Қылмыстық жауаптылық
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
1. Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Адамның қылмыстық жауаптылық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7.
3. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың
түсінігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
4. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық
жауаптылықтан босату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
5. Жәбірленушімен татуласуға байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
6. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
7. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде
Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
8. Жауапкершілігінің түсінігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қолданылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе немесе қылмысты ашуға жәрдемдессе неме¬се қылмыс келтірген зиянды өзгеше түрде қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін (65-бап, 1-бөлігі).
Қылмыстың жауаптылықтан босатудың бұл түрі Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі жеке қылмыс құрамының санкцияларында көрсетілген реттерде ғана қолданылады. Мұның өзінде шын жүректен өкіну деп тану үшін кінәлінің кінәсін мойындап, өз еркімен келуі, шын жүректен өкінуі қылмысты ашуға жәрдемдесу және келтірілген зиянның орның толтыруы белгілері болуы шарт.
Кінәсін мойындап келу деп біткен немесе дайындық арасындағы (дайындалу, оқталу), қылмыстарды істегеннен кейін кінәлі адамның өзінін айыбын мойындап заңда көрсетілген орғанға келуін айтамыз. Кінәсін мойындап келу көп жағдайларда аяқталған қылмысты істегеннен кейін орын алады. Шын жүректен өкіну деп, істеген кінәлінің қылмысы үшін ағынан жарылып өкініш білдіруі; өзін-өзі айыптауы; істеген ісі үшін қандай да болсын жазаны адал өтеуге даяр екендігіне көз жеткізу; іштей қатты күйзеліп, қайғылануы сияқты әрекеттерін айтамыз. Келтірілген зиянның орның толтыру деп кінәлінің өз еркімен ешкімге айтқызбай-ақ келтірген материалдық зиянның орның толтыруы, жәбірленушіден келтірген моральдық зияны үшін кешірім сұрап, істеген іс-әрекеті үшін өзінің айыбын толық мойындап, болашақта оны қайталамауға уәде беруі және тағы басқа әрекеттер жатады. Қылмысты ашуға жәрдемдесу деп тергеу орғандарына болған мән-жайларды айқын баяндауы, қылмысқа қатысқандарды дұрыс анықтап беруді, қылмыстық құралдарды, қолды болған затты табуға көмек беруін, сондай-ақ жәбірленушіге келтірген моральдық зияны үшін одан кешірім сұрауын айтамыз. 65-баптың 1-бөлігі бойынша шын жүректен өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату біріншіден, айыптының бірінші рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орта қылмысты істеуі, екіншіден, қылмыс істегеннен кейін: а) айыбын мойындап өз еркімен келуі; б) қылмысты ашуға жәрдемдессе; в) келтірген зиянның орның қалпына келтірсе ғана қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Сондай-ақ қылмыс жасаған адам егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмысқа басқа да қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін (65-бап, 2- бөлігі). 65-баптың 2-бөлігі жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыс істегендерге қолданылмайды. Демек, бұдан басқа қылмыстарды жасаған адамға сот осы көрсетілген қағидаға сәйкес егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмысты ұйым жасаған қылмыстарға қарсы заңда көрсетілген іс-әрекеттерді шын жүректен жасағанда ол қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

1. Брайнин Я. М. Уголовная ответственность и ее основание в советском уголовном праве. М., 1963.
2. Волков Б. С. Детерминистическая природа преступного по¬ведения. Казань, 1974.
3. Елсонский В.А. Уголовное наказание и воспитание позитив¬ной ответственности личности. Рязань, 1979.
4. Звечаровский И. Э. Уголовная ответственность. Иркутск, 1992.
5. Картушин М. П., Курляндский В. И. Уголовная ответствен¬ность и состав преступления. М., 1974.
6. Кудрявцев В. Н. Закон, поведение, ответственность. М., 1986.
7. Лейкина Н. С. Личность преступника и уголовная ответствен¬ность. Л., 1968.
8. Наумов А. В. Применение уголовно-правовых норм. Волго¬град, 1973.
9. Огурцов Н. А. Правоотношения и ответственность в уголов¬ном праве. Рязань, 1975.
10. Прохоров В. С. Преступления и ответственность. Л., 1984.
11. СанталовА. И. Теоретические вопросы уголовной ответ¬ственности. Л., 1982.
12. Смирнов В. Г. Функции советского уголовного права. Л., 1965.
13. Стручков Н. А. Уголовная ответственность и ее реализация в борьбе с преступностью. Саратов, 1977.
14. Тарбагаев А. Н. Понятие и цели ответственности. Красно¬ярск, 1986.
15. Фефелов П. А. Механизм уголовно-правовой охраны. Ос¬новные методологические проблемы. М., 1982.

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
1. Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Адамның қылмыстық жауаптылық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 7.
3. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың
түсінігі және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..8
4. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық
жауаптылықтан
босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 10
5. Жәбірленушімен татуласуға байланысты қылмыстық
жауаптылықтан
босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .10
6. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық
жауаптылықтан
босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..12
7. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде
Қылмыстық жауаптылық пен жазадан
босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .13
8. Жауапкершілігінің түсінігі және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4
Қолданылған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...25
Кіріспе
Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам,
егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе немесе
қылмысты ашуға жәрдемдессе немесе қылмыс келтірген зиянды өзгеше түрде
қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін (65-бап, 1-
бөлігі).
Қылмыстың жауаптылықтан босатудың бұл түрі Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөліміндегі жеке қылмыс құрамының санкцияларында көрсетілген реттерде ғана
қолданылады. Мұның өзінде шын жүректен өкіну деп тану үшін кінәлінің
кінәсін мойындап, өз еркімен келуі, шын жүректен өкінуі қылмысты ашуға
жәрдемдесу және келтірілген зиянның орның толтыруы белгілері болуы шарт.
Кінәсін мойындап келу деп біткен немесе дайындық арасындағы
(дайындалу, оқталу), қылмыстарды істегеннен кейін кінәлі адамның өзінін
айыбын мойындап заңда көрсетілген орғанға келуін айтамыз. Кінәсін мойындап
келу көп жағдайларда аяқталған қылмысты істегеннен кейін орын алады. Шын
жүректен өкіну деп, істеген кінәлінің қылмысы үшін ағынан жарылып өкініш
білдіруі; өзін-өзі айыптауы; істеген ісі үшін қандай да болсын жазаны адал
өтеуге даяр екендігіне көз жеткізу; іштей қатты күйзеліп, қайғылануы сияқты
әрекеттерін айтамыз. Келтірілген зиянның орның толтыру деп кінәлінің өз
еркімен ешкімге айтқызбай-ақ келтірген материалдық зиянның орның толтыруы,
жәбірленушіден келтірген моральдық зияны үшін кешірім сұрап, істеген іс-
әрекеті үшін өзінің айыбын толық мойындап, болашақта оны қайталамауға уәде
беруі және тағы басқа әрекеттер жатады. Қылмысты ашуға жәрдемдесу деп
тергеу орғандарына болған мән-жайларды айқын баяндауы, қылмысқа
қатысқандарды дұрыс анықтап беруді, қылмыстық құралдарды, қолды болған
затты табуға көмек беруін, сондай-ақ жәбірленушіге келтірген моральдық
зияны үшін одан кешірім сұрауын айтамыз. 65-баптың 1-бөлігі бойынша шын
жүректен өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату біріншіден,
айыптының бірінші рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орта қылмысты істеуі,
екіншіден, қылмыс істегеннен кейін: а) айыбын мойындап өз еркімен келуі; б)
қылмысты ашуға жәрдемдессе; в) келтірген зиянның орның қалпына келтірсе
ғана қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Сондай-ақ қылмыс жасаған
адам егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым)
жасаған қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ
немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмысқа басқа да
қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан
босатылуы мүмкін (65-бап, 2- бөлігі). 65-баптың 2-бөлігі жеке адамға қарсы
ауыр немесе аса ауыр қылмыс істегендерге қолданылмайды. Демек, бұдан басқа
қылмыстарды жасаған адамға сот осы көрсетілген қағидаға сәйкес егер ол
ұйымдасқан топ немесе қылмысты ұйым жасаған қылмыстарға қарсы заңда
көрсетілген іс-әрекеттерді шын жүректен жасағанда ол қылмыстық
жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің осы 65-бабының бірінші
және екінші бөлігінде кезделген жағдайлар болған кезде басқа санаттағы
қылмыс жасаған адам тек осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында
арнайы көзделген реттерде ғана қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін (65-
бап, 3-бөлігі). Мысалы, Кылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің кейбір
баптарының санкцияларында шын жүректен өкіну қылмыстық жауаптылықтан немесе
қылмыстық жазадан босатудың негізі ретінде көрсетілген. Мысалы, пара
бергендігі үшін (312-бап), есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін
заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, тасу, тұтыну іс-әрекеттері үшін (259-
бап).
1. Қылмыстық жауаптылықтың
түсінігі және түрлері
Мемлекет өз азаматтарынан Конституцияда көрсетілген белгілі бір
әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте
азаматтарға занда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылык
жауапкершілік жүктеледі. Құқылык жауапкершіліктің ішіндегі ең катал түрі
қылмыстық жауаптылык болыпсаналады. Кылмыстык жауаптылық мемлекеттің заң
шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға
қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам
кылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық занда көрсетілген
нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау,
ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық, т. б. Мұның
өзінде кылмыстық жауаптылық оның іс-әрекеті накты қылмыс құрамын түзейтін
кылмыстық кұкылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады.
Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық кұкылық норманы бұзудың
нәтижесі, коғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады. Қылмыс
істелмесе кылмыстық жауаптылық та болмайды. Қылмыстык заң бойынша жазалау
қатерімен тыйым салынған коғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қылмыстық
жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне,
қылмыстын жасау тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының
ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылык өзіне тән ерекшелігімен оқшауланған кұкылық
жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Қылмыстық жауаптылық — өзінің
нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылыктың түрі.
Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген
адамға мемлекет тарапынан занда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті
шараларды қолдануды жүзеге асырады. Яғни, кылмыстык жауаптылықтың
әлеуметтік мазмұнының өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылық жүктей
отырып, мемлекет оның істеген кылмысын мінеп, оған зандылык баға береді.
Қылмыстық жауаптылықтын мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп
мінеу және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу) және зандылык
(қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары). Бұлар
қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мәнді екі бөлігі болып табылады.
Сонымен, қылмыстык жауаптылык деп — қылмыс заңы бойынша қылмыс деп
белгіленген накты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті
органдары аркылы мінеушілігін (айып-таушылығын) айтамыз. Қылмыстық
жауаптылық-қылмыстық құқылык қатынас мәселесімен тығыз байланысты. Бұл
байланыс екі жакты көрініс аркылы белгіленеді. Біріншіден, қылмыстық
кұқылық қатынас қылмыстық жауаптылық сияқты істелген қыл-мыстың кұқылық
зардабы.
Яғни, нақты қылмыс жасалмаса қылмыстық жауаптылық та, қылмыстық
құқылык қатынас та жок Екіншіден, накты қылмыс жасалған уакыттан бастап
қылмыстық жауаптылык, ал мұнымен бірге бір мезетте істелген қылмыстың
салдарынан қылмыстық кұбылыс, яғни қылмыстық құқылық қатынас пайда болады.
Бұл жерде істелген қылмыс зандылық факт болып табылады. Тараптардың
арасында қылмыстың субъектісімен (кылмыс жасаған адаммен) мемлекеттің
атынан өкілділік алған органдардың арасында тиісінше құкылык қатынастар
пайда болады. Қылмыстық-құқылық қатынас бір жағынан мемлекет атынан әділ
соттылықты жүзеге асыратын анықтама, тергеу, прокуратура, сот органдарымен,
екінші жағынан қылмыс істеген субъектінің (қылмыскердің) арасындағы қатынас
болып табылады. Бұл қаты-настар материалдық мазмұнға ие болады.
Олар істеген қылмыстың фактісіне қатысты: істелген қылмыстың құрамы
кандай, кінәнің нысаны, дәрежесі, қылмыскердің тұлғасы, біткен немесе
бітпеген қылмыс па? Мұнда қылмысқа қатысу немесе қылмысқа жанасушылық болды
ма және т. б. Сондай-ақ жазаны тағайындау немесе жазаны өзгерту шарттары,
жазадан босату сияқты мәселелерге байланысты болады. Қылмыстық қүкыктық
қатынас іс жүргізу құқылық қатынастармен тығыз байланысты. Өйткені,
қылмыстық кұкылық қатынас қылмыс істеу фактісіне байланысты болады.
Істелген қылмыс бойынша оны қозғау, тергеу, сотта қарау мәселелері
қылмыстық іс жүргізу кұкылық қатынастар аркылы дамып, жүзеге асырылады. Бұл
катынастар субъектімен (қылмыс істеген адам) мемлекеттің оның уәкілдігін
жүзеге асыратын органдар арасында іске асырылады. Қылмыстық құқықтық
қатынастар субъектілері заң бойынша айрықша құқықтар мен міндеттерге ие
болады. Қылмыскер қылмыстық құқықтық қатынастың объектісі болып табылады.
Мемлекет қылмыскерді жазалай отырып, басқаларды қылмыс істеуден
сактандырады және сотталған адамды түзеу максатын жүзеге асырады.
Мемлекеттің осы функциясын аткару кезінде қылмыскер де мемлекетке өз
көзқарасын білдіретін қаты-настың субъектісі ретінде көрінеді. Мұндай
жағдайда мемлекет осындай катынастың объектісі болып қалады. Яғни, субъект
және объект салыстырмалы түсініктер, сондыктан да олар сөз жоқ өзара орын
ауыстырулары мүмкін. Қылмыстық құкықтық қатынастын пайда болуын қылмыстық
жауаптылықтын жүзеге асырылуы деп түсінуге болмайды. Тек соттьң айыптау
үкімі занды күшіне енгеннен кейін ғана қылмыстық жауаптылық жүзеге
асырылады. Сот айыптыны кінәлі деп тани отырып, қылмыскер мен мемлекет
арасында кінәлінін қылмыс жасаған уакытынан бастап қылмыстық-құқықтык
қатынастын орын алғандығын бекітеді. Қылмыстық құқықтық қатынас мемлекеттің
жаза жөніндегі құқығы мен қылмыскердің тиісінше қылмыстың жауаптылығын
көтеру міндеттілігімен ғана шектеліп коймайды. Қылмыскер тиісті өкімет
органының күштеуі аркылы ықпал ететін объектісі ғана емес, белгілі бір
құқыктардың субъектісі де. Өйткені жазалау шаралары оған оның жасаған
қылмысының табиғатына, осы қылмысқа занда белгіленген жазаға, яғни
санкцияға, Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі жаза тағайындау туралы
ережелерге сай жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық құкылық қатынас
мемлекеттің қылмыскер жөніндегі құқығын белгілеп қана коймайды, сонымен
бірге әділ соттылықты жүзеге асыруда зандылыктың кепілі ретінде де
керінеді. Адамның кылмыстық жауаптылығы оған сот тағайындаған жазаны
отеумен жүзеге асырылады. Яғни, оның жүзеге асырылуы жаза етеліп болған соң
жойылады. Бірақта қылмыстық жауаптылық барлык уакытта да жазаны етеу
ретінде жүзеге асырылмайды. Мысалы, қылмыс жасаған адам анықталмады делік.
Мұндай ретте қылмыстық құқықтық қатынас (қылмыс істеген адам мен мемлекет
арасындағы) жүзеге аспайды. Бұған мысал ретінде латентті қылмыстарды қосуға
болады. Қылмыс жасаған кінәлі адам, егер де ол ауыр қылмыс жасаумен
байланысты болса, қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тартылады. Бірақта
қолданылып жүрген қылмыстық жазаға сәйкес барлық уақытта да қылмыс жасаған
адамға жаза тағайындалуы міндетті емес. Мысалы: Қылмыстык кодекстің 68-
бабының 1—2-бөліктерінде: Қылмыс белгілері бар әрекет жасаған адамды, егер
сот істі караған кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет
қоғамға қауіпті емес деп танылса, сот кылмыстық жауаптылықтан босатуы
мүмкін.
Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамды,
егер ол адамнын одан кейінгі мүлтіксіз мінез-кұлкына байланысты іс сотта
каралған уакытта ол қоғамға кауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе,
сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін делінген. Осы бапта қылмыстык
жауаптылықтан босату негізі көрсетілген. Ал Қылмыстық кодекстің 74-бабының
1-бөлігінде: Кішігірім және орташа ауырлыктағы қылмысы үшін сотталған
адамды, егер жазаны өтеу өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке
жарамды жалғыз мүшесінің ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе басқа
да төтенше мән-жайлардың салдарынан сотталған адам немесе оның отбасы үшін
оның жазасын өтеуі аса ауыр зардапқа әкеліп соқтыруы мүмкін болса, сот
жазадан босатуы мүмкін деп көрсетілген. Мұнда қылмыстық жазадан босатудың
негізі ғана көрсетілген. Сонымен қылмыстык жауаптылық өзінің сипатына карай
жаза тағайындалмайтын және жаза тағайындалатын болып екіге бөлінеді. Жаза
тағайындалмайтын қылмыстык жауаптылық айыптау шылык фактісімен аяқталады.
Ал жаза тағайындалатын қыл-мыстык жауаптылықта айыптаушылыкпен бірге
жазалану фактісі де бар. Осыған байланысты қылмыстык жауаптылық бүл жазаға
Караганда жеке, аукымы кең, қылмыстық-қүқылық түсінік екендігін оның
жазасыз-ақ қолданылатындығын және орындала-тынын көреміз. Қылмыстық
жауаптылыксыз жаза тағайындау мүмкін емес. Сонымен, қылмыстык жауаптылық
және жаза өзара тығыз бір-біріне үксас емес үғымдар екендігін аңғарамыз.
2. Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
Қылмыстык жауаптылықтың негізін дүрыс анықтау қүқык колдану органдары
кызметінін зандылыкты катаң сактауының кепілі болып табылады. Қылмыстық
күкык бойынша кылмыс-тык жауаптылықтың негізі болын кылмыстык занда
керсетілген кылмыс кұрамыньщ барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу болып
табылады (3-бап). Яғни, бүл деген кылмыстык жауапқа және жазаға тек қана
қылмыс істегенге, яғни қылмыстық занда корсетілген коғамға қауіпті іс-
әрекеттерді қасақана немесе абай-сыздықтан істегенге айыпты адамға ғана
тағайындалатынын корсетеді. Демек, қылмыстық жауаптылык негізі іс-әрекетте
кылмыс күрамының болуы болып табылады. Қылмыстық заң кылмыс қүрамы деген
терминнін мазмүнын ашып көрсетпейді. Бүл мәселе кылмыстык қүқық теориясында
ғака ашып корсетілсді. Адамның (кылмыс субъектінің) қылмыстық занда
көрсетілген коғамға кауіпті іс-әрекеттерді (қылмыстың объективтік жағы)
кінәлі түрде қасакана немесе абайсыздыкпен істеуі (кылмыстың субъективтік
жағы) кылмыс қүрамының белгілері болып табылады. Қылмыстың объектісі болып
табыла-тын кылмыстык заң корғайтын қоғамдық катынастардың жиын-тығы
Кылмыстық кодекстің 2-бабында көрсетілген. Сонымен, кылмыстык жауаптылыктың
негізі болып қылмыс күрамы бола-тынын білдік. Іс-әрекетінде кылмыс
күрамының ең кем дегенде бір белгісі жок болса ол адамды кылмыстык
жауаптылыкка тар-татын негіз жок.

Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған
кінәлі адамға жаза тағайындау арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың
заңдылықты сақтауы туралы 1999 жылғы 30 сәуірдегі нормативтік қаулысында:
Қылмыстық белгілері бар әрекет жасаған, бірақ қоғамға елеулі қауіп
келтірмейтін адамдарға соттар қылмыстық жаза қолданбай-ақ, олардың
түзелетіндігі мен қайта қылмыс жасамайтындығы туралы мәселені талқылап,
негіз болған жағдайда ондай адамдарды ҚК-нің 65—68- баптарында көрсетілген
негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тиіс.
Соттың адамды қылмыстық жаза шараларын қолданбай-ақ түзеуге
болатындығы туралы тұжырымы істің жан-жақты, толық, және объективті түрде
зерттелген мән-жайларына және сотталушының жеке басы туралы мәліметтерге
негізделуі қажет, — деп атап көрсетілген (10-тармақ). Осыған орай кейбір
реттерде қылмыстылықпен күресте мақсатқа жету кінәлі адамды қылмыстық
жауапқа тартпай-ақ немесе оған жаза тағайындап, бірақ оны жазаны нақты
өтеуден босату арқылы, сондай-ақ жаза өтеуден мерзімінен бұрын босату,
өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы
да мүмкін.
Осыған байланысты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және
жазадан немесе жазаны жеңілірек жазамен айырбастау туралы институтты
белгілейді. Мұның әрқайсысы тәжірибеде кеңінен қолданылады. Сонымен бірге
ескерілетін жағдай, қылмыстық жауаптылықтан, жазадан босатуды кеңінен
пайдаланудында зиянды жағы бар. Бұл институтты практикада жиі қолдану
қылмыстық құқықтағы жауаптылықтын сөзсіз бо-луы принциптерін аяққа басады.
Сондықтан да көрсетілген мәселелерді қолдану заңға негізделген және тиімді
болған жағдайда ғана қылмыспен күрес мақсатының қылмыстық жауаптылық немесе
жазаны қолданбай-ақ жүзеге асырылуы жағдайында ғана қолданылуы қажет.
Осы тарауда жасы толғандардың қылмыстық жауаптылықтан және жазадан
босатудың негіздері қаралмайды. Жасы толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан
және жазадан босату мәселелері арнаулы тарауда қарастырылады.
Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың мынадай
түрлері көрсетілген:
1. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
2. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.
3. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
4. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
5. Ескіру мерзімінін өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
6. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан
босату.
Осы аталған негіздер мен қылмыстық жауаптылықтан босату түбегейлі
түрде шартсыз жүзеге асырылады.
Қылмыстық заң бойынша кінәлі деп танылған адам жаза өтеуден жазаны
өтеуді жалғастырудан босатылуы немесе оның жазасының жеңілірек жазамен
ауыстырылуы мүмкін.
Қылмыстық заң бойынша жазадан босату мынадай негіздер бойынша жүзеге
асырылады:
1. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату.
2. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату.
3. Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен
ауыстыру.
4. Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдерді жазаны өтеуден
кейінге қалдыру.
5. Төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді
кейінге қалдыру.
6. Айыптау үкімінің ескіру мерзімі етуіне байланысты жазаны өтеуден
босату.
7. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде жазадан босату.
Қылмыстық жауаптылықтан босату, жазадан босату немесе жазаны одан әрі
өтеуден босатудың бір-бірінен айырмашылығы оларды қолдану негіздеріне
байланысты болады. Әдетте, қылмыстық жауаптылықтан босату (қылмыстық
жауапқа тартудың мерзімі ескіруге байланысты жауаптылықтан босатудан
басқасы) істелген қылмыстың. коғамға қауіптілігі онша көп болмаған және оны
істеген адамның түзелуі, жаза қолданбай-ақ мүмкін болған жағдайларда
қолданылады. Жазадан немесе оны одан әрі өтеуден босату сот үкімі бойынша
белгілі бір жазаға тағайындалып, соны өтеу барысында өздерінің
түзелгендігін дәлелдеген адамдарға қолданылады.
Мұндай жазадан босату тек заңда белгіленген тәртіппен сот арқылы ғана
жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылудың кейбір түрлері
жұртшылық өкілдерінің қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, жазадан
шартты түрде мерзімінен бұрын босату жазаны өтеу мекемесінің және бақылау
комиссиясының бірлескен ұсынысы болған жағдайда ғана сот арқылы жүзеге
асырылады. Қылмыстық жауаптылыққа тартудың мерзімі ескіруге байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босату, айыптау үкімін орындаудың мерзімі ескіруге
байланысты жазадан босату (69,75-баптар) жұртшылық өкілінің пікірін
ескермей-ақ қолданыла береді.

жауаптылықтан босату
Қылмыстық кодекстің 66-бабына сәйкес қоғамға қауіпті қылмыстан болған
үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен асқан
адамды сот істің мән-жайын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатуы
мүмкін. Мұндай ретте қажетті қорғану шегінен асып кісі өлтірген немесе
денеге ауыр жарақат түсірген адамның іс-әрекеті коғамға қауіпті, заңға
қайшы, кінәлі түрде істелгендіктен қылмыс болып табылады.
Бірақта сот істің нақты мән-жайына қарай отырып, айыпты адамның нақты
қылмыс істеу кезіндегі болған үрейлену, қорқу немесе асып-сасу салдарынан
қажетті қорғану шегінен асқандығын есепке ала отырып, оны қылмыстық
жауаптылықтан босатуы мүмкін. Егер жоғарыда аталған мән-жайлар орын алмаса,
онда сот айыптыға осы бапта көрсетілген жеңілдікті қолданбауға құқылы.
Өйткені осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату немесе босатпауды
сот нақты жағдайларға байланысты ғана шешеді.

Қылмыстық кодекстің 67-бабының 1-тармағына сәйкес онша ауыр емес
қылмыс жасаған немесе адамның қайтыс болуымен немесе оның денсаулығына ауыр
зиян келтірумен байланысты емес орташа ауырлықтағы қылмысты бірінші рет
жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірген зиянның
есебін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатуға жатады.
Орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен
татуласса және жәбірленушіге келтірген зиянның есесін толтырса, қылмыстық
жауаптылықтан босатылуы мүмкін (67-бап, 2-бөлігі).
Қылмыстық Кодекстің 67-бабының 1-бөлігіне сәйкес онша ауыр емес
(кішігірім) қылмыс жасаған адам:
а) жасаған әрекеті онша ауыр қылмыстар санатына жатса;
б) қылмыс жасаған адам жәбірленушімен татуласса;
в) қылмыс жасаған адам жәбірленушіге келтірген зиянның есесін
толтырса, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босатылады.
Бұл орайда адамның мұндай қылмысты алғаш рет жасағанының не оның
әрекеттерінде қылмыстардың бірнеше мәрте жа-салғанының, жиынтығының немесе
қайталанғанының, оның бұған дейінгі үкім бойынша жазасын өтегендігінің
немесе жазасьш өтеу барысында не сынақ мерзімі ішінде немесе үкімнің
орындалуы кейінге қалдырылған кезде не мерзімінен бұрын шартты босатылғанда
жазаның қалған етелмеген бөлігінде жаңа қылмыс жасағанының маңызы болмайды.
Заңның нақ осы нормасы бойынша орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам
төмендегідей негіздер болса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады:
а) жасаған әрекеті орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына жатса және
адамның қайтыс болуымен немесе жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян
келтірумен байланысты болмаса;
б) қылмыс алғаш рет жасалса;
в) қылмыс жасаған адам жәбірленушімен татуласса;
г) кылмыс жасаған адам жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін
толтырса.
Осы жоғарыда көрсетілген негіздердін ең болмағанда біреуі
орындалмаған жағдайда Қылмыстық кодекстің 67-бабының 1-бөлігін қолдануға
болмайды.
Қылмыстық кодекстің 67-бабының 2-бөлігі бойынша орташа ауырлықтағы
кез келген қылмыс жасаған адам, әкеп соққан қылмыс салдарына, сондай-ақ,
оның әрекеттерінде қылмыстардың бірнеше рет жасалғанына, жиынтығына немесе
қайталанғанына қарамастан, мынадай негіздер болған жағдайда қылмыстық
жауапкершіліктен босатылуы мүмкін:
а) жасаған әрекеті орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына жатса;

в) қылмыс жасаған адам жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін
толтырса.
Осы аталған негіздердің ең болмағанда біреуі болмаған жағдайда, ҚК-нің
67-бабының 2-бөлігін қолдануға болмайды.
1. Қылмыс белгілері бар әрекет жасаған адамды, егер істі сот қараған
кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет коғамға қауіпті емес
деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
2. Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған
адамды, егер ол адамның содан кейінгі мүлтіксіз мінез-құлқына байланысты іс
сотта қаралған уақытта ол коғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы
белгіленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін (68-бап).
Қылмыстық кодекстің 68-бабына сәйкес жағдайдың езгеруіне байланысты
(баптың 1-бөлігі) және қылмыс істеген адамның содан кейінгі мінез-құлқының
мүлтіксіз болуына байланысты (баптың 2-бөлігі) істелген іс-әрекет коғамға
қауіпті емес деп танылады. Жағдайдың өзгеруіне байланысты өмірде болатын
объективті елеулі өзгерістердің болуынан бұрынғы істелген іс-әрекеттердің
коғамға қауіптілігі жойылады. Немесе ондай іс-әрекеттер жаңа қоғамдық
қатынастарға байланысты әкімшілік құқық бұзушы-лық немесе тәртіптік теріс
қылық болып қалуы мүмкін. Мысалы, соғыс жағдайынан бейбіт жағдайға өтуге
байланысты көптеген қылмыс құрамдары қоғамға қауіптілік мәнін жояды.
Осындай іс-әрекеттер істі сотта қараған кезде жағдайдың өзгеруіне
байланысты қоғамға қауіптілік сипатын жояды, осыған байланысты сот қылмыс
белгілері бар әрекетті жасаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босатуы
мүмкін. Осы баптың екінші бөлігінде бірінші рет онша ауыр емес немесе
ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, қылмыс жасағаннан кейін, өзінің
өнегелі мінез-құлқымен көзге түссе, онда сот істі қараған кезде мұндай адам
қоғамға қауіпті емес деп тауып, оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Мысалы, онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыс істеген адам, істі
сотта карағанда басқа бір қылмысты топты әшкерелеп ерлік жасаса немесе
еңбекте зор табысқа жетсе, онда сот мұндай адамды қоғамға қауіпті емес деп
танып, оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.

Қылмыстық жауапқа тартудың мерзімінің ескіруі деп қылмыс істеген
уақыттан бастап, кінәлі адамды сол қылмысы үшін заңда көрсетілген шарттарға
сәйкес жауапқа тартуға мүмкіндік беретін уақыттың өтуін айтамыз. Мұндай
мерзімнің өтуі қолданылатын шараның тиімділігін, қажеттілігін жояды,
сондықтан да ол қылмыс ескірген қылмыс қатарына жатқызылады. Уақыты өтіп,
ескірген қылмысты тергеу оған дәлелдерді жинау, істі сотта қарау кезінде
жинақталған мәліметтерді қайта жаңғыртудың өзі де кептеген қиындықтарды
туғызады. Сондықтан да жауапқа тарту мерзімі ескірген қылмысы үшін кінәлі
адамға қылмыстық жауаптылық жүктеудің қажеті жоқ. Қылмыстық кодексте (69-
бап) мұндай жауаптылықтан босатудың негіздері істелген қылмыстың ауырлығына
байланысты болып көрсетілген.
1) кішігірім қылмыс істегеннен кейін 2 жыл өтсе;
2) орташа ауырлықтағы қылмыс істегеннен кейін 5 жыл өтсе;
3) ауыр қылмыс істегеннен кейін 10 жыл өтсе;
4) аса ауыр қылмыс істегеннен кейін 15 жыл өтсе. Ескірудің мерзімі
қылмыс істеген күннен бастап және сот үкімі заңды күшіне енген кезге дейін
есептелінеді. Қылмыс істеген уақыт деп қылмыстың зардабының орын алған
уақытынан тысқары қоғамға қауіпті іс-әрекет жүзеге асырылған уақытты
айтамыз. Үзіліссіз қылмыста қылмысқа байланысты іс-әрекеттерді толық
тоқтатқан уақыттан бастап оның ескіру мерзімі есептелінеді. Сөзылмалы
қылмыста ескіру мерзімі ең соңғы іс-әрекетті істеп біткен уақыттан бастап
есепке алынады.
Егер заңда көрсетілген мерзім өткенше ауыр немесе аса ауыр қылмыс
істеген адам 69-баптың 1-бөлігінде аталған мерзім өткенге дейін жаңадан
қасақана қылмыс жасаса, ескіру мерзімі тоқтатылады. Бұл ретте ескіру
мерзімінің есептелуі жаңа қылмыс істеген кезден бастап, ал қалған реттерде
егер адам ескіру мерзімі біткенге дейін жаңа қылмыс жасаса, әрбір қылмыс
бойынша ескіру мерзімі өз бетімен, дербес жүріп отырады.
Егер қылмыс істеген адам тергеуден немесе соттан бой тасалап жүрсе,
оның ескіру мерзімінін өтуі тоқтатыла тұрады. Тергеуден немесе соттан бой
тасалаудың өзі кінәлі адамның қоғам үшін қауіптілігін, оның түзелу жолына
бет алмағандығын көрсетеді. Мұндай реттерде ондай адамдарды қылмыстық
жауаптылықтан босатуға жол берілмейді. Мұндай адамдар жөніндегі ескіру
мерзімінін өтуі ол адамды ұстаған күннен бастап немесе кінәсін мойындап өзі
келген күннен бастап, қайта жаңғыртылады. Бұл орайда, егер қылмыс жасалған
уақыттан бері 25 жыл өтсе және ескіру мерзімі тоқталмаса, адам қылмыстық
жауапқа тартылмауы керек.
Өлім жазасы қолданылуы мүмкін болған қылмыс құрамын істсгеі
істегендерге қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімін қолдану жөніндегі
мәселені тек қана сот шешеді. Егер ескіру мерзімінін. бітуіне байланысты
сот адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін деп таппаса, өлім жазасын
тағайындауға болмайды. Бұл ретте сот 25 жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруды немесе өмір бойы бостандығынан айыруды тағайындайды
(69-бап, 5-бөлігі).
Мерзімі ескіруге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға
болмайтын қылмыстар да бар. Қылмыстық кодекстің 69-бабының 6-тармағында
бейбітшілікке және азаматтың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс істеген адамдарға
ескіру мерзімі қолданылмайды.

Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату
Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 6-тармағына сәйкес
Республика Парламенті адамдардың жеке айқындалған тобы жөнінде рақымшылық
туралы заң шығаруға кұқылы.
Казақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 15-тармағына сәйкес
белгілі бір жеке адамға ол жөнінде айыптау үкімі заңды күшіне енген
жағдайда кешірім жасау туралы актіні Қазақстан Республикасының Президенті
шығарады (76-бап, 3-бөлігі).
Рақымшылық және кешірім беру Қазақстан Республикасы Жоғарғы өкімет
орғандарының актілері болып табылады. Бұл актілер белгілі бір қылмыстар
үшін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz