Қазақстан Республикасындағы экономикалық циклдер: инфляция мен жұмыссыздықтың байланысы



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3б
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЦИКЛДЕР МАКРОЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛШЕГІ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4б
1.1 Экономикалық циклдің түсінігі мен фазалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4б
1.2 Экономикалық циклдің маңызды құрамы: жұмыссыздық пен инфляция ..5б
1.3 Жұмыссыздық және инфляция арасындағы тығыз байланыстылық ... ... ... 8б
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЦИКЛДЕРДІҢ ЖАЛПЫ ДИНАМИКАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16б
2.1 Қазақстан Республикасының жұмыссыздық және инфляция деңгейлерінің динамикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16б
2.2 Қазақстандағы инфляция деңгейінің жұмыссыздыққа әсері ... ... ... ... ... ..21б
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31б
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32б
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33б
Қазіргі кезде және қашан да болмасын қоғам біркелкі түрде экономикалық өсуге, баға деңгейін тұрақтылығына және қоғамда бет алып бара жатырған жұмыссыздықты толық жоюға ұмтылады.
Экономикалық цикл дегеніміз – осы өндірістің, инфляцияның және жұмыспен қамтылу деңгейінің нақты өзгерісі. Экономикадағы циклдік өзгерістердің белгілі бір себептері болады. Оларға мультипликатор әсерінің әлсіреуін, автономды инвестициялардың азаюын, ақша жиынының көлемінің өзгеруін, негізгі қорлардың жаңаруын жатқызуға болады.
Жалпы экономикалық цикл туралы макроэкономика ғылымында тұрақты теория жоқ болғанымен, оның алар орны мен қосар үлесі орасан зор. Себебі экономистік ғалымдардың тұжырымдауынша, өндіріс көлемі мен жұмысбастылық деңгейі жиынтық шығындар көлемін анықтауда көп көмектеседі дейді, яғни, экономикалық циклдер арқылы бұндай тәсілдердің, әдістердің көптеген түрлерін біле аламыз.
Экономикалық циклдер деп бірнеше жылдар ішінде экономикалық активтілік деңгейлерінің бірінен кейін бірі келіп тұратын өсулер мен құлдырауларының өзгеруін айтамыз. Оның әсері әр жерде, экономиканың әр түкпірінде сезіледі. Іскерлік циклдер жеке адамдар мен жеке экономиканың секторларына әсер еткенімен, ол әр түрлі деңгейлерде болады. Экономикалық циклдердің қарастыратын ең басты әсерлі байланысының бір түрі: инфляция деңгейінің жұмыссыздық деңгейіне әсер етуі.
Күннен күнге заман талабына сай, қаршындап алға дамып келе жатырған Қазақстан Республикасының экономика саласының дамуы барысында өте қолайсыз да қиын жағдайлармен соқтығысып қалуы жиі кездесетін жағдайлар болып табылады. Экономиканың дамуымен қатар инфляция деңгейі де өсіп келеді. Әсіресе, бұл жағдай бүгінгі таңдағы ең басты да, ең өзекті мәселе болып табылады. Жоғарыда айтып кеткенімдей, бір сектордың өзгерісі екінші бір секторға әсер етпей қоймайды. Сол себепті, инфляция деңгейінің өсуі жұмыссыздық деңгейінің жоғарлауына әсер етеді.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын «Қазақстан Республикасындағы экономикалық циклдер: инфляция мен жұмыс сыздықтың байланысы» деп алдым. Бұл тақырыптың өзектілігі қазіргі елімізде етек алған инфляция деңгейінің жоғарылауы және соған орай, жұмыссыздық деңгейінің өсуі, осы жағымсыз жағдайлардың пайда болу себептері, осы проблемалардың экономиканың басқа да салаларына ықпалы мен әсері, енді осы жағдайларды болдырмау, алдын алу немесе қарсы шара қолдану саясаты туралы қарастыру болып табылады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТТЕТІ

Экономика және бизнес факультеті
Макро-микроэкономика кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЦИКЛДЕР: ИНФЛЯЦИЯ МЕН
ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ БАЙЛАНЫСЫ

Орындаған
2 курс студенті (қолы)
Майрамбаева Г.Б.

Ғылыми жетекші
Э.ғ.к., доцент (қолы,күні)
Дуламбаева Р.Т.

Алматы, 2007

ЖОСПАРЫ

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3б
1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЦИКЛДЕР МАКРОЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛШЕГІ
РЕТІНДЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4б

1. Экономикалық циклдің түсінігі мен фазалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4б
2. Экономикалық циклдің маңызды құрамы: жұмыссыздық пен инфляция ..5б
3. Жұмыссыздық және инфляция арасындағы тығыз байланыстылық ... ... ... 8б
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЦИКЛДЕРДІҢ ЖАЛПЫ ДИНАМИКАСЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16б

1. Қазақстан Республикасының жұмыссыздық және инфляция деңгейлерінің
динамикасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..16б
2. Қазақстандағы инфляция деңгейінің жұмыссыздыққа әсері
... ... ... ... ... ..21б

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..31б

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 32б

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33б

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде және қашан да болмасын қоғам біркелкі түрде экономикалық
өсуге, баға деңгейін тұрақтылығына және қоғамда бет алып бара жатырған
жұмыссыздықты толық жоюға ұмтылады.
Экономикалық цикл дегеніміз – осы өндірістің, инфляцияның және
жұмыспен қамтылу деңгейінің нақты өзгерісі. Экономикадағы циклдік
өзгерістердің белгілі бір себептері болады. Оларға мультипликатор әсерінің
әлсіреуін, автономды инвестициялардың азаюын, ақша жиынының көлемінің
өзгеруін, негізгі қорлардың жаңаруын жатқызуға болады.
Жалпы экономикалық цикл туралы макроэкономика ғылымында тұрақты теория
жоқ болғанымен, оның алар орны мен қосар үлесі орасан зор. Себебі
экономистік ғалымдардың тұжырымдауынша, өндіріс көлемі мен жұмысбастылық
деңгейі жиынтық шығындар көлемін анықтауда көп көмектеседі дейді, яғни,
экономикалық циклдер арқылы бұндай тәсілдердің, әдістердің көптеген
түрлерін біле аламыз.
Экономикалық циклдер деп бірнеше жылдар ішінде экономикалық активтілік
деңгейлерінің бірінен кейін бірі келіп тұратын өсулер мен құлдырауларының
өзгеруін айтамыз. Оның әсері әр жерде, экономиканың әр түкпірінде сезіледі.
Іскерлік циклдер жеке адамдар мен жеке экономиканың секторларына әсер
еткенімен, ол әр түрлі деңгейлерде болады. Экономикалық циклдердің
қарастыратын ең басты әсерлі байланысының бір түрі: инфляция деңгейінің
жұмыссыздық деңгейіне әсер етуі.
Күннен күнге заман талабына сай, қаршындап алға дамып келе жатырған
Қазақстан Республикасының экономика саласының дамуы барысында өте қолайсыз
да қиын жағдайлармен соқтығысып қалуы жиі кездесетін жағдайлар болып
табылады. Экономиканың дамуымен қатар инфляция деңгейі де өсіп келеді.
Әсіресе, бұл жағдай бүгінгі таңдағы ең басты да, ең өзекті мәселе болып
табылады. Жоғарыда айтып кеткенімдей, бір сектордың өзгерісі екінші бір
секторға әсер етпей қоймайды. Сол себепті, инфляция деңгейінің өсуі
жұмыссыздық деңгейінің жоғарлауына әсер етеді.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын Қазақстан
Республикасындағы экономикалық циклдер: инфляция мен жұмыс сыздықтың
байланысы деп алдым. Бұл тақырыптың өзектілігі қазіргі елімізде етек алған
инфляция деңгейінің жоғарылауы және соған орай, жұмыссыздық деңгейінің
өсуі, осы жағымсыз жағдайлардың пайда болу себептері, осы проблемалардың
экономиканың басқа да салаларына ықпалы мен әсері, енді осы жағдайларды
болдырмау, алдын алу немесе қарсы шара қолдану саясаты туралы қарастыру
болып табылады.
Бұл тақырыпты орындаудағы міндеттерім келесідей:
• Экономикалық циклдерге түсініктеме беріп мәнін ашу;
• Экономикалық циклдердің соңғы онжылдықтағы динамикасын көрсету;
• Экономикалық циклдердің басты элементтері: инфляция мен
жұмыссыздыққа түсініктеме беру, мәнін ашу, арасындағы тығыз
байланысты зерттеп, әсер ету деңгейін айқындау;
• Инфляция деңгейінің өсуіне әсер етуші және себепші факторларды
анықтау;
• Қоғамдағы жұмыссыздық деңгейінің өсу себептері, оған қарсы
шараларды атап өту;
• Инфляция деңгейі мен жұмыссыздық деңгейінің өзара әсерін
қарастыра отырып, олардың макроэкономикалық көрсеткіштерге әсерін
талдау.
Мен осы курстық жұмысымды жазу барысында мынадай әдебиеттер тізімін
пайдаландым.

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЦИКЛДЕР МАКРОЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛШЕГІ РЕТІНДЕ

1. Экономикалық циклдің түсінігі мен фазалары

Қоғам біркелкі түрде экономикалық өсуге, жұмыссыздықты толық жоюға
және баға деңгейінің тұрақтылығына ұмтылады.
Экономикалық цикл деп өндірістің, инфляцияның және жұмыспен қамтылу
деңгейінің өзгеруін айтамыз. Циклдік өзгерістердің себептері төмендегідей:
автономды инвестициялардың азаюы, мультипликатор әсерінің әлсіреуі, ақша
жиыны көлемінің өзгеруі, негізгі қорлардың жаңаруы, т.б..
Макроэкономика ғылымында экономиканың циклдігі туралы тұрақты теория
жоқ деп айтуға болады, бірақ әр түрлі көзқарастар бар, дегенмен көптеген
экономистер өндіріс көлемі мен жұмысбастылық деңгейі жиынтық шығындарды
анықтайды деп есептейді 1, 54б.
Жалпы айтқанда, экономикалық цикл – бірнеше жылдар ішіндегі
экономикалық активтілік деңгейлерінің бірінен кейін бірі келіп тұратын
өсулер мен құлдырауларының өзгеруі. Кейбір экономикалық циклдер
ұзақтылығымен және қарқындылығымен бір-бірінен ерекшеленеді. Бірақ олардың
барлығы әрқалай аталатын бірдей фазалар арқылы өтеді 2, 61б.
Экономикалық циклдің фазалары:
1. Шың. Ол мыналармен сипатталады:
• Экономикалық өсудің жоғарғы қарқыны;
• Өндіріс деңгейінің анағұрлым жоғары болуы;
• Инвестициялардың, бағалы қағаздар бағамдарының, пайыз қойылымының,
еңбекақының, табыстардың өсуі;
• Жұмыссыздықтың қысқаруы.
1. Құлдырау – экономикалық дамудың барлық көрсеткіштерінің төмендеуімен
сипатталады:
• Өндіріс көлемінің төмендеуі;
• Табыстардың көлемінің төмендеуі;
• Жұмыс орындарының қысқаруы;
• Инвестициялардың қысқаруы;
• Бағалардың төмендеуі;
• Өндірістік күштердің бұзылуы (негізгі капиталдың құнсыздануы, өндірістік
қуаттылықтың толық қолданылмауы, жұмыссыздықтың өсуі).
2. Депрессия – құлдыраудың ең төменгі нүктесі мыналармен сипатталады:
• Жаппай жұмыссыздық;
• Еңбекақының төменгі деңгейі;
• Тауарлық қорлардың қысқаруы;
• Өндіріс өспейді де, төмендейді де;
• Бағаның төмендеуінің тоқтауы;
• Ссудалық пайыздың төменгі деңгейі.
3. Көтерілу фазасы келесімен сипатталады:
• Негізгі капиталдың жаңартылуы;
• Жұмыссыздықтың қысқаруы;
• Еңбекақының өсуі;
• Бағалардың өсуі;
• Пайыз қойылымының жоғарлауы;
• Тұтыну тауарларын сұраныстың өсуі 2, 62б.
Экономикалық циклдің фазалар көрінісін 1-суреттен қарай аламыз 1, 55б:

ЖҰӨ
Нақты

ЖҰӨ

шың тренді

шың
Рецессия
(құлдырау)

Әлуетті ЖҰӨ

Көтерілу тренді

Депрессия
(Құлдыраудың ең
төменгі
нүктесі)

Жылдар
Экономикалық цикл

1-сурет – Экономикалық циклдің фазалары

2. Экономикалық циклдің маңызды құрамы: жұмыссыздық пен инфляция

Толық жұмысбастылық ұғымына анықтама беру қиын. Оны бүкіл 100%
халық жұмыспен қамтамассыз етілген деп түсінуге болады. Бірақ ол дұрыс
емес. Белгілі бір жұмыссыздық деңгейі болуға тиісті деп саналады.
Алдымен жұмыссыздықтың анықтамасын біліп алайық. Сонымен, жұмыссыздық
– бұл еңбек ұсынысының еңбекке деген сұраныстан артық болуы. Экономика
ресурстардың қаншалықты жақсы қолданылатынына байланысты сипатталады.
Негізгі экономикалық ресурс жұмысбастылықты қолдайтын жұмыс күші болады –
бұл экономикалық саясаттың маңызды мақсаты.
Жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының
ішінде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші (пайыз түрінде).
Статистика агенттігі ай сайын жұмыссыздық деңгейі мен экономикалық
саясаттағы еңбек нарығының жағдайын бағалайды.
Статистикалық деректер үй шаруашылығына зерттеу жүргізу негізінде
жиналады. Анкета сұрақтарына байланысты, әрбір адам 3 түрлі санаттың
біреуіне жатады. Жұмыс істейтін, жұмыссыз және жұмыс күшіне кірмейтіндер.
Жұмыс істейтін адам деп – үй шаруашысымен немесе оқумен шұғылданбайтын,
апта бойы жұмыс істейтін адамдарды осы топқа кіргіземіз. Егерде азамат жаңа
жұмысқа шығуды күтіп жұмыс істемесе, яғни уақытша босатылса немесе жұмыс
іздеп жүрсе, онда ол – жұмыссыз деп саналады. Алғашқы екі санатқа жатпайтын
азаматтар (мәселен, студенттер және үй шаруасындағы әйелдер), жұмыс күші
құрамына кірмейді: олар жұмыс істемейді, істемейді және жаңа жұмысқа көшу
кезеңін күтпейді.
Жұмыс күші – жұмыссыздар мен жұмыс істейтіндердің жиынтығы, ал
жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың
пайыз түріндегі анықталуы. Демек,

Жұмыс күші = жұмыс істейтіндер саны + жұмыссыздар саны.

Жұмыссыздық деңгейі = (Жұмыссыздар саны х 100) ∕ (Жұмыс күшінің жалпы
саны).

Статистика агенттігі есептейтін тағы бір көрсеткіш, бұл пайыз
түріндегі, жасы үлкен тұрғындар санының жалпы жұмыс күшіндегі үлесі:

Жасы үлкен тұрғындар санының үлесі = (Жұмыс күшінің жалпы саны х 100) ∕
(Жасы үлкен тұрғындар саны).
Бұл статистикалық көрсеткіш барлық тұрғындар үшін есептеледі, сонымен
қатар жеке топтар үшін де қолданылады, ерлер мен әйелдер үшін, кәрі және
жас адамдар үшін де есептеледі.
Мысалы: 2-суретте 2005 жылғы 3 санатқа бөлінген тұрғын халық саны
көрсетілген. Бұл жылы көрсеткіштер мынадай болды 3, 34б:
- Жұмыс күшінің жалпы саны – 7261,0 + 640,7 = 7901,7 мың
- Жұмыссыздық деңгейі – (640,77901,7) х 100 = 8 %
- Жасы үлкен тұрғын халықтың жалпы санының жұмыс күші үлесі =
(7901,711451,7) х 100 = 69,4%
Сол себепті жасы үлкен тұрғындардың бөлігі жұмыс күші құрамына кіреді,
ал жұмыс күшінің 8%-ға жуығы жұмыссыздықты құрайды.Тұрғын халық – 11451,7
мың (15 жас және одан жоғары).

2-сурет – Халықтың 3 тобы
Толық жұмыстылық ұғымына анықтама берудің алдында біз жұмыссыздықтың
3 түрімен танысуымыз керек: фрикциондық, құрылымдық және циклдік.
Фрикциондық жұмыссыздық.
Фрикциондық немесе уақытша жұмыссыздық – бұл адамдардың жұмыс орнын
ауыстыруымен немесе жаңа жұмыс орнын іздеуімен байланысты болатын
жұмыссыздықтың түрі. Әр түрлі себептермен жұмыссыз қалған адамдар санаты
құрамын өзгертсе де, осы жұмыссыздық типі қала береді. Жұмыс іздеп жүрген
немесе жұмыс орнын алуын күтіп отырған адамдарға экономистер уақытша
жұмыссыздар деген термин қолданады. Фрикциондық деген анықтама бұл құбылыс
мәнін нақты көрсетеді: еңбек нарығында жұмыс орны мен жұмыс күші арасында
сәйкестілік орнамайды. Уақытша жұмыссыздар еңбек нарығына ұсынатын
білімдері бар деп есептелінеді.
Фрикциондық жұмыссыздық міндетті және ерікті болып бөлінеді.
Жұмысшылардың көпшілігі жұмысаралық жағдайға өз еркімен түседі, олар –
өздерінің төмен жалақылы жұмыстарын жоғары төлемақылы жұмысқа ауыстырады.
Бұл жұмысшылардың өздеріне ұлкен табыс әкеледі және еңьек ресурстарының
ұтымды пайдасын арттыру дегенді білдіреді. Яғни, жалпы экономикадағы нақты
өндіріс көлемінің ұлғаюы 1, 62б.
Құрылымдық жұмыссыздық.
Фрикциондық жұмыссыздық ақырындап Құрылымдық жұмыссыздық деп
аталатын екінші санатқа ауысады. Экономистер құрылымдық терминін құрамдық
деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе технология мен сұраныс құрылымында
өзгерістер болады, олар өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын
өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс
азаяды немесе мүлде жойылады. Басқа мамандықтарға, соның ішінде жаңаларына
сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы
жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық
пайда болады. Сонымен, құрылымдық жұмыссыздық – бұл еңбекке деген сұраныс
құрылымының еңбек ұсынысына сай келмеуінен пайда болатын жұмыссыздық түрі.
Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық арасындағы айырмашылық анық
емес. Уақытша жұмыссыздарда сатуға болатын тәжірибе бар, ал құрылымдық
жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқу курсын өтуі керек,
ал кейде тұрғын жерін де ауыстыруы керек. Фрикциондық жұмыссыздық қысқа
мерзімді, ал құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді, сондықтан ол қауіпті
болып саналады 1, 63б.
Циклдік жұмыссыздық.
Циклдік жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық
шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады. Тауарлар
мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық төмендейді,
жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде сұраныс
тапшылығына байланысты жұмыссыздық деп атайды 1, 63б.

Толық жұмыстылық ұғымы.
Толық жұмыстылық жұмыссыздықтың мүлдем жоқтығы емес. Экономистер
фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықты болмай қоймайды деп
санайды,осыдан толық жұмыстылық ұғымы еңбек күшінің 100%-нан аз бөлігін
қамтитын жұмыстылық болып саналады. Дәлірек айтқанда, толық жұмыстылық
кезіндегі жұмыссыздық деңгейі фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық
деңгейлер қосындысына тең болып, циклдік жұмыссыздық нөлге тең болған
жағдайға ғана жетеді. Толық жұмыстылық кезіндегі жұмыссыздықты
жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп те атайды. Жұмыссыздықтың табиғи
деңгейімен қосарланған ішкі өнімнің нақты көлемі экономиканың өндірістік
әлуеті деп аталады. Толық жұмыстылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі немесе
жұмыссыздықтың табиғи деңгейі еңбек күші нарықтары тепе-теңдік жағдайында
болғанда, яғни жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындардың саны сәйкес келген
жағдайда орнайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегеніміз – оң өлшем,
өйткені уақытша жұмыссыздарға сәйкес бос орындарды табу үшін уақыт керек.
Құрылымдық жұмыссыздарға да жұмысқа орналасу үшін оқу курстарын өтуге
немесе басқа жерге көшу үшін уақыт керек. Егер жұмыс іздеушілер саны бос
жұмыс орындардың санынан көп болса, онда еңбек күші нарықтары сәйкес
келмейді деген сөз; мұндай жағдайда жиынтық сұраныс тапшылығы мен циклдік
жұмыссыздық пайда болады. Басқа жағынан қарағанда, жиынтық сұранысы артық
болған жағдайда жұмыс күшінің жетіспеушілігі байқалады, яғни бос жұмыс
орындардың саны жұмыс іздеушілер санынан артық болады. Мұндай жағдайда
жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейінен төмен болады. Еңбек күші
нарықтарындағы мұндай тапшылық инфляциямен қатар болады 1, 64б.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі келесі формула бойынша есептеледі 2,
63б:

мұнда: - жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;
- оларға жұмыс орны бар жұмыссыздар саны;
- экономикалық белсенді халық;
- жұмысын жоғалтып жатқан жұмысшылар үлесі;
-жұмыс тауып жатқан жұмыссыздар үлесі.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне әсер ететін факторлар 2, 63б:
1) демографиялық фактор;
2) еңбекақының төменгі деңгейі;
3) еңбек одақтарының әрекеттері.
Жұмыссыздықтың орын алуының 2 негізгі себебін қарастырайық, олар:
жұмыс іздеу проблемалары мен жалақының қатаңдығы. Біріншісіне жұмыс күші
құрылымы мен бос жұмыс орындары арасындағы сәйкестікті орнату үшін белгілі
уақыт кезеңінің қажеттілігі жатады. Екінші себебі - жалақының қатаңдығы,
яғни оның икемді өзгере алмайтындығынан. Тепе-теңдік еңбек нарығының
үлгісіндегі нақты жалақы сұраныс пен ұсынысты теңестіруден өзгеріп тұрады.
Жалақы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігіне сай келетін деңгейден жоғары
тұрғанда, нарықтағы еңбекке ұсыныс оған сұраныстан артық болады. Фирмалар
тапшы орын санын барлық талапкерлер арасында таратуға мәжбүр болады.
Сондықтан нақты жалақының қатаңдығы жұмысқа орналасу ықтималдығының
көрсеткішін төмендетеді және жұмыссыздық деңгейін жоғарылатады. Жалақының
қатаңдығы салдарынан болатын жұмыссыздық және осыдан шығатын жұмыс орнының
жетіспеушілігі жұмыссыздықты күту деп аталады. Жұмысшылар жұмыссыз болуының
себебі, олардың мамандығына сәйкес ең жоғары дәрежедегі жұмыс іздеуінен
емес, берілген жалақы деңгейінде еңбек ұсынысынан фирмалар жағынан еңбек
сұранысы артық болғандығынан. Жұмысшылар тек жұмыс алу мүмкіндігін күтеді
1, 70б.
Жалақының қатаңдығы және жұмыссыздықты күту ұғымын түсіну үшін, ең
алдымен еңбек нарығы неге тепе-теңдік жағдайға келмейтінін білу керек.
Жалақының нақты деңгейі тепе-теңдік нүктесінен жоғары болғанда, ал еңбек
ұсынысы сұраныстан көп болса, онда жұмыс берушілердің жалақыны
төмендетулерін күтуге болатын еді. Жұмыссыздықты күтудің болуының себебі,
еңбек ұсынысы артық болса да, фирмалардың жалақы деңгейін түсіре
алмауынан. Осылардың барлығын біз 3-суреттен түсіне аламыз 1, 71б:

3-сурет – Нақты жалақы қатаңдығы мен жұмыссыздықты күту

Оукен заңы. Ол нақты ЖІӨ мен жұмысыздық деңгейінің арасындағы
тәуекелділікті анықтайды. Оукен заңы бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикалық дамудың циклдік ерекшеліктері
Инфляцияның себептері және экономикалық-әлеуметтік салдарлары
Экономикалық дағдарыс теориялары және оның негізін қалаушылар
Макроэкономикалық тұрақсыздық, экономикалық циклдер, жұмыссыздық, инфляция туралы ақпарат
Экономикалық тұрақсыздар: Инфляция
Макроэкономикалық саясат
Мароэкономика
Макроэкономикалық тұрақсыздық: экономикалық циклдер, жұмыссыздық, инфляция
Экономика негіздері қызметтері
Статистика пәнінен оқу-әдістемелік жиынтық
Пәндер