Көріп сезінудің психо-педагогикалық негізде



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

I . тарау. Интерьер дизайнының даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
а) Дизайн кеше және бүгін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ә) Интерьер дизайны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
б) Интерьердің заттық.кеңістіктік ортасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

II . тарау. Көріп сезінудің психо.педагогикалық негізде ... ... ... ... ... ... ...
а) Интерьердегі түс, жарық және олардың өзара үйлесімі ... ... ... ... ... ... ..
ә) Материалдардың өзара қатынасындағы және кеңістіктегі құрылымы.

III . тарау. Оқу ғимараты 512 кабинетінің көркем безендірілуі ... ... ... ...
а) Өнер.эстетика негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ә) Эскиздерді талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
б) Мектеп интерьері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
в) Үйірме жұмыстарына тақырыптық жоспар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қосымша материалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Дизайн талғамды керемет дамытып, композиция негіздерін үйретеді. Қоршаған заттың ортада жамандық пен жақсылықты айыруға үйретеді - ал бұл аз нәрсе емес. Өнердің пластикалық түрінің, сонымен қатар дизайнның заңдылықтарын меңгерген, тіршілікті және заттық ортаның формасын сана-сезімімен түйсінетін адам эстетикалық дамымаған жандарға қарағанда бірқатар артықшылыққа ие: жақсы заттарды таңдау, көркемдік - қайталанбас заттар, заттық ортаны тудыру «Дизайн» термині біздің өмірімізге салыстырмалы түрде кейін пайда болған. Ағылшын тілінен аударғанда «Дизайн» сөзі-суреттеу, салу мағынасын береді. Бұдан бұрын «Дизайн» айналысатын заттарды проектілеу «Көркемдік құрастыру» деп аталалды, ал заттарды тудыру теориясы «көркемдік техникалық эстетика».
Дипломдық жұмыстың пәнi: Үйірме жұмыстарында кескіндеме оқыту әдістемесі
Дипломдық жұмыстың жаңалығы: - мектепте бейнелеу өнерінің үйірме жұмыстарында кескіндеме оқытуға насқау дайындалды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кiрiспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен, қосымша және суреттерден тұрады.
Дипломдық жұмыстың нысаны М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті. 8 оқу ғимаратының «Сурет және кескіндеме» кафедрасының фойесін безендіріп әрлеу студенттер мен олардың диплом жұмысы жетекшісінің осы іске басқа қырмен келгендіктерін көрсетеді. Дипломдық жұмыс иелерінің мақсаты - интерьер дизайнның көпқырларының бірін көркем безендіру жұмыстарында ашып көрсете білу.
Көркем безендіру жұмыстарына арналған әдебиеттер тапшы болғандықта біз негізінен практикамызға сүйене отырып жазуға тырыстық.
Безендіру жұмысындағы негізгі міндет әртүрлі материалдарды пайдалана отырып түрлі түстердің үйлесімдері арқылы интерьердің біртұтастығын бере білу. Дипломдық жұмыс негізінен үш бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің өзіндік ерекшелігі мен өзіндік мазмұны бар.
Біз бұл дипломдык жұмыста көркемдік безендіруге мүмкіндігінше шығармашылық тұрғыдан келуге тырыстық. Түрлі безендірулер, тақырыптық көрме, плакат т.б. - осылардың бәрі де көркем шығарма. Мұнда да композициялық заңдылықтар бейнелеу өнеріндегімен бірдей, мұнда сондай-ақ нәзік көркемдік талғам мен шығармашылық көзқарас талап етіледі, сондықтан да бұл салада нағыз жетістіктерге ие болудың қиындығы кейде сурет салудағыдан, картина жазудан немесе мүсіндеуден ешбір кем соқпайды. Көркем безендіру жұмысы қиялдауды, дарындылықты, шеберлікті талап ететін өнер саласы. Композиция жағынан қызықты, әдемі бояулар үйлесімі, сәтті шыққан шрифітері бар плакат немесе тіпті жанды жарнама жасау тәп-тәуір этюд салғаннан жеңіл емес, әлдеқайда қиынырақ. Көркемдік безендірудің қоғамдық өнердегі алар орны зор және солай болып қала береді. Бейнелеу өнері кәркемдік безендірумен терең байланысты, оларды бір бірінен бөліп қарауға болады.
Сонымен дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде интерьер дизайнының даму тарихы, баяндалса, екінші бөлімде көркем безендіру жұмыстарындағы көріп сезінудің психо-педагогикалық негіздері талданады.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Аверинцев С.С. « Предварительные заметки к изучению средневековой эстетики». М. 1975 г.
2. Алехин А.Д. «О языке изобразительного искусства» М. «Знание» 1973 г.
3. Анисимов Н.Н. «Основы рисования» М. «Строииздат» 1974 г.
4. Астровой Т.Е., Шихеева В.Н. «Интерьер школы» М. 1972 г.
5. Астровой Т.Е., ІПихеева В.Н. «Художественное декоративное оформление» М. 1971 г.
6. Беда Г.В. «Основы изобразительной грамоты» М. «Просвещение» 1969 г.
7. Беляев П.Ф. «Изобразительное искусство в малокомплектной школе» М. «Просвещение» 1969 г.
8. Вагнер Г.К. «Ансамбль как образное система» М. 1980 г.
9. Введенский Б.А. «Болыдая советская энциклопедия»
10. Галкина С.Г. «Изокружок в пионерском лагере» «Просвещение» 1970 г.
11. Глинская И.П. «Как рисовать фигуру человека» М. «Просвещение» 1964г.
12. Джонс К. «Инженерное и художественное конструирование» М. 1976 г.
13. Дидактика средней школы. Некоторые проблемы современной дидактики. Под. ред. М.А. Данилова и М.Н.Скаткино. М «Просвещение» 1975 г.
14. Дейнека А.А. «Учитесь рисовать» М. Издательство Академии художеств СССР. 1961г.
15. Ералин К.Е .«История изобразительного искусства Казахстана». А-А., Кайнар 6, 1999г.
16. Демьинский С.И., Лавров А. М, Триселев А.В. «Таблицы по изобразительноиу искусству .Рисование с натуры и декоративное рисование.Начальные классы». М «Просвещение» 1972г.
17. Искусство и военно-потриотическое воспитание школьников .Под.ред. А.И.Бурова и др. М «Просвещение».1975г.
18. Кильпе Т., Мельникова Н. «06 интерьере» М., 1976 г.
19. Лихачов Д.С. «Поэзия садов» Л., 1982 г.
20. Лосев А.Ф «Проблема символов и реарестическое искусство». М., 1976г.
21. Лосев А.Ф. «Логика символа» М., 1972 г.
22. «Материалы по истории дизайна» М., 1968г.
23. Медоев А.Г.«Гравюры на скалах.» Сары-Арка, Мангышлак. часть первое «Жалын», Алма-ата., 1991г.
24. Мирервин Г.Б., Устинов А.Г., Вниитэ М.«Основы методики художественного конструирования», М., 1970 г.
25. «Популярная художественная энциклопедия».М., 1986 г. ХолмянскииЛ.М.,
26. Шипанов А.С.«Дизайн». М., «Просвещение» 1985 г.
27. Е.Каменева. «Кемпіркосактың түсі қандай». Алматы, «Өнер», 1981 г.
28. А.С.Щипанов. «Әуеской жас суретшілер мен мүсіншілерге». Алматы «Мектеп» 1989 г.
29. Төлебиев «Сурет сала білесін бе?» Алматы «Өнер».

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
I - тарау. Интерьер дизайнының даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
а) Дизайн кеше және
бүгін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...
ә) Интерьер
дизайны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..
б) Интерьердің заттық-кеңістіктік
ортасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

II - тарау. Көріп сезінудің психо-педагогикалық
негізде ... ... ... ... ... ... ...
а) Интерьердегі түс, жарық және олардың өзара
үйлесімі ... ... ... ... ... ... ..
ә) Материалдардың өзара қатынасындағы және кеңістіктегі құрылымы.

III - тарау. Оқу ғимараты 512 кабинетінің көркем
безендірілуі ... ... ... ...
а) Өнер-эстетика
негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..
ә) Эскиздерді
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..
б) Мектеп
интерьері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .
в) Үйірме жұмыстарына тақырыптық
жоспар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..
Қосымша
материалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...
Кіріспе
Дизайн талғамды керемет дамытып, композиция негіздерін үйретеді.
Қоршаған заттың ортада жамандық пен жақсылықты айыруға үйретеді - ал бұл аз
нәрсе емес. Өнердің пластикалық түрінің, сонымен қатар дизайнның
заңдылықтарын меңгерген, тіршілікті және заттық ортаның формасын сана-
сезімімен түйсінетін адам эстетикалық дамымаған жандарға қарағанда бірқатар
артықшылыққа ие: жақсы заттарды таңдау, көркемдік - қайталанбас заттар,
заттық ортаны тудыру Дизайн термині біздің өмірімізге салыстырмалы түрде
кейін пайда болған. Ағылшын тілінен аударғанда Дизайн сөзі-суреттеу, салу
мағынасын береді. Бұдан бұрын Дизайн айналысатын заттарды проектілеу
Көркемдік құрастыру деп аталалды, ал заттарды тудыру теориясы көркемдік
техникалық эстетика.
Дипломдық жұмыстың пәнi: Үйірме жұмыстарында кескіндеме оқыту
әдістемесі
Дипломдық жұмыстың жаңалығы: - мектепте бейнелеу өнерінің үйірме
жұмыстарында кескіндеме оқытуға насқау дайындалды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кiрiспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен, қосымша және суреттерден тұрады.
Дипломдық жұмыстың нысаны М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
Мемлекеттік Университеті. 8 оқу ғимаратының Сурет және кескіндеме
кафедрасының фойесін безендіріп әрлеу студенттер мен олардың диплом жұмысы
жетекшісінің осы іске басқа қырмен келгендіктерін көрсетеді. Дипломдық
жұмыс иелерінің мақсаты - интерьер дизайнның көпқырларының бірін көркем
безендіру жұмыстарында ашып көрсете білу.
Көркем безендіру жұмыстарына арналған әдебиеттер тапшы болғандықта біз
негізінен практикамызға сүйене отырып жазуға тырыстық.
Безендіру жұмысындағы негізгі міндет әртүрлі материалдарды пайдалана
отырып түрлі түстердің үйлесімдері арқылы интерьердің біртұтастығын бере
білу. Дипломдық жұмыс негізінен үш бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің өзіндік
ерекшелігі мен өзіндік мазмұны бар.
Біз бұл дипломдык жұмыста көркемдік безендіруге мүмкіндігінше
шығармашылық тұрғыдан келуге тырыстық. Түрлі безендірулер, тақырыптық
көрме, плакат т.б. - осылардың бәрі де көркем шығарма. Мұнда да
композициялық заңдылықтар бейнелеу өнеріндегімен бірдей, мұнда сондай-ақ
нәзік көркемдік талғам мен шығармашылық көзқарас талап етіледі, сондықтан
да бұл салада нағыз жетістіктерге ие болудың қиындығы кейде сурет
салудағыдан, картина жазудан немесе мүсіндеуден ешбір кем соқпайды. Көркем
безендіру жұмысы қиялдауды, дарындылықты, шеберлікті талап ететін өнер
саласы. Композиция жағынан қызықты, әдемі бояулар үйлесімі, сәтті шыққан
шрифітері бар плакат немесе тіпті жанды жарнама жасау тәп-тәуір этюд
салғаннан жеңіл емес, әлдеқайда қиынырақ. Көркемдік безендірудің қоғамдық
өнердегі алар орны зор және солай болып қала береді. Бейнелеу өнері
кәркемдік безендірумен терең байланысты, оларды бір бірінен бөліп қарауға
болады.
Сонымен дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде интерьер дизайнының даму
тарихы, баяндалса, екінші бөлімде көркем безендіру жұмыстарындағы көріп
сезінудің психо-педагогикалық негіздері талданады.

I Интерьер дизайнының даму тарихы.
1.1 Дизайн кеше және бүгін.
Үлкен өзгеріске, жаңа технология мен идеяға толы қазіргі уақытта дизайн
адам өмірінің барлық саласына еніп жатады. Мұны үлкен ыңғайлы ауыр жүк
машинасын айдайтын жүргізуші де, өзгеше құрастырылған велосипедтегі кішкене
бала да сезінеді. Дизайн барлық жерде. Тұрмыста да, жұмыста да мейлі ол
кофэмолка немесе авиалайнер, тұтқа немесе кәсіптік цех болсын.
Біздің өнерді оқытатын факультетте дизайн негіздерін оқыту
студенттерге, келешекте қоғамға үлкен пайдасын тигізуі мүмкін.
Дизайн талғамды керемет дамытып, композиция негіздерін үйретеді.
Қоршаған заттың ортада жамандық пен жақсылықты айыруға үйретеді - ал бұл аз
нәрсе емес. Өнердің пластикалық түрінің, сонымен қатар дизайнның
заңдылықтарын меңгерген, тіршілікті және заттық ортаның формасын сана-
сезімімен түйсінетін адам эстетикалық дамымаған жандарға қарағанда бірқатар
артықшылыққа ие: жақсы заттарды таңдау, көркемдік - қайталанбас заттар,
заттық ортаны тудыру Дизайн термині біздің өмірімізге салыстырмалы түрде
кейін пайда болған. Ағылшын тілінен аударғанда Дизайн сөзі-суреттеу, салу
мағынасын береді. Бұдан бұрын Дизайн айналысатын заттарды проектілеу
Көркемдік құрастыру деп аталалды, ал заттарды тудыру теориясы көркемдік
техникалық эстетика. Осыдан келіп Дизайнер - суретші - конструктор,
Дизайн - форма - заттың сыртқы формасы және т.б. түсініктер пайда болды.
Дизайн сөзінің астарында не жатыр? Бұл туралы әйгілі көркемдік
энциклопедияда былай деп жазылған: Дизайн бұл - өндірістік заттарды
шығаратын және біртұтас заттық ортаның рационалды формасын қамтитын
көркемдік проектінің қайраткерлігінің әртүрлілігін білдіретін термин.
(Дизайн тарихының материалдарынан. м., 1968 жыл). Әйгілі италияндық
архитектор және дизайнер Понти: Дизайн бұл - біздің өркениеттің айқын
мінезін ашатын әдемі формалар, заттардың әлемін тудырушы, - деп санайды.
Тағы бір теоретик Т. Мольдонада басқа пікірді ұстанады. Оның ойынша,
қолданылатын заттар көркемдік шығарманың функциясын орындай алмайды, ал
өнердің, яғни заманауи интерьердегі негізгі талаптар, түстердің ықпалы,
жарық пен түстер гаммасының адам психикасына әсері сияқты мәселелер туралы
ой, пікір қозғалады. Үшінші бөлім Фойені көркем безендіру, демек бұл
негізгі бөлім болып есептеледі. Бұл бөлім Жобаны өңдеу және мектеп
интерьерін көркем безендірудің әдістемелік негіздері мен үйірме жұмыстары
деген екі параграфтан тұрады. Диплом жұмысының негізгі айтар ойын да осы
бөлімнен табуға болады.
Мұнда өңделген эскиздер мен жалпы жұмыстың жобасының жекелеген
элементтері сондай-ақ интерьердің тұтастығын көріп байқауға болады.
Шет елдерде дизайнның басты мақсаты - жеңіл сапа саласын тудыру пікірі
кең тараған. Осылайша, дизайн тұтыну мен нарықтык сұранысқа тікелей тәуелді
бола бастады.
Дизайн саласын анықтау оңай емес. Дизайнды архитектурадан (интерьерді
проектілеу, ғимаратты құрастыру), мүсіннен (балалар алаңын, атракциондарды
проектілеу), қолданбалы өнерден (ыдыстың немесе жиһаздың жаңа түрін дүниеге
келтіру) ажырату қиын. Дизайн барлық бізді қоршаған заттық әлемді қамтиды.
Бұл әлем барлығымызға жақындығы соншалықты, ол шындығында да барлығымызға
түсінікті, айқын, оны тану әркімге оңай деген пікірден арыла алмаймыз.
Әрбір заттан көркемдік шығармадан айырмашылығы - ол әлдебір арнаулы
өмірлік қажеттілікке, яғни функция ие. Бірақ әрбір адамда дерлік айналасын
әсем заттармен қоршауға ынтасы бар. Сондықтан заттың құндылығын екі нәрсе
қамтиды - тиімділік және әдемілік. Әрбір затта әрқашан тұрақсыз және тарихи
ауыспалы техникалық және эстетикалық бастау қаланған. Әр дәуірдің өнерге
қатысты өзіндік ерекшеліктері болады. Қайта өрлеу дәуіріне дейін техника
мен өнерде бізді қоршаған ортаның стильдік бірлестігі тұтастық түрінде
қаралған. Тек XVII - XVIII ғ.ғ. ғана жекелеген бұйымдарды талдап көрсете
бастады.
Осыдан кейін инженер және суретші - деген мамандықтар пайда болды. Бұл
дизайнерлік жобалаудың техникалық және эстетикалық бастауы болды деп айта
аламыз.
Дәл осы кезеңді көркемдік құрылымдардың қол жұмысынан машиналық
өндіріске ауысқан дәуірі деп түсінуіміз керек.
XIX ғасырда көркем өнерде қолөнерлік дәстүрлі сипатта өз қолтаңбаларын
қалдырғандар болды. (Ұлыбританиялық Д.Ж. Рескин, И.Моррис; ресейлік
Абрамцев пен Талашкин). Көркемдік құрылым негіздері Г. Земпера еңбектерінде
қаланған, ол көркемдік құралы теория мен практикада 20-шы жылдары П. Беренс
(Германия), Ле Корбюзе, Ф. Рело (Франция) және орыстың инженерлік
мектебінің өкілдері И.И. Рерберг, В.Г.Шухов еңбектерінде, Вербундпен Бахауз
жұмыстарында көрініс тапты.
Алғаш 30-40-шы жылдары АҚШ-та көркемдік құрылым коммерциялық дизайн
түріндегі бәсекелестік бағытта пайдалана бастады.
50-60-шы жылдарыЕвропа мен АҚШ-тан жоғарғы оқу орындары дизайн
саласындағы теориялық ой ошақтарына айналды. Ұлыбритания, Франция, Италия,
Германия, Финляндия, Жапония елдерінде дизайн бойынша ұлттық кеңестер,
дизайн орталықтары, дизайнерлердің кәсіптік ассоциациялары 1957-жылы
көркемдік құрылым бойынша Халықаралық Кеңес ұйымына бірікті.
Соғыстан кейінгі жылдары арнайы көркем ұйымдар құрыла бастады. 1962ж.
Бүкілодақтық техникалық эстетикаларды ғылыми-зерттеу институты құрылды және
өндірістің әртүрлі салаларында бірқатар көркемдік құрылым бюролары пайда
бола бастады.
1964- жылдан бастап көркемдік құрылым мен дизайнның теория, практика
және әдістемесі мәселелерін ашып көрсететін Техникалық эстетика журналы
шыға бастады.
Дизайн бізді қоршаған орта мен еңбек заттарына, тұрмыстық бұйымдарды
орналастыру ыңғайына қарай негізделеді.
Жобалаудың басты екі шарты бар. Оның ең кең тараған қазіргі жаңа үлгіге
сәйкестендіріп келбетін заманға сай жетілдіре түсу.
Батыста мұны стайлинг (стилизация) деп атайды.
Ал екіншісі қалыпты жағдайға байланысты. Керек жарақтарды ыңғайластырып
орналастыру.
Бұған қолдан жасау немесе ойдан құрастыру сияқты қарапайым талаптар
қажет. Бұл күнделікті тұрмыста сиреку кездескенімен машина құрылыстарында
қалыпты жағдай болып есептеледі.
Жобалау жұмысының барысы дайындық жұмыстарынан бастап оны аяқтағанға
дейінгі аралықта бірнеше сатыға бөлінеді.
Бірінші саты - ол дизайнердің заттың құрылымына оның техникалық
мүмкіндіктеріне байланысты алдын-ала зерттеу, талдау жұмыстарын жүргізуі.
Екінші сатысы - эскиздік жобалаулар. Мұнда жалпы көріністер жобаланып
долбарлар жасалынады. Автор графикалық суреттерді қарындашпен, тушьпен
сондай-ақ көмір, акварельмен салып, әлі толық пісіп жетілмеген ойларын
(макеттер арқылы) пластикалық түрде орындауы мүмкін.
Үшінші саты - Көркем-құрылымдық жоба, яғни эскиздік жоба қабылданған
соң үшінші саты басталады. Эскиздегі кейбір жетілмеген мәселелер осы сатыда
ары қарай дамытылып жатады. Сондықтан да осы сатыда жазылатын сөз, айтылар
ой барынша айшықталып көріне бастайды. Әрі десе барлық өлшемдер дәл әрі нақ
болуы тиіс.
Осы көркем-құрылымдық жоба бекітілген соң өндірістік дайындық бұйымдары
бойынша жұмыс сызбалары орындала бастайды.
Яғни қоршаған орта мен интерьер арасында үйлесімді байланыс болуы тиіс.
Мысалы сәулетші ғимараттың негізін ғана қалайды. Ол - қабырғалар, еден,
үйдің төбесі, ал қалғаны суретші - дизайнердің ісі, қабырғаларды қалай
әрлеу керек, үйдің төбесін қандай бояумен сырлау керек, жалпы бөлмелердің
түстер гаммасының үйлесімдері калай болу керек, тіпті жиһаздарды қалай
орналастыруға дейінгі жұмыстардың бәрі осы безендірушінің міндетіне жатады.
Дизайн біздің қоғамымызға, үй тұрмысымызға орасан зор әсер етіп,
күнделікті өмірімізге аса дендеп келеді. Дизайн өте кең мағыналы әрі сан
қырлы.
Дизайн мамандығында оқитын студенттердің кеңістік туралы ойлары,
қиялдау фантазиялары өте кең ауқымды және ұшқыр болып келеді.
Олар қарындашпен, акварельмен, тушьпен, сазбалшықпен (пластилин) жұмыс
істегендіктен олардың бойында практикалық дағдылар жылдам қалыптасады.
Бұлардың бәрі негізгі пәндер: сурет, кескіндеме, композиция және мүсін
өнері сабақтарын оқып үйренгендіктен. Яғни осының барлығы іс жүзінде
кейінгі кәсіптік қызметтік өңірінде көп пайда береді.
Дизайн сабағының басым бөлігі практикалық қағидаларға негізделген.
Демек мұнда шығармашылық жұмыстың басымдылығы байқалады.
Студенттерге де дәл солай шығармашылық міндет жүктеледі. Яғни теориялық
курстан соң практикалық іске көшеді.
Бірақ жұмысты орындау барысында көптеген міндеттер мен талаптар
қойылады: ол материалдың экономикалық, экологиялық, эстетикалық, әдемілік,
сапалылық жақтарына назардың жеке аударылуы.

1.2 Интерьер дизайны
Жылдап, айлап емес күн сайын өзгеріп жатқан мынау заманымызда
интерьерді жеке бұйымдарға қарап жобалаудан гөрі кешенді жобалау яғни сол
ортаға бейімдеу басым болып барады. Бұл заңды да. Ең карапайым мысал
-кәдімгі асхана. Алдымен асханаға керекті бұйымдар (жиһаздар) сатып алынады
да сонан соң оларды пайдалану ыңғайына, түр-түсіне, жалпы, көрінісіне қарай
орналастырады. Яғни автор - жиһазшы немесе суретші-дизйнер шешімі интерьер
дизайнының бір заңдылығына бағынуы тиіс.
Жалпы кез келген интерьер, мейлі ол тұрғын үй болсын, мекеме болсын
тіпті дүкен, ателье, шеберхана болсын дизайнер көзқарасын қажет етеді.
Жеке тұрғын үй безендірілуі жағынан да, жоспарлауы жағынан да қоғамдық
ғимараттардан өзгеше болатынын біз жақсы білеміз. Мысалы тұрғын үй
бөлмесінің көлемі жиырма шаршы метр болатын болса, ол үлкен бөлме болып
есептеледі, ал мектептің сынып бөлмесінің көлемі елу шаршы метр болатын
болса, ол кәдімгідей тарлық жасайды. Өйткені мұнда өзгеше жиһаздар, басқа
заттар, басқаша кеңістік қалыптасқан.
Кез келген интерьер қалың көпшілікке есептелініп жасалады. Сондықтан
жоғарыдағы айтылған қарама-қайшылықтар өзінен-өзі түсінікті нәрсе.
Қоғамдық интерьерлер көбінесе жадағай түрде жобаланады. Ал шын туайттап
келгенде оны көркем де ыңғайлы етіп жасауға болады. Бұл нағыз шығармашылық
тапқырлықты қажет етеді[1].
Қазіргі заманғы интерьерде түстердің алатын орны өте қомақты. Интерьер
кеңістігіндегі негізгі шешімдер осы түстерге байланысты. Оның көмегімен
бөлме ішін кеңейтуге де, тарылтуға да сондай-ақ жарық қылуға, тұйық етуге
де болады.
Сонымен қатар түстердің адам баласының, әсіресе балалардың
физиологиялық және психологиялық ішкі сезімдеріне қатты әсер ететіні әсте
естен шығаруға болмайды. Интерьер құрылымының қарапайым болғаны дұрыс, ол
адамдардың өздерін еркін де, әрі жеңіл сезінулеріне зор ықпал жасайды. Бұл
жерде бөлме мен оның ішіндегі жиһаздардың да түстерінің үйлесімді болғаны
мақұл.
Заманауи интерьердің қазіргі ерекшелігі де осы қарапайымдылығында.
Озық үлгідегі интерьерлер бөлмелерді әсіресе әшекейлеуден, шектен тыс
жылтырақ нәрселерден аулақ болуды ұсынады. Керісінше керек заттар,
жиһаздар, бұйымдар, тіпті картиналар тағы басқалар кажетті орындарында
тұрған болса ол адам жанына жылылық ұялатады, жаныңды сергітеді.
Сондай-ақ оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде мектеп интерьерлерін
қазіргі заман талабына сай безендіру өте үлкен жауапты жұмыс. Мұнда
бейнелеу өнерінің түрлері- монументальді және сәндік кескіндеме, мозайка,
витраж, картиналар барлығы осы мектеп интерьерінен көрініс табуы тиіс.
Педагогтардың осы безендіру жұмыстарына оқушыларды тартуы олардың
тәрбиесіне оң әсер тигізеді, олардың шығармашылық белсенділігін оятады, өз
істеріне жауапкершіліктерін арттырады.
Қазіргі заманғы сәулет өнерінің озық үлгілері интерьер элементтерінің
біртұтастығына, стильдік ерекшеліктеріне негізделген.
Интерьердің гармониялық үйлесімділігі оның ішкі элементтеріне: бөлменің
құрылымына, оның ішіндегі жиһаздарға және олардың дұрыс орналастырылуына,
қала берді олардың түстеріне, шамдар мен люстраларға, есік-терезе
перделеріне, тіпті сәндік бұйымдарға да байланысты. Ал осы жоғарыда аты
аталған нәрселер шамадан тыс артық болса, ол адамның көңіл күйіне кері
әсерін типзеді. Адамды жалықтырып шаршатуы мүмкін.) Интеръердің заттық —
кеңістіктік ортасы.
Жанұя жылуына, үйдің ішкі сұлулығына қазақ халқы өте ыждағаттылықпен
қараған.
Оның айғағы кәдімгі қазақтың киіз үйі.
Арғы аталардың шеберлігінің тамаша үлгісі болып табылатын киіз үйдің
негізі айқыш-ұйқыш көктелген керегеден дұрастырылған уықтардан, киелі
шаңырақтан тұрады. Керегелер жиналмалы қанаттарға біріктіріледі. Олардың
жоғарғы жағы үй күмбезінің төбесі, әрі терезесі болып саналатын шаңырақпен
ұштастырылып бекітіледі. Керегенің сыртынан әр алуан түске боялған жұмсақ
жүн оралып, өрнектеліп тоқылған ши ұсталады.
Киіз үйдің сықырлауық деп аталатын есігі, оның сыртынан ораулы шиден
тоқылған, оюлы киіз қапталған жаппасы болады. Киіз үйдің ішіндегі
(интерьер) оң жақтағы төсекті шымылдықпен қоршап қояды. Оған жалғас
орналасқан сүйекті жұқа яққа көрпе-жастық жиналады. Оның жанына сандық,
әбдре қойылады.
Үй ішіне түс киіз, кілем, алаша ұсталады. Еденге текемет, кілем
төселеді. Ауқатты үйлерде кереге, уық сырланып, жез, күміс, алтын мен
айшықталып ою-өрнектерімен әшекейленеді.
Киіз үйлердің Қазақы киіз үй, қалмақ киіз үй деп аталатын түрлері
бар. Соңғысы шошақ бөрікті болып келеді де, қазақ үйлер еңселі, иығы
шығыңқы дөңгелек күмбез тәрізді болады.
Олар жорық, немесе көші-қон үйі, тұрғын үй, қонақ үй немесе салтанат
үйі болып қанаттарының санына қарай бөлінеді.
Бұл үйлер сегіз қанаттан жоғары қарай салтанат үйі болып есептелінеді.
Алты қанат-ақ үй, сегіз қанат болса-ақ ала орда, он екі қанат-ақ орда,
он сегіз қанат-ақ шаңқан, жиырма төрт қанат-алтын үзік, отыз қанат-алтын
орда деп аталады.
Кейінгілерінің түндігін, шаңырағын көтеруге биік баспалдақтар, аттылы
жігіттер пайдаланылған.
Ауасы таза, күннің аптап ыстығынан, жауын-шашыннан, қыстың қарлы
боранынан сақтайтын, демалуға, тұрмыс-тіршілікке ыңғайлы бұл үйлерді
көшпелі халық тез жығып, жинап барған жерінде аз уақыттың ішінде
құрастырып, тіге салатын болған.
Сәулетті сарайға айырбастамайтын қазақтың қасиетті киіз үйі халқымыздың
қайталанбас рухани, мәдени, материалдық игілігі болып табылады.
Ал енді өркениетті елдер қатарына ілігер тұста әлемдік мәдениеттің озық
үлгілері біз де күнделікті тұрмысымызға дендеп енгізбесек көштен қалып
қоярымыз анық.
Сондықтан да мазмұнына сипаты сай, мәнді де сәнді өмір сүру үшін
өркениетті елдердің озық технологияларын меңгеруге ұмтылуымыз керек.
Адамзат баласының алдындағы мақсаты, яғни жарқын болашақ үшін күресі бір
сәт те толастаған емес. Қоғамның бір бөлшегі адам десек, әр адам тұрмысының
тураламауы үшін, түтіні түзу шығу үшін күресетіні анық.
Әлемдік мәдениет пен өнерді ертерек игерген батыс елдері бұл мәселеде
-бейнелеу өнерінде де, сәулет өнері саласында да көш ілгері алға кеткен.
Күнделікті өмірімізге тікелей ықпал ететін сәулет құрылыс өнері, оның
ажырамас бөлігі интерьер дизайны біріншіден адамзат баласына қызмет етуі
тиіс.
Кейбір теоретиктер сәулет құрылыс өнеріне келгенде оның тек техникалық
жақтарын сөз етеді. Ал бұған кешенділік тұрғыдан шығармашылық көзқарас
керек.
Демек көркем өнер, көркемдік ансамбль адамзат баласының дүниетанымына,
эстетикалық сезімдеріне жағымды әсер етеді. Қазіргі заманда, техниканың
кемелденген тұсында сәулет-құрылыс саласы жоғарғы қарқынмен екпінді дамып
отыр және адам баласының қоғамдық өмірінде сол тұрғын үйге деген сұраныс
күннен-күнге артып келеді. Және де сол тұрғын үйдің, оның интерьерінің
көркемдік-сәндік жағынан эстетикалық талғамға сай болуына өте жоғары
қызығушылық танытады[2].
Өмірлік ортаны ұйымдастырудың заман талабына сай міндеттерді шешуде
ансамбльдік мазмұндық түсінік өте маңызды. Көркемдік ансамбль біздің заттық-
кеңістіктің ортаның бір бөлігі бола тұрып, белгілі бір эмоция, ой-қиял,
психологиялық жағдай және жалпы адамның өзіндік сезімін тудырып, өмірге
келтіреді.
Заттық-кеңістіктің ортасының өнері көркемдік образдың әсері арқылы
ортаны көзбен көру арқылы сезіммен қатар түсінік пен ойды, образдың шынай
мазмұнын дамытып, бір сөзбен айтқанда, түйсікке біртұтас деңгейін береді.
Осылайша заттық ортаның үлкен мәдени тәрбиелік күші қалыптасады. Оны тірі
әдеміліктің жүйесін беретін техникалық мәдениет эстетизмін алмастыра
алмайды. Заманға сай өмірлік орта тәуелділігін доғара алмайды, ал бұл
ансамбьдің өзіне жаңа талаптар қоюды, оның элементтері мен бөлімдерінің
жаңа принциптердің байланыстылығын іздеуді білдіреді.
Заттық ортаның адамның өмірлік қайраткерлігімен байланыстылығы
материалдылықпен рационалды-функционалдықпен және утилитарлықпен
шектелмеген, ол шынайы заттарды және адамның әлемдегі орнын сезінуінде
айқындалған адамның рухани қайраткерлігін көрсетеді.
Сондықтан адамдық туралы түсінігі мәселеге жаңа кеңістікпен
жақындауды анықтауға ұмтылатын орта ештеңе анықтамайды. Олда адамның
көркемдік-заттық қоғамда конструктивті принципі болу үшін мейілінше
тайқымалы. Оның рухани ұйымдастырушы бастауы (біртұтас деңгей) тек қана
дүниетаныммен беріледі. Біздің заманда ол көбінесе экологиялық сана-
сезімнің өсуімен анықталады. Осыған байланысты заман талабына сай ортаның
дамуы элементтер мен кеңістікті құрайтын белгілі бір үзілісте іске асады.
Адамның психологиялық болмысы әрқашанда адамға қажет, қандай да бір
масштабтылықта және біртұтастылықта игерілген шектеулі кеңістікке ұмтылысы
арқылы көрініс тапқан. Осыдан келіп ансамбль өзін өнерде, мәдениетте
көрсете білген адам үшін қажет, мұны тарих та дәлелдейді. Өзінің тұрмысын
заттық ортада дәлелдеп, кеңістікке қатынасын көрсете отырып, адам өзінің
қарым-қатынасын әлеммен орнатты. Бұл қоғамдық-әлеуметтік қарым - қатынас,
табиғат және тарихи өткенмен қатынас. Байланыс өте күрделі, көп аспектілі,
сарқылмайтын, көбіне кезеңнің ортақ деңгейімен анықталады. Бұл этникалық
қалыптасудың көрінісі де, біртұтас мәдениетпен байланысы. Ортаны түсіну -
бұл тарихи өткенге қатынас, табиғаттың этникалық уайымы, оның
архитектуралық кеңістікке енуі заттардың образындағы көрініс.
Ортаның біртұтастығы жөнінде айтқанда адамның микрокосмы мен қоғамдық
жұмыстың байланысы ғана емес, сонымен қатар адамның макрокосммен байланысы,
яғни ежелгі мәдениеттің ансамбльдік санасында, халықтың өнерде көрінетін
әлеммен байланыс.
Заттар әрқашан стол немесе бөлменің аясында орналаспаған: біз заттық
орта деген кең түсінік бар екенін білеміз. Біз көруіміз кеңістік пен осы
кеңістікте орналасқан заттарды қамтиды.
Кеңістіктегі заттардың ансамбльдігі, олардың бір-біріне әсері мен
біртұтастығы шектелген жазықтыққа шоғырланған заттардың тобын қарастыра
біздің биікке көтерілу принципі мен ұштасқан.
Бір-біріне жақын орналасқан көптеген машиналар мен станоктардың
өндірістік ортасында таңдаулы талғам жоқ дерлік. Кез келген станок немесе
машина бұл инженерлік логикаға сүйенген өте күрделі біртұтастың бөлігі.
Жағдайдың сәтті жалғасуында тек машина немесе станок қана емес сонымен
қатар құрал-сайманның көршілес топтары жобаланады. Ансамбльдік идеясына
жақын келген біртұтас өндірістік жолды жасалуы.
Ателье, жобалау бюросы және тағы басқа қабылдау пункттеріндегі қоғамдық
ғимараттардың орны көбінесе мүмкіндіктер береді. Мұнда заттарды, оларды
топтастырады. Қосымша қажетті құралдар - телефон аппараттарымен,
жарықтандыратын аспаптармен жабдықталу мен меблировка - қызықты
композициялық шешімдерге негіз болады, қабырғалардың, едендердің, перде
суреттерінің өңделуі әртүрлі болуы мүмкін.
Шектелген кеңістік (цехпен салыстырғанда) әрбір, тіпті белгісіз
заттардың маңызын елеулі етеді.
Шағын қызметтік немесе өндірістік интерьерлерде жеке шешімдер үшін де
өткен жағдайлар бар.
Сыртқы келбеті әртүрлі заттардың терең байланыстылығын адамның жеке
өмірінде кездестіруге болады.
Фабрикалық жиһаздар мен кітаптардан басқа сөрелерде жақын адамдардың
фотолары, мұраға қалған немесе иеленген заттар бар. Барлық қожайынның
болмасына, оның жеке санасы мен, мәдениетіне айналысатын ісіне, жалпы оның
ішкі мазмұнына байланысты.
Ансамбль мәселесі сырткы ортаға да, яғни заводтық ауалардың жағдайына,
тұрғын аудандарға, спорт алаңдарына және басқаларға қатысты.
Ашық кеңістік жағдайда адамға ұйымдастырушылыққа, орнықтылыққа
қажетілік тән. Сондықтан ешнәрсені бөлек жасауға болмайды - ансамбль туралы
ойламай орындықтарды да, аттракциондарды да, хауыздарды да.
Гармониялық орта тек қана заттардың ансаблі мен (жиһаздер не станоктар,
бақша орындары мен аттракциондар), мінезделіп қана қоймай, сонымен бірге
кеңістікті біріктіретін ұйымдастырумен ерекшеленеді.
Кеңістік ғимаратының ішінде болуы мүмкін, және де ашық аспан астында да
болады, онда оны тиісінше ашық кеңістік деп айтады.
Жеке тәжірибе негізінде біз кеңістікті өзімізбен сәйкестендіріп, оны
бағалай аламыз, және ол үшін оның шекарасын түйсіне отырып, оны айналып өту
міндетті емес.
Біз кеңістік көлемін өте сезгішпіз, ол біздің психологиялық
жағдайымызға әсер етеді. Бізді қоршаған микро кеңістік біздің санамызда
ешқашан өзіндік болып сезіледі. Сондықтан адам бұл кеңістікке тіпті
зиянсыз енсе де оны жақтырмайды. Кейбір жағдайларда жабық кеңістік (кабина,
мысалы) адамды толық қанағаттандырады.
Адамның кеңістік көлеміне қатынасы жеке мінезге ие: біреулерге тар
кеңістік қолайлы болса, кейбіреулерге кең еркіндік ұнайды. Император І-Петр
ұзын бойлы бола тұрып оған үйдің аласа төбесі мен тар бөлмелері ұнады – ол
үшін осылай құрастырды. Алайда көбінесе тарлық - жұмыста да, үйде де
-адамға ұнамайды.
Адамдардың әртүрлі бейімділігіне қарай, олардың талғамдары мен
талаптарында орташа көлемдер және нормалар бар. Осыған сай, адамды әдетте
тоғыз шаршы метр көлемі қанағаттандырады, және онда ол өзін табиғи
сезінеді. Егер ғимарат елу шаршы метрден көп болса, оны біртұтас
қабылдамай, бөлек фрагменттерге бөлінеді.
Егер зат 30 метрден кем жерде орналасса, ол онда адамның қабылдауында
болады. Сондықтан осындай қалыптағы қалашық ыңғайлы сезімді.
Бірақ заман талаптарына сай қалаларда километрмен өлшенетін қашықтық -
әдеттегі жағдай. Жасанды кеңістіктің орасан зор көлемі жаншуы мүмкін адам
мұндай кеңістікте өзін ыңғайлы сезінбейді. Сондықтан архитекторлар адамның
табиғи қажеттілігін қанағаттандыру бағытында кеңістіктің гармониялы
қабылдайда үйлердің фасадтарын бөліктерге бөледі, адамға көз мөлшерімен
жақындату үшін, ұзын көшелерді майда бөліктерге кеседі.
Кеңістік көптеген аса әртүрлі мінездемеге ие: ол ұзын немесе қысқа,
ұзын және аласа, кең және тар және тағы басқаша болуы мүмкін. Кеңістік
тұйық (қабырғалармен, төбемен шектелген), мысалы үйдің лоджиясы сияқты
толық емес тұйық болуы мүмкін.
Кеңістікті көз мөлшері бойынша тек қабырғалар ғана емес, сонымен қатар
кез келген бұйымдар - интерьердегі жиһаз, ашық кеңістіктегі ағаштар немесе
орындықтар шектеуі мүмкін. Олар көру органымен қабылдау ролін ойнайды.
Адамдық сана оларды қалыптастырып, соған сүйене отырып, кеңістіктің көру
шегін тудырады. Бұл көрерменнің белсенді ішкі жұмысы мұнда белгілі бір
эстетикалық құбылысқа ауысады.
Психологиялық икеммен байланысты қоғамдық түрдір арасында, бір жағынан
кеңістік формасы, екінші жағынан белгілі бір байланыс бар.
Объектінің жақындығын көру органдарының жиырылуына әкеліп, адамның
жүйке - психикалық жағдайын тудырады. Сондықтан тұйық кеңістікте бола
тұрып, адам алыстағы немесе, керісінше жақын орналасқан заттарға немесе
жазықтықтарға әртүрлі көңіл бөледі.
Біздің ой-өрісіміз бен дизайн түсінуіміз қазіргі кезде жиілеген әртүрлі
өндірістік өнімдердің көрмесін дамытады. Олардан заман талабына сай отандық
және шетелдік тәжірибе беретін ең қызықты нәрселерді көруге болады.
Түсініктермен қосақталған көрме біздің назарымыз жәдігерлерге ауғанда
және ешнәрсеге алаң болмаған кезде затардың жалпы эстетикалық болмысы
жөнінде көп нәрселер береді және сананы образдармен, формалармен,
ұштасулармен байытады. Көрмелерде бүкіл ансамбльді көріп тамашалауға болады
(мысалы, жиһаздардың көрмесі). Тұрғын үй шырақтармен, перделермен, әртүрлі
үй заттарымен безендіріліп, тұрғын кеңістігінің толық болмысы жасалады.
Фильмдер мен үлкен түрлі-түсті диапозитивтер -толықтырғыш материал, және
көрмеге келушілермен қабылданатын заттар болып табылады.
Өнерді тануға, көркемдік түйсіктің өткірленуіне поэзия мен музыкамен
қатынасу көмектеседі. Онда біз бөліктердің ұштасуын, ритмдердің, контрастар
мен ньюанстардың байланысы мен әртүрлілігін, сонымен қатар жалпы
категориялар - біртұтас стильдерді кездестіреміз. Туындының құрылысы,
музыкадағы оның матасы заттар әлемімен гөрі түсінік үшін белгілі. Ол
әсіресе музыкадағы кең тараған түсініктер басты тақырып, темптердің
ауысуы мен байланысы, лейтмотив және тағы басқаларда сезіледі. Мұның
барлығы дизайнда жақын аналогияға ие.
Өздеріне белгісіз сезімдерді сараптай білу - заттар ортаны эстетикалық
танудың жоғары деңгейі болып табылады. Адам заттық әлемге өзінің жеке
қатынасын анықтап, өзінің жеке бейімділігін, кеңістік көлеміне қатынасы
бойынша өз өлшемін, құрылымның ұштасу қысымын, материал түрін, түстік гамма
мен гармонияны тануы қажет.
Адамды әсемдікке тартып, ұсқынсыздан жиренген кезде оны жоғары
талғамды деп атайды.
Эстетикалық дамыған адамдармен салыстырғанда өнердегі пластикалық
түрлердің, сонымен қатар дизайнның заңдылықтарын меңгерген, ойша заттық
ортаның формасы мен бұйымын қабылдаған адам бірнеше артықшылықтарға ие:
1) Ең жақсы заттар мен олардың үйлесімділігін таңдау. Таңдай білудің
өзі белгілі бір дайындықты, түйсік білімін талап етеді.
2) Заттарды дайындауда, біздің заманымызда бұл ережеге сай болмаса да.
Алайда заттарды жасау бұл ішкі, ол эстетикалык дамыған адамдарға тән. Олар
қайталанбас көркемдік бұйымдарды тудырады.
3) Заттық ортаны тудыру. Әрбір адам өзінің пәтерін санасы бойынша
орнастырады, қабырғаларды бояп, обойлар жапсырады, жиһаздарды таңдап,
орналастырады, қабырғаларға картиналар іледі.
2 Көріп сезінудің психо-педагогикалық негіздері.

2.1 Интерьердегі түс, жарық әсіресе олардың өзара үйлесімі.
Түс (цвет) - бізді қоршаған орта мен тұрмысыздағы басты құбылыстың
бірі. Ал үй тұрмысында немесе тұтыну заттарында оны қалауынша өзгерту
адамдардың өздерінің қолында.
Ол біздің тұрғын үйлерімізді әрлеу барысында, әсіресе интерьерді
көркемдеп безедіруде үлкен роль атқарады, сондай-ақ ол адасдарды ішкі жан
сезімімен мінез құлықтарына да орасан зор әсер етеді.
Кейбір түстердің (қайсысы болмасын) адамдарға психофизикалық жағынан
белгілі бір мөлшерде әсер ететінін әсте есімізден шығармауымыз керек.
Мысалы жасыл түс - адамның көңіл-күйіне жағымды әсер етеді. Яғни мұндай
бөлмеде бірқалыпты (ырғақты) жұмыс жасауға болады. Көк түс -суықтық пен
салқындықтын нышаны іспеттес.
Қызыл түс кей адамдардың әсіресе қызынуына әсер етеді, ол балалардың
көзімен қарағанда бұған керісінше ұнамды болып келеді.
Қызыл сары түс - бұл жоғарыда айтқандай балалар бөлмесін әрлегенде
пайдалануға болады.
Сары түс - күн сәулесі сияқтанғанмен адам жанын жаншитын кездері де
болады. Ашық түстер негізінен адам жанына мінез-құлқына оң әсерін тигізеді.
Егер бөлме тарлық жасап, оны ішкі сезімімізбен кеңіткіңіз келсе
қабырғаға жабыстыратын қағаздың көгілдір немесе сұрлау түсін таңдағаныңыз
дұрыс. Сонда арқа-басыңыз кеңіп қалғандай әсерде боласыз.
Негізі бөлме ішіндегі барлық түстер бір-бірімен түстік гаммалар арқылы
байланыста болуы қажет. Мысалы қабырға түсі үй жиһазымен, есік-терезе
перделері еден түсімен деген сияқты. Мүмкіндігінше қарама-қарсы түстерден
аулақ болған жөн.
Түстер және түстік қатынастар әсіресе интерьерде өте белсенді роль
атқарады, ал кейде бейтараптық танытады.
Неміс педагогы Иттен көркемсурет мектебінің оқушылары арасында осы
түстерге байланысты зерттеулер жүргізгенде әр баланың өзінің жақсы көріп,
ұнататын түсі бар екендігіне көз жеткізген. Ол осы түстерді әр жеке адамның
психикасымен де байланыстырады.
Тұнық (хроматикалык) түстерді жылы (қызыл, қызғылт, сары) және суық
(күлгін, көк, көгілдір) деп екіге бөлуге болады. Жасыл-сары түс осы
екеуінің арасындағы топқа жатады. Енді осыларға ахроматикалық (ақ, сұр,
қара) түстер жеке дара келіп қосылады.
Жылы түстер суық түстерге қарағанда жаныңа (көзге) жақын болып
көрінеді. Ал күнгірт түстер еңсеңді басып тұратын сияқты әсер қалдырады.
Бірақ түстер әркезде нақ осылай әсер етеді екен деп ойлау да дұрыс емес.
Әлемдік деңгейде түстердің де мәдени нормалары қалыптасқан. Түстік
рәміздер бойынша Европалықтар үшін қара түс - азалық түс болса, жапондықтар
үшін - ақ түс болып есептелінеді.
Осы сәтте ак гвардия, көгілдір береттер, қара көйлектер
сияқтыларды еске түсіріп көріңіздер.
Біздің өмірімізде кейбір түстер шартты белгілер міндетін атқаратындай
болып көрінеді; Мысалы: қызыл түс - өрт сөндіру машинасы, көгілдір түс -
әуе қызметі, сары түс - табиғи газ таңбалары т.б. Ал бағдарламадағы жасыл,
сары, қызыл түстер білмейтін адам әсте жоқ та шығар.
Жалпы түстер туралы түстер үйлесімі, әдемі колорит, түстердің
ұтымды астауы сияқты сөздер жиі қолданылады.
Түстердің аралық қатынастары өзара қарам-қарсылықта болуы мүмкін, ал
кейде керісінше жақындасып араласуы мүмкін.
Автокранның артқы бөлігінде - қызыл-ақ, қара-сары немесе ақ-қара
Зебра атты жолақтар болады. Бұл бір қауіптің бар екенін білдіретін
белгінің түрі. Яғни адамның назарын бірден өзіне аударады.
Түстерді таңдау - қиын нәрсе. Бұл - жауапты міндет. Әсіресе тұрғын үй
мәселесіне келгенде адамдардың түстерді таңдау талғамы өте жоғары болуы
тиіс. Өзіңнің тағдырың өз қолыңда дегендей қалайда түстерді өз қалауың
бойынша таңдаған дұрыс. Бірақ маманмен (суретші-дизайнермен) ақылдасқан
артық етпейді.
Балалардың көзі шаршамас үшін әсіресе сынып бөлмелерін сырлағанда
түстер гаммасын таңдауға айрықша назар аудару керек.
Мектеп интерьерін безендіргенде (сырлағанда) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Псхологиядан билеттер
Дефектология негіздері
Оқытудың техникалық құралдарының оқу процесіндегі орны мен рөлі
Жеткіншектердің құрдастарымен қарым- қатынас мәселелерінің теориялық аспектілері
Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың теориялық негіздері
Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалармен оңалту және коррекциялық жұмыстардың ерекшеліктері
Ерекше білім беру қажеттілігіне анықтама беру. Ерекше білім қажет ететеін балалар тобы
Қонақ үйдегі фитодизайн.
Дарынды және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балалармен тәрбие жұмысы туралы ақпарат
6 жасар балаларды мектепке оқытуға дайындау
Пәндер