарықтық экономикаға көшуді қажет етеді. Неміс
экономикасын жандандыру және оған шетелдік инвестиция тарту үшін
мемлекеттің рөлін төмендетіп, нарықтық механизмге бағыттау,
орталықтандыру мен жекешелендіру саясатын жалғастыру , шығыны көп
өндірістерді жабу, мемлекеттік бюджетін қысқарту және салықты төмендету
мәселелерін щещуді қажет етеді.
Егер Германия дер кезінде жаңа реформа жүргізбесе Жапон, АҚШ және
Еуропа елдерінің арасында өзінің жетекші рөлінен айрылу қаупі туындап
отыр. Қазіргі кездегі Германияның экономикалық жағдайы біршама
тұрақталды. 2004 ж. ГФР – ң ЖІӨ 2,1 млрд евроны құрады. Яғни 2003
жылмен салыстырғанда ЖІӨ -ң өсімі 1,9 % - ті құрады. ГФР- дің эконо-
микалық жағдайын ЖІӨ көрсеткіштері негізінде құрылған кестеде байқауға
болады.[10]

Кесте 1
ЖІӨ көрсеткіштері
млрд евро

  2001 ж. 2002 ж. 2003 ж. 2004 ж.
ЖІӨ 2067,57 2071,22 2080,16 2,1
ЖІӨ өсімі 0,6 0,2 0,4 1,9

----------------------------------- ----------------------------------- ----
------------
Кесте Неміс Бундестагының көрсеткіштерімен құрылған

ЖІӨ бұл кез келген елдің экономикалық жағдайының бірден – бір маңызды
көрсеткіші, айнасы десек кем болмайды. Яғни бұл көрсеткіштің жыл
сайынғы тенденциясын байқайтын болсақ Германияның экономикасы 2004 жылға
таман тұрақталды десек болады. Сол жылғы жылдық өсім 1,9 % құрады.
Шаруашылық реформалаудың жаңа бағдарламасы жүзеге асырыла бастады,
экономиканың экспорттық салалары елдің экономикалық дамуында негіз болып
табылады. Сонымен қатар 2006 ж. соңына елдің бюджеті қалпына келеді деп
күтілуде. Экономиканың өсуіне келесі факторлар себеп бола алады:
- ішкі және әлемдік нарықтағы коньюктараның жандануы
- экономикадағы фундаментальді өэгерістер: ұлттық шаруашылықтың
инновациялық , өнімді және бәсекеге қабілетті құрылымдарының
қалыптасуы. Ішкі нарықтағы коньюктараның жандануын, біріншіден жаңа
шығыстағы жерлердің табысты интеграциялануымен, екіншіден жүргізілген
реформа саясатының қысқа мерзімді нәтижелерімен түсіндіруге болады.
Неміс экономикасындағы өнеркәсіптік бумға сыртқы нарықтық жағдайда әсер
етті. 1999ж. ортасында әлемдік валюта – қаржылық дағдарыс сәтті
аяқталды да Оңтүстік - шығыс Азия елдерінде және Латын Америкасы
елдерінде инвестициялық тауарлар , көлік құралдары және тұрмыстық
электроника мен электротехника ға деген сұраныс қайта өсті.
Неміс экономикасындағы фундаментальді өзгерістер бизнес мәселелерін
шешуде стратегиялық бағытта қарастыру , сонымен қатар қазіргі заманғы
ақпараттық технологияларды белсенді түрде қолданумен сипатталды. Өз
клиенттеріне жаңа стандарттармен қызмет көрсететін компаниялар
(Business – to – Business, Business – to Customer және т. б.) саны өсті,
венчурлік бизнестің үлесі өсті. Интернет технопогия және қазіргі
заманғы ақпараттық революцияның соңғы жетестіктері көптеп қолданыла
бастады.

1.3 Германияның сыртқы экономикалық байланыстары.
Германия экономикасында сыртқы байланыстар басты орын алады.
Германияның сыртқы сауда саясаты экономикадағы тығыз салааралық
байланыстар және халықаралық еңбек бөлінісі принципі негізінде
құрылады. Германия экономикасы әлемдік шаруашылық байланыстарына барынша
күшті интеграцияланған.
Сыртқы сауда. Германия өзінің тұрақты даму жолында экологиялық және
әлеуметтік аспектілерін есепке ала отырып әлемдік сауданың одан әрі
дамуын, еркіндігін қолдап, протекцианизмнің кез келген формасына қарсы
шығады. Халықаралық келісімдер мен ұйымдар шегінде сауда тәртібін
бекітуге, шетел нарықтарының айқындығын жоғарылатуға және сауда
кедергілерін жоюға тырысады.
Германияның негізгі сыртқы саудадағы серіктестері: Франция
(экспорттың 12% және импорты 11%), Ұлыбритания сәйкесінше (8% және
6,3%), Нидерланды (7,7% және 8,2 %), Италия (7,6% және 8,4%) АҚШ
(7,9% және 5,3%) және Бельгия\ Люксембург (6,8% және 6,0 %) елдері
болып табылады.
Сонымен Германияның жетекші сауда серіктестерінің үштігіне Франция,
Италия және Британия мемлекеттері кіреді. Олардың үлесіне 13,9 % герман
экспорты келеді.[11]
Жалпы алғанда ГФР- ң сыртқы сауда айналымының 50 % - астамы ЕО – ң
үлесіне келеді. (2- Кестені қараңыз)

Кесте 2

Германияның сытқы сауда құрылымының географиясы 2004 ж көрсеткіштері (%)

Елдер Экспорт Импорт
ЕО 57 53
ЕЕСА (ЕАСТ) 5 6
НАФТА 12 9
Жапон 2 5
Азия елдері, Корея, Тайвань, Гонконг 4 5
Польша, Чехия, Венгрия, Ресей, Түркия 8 10
Қытай и Индия 2 4
Басқа елдер 10 8

Кесте (ITIC) Халықаралық Орталық деректері бойынша құрастырылған.

Бірқатар елдер үшін Германия олардың өнімдерінің негізгі өткізу нарығы
болып табылады. Австириядан – 40%, Нидерландадан - 29% , Даниядан –
23%, Грециядан – 22% экспортын қабылдайды. Неміс капиталы Орталық
және Шығыс Елдеріндегі жетекші позициясын бекітті. Бұрынғы Совет
Одағының елдері Германияның Шығыс еуропадағы жетекші сауда серіктесіне
айналды. Германияның бұл елдерге экспорттың жалпы көлемінің 10%-інен
аспасада, ал бұл елдердің импортының 20-25 %-ін құрайды. Польша және
Чехия жетекші сауда серіктесі болып табылады. Орталық еуропа елдерінен –
жартылай фабрикаттар, машина жасау компоненттері, вино, ауылшаруашылық
өнімдері, тігін және құрылыс материалдары жеткізіледі. Жеткізілімдердің
көп бөлігі контрактілі негізді жүзеге асырылады: орталық еуропа елдерінде
германдық үлгіде жартылай фабрикаттар өндіріледі, олар кейін Германияға
жеткізіліп түпкілікті өңдеуден өтеді және буып – түйіледі. Бұған герман
капиталы тарапынан бақыланатын кәсіпорындар қолдау көрсетеді. Орталық
және шығыс еуропада, негізінен Венгрия мен Чехияда шетелдік неміс
инвестициясының 6% -ке жуығы шоғырланған. Ірі инвестициялық салым ретінде
Чех Шкодасын, Фольксвагенді сатып алу болып табылады.
Германия Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде ірі кредитор болып табылады
және Батыс банктерінің міндеттемелерінің 50%-тен астамын (Австрия, Италия
әрбірі 10%-ке жуық, Жапония, Франция - әрбіреуі 4%-ке жуық) қамтамасыз
етеді.
Сыртқы экономикалық қызметті қолдау туралы заңды жүзеге асыру арқылы
әлемдік нарықтағы герман кәсіпорындарының, әсіресе кіші және орта
кәсіпорындардың бәсекеқабілеттілігі артты. Федералдық шетелдік істер
министрлігінің басты мәселесі шетелдегі герман фирмаларының іс-әрекетіне
қолдау көрсету болып табылады. Федералдық үкімет дамушы елдер мен
мемлекеттерге капитал салудағы экономикалық және саяси тәуекелді
болдырмау үшін ерекше қолдау механизмін ұсынады Германия орталық және
шығыс еуропаның мемлекеттерімен, 124 дамушы елдермен инвестицияны қорғау
және ұлғайту туралы келісім – шарт жасасты.
Реформа жүргізуші үшінші әлем елдері мен мемлекеттерін тікелей
инвестициялайтын германдық фирмаларға федерация арқылы құрылған герман
инвестиция және даму қоғамдастығы қолдау жасайды. Германдық кіші және
орта кәсіпорындар бұл мақсат үшін қайта қуру және даму несиелік
ведомствасынан жеңілдікті несие және дотациялар ала алады. Германдық
кәсіпорындардың шетелге жаңа технологияларды шығаруына қолдау жасау
болашақтағы экспортты қолдаудағы жаңа бағыттардың бірі болып табылады.
Әлемдік саудада Германияның үлесі 10%-ке жуық. 2003 ж. бұл көрсеткіш
бойынша экономикалық потенциал 3 есе төмен болса да, АҚШ – ын басып озды
және экспорт бойынша әлемдік чемпионға айналды. [12]
Сыртқы сауда балансының оң сальдосы герман кәсіпорындарының
бәсекеқабілеттілігінің жоғарылауы және нығайуының нақты дәлелі болып
табылады. 1991 жылы 11 млрд астам евроны қураса, 2003 ж. 130 млрд-қа жуық
евроны құрады. Импорттың жалпы көлемі 532 млрд евроны құрады, ал тауар
және қызмет көрсету экспорты – 661 млрд евроны құрады.
2001 ж. бастап ағымдағы операциялар бойынша жылдық баланста оң
көрсеткішке ие болды.
Германияның сыртқы сауда бойынша көрсеткіштерін, даму тенденциясын
дәлірек 3 – кестедеден байқауға болады.

Кесте 3
ГФР – ң сыртқы сауда серпіні

млрд. Евро

  2000 2001 2002 2003 2004
Тауар айналымы 1045,53 1002,738 1104,49 1193 1270
Экспорт 550,15 517,358 612,59 661 710
Импорт 495,38 485,38 491,9 532 560

----------------------------------- ----------------------------------- ----
-----------------------
Кесте Германия Бундестаг деректері бойынша құрастырылған

Батыстың индустриалды дамыған елдері Германияның ірі сауда серіктестері
болып табылады. Сонымен қатар Еуропалық Одақ елдерімен тығыз сауда
қатынастары сақталған. Олардың үлесіне сыртқы сауда айналымының
жартысынан астамы келеді
Германияның тауар және қызмет көрсету бойынша негізгі импортерлары
Франция, АҚШ және Ұлыбритания болып табылады. Еуропалық Одақтың жаңа мүше
елдеріменде оң сауда байланысы байқалады. 2003 ж. Германия Еуропалық
Одақтың жаңа елдеріне 56,3 млрд евро көлемінде тауар импорттады. Орталық
және Шығыс Еуропа елдерінде 2003 ж. герман тауарларын негізгі импорттаушы
ел Чехия Республикасы, олардан кейін Польша және Венгрия болды.
Экономиканың өсуі мен халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету үшін сыртқы
сауда үлкен мәнге ие. Германиядағы әрбір төртінші жұмыс орны экспортқа
тәуелді.[13] Германия экономикасының өнеркәсіп саласының өнімдерінің
үщтен бірінен астамы шетелге шығарылатындықтан, өнеркәсіптің экспорттан
тәуелділігі жоғары.
Сыртқы экономикалық байланыста экономиканың бәсекеге қабілеттілігі
және тиімділігі үлкен рольге ие. Сауда және тығыз экономикалық
байланыстар сенімділік орнатып, халықаралық қатынастарды тұрақтандырады.
ГФР – ы әлемдік шаруашылықпен тығыз байланысты. Ол капиталдың ірі
экспортері және импортері болып табылады. 1957 ж. Еуропалық экономикалық
қоғамдастықтың (қазіргі кезде - Еуропалық Одақ) құрылуында Германия
басты инициатор болды. Қазіргі кезде еуропалық континенттегі халықаралық
экономикалық интеграцияның кеңейуімен тереңдетуінде үлкен үлес қосады.
Ұлттық экономиканың сапалық сипаттамасы бойынша (еңбек
өнімділігінің деңгейі, өндірістің капиталсиымдылығы мен ғылыми
сиымдылығы) ГФР-ы әлемдік шаруашылықта алдыңғы қатарда. Соғыстан кейінгі
кезеңде ЖІӨ-гі экспорттың үлесі тұрақты түрде өсіп отырды (1950 ж. –
9,3%; 1980 ж. - 26,7%; 1991 ж. – 32,8 %). 90 жж ортасында Германияның
бірігуі және жаңа федераолдық жерлердің экономикасын реформалауға
байланысты, Шығыс Германияның Шығыс Еуропадағы және бұрынғы КССРО
елдеріндегі өнімін өткізу нарықтарын жоғалтуға байланысты, Шығыс Германия
тауарларының бәсекеқабілеттілігінің төмендігіне байланысты ЖІӨ-гі
экспорттың үлесі 20,8%-ке дейін төмендетті.
ГФР- сы сыртқы саудасының тауарлық құрылымы дайын өнеркәсіп өнімдерінің
жоғары үлесімен сипатталады (тауар айналымының 90%-тен астамы – құн
бойынша). Герман экспортының тауарлық құрылымы 60 жж. Қалыптасты және сол
уақыттан бастап салыстырмалы тұрақты күйде қалуда. Экспортта
инвестициялық өнеркәсіптік тауарлар жетекші орынға ие, негізінен машина
және құрал – жабдықтар (1997 ж. - 56%-тен жоғары), өнеркәсіптік шикізат
және жартылай фабрикаттар (22,4%-тен жоғары), кең қолданыстағы
өнеркәсіптік тауарлар (11%-ке жуық). Соңғы жылдары ГФР-ы бірқатар салалар
мен өнеркәсіпте ірі әлемдік экспортер ретіндегі жетекші ролінен айрылды.
1990 ж. Германия 4 тауар тобы (автомобиль, машина, химия өнімдері,
текстиль тауарлары) бойынша ірі әлемдік жабдықтаушы болды, ал 1996 ж. ол
тек екі тауар тобы бойынша-химиялық өнімдер (әлемдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуропа және Америка мемлекеттерімен қатынастар
Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы қатынастар
Дүниежүзілік қоғамдастық
Германияның еуропалық одақтағы рөлi мен ықпалы
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі
Германия
Қазақстанның Еуропа елдерімен өзара қарым-қатынастары
Еуропалық қауымдастықтан Еуропалық одаққа дейін
Орталық азия мемлекеттері мен европалық одақтың өзара қатынас перспективалары
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының еуропа векторының халықаралық құқық қырлары
Пәндер