Индустрия және сауда министрлігі
Кіріспе
I Министрліктің негізгі міндеттері функциялары және құқықтары
1.Министрлікті қайта құру және тарату
II Әртүрлі мақсаттағы техникалық бағдарлама
1.Бағдарламаның мақсаты мен міндеті
2.Бағдарлама нәтижелері
3.Дүниежүзілік Сауда Ұйымы
III Қорытынды

Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңнамамен көзделген шекте өнеркәсіпті, сауданы, құрылысты, тұрғын үй-коммуналдық саланы, стандарттауды, метрологияны және сертификаттауды басқару, шағын бизнестi және инвестицияларды мемлекеттiк қолдау, мемлекеттiк қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау елдің инновациялық дамуы саласында мемлекеттiк саясат әзiрлеудi және оны iске асыруды салааралық үйлестiрудi, сондай-ақ оның жүзеге асырылуын бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жҮзеге асырады.
Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады.
Министрлiк өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
Министрлiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес өкiлеттік берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болуға құқығы бар.
Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер заңнамалық кесiмдермен Министрлiкке кірістер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберіледi.

1.ҚР-ң Электрондық Үкіметі 2006-2008
2.ҚРң Еңбек және әлеуметтік қорғау
3.Қазақ Ақпарат Агенттігі Жаңалықтар
4. “Жас Алаш” республикалық қоғамдық саяси газет №93 2008
5. “Айқын" 03.07.2007. Ақ сөйле

Тақырыбы: Индустрия және сауда министрлігі
Жоспар
Кіріспе
I Министрліктің негізгі міндеттері функциялары және құқықтары
1.Министрлікті қайта құру және тарату
II Әртүрлі мақсаттағы техникалық бағдарлама
1.Бағдарламаның мақсаты мен міндеті
2.Бағдарлама нәтижелері
3.Дүниежүзілік Сауда Ұйымы
III Қорытынды
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі (бұдан әрi -
Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңнамамен көзделген шекте өнеркәсіпті,
сауданы, құрылысты, тұрғын үй-коммуналдық саланы, стандарттауды,
метрологияны және сертификаттауды басқару, шағын бизнестi және
инвестицияларды мемлекеттiк қолдау, мемлекеттiк қорғаныстық тапсырысты
қалыптастыру, орналастыру және орындау елдің инновациялық дамуы саласында
мемлекеттiк саясат әзiрлеудi және оны iске асыруды салааралық үйлестiрудi,
сондай-ақ оның жүзеге асырылуын бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы
орган болып табылады.
Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен
заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ
осы Ережеге сәйкес жҮзеге асырады.
Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға
болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары,
белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық органдарында және банктерде
шоттары болады.
Министрлiк өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
Министрлiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес өкiлеттік берiлсе, мемлекет
атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болуға құқығы бар.
Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi
бекiтедi. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет
қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау
тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым
салынады. Егер заңнамалық кесiмдермен Министрлiкке кірістер әкелетiн
қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған
кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберіледi.
Министрлiктiң негiзгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары
Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi:
индустрия саласында, соның ішінде өнеркәсіптің тау-кен металлургия, химия,
өңдеу салаларында, саудада, сәулетте және құрылыста, тұрғын үй-коммуналдық
салада, стандарттауда, метрологияда және сертификаттауда, инвестициялық
және инновациялық қызметте мемлекеттiк саясат әзiрлеу және оны iске асыруға
қатысу;
шағын бизнестi, инвестициялар мен инновациялық қызмет субъектiлерiн
мемлекеттiк қолдау;
ресурстық және технологиялық базаны қайта құру негізiнде өз құзыретi
шегінде өнеркәсіп, құрылыс және тұрғын Үй-коммуналдық салаларды дамыту және
реформалау бағдарламаларын әзiрлеу;
сауда қызметiн мемлекеттiк реттеу саласында басымдықтар әзiрлеу;
өз құзыреті шегiнде Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымына (ДСҰ) кiру және
Еуразия Экономикалық Қоғамдастығына (ЕурАзЭҚ) және өзге де халықаралық
сауда ұйымдары мен одақтарға мүшелiк мәселелерi жөнiнде саясат әзiрлеу және
жүргiзу;
тауарлар импорты кезiнде iшкi рынокты қорғау жөнiнде шаралар кешенiн
жүргiзу;
адамның өмiр сүруiнiң және тыныс-тiршiлiгiнiң толыққанды ортасын
қалыптастыру, әлеуметтiк өндiрiстiк, көлiктiк инженерлiк және
коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту бағдарламаларын әзiрлеуге қатысу;
өнеркәсiп саласында Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және
технологиялық дамуының негiзгi бағыттарын әзiрлеуге қатысу және iске
асырылуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс пен конверсиялық бағдарламаларды
қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы мемлекеттiк саясатты
iске асыруға қатысу;
қорғаныс-өнеркәсіп кешенiнің мәселелерi бойынша мемлекетаралық әскери-
техникалық ынтымақтастыққа қатысу;
тарифтiк және тарифтiк емес реттеу әдiстерiмен сыртқы сауда қызметiн
реттеуге қатысу;
отандық өндiрушiлердi қорғау жөнiнде демпингке қарсы бақылауды және шаралар
кешенiн жүргiзуi қамтамасыз ету;
мемлекеттiк активтердi тиiмдi басқару саясатын жүргізуге қатысу;
экспорттық бақылау саласында мемлекеттiк органдардың қызметiн Үйлестіру;
мемлекеттiк органдардың шағын бизнестi қолдау саласындағы iс-қимылын
үйлестiру;
кәсiпкерлердiң құқықтарын қорғауға бағытталған заңнаманың сақталуын
бақылауды жүзеге асыру;
өнеркәсiп, жобалау және құрылыс өнiмiн қоса алғанда, өнiм сапасын
мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
ғылыми-техникалық салада кәсiпкерлiктi, инновациялық қызметті дамыту,
ғылыми-техникалық өнiм рыногын қалыптастыру үшiн қажеттi жағдайлар жасау;
Қазақстан Республикасында инвестициялық саясаттың даму стратегиясын, сондай-
ақ инвестициялық ахуалды жақсарту жөнiндегi шараларды әзiрлеу және iске
асыру;
мүдделі мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, ықтимал инвесторларды тарту және
инвестициялық және инновациялық жобаларды iске асыру жөнiнде ұйымдарға
жәрдемдесу;
инновациялық қызметтi дамытуды және инновациялық қызмет субъектілерінің
мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн нормативтік құқықтық базаны
қалыптастыру;
Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн стратегиялық маңызы бар
инновацияларды және инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектiлерiн
құруға қатысу;
инновациялық қызметті дамыту жөнiндегi мемлекеттік органдардың қызметiн
Үйлестiру;
инновациялық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу;
оған заңнамамен жүктелген өзге де мiндеттер болып табылады.
Министрлiк өз құзыреті шегiнде және заңнамамен белгіленген тәртiппен
мынадай функцияларды жүзеге асырады:
индустрия, оның iшiнде өнеркәсіптің кен металлургия, химия, өңдеу
салаларында, тұрғын үй-коммуналдық саладағы сауда, құрылыс, стандарттау,
метрология және сертификаттау, инвестициялық және инновациялық қызмет
салаларында мемлекеттiк саясатты әзiрлейдi және iске асырады;
шағын бизнесті, инвестициялар мен инновациялық қызмет субъектiлерiн
мемлекеттiк қолдауды жүзеге асырады;
Министрлiктiң құзыретiне кiретiн бағыттар бойынша мемлекеттiк және салалық
(секторальдық) бағдарламаларды әзiрлейдi және үйлестiредi;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентiне сәйкес нормативтiк құқықтық
кесiмдер жобаларының сараптамасын жүзеге асырады;
инвестициялық жобалардың және құрылыс жобаларының сараптамасын жүргiзедi;
өз қызметi саласында заңнаманың қолданылу практикасын талдайды және
қорытады, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, нормативтiк құқықтық
кесiмдер жобаларын әзiрлеуге қатысады, оларды Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң қарауына енгiзедi;
мемлекеттік активтердi тиiмдi басқару саясатын жасауға және оны iске
асыруға қатысады;
өз құзыретi шегінде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң) және
өзге де қызмет түрлерiнiң экспорты мен импортын лицензиялауды, сондай-ақ
лицензиаттардың белгiленген бiлiктiлiк талаптарының және лицензиялық
ережелердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының және басқа да елдердiң ұйымдарымен келiссөздер
жүргізеді және шарттар жасасады;
индустрияны басқару саласында:
индустрия және инновация саясатын iске асыру жөнiндегi iс-қимылдардың
салааралық жоспарларын әзiрлеудi және ұйымдастыруды жүзеге асырады;
елдiң өнеркәсiп және құрылыс кешендерiнiң даму жоспарларын әзiрлейдi;
ғылыми-техникалық зерттеулердiң даму жағдайына және серпiнiне талдау
жүргізедi, зерттеу нәтижелерiнiң технологиялық сараптамасын жүзеге асырады
және оларды өнеркәсiптiк игеру және енгiзу Үшiн ұсынымдар бередi;
конкурстық негiзде қолданбалы ғылыми-техникалық зерттеулер бағдарламаларын,
инновациялық бағдарламаларды қалыптастыруды жүзеге асырады ғылыми сыйымды
өндiрiс құруға және оқытуға бағытталған ғылыми-техникалық бағдарламаларды
орындаушы ұйымдардың республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүргiзiлетiн
ғылыми, конструкторлық, технологиялық және инновациялық жұмыстардың
жүргiзiлуiн үйлестiредi;
қорғаныс өнеркәсiбiн конверсиялау және дамыту бағдарламасын iске асырады;
әскери және қосарлы мақсаттағы өнiмдi жасаудың, өндiрудің және жоюдың
ағымдағы және ұзақ мерзiмдi бағдарламаларының iске асырылуын бақылауды
жүзеге асырады;
мемлекеттiк қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау
саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады; *
қорғаныс тапсырысы тапсырмаларын салааралық үйлестiрудi және орындалуын
бақылауды жүзеге асырады;
сауданы басқару саласында:
сыртқа сауда саласында басымдықтар әзiрлейдi және мүдделi орталық және
жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасы басқа
мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен жасалатын сауда-экономикалық
ынтымақтастық саласындағы шарттар мен келiсiмдер бойынша ұсыныстар
енгізедi;
Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелiк мәселелерi бойынша саясат әзiрлеуде және
жүргiзуде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестiредi
және өз құзыретi шегiнде ЕурАзЭҚ-ға және өзге де халықаралық сауда ұйымдары
мен одақтарға қатысады;
Қазақстанның халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарының қызметiне
қатысуына байланысты мәселелер бойынша мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға
және iске асыруға, шет елдермен сауда ынтымақтастығы жөнiнде ұсыныстар
дайындауға қатысады;
тарифтiк және тарифтiк емес әдiстермен сыртқы экономикалық қызметтi реттеу
жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
сауда қызметін дамыту және тауарларды өндіру және сату үшiн қолайлы
жағдайлар жасау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
iшкі және сыртқы тауар рыноктарының конъюнктурасын зерделейдi және экспорт
пен импорт құрылымын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізедi;
импорттың немесе демпингтiк немесе субсидияланған бағалар бойынша импорттың
өсуiмен отандық тауар өндiрушiлерге келетiн нұқсанды аластау мәселелерi
бойынша салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады;
демпингке қарсы, өтемақылық және арнайы қорғау баждарын, сандық шектеулер
енгiзу мәселелерi бойынша басқа елдердiң мүдделi органдарымен және
халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды;
тауарлар импорты мен экспортын реттеу жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
сыртқы рыноктарға қазақстан тауарларының жетуiн шектейтiн сыртқы сауда
дауларын реттеу жөнiнде шаралар әзiрлейді;
экспорттың өсуiне және әртараптануына ықпал етедi;
мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен шет мемлекеттер рыноктарында
өздерiнiң экономикалық мүдделерiн қорғау мәселелерi бойынша қазақстандық
өндірушiлер мен экспорттаушыларға әдiстемелiк және ұйымдық көмек көрсетедi;
сауданы дамытумен байланысты мемлекетаралық сауда көрмелерiн,
жәрмеңкелерiн, аукциондарын, жарнама және басқа да iс-шараларын жүргiзудi
үйлестiредi және оған қатысады;
Қазақстан Республикасының шет елдердегi сауда өкiлдiктерiнiң қызметiне
басшылық етедi, сондай-ақ оларды кадрлық қамтамасыз етудi және
қаржыландыруды жүзеге асырады;
экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк саясатын iске асыруды қамтамасыз
етедi;
сәулеттi, қала құрылысын және құрылысты, тұрғын үй-коммуналдық саланы
басқару саласында:
сәулеттi, қала құрылысын және құрылыс қызметiн, сондай-ақ тұрғын үй-
коммуналдық саланы мемлекеттiк басқару саласында басшылықты жүзеге асырады;
осы салада Қазақстан Республикасы аумағында нормативтiк құқықтық кесiмдер
талаптарының, мемлекеттiк нормативтердiң сақталуына мемлекеттiк бақылауды
жүзеге асырады;
стандарттауды, метрологияны және сертификаттауды басқару саласында:
халықаралық талаптарға сәйкес стандарттау, метрология және сертификаттау
саласында бiртұтас ғылыми-техникалық саясатты iске асырады;
осы салада мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ өзге ұйымдардың және жеке
тұлғалардың қызметін үйлестiредi;
шағын бизнесті қолдау саласында:
шағын бизнестiң дамуына ықпал жасайды;
республика аймақтарында шағын бизнестiң (кәсiпкерлiктiң) инфрақұрылымын
қалыптастыруға және дамытуға ықпал жасайды;
шағын бизнестiң (кәсiпкерлiктiң) жай күйiне және мемлекеттiк қолдау
шараларының тиiмдiлiгіне талдау жүргiзедi;
шағын бизнесті (кәсiпкерлiктi) дамытудың аймақтық бағдарламаларына талдау
жүргiзедi;
шағын бизнесті (кәсiпкерлiктi) қолдауға және дамытуға бағытталған
мемлекеттік қаржы қаражатты пайдалану тиiмдiлiгiн бақылауды жүзеге асыруға
қатысады;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен сатып алу жүзеге асырылуы тиiс тауарлар
(жұмыстар, қызметтер көрсету) түрлерiнiң номенклатурасы және олардың көлемi
бойынша ұсыныстар дайындайды;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мемлекеттiк қаржы, материалдық-техникалық
және ақпарат ресурстарын, сондай-ақ ғылыми-техникалық әзiрлемелерді және
технологияларды пайдалануының жеңілдiктi жағдайларын жасау туралы ұсыныстар
дайындайды;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiмен байланысты проблемаларды
шешуде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылын
ұйымдастырады;
оларды қолдауды қамтамасыз ету мақсатында шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне
қатысты салық салу жүйесiн жетiлдiру, қаржы және кредит саясатын өзгерту
жөнiнде Үкiметке ұсыныстар енгiзедi;
мемлекеттiк меншiктегi ғимараттарды, құрылыстарды, өндiрiс үй-жайларын және
өзге де мүлiктi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеңiлдiктi беру бойынша
ұсыныстар дайындайды;
шағын кәсiпкерлiктiң дамуына жәрдемдесетiн шетелдiк әрiптестермен сауда,
ғылыми-техникалық, өндiрiстiк және өзге де байланыстардың дамуын қоса
алғанда, шағын кәсiпкерлiктi, оның субъектiлерiнiң сыртқы экономикалық
қызметiн мемлекеттiк қолдауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiн шағын кәсiпкерлiктi
қорғау және мемлекеттiк қолдау мәселелерi жөнiндегi заңнаманың бұзылуына
ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қабылданған шаралар
туралы хабардар етедi;
инвестицияларды мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады;
елдiң инновациялық дамуы саласында:
елдiң инновациялық даму болжамдарын әзiрлейдi;

үйлестiрудi жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының экономикасы Үшiн стратегиялық маңызы бар
салааралық инновациялық бағдарламаларды, инновациялар мен инновациялық
қызметтiң мамандандырылған субъектiлерін құру жөнiндегi ұсыныстарды
әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге
енгiзедi;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инновациялық қызметтi
қаржыландыру және ынталандыру, инновацияларды құруға мемлекеттiк тапсырысты
орналастыру жөніндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзірлейді;
Үлгi құжаттардың нысандарын, мемлекеттiк сараптаманы ұйымдастыру мен өткiзу
тәртiбiн, инновациялық жобаларды конкурстық іріктеу және қаржыландыру
ережелерiн әзiрлейдi; *
оған заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Министрлiк өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын
жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен:
Қазақстан Республикасының Үкiметiне өнеркәсiптi, сауданы, құрылысты, тұрғын
Үй-коммуналдық саланы, стандарттауды, метрологияны және сертификаттауды
басқару, шағын бизнестi және инвестицияларды мемлекеттiк қолдау,
мемлекеттiк қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау,
елдің инновациялық дамуы саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi
бағыттары бойынша ұсыныстар енгiзуге; *
өз құзыретi шегінде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан қажеттi
ақпаратты сұрауға және алуға;
өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық кесiмдер шығаруға;
өз құзыретіндегi мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен және шетелдiк
заңды тұлғалармен келiссөздер жүргiзуге және келiсiмдер жасасуға;
сараптамалар және консультациялар жҮргiзу Үшін орталық және жергiлiктi
атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсiз сарапшыларды тартуға;
Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен
жасасатын сауда-экономикалық шарттары мен келiсiмдерi бойынша ұсыныстар
енгізуге;
Министрлiктiң ведомстволық бағынысындағы ұйымдар банкроттығының алдын алу
жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
қорғаныс өнеркәсiбi конверсиясын iске асыруға қатысуға;
iшкi және сыртқы рыноктарда отандық тауар өндiрушiлер өнiмiнiң бәсекелестiк
қабiлетiн бағалауға және жылжуына мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз етуге,
өнеркәсiптiң импорт алмастыру және бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн арттыру
саясатын iске асыру шеңберiнде тиiстi бағдарламалар әзiрлеуге;
ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату
мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге;
Министрлiктiң қарауындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды
мемлекеттiк басқару органы болуға;
Үкiмет шешімдерi бойынша Министрлiктiң құзыретi аясында қызметiн жүзеге
асыратын заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттiк Үлестерін және пакеттерiн
иелену және пайдалану жөнiндегi функцияларды жүзеге асыруға;
заңнамамен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Министрлiктiң мүлкi
Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Министрлiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң, сондай-ақ құны
Министрлiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
Министрлiкке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Егер заңнамалық кесiммен өзге белгiленбесе, Министрлiк өзiне бекiтiлген
мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған
мүлiктi өздiгiнен шеттетуге немесе өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын
және қызметтен босататын Министр басқарады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi Министрдiң өз ұсынысы бойынша қызметке
тағайындайтын және қызметтен босататын бес орынбасары - (вице-министрлерi),
соның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi болады. *
Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және
Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларының
жүзеге асырылуына жеке жауап бередi.
Министр осы мақсаттарда:
өз орынбасарларының және Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының
мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
заңнамаға сәйкес Министрлiк қызметкерлерiн лауазымдарға тағайындайды және
лауазымдардан босатады;
заңнамамен белгiленген тәртiппен Министрлiк қызметкерлерiн көтермелеу,
материалдық көмек көрсету мәселелерiн шешедi және тәртiптiк жаза қолданады;
бұйрықтарға қол қояды;
өз құзыретi шегiнде Министрлiктiң құрылымын және құрылымдық бөлiмшелерi
туралы ережелердi бекiтедi;
Министрлiктi барлық мемлекеттiк органдарда және өзге ұйымдарда бiлдiредi;
Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Министрлiк қабылдайтын шешiмдер Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделедi.
Министрлiктiң Министр жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып
табылатын Алқасы болады. Министр Алқаның сандық және дербес құрамын
Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан бекітед
Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату заңнамада белгіленген тәртіппен
жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрлері мен комитет
төрағалары
Жанар Сейдахметқызы Айтжанова - ҚР Индустрия және сауда вице-министрі.
Алмас Олжабайұлы Қосынов- ҚР Индустрия және сауда вице-министрі.
Еділ Құламқадырұлы Мамытбеков- ҚР Индустрия және сауда вице-министрі.
Қайсар Оспанұлы Омаров - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс
және тұрғын-үй- коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеттің төрағасы
Ғабит Мұхамбетұлы Мұхамбетов- ҚР Индустрия және сауда министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы
Тимур Бекболатұлы Нұрашев - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің
инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы
Айдар Қалымтайұлы Қазыбаев- ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда
комитетінің төрағасы
Мұрат Аманкелдіұлы Дәрібаев- ҚР Индустрия және сауда
министрлігінің өнеркәсіп комитетінің төрағасы.
2006-2008-жылдарға арналған Әртүрлі мақсаттағы перспективалық жаңа
материалдарды әзірлеу ғылыми-техникалық бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы 2006-2008 жылдарға арналған Әртүрлі мақсаттағы
перспективалық жаңа материалдарды әзірлеу
Әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан
негіздеме Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының
2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы 2003
жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17
мамырдағы № 712-1 қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының
стратегиясын іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспарының 5.3.2.7. тармағы
Әзірлеуші Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда
министрлігі
Мақсаты Республика кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін
және табыстылығын жаңа технологиялар әзірлеу және
жаңа ғылымды қажетсінетін өндірістерді құру арқылы
арттыру, сондай-ақ ғылыми-техникалық өрлеудің
басымдықты және тиімді бағыттарын дамыту
Міндеттері Ғылымды қажетсінетін жоғары технологиялық өнімді
шығаратын отандық кәсіпорындардың санын арттыру
Іске асыру мерзімі 2006-2008 жылдар
Қаржыландыру көзі Республикалық бюджет қаражаты
мен көлемі Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету Бағдарлама
әкімшісіне республикалық бюджетте көзделген қаражат
шегінде мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүзеге
асырылады. Бағдарламаны іске асырумен байланысты
көзделген қаржы шығындарының барлығы – 533,4 млн.
теңгені, оның ішінде жылдар бойынша: 2006 жылы –
167,5 млн. теңгені, 2007 жылы – 177,6 млн. теңгені,
2008 жылы – 188,3 млн. теңгені құрайды. 2007-2008
жылдарға арналған шығыстар көлемі тиісті қаржы
жылына арналған Республикалық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын
болады.
Күтілетін нәтижелерБағдарламаны іске асыру нәтижесінде мынадай негізгі
нәтижелер алынатын болады:
1. Отандық шикізаттан фотоэнергетика және электронды
техника үшін кремний алатын технологиялардың жаңасы
әзірленеді және қолданыстағылары жетілдіріледі:
карбо-металл термикалық тәсілмен алынатын аса таза
техникалық кремнийді тазартудың тәсілдері
әзірленеді;
кварциттерді алюмотермилеу кезінде силицидті
қорытпалардыан алынатын силанды тазалау тәсілі
әзірленеді;
силанды пиролиздеу және аса таза поликристалдық
кремнийларды алу әдістері әзірленеді;
2. Әр түрлі функционалдық мақсаттағы наноматериалдар
мен наноқұрылымдардың қасиеттерін жасау және басқару
әдістері әзірленеді:
қатты денелердің бетіндегі және көлеміндегі
нанокластерлер мен наноқұрылымдар синтезделді және
зерттелді;
жаңа перспективалық әдістерді пайдалана отырып,
наноматериалдар мен наноқұрылымдарды алу процесстері
зерттелді;
әртүрлі мақсаттағы наномөлшерлік сорбенттерді және
нанокластерлік катализаторлардың берілген құрылымдар
мен қасиеттері бар көміртегі наноматериалдарын алу
тәсілдері әзірленді;
наноөлшемдік және наноқұрылымдық кешендердің,
ассоциаттардың, кластерлердің және кең спектрдағы
композиттердің қасиеттерін синтездеу, зерттеу және
реттеу органикалық және органикалық емес
синтетикалық пен табиғи заттардың негізінде қолдану
әдістері әзірленеді.
3. Қазақстанда өндірілетін металдардың негізінде көп
функционалды қорытпалар мен материалдар алудың жаңа
әдістері әзірленеді:
жоғары техникалық-экономикалық қасиеттері бар
қорытпалар мен болаттарды алудың технологиясын
әзірлеу;
құрастырмалы материалдар мен қорытпаларды
жеңілдетудің технологиялары мен әдістері әзірленеді;
машина жасауда ғылымды қажетсінетін өнімді дайындау
үшін ұнтақты материалдарды алу технологиялары
әзірленеді;
құрастырмалы материалдардың қызмет ету мерзімін
ұлғайту үшін композициялық материалдардың және
жабындылардың жаңа түрлері әзірлеу.
Бағдарламаны әзірлеуге мыналар негіздеме болып табылады:
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының
индустриялық және инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған
стратегиясы туралы 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 712-1 қаулысы Іс-шаралар
жоспарының 5.3.2.7-тармағы;
Әзірленген бағдарлама ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде
елдің ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуының бірыңғай мемлекеттік
саясатына, отандық ғылыми-технологиялық әлеуетті тиімді пайдалануға сәйкес
келеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты республикада күн энергетикасы және
электронды техниканың дамуы үшін жартылай өткізгіш материалдарды алудың
бәсекеге қабілетті технологияларының дамуына мүмкіндік беретін қолданбалы
зерттеулерді жүргізу, әлемдік ғылыми-техникалық прогресстің неғұрлым басым
және тиімді бағыттары ретінде Қазақстанда жаңа қорытпаларды, болатты,
композициялық және ұнтақ материалдарды, нанотехнологияларды шығаруды
қамтамасыз ету болып табылады. Бағдарлама ғылымды қажетсінетін болып
табылады және оның нәтижелерін пайдаланудың тиімділігі республика үшін
стратегиялық маңызды.
Проблеманың қазіргі жай күйін талдау
Қазіргі қоғамда мемлекеттердің индустриялық дамуының деңгейі олардың
ресурстық мүмкіндіктерімен және технологиялық қайта бөлудің төменгі деңгейі
бар өнім өндірудің мөлшерімен ғана емес, технологияға қатысты ғылымды
қажетсінетін, алдыңғы қатарлы салалардың даму дәрежесімен де анықталады.
90-жылдардың басында энергетикалық және экологиялық проблемалардың
өсуіне байланысты экономикасы дамыған мемлекеттердің үкіметтері күн
энергетикасын дамытуға елеулі қаржы сала бастады.
Күн энергетикасының неғұрлым перспективалық технологияларының бірі кремний
негізінде күн элементтері бар фотоэлектрлі станцияларды құру болып табылады
және қазіргі кезде күн батареяларының 90 %-ына дейін күн сапасы деп
аталатын кремнийден дайындалады.
Қазіргі сәтте күн элементтерінің жаһандық рыногы жеткілікті түрде
серпінді дамуда. Маркетингтік зерттеулердің деректері бойынша (Аsia-Pacific
Markets) 2005 жылы күн энергетикасы үшін кремнийді өндіру үлесі кремний
өндірудің жалпы көлемінің 45 %-ын құрайды.
Қазіргі уақытта металлургиялық кремнийдің сапасын күн кремнийінің деңгейіне
дейін жоғарылатудың тиімді технологиясы болмай отыр, қолданылатын әдістер
қымбат және техникалық күрделі жоғары температуралы процесстерді қамтиды.
Әртүрлі елдердің ғалымдары күн сапасының кремний өндірісіне тиімділігін
арттыратын және шығындарын азайтатын жаңа технологияларды әзірлеуде,
өйткені оның жоғары құны (40-50 $кг) күн энергетикасының дамуын кідіртетін
фактор болып табылады.
Әлемде жартылай өткізгіш материалдарға сұраныстың жоғары қарқынмен өсуіне
орай электронды өнеркәсіпте пайдаланылатын жартылай өткізгіш кремнийлер мен
басқа да материалдар тапшы. Сондықтан бәсекеге қабілетті технологияны
дамыту және жартылай өткізгіш материалдарының ғылымды қажетсінетін
өндірісін құру Қазақстанды энергияның балама көзі ретіндегі
микроэлектроника бұйымдары мен фотогальваникалық жүйелерді өндіруде жоғары
дамыған елдердің әлеуетті серіктестерінің қатарына алып шығады.
Жоғары тиімді жартылай өткізгіш саласын ұйымдастыру және жартылай өткізгіш
материалдарының әлемдік рынокта өз орнын алуы үшін республикада бай
минералды-шикізат базасының, дамыған металлургия және химия өнеркәсібінің,
елдің бірқатар өңірлерінің энергиямен жоғары қамтамасыз етілуі, тиісті
ғылыми-техникалық әлеуеттің және жартылай өткізгіш технологиялары саласында
белгілі бір ғылыми босалқы дайындаманың болуы Қазақстан үшін жақсы
мүмкіндіктер береді.
Дегенмен бүгінгі күні Қазақстанда әлемдік рынокта бәсекеге қабілетті
өнімдерді өндіруге бейім фотоэнергетика мен электронды техника үшін кремний
алудың жоғары тиімді, экологиялық таза тәсілдерге негізделген қазіргі
заманғы кәсіпорындар жоқ. Сондықтан осы салада қолданбалы зерттеулер
жүргізу аса өзекті. Ғылыми-техникалық прогресстің басым бағыттарына қазіргі
уақытта наноматериалдар мен нанотехнологиялар жатады. Материалдар мен
жүйелерге қағидатты жаңа сапа бере отырып, нанотехникалар адамдардың өмір
тіршілігінің барлығына дерлік саласындағы прогресті қамтамасыз етеді
(автомобиль мен компьютерлік техника жасаудан бастап емдеудің жаңа
қағидатты әдістеріне дейін), сондай-ақ жаңа салалардың пайда болуына
күмәнсіз алып келеді.
Соңғы жылдардың зерттеулері ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында
наноқұрылымның маңызды рөлін көрсетті. Мәселен, материал тануда
нанотехнологиялар материалдар мен құрылғыларда әзірлеудің әдістерін
қағидатты өзгерту қажет. Ұсынылған тәсілдер наноинженерияда, катализде,
оптоэлектоникада, медицинада, биотехнологияда, қоршаған ортаны қорғауда
және т.б. пайдалану үшін наноқұрылымы бар жаңа композициялық материалдарды
әзірлеуге алып келеді.
Дәлме-дәл реттелетін мөлшерлері мен құрамдары бар құрылымның
наноауқымды элементтерін синтездеу мүмкіндігі, одан соң мұндай элементтерді
бірегей қасиеттер мен функцияларға ие неғұрлым ірі құрылымдарға жинау
өнеркәсіптің көптеген салаларының түбегейлі өзгеруіне алып келеді.
Наноқұрылымды пайдалану берілген ерекшеліктері бар неғұрлым жеңіл және
мықты материалдарды алу мен олардың сапасын арттыру арқасында құрылғыларды
пайдаланудың құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Наноматериалдар арасында
нанобөлшектермен арқауланған жай полимерлерден тұратын арзан нанокопозиттер
және мықты материалдар ерекше орын алады, қазірдің өзінде оларды алудың
өнеркәсіптік технологиялары әзірленуде. Нанокомпозиттер құрылыста, жабдық
пен жиһаз, тұрмыстық электр аспаптарын және т.б. шығаруда да қолданыс
табады. Электроника мен компьютер техникасында нанотехнологияларды
пайдалану құрылғыларды кішірейтуге, тез қолданылуын ұлғайтуға және электр
тұтынуды азайтуға алып келеді. Болжамға сәйкес, 2015 жылға қарай ең кіші
компоненттердің линейлік мөлшерлері 50 нм дейінгі шекке жетуі тиіс. Көмір
сутекті нанотүтіктер (бірнеше нанометрлердегі диаметрмен ұзартылған цилиндр
құрылымдар) молекулярлық электрониканың негізгі материалдарының бірі болып
табылады, олардың эмиссиялық ерекшеліктері мен кең шектердегі өткізгіштігі
аса шағын көлденең мөлшерлермен және қоректендірудің төменгі кернеуімен
ерекшеленетін жаңа кластағы электрондық аспаптарды жасауға мүмкіндік
береді. Нанотехнология электроникадан гөрі өнеркәсіп салаларының біраз көп
санын қозғайтын болғандықтан, микроэлектроника мен интегралдық схемаларды
пайдалануға қарағанда нанотехнологияларды дамыту қоғам өміріне неғұрлым
күшті әсер етеді. 2003 жылдан бастап нанотехнологиялар бойынша зерттеулер
Қазақстандағы іргелі зерттеулер бағдарламасының басымдықтары болып
табылады. Елде зерттеулерді орындайтын және нанотехнологиялар мен жанама
пәндерде әзірлемелердегі ғылыми ұжымдар бар. Қазіргі уақытта, республикада
шығарылатын металдар негізінде көп функциялы қоспалар мен материалдарды
алудың бәсекеге қабілетті технологиялары жоқ. Отандық металл өнімін
өткізудің рыногын кешенді талдау оның тау-кен өндіру және өңдеуші
өнеркәсібі арасындағы теңсіздігімен, машина жасау кешенінің
дамымағандығымен сипатталатындығын, ал металлургия өнеркәсібін мамандануы
шетелдік тұтынушыларға бағытталғандығын көрсетеді. Барлық металл өнімдері
(қорытпалар) шетелден әкелінеді. Осындай жолмен, осындай түрдегі
қорытпаларға тұрақты өсіп отырған қажеттілік, қанағаттандырылмаған және
әрбір жыл сайын бұл проблема өткір түрінде қалуда. Сондықтан, көп
функционалды материалдар мен қорытпаларды шығарудың бәсекеге қабілетті
технологияларын дамыту Қазақстанды жоғары технологиялық өнімдерді
шығарушылардың әлеуетті серіктестерінің қатарына шығарады және әлемдік
рынокта тиісті орнын алады. Сонымен бірге, қазіргі уақытта, Қазақстанда
жоғары тиімді ғылымды қажетсінетін материалдарды, Қазақстанда шығарылатын
көп фунциалды металдар негізіндегі көп функционалды қорытпаларды және
материалдарды шығаруға негізделетін қазіргі заманғы кәсіпорындар жоқ.
Сортты прокатты сапаның өсіп келе жатқан ішкі сұранысын қамтамасыз етудің
проблемасын шешу өте маңызды.
Осыған байланысты, ішкі рынокқа шикізатты аудару және 4-5 қайта
бөлістің металл өнімін шығару бойынша өндірістік қуатты ұлғайту қажет.
Қазақстанда түсті және сирек металдардың көпшілігі шығарылады, алайда,
сонымен қатар, осы металдардың негізінде арнайы қорытпалар өндірісі жоқ.
Бұл пробламаны шешу Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктерін
қанағаттандыруға және рынок пен түсті металлургия өнімінің бәсекеге
қабілетін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мәселен, түсті металлургияда ең
алдымен, осы металдардың тұздары түрінде шығарылатын сирек металдар
(мысалы, рений) өндіріледі. Аса таза сирек металдарды, атап айтқанда,
ренийді шығаруды ұйымдастыру шығарылатын өнім номенклатурасын ұлғайтуға
және металл ренийі мен оның тұздарындағы баға айырмашылығы есебінен қосымша
табыс алуға мүмкіндік берер еді. Ренийдің ұсақ дисперсерлік ұнтақтары
аэроғарыш техникасында, энергетикалық өнеркәсібінде, электр өлшеу техникасы
мен басқалары үшін жұқа жарғақты резисторлар мен электр түйіскелерінде
әртүрлі тетіктер мен аспаптардың жауапты бөлшектерін дайындау үшін ұнтақ
металлургияда пайдаланылады.
Қазіргі уақытта қазіргі заманғы техника салаларын дамытуда ұнтақ және
композициялық материалдардың рөлі үздіксіз өсуде, онда осы материалдардың
арнайы ерекшеліктерін қамтамасыз етусіз авиация және зымыран техникасының,
химия машина жасау машиналары мен агрегаттарын пайдалану мүмкін емес.
Құрастырма материалдарының қызмет мерзімін ұлғайтуға мүмкіндік беретін
аспаптар мен тетіктердің жауапты бөлшектерінің ыстық және коррозиялық
тұрақтылығын ұлғайтуға мүмкіндік беретін технологияның болмауы отандық
машина жасау, энергетика, өңдеуші және ұқсатушы өнеркәсібі, жұмыстың жоғары
ресурсымен сенімді техниканы құруда мұнай, химия, газ, сондай-ақ әртүрі
жөндеу өндірістерінде қатты қажеттілікті тудырды. Қазақстан Республикасы
өнеркәсіпті жаңғырту және жаңа өндірістерді құру үшін қажетті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz