Сақтандыру қызметін ұйымдастыру мен оның бәсекеге қабілеттілігіне талдау жасау негізінде оны арттыру жолдары



Кіріспе
1 Қазақстандағы сақтандырудың қызмет нарығының қалыптасуы 1.1 Сақтандыру түрлері, заңды және жеке тұлғалардың жеке мүліктерін сақтандыруды анықтау және есептеу
1.2 Сақтандыру нарығының құрамы мен құрылымы
2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайы
2.1 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау
2.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының проблемалары мен даму тенденциялары
3 Сақтандыру нарығын дамыту жолдары
3.1 Сақтандыру нарығының қызмет етуінің шетелдік тәжірибесі
3.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Мемлекет басшысының 6 ақпан 2008жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру –мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында: «экономикамыздың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі айрықша миссияны менің тапсырмам бойынша жаңадан құрылған Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік атқаратын болды. Елдегі кәсіпкерлік белсенділіктің өсуіне елеулі серпін беретіндей бәсекелестік туралы жаңа зае қабылдау керек» деп атап өтті.
Ел басының 2007-жылдың 28-ақпанында жасаған «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында: «Осыдан 10 жыл бұрын, 1997- жылы Қазақстан халқына алғашқы Жолдауда біздің қоғамымызды болашақта қалай көретіндігіміз және мемлекетіміздің міндеттері жайлы 2030-жылға дейінгі Стратегия ұсынылған болатын. Біз бұл Стратегияны не орнатқымыз келетіндігін, біздің дамуымыздың басты траекториясы қандай болу керектігін анық білуіміз және түсінуіміз керек деген принциптен шыға отырып жасадық . Біз өзіміздің маңызды бағыттарымызды анықтап алып, сәйкес стратегияларды таңдап, ерік-жігер мен шыдам, мақсатқа тырысушылық таныта отырып біздің жолымызда тұратын кез келген қиындықтарды жеңе алатындығымызға сенімді болдық. Және біз адаспадық. Бүгін толық жауапкершілікпен айтуға болады: Қазақстан өтпелі кезеңді сәтті аяқтап, өз дамуында сапалық жағынан жаңа деңгейге өтті.
Сөз берілгендей, экономиканың тұрақты дамуы реформалардың әлеуметтік бағыттылығын күшейтуге мүмкіндік туғызып отыр. Бұл біздің экономикалық саясатымыздың маңызды қорытындысы. «Қазақстан-2030» Стратегиясын жүйелі түрде орындау ары қарай даму үшін сенімді негіз берді.
Бізде алға қарай бұдан да сәтті қозғалуға барлық негізіміз бар, және біз өзіміздің тарихи мүмкіндігімізді қолдан жібермейміз.
Қазақстан расында да тауарлардың, қызмет көрсетулер мен еңбек ресурстарының, қаржы және қазіргі заман технологиялар мен идеялар нарығының ажырамас қарқынды бөлігіне айналуы үшін он маңызды міндеттің бірін орындауымыз қажет. Олардың бірі:
Жұмыс істейтін әйел адамдардың жүкті болғанындағы, босануын, балаға аналық күтім жасау кезінде міндетті әлеуметтік сақтандыру. Сонымен қоса олардың зейнетақылық жинақтамасын декреттік демалыста кезінде және бала бір жасқа толғанға дейінгі оған күтім жасауға байланысты алған мерзім барысында түсіп отырады.
Бұл жәрдем ақыны төлеу әлеуметтік салықты қайта бөлу есебінен құрылған әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан жүргізіледі.
Бұған мемлекеттік бюджеттен қосымша 9,2 млрд. теңге бөлу қажет.
Қазақстанның сақтандыру нарығы негізінен банктердің қосалқы құрылымдарынан тұрады және оның дамуы айтарлықтай дәрежеде банктік өнімдердің сақтандыруымен байланысты.
1. Қазақстан Республикасының “Сақтандыру қызметі туралы” 2002 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы
2. Міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының 2003ж. 25сәуірдегі №405-ІІ заңы
3. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. “Қаржы”, Алматы 2005ж
4. «Страховое дело» журналы, 2007 ж. №2
5. ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің статистикалық мәліметтері, 2007,2008,2009жж.
6. ҚР-ң 1999 ж. 17 сәуірдегі «Салықтар және тағы басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар ҚР Президентінің жарлығы;
7. ҚР Президентінің жарлығы, заңды күшке ие «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру», 26.12.95 №309;
8. В.К.Радостовец, Т.Ғ.Ғабдуллин, В.В.Радостовец, О.И.Шмидт «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», Алматы 2002;
9. Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп принциптері», Алматы 2003, Экономикс;
10. 13.11.96 ж. ҚР бухгалтерлік есеп бойынша Ұлттық комиссиясының «Бухгалтерлік есеп стандарттары және әдістемелік ұсынылымдары», бухгалтерлік бюллетені, 2003 ж. наурыз, №14;
12. Баяхметов Т. «Қазақстандағы сақтандырудың маңызы мен болашақта дамыту тенденциялары» - Алматы, Қаржы-қаражат, №2, 2008ж,24-28бет
13. Сақтандыру заңнамасы және сақтандыруға қатысы бар өзге де заңнамалық актілер
14. Қазақстан Республикасының конституциясы 1995жыл 30 тамыз
15. Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126-П Заңы

www.afn.kz

www.government.kz

www.google.kz

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Мемлекет басшысының
6 ақпан 2008жылғы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру –мемлекеттік
саясаттың басты мақсаты атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында:
экономикамыздың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі
айрықша миссияны менің тапсырмам бойынша жаңадан құрылған Бәсекелестікті
қорғау жөніндегі агенттік атқаратын болды. Елдегі кәсіпкерлік
белсенділіктің өсуіне елеулі серпін беретіндей бәсекелестік туралы жаңа зае
қабылдау керек деп атап өтті.
Ел басының 2007-жылдың 28-ақпанында жасаған Жаңа әлемдегі
Жаңа Қазақстан атты халыққа Жолдауында: Осыдан 10 жыл бұрын, 1997- жылы
Қазақстан халқына алғашқы Жолдауда біздің қоғамымызды болашақта қалай
көретіндігіміз және мемлекетіміздің міндеттері жайлы 2030-жылға дейінгі
Стратегия ұсынылған болатын. Біз бұл Стратегияны не орнатқымыз
келетіндігін, біздің дамуымыздың басты траекториясы қандай болу керектігін
анық білуіміз және түсінуіміз керек деген принциптен шыға отырып жасадық .
Біз өзіміздің маңызды бағыттарымызды анықтап алып, сәйкес стратегияларды
таңдап, ерік-жігер мен шыдам, мақсатқа тырысушылық таныта отырып біздің
жолымызда тұратын кез келген қиындықтарды жеңе алатындығымызға сенімді
болдық. Және біз адаспадық. Бүгін толық жауапкершілікпен айтуға болады:
Қазақстан өтпелі кезеңді сәтті аяқтап, өз дамуында сапалық жағынан жаңа
деңгейге өтті.
Сөз берілгендей, экономиканың тұрақты дамуы реформалардың
әлеуметтік бағыттылығын күшейтуге мүмкіндік туғызып отыр. Бұл біздің
экономикалық саясатымыздың маңызды қорытындысы. Қазақстан-2030
Стратегиясын жүйелі түрде орындау ары қарай даму үшін сенімді негіз берді.
Бізде алға қарай бұдан да сәтті қозғалуға барлық негізіміз бар,
және біз өзіміздің тарихи мүмкіндігімізді қолдан жібермейміз.
Қазақстан расында да тауарлардың, қызмет көрсетулер мен еңбек
ресурстарының, қаржы және қазіргі заман технологиялар мен идеялар нарығының
ажырамас қарқынды бөлігіне айналуы үшін он маңызды міндеттің бірін
орындауымыз қажет. Олардың бірі:
Жұмыс істейтін әйел адамдардың жүкті болғанындағы, босануын,
балаға аналық күтім жасау кезінде міндетті әлеуметтік сақтандыру. Сонымен
қоса олардың зейнетақылық жинақтамасын декреттік демалыста кезінде және
бала бір жасқа толғанға дейінгі оған күтім жасауға байланысты алған мерзім
барысында түсіп отырады.
Бұл жәрдем ақыны төлеу әлеуметтік салықты қайта бөлу есебінен
құрылған әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан жүргізіледі.
Бұған мемлекеттік бюджеттен қосымша 9,2 млрд. теңге бөлу қажет.
Қазақстанның сақтандыру нарығы негізінен банктердің қосалқы
құрылымдарынан тұрады және оның дамуы айтарлықтай дәрежеде банктік
өнімдердің сақтандыруымен байланысты.

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңі
өндірістің төмендеуін тежеу мен тұрақты экономикалық өсу үшін негіз құруға
бағытталған нарықтық қайта құру фазасына өтумен сипатталады. Нақ осы мәселе
Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді мақсаттар мен стратегияларында көрініс
тапқан – “шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтардың жоғары деңгейі тән
ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу”.
Осындай нарықтық қоғамда пайда болатын тұрлаусыздық пен
тұрақсыздық, экономикадағы үнемі болатын өзгерістер тәуекел тудырады.
Әсіресе мұндай жағдай кәсіпкерлікте жиі болады. Нарықта туатын кездейсоқ
және тұрлаусыз жағдайлар, экономикалық толқулар, бәсекелестердің әрекеттері
тіпті білікті басқару шешімдерін жоққа шығаруы мүмкін. Тәуекелді сақтандыру
мен өзін-өзі сақтандыруды қолданып, басқару облысында білікті жұмыс жүргізу
арқылы айтарлықтай төмендетуге болады. Яғни көріп тұрғанымыздай, нарықтық
шаруашылықтың дамуымен қоғам мүшелерін әлеуметтік-экономикалық, соның
ішінде сақтық қорғау ерекше мәнге ие болуда. Сол үшін де еліміздегі
сақтандыру нарығының жағдайын кешенді бағалау қажет.
Макроэкономикалық тұрақтылық үшін қажетті қаржы резервтерін құра
отырып, сақтандыру техногенді және экологиялық уақиғалар кезіндегі
өндірістік күштердің қалпына келуі мен дамуына көмегін тигізеді,
мемлекеттің болжанбаған шығындарын қысқартады, инфляциялық фактордың
әрекетін төмендетеді, тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс пен ұсыныс ара
қатынасын оңтайландырады.
Сонымен қатар, Мемлекет экономикасындағы сақтандырудың
нарықтық қатынастар инфрақұрылымының қызмет етуінің негізгі элементі
ретіндегі рөлі артуда. Бұл жерде экономикалық инфрақұрылымға сақтандыру
механизмін енгізу мен мемлекеттегі сақтандыру нарығының өз инфрақұрылымын
құру сияқты екі параллель процесс жайлы сөз болуда.
Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, сақтандыру нарығының мәні –
адамдардың, шаруашылық құрылымдардың, кәсіпкерлік және коммерциялық
фирмалардың, өндірістік кәсіпорындардың әртүрлі кездейсоқ жағдайлардан
сақтық қорғауға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруда. Сақтандыру
нарығының экономикалық мәні материалдық немесе басқа да нұқсан келтіре
алатын сақтандыру тәуекелінің болуымен шарттасылған қайта бөлушілік ақша
қатынастарымен сипатталады.
Қорыта айтқанда, сақтандыру мәселесі және де елдегі
сақтандыру нарығының жағдайын жақсарту мәселесі экономикалық проблемалар
ішінде ерекше мәнге ие, өйткені дәл осы мәселе елдің өміріне оң әсер етуші
қуатты факторлардың бірі болып табылады. Осы себептерге байланысты мен өз
дипломдық жұмысымның негізгі талданар мәселесі етіп осы тақырыпты алдым.
Көптеген зерттеушілер мен осы сала мамандарының пікірінше
банктік сақтандырудың біржақты даму тенденциясы отандық сақтандыру
нарығының да, жалпы қаржы нарығының дамуына тиімді емес.Банктік сақтандыру
компаниялары өздерінің басты құрылымдарының (банктің) қанатының астында өз
қызметін жүзеге асыра отырып, тәуекелділіктерді басқарушылардың орнына банк
кірістерінің оптимизаторларына айналып отыр. Бірақ мұнысымен банктік бизнес
душар болып отырған жүйелік тәуекелділіктердің артуына салдарын тигізуде.
Нәтижесінде сақтандыру компаниялары қаржылық нарықта
тұрақтандырушы рөл ойнай алмайды, себебі тәуекелділіктер өз құрылымдарының
ішінде шоғырланады. Басқа сөзбен айтқанда, ақша жай ғана бір қалтадан
екінші бір қалтаға өткізіледі.
Қалыптасып отырған бұл жағдай сақтандыру нарығының
мүмкіндіктерін толық пайдалану мүмкіндігін бермей отыр.Банктік сақтандыру
қауымдастығының күннен күнге өсіп отырған резервтері банктік
транзакцияларға оралады да, қайтадан сол банктік индустриясының мүдделеріне
бағынышты болып қалады. Нәтижесінде, сақтандыру нарығының шынайы
капитализациясы шектеулі, жекеленген түрде жүзеге асады да, ал бұл өз
уақытысында сақтандырушылық қызмет көрсету саласының ел экономикасына енуге
кедергі болады. Шет елдердің тәжірибесі көрсеткендей, сақтандыру
компаниялары капитализация көлемі бойынша ол елдерде сөзсіз көшбасшы болып
отыр.Онда сақтандыру компаниялары банктерге қатысты кіші іні емес,
серіктес ретінде болады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – сақтандыру қызметін ұйымдастыру
мен оның бәсекеге қабілеттілігіне талдау жасау негізінде оны арттыру
жолдарын ұсыну.
Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қойылды және
шешілді:
- сақтандыру және сақтандыру қызметінің мәнін ашу;
- сақтандыру қызметін ұйымдастыру нысандары мен түрлерін қарастыру;
- сақтандыру қызметің бәсекеге қабілеттілігін анықтау үшін
сақтандыру нарығындағы жағдайға сипаттама беру;
- сақтандыру ұйымының көрсететін сақтандыру қызметіне талдау жасау;
- сақтандыру қызметін ұйымдастыру мен оның бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесін қарастыра отырып, отандық сақтандыру
қызметін ұйымдастыру мен бәсекеге қабілеттілікті арттырудың кейбір жолдарын
ұсыну.
Дипломдық жұмысты жазуда әдістемелік негіз болған осы саладағы
отандық және шет ел авторларының еңбектері. Бұл бағыттағы ТМД елдері мен
Қазақстан ғалымдарының еңбектерін өте құнды деп атауға болады.
Ақпараттық база ретінде Қазақстан Республикасының Президентінің
2008, 2007, 2006 және 2005 жылдардағы Қазақстан халқына арналған
Жолдаулары, Қазақстан-2030 стратегиясы, Қазақстан Республикасының
Конститутциясы, Қазақстан Республикасының Президентінің Нұсқаулары,
Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы нормативтік-құқықтық
актілері, Сақтандыру рыногын реттеу және сақтандыру қызметін қадағалау
жөнiндегi мемлекеттік уәкілетті органның ресми мәлімдемелері, АҚ Алатау
Сақтандыру компаниясының қаржылық есептерінің мәліметтері пайдаланылды.
Зерттеу пәні сақтандыру қызметін ұйымдастыру мен оның жүзеге
асыру, бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету жағдайын.
Зерттеу объектісі болып сақтандыру компаниясының сақтандыру
қызметі табылады.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізін қаржылық талдаудың
әдістері құрады: бухгалтерлік есептің көлденең және тік талдауы;
статистикалық мәліметтерді жинау мен топтау; динамика қатарларын талдау;
компанияның қаржысын басқарудың қазіргі заманғы әдістері. Бұл жұмысты жазу
барысында Жуйриков К.К , Гвозденко А.А., Маянлаева Г.И. Воробьева С.М ,
Сембеков А.К. және т.б. ғалымдардың еңбектері әдістемелік арқау ретінде
көрініс тапты. Зерттеудің ақпараттық негізін компанияның бухгалтерлік және
қаржылық есептілігінің мәліметтері, компанияның ішкі нормативті-техникалық
құжаттары, мерзімді баспа құралдарының ақпараттары, қаржылық менеджмент
саласындағы отандық және шетелдік мамандардың оқулықтары құрайды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы: дипломдық
зерттеудің нәтижелері – сақтандыру қызметін ұйымдастыру мен қызмет түрлерін
жүзеге асыруға талдау жүргізу және оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың
кейбір жолдары.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш маңызды бөлімдерден,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан құралады.

1 Қазақстандағы сақтандырудың қызмет нарығының қалыптасуы

1.1 Сақтандыру түрлері, заңды және жеке тұлғалардың жеке
мүліктерін сақтандыруды анықтау және есептеу

“Сақтандыру нарығы” түсінігі отандық экономикалық әдебиеттерде
жақында ғана қолданыла бастады. Сақтандыру ісіндегі мемлекеттің
монополиялық жағдайында сақтандыру нарығының болуы туралы сөз де
қозғалмаған.
Сақтандыру қызметтері нарығының мәні сақтандыру табиғатынан
көрініс табады. Менің ойымша, бұл түсінікті жетекші ғалым-экономисттер
көзқарасы тұрғысынан қарастыру керек.
Сақтандыру терминдері сөздігі келесідей талқылама береді:
“Сақтандыру нарығы – сақтық қорғаудағы қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыру процесінде айрықша тауарды сату-сатып алу бойынша пайда
болатын экономикалық қатынастар жүйесі”.
В.В.Шахов мынадай анықтама берген: “... Сақтандыру нарығы –
сату-сатып алу объектісі болып сақтық қорғау табылатын, оған деген сұраныс
пен ұсыныс қалыптасатын ерекше әлеуметтік-экономикалық құрылым, ақша
қатынастарының белгілі бір сферасы”.
Кең мағынада сақтандыру нарығы сақтандыру өнімін сату-сатып
алумен байланысты барлық экономикалық қатынастардың жиынтығын білдіреді.
Нарық сақтандырушы мен сақтандырылушы арасындағы тығыз байланысты
қамтамасыз етеді. Тар мағынада сақтандыру нарығы – сақтандыру қоғамдарының
жиынтығы.
В.М.Родионова өзінің “Финансы” оқулығында мынадай анықтама
ұсынған: “Сақтандыру нарығы – бұл сату-сатып алу объектісі болып арнайы
қызмет – сақтық қорғау табылатын, оған деген ұсыныс пен сұраныс
қалыптасатын ақша қатынастарының ерекше сферасы”.
Ю.Бугаев өзінің мақалаларының бірінде былай деп жазған:
“Мемлекеттің реттеушілік әсерінің негізінде сақтандырылушылардың белгілі
бір қажеттілігін қанағаттандыратын сақтандырушы өзінің ерекше тауарын
(сақтандыру) өткізе алатын ерекше сақтандыру нарығы пайда болады.
Сақтандыру нарығы сақтандырушы мен сақтандырылушы арасындағы экономикалық
қатынастарды ортақтастандырады”.
Осы түсініктердің (анықтамалардың) талдауы негізінде
авторлардың барлығы келесідей көзқарасқа ие болған деген қорытынды жасай
аламыз: “Сақтандыру нарығы – бұл “сақтандыру қызметі” деген айрықша тауарды
сату-сатып алумен байланысты экономикалық қатынастардың жиынтығы”.
Осылайша, сақтандыру нарығы қарамағында бір жағынан, уақытша
бос сақтандыру қорларының қаражаттары болады, ал екінші жағынан, сақтандыру
нарығының оларды жоғары табыс әкелетін және салынған қаражаттардың тез
қайтарылуын қамтамасыз ететін қызмет сфераларына салуға мүмкіндігі болады.

Сәйкесінше “сақтандыру нарығы” түсінігі оның мәні есебінен
ашылады. Бәріміз білетіндей, мән философиялық категория ретінде белгілі бір
құбылыстың ішкі мазмұны деген мағынаны береді.
Сақтандыру нарығының мәні “сақтандыру қызметі” және
“сақтандыру тәуекелі” категорияларын қарастыру кезінде анықталады. Осы
жерде “... нарық пен сақтандыру тәуекелі өзара байланысты”. Бір жағынан,
нарық сақтандыру тәуекеліне әсер етеді, екінші жағынан – қалыптасқан
жағдайға байланысты сақтандырудың тәсілі мен шарттары дайындалады.
Сақтандыру нарығында келтірілген нұқсандар территориялық ғана
емес, сондай-ақ уақыт аспектісінде қарастырылады. Осымен бірге
сақтандырылушылар арасында сақтандыру қорын қайта бөлу тиімді болу үшін,
айтарлықтай үлкен территория және де сақтандырылған адамдардың саны
айтарлықтай аз болу керек. Осы шарттар сақталған кезде ғана үлкен
территорияларды қамтыған апаттар нұқсандарын үлестіру мүмкін болады.
Кездейсоқ жағдайлардан туындаған нұқсанды уақыт бойынша
үлестіру бір шаруашылық жыл шегінен асып кетуі мүмкін. Төтенше жағдайлар
бірнеше жыл болмауы мүмкін және олардың нақты болатын күні белгісіз болады.
Бұл жағдай қолайлы жылдары түскен сақтандыру төлемдерінің бір бөлігін
қолайсыз жылдары болатын төтенше жағдайларды өтеудің қайнар көзі ретінде
қолдану үшін резервтеу қажеттілігін тудырады.
Сақт андыру нарығының ерекше белгісі болып сақтандыру корына
жиналған сақтандыру төлемдерінің қайтарымдылығы табылады. Сақтандыру
төлемдері мүмкін болатын нұқсанды өтеуге арналған нетто-төлемдердің және
сақтандыруды жүргізуші сақтандыру ұйымын ұстау үшін жөнелтпе шығындардан
тұратын сақтандыру тарифтерінің негізінде анықталады. Нетто-төлемдердің
барлық сомасы белгіленген уақыт кезеңінде нұқсанды өтеу нысанында
қайтарылады. Қаражаттарды қайтару белгісі сақтандыруды несие категориясына,
ал сақтандыру нарығын қаржы-несие нарығына жақындатады.
Сақтандыру қоры қаражаттарының шоғырлануы – сақтандыру нарығын
ұйымдастырудың негізгі қағидаты. Бұл қағидат кез-келген сақтандыру ұйымы
үшін анықтаушы болып табылады.
Сақтандыру нарығының болуының міндетті шарты болып сақтандыру
қызметтеріне деген қоғамдық қажеттіліктердің болуы және сол қажеттіліктерді
қанағаттандыра алатын сақтандырушылардың болуы табылады. Отандық
экономиканың нарыққа өтуі экономикалық қатынастар жүйесіндегі
сақтандырушының рөлі мен орнын өзгертеді. Сақтандыру компаниялары
шаруашылық өмірдің толық құқылы субъектілеріне айналуда.
Сондай-ақ, сақтандыру нарығының қалыптасуы үшін кәсіпорындар
мен ұйымдардың, халықтың мүлкін сақтық қорғау үшін сәйкес сақтандыру
қорларының болуы шарт. Бірнеше миллиондаған теңге сақтандыру сомасы және де
өзінің ірі капиталы бар ондаған сақтандыру компаниялары болуы керек.

Сақтандыру нарығының қызмет етуінің негізгі заңдары болып құн
заңы мен сұраныс және ұсыныс заңы саналады.
Сақтандыру нарығы тауарлы шаруашылықтың даму процесінде қалыптасады және
де соңғысының ажырамас элементі болып табылады. Айтылған екеуінің де пайда
болуының шарты болып қоғамдық еңбек бөлінісі және әртүрлі меншік иелерінің
болуы табылады. Сақтандыру нарығы нарықтық қатынастардағы субъектілердің
дербестігін, олардың сақтандыру қызметін сату-сатып алу бойынша тең құқылы
серіктестігін, көлденең және тік байланыстардың дамыған жүйесін,
бәсекелестікті болжайды.
Мемлекет экономикасындағы сақтандырудың нарықтық қатынастар
инфрақұрылымының қызмет етуінің негізгі элементі ретіндегі рөлі артуда. Бұл
жерде экономикалық инфрақұрылымға сақтандыру механизмін енгізу мен
мемлекеттегі сақтандыру нарығының өз инфрақұрылымын құру сияқты екі
параллель процесс жайлы сөз болуда.
Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, сақтандыру нарығының мәні –
адамдардың, шаруашылық құрылымдардың, кәсіпкерлік және коммерциялық
фирмалардың, өндірістік кәсіпорындардың әртүрлі кездейсоқ жағдайлардан
сақтық қорғауға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруда.
Сақтандыру нарығының экономикалық мәні материалдық немесе басқа
да нұқсан келтіре алатын сақтандыру тәуекелінің болуымен шарттасылған қайта
бөлушілік ақша қатынастарымен сипатталады.
Бір жағынан, сақтандыру қызметтерінің нарығы – бұл сақтандыру
өнімін сату-сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы, ал
екінші жағынан, сақтандыру қызметін сату-сатып алумен байланысты бірнеше
нарықтық қатынастар субъектілері арасындағы тең құқылы және жауапкершілікті
серіктестік.
Сәйкесінше, нарық сақтандыру бизнесінің белсенді дамуы,
көптеген сақтандыру ұйымдарының құрылуы мен қызмет етуі үшін объективті
жағдайлар жасайды. Осылайша, сақтандыру нарығы белгілі бір жағдайлар
жасалған кезде Қазақстанның экономикалық қатынастары мен байланыстары
жүйесінде айтарлықтай маңызды рөл ойнар еді. Қазірдің өзінде сақтандыруға
деген көзқарас өзгеруде. Сақтандыру қызметтері нарығында мүдделердің жаңа
топтары қалыптасуда. Сақтандыру нарығы нарықтық қатынастар құралдарының
ішінде aнық орын алуда.
Сақтандыру объектісі бойынша сақтандыру қатынастарының барлық
жиынтығын екі үлкен салаға бөлуге болады: жеке мүлікті сақтандыру мен жеке
тұлғаны сақтандыру.
Жеке мүлікті сақтандырудағы сақтандырушылық қатынастардың объектісі - оның
барлық түрлеріндегі автокөлік болып табылады. Жеке мүлікті сақтандырудың
экономикалық бағыты – сақтандырушылық жағдай салдарынан пайда болған
зиянның орнын толтыруда қорытындылады.
Сақтанған болып сақтанушының меншігіндегі, сондай-ақ оның сеніміндегі,
қолдануындағы және өкілеттігіндегі автокөлік бола алады. Сақтандырушылар
болып – тек қана автокөлік меншіктері ғана емес, сонымен қатар жеке
мүліктің сақталуына жауап беретін басқа да заңды және жеке тұлғалар бола
алады 5.
2002ж. 3 қазанынан “Сақтандыру туралы” заңды күші бар Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығының 7 бабына сәйкес жеке мүлікті
сақтандыруға сонымен қатар кәсіпкерлік тәуекелдерді және азаматтық –
құқықтық жауапкершілікті сақтандыру да жатады 17.
Кәсіпкерлік қызметте кәсіпкер контрагенттерімен өздерінің міндеттемелерінің
бұзылуынан немесе кәсіпкерге тәуелді емес жағдайлардан осы қызмет
шараларының өзгеруінен күтілетін табыстарды алмаумен тәуекел сақтанады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру кезінде сақтандыру объектісі
болып басқа адамдардың өміріне, денсаулығына зиян келтіру салдарынан пайда
болатын, сонымен қатар келісімдерден немесе басқа да негіздерден пайда
болатын міндеттемелер бойынша жауапкершілік тәуекелі болып табылады.
Сақтандыру түрлерінің саны тәжірибеде шектелмеген және әлеуетті
сақтанушылардың мүдделерінің шексіз әртүрлігіне адекватты болып табылады
19.
Мысалға, бізде ең көп таралған сақтандырудың кейбірін келтірейік.
Заңды және жеке тұлғалардың жеке мүліктерін сақтандыруда бұл көлік
құралдарын, материалдарды сақтандыру болып табылады. Жауапкершілікті
сақтандыру бойынша – автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін сақтандыру, тасымалдаушылардың жауапкершілігін сақтандыру,
жұмыс берушілердің жауапкершілігін сақтандыру, үшінші жақтарға зиян үшін
кәсіпорындардың азаматтық жауапкершілігін сақтандыру (экологиялық
сақтандыру), кәсіби жауапкершілікті сақтандыру, зейнеткерлік қорлардың
жауапкершілігін сақтандыру болып табылады. Кәсіпкерлік тәуекелдерді
сақтандырудың түрлері өндіріс үрдісінде немесе қызметтерді ұсынудағы нақты
тәуекелдерге байланысты. Олар: жаңа техниканы иемдену, валюта бағамдарының
ауытқуы, өндірістегі үзіліс және т.б.
Қауіптер сипаттары бойынша сыныптау тек қана жеке мүлікті сақтандыруды
қамтиды және бір-бірімен иерархиялық байланыста емес бес негізгі буындарды
бөледі. Олар:
Оттан және стихиялық жағдайлардан сақтандыру.
Зиянкестердің және тиімді емес табиғат жағдайларынан сақтандыру.
Көліктің барлық түрлерін апаттардан, айдап кетулерден және басқа да
қатерлерден сақтандыру.
Техногендік апаттар мен катастрофалардан сақтандыру.
Қаржылық тәуекелдерден сақтандыру.
Қауіптер сипаттамасы бойынша сыныптау зиянды анықтау мен сақтанушылық орны
толтыру әдістерін дамыту үшін қолданылады. Келтірілген буындардың
әрқайсысының өзі берілген сыныптама шеңберіндегі сақтандырудың жеке түрі
болып табылады.
Қазақстан Республикасында сақтандыру бизнесін реттеудің заңдық жүйесін
дамыту үрдісі созылып кетті. “Қазақстан Республикасындағы сақтандыру
туралы” алғашқы Заңы тек 2002ж. 3 шілдесінде ғана қабылданды және іске 1
қыркүйекте енгізілді. Жалпы заң сәтті болмады. Басқа да кемшіліктермен
қатар онда бастысы – сақтандырушылық ұйымдарды тіркеу, сақтандырушылық
қызметті лицензиялау механизмдері мен мемлекет тарапынан бақылау болмады.
Негізінен осы себептен заң жұмыс істемеді. Ол адал бәсекелік күресті
қамтамасыз еткен жоқ. Көбінесе, сақтандыру компаниялары бір-бірімен
бәсекелесіп, сақтандырушылар мүдделері зиян кескен жағдайларға алып келді.
Істе болған “Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы” Заңындағы
кемшіліктер мен есептемеулер белгілі бір мөлшерде 2009ж. 16 сәуірінен №1658
“Сақтандыру нарығын қалыптастыру мен дамыту бойынша ұйымдастырушылық-
құқықтық шаралар туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысымен
түзетілді.
Осы Жарғыға сәйкес сақтандырудағы лицензиялау мен бақылау органының
өкілеттіктерімен Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігіндегі
сақтандыру Департаменті дамытылды 1.
Сақтандырудың құқықтық негізін қалыптастыру үшін тығыз
фундаментті қалаған заң актісі болып 2002ж. 3 қазанынан “Сақтандыру туралы”
заңды күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы болды. Ол
мемлекеттік, сондай-ақ жеке сақтандырушылық ұйымдардың еркін адалдық
бәсекелестігі үшін нақты жағдайлар дамытты, шетел инвесторлары үшін ішкі
сақтандырушылық нарықты ашты.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасындағы сақтандырушылық туралы заңы
Азаматтық кодекстің сәйкес баптарынан (ерекше бөлігі), 2002ж. 3 қазанынан
“Сақтандыру туралы” заңды күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығынан (әрі қарай – “Сақтандыру туралы” Жарлық немесе Жарлық),
Қазақстан Республикасы Президентінің және үкіметінің, сондай-ақ өкілеттік
мемлекеттік органның заң актілері мен оларға сәйкес қабылданған нормативтік
құқықтық актілерден тұрады 1.
Сақтандырушылық қатынастарды реттейтін негізгі заң акітелрі болып табылатын
“Сақтандыру туралы” Жарлықтың сипаттамасы.
Сақтандыру келісімінің нысаны мен мазмұнына Жарлықпен белгілі бір талаптар
қойылады. Келісімге сақтандыру қатынастары жүйесінде негізгі орын беріледі,
өйткені нақ келісім нысанында сақтандыру тәжірибелі жүзеге асады.
Сақтандырушы сақтандыру төлемін төлегеннен кейін, ал оны төлеу кейінге
қалдырылған кезде – бірінші сақтандырушылық салым мерзімінен бастап
сақтандыру келісімі күшіне енеді және жақтар үшін міндетті болып табылады
және бірінші болған сақтандырушылық жағдайдан сақтандырушылық орнын
толтыруды төлеу мерзімінен бастап, егер міндетті сақтандыру туралы
келісіммен немесе заңмен басқадай қарастырылмаса, өзінің қызметін
тоқтатады.
Сақтандырушылық қорғаудың қызмет ету кезеңі, егер міндетті сақтандыру
туралы келісіммен немесе заңмен басқадай қарастырылмаса келісім қызметі
мерзімімен сәйкес келеді.
Сақтандыру территориясы Қазақстан Республикасының территориясымен,
егер сақтандыру объектісі сипатынан басқадай шықпаса немесе келісімде
қарастырылмаса сәйкес келеді 19.
Жарлықпен келісімді мерзіміне дейін тоқтату және оны жарамсыз деп
тану тәртібі бекітілген.
Азаматтық кодекспен қарастырылған міндеттері тоқтатудың жалпы
негіздерінен басқа сақтандыру келісімі келесі жағдайларда тоқтатылады:
сақтандыру объектісі жойылған кезде;
оны ауыстыру болмаған жағдайдағы сақтандырушы болып табылмайтын
сақтанушының өлімі;
егер сақтандырушы сақтанушының ауысуына қарсы болып, ал келісіммен немесе
заңмен басқадай қарастырылмаса, сақтандырушының мүліктік сақтандыру
объектісінен бас тартуы жағдайында;
егер басқа жағдайлар қарастырылмаса, сақтанушымен кезекті сақтандыру
салымдарын бекітілген мерзімге дейін төлемеуі;
сақтандырушы мен сақтанушының талаптары, егер бұл сақтандыру шарттарымен,
сондай-ақ жақтардың келісімі бойынша қарастырылса.
Келісімнің қызмет ету кезеңінде сақтандырушының сақтандыру сомасын көбейту
талабына сәйкес, онымен негізгі келісімнің аяқталу мерзіміне дейінгі
кезеңге қосымша келісімге қол коюға болады. Бұл кезде негізгі және қосымша
келісім бойынша сақтандырушылық сома берілген жеке мүлікті сақтандыру
нұсқасы үшін бекітілген мөлшерден жоғары бола алмайды.
Бір жылға келісілген келісімдер бойынша сақтандырушылық төлемдер
сақтанушымен бекітілген ставкалар бойынша төленеді.
Бір жылдан аз мерзімге қол қойылған келісімдер бойынша сақтандырушылық
төлемдер жылдық төлем сомасынан келесі мөлшерлерден төленеді:
2 айға – 30%,
3 айға – 40%
4 айға – 50%
5 айға – 60%
6 айға – 70%
7 айға – 75%
8 айға – 80%
9 айға – 85%
10 айға – 90%
11 айға – 95% мерзімдеріне сақтану кезінде.
Жоғарыда көрсетілген мөлшерлерде және сақтандырушылық сомалардың
жоғарылауына сәйкес келісілген қосымша келісімдер бойынша сақтандырушылық
төлемдер төленеді. Осы кезде толық емес ай үшін төлем толық ретінде
төленеді 19.
Тәжірибеде сақтандырушылар 2 немесе 3 жылға келісілген мерзімімен жеке
мүлікті сақтандырудың жалпы келісімдері бойынша төленген соманың 10%-ке
дейін, ал 4 немесе 5 жылға – 15%-ке дейін жеңілдіктер ұсынады.
Бес және одан да көп өткен жылдар бойы үздіксіз жеке мүлікті сақтандырудың
келісімдеріне қол қойған және осы уақыт ішінде сақтандырушылық орнын
толтыруды алмаған тұрақты сақтандырушыларға жаңа келісімге келу кезінде
төленген соманың 20%-не дейін жеңілдік беріледі.
Сақтандыру түрлері, заңды және жеке тұлғалардың жеке
мүліктерін сақтандыруды анықтау және есептеу
Өз сақтанушыларына кездейсоқ оқиға басталған жағдайда жоғалған, бүлінген
көліктер үшін материалдық өтем беруге кепілдік бере отырып, сақтандыру
ұйымдары олардың әлеуметтік қорғалуын жүзеге асырады әрі мұны барынша толық
көлемінде істеуге күш салады. Осы тұрғыдан алғанда азаматтар мен барлық
жүйелердегі кәсіпорындардың жеке мүліктерін ерікті сақтандыру қызметінің
кейбір жеке түрін кіргізу жөніндегі ұсынысқа назар аударуға болады.
Міне осылайша, жер сілкінісі – адамдардың кездейсоқ оқиғадан
қорғана білуінің бір тәсілі болып табылад. Осы себепті Мемлекеттік
коммерциялық сақтандыру компаниясының басқармасы Қазақстанда жер сілкіну
жағдайындағы ерікті сақтандыруды енгізді.
Осыған байланысты жер сілкінісінің зардабын жою жөніндегі жұмыстарды
ұйымдастырудың тәртібі, зардаптарды анықтау мен құрылыстарға, үй
мүліктеріне, малдарға, көлік құралдарына жеке сақтандыру бойынша сақтандыру
өтемін төлеу жолдары жан – жақты түсіндіріледі.
Жер сілкінуден жеке мүліктерді сақтандыру жекеменшік иесін, жалгерлерді
өрттен, ұрлық пен өзге де осындай қауіп түрлерінен сақтандырумен
айналысатындар арқылы, сол секілді сақтандыру үшін жеткілікті капиталы бар
адам арқылы жүргізуге болады.
Жер сілкінуден сақтандыру, шын мәнінде үлкен зияннан емес, орасан зор
апатты оқиғадан сақтандыру болып табылады, сондықтан да сақтандыру куәлігі
франшизбен берілуге тиіс, яғни оны сақтандыру сомасының белгілі проценті
немесе сақтандырушыға төленетін белгілі сома құрайды.
Жер сілкіну қатерінің сақтандыру шарттарының барлық түрлері бойынша
шығындарды өтейтін ақша бар. Жер сілкінуден сақтандыру объектісі болып -
өнеркәсіп кәсіпорындарының, ауыл шаруашылығы-ның, көліктің, өзге
кәсіпорындар мен ұйымдардың, көлік құралдарының мүліктері, кооперативтік,
акционерлік, жекеменшік, ұжымдық қоғамдардың және т.б. ұйымдардың мүліктері
табылады. Бұдан басқаны айтқанда, сақтандырудың объектісі болып құрылыс пен
автокөлік, азаматтар, олардың өмірі мен денсаулықтары табылады.
Біздің алдымызда жер сілкінуден болған зардаптардың мөлшерін анықтап және
де зиян шеккендерге ақшалай қаржы төлеуді жүргізу міндеті тұр, бұл орайда
мемлекет пен халыққа тиесілі құрылыстар мен автокөліктер бағаланады.
Жер сілкінудің салдарынан болған нақты зиянды анықтау орасан зор көлемді
жұмыстарды орындауды талап етеді. Біздің ойымызша бірінші кезекте
құрылыстар, көлік құралдары мен үй мүліктері бойынша зиянды анықтау үшін
әкімшіліктердің басшыларында арнайы комиссиялар құрылуға тиіс, олардың
құрамына сақтандыру ұйымдар-ының, техникалық инвентаризация бюросының
қызметкерлері, депутаттар, қоғамдық өкілдер кіргізілер еді.
Әрине, мүмкін – қадірінше бұл комиссияларды мейлінше тәжірибелі,
білікті мамандардың басқарғаны жөн, өйткені зиянды анықтау мен сақтандыру
өтемін төлеу жұмыстарының негізгі ауыртпашылығы сақтандыру ұйымдарының
өздеріне түседі. Бұл жұмыстарға кіріспес бұрын, сақтандыру өтемі мен зиян
сомасы есебінің актілері мен есептерін жасауға шақырылған қызметкерлерге
жан – жақты нұсқау беріп, оларды осы жұмысқа сай келетін нормативтік
құжаттармен, актілердің бланкаларымен және оларды толтыру тәртібімен,
есептеуді құрып, бағалау нормаларының жинақтарын пайдаланумен,
сақтандырудың бағалық парақшасымен, жеке үй құрылыстарының техникалық
инвентаризациясының паспорттарымен таныстырады. Әсіресе, жергілікті елді
мекендердің қызметкерлер еңбек етуге тиіс жердегі ерекше жағдайлармен
танысуға айрықша көңіл бөлу қажет.
Сақтандыру өтемін уақтылы әрі толық төлеу сақтанушыға бүлінген жеке мүлікті
қысқа мерзімде жөндеп немесе жойылғанның орнына жаңасын сатып алуға
мүмкіндік береді. Сондықтан жер сілкінудің салдарынан болған зиянды анықтау
сақтандыру ұйымдарының өте күрделі әрі жауапты жұмыстары болып табылады.
Жер сілкінудің нәтижесінде зардап шеккен азаматтардың
жекеменшігінде құрылыстарға сақтандыру бойынша сақтандыру өтемін төлеуді
анықтау мен беру бірінші қатер жүйесі бойынша жүргізіледі, яғни сақтанушыға
нақты зиянның толық көлеміндегі құн өтемақыландырылады, бірақ шартта
келісілген сақтандыру сомала-рынан жоғары емес. Жер сілкіну нәтижесінде бір
мезгілде құрылыстың үлкен бір бөлігі құрып кетеді немесе бүлінеді, міне
осыны есепке ала отырып, ұйымдастыру жұмысында тәртіп орнату үшін зиянды
анықтаудың тәртібін өзгерту керек, сөйтіп барлық құрылыстың аулаларын
аралап, көріп, әр үйдің рет нөмірлерін, әр көшені, әр кварталды қарап, оқыс
оқиғадан бүлінгеннің бәрін есепке алып, құрылыс пен жеке мүліктің жойылғаны
туралі акті жасайды.
Жұмыстың мынадай тәртібін, яғни үй құрылыстарының өзге де
объектілердің көзге түспей, есепке кірмей қалғанын болдырмайтын жағдайын
қарастыру керек, яғни бүлінген немесе жойылған құрылыстарды қайыра
тексеріп, бір құрылыстың өзіне бірнеше қайтара актілер жасауға тура келеді
5.
Зиянды анықтау мен сақтандыру өтемін төлеу әдеттегідей
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясының
басқармасы ойластырған немесе бекіткен Ережелер бойынша жүргізіледі. Жер
сілкіну кезінде бұл ережеден әртүрлі ауытқулардың болуы даусыз. Осы орайда
жұртшылыққа, кәсіпорын-дар мен шаруашылықтың әртүрлі нысанымен айналысатын
ұйымдарға ұғымды пайдалануға оңтайлы түрде жеткізуге күш салады. Бұған
байланысты төменде келтіріліп отырған жер сілкіну кезінде болған зардаптың
салдарын жою жөніндегі ережеден ауытқу, сөз жоқ осы жұмыстарды жүргізу
кезінде басшылыққа алу тұрарлық.
Мұның негізі етіп техникалық инвентаризация бюросының бағасын
алу керек. Бұл жерде зиянды анықтау мен сақтандыру төлемін төлеуге мынадай
кезеңдер алынады:
- сақтандыру оқиғасының қолда барын түгендеуді және жеке мүліктің жойылуы
мен зақымданып бүлінуінің себебін анықтау;
- зиянның сомасын анықтау;
- сақтандыру өтемінің сомасын есептеу;
- сақтанушының есептелген өтемінің толық немесе жартылай сомасын алуға
деген құқын белгілеу;
- сақтанушыға сақтандыру өтемін төлеу.
Келтірілген зияндар мен сақтандыру өтемін бөлек – бөлек қараудың
қажеттілігі мынадан келіп шығады, көптеген жағдайларда сақтандырудың
жекелеген түрлерінің белгіленген келісімдеріне орай немесе сақтандыру
қамтуының мынадай жүйесін қолдануға байланысты олардың мөлшері сәйкес
келмеуі мүмкін. Бірақ сақтанды-ру өтемінің сомасын есептеу үшін бастапқы
көрсеткіш болып табылады.
Құрылыстың бүлінгені немесе жойылғаны жөніндегі акті
белгіленген нысандағы бланкіде бір дана болып жасалады. Актіні жасаушылар
бланкіде көрсетілген барлық сұрақтарға нақты жауаптар беруі керек, сол үшін
де жеке бөлімдерді толтыру кезінде мыналарды назарға алған жөн.
Сақтанушының жойылған немесе бүлінген құрылыс және сол құрылыстың оған
жекеменшік, құқ ретінде жататыны анықталады:
- ауылдық, селолық жерлерде – сақтандырудың бағалау парақша-сы мен ауыл –
село әкімшілігі басшысының шаруашылық жөніндегі кітапта көрсетілген
деректер бойынша;
- қалада – техникалық инвентаризацияның паспорты, техникалық инвентаризация
бюросының инвентаризациялық бағалау құжаттарындағы жазбалар бойынша,
аудандық немесе қалалық әкімшілік басшыларының жеке құрылыс салуға жер
бөлгендігі туралы шешім, сондай-ақ салық салынғаны жөніндегі аудандық және
қалалық салық инспекциясының құжаттары бойынша.

1.2 Сақтандыру нарығының құрамы мен құрылымы
Сақтандыру нарығының мазмұнын оның түрлері, инфрақұрылымы
кеңірек ашады. Ендігі кезекте сол түрлерін қарастырып өтейік.
Салалық нышаны бойынша өмірді сақтандыру нарығын (сонымен
бірге сақтандырудың барлық ұзақ мерзімді түрлері: зейнетақыны, денсаулықты,
аннуитет және т.б. жатады), мүлікті сақтандыру нарығын, жауапкершілікті
сақтандыру және де жазатайым уақиғалардан сақтандыру нарығын бөледі.
Қазақстан Республикасында сақтандырудың “өмірді сақтандыру” және “жалпы
сақтандыру” сияқты екі саласы белгіленген.
Масштабы бойынша ұлттық, аймақтық және халықаралық сақтандыру
нарықтарын бөледі.

Ұлттық сақтандыру нарығы – жеке мемлекеттегі сақтандыру
ұйымдарының қызмет ету сферасы. Институционалды түрде ұлттық сақтандыру
нарығы сақтандыру ұйымдарынан, арнайы қайта сақтандырушы ұйымдардан,
сақтандыру брокерлері мен агенттерінен тұрады. Ұлттық сақтандыру
нарығындағы барлық қызмет ұлттық сақтандыру заңы шегінде жүргізіледі. Бұл
заңның орындалуын бақылау мемлекеттік сақтандыруды бақылау органына
жүктелген. Ең ірі ұлттық сақтандыру нарықтары АҚШта, Ұлыбританияда,
Германияда және басқа да бірқатар елдерде қалыптасқан. Ұлттық сақтандыру
нарығында Үкіметте, бұқаралық ақпарат құралдарында, халықаралық
келіссөздерде сақтандыру ұйымдарының ұжымдық мүдделерін ұсынатын ұлттық
сақтандыру ассоциациялары қызмет етеді.
Аймақтық сақтандыру нарығы өзара интеграциялық байланыстармен
байланысушы жеке аймақтардың сақтандыру ұйымдарын, ұлттық нарықтарын
біріктіреді. Ең ірі аймақтық нарық болып Солтүстік американ сақтандыру
нарығы (АҚШ, Канада) саналады. Еуропалық экономикалық одастастықтың
сақтандыру нарығында терең интеграциялық процесстер жүруде. Бұл “Еуропалық
экономикалық одақтастықтың ортақ сақтандыру нарығын” құру туралы жоспарды
жүзеге асырумен байланысты. Еуропалық экономикалық одақтастықтың ұлттық
сақтандыру заңдарын толық сәйкестендіру көзделген.
Халықаралық сақтандыру нарығы – бұл ұлттық және аймақтық
сақтандыру нарықтары жиынтығы. Мұндай мағынада халықаралық сақтандыру
нарығы ретінде халықаралық сақтандыру операцияларының едәуір үлес
салмағымен сипатталатын жергілікті сақтандыру нарықтары қарастырылады (Нью-
Йорк, Лондон, Цюрих).
Қайта сақтандыру арналары бойынша және брокерлер арқылы ірі
тәуекелдер көптеген халықаралық және аймақтық сақтандыру нарықтары арасында
бөлінеді. Мүдделерді сәйкестендіру және сақтандыру ұйымдарының жалпы
проблемаларын шешу мақсатында халықаралық сақтандыру одақтары (техникалық
тәуекелдерді сақтандырушылардың халықаралық одағы, теңіздік
сақтандырушылардың мемлекеттік одағы және тағы басқалар) қызмет етеді.
Сақтандыруды жүзеге асырудың негізгі ұйымдық-құқықтық
нысандары болып мемлекеттік сақтандыру, акционерлік қоғамдар жүргізетін
сақтандыру және өзара сақтандыру табылады.
Мемлекеттік сақтандыру – бұл сақтандырушы ретінде
мемлекеттік ұйым бой көрсететін сақтандыру нысаны. Мемлекеттік сақтандыру
сақтандырудың барлық түрлерін жүргізудегі мемлекеттің абсолютті монополиясы
жағдайында, сақтандырудың жеке түрлеріне мемлекеттік монополия жағдайында
немесе қандай да бір мемлекеттік сақтандыруда монополиясы жоқ болған
жағдайда жүргізілуі мүмкін. Қазір ТМД елдеріндегі сақтандырудың дамуы соңғы
вариантқа жақындауда. Бірақ, мемлекеттік сақтандырудың кейбір түрлерін
жүргізудегі басымдылығының болу мүмкіндігін ұмытпаған жөн.

Қазіргі кезде Қазақстанда мемлекеттің сақтандырушы қызметінің
тек жалпы мемлекеттік стратегиялық мағынадағы мүдделерді сақтандырудағы
ғана басымдылығын көрсетуге болады. Осылайша, “Казагрополис” республикалық
мемлекеттік ауыл шаруышылық сақтандыру кәсіпорыны (құрылтайшысы Қазақстан
Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі) үшін басым бағыт болып ауыл
шарушылығының өндірісін міндетті сақтандыру табылады. Ал “Казахинстрах”
мемлекеттік сақтандыру компаниясы үшін инвестицияларды сақтандыру басым
бағыт болып табылады.
Акционерлік сақтандыру – сақтандырушы ретінде өзінің жарғылық
капиталын акциялардың көмегімен құратын акционерлік қоғамдар бой көрсететін
сақтандыру қызметін ұйымдастыру нысаны.Акциялар арқылы жарғылық капиталды
құру құрылтайшыларға заңды және жеке тұлғалардан ақша ресурстарын тарту
арқылы тез арада сақтандыру операцияларын жүргізуге мүмкіндік береді.
Алғашқы капиталды құру тәртібіне қарай ашық типтегі және жабық типтегі
акционерлік қоғамдарды және де жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді
бөледі. Бұл айтылғандар дүниежүзілік тәжірибеге тән.
Өзара сақтандыру - өзара көмек көрсету мақсатында
сақтандырушылардың бірігуі байқалған сақтық қорғаудың ұйымдық нысаны. Өзара
сақтандыру қоғамы – қазақстандық нарықтың жаңа қатысушысы. Қазақстандағы
өзара сақтандыру қоғамының қызметі “Сақтандыру қызметі туралы” Заңмен және
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің “Өзара сақтандыру” атты 845
бабымен реттеледі.
Өзара сақтандыру қоғамдары өз мүшелерінің мүліктерін және басқа
да мүліктік мүдделерін сақтандыруын жүзеге асырады және де коммерциялық
емес ұйымдар болып табылады. Коммерциялық қызметті жүзеге асырғанда қызмет
ету тәртібі сақтандыру (қайта сақтандырушы) ұйымдар үшін бекітілген
талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Заңдылық негіздің дамымауына байланысты
сақтандыру нарығындағы бұл тауаша бой көрсетпеген. Осылайша, “Қазақстан
Республикасындағы сақтандыру нарығы 1996-98 жылдардағы негізгі бағыттары
жөніндегі” Қаулыда шағын және орта бизнесті дамыту мақсатымен өзара
сақтандыру қоғамдарын құру туралы ереже жобасын дайындау мақсаты қойылған.
Сонымен бірге, Азаматтық Кодексте олардың қызмет ету жағдайлары өзара
сақтандыру туралы заң актілерімен анықталады делінген. Бірақ қазіргі күнге
дейін заң жобасы ұсынылмаған.
Сақтандыру пулы – белгілі бір тәуекелдерді бірігіп сақтандыру
үшін сақтандыру компанияларының бірлестігі. Негізінен сақтандыруға қауіпті,
ірі және жаңа тәуекелдер қабылданғанда құрылады. Пулдың қызметі бірлесіп
сақтандыру қағидатына сүйеніп құрылады. Әр компания пулға сақтандырылған
тәуекелдерді береді, пул жинаған жарналардың белгілі бір үлесін алады және
де сол үлесте нұқсандарды өтеу бойынша жауапкершілік алады. Пулдар шетелде
авиациялық, атомдық, әскери тәуекелдерді, жауапкершілікті және т.б.
сақтандыруда кеңінен дамыған.

Сақтандыру ұйымдарының ынтымақтастығының нысаны болып сақтандырушылардың
одақтары мен ассоциацияларын құру табылады. Қазақстан Республикасында
құрылған сақтандырушылар одағының мақсаты – сақтандырушыларға методикалық
және ұйымдық ақпараттық көмек көрсету, сақтандыру бойынша заң және
нормативтік актілер жобаларын дайындауға қатысу, сақтандыру
қызметкерлерінің мамандандырылуын жоғарылату бойынша курстар мен семинарлар
ұйымдастыру, сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығын нығайту бойынша
ұсыныстар дайындау және т.б.
Енді сақтандыру нарығының қатысушылары жайлы қысқаша айта кететін болсақ,
“Сақтандыру қызметі туралы” Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының
сақтандыру нарығының қатысушылары:
- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;
- сақтандыру брокері;
- сақтандыру агенті;
- сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;
- актуарий;
- уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор);
- өзара сақтандыру қоғамы;
- сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де
жеке және заңды тұлғалар.
Қайта сақтандыру ұйымы – уәкілетті мемлекеттік органның
тиісті лицензиясы негізінде қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
Сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) – сақтандыру шарттарын
жасасу және орындау қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті
лицензиясы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға;
Жоғарыда аталған Заңға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымы өзінің негізгі сақтандыру қызметінен басқа төмендегідей қызмет
түрлерін атқарады:
1. уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерінде
көзделген тәртіппен инвестициялық қызметті;
2. тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы
шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді (сақтандыру ұйымы үшін);
3. сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін
пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды;
4. ақпарат бөлімдерінің кез келген түрлерінде сақтандыру ісі және
сақтандыру қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды;
5. бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған (сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымы үшін) немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасауға байланысты
келіп түскен (сақтандыру ұйымы үшін) мүлікті сатуды немесе жалға беруді;
6. сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша кеңес берушілік
қызмет көрсетуді;
7. сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың біліктілігін
арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргізуді;
8. сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалы болуды;
Сақтандыру нарығының кәсіби қатысушылары - өз қызметін
уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиялары негізінде жүзеге
асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, актуарий
және уәкілетті аудитор. Сақтандыру брокері – сақтандыру және қайта
сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті өз атынан және
сақтанушының тапсыруымен сақтандыру шарттарын немесе өз атынан және
цеденттің тапсыруымен қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық
қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
Сақтандыру брокерінің қызметі ерекше қызмет түрі болып
табылады және оны уәкілетті мемлекеттік орган лицензиялауға тиіс.
Сақтандыру брокерінің өзі қатысып жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру)
шарты бойынша өкілеттігі мен жауапкершілігі сақтандыру (қайта сақтандыру)
шартының тараптарымен жасалатын тиісті шарттармен белгіленеді.
Сақтандыру агенті – берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру
ұйымының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі
делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті
жүзеге асыруға өкілеттігі сақтандыру ұйымының тиісті құжаттарымен
белгіленеді. Сақтандыру агентінің өкілеттігі болмаған жағдайда оның
сақтандыру агенті ретіндегі қызметіне жол берілмейді.
Актуарий – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті
төлем қабілеттігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету
мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер
мөлшерінің экономикалық-математикалық есептеулерін жүзеге асыруға
байланысты қызметті атқаратын жеке адам;
Актуарийлік есептеулер мынадай негіздер бойынша:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша – бастамашылық
актуарийлік есептеулер;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда – міндетті
актуарийлік есептеулер жүргізіледі.
Уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор) – уәкілетті мемлекеттік
органның тиісті лицензиясы негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
аудиті жөніндегі қызметті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым (аудитор);
Сақтандыру қызметінің аудитін жүзеге асыруға қойылатын
талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен
белгіленеді.

Уәкілетті аудитор, жүргізілген аудит туралы қорытындының
көшірмесін, уәкілетті мемлекеттік органға оның жазбаша сұрауы бойынша
беруге міндетті. Сондай-ақ, уәкілетті аудитор сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының қызметіне міндетті аудит нәтижесінде анықталған Қазақстан
Республикасының заңдарын бұзушылықтар туралы уәкілетті мемлекеттік органға
дереу хабарлауға міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз құрылымында ішкі
аудит қызметі (аудиторы) болуы міндетті, оның қызметі лицензиялауға
жатпайды. Ішкі аудит жүргізу тәртібі, уәкілетті мемлекеттік органның
талаптары ескеріле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті
ішкі құжаттарында белгіленеді.

Сызба 1 Сақтандыру нарығының құрылымы

“БТА Банк” банкінің “Сақтандыру компаниясының” ұйымдық құрылымы

“БТА Банк” банкінің ”Сақтандыру компаниясы” өздерінің клиенттеріне кең
және әр түрлі спектр бойынша сақтандыру өнімдерін ұсынады, барлық мүмкін
болатын тәуекелдердің сферасын күнделікті өмірде іс жүзінде қамтиды 24.

Кесте 1

Құрамы жағынан компания портфелі 4 топқа бөлінеді:

Сақтандыру топтары Сыйақы 2009
Мың тг. Үлес
Көлік жүйесін сақтандыру 353 002 25%
Жауапкершілікті және мүлікті сақтандыру 506 480 36%
Жеке сақтандыру 369 813 26%
Қаржылық тәуекелдерді сақтандыру 172 363 12%
Барлығы: 1 401 658 100%

Ескерту-дерек көзі: Міндетті сақтандыру туралы Қазақстан
Республикасының 2009ж. 25сәуірдегі №405-ІІ заңы

Сақтандыру салалары, сыныптары, түрлері: Сақтандыру көпқырлы
болып келеді: ол әр түрлі сақтандырушылар мен сақтандыру объектілерін
қамтып, сақтандыру шарттарына қарай, сақтандыру жауапкершілігінің көлемі
бойынша, ажыратылады. Ол ерікті түрде немесе заң күші арқылы жүзеге
асырылуы мүмкін. Сақтандыру қатынастарының алуан түрлілігінде дұрыс бағыт
алып, біртұтас өзара байланысты жүйе құру үшін сақтандыру сыныптамасы
қажет.
Сақтандырудың сыныпталуы кез-келген басқа да сыныпталу секілді
сақтандыру жүйесін бір-бірімен өзара тығыз байланысты буындардан құрайды.
Отандық сақтандыру нарығында сақтандырудың сыныпталуы негізі
екі критерийден құралған: сақтандыру объектілерін ажырату және қауіптілік
деңгейі. Сақтандыру объектілері бойынша сыныпталуында жоғарғы буын – сала,
ортаңғы буын- кіші сала немесе сынып, төменгі буыны – сақтандыру түрі болып
отыр.
Салаларға бөлудің негізінде сақтандыру объектілері бойынша
бөлу жатыр. Осы уақытқа дейін сақтандру қатынастарының барлық жиынтығы үш
салаға бөлініп келді, олар: мүліктік сақтандыру, жеке сақтандыру,
жауапкершілікті және кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыру. Алайда,
жауапкершілікті сақтандыру және кәсіпкерлік жауапкершілікті сақтандыру ең
алдымен сақтаушылардың мүліктік мүдделерін қорғайды, яғни, сақтандыру
арқылы материалды шығындар атап айтқанда – мүліктің немесе табыстың
жоғалуынан болған зардаптың орны толтырылады. Жауаптылықты сақтандыру
кезіндегі үшінші бір тұлғаның денсаулығына келтірілген зиянның орнын
толтыру да сайып келгенде, материалдық шығынның орнын толтыруға келіп
тіреледі (емдеуге қажетті шығындар, жерлеу рәсіміне кететін шығындар немесе
жалақыны жоғалтқан жағдайдағы орнын толтыруға кететін шығындарды айтуға
болады).
Сондықтан да еліміздің сақтандыру нарығы қазіргі кезде екі
салаға бөлінеді: мүліктік сақтандыру және жеке сақтандыру. Мүліктік
сақтандыру өз кезегінде 4 кіші салаға бөлінеді: жауапкершілікті сақтандыру,
кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру, кәсіпорындар мен ұйымдардың мүліктерін
сақтандыру және жеке азаматтардың мүліктерін сақтандыру.
Жеке сақтандыру екі кіші сала бөлінеді: өмірді сақтандыру
және аннуитеттік сақтандыру.
Сақтық қызмет - сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарының
жасау мен орындауға байланысты ҚР-ның заңнамаларының талаптарына сәйкес
уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын
қызмет. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі өмірді сақтандыру саласы
және жалпы сақтандыру саласы бойынша жүзеге асырылады. Өмірді сақтандыру
саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадый сыныптарды қамтиды: өмірді
сақтандыру, аннуитеттік сақтандыру. Ал жалпы сақтандыру саласы ерікті
сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
- жазатайым жағдайлардан және аурудан сақтандыру
- медициналық сақтандыру
- теміржол көлігін сақтандыру
- автомобиль көлігін сақтандыру
- әуе көлігін сақтандыру
- су көлігін сақтандыру
- жүктерді сақтандыру
- 3-ші және 7-ші тармақшаларда аталған сыныптарды қоспағанда, мүлікті
сақтандыру;
- кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру
- автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкешілігін сақтандыру
11) теміржол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру
12) әуе көлігі иелерінің жауапкершілігін сақтандыру
13) су көлігі иелерінің жауапкершілігін сақтандыру
14) тасмалдаушының жауапкершілігін сақтандыру
15) шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;
16)10-шы, 14-ші тармақшаларда аталған сыныптарды қоспағанда, зиян
келтірген үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;
Ерікті сақтандыру нысанындағы әрбір сыныптың мазмұны және оны
жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар уәкілетті мемлекеттік органның
нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленеді.
Сақтандыру түрі сақтандыру ұйымы сақтандыру шарттарын жасау
арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шегінде әзірлейтін және
беретін сақтандыру өнімі болып табылады.

Сақтандыру ережелерінің әрбір сақтандыру түрі үшін сақтандыру
ұйымы жеке-жеке жасайды және олар сақтандырудың тиісті түрлерін жүзеге
асыру құқығына лицензия берген кезде уәкілетті меншіктік органмен келісуге
тиіс. Егер ұсынылған сақтандыру ережелері ҚР-ның заңдарына қайшы келсе және
жоғарыда аталған талаптарға сай болмаса уәкілетті меншіктік орган лицензия
беруден бас тартуға құқылы. Сақтанушы мен сақтандырушы арсындағы келісім
бойынша сақтандыру ережелерінің негізінде сақтандыру шартын жасау кезінде
анықтайтын қосымша талаптарды көздейтін сақтандыру шарттары жасылуы мүмкін.
Сол қосымша талаптар 3 реттен астам қайталанған жағдайда сақтандырушы
сақтандырудың белгілі бір түрі бойынша ережелерді заңдарда белгіленген
тәртіппен өзгертуге міндетті.
Міндетті және ерікті сақтандыру .
ҚР-ның Азаматтық Кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып
табылады:
1) міндеттілік дәрежесі
- ерікті
- міндетті
2) сақтандырудың обьектісі
- жеке
- мүліктік
3) сақтық өтемді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан өнеркәсібіндегі бәсекеге қабілетті инновациялық жобаларды жүзеге асыру
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мәні
Сақтандыру қызметін ұйымдастыру
Кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін арттырудың теориялық аспектілерін зерттеп, оның бәсекелік қабілетін арттыру бағыттарын зерттеу
Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігінің критерийлері мен факторлары
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар
Аймақтардың инвестициялық тартымдылығы
Экономиканың бәсекеге қабілеттілік ерекшеліктері
Маркетингтік қызметті басқару негіздері
Логистикалық жобаларды басқару
Пәндер