Оңтүстік Қазақстан облысының демографиялық жағдайын картографиялау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I. Оңтүстік Қазақстан облысының демографиялық жағдайын картографиялау
1.1 Демографиялық саясат туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4.5
1.2 Халық санының өсу және кему себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.6
1.3 Оңтүстік Қазақстан облысының халықтарына жалпы сипаттама ... ...7.10

II. Картографиялық белгілер және картографиялық бейнелеудің
тәсілдері
2.1 Картографиялық белгілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2 Картографиялық бейнелеудің тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11.13

III. Жаңа картографиялық әдістемелер және карта құрастыру процесі
3.1 ГАЖ.дың карта құрастырудағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14.16
3.2 Зерттелетін аймақтың картасын құрастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16.20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Түркі әлеміндегі қазақ халқының қалыптасуына негіз болған, этно-генетикалық туыстықтың тамыры көне дәуірлерден басталады. Қазақ ұлтын құраған Қазақстан мен Орта Азия шегнде біздің заманымызға дейін өмір сүрген сақ, үйсін, қаңлы, түркі, түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ, арғын, найман,керей, қоңырат, жалайыр, дулат, т.б. көптеген ру-тайпалар еді. Қазақ халқының тамыры тереңде жатқан тарихи дамуының нәтижесінде ХV-XVII ғасырларда оның қазіргі ұлттық аумағы қалыптасты. Қандай қиыешылықтар мен шапқыншылықтар болса да, қазақтар өз тілін, туып-өскен жерін сақтап қалды, этностық кұрауыштарын дамыта түсті.
Қазақстан Республикасының Коституциясында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; Оның ең қымбатты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», деп жазылған.
Демография қоғамдағы адам өмірінің қажетті, елеулі, сапалық құрылымын, қозғалысын, оның әлеуметтік-экономикалық өмірімен байланысын зерттеп, қорытады.
Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде
Өткен тарихымыздағы ұзақ уақытқа созылған өлкеміздегі отарлық «шеру» кезеңіндегі демографиялық процестер мен үрдістер арқылы бұрынғы бұзылған тепе-теңдікті қалпына келтіру деген талпынысымызды салыстыра, қадала зерттеуіміз қажет.
Демографиялық саясат – мемлекеттік тұрғыдан қоғамның ең өміршең және бастапқы қажет тіршілігін, атап айтқанда халықтың өсіп-өнуі мен сақталып дамуын, өлі-жітімі мен көрші-қонын және мекен-жайға дұрыс орналасуын қамтамасыз ететін маңызды аталмыш «бестаған» айналасын реттеуге арналған шара мен іс-әрекеттердің біртұтас жүйесін айтады.Демографиялық саясат әр түрлі әлеуметтік,экономикалық,денсаулық,экологиялық,құқықтық білім мен сыртқы саясат пен жүйелі түрде тығыз байланысты екенін және олармен өзара астарлас жатқанын ылғи да есте сақтау керек.
Демографиялық саясаттың негізгі мақсаты – Мемлекеттің дамуы, қоғамдық ахуалды және ұлттық мүддені қамтамасыз етуге арналдған өзіне ғана тән қажетінше тиісті,әрі тікелей тиімді жолдармен жетуді нысана етіп алады.Қазақстанның бүгінгі және өтпелі кезенің ескерсек Біздің Қазақстан үшін осы үшеуінің ең арзаны өз тұрғындары мен азаматтарына қоғамдық психологиялық жолмен әсер етуі тиімді болар еді.Демографиялық саясат ерлі-зайыпты адамдардың демографиялық мінез-құлқына және тұрғындардың миграциялық ой-пиғылының заң,құқықтық шараларымен әсер еткені шарт.
1. Кішібеков Д. Қазақ менталитеті. Кеше, бүгін, ертең. Алматы, Ғылым, 1999 жыл
2. Тәтімов М., Әлиев Ж., Дербестігіміз – демократиямызда. Алматы, Жеті жарғы, 1999 ж., 23-25 бет.
3. Тәтімов М. Қазақ әдебиеті, Алматы, Қазақстан, 1993 ж, 36 бет
4. О.А.Евтеев. Проектирование и составление социально-экономических карт. – Москва, 1999
5. Н.Н.Баранский, А.И.Преображенский. Экономическая картография. – Москва, 1962. 284с
6. К.А.Салищев. Картоведение. – Москва, 1990. 400с
7. К.А.Салищев. Проектирование и составление карт. – Москва, 1987. 240с
8. Агенство Республики Казахстан по статистике, 2005

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I. Оңтүстік Қазақстан облысының демографиялық жағдайын
картографиялау
1. Демографиялық саясат туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-5
2. Халық санының өсу және кему
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 5-6
3. Оңтүстік Қазақстан облысының халықтарына жалпы сипаттама ... ...7-10

II. Картографиялық белгілер және картографиялық бейнелеудің
тәсілдері
2.1 Картографиялық
белгілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .11
2.2 Картографиялық бейнелеудің
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .11-13

III. Жаңа картографиялық әдістемелер және карта құрастыру процесі
3.1 ГАЖ-дың карта құрастырудағы
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14-16
3.2 Зерттелетін аймақтың картасын
құрастыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...16-20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

Кіріспе
Түркі әлеміндегі қазақ халқының қалыптасуына негіз болған, этно-
генетикалық туыстықтың тамыры көне дәуірлерден басталады. Қазақ ұлтын
құраған Қазақстан мен Орта Азия шегнде біздің заманымызға дейін өмір сүрген
сақ, үйсін, қаңлы, түркі, түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ, арғын,
найман,керей, қоңырат, жалайыр, дулат, т.б. көптеген ру-тайпалар еді. Қазақ
халқының тамыры тереңде жатқан тарихи дамуының нәтижесінде ХV-XVII
ғасырларда оның қазіргі ұлттық аумағы қалыптасты. Қандай қиыешылықтар мен
шапқыншылықтар болса да, қазақтар өз тілін, туып-өскен жерін сақтап қалды,
этностық кұрауыштарын дамыта түсті.
Қазақстан Республикасының Коституциясында: Қазақстан Республикасы өзін
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады; Оның ең қымбатты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары, деп жазылған.
Демография қоғамдағы адам өмірінің қажетті, елеулі, сапалық құрылымын,
қозғалысын, оның әлеуметтік-экономикалық өмірімен байланысын зерттеп,
қорытады.

I.Оңтүстік Қазақстан облысының демографиялық жағдайын картографиялау

1.1 Демографиялық саясат туралы түсінік
Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы
отаршылдық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде
Өткен тарихымыздағы ұзақ уақытқа созылған өлкеміздегі отарлық шеру
кезеңіндегі демографиялық процестер мен үрдістер арқылы бұрынғы бұзылған
тепе-теңдікті қалпына келтіру деген талпынысымызды салыстыра, қадала
зерттеуіміз қажет.
Демографиялық саясат – мемлекеттік тұрғыдан қоғамның ең өміршең және
бастапқы қажет тіршілігін, атап айтқанда халықтың өсіп-өнуі мен сақталып
дамуын, өлі-жітімі мен көрші-қонын және мекен-жайға дұрыс орналасуын
қамтамасыз ететін маңызды аталмыш бестаған айналасын реттеуге арналған
шара мен іс-әрекеттердің біртұтас жүйесін айтады.Демографиялық саясат әр
түрлі әлеуметтік,экономикалық,денсаулық,э кологиялық,құқықтық білім мен
сыртқы саясат пен жүйелі түрде тығыз байланысты екенін және олармен өзара
астарлас жатқанын ылғи да есте сақтау керек.
Демографиялық саясаттың негізгі мақсаты – Мемлекеттің дамуы, қоғамдық
ахуалды және ұлттық мүддені қамтамасыз етуге арналдған өзіне ғана тән
қажетінше тиісті,әрі тікелей тиімді жолдармен жетуді нысана етіп
алады.Қазақстанның бүгінгі және өтпелі кезенің ескерсек Біздің Қазақстан
үшін осы үшеуінің ең арзаны өз тұрғындары мен азаматтарына қоғамдық
психологиялық жолмен әсер етуі тиімді болар еді.Демографиялық саясат ерлі-
зайыпты адамдардың демографиялық мінез-құлқына және тұрғындардың
миграциялық ой-пиғылының заң,құқықтық шараларымен әсер еткені шарт.
Еліміз байып,тиісті қаражат жиналған кезде ақшалай заттай көмекті балалы,
жас үйленген отбасына және жеке басты әйелдерге бере алатын жағдайға
жеткенде оны пәрменді түрде жалғастыра отырып белгілі бір нәтижеге жетуге
болады.
Дербес демографиялық саясаттық мемлекеттік деңгейге көтерілуінің бір
аймағы 1998 жылдың басында президенттің жанынан демография мен миграция
жөнінді арнаулы Агенттіктің құрылуы.Президентіміз зиялылармен бір
кездесуінде бұл туралы былай деген: Тағы бір қауіпті құбылыс демографиялық
депопуляция яғни, туудың азаюы, өлімнің көбеюі 1992 жылдан бері соғыстан
кейінгі 50 жыл ішінде тұңғыш рет біздің халқымыздың саны қысқара
бастады.Халық санын өсіруді ойластырмай болмайды.Мен стратегияда балалы
болғысы келмейтіндерге салық енгізу туралы ұсынысты көпшілік талқысына
салатын ойым барын да айтқанын едім.

Бұл ретте шетелдегі қандастарымызды отанына оарлту жұмысты да жалғастыра
түсеміз.
Қаржы қиыншылықтарына қарамай Республика Үкіметі Президенттің тікелей
ұсынысымен ауыл-село тұрғындарына, әсіресе көп балалы отбасына және аз
қамтамасыз етілген жан ұяларға жәрдем ақы беруді қайталан қолға алмақшы.
Абортқа тиым салу қатал қоғамдық пікір қалыптастыра отыра, жас
үйленгендерге несие беріп, оны 2-3-ші балаларды туғанда ретімен толық,
кейін оны көбейту туралы өз тарапымыздан ұсыныстар беріп отырмыз.
Демографиялық саясатты жүзеге асыру үшін бірнеше алғы-шарттар белгілеуге
болады:
1. Гуманистік принцип ол адамның жеке бас бостандығымен адам құқы және
жанұяның қоғамдағы автономиялық жеке өзіндік отбасы тіршілігн сыйлау.
2. Демографиялық саясат халықтың тарихи өсіп- өну және даму
заңдылықтарына сүйенуі тиіс және оларға қарсы жүргізілмейді.
3. Ешқандай кінәмшілдік және зорлау мен күштеу, тіптен ұлттың,
әлеуметтік, нәсілдік жағынан алалауы болмау керек.
4. Демографиялық жолмен кейбір әкімшілік қолданыстар тек ірі әлеуметтік
экономикалық мәселелерді шешкенде көмекші әрекет ретінде ғана қалу
қажет.
5. Саясат қолданыста біркелкі бола тұра жергілікті кей жағдайға
аймақтық,өлкелік,аудандық этникалық ерешеліктерді ескерген жөн.
6. Демографиялық мінез-құлық пен көші-қонға деген пиғыл бір ел ішінде әр
халықта әр түрлі болғанның өзінде мемлекет бір ғана мақсатты, өмірлдік
өз мүддесін қорғайды және өзінің мақсатын көздейді, өз саясатын
жүргізеді.
7. Елдің ішкі демографиялық ахуалын біртұтас бағалай отыра, материалдық,
моральдық және медициналық шараларды жеке дара емес, жан-жақты
толықтыра, үйлестіре қолдану керектігі.Еліміздің демографиялық
жағдайын халықтың қалыптасу кезеңіне –бастап сипаттағанды жөн көріп
отырмыз. (3)

1.2 Халық санының өсу және кему себептері
Қазақ халқы ерте заманда қазіргі Қазақстан территориясын мекен еткен
түрлі тайпалардың тарихи дамуы кезеңдерін бастан кешіре отырып, шығу
тегінің және өзара араласудың жалпы заңдылықтары бойынша бірте-бірте
халық болып қалыптасты.
1465 жылы қазақ халқының саны 1 млн 100 мың адам болған. Бұл кезеңде
қазақ хандығы құрылып, орнықты. Қазақтар саны жағынан тез өсіп, өзінің
атамекенін толық игеріп үлгерді.
1723 жылы болған Ақтабан шұбырынды жылдар демографиялық деңгейді 128
жылға төмен түсіріп тастады, ал 1725 жылы демографияның қайта өсу кезеңі
басталды.
Қазақ тарихындағы ең қайғылы кезең Кеңес үкіметі орнаған кезден
басталады. Патша жарлығына қарсы 1916 жылы болған ұлт-азаттық
көтерілістің соны 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерісіне ұласты.
1932 жыл – қазақ халқы үшін қаралы жыл болды. Халық голощекиндік
ұжымдастыруда тең жартысынан астамынан айрылды. Бұл процесс әуел бастан-
ақ мейлінше қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді.
Жаппай жазалау мен аштық халықтың орныққан жерін тастап, жаппай көшіп
кетуін туғызды. Тек 1930 жылғы қаңтардан 1931 жылғы маусым аралығындағы
уақыт ішінде ғана 280 мың қожалық, 1 млн 70 мыңдай адам көшіп кетті.
Республиканың 6,2 млн тұрғынының 1931-1933 жылдары аштықтан 2,1 млн-ы
қырылды. Қазақтардың бұрынғы саны 40 жылдай уақыт өткеннен кейін 1969
жылы ғана қалпына келді. Геноцид саясатының салдарынан халық осындай
қасіретке ұшырады. 1927 жылғы болжам бойынша 1932 жылы Қазақстандағы ауыл-
село халқының саны 4,2 млн адамға жетуі тиіс еді. Ал 1933 жылдың
ортасында жүргізілген санақта адам санын 1,5 млн-нан асыта алмады.1941-
1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы да тарихта өз ізін қалдырды. Соғыстан 350
мыңдай қазақ Отанына қайтып орлмады.
1926 жылдан 1959 жылдар арасында қазақтар саны 58,7%-тен – 29,8%-ке
құлдыраса, орыстар саны 20,5%-тен 42,7%-ке көтерілген.
1690-1990 жылдар арасында миграция ағымының көлемі 7 млн 600 мың адамға
жетті. 1960 жылдардың ортасынан бастап, қазақ халқының өзіндік мол табиғи
өсімі бұл бір жағынан, ал екінші жағынан орыстардың өз жеріне қайта
бастауы бұрынғы күшпен жасалған ара қатынасты біртіңдеп өзгерте бастаған
сияқты. Сөйтіп соңғы 1979 жылғы санақ бойынша қазақтардың 36,0%-ке
өскенін көруге болады.
1998 жылдың аяғында ағымды статистика бойынша Қазақстан тұрғындары кері
миграция есебінен 17 млн-нан 15 млн-ға дейін соңғы 6-7 жылда айтарлықтай
кеміді. Соның ішінде қазағы 8млн 250мың, орысы 4млн 620мың, қалған 3млн
130мыңы басқа ұлттар. 1989-1997 жылдар арасында жыл сайынғы ағымды есеп
бойынша қазақтар 24,4%-ке өссе, орыстар 21,3%-ке, ал басқа ұлт өкілдері
28,7%-ке кеміген.
Қазақ пен орыстың алшақтығы тоғыз жылда 18,3%-ке ұлғая түскен. Бұл
алшақтық алдағы кезде қарқынды болмақ. Мысалы 2010 жылы бұл қатынас 3:1,
ал 2020 жылы 5:1 болады деп болжайды. (2)

1.3 Оңтүстік Қазақстан облысының халықтарына жалпы сипаттама
Оңтүстік Қазақстан облысы
Облыс Республиканың оңтүстік бөлігінде орналасқан, Қазақстан
Республикасының құрамында 1932 жылы құрылған.
2005 жылдың 1-қаңтарына шаққанда облыс территориясы 117,3 мың км²-ды
алып жатыр.
2005 жылдың 1-қаңтарына шаққанда облыс халқы 2193,6 мың адамды құрайды.
Облыс халқының орташа тығыздығы (1км²-ға шаққанда) 18,7 адамды құрайды.
Облыс орталығы XII ғасырда құрылған Шымкент қаласында орналасқан. Шымкент
мен Астананың ара қашықтығы – 1458 шақырымды құрайды. Қалада 2005 жылдың
1-қаңтарына шаққанда 521,4 мың адам немесе облыс халқының 23,8%-ы тұрады.
Облыс 12 ауданнан, 8 кішігірім қаладан, 11 поселкеден, 874 селолық және
ауылдық округтен тұрады. Қала халқының саны 880,7 мың адам (40,1%), ауыл
халқының саны 1312,9 мың адамнан (59,9%) тұрады
Оңтүстік Қазақстан облысына статистикалық шолу
1-кесте

ЖылдарХалықтың Табиғи
саны өсім
Халықтың жыныстық
таралуы Миграция
Ерлер Әйелдер Келгендер Кеткендер
саны саны
2002 2079506 32681 25180 25474
2003 2111893 35717 31440 28794
2004 2150256 1060915 1089341 42942 30337 29979
2005 2193556 1082119 1111437 41982 23797 25767

II.Картографиялық белгілер және картографиялық бейнелеудің тәсілдері

2.1 Картографиялық белгілер
Картографиялық белгілер – бұл картаның тілі. Олар картаның мазмұнын
береді. Картографиялық белгілер – арнайы графикалық символдар – картада
заттарды, құбылыстарды, процестерді (мысалы, артезиан құдығы, шоссе,
батпақ, елді мекен, жергілікті жердің жер бедері, ауа температурасы, теңіз
ағысы және т.б.). Оларды нақты және абстракті нысандар үшін, мысалы, елді
мекендердің нақты желісін және халық тығыздығын көрсету үшін қолданады.
Сондықтан да картографиялық белгілер заттық та, мағыналық та мазмұнға ие
болады. Олар көрсететін нысандармен нақтылы байланыста болады.
Картографиялық белгілер екі функцияны атқарады: біріншіден, нысанның
түрін көрсетеді (құдық, шоссе және т.б.) және олардың бірнеше сандық және
сапалық мінездемелерін (мысалы, батпақтың өтімділігі, шоссе жамылғысының
түрі және т.б.), екіншіден, нысандардың кеңістіктік орнын және
құбылыстардың таралуын (ауа температурасының таралуы, халық тығыздығы және
т.б.) анықтайды.
Әрбір белгі әр түрлі топтар үшін (бірақ қандай да бір нысандар үшін
біртекті топтар үшін) мысалы, аудан орталығы, батпақтың өтімділігі және
т.б. үшін. Картаны картографиялық белгілердің мағынасын түсіну үшін керек,
олардың мазмұнын, яғни бейнеленетін нысандармен, құбылыстармен және
процестермен байланысын түсіну қажет.
Белгілер техникалық талаптарға сай болу керек: қарапайым, нақты және т.б.
Барлық жағдайда белгі формасы бейнеленетін нысандарға шартты. Олар
нысандардың кейбір жаұтарын ғана көрсетеді. Сондықтан да картографиялық
белгілерге кеңінен таралған шартты белгілер деген термин өзін-өзі
ақтайды.
Жеке белгілер шектеулі функцияларды орындайды (нысанның орнын, олардың
түрін көрсетеді), бірақ белгілер жүйелері сондай-ақ нысандар арасындағы
өзара байланысты көрсетеді, яғни ақпарат береді.
2.2 Картографиялық бейнелеудің тәсілдері
Белгілер тәсілі
Белгілер – картографиялық бейнелеудің негізгі тәсілі ретінде картаның
масштабында көрсетілмейтін немесе аз ауданды алатын (картографиялық
белгілерге қарағанда) және де жалпы құбылыстарды көрсететін нысандардың
орнын көрсетеді. Мысалы, топографиялық карталарда белгілермен жалпы
нысандарды көрсетеді: радиомачталар, жеке тұрған ағаштар, ориентирлер және
т.с.с. Ұсақ масштабты тақырыптық және жалпыгеографиялық карталарда белгілер
нысандардың орнын және түрін көрсетумен қатар, көбіне басқа да функцияларды
орындайды: нысанның мазмұнын, оның уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.
Мысалы: елді мекеннің белгісі халықтың орналасуының түрін (қала, қала
типтес ауыл, ауыл), халықтың санын көрсете алады. Белгілерді сондай-ақ
өнеркәсіптік және ауылшаруашылық орындарды, пайдалы қазбаларды бейнелеуде
қолдануға болады.
Сызықтар тәсілі
Сызықтар тәсілі біріншіден, геометриялық түсінік бойынша түзулерді
көрсету үшін, мысалы: су құбырын, тектоникалық жарылымдар сызықтарын,
мемлекет шекараларын, телеграф кабельдерін және т.с.с. үшін, екіншіден,
түзу бойымен созылған нысандар үшін (карта масштабында ені бойынша
көрсетілмейтін), мысалы, жолдар, өзендер және т.б қолданылады. Кейбір
сызықтар зональдық шекаралар ретінде (немесе шекаралық сызықтар)
қарастырылады, мысалы жағалық сызықтарды жер мен судың шегі ретінде
қаратыруға болады. Кейде сызықтық белгілер сондай-ақ нысандардың бағытын да
көрсетеді
Изосызықтар тәсілі
Изосызықтар деп карта бетінде сандық көрсеткіштері бірдей нүктелермен
өтетін, құбылысты суреттейтін қисықты айтады. Изосызықтың классикалық
мысалы – горизонтальдар немесе изогипстер, яғни жер бетіндегі бірдей
биіктіктегі нүктелерді қосатын сызықтар. Құбылыстардың түріне байланысты
көптеген изосызықтар әр түрлі атқа ие.
Мысалы, магниттік ауытқулардың бірдей нүктелерін қосатын сызықтар, изогон
деп аталады, жауын-шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды –
изогиета, бірдей температураларды – изотерма және т.с.с. Изосызықтардағы
ара қатынастар мен процестерді көрсетуде, мысалы, жауынсыз күндер мен
жауынды күндердің проценттік үлестері, қар түрінде түсетін жауынның
прценттік үлестерін көрсетуге болады.
Сапалы фон тәсілі
Сапалы фон тәсілі территорияның сапалы түрде учаскілерге бөлінуін (яғни
табиғи, экономикалық немесе саяси административті болып бөлінетін)
көрсетеді. Ол түгелдей жер бетін (мысалы, климаттық), жердің белгілі бір
ауданың алатын ( мысалы, топырақ жамылғысы) құбылысты суреттеуге немесе
массалық таралуды көрсету үшін (мысалы, халықтың таралуы) қолданылады.
Территорияларды дефференциациялаудың негізгі бағыты – оның территориялық
типтер бойынша бөлінуі, мысалы, геоботаникалық, ландшафтық, ауылшаруашылық
және т.с.с. Бұл жағдайда белгімен бейнеленетін құбылыстың класификациясын
жасайды, ары қарай соған байланысты картада біртекті бөлінгендерді керекті
түстермен бөледі немесе штрихтармен бейнелейді.
Бөлуді немесе штрихті индекс немесе жазулармен ауыстыруға болады. Бұндай
түрлі картаны кейде типологиялық деп те атайды.
Нүктелік тәсіл
Нүктелік тәсіл құбылыстардың массалық таралуын, мысалы, халық таралуы,
егістік жерлер, мал шаруашылық және т.с.с. картографиялау үшін қолданылады.
Белгілі бір сандық нысандарды нүктелермен белгілейді. Аяғында бірнеше
бірдей мағыналы нүктелерді карталарға бейнелейді, нүктелердің тығыздығы
құбылыстың қаншалықты қалай орналасқанын, ал са ндық көрсеткіші нысандардың
санын көрсетеді.
Ареалдар тәсілі
Ареал деп (латын тілінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы облысының этникалық құрамы
Қызылорда облысының кейбір демографиялық жағдайларын сипаттайтын тақырыптық карталар жасау
Картографиялық бейнелеу тәсілі
Гаж және картометриялық зерттеу мен талдау
Алматы облысының мал шаруашылығын картографиялау
Медициналық-география
Картографиялық өнімдердің географиялық сипаттамалары
Карталарды құрастыру тәсілдері
Қазақстанның түсті металлургиясының картасын құрастыру (қара және түсті)
Ақтөбе қаласының ауа құрамының ластануы
Пәндер