Башқұрт халқы


Башқұрт ( өздерінше- башқорт) - Башқұртстанның негізгі халқы. Сонымен қатар басқа да елдерде: Челябинск, Орынбор, Курган, Пермь, Свердлов, Куйбышев, Саратов облыстарында, Татарстанда тұрады. Жалпы саны- 1, 240 мың адам (1970ж), оның ішінде Башқұрттар 737, 7 мың. Башқұрт тілінде (түрік тілі тобына жатады) сөйлейді. Дінге сенуші башқұрттар -мұсылман -суниттер.
Ал жалпы, Башқұртстан - автрномиялы республика. 1919ж 23- мартта құрылған. Контитуциясы 1937ж 23-июньде қабылданған. Жері 143, 6 мың км, халқы 3819 мың (1970ж) . 53селолық аудан, 17 қала, 38 қалатектес поселкелері бар. Астанасы- Уфа қаласы. Республикада бұлардан басқа: орыстар( 1418, 1 мың), татарлар (768, 8 мың), чуваштар, марилер, украиндар, мордвалар, т. б халықтар тұрады. Ірі қалалары: Уфа, Стерлитамак, Салауат, Октябрьский, Ишимбай.
Этногенезі : Башқұрттардың этногенезі өте күрделі. Башқұрт халқы қалыптасқан оңтүстік Орал, оның маңайындағы далалық аймақтарда түрлі халықтар тұрады. Б. з. б 1-мыңжылдықтаың 2- жартысында оңтүстік Башқұртстанда иран тілдес малшы сарматтар, солтүстікте - ананьин мәдениетіне жататын, егін егіп, аң аулаған тайпалар- финн-угор халықтарының түп аталары өмір сүрген. Б. з 1-мыңжылдықта оңтүстік Оралға көшпелі түріктер қоныстана бастады да, бүкіл Башқұртстанға тарады. Байырғы тұрғын халықтарды ығыстырып, ішінара олармен сүйек шатыс болған түрік тайпалары Башқұрттар тілінің, мәдениеті мен дене бітімінің қалыптасуына күшті ықпал еткен.
9-10ғ Башқұрттар жайлы тұңғыш жазба деректер пайда болды. Халықтың негізгі ұйытқысы, шамасы, осы мезгілде қалыптасып болған. Башқұрттардың этногенезіне оғыз-печенег тайпалары, еділ-камалық болғарлар, кеінірек қыпшақтар( 11-13ғ), кейбір моңғол(13-14ғ) қатысты. Бұрын Башқұрттар негізінен көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданды, аң аулады, орманда бал арасын өсірді, мата, түксіз кілем тоқыды, киіз басты, кесте тікті, тері иледі. 17-19ғасырларда егіншілікпен айналысып, отырықшы елге айналды.
Тілі . Башқұрт тілі- Башқұрттардың негізгі тұрғындарының тілі. Түркі тілдерінің қыпшақ- болгар тобына жатады. Қуақан, юрматы деген екі диалектіге бөлінеді. Башқұрт тілінде 820 мыңнан астам ( 1970) адам сөйлейді. Өзге түркі тілдерінен фонетика саласындағы негізгі айырмашылығы өз ішіндегі диалектілердің дыбысталуына байланысты. Башқұрт жазба әдеби тілі 2 диалект негізінде қалыптасқан. Одан бұрынырақта башқұрттар көне түркі, беріде орта түркі жазба әдеби тілін пайдаланған. 1939ж дейін латын әліпбиін, одан бері орыс графикасын пайдаланып келді.
Табиғаты : Батыс Азия мен Европа аралығында, Шығыс Европа жазығының шығыс бөлігін алып жатыр. Батыс жағы жазық, шығысы таулы келеді. Шығысында Оралдың оңтүстік жоталары ( биіктігі 1000-1500м) , солт- шығысы Уфа үстірті ( биіктігі 500м) , оңт- батысы Бугульма- Белебай қыраты (биіктігі 450м) , оңтүстігінде Жалпы Сырттың сілемдері бар. Ең биік жері Оралдағы Жамантау (биіктігі 1640м) . Башқұртстанда пайдалы қазындылар (мұнай, табиғи газ, көмір, тұз) мол. Шығысындағы таулы өңірлерде мыс, темір рудасы, алтын, мырыш өндіріледі.
Климаты континенттік: жазы қоңыр салқын, қысы суық. Басты өзендері: Камаға құятын Белая (Ақ Еділ) және оның салалары Нугуш, Уфа, Дема, Сим. Жерінің 40 пайызға жуығы қалқан және жалпақ жапырақты орман боып келеді.
Шаруашылығы : Башқұртстанда өнеркәсібі жан- жақты дамыған, ірі ауыл шаруашылығы өндірісі бар. Өнеркәсібінің басты саласы- мұнай өндіру мен мұнай айру. Негізгі кәсіпорындары: Уфа, Ишимбай, Салауат қалаларында. Сонымен қатар түсті және қара металлургия саласы да дамыған.
Егіншілік және мал шаруашылығы жақсы дамыған аудандардың бірі. Мал шаруашылығының басты саласы- ірі қара мал мен етті - жүнді қой өсіру.
Әдебиеті : Башқұрт жазба әдебиеті Октябрь революциясынан кейін қалыптасты. Ауыз әдебиетінде форма жағынан ерекше жетілген жанр- қобайыр. Ол қазақ поэзиясындағы толғауға жақын. Қобайырдың өзегі әлеуметтік сарын, яғни Орал тауын, Ақ Еділді, туған жерді, халқын мадақтау. Ал «Ақбозат», « Қозы Көрпеш - Баян сұлу!, « Күсәк бейә секілді эпикалық поэмалар - башқұрт тарихының түрлі кезеңдерін бейнелейтін туындылар.
18-19ғ әуезді, сырлы, шерлі, әнмен айтылатын « Салауат», « Азамат», «Орал», т. б сияқты тарихи жырлар, « Зұлхиза», «Шаура» секілді аңыздар туды. Башқұрт әдебиетінің кейбір нұсқалары қолжазба түрінде тараған. Орыс тіліне аударылған жырларына тән сипат- ереуіл рухы, әлеуметтік идея, азаматтық пафос, Діни уағыздар да бар.
19ғ 2- жартысында башқұрт әдебиетінде ағартушылық бағыт өрлей бастады. Бұл кезде көрнекті өкілдер, көп қырлы талантты ақындар, тілшілер, фольклористер, этнографтар, тарихшылар, педагогтар, аудармашылар, қоғам қайраткерлері болды. Қазақ, татар поэзиясында елеулі із қалдырған Ақмолла ақын - башқұрт демократиялық әдебиетіндегі ірі тұлға.
30- жылдары халық өмірінің әр түрлі кезеңдерін бейнелейтін реалистік прозалар туды. Отан соғысының қаһарлы шындығы әдебиеттте жан- жақты бейнеленді.
Ежелден іргесі бір, тілінде, тұрмысында, салт- санасында ұқсастық көп, қазақ пен башқұрт - туысқан халықтар. Башқұрт жазушыларының шығармалары қазақ тілінде көптеп аударылды( « Ырғыз», «Аққулар Оралда қалды», « Алтын масақ», «Салтанат», т. б) . Үлкен ақын әрі драматург Мұстай Каримнің «Ай тұтылған түн» пьесасы қазақ сахнасынан көп жыл бойы түскен жоқ. Мұхтар Әуезовтың «Абай» эпопеясы т. б көптеген қазақ жазушыларының шығармалары башқұрт тілінде жарық көрді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz