Коммерциялық банктердің инвестициялық операциялары (АҚ «Альянс банк» тәжірибесіне негізделген)


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .

1. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің негіздері . . .

  1. Инвестицияның экономикалық мәні және оның түрлері . . .
  2. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі . . .
  1. Коммерциялық банктердің инвестициялық операцияларын талдау және бағалау (АҚ «Альянс Банк» тәжірибесіне негізделген) . . .

2. 1 Қазақстан Республикасы ЕДБ- дің инвестициялық портфелін талдау және бағалау . . .

  1. 2. 2. «Альянс Банк» АҚ тәжірибесінде инвестициялық операцияларын талдау . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

ҚР Президентінің 2008 жылғы 7 ақпандағы халыққа жолдауында банк секторының бәсекелестік қабылеттігі мен тұрақтылығын арттыру міндетін белгілей отырып, банктерге мемлекеттік қолдаудың біржақты бола алмайтындығын, яғни тәуекелдердің өздеріне тиесілі бөлігін алуға тиістігін, сондай-ақ банктерддің акционерлері өздерін дамытуы үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабылетсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қолдануға дайын болу керектігін басып айтты.

Бұл жерде 2007 жылы тамыз айынан басталып, осы күнге дейін оң шешімін таппаған сыртқы қарыздарды қайтаруға байланысты мәселелер банктік сектордың сыртқы міндеттемелерді орындаудағы қабылетсіздігі туралы айтылып отырғаны белгілі.

ҚҰБ-нің мәліметтері бойынша 2006 жылы банктер еурооблигацияларды орналастыру арқылы және синдицирленген займдар тартуда барлығы 33 млрдАҚШ долларында сырттан қаражат тартқан болса, ал 2007 жылдың жартысында бұл көрсеткіш 40% өсіп, шамамен 46 млрд АҚШ долларына дейін артты. Сөйтіп банк жүйесінің сырттан тартқан қарыздарының үлесі, олардың барлық міндеттемелерінің 70% құрады.

Енді осы қарыздарға қарсы тұратын, яғни қорғаныс қызметін атқаруға тиісті банктердің капиталының көлемі 2007 жылы 1 168, 6 млрд. теңгені немесе 9, 8 млрд АҚШ долларына тең болған. Бұл дегеніміз банктердің капиталының сыртқы қарыздан 4, 7 есеге кем екендігін көрсетеді. 2008 жылы банктеріміздің қайтаратын сыртқы қарызы шамамен 14 млрд. АҚШ долларын құрайды. Ендеше сыртқы қарыздың банктің капиталынан бірнеше есе артық болуы, өз кезегінде банктердің өтімділігіне кері ықпал етіп отыр, нақтырақ айтсақ, отандық банктер өтімділік дағдарысын басынан кешіруде.

Жоғарыда аталған мәселелерді шешу жолдарын іздестіру аталған тақырыптың өзектілігіне негіз бола отырып, бүгінгі отандық банктеріміздің инвестициялық операцияларын жетілдіре отырып, банк активтерін басқаруға байланысты орын алып отырған мәселелердің асқынып отырғанын дәлелдейді.

Активтер дегеніміз - тұтыну құны бар және табыс табу көзі болып табылатын, материалдық және материалдық емес игіліктердің жиынтығы /1/.

Коммерциялық банктердің активтері -бұл бухгалтерлік баланстың баптарында көрініс табатын коммерциялық банктердің ресурстарын орналастырумен және қолданумен байланысты болатын активтерді айтамыз.

Коммерциялық банк активтерін мынадай төрт топқа бөлуге болады:

  • касса және оған теңестірілген ақшалай қаражаттар;
  • несиелер;
  • бағалы қағаздарға жұмсалған инвестициялар;
  • банк ғимараты мен жабдықтары.

Коммерциялық банктің активтік операциялары деп - табыс табу және өтімділігін қамтамасыз ету мақсатымен банктің меншікті, тартылған және қарызға алған қаражаттарын орналастырумен байланысты операцияларын айтамыз.

1. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің негіздері

1. 1 Инвестицияның экономикалық мәні және оның түрлері

"Инвестиция" сөзі латынша "invectire" қазақ тіліне аударғанда қаражат салу, жұмсау дегенді білдіреді. "Инвестиция" сөзі отандық экономикамыз үшін біршама жаңа термин. Олай болып келу себебі, кешегі бір орталықтан жоспарлау жүйесінде, 1991 жылға дейін оның орнына "капитал жұмсалымы" деген сөзі жиі қолданылды. Енді осы екі сөздің арысында қандай айырмашылық болуы мүмкін, соған мән берейік.

Инвестиция ұғымы капитал жұмсауға қарағанда кең мағыналы. Жоспарлы экономика тұсында "капитал жұмсалымы" деп негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне жұмсалынатын, соның ішінде оларды жөндеу шығындарын қамтитын барлық шығындарды түсінген. Ал инвестиция ұғымына келсек, қазіргі экономикалық әдебиеттерде, соның ішінде сөздіктерде оған әртүрлі ұғымдар берілген. Осы ұғымдарға тоқталайық.

Б. А. Райзберг, Л. Ш. Лозовский және Е. Б. Стародубцеваның жазған экономикалық сөздігінде: "Инвестиция - пайда табу мақсатында өз елінде немесе шет елде әр түрлі саланың кәсіпорындарына, кәсіпкерлік жобаларға, экономикалық-әлеуметтік бағдарламаларға, инновациялық жобаларға, ұзақ мерзімге жұмсалынатын мемлекеттік немесе жеке капиталды білдіреді " - делінгсн.

Лапусты М. Г. және П. С. Никольскийдің жалпы редакцияны басқарумен дайындалған сөздікте: "Инвестиция - табыс алу және әлеуметтік тенділікке қол жеткізу мақсатында кәсіпкерлік объектісіне және басқада құндылықтар түрлеріне жұмсалынған ақшалай қаражаттар, мақсатты банк салымдар, пайлар, акциялар және өзге де бағалы қағаздар, технологиялар, машиналар, жабдықтар, лицензиялар, несиелер, басқа да мүліктер немесе мүліктік құқықтар, және интелектуалдық құндылықтар" - деп түсіндірілeді.

Шет елдік инвестицияға байланысты заңда инвестицияға мынадай түсінік берілген: "Инвестициялау - табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объкетілеріне салынатын мүліктік және интелектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, соның ішінде :

  • жылжитын және жылжымайтын мүліктер мен мүліктік құқық, ұстау құқығы, өңдеусіз ұстауға арналған тауарлардан басқалары;
  • акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың өзгеде нысандары;
  • облигациялар және басқа да борыштық міндеттемелер;
  • инвестицияларға байланысты келісім-шарттар бойынша орындалуға тиісті қызметтер, тауарлар, ақшалай сомаларды талап етулер;
  • интелектуалдық қызметтің нәтижелеріне деген құқықтар, оған жататындар: авторлық құқық, патент, тауар белгісі, өнеркәсіп үлгісі, технологиялық процестер, нау-хау3, нормативтік-техникалық, сәулеттік, констукторлық және технологиялық жобалық құжаттар;
  • лицензия немесе мемлекеттік органдардан берілетін басқа да нысандардағы кәсіпкерлік қызмет түрін жүзеге асыруға арналған кез келген құқықтар ".

Б. А. Колтынюктің еңбегінде: «Инвестициялау - бұл көптеген экономикалық игіліктерді өндіру үшін капитал (ресурс) қорын жасау немесе толықтыру. Қаржы және экономика тұрғысынан қарағанда инвестициялау - бастапқы жұмсалынатын капиталдан асатын мөлшерде алдағы уақыттарда таза пайда алу мақсатында экономикалық ресурстарды ұзақ мерзімде жұмсау» -деп сипаттама береді.

И. В. Сергеев, И. И. Веретникованың еңбегінде инвестиция деп - пайда немесе басқа да тиімділікке қол жеткізу мақсатында жаңа
кәсіпорындар құру, жұмыс істеп отырған кәсіпорындарды кеңейту, кәсіпорындарды қайта құру және техникалық жағынан қайта қаржыландыру, жылжымайтын мүлік, акциялар, облигациялар және басқа да бағалы қағаздар мен активтерді сатып алуға бағытталған мемлекеттің, заңды және жеке тұлғалардың ақшалай қаражаттары, мүліктік және интелектуалдық құндылықтарды түсіндіреді 3 .

Инвестицияның мазмұнын сызба түрінде беруге болады:

Ресурстар (құндылықтар):

Ресурстар (құндылықтар)

:
Жұмсалымдар (шығындар):

Жұмсалымдар (шығындар)

:
Пайда табу және әлеуметтік тиімділікке жету:

Пайда табу және әлеуметтік тиімділікке жету

Іс-жүзінде инвестицияларды мынадай түрлері белгілі:

Мемлекеттік инвестициялар, мемлекеттік бюджет есебінен және басқа да мемлекеттік қаржы көздерінен экономикалық және әлеуметтік дамуға бағытталған инвестициялар;

Жеке инвестициялар, корпоративтік кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті және тартылған қаражаттары, сондай-ақ азаматтардың жинақтары есебінен жүзеге асатын инвестициялар;

Шет елдік инвестициялар пайда табу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінің объектілеріне салынған шет елдік инвесторлардың (мемлекеттің, банктердің компаниялардың, кәсіпкерлердің) барлық мүліктік және интелектуалдық құндылықтары;

Инвестиция туралы заңға сәйкес "шет ел инвестициясы -Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарғылық қорына қатынасу нысанында, сондай-ақ оларға займдар (несиелер) беру және Қазақстан Республикасының "Лизинг туралы" заңымен көзделген шартпенен лизинг заттарын беру жолымен жүзеге асырылатын инвестицияларды білдіреді. Қазақстан Республикасы аумағында шет ел инвесторлары заңмен тиым салынбаған кез келген объектіге жұмсалынады. Инвестициялау объектілеріне мыналар жатады:

  • халық шарушылығының барлық салаларындағы жаңаданқұрылатын және жаңартылатын негізгі қорлар мен айналымқұралдары;
  • мақсатты ақшалай салымдар;
  • ғылыми-техникалық өнімдер;
  • интелектуалдық құндылықтарға қатысты құқықтар;
  • мүліктік құқықтар.

Шет ел инвестициясы мынадай жолдармен жүзеге асады:

  • занды және жеке тұлғалармен бірігіп үлес қосу;
  • шет ел инвесторларына толық тиеслі кәсіпорындар, сондай-ақшет елдік заңды тұлғалардың филиалдарын құру;
  • кәсіпорындар, ғимараттар, құрылғылар, кәсіпорындарға қатысуүлесін, пай, акциялар, облигациялар жөне өзге де бағалықағаздарды сатып алу;
  • жерді және басқа да табиғи ресурстарды пайдалану құқығынсатып алу;
  • займдар мен несиелер беру;
  • мүліктер мен мүліктік құқықтар беру".

Өндірістік инвестициялар , жұмыс жасап отырған кәсіпорындарды кеңейтуге, қайта құруға және техникалық жағынан қайта қаруландыруға, жаңа құрлысқа капитал жұсмаумен байланысты инвестицялар.

Интелектуалдық инвестициялар интелектуалдық және рухани өнімдерді жасауға жұмсалатын инвестициялар.

Бақыланатын инвестицияла, басқа компаниялардың дауыс беруге құқығы бар акцияларының елу пайыздан астамын иеленуді қамтамасыз ететін тікелей инвестициялар.

Бақыланбайтын инвестициялар басқа компаниялардың дауыс беруге құқығы бар акцияларының елу пайыздан томен белігін иеленуді қамтамасыз ететін тікелей инвестициялар. Инвестицияның төмендегідей типтері болады:

1) Портфелъдік (қаржылық) инвестициялар, мемлекеттік, муниципальдық өзін-өзі басқару органдардың корпоративтік компаниялардың шығарған акцияларына, облигацияларына және басқа да бағалы қағаздарына жұмсаған ақша қаражаттары.

Портфельдік инвестицияны жүзеге асыру барысында инвестор пайыз немесе дивиденд түрінде табыс алады жөне өтімді резервтерін қалыптастырады. Портфельдік иневстицияны уақытша бос ақша қаражаты бар банктер, инвестициялық компаниялар және фирмалар жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында портфельдік иневстициялардың құрылымында корпоративтік бағалы қағаздарға қарағанда мемлекеттің бағалы қағаздарына жұмсалымдардың үлесі біршама жоғары. Оның себебін мемлекеттің бағалы қағаздарына салынған қаражаттың сенімділігін, яғни тәуекелге ұшырамайтынан көруге болады. Ал корпоративтік бағалы қағаздар қаншалықты табысы жоғары болса, соншалықты олардың тәуекелі де жоғары болып келеді.

  1. Нақты капитал (капитал жасайтын) өндіріске материалдық-заттай қызмет түрлерін ұзақ мерзімді қаражат салу немесе басқаша айтқанда, жұмыс жасап отырған кәсіпорындарды қайта құру және техникалық жағынан қайта қаруландыруға, жаңа кәсіпорындар салуға жұмсалған инвестициялар. Бұл жерде инвестор-кәсіпорын өзінің капиталын, соның ішінде негізгі өндірістік қорларын ұлғайту мақсатында жұмыс жасайды.
  2. Материалдық емес активтерге салынган , жобаларға және қандай да бір істі бастауға қажет құқықтарға, лицензияларға, ноу-хау, мүлікке және басқа да ғылыми-техникалық өнімдер нысанындағы ақшалай емес инвестициялар. Инвестиция экономикалық категория ретінде экономикада бірқатар қызмет атқарады. Инвестицияның қызметінсіз кез келген мемлекеттің тұрақты дамуы мүмкін емес. Инвестицияның атқаратын қызметтерін екі деңгейде бөліп қарауға болады:

I. Макродеңгейде атқаратын қызметтері, оған мыналар жатады:

  • ұлғаймалы ұдайы өндіріс саясатын жүзеге асыру;
  • ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету;
  • отандық өнімдердің сапасын жақсартып, олардың бәсекелестікқабілетін арттыру;
  • экономиканың барлық салаларының бірдей дамуын қамтамасызету;
  • әлеуметтік аяны, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, білім саласын дамыту;
  • жұмыссыздық мәселесін шешу;
  • инфляция қарқынын тежеу;
  • қоршаған ортаны қорғау;
  • әскери-өнеркәсіп кешенін конверсиялау;
  • мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету.

II. Макродеңгейдегі атқаратын қызметтері мыналар:

  • өндірісті кеңейту және дамыту;
  • негізгі қорлардың шамадан тыс моральдық және заттай

тозуын болдырмау;

  • өндіріс деңгейін техникалық жағынан қайта жарақтау;
  • нақты кәсіпорындардың өнімдерінің сапаларын арттыру және бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
  • табиғатты қоршау шараларын жүзеге асыру;
  • бағалы қағаздар сатып алу және басқа кәсіпорындардың активтеріне қаражат жұмсау.

Барлық инвестицияларды мынадай белгілеріне қарай жіктеуге болады:

1) Инвестицияны жұмсау объектісіне қарай:

  • нақты (капитал жасаушы) инвестициялар;
  • портфельдік инвестициялар;
  • қаржылық емес инвестициялар.

2) Инвестициялау мерзіміне қарай:

• қысқа мерзімді (1 жылға дейін) инвестициялар;

  • орта мерзімді (1-ден 3-5 жылға дейін) инвестициялар;
  • ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) .

3) Инвестицияға қатысу нысанына қарай:

  • тікелей инвестициялар;
  • жанама инвестициялар.

4) меншік нысанына қарай:

  • аралас (бірлескен) инвестициялар;
  • шет елдік инвестициялар;
  • мемлекеттік инвестициялар;
  • жеке меншік инвестициялар.

5) аумақтық белгісіне қарай:

  • шет елде инвестициялау;
  • елдің ішінде инвестициялау;

6) пайдалану бағытына қарай:

  • өндірістік бағыттағы иневстициялар;
  • өндірістік емес бағыттағы инвестициялар.

Сонымен қатар инвестицияларды ішінара жіктеуге болады. Нақты инвестициялардың екі топқа бөледі:

1-топ. Өндірісті дамытуға жұмсалынған инвестициялар, соның ішінде:

  • өндірісті қайта құру және техникалық жағынан қайта қаруландыруға;
  • өндірісті кеңейтуге;
  • жаңа өнім шығаруға;
  • өнімді жаңғыртуға және жаңа ресурстарды игеруге.

2-топ. Өндірістік емес саланы дамытуға жұмсалынған инвестициялар, соның ішінде:

  • тұрғын үй құрылысына;
  • спорт және сауықтыру объектілеріннің құрылғыларына;
  • еңбек жағдайын жақсартуға;
  • техникалық қауіпсіздік деңгейін артыруға. Портфельдік инвестицияларда екі топқа бөлінеді.

1-топ. Бағалы қағаздар сатып алуға бағытталған инвестициялар, соның ішінде:

  • кәсіпорындардың акцияларын сатып алуға;
  • облигациялар сатып алуға;
  • басқа да бағалы қағаздар сатып алуға.

2-топ. Басқа кәсіпорындардың активтеріне жұмсалған инвестициялар, соның ішінде:

  • өндіруші-кәсіпорын активтеріне қаражат салу;
  • қаржы-несие мекемелерінің активтеріне салу;
  • басқа да коммерциялық ұйымдардың активтсріне салу.

ҚР заңына сәйкес инвестициялық қызмет - инвестициялауды жүзеге асыру процессімен байланысты кәсіпкерлік қызметті сипаттайды.

Кейбір экономикалық әдебиеттерде инвестициялық қызмет - пайда табу немесе қандай да бір тиімділікке қол жеткізу мақсатында инвестиция жұмсау және іс-тәжірибелік әрекеттер ретінде түсіндіріледі.

Жалпы инвестициялық қызметті екі жақты түсінуге болады. Кең магынада инвестициялық қызмет - инвестициялық бағдарламалар мен жобаларға қаражат немесе капитал жұмсау, сондай-ақ инвестициялық бағадарламалар мен жобаларды іске асыруға байланысты іс-тәжірибелік әрекеттердің жиынтығын, ал тар мағынада инвестициялық қызмет - инвестициялық процессті білдіреді.

1. 2 Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі және оларды тұрақтандырудағы активтердің маңызы

Инвестиция деп қаражаттарды ұзақ мерзімге белгілі бір салаға пайда табу мақсатында салуды білдіреді. Инвестициялық қызметке банктер делдал ретінде қатысады. Банктер өздерінің инвестициялық қызметінде тиімді инвестициялық саясат жасай отырып жүзеге асырады. Банктердің инвестициялық саясаты инвестиция портфелін басқару бойынша стратегияны құру және іске асыру шараларын, қалыпты қызметті, табыстылықты арттыру, банк балансының өтімділігін қамтамасыз ету бағытында портфельді және тура инвестициялардың оптималды құрылымына жетуді білдіреді. Банктың инвестициялық саясаты банктың басқармасымен жасалады . Инвестициялық саясаттың басты элементтерінің бірі - банктың валюта - қаржылық портфелін, соның ішінде инвестициялық портфелін басқарудың тактикасы мен стратегиясын жасау болып табылады.

Инвестициялық портфель бұл - банктің заңды тұлғалардың, басқа банктердің және бағалы қағаздардың салған қаражаттарының жиынтығы. Инвестициялық портфельдің оңтайлы құрылымының критерийлері - бұл операциялардың табыстылығы және өтімділігі болып табылады. Банктердің инвестициялық портфелдерін басқарудың әртүрлі бағыттары және принциптері қолданады. Көп таралған принциптердің қатарына бағалы қағаздарды өтеудің « баспалдықтылық» принципін жатқызуға болады. Бұл принцип бойынша өтелген бағалы қағаздардан түскен қаражаттарды максималды өтеу мерзімі бар бағалы қағаздарды қайта инвестициялау.

Банктердің белгілі бір мерзімге пайда табу мақсатында бағалы қағаздармен операциялары банк инвестициялары ретінде қарастырылады.

Батыс елдердің бір қатарында қазіргі несие жүйесінде инвестициялық банктер өздерінің дамуын алды. Батыс елдердің инвестициялық банктердің пайда болып, басқа банктерден бөлінуіне еңбек бөлінісі және несие аясындағы мамандану әкелді.

Инвестициялық банктердің негізгі қызметі- ұзақ мерзімді ссудалық капиталды мобилизациялау және оны қарыз алушыларға акцияларды, облигацияларды және орналастыру арқылы, қарыздық міндеттемелердің басқа түрлері арқылы беру.

Әр ірі фирма, корпорация әдетте өзінің инвестициялық банкісімен жұмыс істейді және сол банктің қызметін пайдаланады.

Қазіргі инвестициялық банктердің екі түрі қызмет етеді:

  • Бірінші типті инвестициялық банктер
  • Екінші типті инвестициялық банктер

Мұндағы бірінші типті инвестициялық банктер тек бағалы қағаздарды орналастыру және сатумен айналаысады. Ал екінші типті инвестициялық банктерге келетін болсақ, олар ұзақ мерзімді несиелеумен айналысады.

Батыс Еуропаның континенталды елдеріне және дамушы елдерге негізінен осы атап кеткен екінші типті инвестициялық банктер тән.

Бірінші банктер ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде жауапкершілігі шектелген серіктестіктер формасында құрылған болатын. Инвестициялық банктер аса тез дамуы ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында байқалады.

Инвестициялық банктердің пайда болуын негізінен мемлекеттің бағалы қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың акционерлік формасының пайда болуымен олар үлкен компаниялар мен корпорациялар үшін олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы ақша қаражаттарын мобилизациялайды, жаңа компанияларды құруда, қайта құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастырады, оның ішінде орталық үкіметтің бағалы қағаздарынан бастап, жергілікті әкімшіліктің бағалы қағаздарына дейін орналастырады.

Бірінші типті инвестициялық банктер әдетте құрылтайшылар, бағалы қағаздардың эмиссиясын ұйымдастырушылар рөлінде шығады. Олар компаниямен орналастырылмаған бағалы қағаздардың бөлігін сатып алатын агенттер ретінде, сонымен қатар сауда, өндіріс, транспорттық корпорациялардың бағалы қағаздар бойынша және басқа аспектілер бойынша консультанттар ретінде бола алады. Ұзақ мерзімді салымдарды қажет етіп, акциялар мен облигациялар шығару туралы шешім қабылдаған корпорациялардың және мемлекеттің тапсырмасы бойынша, бірінші типті инвестициялық банктер эмиссияның көлемі, мерзімі, шарттары жайлы және бағалы қағаздардың типін таңдау жөніндегі, сонымен қатар орналастыру және қайта айналысы жөніндегі міндеттемелерді өздерінің мойындарына алады. Мұндай мекемелер шығарылған акциялар мен облигациялардың сатып алынуына кепіл береді, яғни олар бұл бағалы қағаздарды сатуды өздерінің есебінен немесе банктік синдикаттарды құру арқылы акциялар мен облигацияларды сатып алушыларға ссуда береді. Несие жүйесінде инвестициялық банктердің үлесі көп болмасада, олар өздерінің жақсы ақпаратталғандығына және құрылтайшылық байланыстарына байланысты экономикада үлкен рөл атқарады.

Бірінші типті инвестициялық банктер соңғы кезде көбінесе корпоративті секторлардың бағалы қағаздарымен операцияларды жиі жүргізеді. Мұндай банктер акциялар мен облигацияларды орналастыру арқылы өндіріс, транспорт және сауда кәсіпорындарының ақша қаражаттарын алуда делдал ретінде қатысады.

Бірінші типті инвестициялық банктер капиталды тарту, бағалы қағаздар нарығына қызмет көрсету бойынша бірқатар функцияларды атқарады:

  • Акциялар мен облигацияларды қайта орналастырумен айналысады
  • Халықаралық бағалы қағаздарды еуровалюта нарығында орналастыруда делдал болады
  • Корпорацияларға инвестициялық стратегияның сұрақтары бойынша және бухгалтерлік есеп пен есеп беру жөнінде кеңестер береді

Қазіргі кезде бұл банктерсіз бағалы қағаздарды сату өте қиынға түседі. Көптеген компаниялар инвестициялық банктердің көмегінсіз ұзақ мерзімді ақша қаражаттарын ала алмаған болар еді. Кейбір мемлекеттердің қазіргі тәжірибесінде мұндай банктер компанияның бағалы қағаздарын орналастырумен айналыспасада, компаниялар құрылып қызмет ете алмайды. Осындай елдердің қатарына келесі елдерді мысалға келтіруге болады: Канада, Ұлыбритания, Австралия, Америка Құрама Штаттары.

Инвестициялық банктер депозиттерді қабылдауды жүргізбейді. Бірақ егер депозиттер қабылдайтын болса, басында және шектелген мөлшерде ғана. Бағалы қағаздарды орналастыру алдында инвестициялық банк әдетте эмитент- корпорацияның қызметіне жоғары мамандырылған экономистер, юристер және инженерлердің көмегімен тиянақты талдау жүргізеді. Банк корпорацияның активтерін, мүлкін, мақсаттарын, құжаттарын, маркетинг және менеджмент жүйесін, өндіріс жағдайын, нарығын, еңбек қатынастарын, корпорацияның тарихын, оның операцияларын, балансын, пайда және зияндардың есебін, басқарма құрылымын, саладағы орнын, бәсеке деңгейін және басқа да факторлар қатарының талдауын жүргізеді. Көп жағдайда инвестициялық банктердің қызметкерлері клиент эмитет-корпорацияның директорлар кеңесіне кіріп, оларға өндіріс, қаржы және инвестициялау сұрақтары бойынша кеңестер береді.

Меншікті қаражаттардың салыстырмалы тапшылығы инвестициялық банктерді бағалы қағаздардың эмиссиясын орналастыру үшін синдикаттарды және консорцумдарды құруға мәжбүр етеді. Мұнда олардың рөлдері бірдей емес, әдетте синдикаттарда және консорцумда 1-5 банктің басшылықты орыны болады.

Өздерінің делдалдық қызметі үшін үшінші типті инвестициялық банктер инвестордың төлеген сомасы және эмитент-компанияның алған пайдасының айырымы көлемінде комиссионды төлем алады.

Ал екінші типті инвестициялық банктерге келсек, олар бірінші типті инвестициялық банктерден ұйымдастырушылық құрылымда, қызметтері мен операцияларында елеулі айырмашылығы бар. Екінші типті инвестициялық банктер акционерлік негізде, мемлекеттің қатысуымен аралас меншік формасында және таза мемлекеттік болып құрылуы мүмкін. Мұндай банктердің негізгі функциялары шаруашылықтың әртүрлі салаларын, сонымен қатар жаңа технологияларды енгізуімен және ғылыми -техникалық революция жетістіктерін іске қосумен байланысты арнайы -мақсатты жобаларды орта және ұзақ мерзімді несиелеу болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің инвестициялық операцияларын талдау және бағалау
Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының теориялық негіздері
Коммерциялық банктегі несиелік тәуекелді басқару
Банк және оның Қазақстандағы дамуы
Банктік құқық және банк жүйесінің теориялық аспектілері
Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру туралы
Альянс банктің несие қабілеттілігі
Мемлекеттің бағалы қағаздары
Банк жүйесі туралы ақпарат
Банктік қызметтер нарығының теориялық негіздері туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz