Құжаттарды криминалисттік зерттеу


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Құжаттарды криминалисттік зерттеу

Жоспар

Кіріспе

  1. Қолжазбаның криминалисттік зерттеудің объектісі ретіндегі түсініктемесі
  2. Сезіктілердің қолжазбасының психодиагностикасы
  3. Қолжазбаны криминалистік зерттеудің бүгінгі күнгі жағдайы мен перспективалары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет

Кіріспе

Бүгінгі күні қолжазбаны криминалистік зерттеу криминалистикадағы маңызды және актуалдьді мәселелердің бірі болып отыр, өйткені бүгінгі күні қыллмыскерлер жиі жиі “қаңды балта және финка” сияқты қылмыс жасаудың өрескел түрлерін тастап, қылмыс жасауда цивилисттік әдістерді қолдануға көшіп жатыр, себебі ондай әдістер оларға әрекет жасаудан көп нәтиже тудырады. Осы жоғарыдағы сөздерді атақты криминалисттердің бірі былай деп сүреттейді: “ . . . сейфті бұзу не керегі бар, егер оның ішіндегі құрамын қылқаламның бір қозғалысымен алуға болса”. 1

Осы курстық жұмыстың шеңберінде құжаттарды зерттеудегі ең басты мәселелердің бірі құжаттарды диагностикалық зерттеу және текс арқылы қылмыскерді анықтауды жан-жақты ашуға тырысамын.

Сөз жоқ, қылмысты енді тергеуді бастай бергенде, бастапқы сатыларда тексті жазған тұлғаның жеке тұлғасын анықтау қылмысты ашудың ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Өйткені қылмыскердің жеке тұлғасы қылмысты ашуға көп әсерін тигізеді.

Криминалистиканың жаңа әдістемелерінің дамуы бүгінгі күні, әсіресе криминалистік құжаттануда, жоғары дәрежеде нақты бір тектің авторын жоғары дұрыстылықпен анықтауға мүмкіндік беріп отыр.

Ондай әдістемелер қылмыскердің ұлтын, тұратын жерін, жазуды үйренген жерді, жынысы, жасы, білім дәрежесі, өмірлік идеалдарын, тіпті нақты қылмысқа қатысы бар ма жоқ па екенін анықтауға мүмкіндік береді.

  1. Қолжазбаның криминалисттік зерттеу объектісі ретіндегі түсініктемесі

Криминалистік тұрғыдан алғанда құжатты қылмыстық іс жүргізушілік маңызы бар бекітілген мәліметтерге ие материалдық дүние деп сипаттауға болады.

Қылмыстық іс жүргізудегі құжаттардың щеңбері әртүрлі болып келеді: олара примитивті қалыптасқан, төмен сапалы, жоғарғы кәсіптік дәрежеде шеберлік орындалаған, барлығына түсінікті, жай, барлығының қолы жететін, күрделі, тек мамандарға түсінікті (телефон номері жазылған қағаз, қайта басылған фотокарточка, автобустық жүру билеті, қолдан жасалған ассигнация, қабырғадағы жазба) .

Қолжазба ең маңызды және осы жақындағы күндерге дейінгі адамның ойларын белгілердің жүйесі арқы бекітіудің әдісітері.

Қолжажбаның ең басты мақсаты арнайы белгілері бойынша (иероглифтер, цифрлер, әріптер және басқа) мәліметтерді сақтау және тарату.

Сонымен қоса, жалпыға белгілі, қолжазба хабарласудың қана құралы емес, сонымен қоса, танылған криминалистік маңызы бар мәліметтерді берудің құралы.

Қолжазбаны зерттеу кезінде, жалпы ережеге сәйкес, тексттік барлық индивудуалдық белгілерінің кешені зерттелуі тиіс:

  1. Мәндік қолжазба - құжаттың авторын анықтау;
  2. Графикалық - ол почерк - ол нақты текстің жазушыны анықтау.

Қолжазбаның авторы мен орындаушысын анықтау адамның қайталанбайтын және қалыптасқан қозғалыстық сөйлесу тәжірибесіне негізделген. Қолжазбаның қалыптасу процессіне адамның оқу білім жағдайы, қоршаған орта, еңбектің және әлеуметтік қызмет, психофизиологиялық қабілеттер әсер етеді.

Қолжазбаны жазу тәжірибесі манызды дәрежеде қозғалыстық қыметтің тереңдігіне, оның жоғарғы жүйке жүйесінде автоматизациялануына байланысты, яғни тәжірибенің тереңдігі көп болса, нақты адамның жаззу тәжірибесін өзгерту қиын болады. 2

Құжатты жазудың автоматизациялануы оның жай жазу кезінде (шарттарында) білінеді. Егер жазудың шарттары күрделі өзгергенде (мақсаты, физикалық және психологиялық жүктеме, әдейі қолжазбаның нысанын өзгеруі) ол өз кезегінде қолжазбаның автоматизациялануы өзгереді, өйткені ол нақты бір бақылаудың болуына байланысты. Бірақ та ол факторлардың ұзақ болмауына байланыстықалыптасқан жазу тәжірибесі жоғалмайды тек уақытша “тежеледі”. Ал автоматизацияланған жазу тәжірибелері қалыптасқанда ол тәжірибе “қайта қозғалысқа түеді”.

Бұл феномен қолжазба мен оның мазмұнын әдейі өзгерткенде де байқалады. Бірақ бұл жағдайда да қалыптасқан стереотиптер қалады және құжатты қалыптастыру процесіне елеулі әсер етеді.

Қолжазбаның идентификациялық белгілері:

  1. мазмұндық белгілер;
  2. қолжазбаның топографиялық белгілері;
  3. қолжазбаның ерекше белгілері;
  4. жазба (почерг) белгілері.

Мазмұндық белгілер:

  • стиль (құжаттың жалпы көрінісі мен ерекшкліктерін белгілейтін белгілердің жиынтығы) ;
  • лексика және сөздік қор (пайдаланатын сөздердің байлығынан көрінеді және адамның кәсібінен, өмірлік стереотиптерінен және білімінің дәрежесінен білуге болады) ;
  • сауаттылықтың жалпы дәрежесі (тектегі әртүрлі граматикалық қателердің болуы немесе болмауы, олардың саны адамның білім дәрежесін және оның нақты құжаттарды толтырудағы тәжірибесін көрсетеді) ;

Қолжазбаның топографиялық белгілері: текстегі жазбаның орналасу ерешеліктері.

Бұл белгілердің сыныбы адамның ұқыптылығын білдіреді. Жиі жағдайларда ондай белгілер кәсіптік қызметтің қорытындысында пайда болады, мысалы құқық қорғау органдарының қызметкерлері қөұжаттарды толтырғанда сол жағында 2 сантиметр орын қалдырады.

- жиектер (оң және сол, көлемі, формасы - тіктөртбұрыш, трапециялық, бұндай белгілер көбінесе қызметтік міндеттері іс жүргізумен байланысты адамдарға тән) ;

- абзацтардың болу және оның көлемі (құжатты бір келкі қылдыруға арналған - ол журналистикамен, әдебиетпен және өзге жазбамен байласты шығармашылық қызметпен байланысты адамдарға тән) ;

- жолдар мен әріптер арасындағы интервалдар көлемі;

- жазу жолының бағыты: горизантальді, көтеріңкі, түсіңкі, түзу сызықты, шығып тұрған, қисық, толқынды, баспалдақты.

Сонымен қоса, үтір-нүктелер қою, сөзді бөліп ауыстыру, бастапқы ксөздердің орналасуы, қаратпа сөздер, парақтарды нөмірлеу.

Топографиялық бейлігілер өзіне тән тұрақты болып келеді және жазатын адаммен оншама бақыланбайды.

Оның келесідей ерекше белгілері бар:

- текстің жекеген бөліктері ерекшелендіру (яғни автор жазу жазу барысында бір нақты сөздерді жазуы мүмкін, мысалы: мен курстық жұмыс жазып отырмын)

- түзетулер енгізу ( адамның құжатты жасау езіндегі ұқыптылығын, ұсақ түйекке көңіл бөле отырып түзетулер енгізетінін білдіреді ) ;

- тасымалдау белгілерінің болуы немесе болмауы (ол адамның білімділігін, құжатты жасаудаға индивидуалды белгілерді көрсететеді)

- мерзімдерді қою ерекшелігі (тұратын жер, тілінің әсерімен қалыптасады, мысалы қазақ тілінде ол Күн-Ай-Жыл болып белгіленеді, ал англияда Ай-Күн-Жыл болып жазылады)

Жазбаның (почергтің) белгілері:

Жалпы белгілер:

- жазбаның қалыптасқандылығы - тез жазу қабілеттілігінің болуы, жазу темп;

- жазбаның курделігі - ол жай күрделі, стильдендірілген болады;

- жазбаның қазғалыс бағытының жалпы формасы - ол түзу, қисық, үшкір, дөңгеленген болады;

- қозғалыс бағыты - оңға және солға қарай;

жазбаның нақты бір жаққа құлауы (наклон) - түзу, оңға және солға;

- жазба көлемі - үлкен - 5 мм үлкен, 2-5 мм орташа, 2мм-ден кіші кішкентай;

- жазбаның жылдамлдылығы - әріптердің енінің биіктігіне қатынасы олар: қысылған, орташа, шашыраңқы болады;

- жазбаның байланыстылығы - жоғары байланысы бар - 5-6 әріп, орташа байланытыл 3-4 - әріп, үзіңкі 1-2 - әріп;

- басу элементі - қатты, жай, күрделенген.

Жеке белгілер:

  • қозғалы формасы - жазбаның сөздері түзу сызықты және қисық сызықты болады;
  • қозғалыс бағыты;
  • қозғалыс ұзақтылығы;
  • қозғалыстардың бірігу түрі: біріккен және интервалды
  • қозғалыс саны
  • қозғалыс кезектілігі
  • қозғалыстардың орналасуы
  • қозғалыстар күрделігі

2. Сезіктілердің қолжазбасының психодиагностикасы

Соңғы жылдары алынған құқықбұзушының жеке тұлғасына есепке алуға негізделген түсініктемелерді анализдеу, жауап алудың жаңа әдістерін іздестіру дамып отыр. 3 Ондай әдістердің бірі - қылмыс жаса деп күдіктенген адамның қолжазбасын психодиагностикалау. Бүгінгі ЭЕМ-лар бұл тәсілді жоғары техникада жүзеге асыруға мүкіндік береді. Бұндай әдістеме Башкир мемлекенттік университетінің профессоры, психология ғылымдарының докторы Г. Аминевпен құратырылған.

Оны мағынасы мынада: кінәсін мойындамаған сезіктіге кісі өлтіру күні не істегенін қағазға екі сағаттың интервалмен қолымен жазуды ұсынады. Жазылған мәліметтердің толық тексерілетінін біле отырып сезікті, сол кезде болған нәрселерді көбірек есіне алуға тырысады, сол әрекетімен ол “кездегі уақытпен қай өмір сүреді”.

Ол қылмыс жасаған уақыттағы кезеңді жазған кезде ол өзін қылмысқа қатыстылығы жоқ екендігін дәлелдейтін нәрселер жазады немесе ұмытып қалғанына сүйенеді. Бірақ ойлау инерциясының дамиды, және өзінің өтірік алибиін жазып берудегі сұраулар, шын болған оқиғалардың сеізіктінің ойына қайта әкелуге келтіреді.

Мұндай психологиялық жағдай адамның қолжазбада көрініс табады. Г. Аминевтің әдістемесі бойынша зерттеу кезінде шешуші әріп “р” әріпі болады, өйткені онда жазбаның өзгеруі оңай байқалады. Сонымен қоса ол өлшеуге ыңғайлы және сөздерде жиі кездеседі.

Екі сағттық бөліктің ішін бейнелеген сөздердің барлық әріптері зерттеледі, олардың орташа биіктігі ескеріліп, ол графикке түсіріледі. Бұндай зерттеулер басқа да екі сағаттық арлықтағы сезіктінің жауаптарына қатысты жүргізіледі. “Р” әріпінің ортақ биіктігінің гафиктің сызығын қалыптастырады, оның биіктігі сезіктінің жүйкелік қозу шыңын көрсетеді.

Графиктің еңбиік шыңы пайда болған жер болжамды түрде қылмыс дасалған дер саналады. Яғни бұл жедел ісдестіру шараларын жүргізуге тергеу әрекеттерін жүргізуге кеткен уақыт үнемделеді. Сонымен қоса сезіктіге психологиялық әсер ету деп аталтын жағары эффективті әдісті қолдануға болады.

Жауап алу кезінде сезіктіге қылмыс туралы толық мәліметтер беріледі, сондық сезіктіде тергеушінің қылмыс туралы бәрін біледі екен деген ой туындайды. Бұл әдіс сезіктіні өз қылмысы туралы жазып берген мәліметтерді тексеруде және сезіктінің сол қылмысқа шынымен де қатастылы бар ма екендігін шешуде өте маңызды.

Бұл әдістің жеткіліксіздіктеріне қылмыс жасалғаннан кейін көп уақыт өткеннен оның оншама эффективті болмай қалатынын, сонымен қоса зерттелетін текстің әріптерін графигін талдаудың қиындығын жатқызуға болады.

1994-1996 жылдары электронды техника қолданып зерттеулер жүргізілді. Оған әріптерді жай есептеу приборларымен өлшеуге қарағанда әріптерді тиімдірек өлшеуге көметесетін ЭЕМ орналған арнай “ОРТ” бағдарламасы ойлап шығарылды. Зерттеу объектілері ретінде олар бойынша қылмыстық процессуалдық шешім шығып қойған қылмыстық істер алынды.

Мысал №1. Бұрын сотталған К. Л. Мен В-ның өліміне қатысты деген күдікпен ұсталды. Ол түсініктемелерін жазбаша жазып берді, ол кейін толық оперативті және процессуалдық зерттеу объектісіне жатқызылды. Берген түсініктемелерінде К. Баты маңызды қатысушылар Н. мен А. -ға аударады. К. -нің түсініктері бірненше бөліктерге бөлініп, олардың шегінде “р” әріпе зерттеулер жасалды. Бірінші бөлікте “р” әріпінің биіктіктері үлкен емес: сезікті бұл жерді жәбірленушіге қатасы жоқ нәрселерді жазады. Екінші бөлікте сезеікті жәбірленушіге шабуыл туралы жазған кезде “р” әріпінің биіктігі шұғыл өзгереді.

К. -нің жауабынан үзінді: “мен А-ның шофердің мойннына жіп салғанын көрдім, шофер басында қарсыласты, кейін тынышталып қалды. Мен қорқынышта болдым және олар жаққа қарай алмадым. А. маған машинаның роліне отырып орманға қарай жүр деп бұйрық берді. Біз шоферді мошинадан алып шыққанда ол әлі демалып жатты. А. қалтасынан пышақ алып оның арқасына бірнеше рет сұқты. Мен оған қорқынышпен қарап тұрдым . . . ”

Тексттің үшінші бөлігінде сезікті екінші қылмысты бейнелейді, “рә әріпінің орташа биіктігі өзгермейді. Тексттің бөлігінде “р” әріпінің биіктігінің шұғыл құлауы байқалмайды. Бұл таң қаларлық емес, өйткені бұл жерде К. Адамды өлтіргеннен кейін машинамен МАИ қызметкерлерінен қашып кеткенін айтады. Бұл момент қолжазбада өз ізін қалдырды. Тергеу анықтағанда К. Шоферді өлтіру кезіндегі өз ролін азайтты.

Бізді сонымен қоса жауап берген кезде қаталесіп жауап берген адамдардың қолжазбасын диагностикалау қызықтырды. өйкені соңғы жылдардың баспаларнда сексуалды маньяктар жасаған қылмыстар үшін көп жағдайда өзі қаталасіп жауап берген кінәлі емес адамдардың сотталып кеткендігі айтылды. Олардың кінәсінің дәлелдемесі ретінде соттар олардың жазбаларына сілтеме жасаған.

Мысал №2. Бұрын сотталған Ф. жедел ісдестіру қызметкерлерімен С. -ны сексуалдық мотивтер бойынша өлтірді деген оперативтік мәліметті тексеру үшін ұстады. Заңды бұза отырып Ф бір айдай жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ болғандықтан ұсталған ретінде заңсыз ұсталған. Ф. өзіне пассивті рольді жүктеп қылмысты жазбаша сүреттеп берген. Оның сөздері бойынша жәбірленушіні И., К., және П. зорлаған. Кейін К. жәбірленушіні өлтіріп, оның мәйітін бөлшектеп суға батарып жібереген. Жоғарыдағы адамдың жиналатын үйдің иесі және досы да осыған ұқсас жауаптар берген. Ф. кейін жоғарыдағы жауаптарынан бас тартады, ал қатысушылар кінәні мүлдем мойындамаған. Осыған қарамастан, сот К-ні өлім жазасын тарту туралы, ал Ф., И., П. -ларды 15 жылға соттау туралы үкім шығарады. Жоғарғы сот бұл шешімнің күшін жояды. Қосымша тергеуде айыпталушылардың алибиі бар екені анықталады, ал қасана жалған жауап берген кәугерлер қылмыстық жауапқа тартылады.

Ф-тің жазбаша жауаптары “р” әріпінің көлеміне қарай зерттеледі, одан Ф криминалдық жағдайды суреттегенде жүйкелік жүктелуде болмағанын көрсетеді.

Екі жағдайда да сезіктілердің жеке тұлғасы толығымен зерттелген болатын, олаға сот-психологиялық және сот-психиатриялық сараптама тағайындалды, оларды сипаттайтын қажетті материалдар жиналды. К. мен Ф. ашық характермен, эмоцияларының тұрақтылығымен, психикалық процестердің дұрыстылығымен сипатталды.

Біз өз кезегімізде диагностика мәселесіне байланысты ЭЕМ арналаған арнайы бағдарламалар жасалып, ол әдісті қолдануды жеңілдетеді деп ойлаймыз. Айта кетер біржағда, бұл әдісті қолдану арқылы алынған мәліметтер іс бойынша дәлелдеме ретінде қолданылмайды. Ол тек тергеу болжамдарын жасау үшін көмгін тигізеді. Зерттеулердің қорытындысына сезіктінің интеллект дәрежесі, темпераменті, ұлты, денсаулық жағдай әсер етуі мүмкін.

Сонымен бұл тәсілді қолдану арқылы алынған мәліметтер қылмыстық істі ары қарай тергеудегі ориентир болады, қандай жедел іздестіру әрекеттерін жасау керектігін көрсетеді. Сонымен қоса, осы тәсілді қолданып ауыр қылмыстарды ашу нәтижелері құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің бұл әдісті дамыта отырып, кейін пайдалы қолданады деген сенімге әкеледі.

3. Қолжазбаны криминалистік зерттеудің бүгінгі күнгі жағдайы мен перспективалары

Қолжазбаны криминалисттік зерттеу кешегі күні жазба жүйесінің екі жағын да өзіне қосқан - мәндік және графикалық. Өз кезегінде С. М. Потапов былай деген: “Құжаттың мәндік және мақсаттық сипатымен байланысты бола отырып, жазба индентификациялау үшін қолжазбаның мазмұнынан бөлек зерттеле алынбайды”.

Ал бүгінгі күні қолджазбаны криминалисттік зерттеу сот-автор тану сараптамасының жеке түрі болып отыр, және бұны дұрыс деп есептеуіміз керек. Құжаттың орындаушысын анықтай отырып маман-автор танушылар көп жағдайда жазбаны графикалық қолдану тәсілін қолданады. Бірақ әрқашан да құжаттың авторы мен орындаушысы бір адам болып келе бермейді. Шынымен мен кей кезде құжаттың авторы мен орындаушы сәйкес келе бермейді, өйткені тексттер көшіріліп жазылуы немесе біздеудің айтуымен жазылуы мүмкін. Бірақ эксперттік практиканың көрсетуі бұның жиі болатынын көрсетеді. Дегенмен де ондай жағдайлар кездесетіндіктен қолжазбаны зерттегендегі маманның алдындағы ең басты сұрақ тексттің авторы мен орындаушысы кім екендігі болуы керек. Біз ешқашан зерттеу белгілерінің қайсысының маңызды екендігін білмейміз, оны тергеудің барысы көрсетеді. Бір істе қолжазбаның стилі мен орфоргафиясы маңызды рольге ие болса, екінші бір істе - жазба ерекшеліктері, үшіншісінде - екеуі де маңызы болуы мүмкін.

Сондықтан жазбаны жазбаны зерттеу қолжазбалық сараптамадағы бір жол ғана емес, сонымен қоса оның авторын анықтауға көмектеседі. Және ол тәсіл қолжазба әдейі бұзылып жазылғанда, сол қолымен жазылғанда, кітап әріптермен жазылғанда оның орындаушыны табуды жеңілдетеді.

Эсперттік практиканының көрсетуі бұл тәсілдің қол қоюды (подпись) зертеуде де маңызды екендегінде көрсетеді, өйткені жалған қол қою өте жиі кездеседі. Жиі қол қоюды қысқарту, әдейі өзөгертудің нәтижесінде оны зерттеуге қиындық тудырады, ол эксперттен көп білім мен біліктілікті қажет етеді. Сондықтан қол қоюды зерттеу үшін барлық тәсілдерді қолдану керек, сонымен қоса қолжазба белгілерін де ескеру керек.

Практиканың көрсетуіне сәйкес, әріптік транскрипциядағы қол қоюда оны зерттеуге және қосымша мәлімет алуға көмегін беретін қолжазбаның белгілері бар. Қол қоюды зерттегенде қолжазбаның белгілері жиі қолданылмайды. Қол қоюды зерттеу әдістемесінде қолжазба транскрипциясының мәні нақты анықталған, және оның жалпы қол қоюды зертеудегі орны белгіленген. Зертеулерде транскрипцияға қорл қоюды жүзеге асыруға қолданылатын әріптік және штрихтік белгілерді жиынтығы деп белгіленген және олар әріпті, әріпсіз және аралас болады.

Кейінгі зерттеулерде танскрипцияның мәні кеңірек ашылады. Онда транскрипция қол қоюдың сандың жағын ғана емес, сапалық жағын да сипаттайды делінеді. Осыған қарамастан бүгінгі күні эксперттік практикада оның сандық сипаттамасы ғана қолданылады.

Бүгінгі күні қолжазбаны криминалисттік зерттеудегі ең өзекті және ең күрделі проблема - жазба авторын анықтау болып отыр. Ғалымдар авторлық мәселесіне байланысты ірі зерттеулер жасап жатыр. Осыған байланысты ғалымдар қолжазбаға байланыты әртүрлі анализдер жасауда. Ондай анализдердің мақсаты автордың жазбасын сипаттайтын заңдылықтар мен ерекшеліктерді анықтау.

Жазбаның ерекшеліктері екі топқа бөлінеді: жалпы және жеке. Жалпы белгілерге сөз мәдениеті, жазу стили жатады; жеке белгілерге - әртүрлі жазбада көрініс табатын және жазбаларды жекелендіретін жеке тілдік сипаттамалар (фонетика, синтаксис, лексика) . Тіл дәрәжесінің құрамдас бөлшектерінің жеке белгілерін ескере отырып, біз жазбаның жеке белгілерін үлкен төрт топқа бөле аламыз:

  1. фонетикалық
  2. морфологиялық
  3. лексикалық
  4. синтаксистік.

Бұл жазбаның жеке белгілерін сипаттайтын бөлшектер жеке өздері байланысты болғандықтан бір бірінен бөлінбей кешенді зерттелуі керек.

Қолжазбаны зерттеу барысында эксперттік практика зерттеу кезінде мамандар қысқа және жасырын, әдеби тілмен жазылған тексттердің авторын анықтау қиын екенін көрсетті. Осыған байланысты ғалымдар жазбаның лексикалық жағын анализдеу керек екендігі және мамандардың біліктілігін көтеру керек екендігіне көзі жетті.

Қолжазбаға құрылымдық-тілдік аналыз жасау белгісіз құжаттың авторын мынадай параметрлер бойынша анықтауға болатының көрсетеді:

  1. білімдік деңгейі
  2. ұлттық және басымды тілді пайдалану (мысалы қазақтардың көбі орыс тілінде сөйлейді)
  3. сөйлеу тәжірибесі қалыптасу жері
  4. мамандығы немесе қызмет шеңбері.

А в т о р д ы ң б і л і м д і к д ә р е ж е с і. Жазбаның бастапқы тәжірибесін қалыптастыру орта мектептің міндеті. Адамға жазуды үйрету сөздік запасты қалыптастыру арқылы әдеби тілді бірге дамытумен байланысты. Жүргізілген арнай зерттеулердің нәтижесінде жазбаға қатысты автордың білімдік дәрежесі бес топқа бөлінді. Ондай топтарға бөлудің негізі мектеп бағдарламасы, және адамдардың анкеталық мәліметтері болджы (жасы, білімі, кәсібі) . Қорытындысында бес топ шықты:

  1. бірінші топты білімі аздар, өзі оқыған адамдар және екі не үш сынып оқыған адамдар құрады;
  2. екі топты құрайтын авторлардың білімі көбінесе бастапқы болып келеді, бірақ ол толық анықталған жоқ, өйткені орта білімі бар адамдар да сауатсыз болуы мүмкін;
  3. үшінші тпты көбінесе сегіз сыныптық білімі бар адамдар құрайды;
  4. төртінші топты орта білімі бар адамдар құрады;
  5. бесінші топты жағары білімі бар адамдар құрады. 4
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату қылмысының криминалисттік сипаттамасы
Сот қолжазбатану пәні және соттық-қолжазабатанушылық сараптаманың міндеттері
Криминалистикалық диагностика теориясы ғылыми шешім ретінде
Бесінші оқиға
Оқиға болған жерді қарау кезіндегі қылмыс іздерін белгілеу үшін криминалисттік техниканы қолдану
Кеден органдарының қызметінде бақылау функциясы
Жауап алудың түсінігі, маңызы және түрлері
Басып кету - қозғалыстағы көлік құралының кедергіні басып кетуі немесе қозғалыстағы объектінің көлік құралына соғылуы
Жол-көлік оқиғалары
Сот сараптамаларының жеке теориялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz